Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Май топырақ мәшине доңғалағынан асып есік-тесіктен лап қойды. Қанай 
Жанпейісұлы үстін қаққыштап тыпырлады. Туфлиінің басына тыжырына үңіліп, көзі 
бозарды.
– Көшеге неге ағаш екпегенсіңдер?
Жылда егеміз, жылда қурап қалады. Су жеткізе алмай келеміз.
– Дарияның дәл түбіндегі ауылға су жетпейді. Мынау сұмдық екен!
– Сыр елінің салты қызық, – деп әңгімеге бас мұрап араласты. – Тас төбеде жарты 
дарияның суын ағызған канал жатыр. Көшелеріне арықпен су жеткізуге мойындары жар 
бермейді. Ауыз судың өзін құдықтан ішеді. Жарты шақырым жерде ішінде балығы 
қайнаған көл бар. Балық аулауға ерінеді. Осындағы бомж орыс балықшыдан сасық балық 
сатып жейді. 
– Күріштен қол тимейді тегі, – деді әкім Сұлтанғали. 

– Қазақпыз десеңдерші одан да, жатыпішер қазақтар әлі жер бетінде жүр 
екен–ау! – деп Қанай Жанпейісұлы жаман кекетті.
Күн қып-қызыл шаңға сіңді. Төбеден сыпсыңдап дарқоңыр өтті. Мәшине 
әкімнің үйінің тұсына лық тоқтады. 
– Үйге түсіп дем алайық. Шаруаны ертең бастармыз, – деді ауыл әкімі. Бас 
мұрап мәшинеден түсе бере үстін қаққыштап жатыр. Қанай Жанпейісұлы 
тапжылар емес. 
– Әлгі күріш танабын суға алғызған күрішші кім еді?
– Батыр Елғондыұлы.
– Мен сол үйге түсемін. Уақыт ұттырмай танысайын, сөйлесейін, зерттейін. 
«Зерттейін» деген сөзді қасақана нығыздап айтты.
– Ол үйде жағдайыңыз бола қояр ма екен, – деп шаруа ұжымының әкімі жігі-
жаппар жалынды. – Ертең-ақ зерттейсіз. Тіпті болмаса мәшине жіберіп осында 
алдырамыз. 
Қанай Жанпейісұлы қыңырайып отырып алды. Амалсыз бөлінетін болды. 
Ертесіне бұзылған канал басына қосыла шығатын боп уағдаласты. Аудандық ауыл 
шаруашылығы басқармасының бастығы қыңыр өкілден қымсынды білем, әкімнің 
үйіне құлауды құп көрмеді. «Танысымның үйіне барамын», – деп аршындай адымдап 
ол жөнелді. Бас мұрап пен әкім екеуі сіресіп отырған Қанай Жанпейісұлын 
қолпаштаған күйі ауыл шетіндегі дихан үйіне әкеліп салды, қошатысып қайтып 
кетті. 
Былайғы оқиға докторлық қорғаннан да қиын әңгімеге ұласты. 
Қара ағаш тіккен кең аула. Аула төрінде шикі кесектен өрген жатаған үй, үйде 
төрт бөлме болуға тиіс. Өйткені төрт жағында төрт терезе. Сол қанаттан отын, шөп 
жинайтын қора, қыста сиыр ұстайтын бастырмалы мекен-жай қалқияды. Оң қанатта 
кісі бойындай ыстанған тандыр пештің үңірейген аузында мүлгіп-қалғып сұр мысық 
отыр, көптен бері нан жабылмаған пеш болды. Есік аузында темір қазықта кішкентай 
қызыл бұзау имеңдейді. Маңында ақ кимешекті кейуана күйбеңдеп жүрген, кешкі 
масаға түтін салып жатқаны көрінді. Келіп түскен бөгде кісіні көріп, белін жазып, 
жылы сәлемдесті. Қанай Жанпейісұлының суыртпақтап сұраған қыруар сауалына 
«шүкір» деп жалғыз мәрте жауап берді. «Өзімде де обал жоқ» деп ойлады ғылым 
адамы. «Үлкен ұжымды дөңгелетіп отырған әкімнің төрінде шәниіп шұбат ішіп 
жататын кісімін; қисығына қыңырайып: «диханмен сөйлесемін, зерттеймін», – деп 
болмадым. Ал енді «зертте, кітап жаз»... Кейуана үйге бастады. Кіреберіс есік 
жақтауындағы тетікті басып жарық жақты. Қанай Жанпейісұлы кейуананың кебісін 
қалдырғанына ойланып, туфлиін шешті, оң бүйірдегі бөлмеге өтті. Мұнда самаладай 
жарық, жарық қып тұрған электр шамы емес – кітап оқып отырған қыз бала ма деп 
ойлады. Толып піскен жүзімдей мөлдіреп тұр-ау... мөлдіреп тұр... «Шаңның 
арасында да осындай періштелер жүреді екен-ау» деп ойлады. Қыздың көз тартқан 
сұлулығы қай жерінде екен деп басы қатты. Тік түскен торсықтай маңдайы ма... ұшы 
қайқы қасы ма... аумақты жанары ма... қыр мұрыны ма... торсиған қызыл еріні ме... 
үшкіл иегі ме... ажырата алмай қиналды. Кейуана үні есін жиғызды. 
– Айменкүн, неғып сілейіп қалдың? Кісіге көрпеше сал!
Төр алдына масаты көрпеше жайылды, көпшік тасталды. Қанай Жанпейісұлы 
костюмін шешіп қабырғадағы көр шегеге ілмекші-тін, қыз келіп алды. Төргі бөлмеге 
кетті. Көрпеше үстіне малдасын құрып отыра берген, аяғы құрғыр бүктеліп астына 

түспей, қос тізесі шодырайып, төңкеріліп қала жаздады. Күрік болған тауықтай 
қолайсыз шоңқиды. Бойжеткен сыңқ етіп күліп жіберді. 
– Қарағым, жайласып отыра бер. Батыр ел жата келетін әдеті. Күріштігін су 
алғалы жан тыныштығын ойлауды қойған. Жаңа жер аршып, жыртып, көгертіп шәт-
шәлекейі шығып жүр... Жұртқа ұқсап шіләпі киіп, өкімет болуды құдай оған 
жазбаған. Әкесі сонау жылы өлді. Мен аурулы болдым. Екі қарындасы жас: қит етсе 
– мал, қит етсе – тамақ, қит етсе – көйлек тап деп біз зарлаймыз. Жастайынан 
бейнетке килігіп миы ашып кетті қарағымның.
Бұл кезде Айменкүн сыртқа самаурын алып шықты.
– Мына қыздың онды бітрігеніне жылдан асты. Көк етіктіні таба алмай, көн 
етіктіге қарамай отырып қалды. Қарындасының үйде отырып қалғаны Батыржанға 
оңай тиіп жүрген жоқ.  
Алдында жатқан кітапты кейуана ысырып тастап, жайнамазын жайып намаз 
оқуға отырды. Қанай Жанпейісұлы кітапты қолына алған. Шыңғыс Айтыматов. 
«Тау мен дала хикаялары». У-у-у. Ғылым адамы көркем әдебиет кітабын оншалық 
жаратпайтын. Жазушылардың бәрін өмірден қалыс жүрген, қияли кісілер деп 
ойлайтын; жазушының сөзін бұлттың арғы жағындағы аққудың сұңқылы деп 
аңызға телитін. 
Ішке Айменкүн енді. Самаурынның табы ұрды ма, беті қызарып, манағыдан 
бетер сұлуланып кетіпті. Осы мезет ғылым адамы өзінің қырықтан асып, 
қырқылжың тартса-дағы бойдақ жүргенін есіне алды. «Әуелі аспирантураны 
бітірем деп жанталастым, сосын кітапханадан шықпай үш жыл шұқшидым. 
Кандидаттық диссертацияны қорғаймын деп қалбақтап жүргенде ғылыми 
жетекшім қайтыс болды. Тақырып жаңартып жүріп кандидаттығын қорғаған, 
докторлығын жазған. Енді қараса қыздың да, бозбалалықтың да қызығы 
қалмағандай, желігу, желпіну жоқ. Қарап отырып архив қопарғысы келеді. 
Қыздармен сөйлессе – есінейді. Өстіп жүріп ғылым ұйығына белшесінен бата 
түсті. Докторлық диссертация шашын сиретіп, курортқа барып қымыз ішті, ел 
көрді, кісілік қалпына қайта оралды. Енді қыруар ақшаның қызығын көргісі келеді, 
бойжеткенге көңілі ауады. Бұрын екі сөзінің бірі: «Зерттеймін, жаңалық ашамын» 
еді, енді: «Көңіл құсы, өмір дәмі» дейтін болыпты. Бұған да шүкіршілік.
– О, құдая құдауанда, пендеңді әуре-сарсаңға сала көрме. 
Жалт қараса кейуананың үні екен.
Текемет етегіне бір тізерлеп қана отырған Айменкүнге Қанай Жанпейісұлы 
әзіл тастады.
– Кітапты көп оқиды екенсіз, көз майыңызды тауысып алмаңыз.
– Жақсы кітап қолға сирек түседі.
– Шыңғыс Айтыматовтың «Ақ кеме» деген мақаласын мен де оқыған едім. 
– Мақал емес, ол хикаят қой.
Ғылым адамы өзінің-дағы көркем әдебиеттен хабардар екенін сездіргісі 
келген. Қапелімде қыз сөзінен секем ап қалды, шамданбады. «Әдебиет болған соң 
оның хикаяты қайсы, мақаласы қайсы, тасқа басылған соң бәрібір емес пе» деп 
ойлады. Айменкүн: «Мынау нағыз тымырсық екен», – деп ойлады. Кейуана 
жайнамазын жинады. Осы мезет сыртқы есік сарт ашылып, сөмке ұстаған 
талдырмаш қыз іше ентіге енді. Жанары шырадай жайнаң қағады.
– Үйге қарай жүгірме деп қанша қақсаймын, - деп кейіді шешесі.

Талдырмаш қыз ашық екен. 
– Құдық басында Сұлтанғалидың келіншегі ұшырасқан. «Үйіңе Астанадан 
профессор келді», деді, көрейін деп асықтым, апа. 
Қыз үні нақа «ауылға Африкадан піл келді» дегендей естілді. Кейуана ернін 
сылп еткізіп Қанай Жанпейісұлына аңырая қарады. Әлгі шұнақ қыз жоғалған үй 
халатын іздеген боп «профессорды» бір айналып шықты. Айменкүннің жүзіне алау 
жүгірді, лып етіп көтеріліп сыртқа беттеді. «Ыңғайсыз екен тегі». Ғылым адамы 
малдас құрған кезде сырқырап алып бара жатқан тізесін сипады.
– Алтынтана, қонаққа жастық таста, – деді шешесі дауыстап. 
Көйлегін ауыстырып, үй халатын киіп үлгерген шұнақ қыз төргі бөлмеден 
жастық әкелді. Әлгіде Айменкүн көпшік тастаған. Көпшік пен жастықты қос 
қабаттай қылжия құлады. Мұзға тайып жығылған түйеге ұқсады. 
– Елге келген соң қазақшылықтан қашып құтыла алмаймыз, – деп өзінің осы 
жатысын жуып-шайды. 
– Қазақшылыққа не жетсін, балам! – деп кейуана ұршығын дөңгелетті. Сөзін 
қайта жалғады:
– Сол қазақшылықтан айырылып оңбай жүрген жоқпыз ба. Алтынтана, 
Айменкүнге айт, шайын тездетсін. Өзің сүтті пісір. Кісі көрмегендей не қып 
сүйретіліп жүрсің. Балам, саған айтайын... Алыстан келген өкімет екенсің; мына 
төбенің астында Беласар деген қызрғызәлі бар. Біздің Батырдың түйедей құрдасы. 
Батырдың күріш еккеніне жеті жыл болды, осы үйді әзер бүтіндедік, енді-енді 
есіміз кірді. Ал Беласар қолына кетпенді былтыр мен алдыңғы жылы ғана алды. 
Қамбасы күрішке тіреліп тұр, дөтілдетіп мәшине мініп жүр. Қатыны Ташкент асып 
сауда жасайды, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Ол неге дүрілдеп барады дейсің ғой. 
Осы ауылдың әкімімен бөле! Мінекей, қазақшылық деп осыны айт! 
– Апа, айтпаңызшы өсек сөзді, – деп поднос қойып жатқан Айменкүн қысылады. 
Подностың ішінен үр қызының нұры елес боп көрінді. 
Ғылым адамы өзінің өмір қызығынан мүлдем мақұрым қалып дәруіштеніп 
жүргенін жаңа сезді.
– Апа, сүтке мысык тиіп кетті, – деп ентігіп Алтынтана енді. Кейуана 
шүйкесін оң жамбасына басты.
– Сен қардан-ақ қалдым-ау бәлеге. Қолың тиген жер бүлінеді. Жетім бұзауға бер 
ол сүтті. Көршіге жүгір. Шай ақтайтын сүт бере тұрсын, әнеукүні бес жұмыртқамызды 
алған.
– Каналдан құлаған су Беласардың күріштігіне жетпей, Батырдікін шайып 
кетуінде не гәп бар, апа?
 – Дәл үстінен түстің, балам. Ойлап қарасаң бұл да қазақшылық. Беласар 
Батырдан озғысы келді ме? Келді. Беласар әкімнің бөлесі ме? Бөлесі. Енді құлаған су 
айдаладағы руы бөтен Батырдікін шаймағанда кімді шайсын. Арғы жағын ойлап бас 
қатырудың қажеті жоқ.
Осы кезде белі майысып самаурын көтеріп Айменкүн кірді. «Айменкүн десе – 
ай мей күн! Жанары үзіліп піскен жүзімдей. Қабақ шытқаны жүректі өртейді тегі. 
Қасының ұшы ұшатын құстай тегі!». Өстіп жанары жасаурап отырғанда керзі етігі 
торсылдап Батыр келді. Сәлемдескен кезде алақаны түрпідей тиді, табалдырық түбіне 
отыра қалып тасыр-тұсыр етігін шешті. Шұлғауы шұбатылды. Ауызғы бөлмеге ытырды 
бәрін. Алтынтана ағасының қолына сабын мен сүлгі ұстатты. Дихан етпеттей тұрып 

барып жуынуға шықты. Батырдың сәлемдескені де, етік шешкені де жылдам өткені 
сонша, Қанай Жанпейісұлы жігіт жүзіне жөндеп көз тігіп қарай алмады. Әйтеуір орта 
бойлы, қап-қара, мыж-мыж...
Дастарқан жайылды. Қонақ келеді деп ойламаса да ішіп-жемі жөндем екен, таба 
наны, бауырсағы аралас, ортаға сары май қойылды; бал, жент келді. Кейуана қырын 
отырып Алтынтана әкелген ағаш табаққа майсөк былғады. Сүт қатқан қою шай жағалады. 
– Қонаққа тамақ істемегенсіңдер ме? – деп Батыр кірді ентелеп.
 – Батырға еттен өзге тамақ емес, – деп кейуана қынжылды. 
 – Тәйірі, мына майсөк тұрғанда еттің қажеті қанша! – деп Қанай 
Жанпейісұлы сыпайылық танытты. Шынымен суға жібітіп, сары майға былғаған сөк 
қаяздың уылдырығындай, тілді үйірді, ұзақ талмап дәмін сорды. Батырдың кейпіне 
тігілді. Отыздың үстіне енді шықса да жанары ұңғысына шөгіп кетіпті. Бір кезде 
әп-әдемі дөңгелек жүзді бозбала болғанға ұқсайды, қазір күнде қалған мәсінің 
қонышы дерсің. «Күрішші етпегеніңе шүкір» деп Қанай Жанпейісұлы тәңіріне 
жалбарынды. «Ептеп-септеп қалам ұшымен нан тауып жесем деп едім. Дегеніме 
жеттім. Ғылым адамымын».
– Қанша жерге күріш ектің?
 – Екпейміз. Ұжым өзі жыртып, өзі сеуіп береді, тек күте білсек болғаны бізге. 
Канал құламағанда елу гектарды дөңгелететін едім. Қазір аз. Қырық қана.
– Каналды құлатқан кім деп ойлайсың?
– Ит біле ме. Суы артық болып, керіп кеткен деп жүр ғой ауыл әкімі.
– Беласармен араларың қалай?
– Ит біле ме. Беласар өтімді жігіт деп жүр ғой ауыл әкімі.
– Мысалға оның мәшинесі бар, сен әлі қара жаяусың... осыны қалай, түсінеміз, 
бауырым.
– Күзге мотоцикл әперем деген ауыл әкімі.
«Ауыл әкімі... » Мынадан сыр тартам деп жүрген мен де ақымақпын. 
Мынауың кісі емес көлеңке ғой әншейін, құйыршық қой» деп ойлады ғылым адамы.
 – Қарағым, Беласарыңды менен сұра, – деп сөзге кейуана араласты. – Ол жегі, 
қаракүйе. Немере ағасының өзін каналға тастап жіберген. Екеуі канал жиегіне барып 
ащы суға сылқия тойған. Ұрсысқан, не төбелескен: ақыр аяғында ағасы судан басы 
қылтыңдап ағып кете барады, бұл қыдиып жағада қарап тұрады («Апа, Беласар канал 
жағалап айқайлап жүгіріпті ғой», – деді Батыр). Ағасы ағып бара жатқанда жүгіргенде 
не, тұрғанда не – жаны ашыған адам суға өзі де қойып кетпес пе. Сонымен ағасының өлі 
денесін төменгі тоспадан жұрт ұстады. Пыш-пыш сөз аралады әрине, шалдар басып 
тастады. Тек сүйегіне кірген тірәктіріс айтады: аруақтың мойыны, білегі, кеудесі көкала 
қойдай екен деп («Апа, мүмкін жолдағы бұта, тасқа соғылған шығар», – деді 
Батыр). Соғылса тамағымен, төсімен соғыла қоймас!.. Уай, құдіреті күшті жаратқан ием, 
сонымен не болды дейсіз ғой. Немере ағасының қырқын өткізді. Беласарың қарға 
аунаған түлкідей қутың-қутың. Өзініңқыздай алған келіншегін төркініне қуып жіберді. 
Мен сол кезде-ақ мұның жай нәрсе емес екенін айттым. Мына миғұлалар сенбеді. («Апа, 
Беласар қыздай алған келіншегін бедеусің деп тастаған жоқ па», – деді Батыр). Бұрын 
тастаса – көзі көрмей жүр ме еді. Сонымен ағасының жылын аттай бес айда, 
күріш орағы бітісімен берді («Апа, алғашқы қар түскенде өтті ғой», – деді Батыр). 
Апырмай, бес-алты күнде тұрған не бар енді!? Бұл ауылдың күріш жинауды қар 
түскенге дейін созатын әдеті емес пе. Немере ағасының жылын өткізді. Ай өтпей 

әмеңгерге жеңгесін алды. Баяғыда шалдар жалынып-жалпайып «әмеңгеріңе ие бол» 
деп, араға сөз салып сабылушы еді. Мына мұндар немере ағасының өлгеніне алты ай 
болғанда үн-түнсіз жеңгесін қолына кіргізіп алды («Апа, жеңгесі мен жетім қалған үш 
жасар баланы аяғаны да», – дейді қыстырылма және қыстырылып). Айтады екенсің! 
Жеңгесі де алаяқтың өзі. Бұл – түлкі болса, ол — сайтан. Әкесі әуелеп жүрген жаршы екен 
деседі. Әлгі сайтан келіншек бұл пақырдың басын айналдырған, арбаған. Әлгі 
қардың көзінен қорқамын: қараса-ақ шыбын жаныңды шырқыратады кеп, аударылып-
төңкеріліп есіңді алады («Сүрме жағады ғой», — деді қыстырылма). Қазір екеуі Қозы мен 
Баян секілді, тауып қосылған. Бұл: «Атақты күрішшімін», – деп мәшинесін оңды-солды 
безілдетеді кеп, ал әлгі қар Ташкенге қатынап қол сауда жасайды. Ақшасы пішен.
Айменкүн құйып отырған шәйнектегі күрең шайын еселеп демдеді.
– Ауыл арасының сөзін қайтеміз, қонақтың әңгімесін естиік, – деді аса жұмсақ 
үнмен. Үшкіл иегі сүйірленіп, бетінің қос етегіне шынашақ басындай шұқанақ үйірді. 
Кейуана мен қыстырылма аңырайып қарасты. Қанай Жанпейісұлы жаңа байқады, 
табақтағы майсөктің төр жағы жарлауыттанып омырайып қалыпты, таңдайына май табы 
тепті. Үлкен табақтағы қаяз уылдырығындай бадана сөкті аузына тоғытты.
– Мәшиненің дырылынан басқа қалада жаңалық жоқ, — деді аузындағысын талмай 
түсіп.
Қанай Жанпейісұлының әдеті сол: Астанада шулатып өтетін құрылтай, сессия, 
онкүндік, не мәнді мәслихаттан өзгені мәшиненің дырылына жатқызатын: Соның сарсаңы 
дейтін де қоятын.
– Үлкен қалада қақтығыс, соқтығыс көбейіп кетті деп жазады газеттер, – деді 
қыстырылма. 
– Жұрт абай жүрсін деп әдейі жазады. Әйтпесс, биылдыққа жалғыз соқтығыс 
көргенім жоқ. 
– Таяу Шығыстағы жанжал бейбіт жолмен шешіліпті ғой, – деді манадан 
бері бір тізесіне кітап қойып шай ішіп отырған Алтынтана.
– Ресей мен Қазақстан ғарышкерлері қосылып космосқа ұшыпты ғой – деді 
қыстырылма.
Тегінде Қанай Жанпейісұлы газет, журнал, радио сөзіне сирек сенетін. Сосынғы бір 
қасиеті – әңгімелескен кісінің пікіріне қарсы дау айтуға әуес. Ылғи қарсы шабады, ылғи 
бүйірден тебеді. Іштей өзінікі қате екенін сезеді, сонда да өзеуреп болмайды. Жүре-бара 
жұрттың дегеніне қарсы сөйлемей отыра алмас халге жетті, даукестік қанына сіңді. 
Ғарышкер ұшты дегенге әлі күнге күдікпен жүр. Өзі қатысқан ғылыми кеңес қырғын 
айтысқа айналатын. Кейінгі кезде көп мәслихатқа шақыруды «ұмытып» кетіп жүр. 
Қулар тек мәжіліс хаттамасына «қатынасты» деп аты-жөнін қыстыра қояды.
– Батырекесі, сонымен каналды қасақана құлатқан Беласар деп ойламайсың ба? – 
деп сауалды бүйірден қойды Қанай Жанпейісұлы.
– Беласар ондай зұлымдықтың адамы емес деген әкім ағай.
– Мұрсат болса демалайық ендеше... – деп Қанай Жанпейісұлы кіржің етіп кесесін 
жантайтты. Үйдің іші қапырық. Есік-терезені тарса жауып қойған. Сырттағы гулеген маса 
кірмесін дегені. Шөліркеп келіп шайды тым көп ішті, енді көйлегі денесіне жабысып, 
бусанып, жайсыз әсерде әзер шыдап отырған.
Үй бәйбішесі – кейуана дастарқан жиегінде бір тізерлеп кітапқа үңіліп отырған 
кіші қызына алара қарады. Сүрелі әңгімесіне көшелі тыңдаушы табылмағанына қитығып 
қалды. Үні іріп шықты.

– Кісіге төсек сал ендеше! 
Алтынтана тапжылмай отыра берді.
– Бұл қар бәрімізді абақтыға айдатар. Оқымысты болатындай жамаиғатты! Кітапта 
басың қалғыр!.. 
– Мен-ақ салып келейін – деп кесе сүртіп отырған Айменкүн лып етті. Үйден 
тысқа көрле-жастық тасып шығарды. Бойжеткен өз тұсынан лыпылдап өткен сайын 
Қанай Жанпейісұлы рақат ойға шомады. Қиялға ілесіп, көзіне елестетеді. Тобылғыдай 
солқылдаған сұлу қыз ендігі кезекте келіншегі боп көрінеді. «Қанай Жанпейісұлы, 
төсегіңізді салып қойдым. Қанай Жанпейісұлы, жатып дем алыңыз енді. Қанай 
Жанпейісұлы, жастығыңызды биіктетейін бе? Қанай Жанпейісұлы, көрпеңізді 
қымтайын»... Ақ білек, ақ балтыр кезек көз алдында қылаңдайды. «Оһ, жалған-ай» деп 
ойлады бұл көкең. «Менің осы күнге дейін қызық көрдім деп жүргенім құр әншейін 
масаның ызыңы екен ғой. Күллі отызымды, одан қалса қырқымды қағаз қопарып, 
құйрығыммен орындық сүртіп жүріп өткізіп алғанымды қарашы! Теледидар қарай-қарай 
мәңгүрт болып диванға қылжия кетуші едім. Ертеңгісін мыж-мыж тұрушы едім. Ала 
шапқын басталады сосын: жетекшінің соңынан жүгір!.. Академиктің алдын торы! 
Ғылыми кеңес мүшелерімен жекелеп сөйлес! Сонша боздақтап не сорым. Абырой 
болғанда аттың басын дер кезінде тартыппын. Әлі мойнын ішіне тығып, құйғытып, 
құлапәре ат басын тарта алмай жүргендер қаншама!»
Батыр екеуі сыртқа шықты. Ың-ң-ң-ыз. Маса біткен «ін-і-імм» дейтін секілді. 
Жұмсақ етіне көк инелер қадалсын кеп. Жанын шапаттаған бишідей болсын, 
сабалансын, тұтып жеп барады. Тұла денесі тұзды суға салғандай дуылдады. Жатар 
алдында аздап сейілдеп алушы еді. Ол сейілі адыра қалды. Кең ағаш сәкі үстіне 
құрылған дәке масахананың ішіне қойып кетті. Батырекесі сыртта, бұлыңғыр ай 
астында шылымын шегіп әлі тұр. Қолы қалтасында: «Үйреніп кеткенбіз», – дейді. «Бұл 
ойыншық қой, – дейді, – күріш арасындағы маса бұлтпен парапар, буып тастайды». Әлден 
уақытта ол да асықпай шешініп масахана ішіне еңбектеп енді, үстінен жер иісі шығады.
Қанай Жанпейісұлы қыз салған төсектің соншама жайлы боларын білмеп еді. 
Рахаттана көзін жұмды. Түйе жүні көпсіген көрпені иіскеді. Қыздың қол табы қалған 
секілді. 
Ол ойлады: айдалада әлдеқашан әлдеқалай құлаған қырқаяқ каналда қай 
итім қалды осы? Ал су маманымын, ал ғылым адамымын, сонда көкала масаға 
таланып, ұйыққа батып қылмыс ашуым керек пе екен. Нешеме ғұлама бас қатырып 
зиянды тамырын таба алмаған қазақшылықты енді мына менің қопаруым қалды ма. 
Қазақшылық дегенің қиын кеселмен парапар, емдеу жолы әлі табылмай келеді. Бір 
жерін емдеп жазып шығарсаң, келесі тұсынан оңбай дімкәстанып шығады. Қой ә! 
Аунап-қунап екі-үш күн жатайын. Айменкүннің тамырын басайын, сәті түсіп 
қызды көндіре алсам бір түнде алып қашайын. Астана қайдасың дейін! Түгіскен 
ауылы, хош-хош дейін!»
Батырекесі ойлаған: «Қырық гектар күріш көктеп келеді. Он бесінде у дәрі 
септірем, он тоғызында тыңайтқыш ерітем, жиырмасында Беласардың күрішін көріп 
қайтам. Былтыр әр гектардан тоқсан бір центнер алдым, алдыңғы жылы тоқсантұғын, 
биыл да тоқсанның үстінен шығарсам ауыл әкімі орденге ұсынамыз деген. Әй
 
қиынның 
қиыны! Жер азыңқы. Былтырғы жерім тоқсанды ойып беретін еді, әттең қырсыққанда 
топан судың астында қалды».

Қанай Жанпейісұлы көпке дейін дөңбекшіп көз іле алмады. Ауа қапырық. 
Масахана сырты кілкіген тозаң ба, әлде гулеген маса ма, әйтеуір күңгірт. Толып туған ай 
сәулесі тым солғын. Көше шамдары әр жерде әрең өлеусірейді. Неге екені белгісіз иттер 
күңіреніп кетті.
– Ауылға қасқыр шапқандай мұнысы несі? – деп сұраған.
 – Маса жеп барады ғой, – деді ұйқысұрап жатқан Батыр. – Тоқсан бір... айдың 
жиырма жетісі... Тоқсан үш... келесі он бірінде у дәрі... тоқсаның тым қиын...
Қанай Жанпейісұлы әуелде жанында жатқан дихан жынданып кетті ме деп 
ойлаған. Пақырдың ұйқысырағаны ма?.. Мұғдарлы күйге түсті ме?.. Өстіп жатып қалың 
ұйқыға шомды.
Таң әлетінде шәугім сылдырынан көзін ашқан. Кейуана шәугімдегі сумен 
жуынып жатты. Батыр тұрып кетіпті. Денесі езіліп, басы зырқылдап шаршап оянды. 
Нақа түні бойы күріш танабын жаяу аралап шыққандай сезінді өзін, шекесін сығымдап 
отырып әзер киінді. Масахананы түріп сәкіден түсті.
– Ерте ояндың ғой, қарағым, – деді үй иесі әйелі.
– Қонақта ұйықтай алмаушы едім.
– Күн шыға шіркей мен шыбын шығады. Бәрібір жатқызбас еді. Сырда мың 
пәле, қырда бір пәле бар деген осы. Қапырық басталмай тұрып шайымызды ішіп алайық. 
Үй артындағы жоңышқалықты жаяу кезді: ішінде жылтырап су жатыр 
екен, туфлиін шылап алды. Іштегі апалы-сіңлілі қыздар да тұрды білем, 
сыңғырлаған сұлу үндер естіле бастады. Қыздар сәкідегі масахана мен төсекті 
жиып үйге тасыды, шай қайнатты. Жетім бұзауды жетектеп жоңышқалыққа 
арқандап, зыр жүгіреді.
Бұзауды арқандап болып үйге бұрыла берген Айменкүннің алдын орағытты.
– Айменкүн, – деді. Қыз өз атын еркек аузынан естігенге біртүрлі қысылып қалды. 
– Оқығың келе ме?
– Білмеймін.
– Білмегені қалай? Оқығың келсе Астанаға алып кетер едім, қалаған оқуыңа түсірер 
едім. Өзім бас-көз болып жүрер едім.
– Апам жібермейді ғой.
Өз ықырарың болса болғаны. Ол кісіні көндіреміз. Сендей сұлу қыздың шаң мен 
маса арасында жүргені жарамайды. Бұл не — өмір ме тәйірі?! Қорлық пен азап қой! Анда 
– салқын сая, гүлзар бағы, әуіздер... мұнда – маса, топырақ, шыбын, шіркей...
– Апам жіберсе барар едім, бір көріп қайтқанның өзі неге тұрады!
Қыздың ұзын кірпіктері қайқаң етіп жоғары көтерілді. Түнде мөлдір қара секілді 
еді, енді байқады – түпсіз терең сұрғылт екен. Жақұт тасындай сұрғылт жанарда арман 
көкжиегіне талпынған – наз, еркелік, құштарлық суретін сезді. Көз қарашығынан 
сөмпиіп тұрған өз суретін көрді.
Қанай Женпейісұлының жүрегін сұлулық қытықтап өтті. Айменкүннің қолынан 
ұстап еді, саусағы алақанында үгітіліп барады, сүйіп алуға оқталды. Шәугім сылдыры 
естілді. Қыз сытылып кетті.. Бұл: «Қыз шешесі күні бойы дәрет ала ма?» – деп кейіс 
білдірді іштей күңіреніп.
Қою шайды Қанай Жанпейісұлы, кейуана, Айменкүн үшеуі сораптады. Батыр күн 
шықпай күріштігіне жөнеліпті. Алтынтана мектепке кеткен. 
– Сонымен Беласарың өзбек жеңгесін жарты жыл өтпей үйіне кіргізіп алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет