Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата03.03.2017
өлшемі5,38 Mb.
#7047
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
ғылыми мәні де осында», – деп жазады ол туралы В.П. Анекин.
Салыстырып қарасақ, әлем халықтары балаларының ойындарынан толып 
жатқан  ұқсастықтар  мен  ортақ  жүйелер  табуға  болады.  Мұның  себебі  жалпы 
адамзат  перзентінің  табиғи  ортақ  қасиеттерінде  деп  пайымдайды  ғылымдар. 
Сондай-ақ әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігін ғана танытатын сипаттар 
да балалар ойындарында өте мол. Бұл – балалар ойындарының бастау-бұлағының 
қайнар көзі, сол халық өмірінде жатқандығының белгісі. халық тұрмысының ішкі 
тіршілігімен дәл осылай көктей байланысып жатқан қазақ балалар ойындарына 
ғылымдар баяғы заманнан назар аударған. Қазақ балалар ойының түркі тектес 
халықтарға ортақ ең көне үлгісі – біз. М. Қашқари (XI ғ.) еңбегінен кездестірсек, 
белгілі Еуропа саяхатшылары мен орыстың мұра танушы ғалымдарының жаз-
баларында да халық ойындары мол көрініс тауып отырады. Ал А.А. Горязскин, 
І. Дидаев, А.Е. Алектаров, Н.А. Мелькова, Е.А. Покровский сияқты орыс жазу-
шылары қазақ балалар ойындарына назар аударған. Қазақ балалар ойындарына 
байланысты соңғы жылдары шығып жатқан жинақтар өз алдына бір төбе [2].
Қазақ  халық  педагогикасында  ойын  өлеңдері  қызықты  ойындардың 
эстетикалық  әсерін  арттырып,  балалардың  өлең-жырға  деген  ықыласын, 
бейімділігін арттырады. 
«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, 
дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.
«Ұшты-ұшты»  ойыны  қызықты  өту  үшін  ұйқас  сөздерді  тез  тауып,  оны 
да бірнеше түрлендіріп айтып, ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы 
ойыншыларды көңілдендіре біледі. Отбасында ойын  өлеңдерін, әсіресе айтыс 
ойын өлеңдерін балаға оқытып, не жатқа айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін 
пайдалана білу – ата-ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше 
де ықыластана жаттап алады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуі үлкендер 
екенін ұмытпау керек.
Мектептегі  спорт  алаңында  ойын  өлеңдерінің  әуені  естіліп,  әсемдік  пен 
сымбаттылыққа үндеп тұрса, керегі осы.
Ойындар  балалардың  жан  сұлулығын  да,  тән  сұлулығын  да  жан-жақты 
жетілдіруге  бағытталған.  Ойынды  сабаққа  қолданудағы  негізгі  мақсат  – 
тапқырлыққа,  шапшаңдыққа,  ептілікке  баулу.  Ойын  баланың  қиялына  қанат 
бітіріп,  ойын  ұштайды.  Сөйтіп,  өз  бетімен  іскерлікке,  қысылған  жерде  дұрыс 
шешім қабылдауға тәрбиелейді [3].
Қазақ  халқының  даналық  ой-толғаныстары  бесік  жыры  мен  батырлық 
эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс-термелерде, 
мақал-мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні 
адамгершілік,  имандылық,  ақыл-ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  отбасы  тәрбиесіне 
байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Ж. МУХАШ

227
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
Қазақ халқының арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орын-
дары  болмаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезінен  бастап-ақ  өлең-жыр  мен 
әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған.
халық даналығы баланың жетілуін қалыптастырып, ойлау жүйесін дамы-
тып, үлгі-өнеге іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой 
тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, 
даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Кітап – білім бұлағы», 
«Білімдіге  дүние  жарық,  білімсіздің  күні  кәріп»  деп,  халық  мақал-мәтелдер 
арқылы  ғылым-білімді  зерттеп,  ақыл-ойдың  негізін  пайымдауда  екендігін 
ұрпаққа ұғындырып отырады.
халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды 
пайдаланады,  әртүрлі  аңыз  әңгімелер  мен  ертегілерді  үлгі-өнеге  етеді,  өсиет 
сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
халық  ақыл-ой  дамытуда,  әсіресе  балаға  сан  үйрету  мақсатымен 
шығарған. Санамақтар әрі дүниеге танытады, әрі баланың қасында ойлауы мен 
математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Санамақтардың  түрлері  көп,  оның 
үстіне жаңадан қосыла береді.
1 Атау ұйқастырып, санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға 
аты ұйқасқан заттарды танып біледі. 
2 Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы ақындық қабілетін 
байқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.
3  Саусақ  санау  ойыны  баланы  сан  үйренуге  ынталандырады,  көңіл-
дендіреді.
4 Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі 
жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.
5  Ойын  санамақтарын  балалар  «Тоқтышақ»,  «Жасырынбақ»  ойындары 
үшін пайдаланып, сан жобасын, тақ пен жұп белгілерін ажыратуды үйренеді.
Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып, балалармен бірге ой-
най отырып, ойын дамыту – ата-ананың борышы. Ересек балаларға неғұрлым 
күрделі санамақтарды айтқызып, ол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең 
ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек. Балалар бақшасында балдырғандарға 
санамақтардың  сан  алуан  түрлерін  үйретіп,  оны  айтқызу  санамақ  амалдарын 
дұрыс  шешкендердің  білімін  бағалап,  оларды  мадақтай  білу  керек.  Кейбір 
санамақтарды және олардың ұйқасты шешімдерін әнге қосып айтуға болады.
Мектепте (әсіресе бастауыш сыныпта) күрделі санамақтарды айтып, олар- 
дың шешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастыры-
лады.  Күрделі  санамақтарды  (айтып,  олардың  шешімдерін  тез  тапқан 
оқушыларға) «өнерпаздар мен тапқыштар» клубының жарысына қатысушылар 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР

228
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
да өнер сайысының бір кезеңінде орынды пайдалана білуі тиіс. Санамақтардың 
шешімін  дұрыс  табу  үшін  оқушы  ойлану  керек.  Ойын  кезінде  ойлауға  кеткен 
уақыт та есептелінеді [3].
Нақты бір зат туралы тұспалдау, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы 
ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, 
тұжырым  жасап,  шешімге  келуде  тапқырлықпен  дүниетанымдық  дәрежесін 
байқау үшін, халық ертегіден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.
Заман  өзгерген  сайын  халық  та  жаңа  мамұнды  жұмбақтарымен  толыса 
береді. XIX-XX ғасырда бу машинасы пайда болуы, электротехника, радио, те-
леграф, самолёт, ракета, космос кемелері т.б. техникалық, мәдени прогрестерге 
байланысты жұмбақтар туды.
Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымасқан метафора» дейді. Яғни 
затты  бейнелеп,  баламалап  сипаттау  арқылы  ұқсас  заттардың  қасиеттері  мен 
түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақтарды шешеді, әрі заттарды салы-
стыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.
Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады. 
Қара сөзбен жасалған жұбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз). Айтыс 
түрінде  құрылған,  яғни  жұмбақ  айтыстарын  екі  ақын  шығарып,  бірі  өлеңмен 
жұмбақ айтса, екіншісі жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз, ел 
аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстар да кездеседі.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар кез-келген айтушы өз ойынан құрас-
тырып та айта береді, төл жұмбақтардың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімді бо-
луы тиіс. 
Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып айтып, 
шешуін жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей (жеңуге тырысады), 
айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса оның өзі де жұмбақ ай-
тып, жұмбақ айтыс жалғасып, айтылуымен шешуші өз білімдерін сараптайды. 
Кім көбірек жұмбақ айтып, көбірек жұмбақ шешсе, сол жұмбақ айтысуда жеңіп 
шығып, білімдігін көрсетеді.
Жұмбақ айтысу мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Жұмбақ айты-
ста  жеңіп  шығу  ақындық  дарынның,  білімнің  басымдығына  байланысты.  От-
басында балаларға жаңа жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып, 
олардың  тапқырлығын  сынау,  жұмбақ  айтысуда  жеңіп  шыққан  балаларды 
мадақтау  бұрыннан  қалыптасқан  дәстүр  болатын.  Отбасында  өтетін  «туған 
күн», «Ұлыстың ұлы күні», мереке күндері «думанды кеш» сияқты рәсімдік той-
томалақ, тамашалауда ұйымдастыратын түрлі ойындардың бір түрі – жұмбақ ай-
тысу. Ондайда жұмбақ айтысудан үздік шықандарға сыйлық беріледі.
Балалар бақшасында «қызықты кеш», «өнерпаздар мен білгіштер жарысы» 
сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген тәрбиеші, жұмбақ айту, 
Ж. МУХАШ

229
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
жұмбақ  айтысу,  жұмбақ  айтыс  дәстүрлерін  қызықты  өткізеді.  Әрине,  жұмбақ 
айтуды көбінесе тәрбиешінің өзі бастайды да бұрыннан үйретілген жұмбақтар 
бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады. Жұмбақты көп білген балдырғанға 
«білімпаз» деген атақ беріледі. Білімпаз жұмбақ айтысуды басқаруға да ерікті 
болады.
Балалар  бақшасында  өтетін  тақырыптың  және  мерекелік,  той-думандық 
кештердің бір кезеңінде жұмбақ айту мен жұмбақ айтысуды ұйымдастыра білу 
керек.
Мектеп бағдарламасында ауыз әдебиетінің бір бөлімі ретінде жұмбақтар 
бірінші  сыныптан  бастап  оқулықтарға  енгізілген.  Әдеби  кештерде,  мерекелік 
кештерде, өнерпаздар мен ойтапқыштар жарысында жұмбақ айту, жұмбақ айты-
су, жұмбақ айтыс ерекше орын алады.
Пәндік  кештерде  сол  пәндік  кештердің  тақырыбына  байланысты  жаңа 
жұмбақтарды,  көбінесе  оқушылардың  өздері  ойлап  шығарады,  әділ  қазылар 
алқасы жаңадан шығарылған жұмбақтардың мәнін, мағынасын көркемдік сапа-
сын жан-жақты бағалай білуге тиіс.
Пәндік  сабақ  өтерде  (әсіресе  дүнитаным  сабақтарында)  тақырыптарына 
сәйкес,  сабақты  жұмбақ  айтудан  бастау  керек  болады.  Жоғары  сыныптарда 
«Жұмбақ айтысы» кешін ұйымдастырып, оны өнерпаздар думанымен жалғастыру 
қажет.
Жұмбақтардың  дүниетанымдық,  ой  дамытушылық  мәнімен  қатар,  тәр-
биелік  мәні  де  ерекше.  Өйткені  жұмбақ  айтысу,  жұмбақтарды  жаттау  кезінде 
тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері 
артады, жауапкершілікке бейімделіп, талпынушылығы артады [3].
Жұмбақтар – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және 
барлық жұрттың фольклоріне ортақ екндігін білеміз. Жұмбақтар – ерте заман-
нан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. 
Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заманнан бол-
са  да,  бүгінгі  біздің  дәуіріміздегі  қажеттілігі  күшейіп,  мән-маңызының  артып 
отырғандығында. Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына 
жатады. Жаңылтпаш, мақал-мәтелдер т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, 
жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішіндегі күрделі бір сала болып табылады.
Жұмбақтар, ең алдымен, пайымдау мен ой-пікірдің тобықтай түйіні, тама-
ша қортындысы болып табылатын ұшқыр да ұтқыр сөз ретінде көзге түседі. Осы 
жағынан  алып  қарағанда,  жұмбақтар  тілші,  әдебиетші,  ғалымдардың  ғылыми 
еңбектерінде қарастырылып, сөз өнері, халық ауыз әдебиеті үлгісі есебінде жан-
жақты зерттелуі қолға алынады.
Жұмбақтар  жас  жеткіншектердің  байқағыштық,  зеректік  қасиетін  да-
мытып  ақыл-ойын  арттырады,  көрген-білген  нәрселердің  бәріне  ой  жүгіртіп, 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР

230
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
өзгешелігі, ұқсастығын танып, ізденушіге үйретеді және ойды жинақы, ықшам 
айту шеберлігін жетілдіреді.
Сондықтан жұмбақтардың әлі де болса мән-мағынасын ашу, жас ұрпақты 
оқыту,  тәрбиелеу  ісіндегі  маңызын  қолдану  орнын,  атқаратын  қызметін 
педагогикалық жағынан жан-жақты қарастыру қажеттілігін байқаймыз.
Қазіргі  уақытта  оқушыға  жан-жақты  тәлім-тәрбие  (ой-сезімдік  тәрбие) 
берудің маңыздылығы артып отыр. Ұлттық тілдік дамудың сара жолы – баланың 
ана тілінде білім алып, ана тілінде тәрбиеленуі, сондықтан да қазақ мектебіндегі 
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әсері қай кездерден де әлденеше есе салмақты, 
әлденеше құнды. Оқушыға жан-жақты ұлттық тілдік тәрбие берудің негізгі ар-
насы – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің сабақтары, тіл мен әдебиет пәні – оқу 
үрдісіндегі өз алдына дербес пән. Бірақ бұл екі пәннің пәндік дербестігін қара 
дүрсін  түсініп,  мұғалім  өзін  тек  әдебиетші  ретінде  есептеп,  тілдік  жүктемеге 
ықылассыз қарауға болмайды. Қазақ тілі мен әдебиеті – бір-біріне етене жақын 
пәндер,  сондықтан  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалім  С.  Торайғыровтың 
«тілім де әдебиет, жаныма азық» деген пікіріне, М. Әуезовтің «әдебиет – тілімен 
әдебиет»  деген  қанатты  сөзіне,  «өлеңді  тіл  бастайды»,  «өлең  қайдан  шығады 
тіл болмаса» деген халықтық даналық ойларға терең бойлап, зерделеп, әр ұстаз 
әрдайым өзінің ұзтаздық еңбегінде есте ұстау керек.
Сонау оқылым заманнан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жаса-
сып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай 
саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті – көлемі-
нің шағындылығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының терең-
дігі.  Әрі  ол  барлық  халыққа  бірдей  әсерлі,  жалпы  адамзатқа  ортақ,  көңілге 
бөлекше қонымды, ұтымды келеді.
Мақал-мәтел  адам  тұрмысындағы  алуан  түрлі  уақиғаларды,  қарым-
қатынастарды қысқа тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмыш ойды ажарлай-
ды, әрі анықтайды. Сондықтан да халық «сөздің көркі – мақал» деп бағалаған.
Мақал мен мәтел – халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әртүрлі 
жағдайларды  ұғындыратын  түсіндіретін  оқу  құралы  іспетті.  Мақал-мәтелде, 
көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, түрі жағынан 
тілге  жеңіл,  құлаққа  жағымды  дыбысқа,  ырғақ-ұйқасқа  құрылады,  көбінесе 
көркем тілімен – өлеңмен жасалады [4].
Қазақтың  шешендік-тапқырлық,  мақал-мәтел,  нақыл  сөздерін  алғаш  жи-
нап, жариялаушы ғалымдардың бір – Ы. Алтынсарин. Ол халық даналығының 
балаларды тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәнін 
дұрыс түсінген ағартушы ретінде дер кезінде қажетке жарата білді.
Мақал-мәтел – қай халықтың да жан дүниесінің, мінез бітімінің, тыныс-
Ж. МУХАШ

231
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
тіршілігінің  айнасы.  Осы  орайда  С.  Сейфуллин  мақал-мәтел  көшпелі  елдің 
тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейті-
нін көрсете келіп, жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиеті-
нің қай бөлімі болса да, – дейді ол, – сол заманның тұрмысының қандай болғанын, 
тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұқсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет 
болғанын  көрсетеді.  «Заманына  қарай  күлкісі,  тауына  қарай  түлкісі.  Сабасы-
на қарай піспегі, мұратына қарай іскегі» деген ереже сөздер әр заманның тілі, 
көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол 
заман тұрмысынан туған мұратына ұқсай туды деген сөзді қуаттайды».
Мақал-мәтел  сол  халықтың  сөздік  қорының  байлығын  танытып  қана 
қоймайды,  қайта  уақыт  озған  сайын  құны  артпаса  кемімейді.  Өйткені  халық 
мақал-мәтелдерінің айтары: өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік, кішіпейілділік, 
қайырымдылық, әдептілік, ұстамдылық, сабырлық, көргенділік. 
Мақал-мәтелдер  –  халық  шығармашылығының  төл  жемісі.  Әрбір  мақал-
мәтелдің авторы – сөз дәуірінің перзенті. Әр автор өз кезеңінің таным түсінігі  
мен  наным-сеніміне  бой  ұрып,  сол  кездің  жырын  жырлайды,  дәстүрлі 
тұжырымдарын насихаттайды.
Мақал-мәтелдер адам іс әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше 
түйіндейтін,  белгілі  бір  шешім  мен  істің  дұрыстығын  анықтайтын  логикалық 
қызметтің эталонны секілді адамның ой-әрекетінде маңызды рөл атқарады.
Сондықтан  қазақ  мақалдары  адамның  ішкі  жан  дүниесіне  терең  бойлап, 
кісінің қарым-қатынасын аша түсуде өнеге мектебі болып табылады: «Түйедей 
бойың болғанша, оймақтай ойың болсын»; «Ақыл азбайды, білім тозбайды».
Әрбір адам күнделікті күйбең тіршілікті ақылға салып отырмаса болмай-
ды. Мәселен, «Ойнап сөйлегенше, ойлап сөйле»; «Құрғақ сөз бас ауыртар»; «Көп 
сөз – күміс, аз сөз – алтын» деген мақалдар ақыл-ой, сөйлеу мәдениетімен тығыз 
ұштасып жатыр. Ал «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Ер бір 
өледі, ез мың өледі», «Отанды, халқынды қорғау, ұлттық намысынды таптатпау 
– міндетің, борышын», «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, 
төбедегіні келеді» т.б. халқымызды бірлікке, татулыққа шақырады.
Академик  М.  Әуезов  қазақ  мақалдары  мен  мәтелдерінің  көпшілігі  өлең 
түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын 
атап көрсеткен, оған мысал:
Туған елдің қадірін  
Тепкі көріп тентіреп,
Шетте жүрсең білесің.  
Текке жүрсең білерсің.
Саяси-әлеуметтік  формациялардың  өзгеруіне  байланысты  мақалдардың 
сән-мазмұны да өзгеріп отырады, заман елегінен өтпей қалған түрлері ескіреді, 
жаңа дәуір талабына сай жаңадан пайда болады. 
Қазақ  мақалдары  XIX  ғ.  Еуропа  халықтарына  мәлім  бола  бастаған.  Сол 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР

232
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
заманның  көрнекті  ақын-жазушылары,  ғалымдары  ұтымды  сөз  орамдарын 
қалыптастырумен  бірге  мақал-мәтелдерді  жинап  терген,  ел  игілігіне  жарата 
білген. Мысалы, Л. Толстой халық аузынан өзі жинап алып бастырған мақал-
мәтелдерді  өз  шығармаларынан  әлдеқайда  жоғары  қойған.  Әрдайым  оны 
қадағалап, қайта-қайта оқып жүрген.
Қазақтың  мақал-мәтел  сөздерінің  шешендігін  бағалаған  атақты  ғалым, 
лингвист, этнограф, археолог және қоғам қайраткері В.В. Радлов былай дейді: 
«Қазақтың ақыл-ой қабілетінің зор екенін барған сайын көзім жете түсуде, қандай 
әсем сөйлейді. Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіреді, қарсыласының да сөзіне 
шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балалардың ақыл-ой, есінде тез жетіледі, ойын 
дәл ұғындыра алады».
Әр  халықтың  мақал-мәтелдерінен  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
даналығы  көрінеді.  Мақал-мәтелдерді  оқу-тәрбие  үрдісінде  тиімді  пайдалану, 
ғылыми теориялық жағынан меңгеру оқушыларды іскерлікке баулиды. Ұлағаты 
мол мұрадан өздерінің білім қорын әрдайым толықтырып отырады [5].
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы 
– жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше 
саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де әлем мәдениетіне 
де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып 
отыр.
Ертеден  қазақ  халқы  дәстүр  бойынша  баласын  5-6  жасында  аузы  дуалы 
шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың 
соңынан ерте білген.
Онысы, балам халық дәстүрін, жол-жоралғысын көңілге тоқып өссін дегені 
болар. Сондықтан да мектепте балаға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін 
басшылыққа алу – басты талап. Мектепке баланы жеті жастан берудің өзі қазақ 
халқының жеті санын қастерлеуінде.
Мектепте  сабақты  қызықты  етіп  өткізу  үшін  халық  педагогикасына 
сүйенген дұрыс. халықта: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның 
тәрбиесімен тәрбиеле», – деген мақал бар. Сабақтың қызық әсерлі өтуіне дамыта 
оқыту жүйесі көмектеседі.
Қазақ  бәйгеге  ат  қосарда  алдымен  атын  баптайды  емес  пе?  Соған  орай 
жетіге толған бала күзде мектепке баратындықтан, балабақшаның соңғы жылы, 
негізінен мектепке әзірлік жұмысын жүргізеді. Болашақ оқушыларды кез кел-
ген тақырыпта ойларын еркін айта алатындай етіп үйрету қажет. Баланың ойын 
дамытып, болашақты армандауға, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу жүзеге 
асырылады. Бала қоршаған дүниеден ләззат алуы керек. Бала судың сыбдырын, 
күннің шапағын, жылуын, құстың даусын сезіп, біліп өсуі керек. Мұғалім сабақта 
өзінің күнделікті жұмысында халық даналығының асыл маржанына үнемі көңіл 
Ж. МУХАШ

233
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
бөліп, оны тиімді пайдаланса алдына қойған мақсатқа жетеді деуге болады.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра 
болып келе жатқан ұлттық дәстүр, тұрмыс-салт, баланы өсіріп-өндіріп, өнегелі 
азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі, тәрбие мектебі бар. Ол 
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, әр кезеңнің заман талабына сай өзгеріп, 
қорланып, бай тәжірибесімен жан-жақты дами отырып, кешеніне келген.
Ұлттық  тәрбиенің  қайнар  көзі,  педагогикалық  мазмұнды  фольклорлық 
нұсқалар,  байырғы  қалыптасқан  халықтық  дәстүрлер,  ойындар,  халық 
мерекелері,  отбасындағы  тәрбие,  ұлттық  мәдениет  пен  тәрбиенің  ең  өрісті, 
келісті көрініс табуы халық мақалдары мен мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, 
халық даналығында. Осы бай мұраны оқу тәрбие үрдісіне пайдалансақ, халықтың 
зерделі, асыл қазыналардың басқа да қырларын табиғи тұрғыдан көрсете білсек, 
игі мақсаттардың орындалғаны емес пе?
Қорыта  келе,  бастауыш  сынып  сабақтарында  тәрбие  негізінің  дұрыс 
қалануы,  ол  тәрбиенің  халықтық  тәрбиемен  қатысының  болуын,  жоғарыдағы 
көздеген мақсат-міндеттерімізді толығымен дәлелдеп, оның тиімділігін теория-
лық жағынан да, практикалық жағынан да айқындап алдық. Сәлемдесуден ба-
стап, үлкенге құрмет, кішіге ізет қылуға дейін тәрбиенің негізі болған халықтық 
педагогика негізінде тәрбиелеудің тиімдігін бастауыш сыныптан бастап негізінің 
дұрыс қалануына, жалпы ұғымды айтқанда тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші аса 
зор көңіл бөлуі керек.
Егеменді,  тәуелсіз  біртұтас,  зиялы  мемлекет  болған  шақта  оның 
болашағының  жарқын  болуының  кепілі  –  оның  саналы,  иманжүзді,  зиялы, 
егеменді ұрпағы болмақ. Ал ондай ұрпақтың тәрбиеленуі білім негізі – бастау-
ыштан бастау алуы тиіс. Ондай ұрпақты тәрбиелеуші ұстаз-ана да, ата-ана да 
өздері толық тәрбиелі, салауатты болуы – оның басты кепілі. «Жаным десең жат 
жаныңнан  түңіледі»  демекші,  тәрбиелі,  білімді  ұрпақтың  терезесі  тең  болып, 
халықтық педагогикадан ұдайы сусындап, оның негізі дұрыс қаланып, аяғынан 
тік тұрса оны ешбір жау мазаламайды. Ол әркез өз-өзіне қорған бола алады. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Наурызбаева  Б.  Білім  мен  тәрбие  берудің  ұлттық  үлгісі  /  Б.  Наурызбаева  // 
Тәрбие құралы. – 2003. – №1.
2. Қайранов Ә. Ақыл-ой тәрбиесі / Ә. Қайранов // Қазақстан мектебі. – 1999. – М. 
– 2-21 б.
3. Адамбаев Б. халық даналығы / Б. Адамбаев. – Алматы: Рауан, 1996. – 96 б.
4. Ахметова Р. Мақал-мәтел даналыққа бастайды / Р. Ахметова. – Ұлағат. – 1998. 
– №5-6. – 67 б.
5. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы / Ә. Табылдиев. – Алматы: Санат, 2001. 
– 83 б.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР

234

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет