«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48

Аннотация 
Экологическое образование  и  переподготовка осуществляется. Магистра  и доктора молодых  людей  в экологи-
ческой модели двадцать первому образованию века. В то же время, национальная молодежная Экологическое обра-
зование  и  воспитание  кадровой  политики  осуществляется  должным  образом.  Экологически  чистое  производство 
природных, социальных, проанализировано влияние информационных сред. 
Исследования,  программы,  компьютерные  технологии,  нетрадиционные  фонд  Экологическое  образование  и 
воспитание в области интеллектуальной собственности через игру как шанс, чтобы сделать модель интеграции. 
Устойчивое развитие народа через этой модели на основе биосферы и birlestiliginiñ благополучие мира. 
Ключивые слова: двадцать первая модель век экологического образования, биосферы, компьютерные книги. 
 
Abstract 
Ecological education, training ötwqarastırılğan again. Master's and doctorate by young people in the ecological model of 
the twenty-first century education. At the same time, the national youth environmental education and training of the personnel 
policy  is  carried  out  properly.  Environmentally  friendly  production  of  natural,  social,  analyzed  the  impact  of  information 
environments. 
Research,  programs,  computer  technology,  non-traditional  fund  environmental  education  and  training  in  the  field  of 
intellectual property through the game as a chance to make a model of integration. 
The sustainable development of the people through this model based on the biosphere and birlestiliginiñ well-being of the 
world. 
Keywords: model, in the twenty-first century model of environmental education, biosphere, computer books. 
 
ӘОЖ 37.025  
 
СОЛ ҚОЛМЕН ЖАЗАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ж.Б. Кдыралиева – ҚазҰПУ, филология кафедрасының магистранты  
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті 
 
Абстракт: Мақалада солақай балалардың қызығушылығы мен бейімділігі, мінез-құлқы мен іс-әрекеті, психофи-
зиологиялық  көзқарасы,  сана-сезімі  жан-жақты  топшаланған.  Сондай-ақ,солақай  балаларды  анықтау,  тәрбиелеу, 
оқыту барысы, өмірде ұшырасатын қиындықтары мен жетістіктері қарастырылған. Бала бойындағы ерекше қасиет 
қалай, қандай жолмен пайда болғандығы, оны жеңілдету немес оңшылдыққа үйрету керек пе деген сұрақтар төңірегі 
қарастырылып,  мектеп  жасындағы  балалардың  кездесетін  қиыншылықтарына  тікелей  ата-ана  жауапты  екені 
айтылған. Бүгінде әлем таныған тұлғалардың басым бөлігі солақайлар екені де дәлелденген. 
Тірек сөздер: тұлға, ерекше қасиет, солақай,психология, қабілет.  
 
Адам баласы дүние есігін ашқаннан, қартайған шағына дейін арпалысатын өмірі, бар ғұмырын білім-
ғылымға, сүйікті ісіне арнап, алдына қойған мақсатқа жету жолында ұзақ уақытталаптанатын, күш-жіге-
рін, ақыл-ойын жұмсап, көптеген кедергілерден өтіп, бойын керген сезімдітежеп отыратынын жәйттар-
дың барлығы дерлік, адамның миының функциялары арқылы жүзеге асып отыратыны баршаға мәлім. 
Жалпы  мидың  қыртысы  оң  және  сол  бөліктерден  құралып,  барша  адамды  оңақай,  солақай  деп 
бөлінуіне әкеліп соқтырады. Яғни, адам денесінің оң жақ жартысын (оң аяқ, қол, құлақ, көз т.б.) мидың 
сол жақ жарты бөлігі басқарса, сол жақ бөлігіндегі басқа мүшелерді мидың оң жақ жарты бөлігі басқа-
рады.  Адамдардың  басым  көпшілігінде  миының  сол  жақ  жарты  бөлігі  басымдау,  икемділеу  билесе, 
бірсыпыра  адамдардың  оң  жақ  бөлігіндегі  миы  жетекшілік  тізгінін  алып  кетеді.  Ми  қыртысының  оң 
немсе сол жақ бөлігі басымдылық танытып, белсенді жұмыс атқаруы арқылы оңақай немесе солақай деп 

бөлінетіні де содан.  
Жер  шарының  басым  көпшілігі  оңақай  болып  жаратылатыны  да  баршаға  мәлім,  ал  солақай  болып 
туылуының себебі неде? Бұл жөнінде зерттеуші О.А. Никифордың пікірінше, солақай болып туылының 
нақты себебі белгісіз, бір болжамы тұқым қуалаушылық, дегенмен де бұл патологиялық ауруға жатпайды, 
көбіне әйелдерге қарағанда, ер адамдарда кездесетіндігінде [1] айтып кеткен. Мұндай балалардың психи-
физиологиялық  ерекшелігі  де,  басқаша  өте  сезімтал,  есте  сақтау,  сараптау  сияқты  қабілеттері  жақсы 
дамыған болып келеді, өйткені, солақай тұлғалардың ми қыртысын, оң жақ жарты ми бөлігі активті түрде 
жұмыс  атқарады.  Талантты,  дарынды,  ерекше  қасиетпен  дарып,  спортқа,  ғылымға,  шығармашылыққа 
жақын келіп, сүретшілер, ақындар мен музыканттар шығып жатуыда осының дәлелі.  
Бұл жөнінде ағылшын ғалымы Крис Макманус «Оң ж
ҽне сол қол» атты кітабында адамзат тарихында 
солақайлар «оңшылдарға» қарағанда, ғаламат дарынға ие болып, теңдессіз табысқа қол жеткізгенін жаза-
ды. Мысалы, бокс пен теннисшілер қарсыласың қанша тұстан мықтымын дегенмен де, оның сол қолымен 
ұра алмауы солақайға үлкен мүмкiндiк бередi. Белгiлi теннисшi Сампрастың үнемi жеңiмпаз болу сыры, 
сөз жоқ, солақайлығында жатыр. Әйгілі теннисшілер: Джон Маккинрой, Моника Селеш, Мартина Навра-
тиловаларды да айтуға болады. Сондай-ақ әлемді мойындатқан, тарихта аты қалған дарынды, талантты 
тұлғалар– Аристотель, Юлий Цезарь, Наполеон, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, 
Леонардо  да  Винчи,  Микеланджело,  Исаак  Ньютон,  Марк  Твен,  Роберт  Шума,  Елизавета  патшайым, 
оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, 
Билл Клинтон, Барак Обама, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро, Джулия Робертс, Пол 
Маккартни,  Сильвестр  Сталлоне,  Том  Круз,  Николь  Кидман,  Селин  Дион,  Эминем…  сынды  көптеген 
тұлғалар  бар  болса,  Нұрғиса  Тiлендиевтiң  домбыраны  сол  қолымен  тартатынын  дүйiм  қазақ  бiледi.  [2] 
Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық. 
Психологтардың  пайымдауынша,  солшылдардың  шығармашылық  потенциалы  мықты  болғанымен, 
денсаулық жағына келгенде 80 пайызы аллергиялық ауруларға тез шалдығыш, өзіне-өзі қол жұмсайтын-
дар, зиянды нәрселерге әуестенгіш, басқаларға қарағанда бес жылға аз өмір сүретіндігі бар екендігін де 
айтқан. Алайда, солақайлар ешқандай потологиялық ауру қатарына жатпайтын табиғи сау адамдар.  
Кезінде  ХХ  ғасырға  дейін  мұндай  адамдарды  қоғамға  жолатпай  аластатқанын  да  білеміз.  Мысалы 
айтар болсақ, Ежелгі Русьте солақай жандардың бірде-бір сөзіне сенбей, оларды шайтан ұрпағына теңе-
ген. Тіпті, сот залына куәгер ретінде шақыртпайтын болған. Ал Қытай елінде «нашар адамдар» қатарына 
жатқызып, түсінде солақайларды көрсе, алдағы күнде жамандық болады деп те, болжаған. Римде «Жарат-
қанның  оларға  көзі  теріс  түскен,  солақайлық  жауыздықтың  белгісі»  деп  қарап,  осылай  туылғандарды 
баскесерлік әрекетке итермелеген, оларды тапсырыспен кісі өлтіруге жұмсаған. Германиялықтар солақай-
ларды «дүниеге ыңғайсыз келгендер» деп оларды мазаққа айналдырған. Жапондар болса, болашақ жары 
сол қолмен жазатынын біліп қалса, бірден ажырасқан. Орта ғасырларда осындай теріс көзқарас қалып-
тасты және де XX ғасырдың басына дейін жағымсыз күйінде келді. [3]Зерттеуші ғалымдардың өзі теріс 
көзқараста болып,Британ психологы Кирил Берт «Солақайлар өмірге астамшылықпен қарайды, олар өзін 
қоярға  жер  таппайды,  тағдыры  қиындау  болып  өтеді»  десе,  неміс  психологы  Рудольф  Херц  «жақсы 
тәрбиеленген  баланың  солақайлығы  кез  келген  қимыл-әрекетте  бәрібір  қолайсыздық  тудырады»  деп 
қорытынды жасаған болатын. Бұл, әрине, ерте ғасырдан қалған ескі көзқарас.Бүгінде бұл ойдың, пікірдің 
бәрі  артта,  ондай  жандарға  қатысты  көзқарас  оңды  шешімін  тауып,  медицина  ғылымы  дасолақайлық 
ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеп, әлем мойындап, өз мерекелерін 
де  атап  өтететін  жағдайға  жетті.  Олар  өз  мейрамдарын  «Бүкіләлемдік  солақайлар»  күнін  13  тамызда 
тойланады,  негізінде  мейрамның  алғашқы  баспалдағы  1990  жылдары  тамыз  айынан  бастап  тойлануда, 
осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Мейрам ретінде тойлануы да заңды, өйткені әлемде әр бір жүз 
адамның біреу ғана солақай болып  туылады десек,  жер шарында 6 млрд-тан  астам адамның 60 млн.-ы 
солақай екеніне көз жеткізуге болады.[2] 
Мұндай аталмыш қасиеттің құпиясы тереңде, әлі де зерттеуді қажет етеді, себебі солақай болып туа да, 
жүре де пайда болып жатады. Генетикалық жағынан солақай болып туылғандардың табиғатын өзгертуге 
тырыспау қажет, өйткені ми қабатының жарты шарының арасындағы бөлiнiске байланысты ол өз қала-
уына  орай  солақай  түрде  әрекет  жасамаса,  мұның  соңы  түрлi  ауруларға,  атап  айтсақ,  кекеш,  тұтықпа 
секiлдi науқастарға әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сол үшінде солақай балаларда мәжбүрлеп оң қолмен 
жұмыс жасатуға, сабақ оқытуға, жазып, сыздыру қауіпті. Баланың денсаулығына зиян келтірмес алдын, 
солақай, оңақай екенін  нақты анықтап алған дұрыс. Солақайлықты анықтауда француз ғалымы Озьянс 
мынадай әдістер арқылы оп оңай бақылауға болады деген: 

 
Бөтелкенің қақпағын бұрап ашу 

 
Жіп орау 

 
Сіріңке жағу 

 
Бір ыдыстан екінші ыдысқа су құю 

 
Қағазды қайшымен кесу 

 
Суретті өшіргішпен өшіру 


 
Түйме қадау 

 
Жіңішке бутылкаға су тамызу 

 
Аяқ киім тазалау 

 
Стаканның ішінен түймені қасықпен алу. т.б. 

 
Сылдырмақпен қоңырау шалу[2] 
 
 
Қарапайым тапсырмалар арқылы баланың оң немесе сол қолымен жұмыс атқаратынын біліп алғаннан 
кейін,  еркін  білімге,  атап  айтқанда  жазу-сызуға  үйретуге  болатындығын  көрсеткен.  Бірақ,  техниканың 
шарықтаған  заманында  баланың  жатырда  жатқанында  ақ,  дәрігерлер  баланың  оңақай  немесе  солқай 
екенін қиындықсыз –ақ, біле алады. Яғни,10-11 аптада ана құрсағындағы бала оң қолының бас бармағын 
сорса оңақай, керісінше болса, солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Жасы кіші кезінде сола-
қайлық көп кедергіге ұшырамай, мектепке бара бастағанда, жазу, сызуды үйрене бастағанда, есейгенде 
солақайлар  көптеген  қиындықтарды  бастан  кешіреді.  Өйткені,  дамыған  заманда  көп  қолданыс  заттары 
оңқай адамдарға арналып жасалғаны тағы бар. Оңтайлық дүниелерге бейімделуі тағыда қиындық туды-
ратын  бір  жәйт.  Дегенмен,  солақайлар  күш  жігерінің  арқасында,  мұндай  қиындықтарға  дес  бермей, 
мойымай кез келген дүниені алып кетіп жатады, бұл жөнінде Австралия нейрофизиология мемлекеттік 
университеті  мамандарының  пікіріне  қарағанда,  сол  қолмен  жұмыс  істейтіндердің  кез  келген  нәрсеге 
жауап  қату  әрекеті,  іс-әрекетіоңқайларға  қарағанда  жылдам  екен  және  олар  тапсырманы  тез  түсініп, 
тиянақты орындайтын көрінеді. Сонымен қатар олар компьютер ойындарын жақсы меңгеріп, дыбыстан 
жылдам ұшатын ұшақтарды сапалы басқарады деген де болжам келтірген. 
Солақай балаларға теріс ілтипат көрсетпей, оң көзқараспен қарағанымыз осының дәлелі десек, артық 
айтқандық емес. Кейде ата-аналар сол қолымен тамақ ішкен балаларына дауыс көтеріп, ұрсып жатады, 
әрине бұл дұрыс емес. Баланың табиғаты қалай жаралса, сол қалпында дұрыс тәрбилеп өсіру ата-ана мен 
қоғамның борышы. 
Қорытындылай  келгенде,  баланың  болмысы  солақай  немесе  оңақай  болсын  оларды  бір-
бірінен  кемсіт-іп  ажырату  дұрыс  емес.  Баланың  барлығы  бір,  олардың  білім  алуына  ыңғайын 
жасап,  демеп  жіберер  ата-анамен  мұғалімнің  қолында.  Ең  қарапайым  мысал,  партада  отыру 
ережесін  қадағалау,  солақай  мен  солақайды  отырғызу,  терзеден  оңақайларға  сол  жағынан,  ал 
солақайларға  оң  жағынан  жарықтың  түсуін  қамтамасыз  ету  сияқты.  Зерттеулерге  қарағанда, 
мұндай  балалар  көп  уақыт  бір  объектімен  жұмыс  жасап,  бағдарлануы  және  де  бірнеше 
тапсырманы  қатар  алып  жүруі  қиынға  соғатындықтан,  оқытудың  басқа  да  жеңіл  жолдарын 
қарастырып, қол ұшын берім демеп отырған дұрыс.  
1.
 
Солақайлық кемістік емес.Тамыз 15, 2011
http://kiziltil.kazjur.kz/
 
2.
 
Есембекова  К.Ж.,  Сол  қолмен  жазатын  жеке  тұлғаның  педагогико-психологиялық  ерекшеліктері  www. 
kundyz.kz1@mail.ru, 
3.
 
Е.Ушакова. Проблемы леворуких детей. http://zdd.1september.ru/
 
 
Абстракт:  в  статье  написано  об  интересах  и  способностях  леворуких  детей.  А  так  же,  психофизиологические 
особенности, невроз, эмоциональные состояние, капризы, трудности и.т.д.Обучая и воспитывая леворукого ребенка 
нужно помнит, что ни в какой ситуации он не должен чувствовать неготивное отношениек леворукости. Леворуки 
ребенок как правило, возбудим, быстро утомляется, а значит, день ребенка должен быть построен так, чтобы не было 
перезагрузки  и  переутомления.Знание  личностных  и  психологических  особенности  леворуких  необходимо 
родителям,  чтобя  найболее  эффективно  организовать  позновательную  деятельность  ребенка-левши  и  подготовить 
его к овладению школьной программой. 
Ключевые слова: человек, особенные качества, левша, психология, способности. 
 
Abstract:In  the  article  written  about  the  interests  and  abilities  of  left-handed  children.  And  also,  physiological 
characteristics,  neurosis,  emotional  states,  moods,  and  raising  difficulties.  training  left-handed  child  should  be  remembered 
that  in any  situation  he should  not  feel  negotivno related  to left-handedness.  Left-handed  child  usually excitable,  gets  tired 
quickly, which means that the day of the child should be constructed so that there was no reboot and pereutomleniya.Znanie 
personal  and  psychological  peculiarities  of  left-handed  parents  need  to  show  pleasing  naybolee  effectively  organize  the 
activities of the child-left-hander and prepare it for mastering school program. 
 
Keywords:human being,special qualities,lefty, psychology, ability. 
 
УДК37.015.3 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 

А.Мақсұтқызы – I курс магистранты 
А.С. Амирова – п.ғ.д., профессор  
Абай атындағы ҚазҰПУ(Алматы), Қазақстан 
 
Аңдатпа 
Елбасының  тапсырмасы  бойынша  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі2012-2016 
жылдарға  арналған  ұлттық  іс  –қимыл  жоспар  қабылданды.  Осы  жоспарды  жүзеге  асыруда  көптеген  жұмыстар 
жүргізілуде. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті, ал функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір 
білім біліктерден көрініс табады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау 
қабілеті,  оқушылардың  өзгермелі  өмірге  бейімделуінің  шарты,  оқушылардың  жеке  бас  қабілеттерін  дамытудың 
тетігі, әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі.  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  психологиялық  негіздерін 
айқындау  жоғарыда  аталған  жоспарды  жүзеге  асырудың  бір  баспалдағы.  Мақала  жазу  барысындафункционалдық 
сауаттылықты қалыптастырудың әдістемесіне қатысты еңбектер талданып, жүйеге келтірілді. Анықтамалық энцик-
лопедиялар  мен  сөздіктерге,  психологиялық  еңбектерге  шолу  жасалды.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқушылардың психологиялық негіздерін айқындау маңызды мәселе 
болмақ. Ең бірінші баланың жас және жеке ерекшеліктері, соған сәйкес таным процестерінің мүмкіндіктері ескері-
леді.  Ойын  баласының  мектеп  өміріне,  қоғамға  бейімделіп,  әлеуметтенуі  де  психологиялық  процесстер  арқылы 
жүзеге асырылады.  
Оқу іс-әрекетін баланың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырып, мұғалім бағыт-бағдар беріп, 
әрекетті  баланың  өзіне  істету,  жұмысының  нәтижесін  көрсетіп,  ынталандырып,  мадақтап,  оқушының  қызығушы-
лығын  одан  әрі  арттырып,  қажеттілігін  қанағаттандыру  қажет.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  өзіндік  ерекше-
ліктерін  ескере  отырып,  дұрыс  ұйымдастырылып  оқушымен  бірлікте  жүргізілген  жұмыс  оң  нәтижесін  беріп, 
баланың функционалдық сауаттылығын қалыптасуына негіз болады. 
Түйін  сөздер:  сауаттылық,  функционалдық  сауаттылық,  бастауыш  сынып  оқушылары,  психологиялық  негіз, 
таным процесі, жас ерекшелік. 
 
Елбасы  Н.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  – 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды 
қабылдау  жөнінде  нақты  міндет  қойды  [1].  Аталған  міндет  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды 
болып  табылатын  аталған  стратегиялық  міндетті  шешу  жағдайында  тұлғаның  ең  басты 
функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, 
кәсіби жолын таңдай алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп 
қабырғасында қалыптасады.  
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің 
орталық  тұлғасы  білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің  алған  білімінің  түпкі  нәтижесі 
құзыреттіліктер 
болып 
белгіленуі 
білім 
беру 
жүйесінде 
«функционалдық 
сауаттылықты»қалыптастыру 
мәселесін 
негізгеалудың 
өзектілігін 
арттырып 
отыр. 
Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан  Респуб-ликасында  білім 
беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  ел  азаматын 
қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы 
қажеттіліктерін қанағат-тандыру деп айқын көрсетілген.  
Кең  ұғымда  жеке  тұлғаның  грамматикалық  нормаға  сай  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктері 
қалыптасқан,  таза,  қатесіз  жаза,  сөйлей,  оқи  алатын,  сондай-ақ  дұрыс  есептей  білетін  адам 
сауатты  ретінде  танылады.  Бұл  ұғымның  мазмұны  тарихи  тұрғыда  қоғамдық  талаптар  мен 
индивидке  қойылатын  талаптардың  ең  төменгі  шектік  деңгейінің  өзгеруіне  байланысты 
өзгеріске ұшырауы.  
Қазақ  тілінің  түсіндерме  сөздігінде:  «фукционалдық  ұғымы  бір  нәрсенің  құрылысы, 
құрамынан  емес,  қызметінен  болатын,  соның  әрекетіне  байланысты  болады»  [2,17]  –  деп 
сипаттама  беріледі.  Ал,  С.И.Оже-говтың  сөздігінде  «функция»  сөзініңмәні  «Вызванный 
функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-
нибудь (книжн)» – [3,46] десе, бұдан «функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне 
немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатынын білеміз. 

1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты жою бойынша ағарту 
саласы  министрлерінің  Дүниежүзілік  конгресінде  «функционалдық  сауаттылық»  термині 
енгізілген  болатын,  ал  1978  жылы  БҰҰ  ұсынысы  бойынша  конгресс  шешімі  қайта  қаралып, 
«Білім беру саласы статистикасын халықаралық стандартизациялау» туралы құжатқа өзгерістер 
енгізілді  [4,6].  Термин  мазмұнының  қайта  редакциялануына  орай  функционалды  топтардың 
тиімді  әрекет  етуіне  қажетті  барлық  іс-әрекет  саласына  еркін  енуі  функционалдық 
сауаттылықтың жаңа көрсеткіші болып табылады. 
Қазіргі кезеңде  «функционалдық  сауаттылық»  ұғымымағынасы жан-жақты зерттеліп, қоғам 
дамуын тежеуші сауатсыздықты жою мағынасында ғана емес, ұғымдық мағынасы іс-әрекеттің 
нәтижесі  тұрғы-сында  сауатсыздықты  жою  әдістері  мен  тәсілдерін  іздеу  мәселесі  ретінде  де 
қарастырылады.  Қазіргі  ақпа-раттанған  жаңа  қоғамда  функционалдық  сауаттылық  барлық 
қоғамдық  деңгейлердің  әрекет  нәтижесінің  жетістік  түйіні  болмақ.  Жаңа  сипатта 
«функционалдық сауаттылық» мағыналық тұрғыда кеңейіп, мәдениеттілік атрибуты дәрежесіне 
дейін көтерілді. 
ХХ ғасырдың басында құрылған сауатсыздық жойылсын ұйымын құрғандағы негізгі мақсат – 
адам-дардың  әріп  танып  оқи  білуі,  жаза  білуі,  арифметикалық  төрт  амалды  білуі  қызметтік 
әрекетті игеріп кетудің негізгі көрсеткіші болды. Қазіргі кезеңде сауаттылық ұғымының ауқымы 
кеңейіп,  оның  көрсет-кіштері  түрліше  сипатталады.  Ал  «функционалдық  сауаттылық»  белгілі 
бір  кезеңге  сай  субьектінің  алған  білімі  мен  білігі  негізінде  сауатты  іс-әрекет  ете  алуы  деген 
мағынаны  білдіреді.  Қоғамның  дамуына  байланысты  сауаттылық  ұғымының  мәні  тарихи 
тұрғыдан  өзгергенін,  тұлғаға  қойылатын  талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу  қабілеттерінен  гөрі 
белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүруге  қажетті  білім  мен  біліктердің  жиын-тығын  игеру,  яғни 
функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс 
алып  отырған  түрлі  бағыттағы  дамулардың  әсерінен  қоғамның  адамға  қоятын  талаптары-ның 
өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. 
И.А.Мещеряков  функционалдық  сауаттылық  -  (ағылшын  тілінде  functionalliteracy)  -  дағды 
мен  білімді  қамтамасыз  ететін  жеке  тұлғаны  дамытуға,  жаңа  білім  алу  мен  мәдениет 
жетістіктерін  игеруге  бағыт-талған  білім  нәтижесі,  жаңа  техниканы  қолдануды  игеру,  кәсіби 
міндеттерді  жетік  меңгеру,  жанұялық  өмірдегі  сәтті  үйлесімділік  құра  білу,  өмірлік  түрлі 
жағдаяттарды шеше алу деп анықтама берді [4,6]. 
Мектеп  оқушысында  пайда  болған  субъектівтілік  қасиеттерінің  көрсеткіштері  оның 
функционалдық сауаттылығын қалыптасуының көрсеткіші болып табылады. Бастауыш мектеп 
оқушысында  оқу  -  әрекеті  арқылы  қалыптасатын  сауаттылық  оқу  әрекетінен  тыс  жағдайда 
қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан бастауыш мектепте кез - келген пәнге оқытудың мақсатты 
функциясы  оқушыда  өздігінен  әрекет  ету  білі-гін  қалыптастыру  болып  табылады. 
Бастауышсынып  оқушысы  мектепке  келгенде  ең  бірінші  мұғалім  олардың  жас  және  жеке 
ерекшеліктеріне  мән  беріп,  соған  сәйкес  жұмыс  жасауы  қажет.  Мектеп  табалды-рығын  алғаш 
аттаған баланың оқуға, мұғаліммен ынтымақтасуға талпынысы мол болады. Ал келесі деңгейде 
мұғалімнің басшылығымен шағын топтарда оқу ынтымақтастығын ұйымдастыруымен өздігінен 
әрекет етуі күшейеді. Одан кейінгі деңгейде ең жоғарғы шектік мөлшерде өздігінен оқу әрекетін 
орын-дауға,  құрдастарымен  және  білімін  толықтыру  бағытында  мұғалімдермен  әрекет  құруға, 
жеке оқу белсен-ділігінің арту қабілеті байқалады. Соңғы деңгейде оқушы мұғалім көзқарасын 
игереді. 
Бастауыш  білім  беру  сатысы  қарапайым  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруға 
бағытталған.  Бастауыш  саты  кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  функционалдық  сауаттылық 
пен әлеуметтік құзірет-тіліктің қарапайым дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырудың негізін 
салады.  Осыған  орай  қарапа-йым  сауаттылық  оқу  мен  санаудың  ауызша  және  жазбаша  тілін, 
әлеуметтік  әрекеттерді  (адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу  дағдысы,  біріккен  әрекетті  жүзеге 
асыру,  қоғамның  талаптарына  сай  өзін-өзі  ұстау)  дағдылары  қалыптасады.  Қоғам  бастауыш 
сынып  мұғалімі  алдына  кіші  мектеп  оқушысы  тұлғасын  дамы-туды  қамтамасыз  ету  шартын 
қояды.  Ондай  міндеттерді  шешудің  құралы  болып  оқу  әрекеті  жатады.  Оқушының 
функционалдық  сауаттылық  пен  әлеуметтік  құзіреттіліктің  қарапайым  дағдылары  мен 

қабілеттерін  қалыптастыруда  бастауыш  білім  беру  сатысының  мақсат  пен  міндеттерінің 
басымдығын  анықтау  шарты  –  осыжастық  кезеңнің  психологиялық  даму  заңдылығын  есепке 
алынуы,  қойылған  мақсаттың  қол  жетімді  болуын  қамтамасыз  етеді.  Білімнің  саналы  түрде 
игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. 
Баланың  дамуға  бейім  таным  күштерін  байқаған  мұғалім  арнайы  жұмыс  арқылы  оны  ұштай 
түсуі  тиіс.  Мұғалім  оқушының  ана  тілінде  төселе  сөйлеуін,  сауатты  жазуын  қамтамасыз  ету 
барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн. 
Әрине, даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді.  
Мұғалім  оқу-танымдық  процестің  жетекшісі  мен  ұйымдастырушысы  ретінде  оқушының 
биологиялық  және  әлеуметтік  дамуын  үйлестіріп  отыруды  баса  назарда  ұстайды.  Жасөспірім 
кезінде  баланың  таным-дық  қызметі  ерекше  белсенділікпен  өтеді.  Осы  ретте  оқушының 
коммуникативтік  құзіреттілігінің  оны  белгілі  бір  шынайы  жағдаяттарға  түсіре  отырып, 
төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек. 
Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда, көп мағлұматтардың ішінен өзіне 
керек хабарды іріктеп алады. Көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу 
оқу тапсырма-сын орындаудың негізгі шарттарының бірі.  
М.Мұқанов  таным  процесінің  элементтеріне:  қабылдау;  зейін;  ес  пен  жадыны  жатқызады. 
Автордың  ойынша,  жеткіншектердің  таным  үдерістерін  былайша  сипаттайды.  Күнделікті  оқу 
материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бір нәрсе қарау, не соны тыңдау ғана 
емес,  баста  бар  бейнелермен  объектілерді  салыстырып  түсіну  болып  табылады 
[6,111].Сондықтан  қабылдау  оқу  үдерісінде  ойлануды  талап  етеді.  Қабылдау  дегеніміз  - 
мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу. Қамтылатын материал қызық-ты болса, онда оқушылар 
осыған  ғана  көңіл  бөліп,  қиын  материалдарды  оқығысы  келмейтіндігі  кездеседі.  Нәтижесінде, 
жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, ақпараттың қандай да бір кесіндісі сияқты етіп, 
есінде  сақтай  алмауы  мүмкін.  Осыған  орай  бастауыш  сынып  оқушыларының  функционалдық 
сауат-тылығын  қалыптастыруда  арнайы  жаттығу  жұмыстарынжүргізу  арқылы  олардың  таным 
процестерін жоғары деңгейде жетілдіру қажет. 
Мектеп  қабырғасындағы  бала  күнделікті  қалыптасқан  дағды  бойынша  ойыннан  алыстап, 
өзіне  артылған  жүктің  салмағын  сезініп  оқуға  мән  бере  бастайды.  Осы  кездегі  баланың 
қызығушылығын,  ынта-сын,  оқуға,  білім  алуға  деген  талпынысын,  құштарлығын,  психология 
тілімен айтқанда ішкі түрткісін мотивацияға айналдыру қажет. Функционалдық сауаттылықты 
қалыптастырудың 
нәтижелілігі 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
физиологиялық, 
психологиялық  негіздерін  терең  білу  мен  барлық  оқу  әрекетін  соған  негіздеуге  байланысты 
болады. М.Жұмабаев: «Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқан 
адам  бар  нәрсені  білуге,бар  білгенін  есте  ұстауға  ұмтылады»,  -  деп  бұл  кезеңдегі  балалардың 
білуге, тануға ерекше талпынасы пайда болатынына тоқталды [7,52]. 
Функционалдық сауаттылықтың мәні тұлғаның оқу әрекетін өздігінен іске асыру қабілетінен, 
сонымен  қатар  күнделікті  өмірде  білім,  білік  және  дағдылардын  өмірдің  әртүрлі  ортасында 
өмірлік тапсырмаларды шешуге қолданумен сипатталады.  
Оқушылардың  функционалдық  дағдыларды  қалыптастыруда  бастауыш  мектептің  рөлі 
ерекше.  Себебі,  білімнің  негізі  бастауышта  қаланады.  Егер  оқу  нәтижесі  құзіреттілік  деп 
анықталса,  онда  тілді  меңгер-туден  күтілетін  нәтижелер  оқушының  өмірлік  дағдыларымен 
сабақтастырылуы қажет болып саналады. 
Оқу  іс-әрекетін  баланың  жеке-дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ұйымдастырып,  мұғалім 
бағыт-бағдар  беріп,  әрекетті  баланың  өзіне  істету,  жұмысының  нәтижесін  көрсетіп, 
ынталандырып,  мадақтап,  оқушының  қызығушылығын  одан  әрі  арттырып,  қажеттілігін 
қанағаттандыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, 
дұрыс  ұйымдастырылып  оқушымен  бірлікте  жүргізілген  жұмыс  оң  нәтижесін  беріп,  баланың 
функционалдық сауаттылығын қалыптасуына негіз болады. 
1.
 
 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-
қимыл жоспары. ҚРҮкііметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым, Астана, ҮкіметҮйі. 
2.
 
Қазақ тілінің сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1986.10том-17 б. 
3.
 
Словарь русского языка. –М.:Русский язык. 1998г. - 46 с. 

4.
 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  (бастауыш  сыныптар)  әдістемелік  құрал. 
Астана, 2013 - 6 б. 
5.
 
Мұқанов М. Жас және педагогикалық пси хология.Алматы,1981.–111 б. 
6.
 
М. ЖұмабаевПедагогика, - Алматы, 1992. -52 б.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет