Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Батыр
41
Бұл адамды ой қамап, қиял адастырмасын деңіз.
Ой алса-ақ жіңішке кеселдей жаныңды жегіге салады. Мейрамқала 
ауданының әкімі Ғайнекең аудан, ауыл әкмідерінің бас қосқан жиналысы болады 
дегенді естіп түнімен көз ілмей шыққан. 
Жанарының астына көлеңке түсіп ертемен кеңсеге келді. Көшеде бозала шаң түтеп 
тұрған, плащы мен кепкасын әп-сәтте-ақ диірменнен ұшқан тозғақша тұтыпты. Орнына 
жайғасты. Етектей облыстық газеттің бетін ашты, оқымады, қос самайын 
саусағымен тіреп әлдебір қаріптен көз алмастан ұзақ үңілді. Жалғыз тал ақ шаш үзіліп 
түсті. Самайды қырау шала бастағаны. Әсіресе ана жылғы ерте көктемде етектен алған 
жұт, күзгі күріш орағы шаршатып кетті. Маңдайындағы көлденең қос әжім терендей 
түскен. Қара сандағы жарақат сызаты сырқырауды шығарды. Қазіргі қалпында әкімді 
қырықтың үстінде деу қиын. Жылы жаққа ұшпай, Қаратаудың қысаңында қыстап қалған 
кәрі бүркіт дерсің; күзге салым үйірден безіп саяқ кеткен сәйгүлік дерсің; әйтеуір қатты 
қажыған сыңайлы.
«Өткен ғасырдың жетпісінші жылынан бері басшылық қызметіңдемін, – деп 
ойлаған. – Бір жігіттің жарым жасы, табандатқан жиырма бес жыл. Ширек ғасыр бойы 
таразының басын тең ұстап үйрендім. «Аузының дуасы бар», «принциптің адамы» 
атандым. Тәтті ауыздың дәмі кеткен жоқ. Қаншама бота тірсек бозбаланы тәрбиеледім, 
нешеме дзотты алғаннан бетер шаруаны тамададым. Енді самайды қырау шалып, жүрек 

алқына бастағанда сыр бере бастағаным ба? Кісінің көңілдегі ойын көзінен танитын 
қасиетім қайда? Әлде маман жөнінде жаңылысқаным ба?»
Әуелі Бірлік елді мекенінің бұрынғы басшысын көз алдына елестетті. Пәлі деген! 
Барлық шаруаны бас мамандарына тапсырып қойып, үйінде шаниып жатушы еді. Қит етсе 
қаладағы жекжатына шабушы еді, жұрт той-томалақта ішімдікті рюмкалап жұтса, ол жең 
астына жасырып кесемен сыңғытушы еді. Ғайнекең көрші ауданнан ауысып келе сала-ақ 
көп маманды тәртіпке салған. Ол көкең болса түзелмеген кетті. Әлі күнге қақаған ачзда 
тершіп жүретін шикіл сары жүзі көз алдында. Бәрінен де тірлігін айтсаңшы. Елу мыңнан 
астам қаракөл қойы бар шарушылықты алты жыл алақанында айналдырыпты; алты 
қойшыны танымай өтіпті. Ақыры ұжым көтерем халге түсіпті, ел тозды. Аудандық 
әкімшілік кеңесінде сол басшыны қоймай жүріп орнынан босатты. 
Бұл істе қателеспепті.
...Қазіргі ауыл әкімі Нағанайды көз алдына келтірді. Әуелі ауылдың бас экономисі 
болып біраз істеді, әйтеуір беті қайтты, алашапқынның адамы, түнемесіне ұйықиамайды 
білем. Жүк машиналарының графигін бақылайды, қойды қолдан ұрықтандырғызады, қора 
жөндетеді, әуіт ойғызады: әйтеуір ұшырасқан сайын шаң асытнан әрең ажыратады. 
Сыртынан байқасаң – тынбастан қимылдап жүрген секілді. Түріне қарасаң – кісі аярлық. 
Ал шаруаның белең алып дабыфрайған дәнеңесі жоқ, бәз баяғы қалпы. Қайта мамандар: 
«Бастықтың өзі істейді, бізде билік қалған жоқ», – деп шау тарта бастаған, жалтақ, кілең 
төменшік. Пысын басып тастаған. Жиналыста сол шіркіндер: «Нәкең айтқан шаруа... 
Нәкең тындырған жұмыс...» де-е-п боздап тұрғаны. 
Ғайнекең бәрінен бұрын сол жігіттің мінезінен шошыды. 
«Бюрократ» дейін десең үлкенмен де, кішімен де тең иық тілдеседі, майлы 
қасықтай жылпылдап тұр. Үлкеннің де, кішінің де шаруасына араласып, өзімсініп ақыл 
айтып жатқаны. «Өзімшіл» дейін десең өмірінің тең жарымы алашақпын. Екі сөзінінің 
бірі: «Елім, жұртым». Апта сайын жиналыс жасайды, аянып жатқан дәнеңесі жоқ. Істің 
көзін білмейді десең – тілі тас жарады. Мамандарды ылғи үйретіп, «миына құйып» 
жатқаны. Қара халыққа беделсіз дейін десең – алдынан кісі кесіп өтпейді, ығып тұрады; 
Жемқор дейін десең – жұрт құсап жеке меншік мәшине мініп, төгіп-шашып жүрген 
жағдайы жоқ. Қаражаяу ғана тіршілігі бар. Жоғарылы-төмен дүмеп келетін 
тексерушілерге пара бермейді. Ендеше шаруашылық неге көгермейді? Ұжым неге пайдаға 
шықпайды? Жұрттың неге иығы төменшік? «Пәленшенің істеген жақсылығы», – деп неге 
бір кісі ауыз ашпайды. 
Жиырма бірінші ғасырдың жегісі сол болмасын!
Бұл бұл ма: үшінші ферманың біраз халқы жылы қонысын тастап Сыр бойына 
көшіп жатыр. Мән-жайын сұратқан. «Ферма меңгерушісі төбемізді тесті», – деседі. Ол 
«төбетесер» Нағанайдың нақ сүйер маманы Алтынбала. «Жұмыс бермейді», – деседі; 
«ағайынды алалайды», – деседі; «жұрт сөзімен санаспайды», – деседі. Пәлі деген, тап 
осылай кете берсе енді үш-төрт жылда Қосүйеңкі ауылында қойшыдан өзге ел қалмас. 
Босауға тосу қайсы?!.
Әнеукүні Қосүйеңкі бөлімшесіне соққан: Алтынбала деген ферма меңгерушісі 
алшысынан түсіп отыр. Алдында кесілген қауыны, үстелдің бір шетінде қайнаған үнді 
шайы. Есігінің маңдайшасына қоңырау орнатып қойыпты. Зың еткізсе зу етіп бір жас қыз 
жетіп келеді. Бұл «өйт, бүйт», - деп бұйырады... Жер-жебіріне жетіп ұрысып, бетінен 
ұятын шығарып кеткен. Қарап отырып Ғайнекеңнің жаны ауырады. 

«Нағанай турасында қалайша қателестім» деп күңіренеді ішінен. «Қалайша оны 
ұжым әкімі етіп ұсындым?!»
Аудан басшысы тап осындай алакүлік екіұдай оймен кеңесті ашқан. 
Әуелгі мінбеге Бірлік ұжымының әкімі Нағанай көтерілді. 
– Бірлік ұжымының мүшелері үкіметтің нұсқау-шешімін іс жүзіне асыруға жанын 
салып келеді, жоспарыд асыра орындады. Міндеттемедегі межеге іркілмей жетеміз деген 
ойдамыз... бесжылдықтың шешуші жылын... – деп жазып алған цифрды шұбыртып оқи 
жөнелген. Оқыстан мүдіріп қалды, аудан басшысының көз сұғы шалған. Жүрегі өрекпіп 
жүре берді, әкімнің жүзі мұзханадан шыққан қасапшыдай құп-қу екен.
– Сіз,– деді Ғайнекен.
Сөзі қасапшының пышағындай тегі.
– Сіз ана салақұлаш қағазды қоя тұрыңыз. Жаттанды сөз кімге керек. Құлағымыз 
сарсылған. Істелген жұмысты нақтылап айтыңыз.
Нағанай әліптің басы бұлай болар деп ойламаған. Пәлен түн көз ілмей, қойнына 
кірген келіншегіне де бұрылмай, қиыстырып жазып әкелген баяндамасын бастық бір-ақ 
ауыз сөзбен жоққа шығарды. Жалаңаштап
қойып сабағаннан жаман болды, көңілі пәсейіп қалды, сыр бергісі келмеді.
– Ғайнеке-ай, жазсақ та, жазбасақ та жазықтымыз. Жазған құлда дауа жоқ енді, – 
деп өз-өзінен даңғырап кеп күлсін. Жағалай жәудіреп отырған кеңес мүшелерін 
өзімсінсіне сөйледі. – Қағазсыз-ақ айтып берейін ендеше... Ұжымда қазір алпыс бес мың 
қой, алты жүз алты жылқы, жүз тоқсан тоғыз түйе бар. Биылғы жылы мемлекетке 
он жеті мың екі жүз елу екі қаракөл елтірісін өткіздік, төрт мың төрт жүз тоғыз центнер ет 
тапсырамыз. Сонда жыл аяғында...
– Сіз, – деді тағы әкім. 
Жалаңаш кеудесінен өлі жылан сүйретіп өткендей сезілді.
– Бұл мәліметтерді аудандық ауыл шаруашылық басқармасынан білемін. Бәрі 
түсінікті. Әлгі цифрлардың астарында малшы қауымның, күллі Қаратау елінің қажыр-
күші жатқаны рас. Әлгі алпыс бес мыңның ішінде қозы да, қошқар да, тоқты да, торым да, 
лақ та, ешкі де мипалау болып араласып жүр. Оны жасыра алмайсыз.
– Қалай десеңіз де ұжым көрсеткіштері міндеттемені мегзейді Ғайнеке. Мал 
шаруашылығының ішіндегі дүрілдеп тұрғаны біз, аянып жатқанымыз жоқ, Ғайнеке.
Мейрамқаланың бір соқса үзбей әңкілдейтін қысыр желі болатын, құм борататын, 
терістік беттен шаң түтеді дегенше тозғақтай тозаң қойны-қонышыңды аралап, ас ішсең – 
дастарқаныңда жүреді, ұйықтасаң – төсегіңнен шығады, әйтеуір шаңнан құтылу жоқ. 
Нағанайдың мына мінезі сол жабысқақ пәлекетті елестетті, әке-көкелеп, Ғайнекелеп 
іші-бауырына кіре сөйледі.
– Көрсеткішке көңіл толады, мамандарың белсенді, малшың малсақ. мынаны 
айтыңыз. Ұжым мүшелерінің реңі неге пәс? Көңіл-күйі неге нашар? Істеген ісіне 
өздері разы болмайтыны қалай?
Кең бөлменің ішін салқын мұң жайлады.
– Ғайнеке, ұжым мүшелерінің халі нашар деп кім айтты сізге? 
– Көзіммен көрдім.
– Жетпіс пайызында мотоцикл, елу пайызында жеңіл мәшине бар...
– Шопандарға телінген сан ол. Мен шофер, тракторшы, ұста, қора жөндегіш, 
шөпші, көң ойғыш дегендерді айтамын; осылардың неге мәдени-рухани өсуі төмен?

– «Рухани» дегеніңізді түсінбедім, газеттің сөзі ғой деймін. Ал мәдениеті 
жоғары. Күнде кино көреді, «Қазақстан үгітшісін» оқиды.
Сіз түсінбей тұрсыз. Осы отырғандарды ұрып жыққандай атпал азаматтың 
жылдық табысы он мың теңдеген аспайды. Үй-ішінде жеті-сегіз жан. Мысалға, 
Қосүйеңкідегі қора жөндегіш Жаманеркекті алайықшы, күші тас қопарып, тау 
аударғандай. Жауын жауса-ақ үйінің төбесінен тамшы сорғалайды. Өйткені сіз үйін 
жөндеуге құрылыс жабдығын бөлмейсіз. Бес-алты уақ малы бар. Қыс бойы нанның 
қабығымем асырап шығады. Сіз жұмысшыларға шеп шапқызбайсыз. Отын-су іздеп 
ауданға сабылады. Өйткені сіз оларға көмір сатпайсыз. Жаманеркек сізге ұқсап күніге 
күркетауықтың жас сорпасын іщіп, жылқы фермасынан бесті қымыз алғызып 
тұрмайды. Дастарқанында
жеміс-жидек, бал, қазы-қарта атымен жоқ. Осыған зер салдыңыз ба? Жоспар орындау 
деген тек қолыңыздағы салақұлаш сарғайған қағаз емес, ондағы өлі сандар да емес. 
Ол дегенің – береке, тоқшылық, көңілдің марқаюы, құлшынып істеген жұмыс, әрбір 
жұмысшының от басындағы қуанышқа айналғаны ләзім. Бірлік ұжымының 
жұмысшылары нақа біреу желкелеп, еріксіз жұмсап жүргендей көңілсіз, ренішті, 
екпін, ықылас қалмаған. Осы жәйтті ақыл таразысына салып көрдіңіз бе? 
Қойшыдан өзге жұрттың сөзіне құлақ аспайсыз. Күні бойы қарыз ақша сұрап 
есігіңізді күзететін кісілерді қабыл қылмайсыз... Тап қазір бір-езу аттай қыңырайып 
қисығына кетіп бара жатқан секілдісіз. Айтпады демеңіз, халық қамын жан-жақты 
ойламай, «жоспар, жоспар» деп шаба берсеңіз бір күні оңбай омақасасыз.
Кең бөлмені жаңа тыныс кезді.
Нағанай нақа біреу буындырып жатқандай жанары ақшаңдап, тамағынан 
томардай галстугін босатты.
– Жауап беріңіз, Қосүйеңкідегі жұмысшы отбасылары неге көшіп жатыр?
Нағанай қағаздарын қобыратып алды; қапелімде қаттай алмай әлекке түссін, 
әлдекімге танауының астынан кейісін.
– Олардың ойлағаны байлық, теңге. Түгіскенде жаңа ұжым ұйымдасып жатыр. 
Күріште жұмыс күші тапшы. Ақшаны күреп алды. Ал бізде жазғы маусымдық шөп 
шабу, қора жөндеу, елтірі өткізу секілді мардымсыз, табысы аз шаруалар ғана.
– Білмеймін, мынадай мамыражай заманда ешкім туған жерін, туысқан 
ортасын тастап көшпеуі керек еді. Оларды орнынан қозғаған сендей басшылардың 
пәтуасыз айқайы, «өлдім» десе де қолұшын бермейтін қатыгездігі болар деп ойлаймын.
Енді қаздай тізіліп отырған кеңес мүшелеріне бұрылды.
– Бірінші мәселе жөнінде кімнің қандай ұсынысы бар?
Аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы орнынан көтерілді, 
төбесі аспалы шамдалға сәл-ақ тимей тұрды. Мінбеге шыққан жоқ. Бұл баяғы 
Далабайға «құмар ойнама, қос етектінің астына үңіле берме», – деп ақыл айтатын көсем 
кісі еді. Ол кезде ауаткомның мәслихат хатшысы еді. Даусы тат басқан шелектің 
даңғырындай шықты.
– Нағанай жолдастың Қосүйеңкі қой фермасында бухгалтер боп тұрғанда малы 
қырылған, елтірісі ұрланған, бір жігіті сотталып кеткен. Нағанай жолдастың сол 
қылмыстан қалайша басын арашалап, бір ұжымның білдей әкімі болып шыға келгеніне 
әлі таңданамын. Мұндай адамдардың арамыздан аластағаны жөн. Менің ұсынысым 
― қызметінен алынып, ісі сотқа тапсырылсын!

Мәжіліс хатын жазып отырған келіншектің жанары жәудір ете қалды. 
Өзгелері қылп еткен жоқ, бүлініп қайтсін, басқарма бастығының мінезі көпке 
мәлім. Қит етсе сүйегіне сіңген әдеті: «шара қолдану, ісін сотқа тапсыру». Сүйегімен 
кететін шығар осы мінез. Әйтсе де жұмыс десе дүниені ұмытады. Керзі етігі шаңға 
бөгіп Түгіскен бойынан оралғаны әлгіде еді.
– Көзге көрініп тұрған қылмысы жоқ қой.
– Ісі сотқа тапсырылсын.
– Мақұл! – деді Ғайнекең. – Күтейік, сынайық. Әзірге қатаң ескерту берілсін.
Мәжіліс хаттамасын жазып отырған келіншектің қаламы жорғалай жөнелді. 
Нағанай дар ағашынан ойда жоқта босанған қылмыстыдай, өң жоқ, түс жоқ, мінбеден 
қауқиып құр рухы түсті. «Сөз жоқ есептен жаңылдым» деп ойлады ішінен. «Құлшығаш 
иттен хат келгелі қолым шықпай жүр. Өмір дегенің преферанс секілді. Қанша «вистке» 
басамын, бас-көзіне қарамай ұрамын, асты «жалған палка» болып шыға келеді. Есептен 
жаңылдым сөз жоқ».
– Келесі мәселе Түгіскен ұжымының шаруа жайы. Түгіскен каналының кіші 
тармағы ерте көктемде қалайша құлады? Бес жүз гектар жердің күріші әлі күнге суға 
бастырылмай жатыр. Әлде әлгі каналды біреу қолымен әдейілеп бұзды ма?
Сол бүйірден шетен қалпағын қолтығына қысқан орта бойлы қараторы кісі 
көтерілді. Бұл Түгіскен ауылының басшысы Сұлтанғали Сариев мырза еді. Ә дегеннен-ақ 
шешенсіп суырыла жөнелген. Алдынан әлдекім аяқ тосқандай болды. Етпеттеп барып 
қалды, аяқ тосқан тағы да әлгі аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 
еді.
– Сол ұжымнан оралған бетім. Күріш дақылы көктемде егіп тастап шілдеде 
орып алатын ақ егіс бидай емес. Түйенің ботасындай бап тілейді. Қылтиып жер бетіне 
шыққаннан бастап кеңірдектен салқын суда тұруы керек. Суы асып кетсе – 
тұншығады: төмендесе – қылжиып құлайды: жылыды дегенше — күрмек басады. Ал, 
аңды сосын. Сариев мырзаның жүрген жері күнде ахаху, күнде той. Көрдім, атыз-
арығы мирық-сирық, қиқы-жиқы бірдемелер.
Сұлтанғали шыдамай кетті, жан дауысы шықты.
– Ақсақал-ау, көргеніңіз былтырғы аңыз ғой. Биылғы танаптар тұнып тұрған 
агротехника, химия. Екі жүз гектарын суға бастырып үлгердік. Қас қылгандай каналдың 
кіші тармағы бұзылғаны болмаса – өзге кінәрат жоқ бізде!
– Шіркін-ай, ә. Қалай ғана кінәрат жок? Алты бірдей ауылды сумен 
қамтамасыз етіп отырған Түгіскен каналының тармағы деп сенің тұсыңа келгенде 
неге құлазиды? Бұл барып тұрған қылмыс! Соның салдарынан алпыс гектар күріштігіңді 
су алып кетті, жеті отбасы баспанасыз қалды, төменгі сағадағы төрт ауылға су жетпеді, 
аудан күріш себуді мерзімінде орындамақ түгілі жартылай алмай отыр. Күнде айқай, 
күнде тоқпақ. Сөйте тұрып «агротехника, химия» дейсің, ә!
– Ақсақал-ау, каналды бұзған кісі ғой дейсіз бе?!
– Сариев мырза, сізден анықтама сұраған ешкім жоқ. Сөзді бөлмеңіз, – деді 
Ғайнекең. Үнінде аса салқын сіре мұң жатты. Шыбжыңдап, тақыстанып тұрған ұжым 
басшысы жым болып басылды. Басқарма бастығы қайыра сөз алған: «мирық-сирық, 
қиқы-жиқы, тілкім-тілкім...»
Ғайнекең ауыр ойға шомған.
«Әлгі Нағанай сыңар езу-ақ болсын, ал аузымен орақ орсын. Қалың елдің қамын 
ойламасын. Әйтеуір мемлекеттік ет, жүн, елтірі жоспарын орындап жатыр ғой. Соның 

өзіне дәтке қуат етсе қайтеді. Көпшілік алдында бәсін төмендетіп, абыройын төккенім 
қалай?» - деп іштей жидіді. Күдіктенген кісіге бетін бар, жүзін бар демей барлық мінін 
айтып салатыным-ай осы!»
Сан-сапалақ ой әкімнің миын шақты. Жайдақ көшеде құм суырып азынаған жел 
бар емес пе. Сол желдің өтінде, кеше басында бұтағы сына жаздап майысып, қалтыраған 
тораңғы ағашы тұратын. Мына мәслихат сол желге парапар. Тораңғы ағашы өзі. Жел мен 
талдың күресі қашанға созылар. Әйтеуір өз басы осы көшенің басында қарауыл қарап, 
күні-түні ағылған мәшинені санағандай саяқ тұрған жалғыз ағашты аяйтын. Талай 
мәрте бағбан жіберіп суартты. Айналасын қоршатты. Жайқалып өскен шыбығы жоқ. Тас 
жолдың жиегінде жүдей берді, күн өткен сайын сидам тартып, сұры қашты.
Түгіскен ұжымшарының тұсынан өтетін каналдың кіші тармағын құлатқан кім?.. 
Тоспаны опырған қандай жауыз?.. Соның салдарынан қаншама күріш танабын, нешеме 
тұрғын үйді су шайып кетті. Аудан бойынша сарапшы тобын құрып қылмысты істің ізін 
жедел тексерген ләзім».
Хатшы өз ойымен өзі алакүлік кепте. 
Астанада Президенттік стратегиялық зерттеулер институтында істеп жүрген 
кезінде жолдас болған бір жігіт ойына оралды. Жұрт оны «Түн адамы» деп атайтын. 
Түн адамының мінезі қызық. Ертеңгісін жұрт қызметіне жөнеліп жатқан кезде көкең 
ұйықтап жатады. Түс ауа тұрады, жуынып-шайынады, газет ашады, сейіл құрады. 
Сосын барып кеңесіне бес-он минут бас сұғады. Айтатыны: «Көп отырсам қанымның 
қысымы артады», «кетпей жүрген шөл бар», «түнімен кітапхана», «түнімен Гелвеция, 
Кант», «түнімен жүйкені жұқарту». Мақұл-ақ. Ел ұйқыға кетер мезгілде аруағына 
мінеді. Бөлмені төри-төриге толтырып домбыра шертеді, шахмат этюдін шешеді. 
Студент кезінде бастаған «Диалогсыз романын» жазуға отырады. Түн адамы өстіп 
түнімен аласұрып шығады. Бөлкелес, әрі бөтелкелес кісілер маңайынан қашып 
жатады... Ақыр аяғында Түн адамы – күн адамдарымен өкшелесіп сыйақы, жалақы 
алады. Ойлап отырса бүгінде осы ауданның Түн адамы өзі болыпты. Я өзіне, я өзгеге 
рахымы қалмапты».
«Түгіскен каналының кіші тармағын қасақана құлатқан қылмыскерді табу керек! 
Мирық-сирың, қиқы-жиқы...» Ғайнекең еңсесін жинап алды. Талқыланып жатқан 
мәселені тезірек тамамдаған жөн. Сарапшылар алқасы істі тексеріп, анық-қанығына 
жедел көз жеткізгені ләзім. 
Оң қанаттан қол көтерілді. Бұл алыс Астанадан келген ғылым адамы еді. Түгіскен 
каналының бұзылу себебін тексеруге сарапшылар іріктелмекші. «Сол сарапшылар 
құрамында астаналық ғалым да болсын», – дескен.
«Сырт адам сезгіш келеді», – дескен. Сөйтіп, арнаулы шақыру қағазымен келіп 
отырған, профессор, ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, әрі 
университетке сабақ береді екен. Орнынан көтерілгенде байқады, самайына ақ кіріп, 
шашы сиреп, денесі толып масқалданып қалыпты. Бүйрек беті, қаны тамған қалың ерні 
бозбаланы елестетті. 
– Сариев мырзаға менің сауалым бар, – деді үні соншама жұмсак. Бейне «неткен 
ғажайып жансыңдар» дегендей естілді.
– Сұраңыз. Сізге уақыт регламенті жоқ, – деді аудан әкімі.
– Сариев жолдас, айтыңызшы, ауылыңда қандай рулар бар? Қазақтың кәдімгі 
рулары ше?
Әкімдік мүшелері аңырайып бір-біріне қарасты. 

Қоңыраттың екі руы, қырғызәлі мен жетімдер.
– Бір-бірімен қыз алыса ма? 
– Алысады.
Әкімдік мүшелері толқып, бір-біріне қарасып, мұғдарлы күйге түскені.
– Сариев мырза, айтыңызшы, әлгі каналдың тармағы бұзылған жердегі күріш 
танабының иесі кім? 
– Ол жерде екі звено бар-тұғын. Біреуі — Батыр деген былтырғы өнімді ең 
көп бергеи озат күрішші. Барыс орденіне ұсынып отырғанбыз. Келесісі — 
Қосүйеңкіден көшіп келген ұста, биыл ғана қолына кетпен алған. Батыр жетімдер, ұста 
қырғызәлі.
– Екеуінің де күріштігі суға кетті ғой.
– Суға кетті.
– Сариев мырза, айтыңызшы. Сол маңайда күріш танабын су алмаған, әлгі Батыр 
дегеннің күріштігіне жетеғабыл өнім беріп жүрген ұжым мүшесі табылып қалар.
– Бар.
– Ол кімдікі?
– Беласар деген жігіттікі.
– Беласар қырғызәлі руынан ғой.
Әкімдік мүшелері бейне кеңсеге құйын кіріп кеткендей толқысын, күбірлессін, 
үстел шұқысын. Аудан әкімі орамалын алып маңдайын, көзінің алдын сүртті. Ғылым 
адамы түк болмағандай сөзін саппа тиып, орнына жайғасып отырып жатыр.
– Мен әшейін кейбір жәйттерді еске салғаным еді, – дейді танауының астынан.
«Мына мұндардың беті жаман екен» деп ойлады Ғайнекең. «Төбемізден тас 
түсіргендей болды ғой. Апырмай, бұл адамның сырты бүтін, іші түтін көрінеді. Әйтпесе 
мынадай жүзі жылтыр, үні жұмсақ кісінің әлгідей арамза ойды ортаға тастап тоғытады 
деген кімнің қаперінде бар. Не дегенімен ғылым адамы деген аты зор. Ертеңіне 
«Мейрамқала ауданында әлі күнге рушылдық, бақастық, бақылдық бар» де-е-еп сайрап 
тұрса жарамады, намысты қолдан бермеген жөн».
– Інішек, тым асырыңқырап жібердіңіз білем. Бізде әлгі рушылдық әлдеқашан 
жойылған, бақастық деген болмайды. Себебін басқа жақтан іздеген жөн шығар.
Мен әшейін кейбір жәйттерді еске салғаным еді. 
«Тезінің қаттысы-ай сабаздың» деп ойлады Ғайнекең.
– Канал тармағының құлау себебін анықтауға сарапшылар алқасы құрылсын. Оның 
құрамына астанадан келген профессор Қанай Жанпейісұлын, – деп дауысын 
дабырайтты. – Аудандық бас мұрапты, аудандық ауыл шаруашылық 
басқармасының бастығы Мұсахановты, Түгіскен ауылының әкімі Сариевті енгізейік. 
Сарапшылар құрамы жөнінде кімде қаңдай ұсыныс бар? 
Ешкімнің «е» деуге жүрегі дауаламады.
– Ендеше аталған құрамды бекітеміз. Іске кіріссін, кемшіліктің бетін ашсын, 
келесіде қайталанбайтын болсын!
Жұрт аудан әкімінің бөлмесінен сүйретіліп шықты. Ғылым адамы үстел 
арқалығына жауып қойған костюмін киіп, кетуге айналған еді. Ғайнекең тоқтатты. 
«Бүгін аудан орталығына кідіретін шығарсыз», –деді. «Қазір сол каналы құлап, елі 
шулап жатқан ұжымға жедел жүріп кеткеніміз мақұл, науқан уақыты, мезгіл 
күттірмейді», – деді ғылым адамы. «Үйге соғып, жеңгеңнің қолынан шай ішіп 
кеткенін жөн», – деді Ғайнекең. «Қайтар жолда болмаса, әзірге ғафу етесіз енді», – 

деді ғылым адамы. «Ендеше жолдарың болсын, іске сәт, ертеңдері Сырға өзім де 
құлаймын. Нендей көмек қажет болса айтыңыз, істейміз», – деді Ғайнекең. Ғылым 
адамы сыпайы қоштасты.
Ғайнекең кең бөлмеде оңаша қалған. Самайын сығымдай түсіп ұзақ отырды. 
«Үлкен сөздің басы болмаса нетті осы, егер әлгі ғылым адамының сөзі расқа айналса 
ше?.. Етікке жұққан шаңдай әлі ілесіп келе жатқан бақастық, бір-бірін көре 
алмаушылық, күндестік секілді әдеттердің бары рас. Бірақ сол келеңсіз қасиеттер жинала-
жинала «канал бұзу» деген, мемлекеттік қылмысқа айналады-ау деген кімнің ойында 
бар. Бұл халықтан бәрі шығады; қазанында қайнап, отында күйіп келеді ғой – біледі. 
Бұл жұрттан бәрі шығады. Затына үңілмей, зер салмай жүре берсек, әншейін шаруасынан 
артылмай шарбаяқтаған, күнге күйген, бейнетқор қара қазақ та: ал тамырына үңілсең – 
терең-терең тағдыр иелері.
42
«Түгіскен каналы тармағының құлау себебі неде?» Осы жәйтті анықтауға 
ауданнан дүрілдеп комиссия
 
көтерілген. Сарапшылар алқасының төрағасы 
ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, оның ойы: «Әрбір ұжым 
каналдың өз тұсынан өтетін үзігін күтіп, қарап тұруға міндетті. Ел аман, жұрт 
тыныштықта каналды ұмытып, тойшылап жүріп, жарты дарияның суын басына 
төңкеріп алған Түгіскен шаруа ұжымының әкімі кінәлі. Дереу акт жасап, шара 
қолданып, ісін сотқа тапсыру керек». Комиссия мүшесі – ауданның бас мұрабы 
мәңгүрт күйде: «Құдай біледі, канал тармағының осы бір осал тұсын бұзған жайын, 
көзіммен көргем. Қызыл сумен ілесіп каналға тайыншадай-тайыншадай жайын 
өткен. Кейінше осы Түгіскен ұжымының дихандары қайраңдап қалған жайын ұстап 
жепті деп естігем». Комиссияда Астанадан келген су маманы, ғылым адамы Қанай 
Жанпейісұлы бар. Оның ойы мүлде бөлекше: «Қазақ жүрген жерде ру бар, ру бар 
жерде жік, алауыздық, алауыздық – канал түгілі Отырар шаһарын қиратқан. Каналды 
құлатқан бәсекелес диханшылардың өздері». Комиссияға осы шаруа ұжымының 
әкімі Сұлтанғали да қосылған. Ойлайды: «Әу баста каналдың келешегін ойламай тайыз 
қазған, енді шіретіп су айдаған мұраптар жауапты. Одан қалса, «жоспар, жоспар» деп 
айқайлаудан өзгені ұмытқан аудан әкімі кінәлі». Осылайша әркім өз ойымен болып 
селкілдеп отырғаңда жеңіл газик аудан орталығынан сексен шақырым жердегі ауыл 
іргесіне жеткізді. Күн кешкіріп калған, ауыл үсті кілкіген шаң, көкала түтін.
– Бұл не пәле? – деп шошынды ғылым адамы.
Өрістен сиыр қайтқан ғой, – деді Сұлтанғали түсіндіріп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет