«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет48/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Аннотация 
В  статье  рассматриваются  теоретические  основы  патриотического  воспитания  школьников.  Автором  про-
анализированы труды ученых  -  исследователей, занимающихся  патриотическим воспитанием школьников на 
уроках военной подготовки. А также рассамтриваются основные направления воспитательной работы в школе, 
влияющие на патриотическое воспитание и влияющие на воспитание моральных, писхологических, социальных 
качеств развития личности с помощью определнных форм работы: незаконченный рассказ, написание сочине-
ния, написание выводов по тезису. Особое значение имеет организация мероприятий, влияющих на патриоти-
ческое  воспитание  школьников,  направленных  на  знакомство  с  казахским  декоративно-прикладным  искусст-
вом,  жанрами  устного  народного  творчества,  как  афоризмы,  пословицы  и  поговорки,  написание  сочинений, 
анализ художественных произведений и фильмов, которые подлежат обсуждению на уроках.  
Ключевая  слова:  патриотизм,  патриот,  духовно-нравственное  воспитание,  потриотическое  воспитание, 
морально – политическое воспитание. 
Annotation 
Theoretical  bases  of  patriotic  education  of  school  students  are  examined  in  the  article.  An  author  is  analyzed 
researchers’ works, engaging in patriotic education of school students on the lessons of military preparation. Also there 
are  considered  basic  educator  work  assignments  at  school,  influencing  on  patriotic  education  and  influencing  on 
education  of  moral,  psychological,  social  internals  of  development  of  personality  by  means  of  certain  types  of  work: 
unfinished  story,  writing  of  composition,  writing  of  conclusions  on  a  thesis.  Main  meaning  is  organization  of  events, 
influencing  on  patriotic  education  of  the  school  students,  oriented  to  the  acquaintance  with  the  Kazakh  decoratively-
applied art, genres of verbal folk work, as aphorisms, proverbs, writing of compositions, analysis of artistic works and 
films that is subject of discussion. 
Key words: patriotism, patriot, spiritually-moral education, education of patriot, morally - political education 
 
1.
 
Н.Назарбаев «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде», 1993  
2.
 
Назарбаев Н. Қазақстан-2030 (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы). – Алматы: Білім, 1998. 
– 94 б 

3.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 жылғы 27 шілде)  
4.
 
М.Құрманбаева  «М.Ғабдулин  мұрасындағы  этнопедагогикалық  құндылықтар  арқылы  оқушыларды 
отансүйгіштікке тәрбиелеу» - Алматы, 2003 
5.
 
Ж.Қалиев    «Халық  педагогикасы  құндылықтары  негізінде  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру»  - 
Астана,2005 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 371,1 қазақ т-гі аннотация жок 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ 
ДЕҢГЕЙІ ЖӨНІНДЕ 
 
А.А. Куралбаева –  
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететінің аға 
оқытушысы 
 
Әлемдік  тәжірибені  негізге  алып,  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  білімді 
дамы-ту бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарлама  мақсаты  білімнің  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыру, экономи-каның тұрақты өсуі үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету 
арқылы адам капиталын дамыту болып табылады. 2008 жылдан бастап жаппай әлемдік білім 
кеңістігіне еркін енуді көздейтін бұл бағдарлама бойынша отандық 12 жылдық білім берудің 
мазмұны  жаңартылуда,  яғни  қазақстан-дық  бастауыш  білім  мазмұны  шетел  тілі  мен 
информатика  негіздері  бойынша  толықтырылуда.  Бұл  бастауыш  сыныпта  оқитын 
балалардың  ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыратындай  пәндер  екендігін 
көрсетеді,  өйткені  қазіргі  таңда  бастауыш  сатының  білім  мазмұнында  оқушының  жеке 
қасиеттерінің  дамуына  әсер  ететін,  білімді,  икемділікті,  дағдыны  меңгертіп  қана  қоймай, 
тұлғаның  құзыреттілігін  қалыптастыруды  көздейтін  бастауыш  білім  мазмұнын  іске 
асырудың төрт стратегиясы қолданылады. Олар: үдету - мектепке ерте оқуға келген немесе 
сыныптан  сыныпқа  аттап  көшетін  балалармен  жұмыс,  шығармашылық  шеберханалардағы, 
жазғы,  қысқы  лагерьлердегі  жұмыстарды  қамтиды;  тереңдету  -  қандай  да  бір  пәнді 
тереңдетіп  оқытатын  сыныптар,  гимназиядағы,  лицейдегі  жұмыстар  қарастырылады; 
жалпылау  -  пәнаралық  сипатқа  ие,  өзіндік  ізденіс  жұмыстарын,  арнайы  тренингтер 
ұйымдастыру; проблеманы нақтылау - жалпылау бағдарламаларының құрамды бөлігі болып 
табылады, тұлғалық білім беруге негізделеді [1]. Сонымен білім, оны (білімді) меңгерумен, 
яғни  оқыту  үдерісін  ұйымдастырумен  байланысты  қарастырылады.  Оған  қатысты 
төмендегідей анық-тама түсініктерін келтіруге болады: 
-  меңгеру  -  жаңа  тәжірибенің  бұрынғы  тәжірибемен,  жаңа  ақпараттың  осыған  дейін 
саналы түрде меңгерген ақпаратпен ұласуы [2, 139 б.]; 
-  меңгеру  дегеніміз,  яғни  дәлірек  айтсақ  өзіндік  ету  дегеніміз  –  түсіну,  есте  сақтау  және 
қолдана білу [3, 31 б.]; 
-  меңгеру  дегеніміз  –  бұрынырақ  түсінгенді  және  есте  сақтағанды  практикада  пайдалану 
мүмкін-дігі [4, 20 б.]. 
Білім мазмұнын түзетін ұғымдарды қолдану үшін: 
а) ұғымдардың мазмұнын білу;  
б) ұғымға қолдану керек объекті немесе өндірістік үдерістің сипатты белгілерін білу;  

в)  өндірістің  сипатты  белгілерінің,  жақтарының  ұғым  мазмұнына  сәйкестілігін  немесе 
сәйкес еместігін анықтау керек. 
С.Абдукадирова  білімді  меңгеруге  қатысты:  айнала  қоршаған  заттар  мен  құбылыстар, 
олардың  өзара  байланыстары  мен  тәуелділіктері,  даму  заңдылықтары  жөніндегі  объективті 
ақпараттарды  (оқу  материалын)  ұғып,  түсіну,  есте  сақтау  және  оларды  сөзбе-сөз  қайталап 
айтып беру, жаңғырықтыру ғана емес, сонымен бірге оларды жеке, субъективтік іс-әрекетке 
(танымдық және практикалық іс-әре-кетте) белсенді түрде пайдалану. Демек, танымдық және 
практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда білімді қолдану оны меңгерудің жаңа әрі жоғары 
сатысы болып табылады деп біледі. 
«Требования  к  знаниям  и  умениям  школьников»  атты  авторлық  бірлестікте  жазылған 
моногра-фиялық  еңбекте,  Т.Л.Коган  оқыту  нәтижесінің  сапасы  туралы  тұтастай  білім 
сапасын  арттыру,  білім  беру  тиімділігі  туралы  жазылып  жүргендігін  айтады  [5,  64  б.]. 
Сондай-ақ,  ғалым  сапа  деп,  меңгеру  нәтижесінің  толықтылығы,  дұрыстығы  сияқты 
жекелеген едәуір мәнді қасиеттерін түсінеді, білім сапасын «меңгеру нәтижелерінің біртұтас 
және  тұрақты  ерекшеленіп  білінуі»  ретінде  анықтайды.  Ол  білім  сапасының  «меңгерілетін 
оқыту  мазмұнының  және  оны  меңгеру  үшін  жүзеге  асырылатын  іс-әрекеттің  мәнін 
анықтайтын белгілер жиынтығы ретінде және қалыптасу үстіндегі оқушының жеке басының 
қасиеті» ретінде көрінуі мүмкін екендігін атап көрсетеді [5, 65 б.]. Ал, білім сапасы дегеніміз 
–  мектепте  білім  алып  отырған  шәкірттің  немесе  мектеп  бітірушінің  білім  алу  арқылы 
әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. 
Педагогикалық зерттеулерде: оқушылардың білімінің сапасы - білімнің балалардың өзінің 
іс-әре-кеті объектісіне, объективті шындыққа деген қатынасын қалыптастыру базасы ретінде 
қызмет  ету  қабілетін  құрайтын  белгілері  мен  қасиеттерінің  бірлігі  ретінде  де  анықталады 
(С.Абдукадирова). 
Т.Л.Коган  оқушылардың  білімін  оқыту  үдерісінің,  ең  алдымен  оқыту  мазмұнын 
меңгерудің нәти-жесі деп санайды және де білім сапасын үш деңгейге бөледі [5, 69-79 б.]. 
1.  Пәндік-мазмұндық  деңгей.  Бұл  деңгейде  білім  сапасы  толықтығымен,  талдап 
қорытындыла-нумен, жүйелілігімен сипатталады. 
2.  Мазмұндық-іс-әрекеттік  деңгей.  Білім  сапасының  екінші  деңгейі  беріктіктігімен, 
жұмылдыры-луымен  (дайын  тұрушылығымен),  әрекеттілігімен  сипатталады.  Бұл  деңгей 
оқушылардың білімінің кейінгі өңделуінің және түрлендірілуінің нәтижесін сипаттайды. 
3. Мазмұндық-жеке тұлғалық деңгей. Бұл деңгейде оқушының жеке басының ақыл-ой іс-
әреке-тінің  (ақылының)  қандай  да  бір  қасиеттерінің  оқыту  ықпалымен  қалыптасуы 
қарастырылады, олар: тұрақтылық, оралымдылық, тереңдік сияқты қасиеттер. 
Н.Н. Самылкина өзінің еңбегінде меңгерілген білімнің сапалық сипаттамасы жөнінде Т.Л. 
Коган-ның ойын қуаттай келе, деңгейлерді төмендегідей бөліп көрсетеді: 
- пәндік-мазмұндық (қалыптастырылған білімнің толықтығы және жүйелілігі); 
- мазмұндық-іс-әрекеттік (оқушылар білімінің беріктігі мен әрекеттілігі); 
-  мазмұндық-жеке  тұлғалық  (білімді  қолдану  кезіндегі  өзбетінше  әрекет  етушілігі  және 
жеделді-лігі). 
Қарастырылып отырған оқушылардың білім сапасы және оны арттыру жолдары көптеген 
дидак-тикалық  зерттеулерде  біршама  қарастырылған.  Сондай-ақ  аталған  мәселе  педагог 
классиктердің  еңбектерінде  де  көрініс  тапқан.  Я.А.Коменский  өзінің  дидактикалық 
еңбектерінде алғаш рет білімнің саналылық, жүйелілік, беріктік және т.б. сияқты сапаларына 
(қасиеттеріне)  сипаттама  берсе  [6],  осы  ойды  дамыта  отырып,  А.Дистервег  оқушылардың 
білімінің жүйелі, саналы, берік болатындай жағ-дайлар мен шарттарды сипаттап береді. Атап 
айтқанда:  
-  баланың  сезім  арқылы  қабылданатын  материалдарды  терең  ойластыруын  және 
мағынасын жете түсінуді; 
- оқытудың үздіксіздігі; 
- көрнекілікті қолдануды;  
- оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескеруді; 

- оқу материалын есте бекітуді; 
-  ақыл-ой  күштерінің  қозуына  ықпал  ететін  оқыту  әдістерін,  оқушылардың  оқыту 
үдерісіндегі ақыл-ой белсенділігін
-  оқу  материалының  түсініктілігін,  баланың  шамасына  лайықтылығын  және  т.с.с. 
жатқызды [7, 150-162 б.]. 
Білім  сапасы  жөніндегі  анықтамаларға  тоқталар  болсақ:  В.М.Полонский:  білім  сапасы  – 
мектеп  түлектерінің  оқу  мен  тәрбиенің  жоспарланған  мақсаты  негізінде  белгілі  бір  білім, 
біліктілік,  ақыл  және  танымдық  даму  деңгейі,  -  деген  анықтама  береді  [8],  ал, 
Ю.В.Василькованың  «Страницы  отечественного  образование»  атты  еңбегінде  білім  сапасы 
білім  мекемелеріндегі  оқыту  іс-әрекет-терінің  аспектілері:  білімнің  мазмұны,  оқыту 
әдістемесі,  әдісі,  материалдық-  техникалық  базасы,  мамандардың  құрамы,  т.б.  оқушыны 
дамытуға  қатысы  бар  көрсеткіштердің  жиынтығы  арқылы  анық-талып,  білім  сапасы  білім 
беретін мекемелерде олардың барлық іс-әрекетінің бағыттарында қарасты-рылады, олардың 
жиынтығының  нәтижесінде  жүзеге  асады  және  білім  беру  мекемесінің  оқудағы  әрекетінің 
аспектісін бейнелейтін білім сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы: 
- білімнің мазмұнымен; 
- оқытудың түрлері және әдістерімен; 
- мектептің материалдық-техникалық базасымен; 
- мамандардың біліктілігімен, тәжірибесімен анықталады [9]. 
С.Е.Шишов, В.А.Кальней өздерінің  «Мектепте сапалы білім берудің мониторингі» деген 
еңбегінде  жалпы  білім  беретін  мекемелердің  іс-әрекетінің  бағалау  критерийі  жайлы 
нақтылап жазып, білім беру сапасы - қоғамның тұтынымының дамуымен және сұранысына 
талап  сай  келіп  және  тұлғаның  кәсі-билігін,  адамгершілігін,  қоғамдық  өмірге  бейімдеу 
қабілетін  қалыптастырып,  қоғамдағы  білім  үдері-сінің  күйін  және  нәтижесін  анықтайтын 
әлеуметтік категория деп қарастырған [10, 320 б.]. 
Ю.А.Конаржевскийдің  пікірінше,  білім  беру  сапасы  -  қойылған  талаптарға  тұлғаның 
азаматтық  кәсіптік  құзырлығының  қалыптасуы  мен  даму  дәрежесінің  ішкі  және  сыртқы 
тұтынушылардың сұранысы мен күткеніне сәйкес келу деңгейімен сипатталатын білім беру 
үдерісінің  жайы  мен  нәти-желілігі;  білім  алушылардың  белгілі  бір  кезеңде  қол  жеткізген 
білім  мен  біліктілік,  ақыл-ой,  адам-гершілік  және  дене  тәрбиесі  дамуының  жоспарланған 
мақсатқа сәйкестік дәрежесі; білім беру ұйым-дары көрсететін білім беру қызметінен күтетін 
білім беру үдерісіне қатысушылардың қанағатта-нушылық деңгейі [11, 224 б.]. 
О.Б.Епишева  мен  В.И.Крупич  «Учить  школьников  учиться  математике»  атты  еңбегінде 
білім  сапа-сының  оқыту  әдістерімен,  оқыту  тәсілдерінің  кезеңдерімен,  оқу  іс-әрекетінің 
қасиеттерімен сәйкес қалыптастырылатынын нақты көрсеткен [12]. Оның ішінде: жүйелілік, 
нақтылық,  саналылық,  толық-тық,  жеделділік,  тереңдік,  икемділік,  кеңінен  ашылғандық 
(жазылғандық), оралымдылық (жинақталу-шылық), талдап қорытушылық, беріктік. 
Ғалымдар  кең  көлемде  «білім  сапасы»  ұғымын,  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стан-дарты  негізінде  оқытудың  соңғы  нәтижесі  деп  қарастырады.  Білім  сапасы 
қоғамның  сұранысына  және  білімді  тұтынушының  талабына  сай  болуы  керек.  Әсіресе 
педагогикалық  менеджмент  және  маркетинг  теориясында  білім  сапасының  мәселелеріне 
ерекше  мән  береді.  Көптеген  ғалымдар  білім  сапасының  әдістемелік,  теориялық, 
мониторингтеу  аспектісін  толық  және  білім  беру  мекемесіндегі  білім  беру  әрекеттерін 
жекелей  қарастырады.  Дегенмен  де  білім  сапасының  теориясын  жасауға  өз  үлесін  қосқан 
белгілі ғалымдар М.М.Поташник, С.Е.Шишов, Ю.А.Конаржевский болып табылады. 
Академик  И.Я.Лернердің  білімді  сапалық  қасиеттеріне  қарай  алтыға  бөліп  көрсеткені 
қызы-ғушылық  тудырады.  Олар:  білім  сапасының  дұрыстығы,  толықтығы,  әрекеттігі, 
түсініктілігі,  берік-тігі,  жүйелігі.  Жалпы  алғанда,  білімнің  мазмұны  (көп  жағдайда)  құрамы 
бойынша  анықталса,  білім  сапасы  көбіне  деңгейі  бойынша  анықталады.  Академик 
В.Беспалько  білімді  игерудің  төрт  деңгейін  бөліп  көрсетеді:  оқушылық  (қайта  жаңғырту), 
алгоритмдік  (жүйелеу,  реттеу),  эвристикалық  (таным-дық  ізденіс)  және  шығармашылық 
(ойлап  табу,  құрастыру).  Жоғарыда  аталған  білімді  игеру  деңгей-лерінің  ішінде  алғашқы 
үшеуі  мектепте  қолданылатын  үш  бағаға  салыстырмалы  түрде  сай  келеді  деп  есептеледі 
және  білім  сапасының  да  үш  деңгейін  анықтайды:  оқушылық-дұрыстығы  мен  толықтығы; 
алгоритмдік-түсініктілігі мен әрекеттілігі; эвристикалық-жүйелілігі мен беріктігі [13, 14].  

Оқушының  сапалы  білімі  оның  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттеріне,  сол 
арқылы  бел-сенділігі  мен  дербестігіне  тікелей  тәуелді.  Бұл  –  оқытудың  жоғары  деңгейдегі 
әдістерін  пайдала-нылып,  сабақты  неғұрлым  жоғары  дәрежеде  өткізген  сайын,  оқушылар 
білімінің де сапасы жоғары болады. 
Білім сапасын құраушы қасиет белгілері төмендегіше:  
- толықтық – зерттеліп отырған объекті жөніндегі білімдердің бағдарламалық санымен; 
-  жүйелілік  –  білім  жиынтығының белгілі  бір  құрамын  олардың  ретіне  және  бірізділігіне 
қарай ұғынумен; 
- жүйелену – оқушының ғылыми теориялардың құрамындағы орнын ұғынуымен;  
- жеделдік – бірыңғай жағдайларда білімді пайдалану білігімен;  
- икемділік - өзгертілген жағдайларда білімдерді пайдаланудың вариативтік тәсілдерін өз 
бетімен тану білігімен;  
- талдап қорытушылық (жалпыланғандық) – жалпыланған түріндегі нақты білімді көрсете 
білу  білігі  ретінде  және  жинақтылығымен,  ашықтығымен,  саналы  ұғынылуымен  – 
білімдердің  арасындағы  байланысты  және  қатынасты  түсінумен,  оларды  ашу  жолдарын, 
сондай-ақ дәлелдеу білігімен;  
-  беріктілігі  –  білімдерді  есте  ұстау  тұрақтылығы  және  оларды  қолдану  тәсілі  басқа 
білімдер негізінде қажеттісін шығаруға дайындығымен сипатталады. 
Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелілігін, оның тұлғаның азаматтық, тұр-
мыстық  және  кәсіби  тұжырымдамаларын  дамытуда  және  қалыптастыруда  қоғамның  қажеттілікте-
ріне сай болуын анықтайтын әлеуметтік категория. 
Сапалы  білім  беру  дегеніміз  –  ғылымға  негізделген  жүйелі  бағдарлама  бойынша  теориялық, 
практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне 
келтіріп  жетілдіру  болып  табылады.  Сапалы  білім  беру  –  оқыту  мен  тәрбиелеудің  үздіксіз  үдерісі. 
Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-өрісі бар, адам-
гершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Балалардың  білім сапасын арттыруда бала 
дамуының  мынадай  негізгі  белгілерін:  дербестігін,  проблемалық  ситуация,  шығармашылық  таным 
әрекетін, диалектикалық ойлауын, т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. 
Оқушының білім сапасын арттыру - өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы 
мен  дарындылығының  дамуына  жағдай  жасай  алатын,  тұлғалық-гуманистік  бағыттылығы 
жоғары,  педагогикалық  ақиқат  пен  ондағы  өзінің  іс-қимылын  жүйелілікпен  арттыруға 
қабілетті,  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгерген  және  білімдік  мониторинг  негізінде 
ақпараттарды  таба,  таңдай,  сараптай  алатын,  отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді 
шығармашылықпен қолдана білетін мұға-лімге байланысты. 
Оқушылардың білім сапасын нақты көрсететін жекелеген пәндердің сапа көрсеткіші мен 
үлгерімі екендігі бәрімізге аян. Ал, оқыту сапасы – оқыту мақсаты мен міндеттері негізінде 
қойылған белгілі бір талаптарды оқушылардың орындау қабілеттілігі. 
Қазіргі таңда білімнің сапасы оқытудың сапасына және оқушының білім сапасына тікелей 
байла-нысты. Оқыту сапасы мұғалімнің сабақтағы әрекетінің мынадай өзіндік ерекшелігімен 
сипатталады: 
- жаңа дидактикалық әдістерді қолдануы; 
- сабақты оқытудың әдістемесі және түрлері; 
- оқушының сапалы меңгерген білімі, іскерлігі, дағдысының жетістігі;  
-  оқушының  оқуға  көзқарасы,  шәкіртінің  әр  түрлі  олимпиада,  сайыс,  ғылыми 
конференцияға қатысуы; 
- ғылыми-әдістемелік біліктілігін жетілдіруі; 
- ғылыми экспериментке қатысуы, т.б. 
Қорыта  айтқанда  жоғарыда  аталғандардың  барлығы  мұғалімнің  сабағындағы  берген 
білімінің  сапасының  көрсеткіштері  болып  табылады.  Ал,  оқушының  білім  сапасы  -  орта, 
негізгі,  бастауыш  білім  беру  мазмұнының  міндетті  минимумын  игерген  жетістігін 
бағалаумен анықталады. 
 
1.
 
Пірәлиев С.Ж. XXI ғасырда кәсіби маман мұғалім даярлаудың қазіргі заманғы мәселелері//Труды между-
народной  научно-практической  конференции  «Современные  проблемы  подготовки  педагогических  кадров  и 
перспективы развития естестесвенных наук». - Шымкент: МКТУ им. Ясави, 2006. – С. 3-8. 
2.
 
Дидактика средней школы/под. ред. М.Н.Скаткина. – М.: Просв., 1982. - 319 с. 
3.
 
Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. - М.: Просв., 1985. - 208 с. 
4.
 
Платонов К.К. О системе психологии. – М.: Мысл, 1972. - 216 с. 
5.
 
Требования к знаниям и умениям школьников: Дидактико-методический анализ/под.ред. А.А.Кузнецова. – 
М.: Педагогика, 1987. - 176 с. 

6.
 
Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения: 2 т. / под. ред. А.И.Пискунова.  –М.: Педагогика, 
1982. - 396 с. 
7.
 
Дистервег А. Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз., 1956. – С.150-162. 
8.
 
Полонский В.М. Критерии качества и эффективности научно-педагогических исследований//Советская 
педагогика. - 1982. -№9. – С. 65-70. 
9.
 
Шишов С.К., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе.  –  М.: Педагогическое  общести 
России, 1999. - 320 с. 
10.
 
Конаржевский  Ю.А.  Менеджмент  и  внутришкольное  управление.  –  М.:  Педагогический  поиск,  2002.  - 
224 с. 
11.
 
Василькова Ю.В. Страницы отечественного образование. – М., 1996. - 376 с. 
12.
 
Епишева  О.Б.,  Крупич  В.И.  Учить  школьников  учиться  математике:  Формирование  приемов  учеб. 
деятельности: кн. для учителя. – М.: Просвещение, 1990. - 128 с. 
13.
 
Лернер И.Я. Развивающее обучение с дидактических позиций. – М., 1996. - 187 с. 
14.
 
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологией. - М., 1989. - 360 с. 
Резюме 
В  этой  статье  расматривается  теоритические  основы  и  уровень  исследование  проблемы  повышение  качество 
знание  учащиихся.  Также  раскрываются  своиственные  признаки  и  уровни  качество  знание.  Актуальность 
выбранной темы данной статьи связана с уделением особого внимания повышение качество знаний в начальных 
классах в последнее время.  
В  статье  освещаются  вопросы  понятие  качество знание, повышение качество знание, уровни качеств знание. 
Качество знание в настоящее время позволяет расширять и углублять содержание образования путем внедрения 
новых обучающих технологий. На теоритические основы и уровень исследование проблемы повышение качество 
знание учащиихся сделаны некоторые выводы. 
Ключевые слова: качество знание, повышение качество знание, уровни качеств знание. 
Summary 
Thia article deals with increasing quality of students’ knowledge is considered theoretical bases and level  research 
of a problem. Also peculiar signs and levels quality knowledge reveal. 
of the chosen subject of this  article is connected  with paying of special attention increase quality of knowledge in 
initial classes recently.  
In article questions concept quality knowledge, increase quality knowledge, levels of qualities knowledge. Quality 
knowledge allows to expand and to deep the content of education by introduction of the new training technologies now. 
On theoretical bases and level research of a problem increase of students’ quality knowledge. 
Keywords: quality knowledge, increase quality knowledge, levels of qualities knowledge. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет