«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48

Аннотация:В настоящее время развитие познавательных, коммуникативных навыков учащегося в преподавании 
иностранному языку через разговорную речь являетсяоднимизактуальных проблем. Разговорная деятельность тесно 
связаносговорением, устная (слушание, говорение) речь в коммуникативном процессетесно связано с образованием 
и развитиемкоммуникативного навыка. 
Также, сформироватьконкурентоспособную творческую личность,приобретавшуювысокоекультурноеотношение 
в  любой  ситуации,  уделивший  особое  внимание  к  инновационным  проблемампреподавания  иностранному  языку 
применяяновые  педагогическиетехнологии  с  помощьюинновационныхподходов,  являетсяодним  из  актуальных 
проблем. 
В формировании  коммуникативной  когнитивнойкомпетенции через  говорение  и слушаниев  процессе  препода-
вания  иностранному  языку  требуетэффективно  применять  этику  говорения  и  дает  возможность  ознакомиться  с 
культурными  ценностямистраны,истории,  географии,  литературы,  науки  и  искусства.  В  статье  рассматриваются 
проблема развития  коммуникативной  когнитивной компетенции  на  уроках  иностранного языка, виды  коммуника-
тивного урокаи пути использования их на уроках.  
В настоящее время, будучи конкурентоспособнойстраной с другими развитыми странами и говоря с ними на том 
языке, которыеони говорят, - является доказательствомпотребностиподготовки конкурентоспособных специалистов. 
Ключевые слова: коммуникативная компетенция, когнитивная компетенция, культурные ценности,когнитивная 
лингвистика, этика говорения, грамматическая структура, лингвистические единицы, фразовая единица, говорение, 
педагогическаятехнология 
Annotation:  At  presentthe  developmentofcognitive,  communicativeskillsofpupils  in  teachingforeign  language  through 
speakingisone  ofthe  actual  problems.  Speaking  activityis  closelyconnectedwithreading  activity,  oral  (listening,  speaking) 
speech in communicative process is closely connected with the formation and developmentofcommunicative skill.  
Also, toformcompetitive creative educatedpersonalitythat have acquired high culturalrelation in any situationhaving paid 
special attention to the innovative problems ofteaching foreign language, havingincludednew teaching technologies with the 
help ofinnovative approaches. 
In  forming  communicative  cognitive  competencies  ofpupils  through  speaking  and  listening  in  the  process  ofteaching 
foreign  language  requires to  use effectively  speaking ethics  and  gives possibility to acquaint  with  the cultural  values ofthe 
country,  its  history,  geography,  literature,  science  and  art.  The  problem  of  development  ofcommunicative  cognitive 
competence at the lessons offoreign language, types of communicative  lesson  have been  given andthe  ways ofusage at the 
lesson are thoroughly considered in the article. At present having been the competitivecountry with other developed countries 
and speaking with them at that languagethat they speak is the proof ofnecessity ofpreparing competitive specialists.  
Key  words:  communicative  competence,  cognitive  competence,  cultural  values,  cognitive  linguistics,  speaking  ethics, 
grammatical structure, linguistic units, phrasal unit, speaking activities, teaching technology. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК:ОӘЖ 372.851 
 
ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ САТЫЛАРЫ МЕН  
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
З.Б. Қабылбекова, Ә.Ә. Жолдасбеков, Ш.Е. Рсмаханбетова, Г.Накыпбек –  
Қазақ инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, 
М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстанмемлекеттік университет, 

Шымкент қ., Қазақстан 
 
Аннотация 
Өзін-өзі тәрбиелеу  -  жеке тұлғаныңөз  кемістіктерін  жою  мақсатында жасайтын саналы, жүйелі іс-әрекеті  және 
даралығынн қарастыратын, әлеуметтік талаптарға жауапкершілігін дамытатын жағымды қасиеттерін қалыптастыру 
үрдісі.Өзін-өзі тәрбиелеу жеке феномен ретінде философия, педагогика, психология және физиология салаларының 
ғалымдарымен зерттеліп келеді. 
Өзін-өзі  тәрбиелеу,  тәрбие  сияқты  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  қоғамдық  міндетті  атқарады.  Өзін-өзі 
тәрбиелеу -  жеке тұлғаның өнегеліқасиеттерінің қалыптасуының мақсаттылығы, ерікті, сапалы үдерісі. Сондықтан 
өзін-өзі  тәрбиелеуді  жеке  тұлғаның  қоғамдық  талаптағы  және  жеке  даму  бағдарламасына  жауап  беретін,  қасиет-
терінің қалыптасуына бағытталған саналы, өзімен жасалатын жоспарланған жұмыс ретінде сипаттауға болады.Өзін-
өзі  тәрбиелеудегі  қажеттілік  сыртқы  жағдайлармен  және  тәрбиелеумен  ұштасқан.  Ол  дамып  келе  жатқан  жеке 
тұлғаның  табиғи  қажеттілігі  ретінде  пайда  болады  және  өздігінен  прогрессивті  дамуға  әсерін  тигізеді.Өзін-өзі 
тәрбиелеу  динамикалық  үрдіс.  Ғалымдардың  зерттеулерібойынша  жасөспірімнің  дамуымен  өзін-өзі  тәрбиелеудің 
мақсаты  мен  тәсілдері  өзгереді.  Мақсаттары  шындыққа  сәйкес  және  жеке  басының  негізгі  өмірлік  бағытымен 
байланысты болады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері де қалыптасады. 
Бұл  мақалада  өзін-өзі  тану  және  өзін-өзі  білім  үдерісінің  психологиялық-педагогикалық  аспектілері  қарасты-
рылған. Атап айтқанда, өзін-өзі тәрбиелеудіңбазалық деңгейлері, түрлері мен құрылымдық элементтері көрсетілген. 
Түйін  сөздер:  өзін-өзі  тәрбиелеу,  тұлға,  индивид,  тұлғаның  өзіндік  белсену  мақсаты,  тұлғаны  қалыптастыру, 
жеткіншек кезеңі, тәрбие үдерісі. 
 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  тұлға  дамуының  заңды  құбылысы.  Өзін-өзі  қоғамды  құрылымға 
байланысты  түрлі  бағыт,  индивидтік  қалыптасуында  үлес  салмағы  және  пайдалы  әрекеттік 
коэффициенті  бар.  Адам  қоғам  мүшесі  болғандықтан,  оның  тәрбиесіне  және  өзін-өзі 
тәрбиелеуіне көп факторлармен қоса, өмір жағдай-лары да әсер етеді. 
Зерттеушілердің  айтуы  бойынша  өзін-өзі  тәрбиелеу  күрделі  үрдіс.  Бірақ  реалды  үрдіс  және 
бұл құбы-лысты зерттеу кезінде, оның өтуінің объективті заңдылықтарын біліп, оларды қолдану 
қажет. 
Бірқатар  зерттеулер  бойынша  (А.Я.Арет,  А.А.Бодалев,  А.Г.Ковалев,  И.А.Кочетов, 
Ю.А.Самарин,  Ж.И.Намазбаева)  өзін-өзі  белсенді  түрде  тәрбиелеу  қажеттілігі  тұлғаның 
жеткіншек  жас  кезеңінде  көрініс  береді.  Аталған  ғалымдардың  зерттеулері  бойынша  көп 
жағдайларда  оқушылардың  «өзін-өзі  тәрбиелеу  кажеттілігі»  ұғымы  5-6  сыныптарда  пайда 
болады. Бұл пубертатты немесе өтпелі кезең болып табылады. 
Жеткіншектік  кезеңде  белсенді  өзіндік  тәрбие  үдерісі  басталып,  адамның  кейінгі  бүкіл 
өмірінде түрлі формада жалғасатынын айтып өту керек. 12-13 жасқа жеткен кезде балалар алғаш 
рет  интеллектуалды  және  дербес  өзін-өзі  жетілдіру  мүмкіндіктері  жайында  ойланып,  осы 
мақсатқа қол жеткізу үшін саналы, мақсатты түрде әрекеттер жасай бастайды. 
Өзіндік  тәрбие  нақтылы  даму  жолынан  өтеді.  Егер  оның  негізгі  жастық  сатыларын  қамту 
мүмкіндігі болса, онда оның жас ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасуының тұтастай жолын 
төмендегідей сатылап зерделеуге болатыны анық.  
Бірінші саты – физиологиялық және ерікті өзіндік тәрбиелеу, жасөспірімдік шақ. Бұл жастағы 
негізгі мақсат – жеткіншекті ерікті және физикалық жетілдіру, ал міндет – арнайы құралдар мен 
жаттығуларды  қолдану  арқылы  ерлік,  шыдамдылық,  төзімділік,  батылдық  және  т.б.  тұлғаның 
ерікті  қасиеттерін  жақсар-ту  болып  табылады.  Бұл  физикалық  дамуға  да  қатысты,  себебі  осы 
шақта көптеген балалар дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдана бастайды.  
Екінші саты – өзін-өзін рухани жетілдіру. Бұл кезеңдегі өзіндік тәрбиенің мақсаты – рухани, 
моральды  даму,  адамгершілік,  мейірімділік,  қамқорлық,  достыққа  адалдық,  сүйікті  адамына 
адалдық,  қиын  кезде  қол  ұшын  беру  және  басқа  да  тұлғалық  қасиеттер  мен  құндылықтардың 
қалыптасуы.  
Үшінші саты – кәсіби өзіндік тәрбие.Өмірдің бұл кезеңін іскерлік өзін-өзі жетілдіру уақыты 
ретінде қарастыруға болады. Бұл кезеңде таңдап алынған мамандық бойынша табысты жұмыс 
істеу  үшін  маңыз-ды  қабілеттер,  білім-біліктерді  қосқанда  адамға  қажетті  кәсіби  қасиеттердің 
бүтіндей кешені дамиды. 
Төртінші  саты  -  әлеуметтік-дүниетанымдық  өзіндік  тәрбие.  Бұл  кезеңде  өзін-өзі  жетілдіру 
міндеті  әлеуметтік  ұстанымды,  дүниетанымды,  өмірге  нақтылы  көзқарасты  қалыптастыру 

болады.  
Кейде адамның өзіндік белсендіру мақсатын жүзеге асыруға сәйкес келетін бесінші саты да 
кездеседі. Гуманистік психологияда бұл саты дербес дамудың жоғарғы сатысы деп белгіленеді. 
Адамның  өзіндік  тәрбиесін  дамытуда  жоғарыда  айтылып  өткен  бес  сатының  екеуі 
жасөспірімдік  және  ерте  бозбалалық  шақтарға  тура  келеді.  Бұл  жылдары  дербес  өзін-өзі 
жетілдірумен айналысудың нәтиже-лілігі адамның тұлға ретіндегі мінезін анықтайды. 
Ересек  адамның  жасөспірімді  өзіндік  тәрбиелеуге  қызығушылықпен,  белсенді  атсалысуы 
оған әдетте өз күштеріне сенуге, аталмыш жасқа тән дағдарысты құбылыстар мен кемшіліктерді 
жеңуге жәрдем-деседі.  
Жеткіншектер мен бозбалалардың өзіндік тәрбиесінде ересек адам үлгісі үлкен рөл атқарады. 
Бұл жастағы балалар көбіне ересектерге еліктеп, өздерінен жасы үлкен адамдардан байқайтын 
дербес қасиет-терді бойларына сіңіруге тырысады.  
Жеткіншектердің өзіндік тәрбиеге қабілетін анықтау үшін келесі деректерді ескеру қажет: 
1. Өзіне деген көзқарасын төменгі көрсеткіштер арқылы анықтау: 
а)  оң  көрсеткіштер:  талап,  өзінің  күштері  мен  мүмкіндіктерін  объективті  бағалау,  өзін-өзі 
сынау, кемшіліктеріне сын көзбен қарау т.б.; 
б) кері көрсеткіштер: өзін-өзі асыра мақтау, өзін сынамау, өзін тыныш-тандыру, кемшіліктері 
мен қателіктерін ақтап алу, мақтансүйгіштік, өзгелерге жоғары талаптар қою. 
2. Өзін жоғары санауға бағытталу: көшбасшысы болуға, ұжымда жоғары орынға ие болуға, 
ересектер  алдында  ұтымды  көрінуге,  басқаларды  ұрыстыруға  ұмтылу,  принципсіздік, 
мансапкершілік, қате ұста-нымдарға ұмтылу. 
3.  Тұрақты  түрде  көрінетін  және  өзін-өзі  тәрбиелеуде  қолданылатын  жеке  тұлғалық 
қасиеттер. 
4. Қоғам талаптарына сай оң қасиеттер, дағдылар мен мұқтаждықтар. 
5. Өзіндік тәрбиеге кедергі келтіретін және қажетті бағытта түзетілуге тиістеріс қасиеттер. 
Жеткіншек өзімен жұмыс істеу тәсілдері арқылы: 
- біріншіден, өзінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді, әлсіз жақтарын жоюға ұмтылады; 
-  екіншіден,  оған  күшті  епті,  дербес  саналуға  құкық  беретін  жеке  адамның  жағымды 
қасиеттерін қалыптастыруға ұмтылады [1]. 
Зерттеулер нәтижелері  жас өспірімдер ең басты ерік кемшіліктерін  жоюға және ерігі күшті 
адам сапаларын: батылдык, ерлік, төзімділік, табандылықты өзінің тұлғалық қасиеттері ретінде 
тәрбиелеуге ұмтылатындығын көрсетеді. 
Өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жеткіншектержинақырақ жүйелі оқуға және еңбекке қабілетті 
болады.  Бірақ  бұл  жаста  өзін-өзі  тәрбиелеу  дұрыс  емес  жолмен  кетуі  мүмкін.  Сондықтан  бұл 
жаста өзін-өзі тәрбиелеуде және ата-ана тарапынан басшылық ерекше маңызды. 
Өзін-өзі  бағалау  жеткіншектерде  әсіресе  қарқынды  дамиды,  себебі  бұл  уақытта  олардың 
басқа  адам-дармен  қарым-қатынасы  күрделенеді,  жаңа  идеалдары  мен  жаңа  қажеттіліктер 
деңгейі пайда болады. 
Бұл  уақытта  өзін-өзі  бағалау,  өзіндік  реттеу  функциясы  елеулі  орына  алады  (Е.И.Савонько, 
Н.В.Кузь-мина, ЕА.Шумилин және т.б.). 
К.А.Абульханова-Славская  өзін-өзі  жетілдіру  негізінде  қалыптасқан  тұлғалардың  бірнеше 
типін көрсеткен: 
1. Өзін-өзі әлеуметтік процестеріндегі түрткі және себеп тұрғысынан бағалайтын тип. Мұндай 
тұлға  өзінің  өмір  интегралды  өмірлік  процестеріне  негізделіпқұралған,  тартылу  спекторын 
белгілейтін  қоғам-дық  процестерге  қатысу  формаларын  анықтай  алады.  Мұндай  тұлға 
белсенділігі ұлғаю сипатында бола-ды. 
2.  Субъективизмге  бет  бұрып  тұратын  тұлға  типі,  даңғайлық  тенденцияға  ие.  Ол 
сәтсіздіктерден  абстракциялану  шеберлігімен  емес,  өзін-өзі  адекватты  бағалай  алмайтынымен 
көзге түседі. Бұндай тұлға белсенділігі тұғырықтану тенденцияда. 
3.  Субъективизмге  өзін-өзі  бірдей  бағалай  алмауға  бет  бүрып  тұратын  тұлға.  Олар 
сәтсіздіктерге басым назарын аудару тенденциясына ие. 
4. Инфантильді, психологиялық даярсыз тұлға типі. 

К.А.Абульханова-Славская  тұлға  белсенділігін  оның  қашықтығынан  көрінуінен,  қоғамдық 
қажетті  іс-әрекеттерімен  қатынасынан  тыс  түсінугеболмайды  деген  тұжырымға  келеді  [1]. 
А.В.Захарова  ойынша  өзін-өзі  бағалау  өзіндік  реттеу  жүйесінің  қалыптастырғыш  факторы 
болып табылады. 
 
В.С. Мерлинмынадай 4 кезеңді бөліп көрсетті: 
1. «Ұқсастықты саналы сезіну» (өмірдің бірінші жылы) нәрестеніңөз денесінен пайда болатын 
сезімдер мен басқа заттардан пайда болатын сезімдерді айыра бастаған кезі. 
2.  «Мен  сезімі»  (2-3-  жаста  пайда  болады).  Өзін-өзі  іс-әрекет  субъектісі  ретінде  сезіну. 
Баланың жіктеу есімдіктерін игере бастаған кезі. 
3. Өзінің психикалық қасиеттерін өзін-өзі бақылау нәтижесінде абстрактылы ойлау арқасында 
сезінуі. 
4.  Әлеуметтікөзін-өзібағалау.  Бозбалықжастақарым-қатынас,  іс-әрекет  ену  нәтижесінде 
жиналған тәжірибе негізінде пайда болады. 
Л.И.Божович, Г.А. Собиевалар адамның өзін-өзі бағалауықоршаған ортаның пікірін анықтап, 
көбінесе өзгелер бағалап отыратын тұлға қасиеттерін сезінуінен басталады деп көрсеткен. Өзінің 
психикалық  қасиеттерін  сезіну  қарым-қатынас  жасаудың  белгілі  дәрежесін  қажет  етеді. 
Сондықтан мектептан кіші сынып оқушыларының өзін-өзі бейнелеуі тек өздерінің іс-әрекеттерін 
бейнелеуімен  шектеледі.  Тұлғаның  өзіндік  қасиеттерін  сезінуде  оның  жалпы  бағдары  мен 
дүниеге  көзқарасы  үлкен  роль  атқарады.  Л.И.Божович  бұл  ықпалды  мектептіңжоғарғы  буын 
оқушыларына  байланысты  мұқият  қарастырған  [2].  Адамның  өзінің  психикалық  қасиеттерін 
сезінуі өзгетұлғаларды қабылдауына үлкен әсер етеді. 
Жеткіншек жасының соңына қарай өзін-өзі бағалау дербестігі мен адекваттығы арта түседі. 
Балалардың  өзін-өзі  бағалауға  талпынысының  деңгейі  күшейеді,  осы  жасқа  тән  қасиет,  және 
«өзін-өзі  бағалаудың  тиімді  даму»  кезеңі  деп  атаса  болады  (Л.И.Божович).  Өзін-өзі  бағалау 
жеткіншекжас  кезеңі-нің  соңында  тұрақты  болып  дамудың  маңызды  факторы  болады.  Ол 
идеалдарды  «бала  мен  қоршаған  ортаның  жаңа  қарым-қатынасында  жасөспірім  дербес  дамуға 
қол жеткізуімен» анықталады. 
Өзін-өзі  бағалаудың  боз  балалық  мезгілдегі  қалыптасуын,  олардың  өз  тұлғасының 
ерекшеліктерін  ұғынуын  В.К.Горбачевский,  И.С.Кон,  В.Ф.Сафин,  А.Л.  Ширман  еңбектерінде 
зерттелген.Бұл  мерзімде  өзі  жайлы  жалпылама  ұғым  қалыптасады.  Өзінің  «Мені»  және  жеке 
тұлғасы  жайлы  түсінік  қалыптасады.  Бұдан  кейінгі  студенттік  мерзімдегі  өзін-өзі  бағалауды 
зерттеулер  анағұрлым  аз  (А.А.Бодалев,  Мейлин  және  т.б.).  Тек  Ананьев  және  И.С.Конмектебі 
ғана  бұдан  тыс  жатыр.  Бірақ,  олар  осы  мерзімдегі  психо-физиологиялық  ерекшеліктерді 
зерттеумен  шектелген.  И.С.Кон  бұл  мерзімді  ерекше  сипаттайды.Адам  өміріндегі  18-23-25 
жастарды  ол  бозбалалықтың  соңы  -  жетілудің  басы  дейді.  Бұл  уақытта  ағза  толық  дамып-
жетіледі  деп  санап,  осы  кезеңді  биологиялық  әлеуметтік  және  психологиялық  аспектілерде 
зерттеу қажет ететіндігіне ерекше көңіл аударған [3].  
Аталған  зерттеулердің  нәтижесінде  жеке  тұлғаның  құрылымын  зерттеуде  мынадай 
бағыттарды айқын-дауға болады: 
- интеллект деңгейін, эмоционалды қалыпты, тұлға қасиеттерін өзіндік бағалау, анықтау; 
- сыртқы пішін бейнесі (А.А.Бодалев, Р.А.Мейлин); 
- өзіндік реттеу (Чеснокова И.И. және т.б.); 
- өзі-өзін тәрбиелеу (Осипов П.Н. т.б.; 
-өзіндік сана-сезім формасы ретіндегі өзін-өзі бағалау (Божович Л.И. Кон И.С., Рубинштейн 
С.А., Смеркин С.Л., Столин В.В. және т.б.); 
-онтогенездегі өзін-өзі бағалау динамикасы (Божович И.Л., Савонько Е.И. т.б.); 

оқубарысындағыөзін-өзібағалаудыңфункциялары 
(ЛипкинаИ.А.,Захарова 
А.В., 
БеруфонЛ.Ф., Кузь-мина П.В., Рыбин А.Р.) 
Адам  саналы  жан  ретінде,  үнемі  өзінің  іс-әрекетін  мотивтендіріп  отырады,  яғни  өзіне  және 
басқалараға белгілі себептерге байланысты қандайда бір әрекеттеріне есеп беріп отырады. 
Мотив  -  бұл  сапалы  талап.  Адамды  іс-әрекетке  әсер  ету  күштері  сияқты,  ішкі  де  күштерді 

талаптан-дыруы мүмкін. Сыртқы талаптарға экономикалык, саяси, өмір жағдайлары, әлеуметтік 
идеологиялық және моралдық талаптары, жеке адамға қойылатын ұжымның талаптары жатады. 
В.С.Мерлиннің айтуын-ша, егер, сыртқы талаптан жеке адамның қызығушылықтарымен сәйкес 
келсе, онда олар қажетті және қалаулы болады, адамның белсенділігіне түрткі болады. Егер де 
бұл талаптарды жеке адам қабылдамаса, олардың қылықтарына ықпал етпейді [4]. 
Ішкі  талаптарға  материалдық  және  рухани  қажеттіліктерді  қызығушылықтарды,  адам 
сенімдерін  көрсететін  түрлі  әлеуметтік  мақсаттар  тағы  басқалар  жатады.  Сонымен  өзін-өзі 
тәрбиелеу тек жеке адам-ның ғана емес, қоғамдық мәнді іс-әрекет. Сондықтан бұл іс-әрекеттің 
мотивтері  қоғамдық  әрі  жеке  талаптарға  сәйкес  болуы  мүмкін.  А.Я.Арет,  А.Г.Ковалев, 
Л.С.Сапожникова  және  өзге  ғалымдардың  зерттеулері  бойынша  оқушы  баланың  өзін-өзі 
тәрбиелеуінің негізгі мотивтері келесілер болады: 
1.
 
Әлеуметтік моральдық талаптар. 
2.
 
Ұжымның сыйлауы мен әлеуметтік орынға ие болуға талаптану. 
3.
 
Жарыс (бәсекелесу). 
4.
 
Сын және өзін-өзі сынау. 
5.
 
Үлгі. 
6. Материалдык кызығушылық [5]. 
Адамның  өнегелі  -  психологиялық  касиеттерінің  дұрыс  деңгейде  қалыптсуы-тәрбиелеуге 
және  өзін-өзі  тәрбиелеуге  байланысты  болып  келеді.  Өнегелі  қасиеттер  біртіндеп  қалыптасып 
жетіледі,  яғни  өнегелік  өзін-өзі  жетілдіру  бойынша  жұмыс,  өнегелік  талаптарды  түсіну 
тереңдігіне байланысты өмір бойы созылуы да мүмкін [6]. 
Қорыта келгенде, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша зерттеулерді талдау 
нәтиже-лері оның келесі нақты логикалық кұрылымын анықтауға мүмкіндік беріп отыр: 
1.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  мақсаты:  олар  қоғамдық  мақсаттармен  реттеле  отырып,  саяси, 
өнегелік, кәсі-би-еңбектік, эстетикалық және т.б. бағыттарды қамтиды. 
2.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеудің  мазмұны  мен  мәселелері.  Олар  өзін-өзі  тәрбиелеу  мақсатына 
жеткізетін  мінез-құлықты  және  іс-әрекетті  түсінеді.  Ол  көбінесе  жеке  адамның  психикалық 
қасиеттеріне,  оның  интеллектуалдық,  эмоционалдық  және  тәжірибелік,  еріктік  сферасына 
байланысты. 
3.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  кұралдары.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  кұралдары  дегеніміз,  адам  өзіне  әсер 
етудің  түрлі  тәсілдерімен  қарулануы.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  ең  негізгі  құралы,  адамның 
тәжірибелік  іс-әрекетінің  мазмұны  болып  табылады.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  құралдары  ретінде 
көптеген  заттар  мен  құбылыстар  болуы  мүмкін.  Сондықтан  барлық  құралдарды  негізгі  және 
қосымшаға бөліп алған абзал. 
4.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  нәтижесі.  Жеке  тұлға  бойында  өзін-өзі  тәрбиелеу  ықпалдарының 
нәтижесінен болатын өзгерістер. 
 
1.  Абульханова-Славская  К.А.  Іс-әрекетте  тұлғаның  дамуы.  Психология.  Адамзат  ақыл-ойының  қазынасы.  -10 
томдық. –Т.2. – Алматы, 2005. 
2. Божович Л.И. Проблемы формирования личности.- М., Воронеж, 1995. 
3. Кон И.С. Психология юношеского возраста. М., Просвещение, 1979г. 
4. Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека.-Пермь, 1971. 
5.  Сапожникова  Л.С.  Самооценка  и  притязания  подростка./  Психологические  особенности  самопознания 
подростка. Под ред. М.И. Боришевского. - Киев, 1990. 
6. Липкина А.И. Психология самооценки школьника. - М., 2004. 
Резюме 
В данной статье рассматриваются психолого-педагогические аспекты процесса самопознания и самовоспитанияв 
подростковом возрасте. В частности, определены основные ступени, типы и структурные элементы самовоспитания 
школьников. 
Ключевые  слова:  самовоспитание,  личность,индивид,  цель  самоактивизации  личности,  формирование  лич-
ности, подростковый возраст, процесс воспитания. 
Summary 
This  article explores the psychological and pedagogical aspects of the process of self-knowledge and self-education. In 
particular, the basic level, types and structural elements of self schoolchildren. 

Keywords: itself to bring up,individual, formed, teenager, a process is education 
 
УДК 373.1013.54  
XXI ҒАСЫРДА МЕКТЕПТЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН  
ТӘРБИЕ БЕРУ МОДЕЛІ 
Б.К. Капанова – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
Андатпа 
Мақалада  экологиялық  білімді  жетілдіру,  қайтадандаярлықтан  өтуқарастырылған.  Магистратура,  докторантура 
арқылы жас жеткіншектерге экологиялық ХХІ ғасырдың білім мен тәрбие берудің моделі айтылған. Сонымен қатар 
жас  жеткіншектерге  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беруде  ұлттық  кадр  саясатының  дұрыс  жүргізілетіндігі  сөз 
болады. Экологиялық таза өнім шығаруда табиғи, әлеуметтік, ақпараттық орталарға әсері талданылады.  
Ғылыми зерттеулер, бағдарламалар, компьютерлік технологиялар, дәстүрлі емес ойындар арқылы экологиялық 
білім мен тәрбие саласында парасатты меншік қорына біріктіру моделін жасауға мүмкіншілігі айтылған.  
Осы  моделдер  арқылы  халықтың  тұрақты  дамуына  биосфера  мен  әлемнің  бірлестілігінің  берік  болуына 
негізделген.  
Тірек сөздер: модель, ХХІ ғасырдың экологиялық білім мен тәрбие моделі, биосфера, компьютерлік оқулықтар. 
Бұл  модельде  мектепке  дейінгі,  мектептен  тыс  орта  және  жоғары  мектеп,жоғары  оқу 
орындарын 
бітіргеннен 
кейін 
білімдерінжетілдіру( 
магистратура,аспирантура,докторантура)үрдісі  жан-жақты  модель  ретінде  берілген.Бұл  оқу 
моделінде  экологиялық  білімді  жетілдіру  және  қайтадан  даярлықтан  өту  үрдісі 
қарастырылған.Бұл оқу моделі бірін-бірі үнемі толықтырып отырады.Магистратура,аспирантура 
мен  докторантура  арқылы  жас  жеткіншектерге  арнаулы  түрде  экологиялық  білім  мен  тәрбие 
беріледі.Бұл  XXI  ғасырдың  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  моделі.Осыған  орай  жаңа 
экологиялық білім мен тәрбие беру ісі іске асырылады.Экология саласына кәсіби білім –жоғары 
білімі бар мамандар әзірлеуге де көңіл бөлінеді. [1] 
XXIғасырдың  типтік  оқу  модельдерін  жасағанда,тақырыптар  оқитындар  контигентінің 
мүмкіндігіне  қарай  талданып  алынады.Барлық  типтік  оқу  үрдісінің  моделі  мұғалімдердің 
талдауынан  өтіп,ақпараттық  баспа  беттерінде  жарияланады.Экологиялық  білім  берудің 
әдістемелік  бірлестігінде  бекітіледі.  Бұл  модельдің  мақсаты  -әрбір  адамзат  баласына 
экологиялық  әрекет туралы түсінік беру көзделеді.Бұл моделді  жасау  және оны қалыптастыру 
арқылы әр түрлі мекемелер  мен ұйымдарда экологиялық қызметпен  шұғылданатын  адамдарға 
қойылатын  талаптар  айқындалады.Бұл  моделді  кәсіби-эколог  кадр-лардың  іс-әрекеттерімен 
байланыстыра 
отырып 
жүргізу 
үрдістері 
көзделінеді. 
Кәсіби 
эколог-мамандар 
кәсібиэкологтардың  даярлау  модельдері  қадагаланып  отырады.  Кадр  туралы  деректерді  іздеу, 
жинау  және  жүйелеу,  кадрларды  іріктеу,  даярлау,  бітімдерін  жетілдіру,  қайта  даярлау, 
резервтерге  ұстау,  жоғарылатылған.  Сонымен  қатар  ардагерлердің  экологиялық  қызметінің 
тәжірибесін пайдалану модель-дері. 
Бұл модельдерді жүзеге асыру экология саласындағы ұлттық кадр саясатын дұрыс жүргізуге 
көмек-тесетіні  сөзсіз.Бұл  моделде  оқылатын  қызметкерлердің  экологиялық  саясатты  жүзеге 
асыруға  қабілет-тілігіне  назар  аударылады.  Жоғары  оқу  орындарын  бітіргеннен  кейінгі 
экологиялық  білімін  жетілдіруге  көмектесе  түседі.  Бұл  модель  бойынша  елдің  қауіпсіздігін 
сақтау  және  тұрақты  дамуды  жүзеге  асыру  мақсатында,ең  алдымен,  бүгінгі  және  болашақ 
ұрпақтың  экологиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік  мүддесін  сақтау  және  үйлестіру 
мақсатында заң шығару және нормалау істерінің экологиялық аспектісіне көп көңіл аударылады. 
Бұл  модель  Мемлекеттік  емес  ұйымдар  іс-әрекетін  және  экологиялық  моделдерін 
жетілдіруге,экологиялық қауіпсіздік,мемлекеттік емес ұйымдардың көзқарасы мен іс-әрекетінің 
бірлігін  тудыруға,тәуелсіз  қазақ  мемлекетінің  ұлттық  саясатын  қалыптастыруға  және  жүзеге 
асыруға  бағытта-лады.  Бұл  жасалынған  моделде  стратегиялық  жоспарлау;адамзат  баласының 
денсаулықтарын  сақтау;  білім,  ғылым,  индустрия,  атом  электр  станцияларын  салу,энергетика, 
сауда, мәдениет, ауыл шаруашы-лығы саласы.Олар толығымен экологияландырылады.[2] 
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  моделі  толығымен  іс  жүзіне  асырылып 
отырады.Бұлмоделде әр түрлі экологиялық аймақтарда тұратын құрылымы ескеалынады.Қазақ 
жерін  мекендейтін  бөтен  ұлт  өкілдерінің  физиологиялық  ерекшеліктері  ескеріледі.  Олардың 

биологиялық-физиологиялық ерекшелік-теріне сәйкес экологиялық білім беріледі.Бұл модел әр 
түрлі ұлт өкілдерінің экологиялық бағыттағы салт-дәстүрлері еске алынды.Бұл оқу және тәрбие 
беру  моделін  жүзеге  асыру  үшін  әр  түрлі  ұлт  адамдарында  саясаттан  тыс  экологиялық  мінез-
құлық  қалыптасуына  “Биосфера-біздің  ортақ  үйіміз-мекеніміз”  деген  пікірге  келіп  бастарын 
қосуға, жалпы халықтық экологиялық стереотиптер орнатуына көмектеседі. Бұқаралық ақпарат 
құралдары  (баспа,  полиграфия,  радио,  телевидение,  түрлі-түсті  бейнелер  көрсету  аппараттары 
және  т.б)  құралдарына  кәсіби  жағынан  шебер  орындалған  киносюжетттер,жарнама,қызықты 
көрсетілімдер, т.б тудыруға әкелуі тиіс.[3] 
XXI  ғасырда  жарнамалардыңбір  бөлігі  экологиялылық  материалдарғақаратылатыны 
сөзсіз.Онсыз  адамзат  баласының  қоғамында  ешқандай  прогресс  болмайды.Экологиялық  таза 
өнімдер шығарылады . Олардыңғылыми моделдері жасалынады. Бұл моделдер шағын және орта 
бизнесті 
дамытуға 
арнала-ды.Олардың 
арнайы 
бөлімдеріне 
мекеме 
қызметінің 
табиғи,әлеуметтік, ақпараттық және басқа орталарға тигізетін экологиялық әсері талданылады. 
Бұл  модел  экология  ғылымдары  саласында  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  қызметін 
нормалық-құқықтық  жағынан  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  бірыңғай  концепциядан 
(тұжырымдардан)  тұратын  қағидалар  басшылыққа  алынады.  Олардың  әлеуметтік-эконо-
микалық  тиімділігі,  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  және  экология  ғылымдарының 
саласындағы  басқа  нормалық-құқықтық  комплекстермен  өзара  байланысы  көрсетіледі. 
Диссертацияның  контексте  келтіріл-ген  моделдерде,экологиялық  білім  мен  тәрбие  беретін  оқу 
орындары мен бөлімшелерінің торабын құру және дамыту толығымен талдау жасалынуы керек 
.Экологиялық  біліммен  моделдерінкешенді  жүзеге  асыру  бағытында  болуы  тиіс.Қазақстан 
Республикасының  экологиялық  қауіпсіздік  проблемасын  шешу  өте  маңызды  проблемалардың 
бірі. Бұл проблеманы шешу үшін Қазақстан Республикасының Білім жәнеғылым министрлігінің 
қолынан  келмейді.  Сондай-ақ  ,табиғи  ресурстар  және  экология  министрлігі  қатынасқан 
жағдайда  ғана  шеше  алады.Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  жөніндегі  проблемаларды 
үйлестіру  үшін  мемлекеттік  емес  ,халықаралық  ,мемлекеттік,жеке  ұйымдардың  ,банктердің, 
құрылымдар-дың  және  т.б  қатынасы  мен  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  қамқорлық 
кеңесінің  моделі  дайын-далуы  қажет.Қамқорлық  кеңесенің  негізгі  міндеті  –  экологиялықбілім 
мен  тәрбие  беру  моделінің  жүйесін  қалыптастыру,  қаржыландыру  және  ұйымдастыру 
проблемаларын,  білім  беретін  экологиялық  мекеме-лерді  тіркеу,  ұстаздардың,  әдіскерлердің, 
ұйымдастырушылардың,сонымен қатар экологиялық білім беретін басқа да мамандардың және 
т.б  біліктілігін  дайындау,  қайта  дайындау,  арттыруды  қоса  есептеп  ,экологиялық  білім  беру 
моделін  басқару.  Модел  экологиялық  білім  берудің  ұлттық  стандарттарын  жасау 
жәнеқамтамасыз  ету,  сонымен  қатар  экологиялық  білім  беру  саласындағы  парасатты  өнім 
берушілердің авторлық құқын тіркеу және қорғау мақсатында экологиялық білім беру саласында 
мамандықдың  ұлттық  бірлігін  құруды  ескере  алады.Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру 
саласындағы  қолда  бар  орасан  мол  әдістемелік  ғылыми  зерттеулер  мен  болашақ  әдістемелік 
зерттеулер,бағдарламалар,  оқулықтар,  оқу  құрал-дары,  оқу  және  әдістемелік  құралдар, 
әдістемелік нұсқаулар, компьютерлік технологиялар мен оқыту бағдарламалары, дәстүрлі емес 
ойындар, экологиялық білім мен тәрбие саласындағы парасатты меншікқорына біріктірумоделі 
жасалынуда.[4] 
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  саласындағы  парасатты  меншік  қорына  енген 
материалдар  саладағы  парасатты  меншік  қорының  құндылық  баға  стандартыбойынша 
бағаланып, елеулі бөлігін авторлар алатын төлеммен тұтынушыларға ұсынылуы тиіс .Моделде 
бұдан  басқа  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  экология  жөніндегі  “компьютерлік“ 
оқулықтар  жасауға  арналған  алыстан  экологиялық  білім  мен  тәрбиеберуге  пайдаланылатын 
Қазақстан  Республикасының  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  ақпараттық  банкін  құру 
ескерілетін  болады.  Бұл  моделде  жалпы  дүниежүзілік  тәжірибелер  мен  зерттеулерді  жүйелеу 
арқылы  педагогикалық,  дидектикалық  және  басқа  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру 
проблемалары бойынша экологиялық саласында арнайы технологиялық әдістерді ,тәсілдер мен 
оқыту  жолдарын,  тәрбие  беру  және  халық  ағарту  жұмыстарын  енгізу,сонымен  бірге  , 
экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  саласында  қолданбалы  әдістердің  зерттеулерін  жасап  , 

моделдерді  жүзеге  асыру  көзделуі  тиіс  .Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруі  идеологиялық 
тұрғыда  қамтамасыз  ету  ісі  білім  мен  тәрбие  беру  жәнеөзге  қызметте  экологиялық 
ұстанымымызға  ,  өзінің  және  өзге  халақтардың  “экологиялық  іс-әрекетін  жүзеге  асырып, 
Қазақстан  Республикасының  халықтарының  тұрақты  дамуына  биосфера  жэне  әлемдік 
бірлестіктің берік , серіктестік ” сезімде болуына негізделуі тиіс.[5] 
 
1. Смаилова Қ. Экологиялық білім мен тәрбие және мектеп. Қазақстан мектебі. 2011. №12. 15-19 б. 
2. Бақайов. Экологиялық тәрбие туралы// Қазақстан мектеб. 1993.№5. 25-27б. 
3. Сарбеков М.Н. Методическая система экологического образования в средней школе. Жамбыл обл. ИУУ,1991. 
4. Оспанова г., Исаева Е. Экологиялық ойды қалыптастырудың кейбір әдәстері туралы// Қазақстан жоғарғы 
мектебі. 1996. 90-92 б. 
5. Сарыбеков Н., Сарыбеков М., Қ-Д. Сарыбеков. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. Алматы. Рауан. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет