1.3 Кәсіптік білім берудің бастауы
Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-
1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында
жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар
айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек
деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне
демократиялық көзқарас білдірген.
XVIII ғасырда жаңа педагогиканың негізін қалаған ұлы чех педагогы
Я.А. Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына,
әсіресе, дидактика саласы бойынша XI-XII ғасырларда жаңа философияның
(Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи), соның ішінде ағылшын материализмінің
негізін қалаушы Ф Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының
жаңа дәуір талабына сай қайта құрылуына арқау болды. Я.А. Коменскийдің
«Суреттегі сезімдік заттар дүниесі» атты оқулығында балаларды әртүрлі
11
қолөнермен, еңбек құралдарымен және өндірістік технологиямен
таныстыруға негізделген.
Жаңа уақыт қарсаңында ағылшын философы және педагогы Д.Локк
(1632-1704) міндетті түрде белгілі бір қолөнерін үйренуді енгізген
«джентельменді» (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады.
Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік
білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан «Ғылым, өнер және қолөнер
энциклопедиясы» атты кітабын шығарды.
Сондай-ақ, I Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары:
мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы,
оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше
орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін
және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі
(1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз
академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар
үшін басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім
беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан
өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және
өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. Социал-утопистердің
К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858)
қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіби
дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың
«индустриалды ұранының» дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік
мектептердің теңдігі.
Русьта қолөнер ежелгі салт-дәстүрден келе жатты. Ежелде пайда болған
қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіби дайындаудың негізгі формасы
болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен
В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады,
сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу
және қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар
жиынтығын
жасады.
Либералды-буржуазиялық
педагогиканың
өкілі
Н.И. Пирогов (1810-1881) қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар
маманданудан айырылған кәсіптік білім беруді ойластырған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің «Петербургтағы
қолөнер оқушылары», «Жексенбілік мектептер», «Астаналарда қолөнер
мектептерінің қажеттілігі» атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын
білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын
көрсетті:
- экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді
орындау;
- әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау;
- салттық - балалар еңбегін пайдалану;
- педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбек
12
арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап
беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру.
Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес
қосқан «Техникалық білім беру» (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы
Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен
А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім
берудің тұрақты комиссиясы ашылды.
Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа
құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі
бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер
дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға
алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі
жалпыресейлік техникалық және кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік
үш съезде (1889-1890, 1895-1896, 1903-1904 жж.) қаралды.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің
бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық
училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.
Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің
негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған
«Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары» (1884 ж.) атты жобасы
үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев,
В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К. Советкин,
С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі талаптарын
қалыптастырды:
- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;
- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;
- жалпы блім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;
- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі;
- кәсіптік білім беру мазмұнында жалпы және арнайы компоненттердің
жанасуы;
- оқытудың практикалық бағыты және қоғамдандыруы;
- қолөнер мектептерінің ауысуы;
- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру.
Осы кезде Францияның қоғамдық қайраткері К.А. Корбон (1808-1881)
өзінің «Кәсіптік білім беру туралы» кітабында жұмысшылар балаларына білім
беруінің жағдайына бірінші болып анализ жасады, қоғамның және тұлғаның
еркін түрде мамандық таңдауының мағынасын көрсетті, жалпы кәсіби
дайындықтың және кәсіптік мектептерді ашу, ой және дене еңбегінің
байланыстылығы міндетті түрде керек екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол
балаларды ерте кәсіптендіруге қарсы шықты.
Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның
тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі
болып есептеледі. Ыбырай өзінің «Атымтай жомарт», «Әке мен бала»,
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты балаларға арналған әңгімелерінде
13
балаларды еңбек арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол
еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы рөлін «Бай баласы мен
жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерінде білімнің жаңа адамды
қалыптастырудағы рөлі мен маңызын көрсете білген.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасын құру, мектеп ашу
арқылы оқу-ағарту тарихында қазақтың тәрбие тағылымының, оның
ішінде еңбек тағылымының еңбек пен еңбек тәрбиесінің теориясын
жасаушы тұнғыш педагог. Ол, 1883 жылы Торғай қаласында ашылған
қолөнер мектебіне еңбек сабағын енгізіп, оқушыларды еңбекке үйрету
бағдарламасын жасап, училищенің басты мақсаты оқушылардың еңбек
тәрбиесін жақсарту деп біледі. Алтынсарин ең бастысы өзінің халқын
сүйген. Ол осы тұрғыда былай деп жазған болатын: «Қазақ табиғатынан
ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар:
ол біріншіден – олардың білімімен кенжелігі, екіншіден – еңбек етуге
баулуы және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі деген екен. Одан әрі пікірін
жалғастырып «Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның
келешегі үшін, оған тек сана-сезімі жағынан жалпы білім мен пайдалы
өнерді халықтық еңбек өнерін үйрену керек» деген болатын.
Орыс педагогикасының және өзінен бұрынғы Орта ғасыр
ғұламаларының, Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірлеріне
ғылыми талдау жасаған Шоқан жастарды, тіпті үлкен адамдарды жеке
кәсіпті игеруге қалыптастыруда мектеп оқуының ғылыми негізде
құрылуын, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай
білім алуымен, алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуге негіз
екенін ерекше бағалады.
Шоқан Уәлихановта еңбек пен еңбек тәрбиесінің пайда болып, оның
дамуын ғылыми тұрғыда шешті. Еңбек тәрбиесінің теориясы, оның
практикада қолданылуы – еңбектің дене еңбегі мен ой еңбегі болып
бөлінуіне байланысты дамиды деген тұжырым жасады.
1.4 XIX-XX ғасырларда кәсіптік білім берудің қалыптасуы
XIX-XX
ғасырларда
Германияның
әлеуметтік-экономикалық
жағдайларының жақсаруына байланысты өндіріске жаңа техниканы қосу
қажеттілігі педагогика мәселесін жолға қоюды талап еткен реформаторлық
ағымдар пайда болды. Оның көш басында неміс педагогы Георг
Кершенштейнер (1854-1932) тұрды. Оның ойынша, халықтық мектептің
маңызды мақсаты – кәсіптік іс-әрекетке жастарды жалпы дайындау. Ол
оқыту бағдарламасына балаларды шеберханаларда, бау-бақшаларда және
асханада оқытуды енгізді. Жас жұмысшыларға арнап ол жасөспірімдердің
кәсіби дайындығын жүзеге асыратын «қосымша мектептер» ашты. Ол
негіздеген «Азаматтық тәрбие» жастардың өз отанын сүйіп, мемлекет
міндеттерін, азаматтық борыштарын саналы орындауға шақырды. Оның
ұсынған «Еңбек мектебі» идеясы бойынша мектепке реформа жүргізіп, халық
еңбегіндегі оқушылар қол еңбегіне үйретіліп, техникалық әдет-дағдыларын
14
игеру талап етілді. Ол халық мектебі мен армияны мемлекеттік тәрбие
мекемелері деп санады. Еңбек ететін жеткіншектерге қосымша мектептер
ашуды міндеттеді. Халық мектебінің оқу жоспарын қайта құрды. Оқытудың
белсенді әдістерін енгізді, еңбекке оқыту жүйесі мен әдістемесін жасады.
Г. Кершенштейнер өндірістегі практикалық жұмыс пен теориялық
оқытуды ұштастыратын фабрика-зауыттық оқыту жүйесінің негізін салды.
Бұл жүйе тек қана Германияда ғана емес, сонымен қатар Европаның
көптеген басқа елдерінде кең қоданылды.
XIX ғасырдағы орыс халық мектебінің және Ресейдегі педагогика
ғылымының негізін салушы К.Д. Ушинский өзінің «Еңбектің психикалық және
тәрбиелік мәні» атты еңбегінде Шығыс ойшылы, ағартушы ғалым Әлішер
Науаи еңбек тәрбиесін патриоттық тәрбиемен жалғастырған, оның негізін
салған ұлы ағартушы және ол еңбек тәрбиесінің пәрменділігін арттырады.
К. Маркс (1818-1883) жасөспірімдерді өндірістің барлық негізгі
принциптерімен таныстыратын және барлық өндірістердің жеңіл құралдарымен
меңгеру дағдысын беретін техникалық оқытудың идеясын негіздеп, оны
коммунистік тәрбие беру жүйесіне енгізді. Ол оқытуды өндірістік еңбекпен
байланыстыру, балалар еңбегін рационалды ұйымдастыру және қорғау туралы
мәселелерді қарастырды. Бұл идеялар ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші
жартысында
социал-демократтардың
педагогикалық
орталарында
кең
қолданылды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысында АҚШ және Батыс
Европа елдерінде білім берудің жаңа реформалық теориялары пайда
болды. Олардың бірі еңбек мектебінің теориясы болды.
АҚШ-та кәсіптік педагогиканың дамуы өндірісте еңбектің ғылыми
ұйымдастырылуының пайда болуымен байланысты. Бұл өндіріске жаңа
технологияларды, конвейерлік жүйенің енгізуімен, еңбек өнімділігінің
жоғарлауы мен өнімнің бәсекелістікке төзімді болу қажеттілігінен пайда болды.
Америкадағы инженер Ф.У. Тейлор (1856-1915). ХІХ және ХХ ғасырда пайда
болған өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жүйесін құрастырып,
сипаттады. Ол келесі шараларды ұсынды: жұмыс күнін тығыз пайдалану, еңбек
пен демалысты рационализациялау, жұмысшы адамның психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып кәсіптік іс-әрекетіне есеп жүргізу, еңбек
әрекеттерін және тәсілдерін таңдау, анализдеу. Осы нұсқаудың негізін салды,
картасын жасады.
Тейлор жүйесінің негізгі принциптері:
- Жұмысшылардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын жіктеу және
жинақтау;
- Әрбір жұмысшының еңбектегі индивидуалды сапаларын ескеру;
- Жұмысшылармен басқарушылар арасындағы өзара жауапкершілік және
еңбекті тепе - тең бөлу.
- Жұмысшылармен, басқарушы өкілдермен қарым - қатынасы.
Тейлордың
еңбекті
ұйымдастыру
жүйесін
модернизациялау,
жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту идеялары «тейлоризм» деп аталып,
оның замандастарымен әрі қарай дамытылды. Жалпы өндірісте және
15
конвейерде кооперациялық еңбек бөлісінде тейлоризм еңбек өнімділігі артты,
бірақ сонымен қатар жұмысшылардың тез шаршауына, әртүрлі кәсіптік
ауруларға шалдығуына әкелді.
Кәсіптік оқытудың әдістемесі мен ұйымдастыруының реформалауына
конвейерлі өндірісті енгізген автомобиль жасаудың негізін салған – Генри Форд
(1863-1947) үлкен еңбегін сіңірген. Ол жұмысшылар еңбегінің интенсивтілігін
жоғарылататын еңбекті операцияларға бөлу негізінде операциялық-жедел оқыту
жүйесін жасады, бірақ сонымен қатар жұмысшылардың көп бөлігінің
деквалификациясына әкелді және оқу мерзімі қысқартылды. Осындай, мысалға,
жұмысшылардың 43% -ы бір күн оқытылса, 36%-ы бір апта бойы, 6%-ы екі
апта бойы. Тек қана жұмысшылардың 15% -ы бір айдан бір жылға дейін
оқытылған.
ХІХ ғасырдың аяғында Батыста кәсіптік оқытудың практикалық
педагогикасы пайда болды. Өндірістерде педагогикалық функциялары бар оқу
шеберханалары ашыла бастады. Кәсіптік білім беру саласындағы зерттеулерді
тоқтатқан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЮНЕСКО-ның басқаруымен
Европа елдерінде халықаралық және ұлттық кәсіптік және өндірістік оқыту
орталықтары ашыла бастады, кәсіптік білім беру мәселелеріне арналған
конференциялар, семинарлар өткізіле бастады. Ұлттық шеңберде кәсіптік оқыту
жүйелерінің реформалары басталды, мамандарды дайындау бойынша
халықаралық байланыстар күшейді.
ХІХ ғасырдың 60-80 жылдардағы Ресейдегі қоғамдық-педагогикалық
қозғалыс демократизацияға және барлық халықтың білім алуын кеңейтуге
бағытталған және бұған революция-демократиялық (Н.Г. Чернышевский,
Н.А. Добролюбов), буржуазды-демократиялық (К.Д. Ушинский), либералды-
буржуазиялық (Л.Н. Толстой, Н.И. Пирогов) және реакциондық (Халық ағарту
министрлігі) бағыттары кірді. Қоғамның қысымымен үкімет Ресейдегі
бастауыш, орта және жоғарғы білім беруде реформалар жүргізуге мәжбүр
болды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде кәсіптік білім берудің әдістемесі мен
теориясының жеке ғылым ретінде өмір сүруі басталды. Бұл өндірістің және
капиталистік қатынастардың дамуына, кәсіптік оқу орындарының көбеюіне,
мектептегі білім берудің реформалауына, Ресейдегі қоғамдық-педагогикалық
қозғалыстың басталуына байланысты болды. Көбінесе бұған ғылыми және
техникалық қоғамдардың іс-әрекеті әсер еткен: Орыс техникалық қоғамы,
Ерікті экономикалық қоғам, Мәскеудегі техникалық білімді тарату қоғамы. Бұл
ұйымдар кәсіптік оқыту орындарын ашты, Ресейдегі жалпы және кәсіптік білім
беру жүйесін реформалау жобаларын жасады, шетелде жұмысшыларды және
басқа мамандарды дайындау тәжірибелерін зерттеді, кәсіптік-техникалық білім
беру саласында қызмет етіп жатқандарға съездер өткізді, ғылыми, оқу және
әдістемелік әдебиеттерді шығарды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде кәсіптік оқытудың дидактикасы дами
бастады. Бұл процесте басты рөлді Мәскеудегі тәрбиелеу үйінің базасында
қалыптасқан Мәскеулік техникалық училищесі атқарды. Бұл оқу орнының
16
шеберханаларында Д.К. Советкин (1838-1912) оқу шеберінің басқаруымен
дүниежүзі практикасындағы бірінші ұсталық, балташылық және зергерлік
қолөнеріне өндірісте үйрететін дидактикаға негізделген жүйе жасалынды.
Ресейдегі революциялық оқиғалардың қарсаңында білім беру жүйесін
әлеуметтік-экономикалық өмір талаптарына сай реформалау қажеттілігі
байқалды. Балалар мен жасөспірімдердің өндірістегі белсенділігін балалар
еңбегін қорғау туралы әлеуметтік сұрақтарды тудырды. Үкімет тарапынан
қолданыс таппаған білім беруді демократизациялау ұсыныстары болды.
2 Заманауи кәсіптік білім беру дамуы
2.1 ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының
жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Осы кезеңнің
ерекшелігі келесіде: бірінші орынға білім беру дамуында идеологиялық және
әлеуметтік-саяси факторлар шықты.
Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай журнал беттерінде
басылды: «Жұмыс мектебінің өмірі», «Жұмысшы білім», «Өндірістік кадрлар»
және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы педагогикаға ғана
емес, сонымен қатар техника мен технологияның жетістіктеріне сүйенеді деп
есептеген. Социалистік қатынастар өндірістерде, колхоздар мен совхоздарда
ұжымдық еңбекті жүзеге асыратын болғандықтан, қоғамдық жауапкершілік,
ұжым алдындағы әрбір мүшенің жеке мүддесі үшін саналылықты талап етті.
Сондықтан қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар, социалистік жарысты
ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі үшін, өзінің табы
үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Ерікті Отан игілігіне арналған
социалистік еңбек еңбекші бұқараның тұрмыстық дәрежесінің өсуіне жағдай
жасап, оның артықшылығын көрсетті. Құлшына жасалынған еңбек, халық
шаруашылығының қарқынмен өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси
белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді.
Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының
пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған саналы көзқарас бойынша
істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты,
психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге
көзқарасы тереңдей түседі. Жұмысшы табының рухани бейнесінің өзгеруі,
оның қоғамдық және саяси қызметке белсенді қатынасуы және қоғам құру
жолындағы күресте пайда болды. Сондықтан заводтар мен фабрикалар,
құрылыстар, колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу
мектебіне айналды. Социалистік құрылыстың еңбектегі келесі бетбұрыс
келбетінің бірі – стахановшылар қозғалысы. Бұл қозғалыс халық
шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру негізінде шығып еді. Өндіріс
жаңашылдарының мұндай қозғалысын еліміздегі әлеуметтік құрылыстың ірі
жетістіктерінің заңды нәтижесі болып табылады.
Қазақcтан Республикасында бұл қозғалысқа алғашында ауыр өнеркәсіп,
17
көмір, түсті металл және мұнай орындары қатынасса, кейін басқа да өнеркәсіп
орындары, транспорт және ауыл шаруашылығы өндірістері қамтылды.
Социалистік құрылыстың өркендеуі арқасында қазақ ұлтының жұмысшы
табының қалыптасуы, олардың кәсіптік шеберлігінің артуы жарыстардың өріс
алуына, бұқаралық жаппай екпінділіктің тууына ықпал жасады.
Себебі, өз алдына дербес даму жолына түсу мақсатында құрылған қазақ
республикасы өзінің экономикалық жағдайын социалистік негізде дамытты.
Революция қарсаңында қазақ өлкесінде ұлттық жұмысшы табы аз мөлшерде
еді. Сондықтан қазақ республикасында индустрияны дамыту елеулі
қиыншылықтар тудырды. Мысалы, қазақ өлкесінің ұшан-теңіз табиғи байлығы
ғасырлар бойы игерусіз жатты. Оның темір, көмір, қорғасын, мыс қазба
байлықтарын зерттеп тауып, халық шаруашылығына пайдалану үшін жұмысшы
мамандар керек болды. Орыс пролетариатының көмегіне сүйене отырып,
Қазақстанның жұмысшы табы мен еңбекші бұқарасы ескі өндіріс орындарын
қайта құрып, жаңа социалистік экономиканың негізін салып, өндіріс құрал-
жабдықтары қоғамдық меншікке негізделген социалистік өндірістік
қатынастарды қалыптастырды.
1917-1940 жылдар аралығындағы кәсіптік-техникалық білім беру
кезеңдерінде кәсіби-техникалық білім берудегі кеңестік жүйе тарихының
құрылуы мен даму мәселелері қарастырылады. 1918 жылғы мамырда Риддер
қоғамының кәсіпорындары, Екібастұз көмір кендері, қорғасын, қалайы зауыты,
Спасск мыс қорыту зауыты, барлық темір жолдар, Ертіс кеме шаруашылығы
кәсіпорындары түгел дерлік еңбекшілер мемлекетінің қолына өтті.
Мектепті қайта құрудағы басты бағыттар, білімді демократияландыру
1918 жылы 16 қазанда БОАК (ВЦИК) декретімен бекітілген еңбек мектебі
туралы Декларацияда және РСФСР-дің біртұтас еңбек мектебі туралы ережеде
айтылған. Мектептерді бастауыш, гимназия, реалды училищелерге бөлу
қысқартылды: екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші – 8 жастан
13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші – 13 жас пен 17 жас
арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу.
Сол жылы «Политехниктер» жеңіске жетіп, 1918 жылдың 16 қазанында
оқыту мен өндірістік еңбек байланысының принциптері жазылған «Бір еңбек
мектептің негізгі принциптері» және «Бір еңбек мектебінің жағдайы» атты
бағдарлама шығарылды. Бағдарламада 17 жасқа толмаған балалардың тегін
және міндетті түрде жалпы және политехникалық білім алуы қарастырылған. 17
жасқа толған адамдарға кең түрде политехникалық білім беру қарастырылды.
Сондағы еңбек мектебінің мақсаты – балаларға тәжірибе жүзінде еңбектің
барлық маңызды түрлерінің әдістері мен бір бөлігі фабрикаларда, заводтарда
танысатын политехникалық білім беру болды. Қазан төңкерісінің жеңісінен
кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі,
зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол
кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан
ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет
үш түрлі жолмен жүзеге асты:
18
- біріншісі – бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке
тарту;
- екінші жолы – білімге құштар сауатты жастардың қысқа мерзімді
курстардан өткізу;
- үшіншісі – арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы
мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты
құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18
ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясына шақырылды. Онда
балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім
беру, саяси тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер
қаралды. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары
Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сондай-ақ, Оралда 1920
жылы оған қоса педагог-суретшілерді дайындау бойынша мектеп тұсауын кесті.
Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы
жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды.
Қазақстанда 1921 жылдың бас кезінде 900 өнеркәсіп орны, темір жолдар,
банктер, сауда одақтары мен өзен флоттары толық мемлекет меншігіне көшті.
1923 жылы жергілікті халықтың әйелдерін өндіріс еңбегіне оқытуға ерекше
назар аударылып, сол үшін мектеп шеберханалары, кәсіби-техникалық
училищелер құрылды.
Аграрлық реформаның жолдарының бірі ретінде «Қосшы» одағы пайда
болды. Ол ауылдың кеңестенуіндегі қазақ шаруаларының жалпы бұқаралық
ұйымы ретінде шықты. Сонымен бірге «Қосшы» ұйымы көп ұлтты сипатта
болды. Оның қатарында орыс, украин кедейлері мен батрактары, сонымен қатар
өзбек, ұйғыр ұлттарының еңбекшілері бірікті. Ауыл кедейлері өздерінің шыққан
тектеріне байланыссыз, өз қатарын онан әрі топтастыра түсті, партия
ұйымдарының басшылығы арқасында жұмысшы табы мен шаруа одағын берік
сақтаумен болды. Мысалға, Шымкент облысындағы Мақтаарал ауданындағы
«Мақтаарал» совхозы 1924 жылы ұйымдасқан болатын. Сол кезде
шаруашылығы тәжірибе участогі қатарында ғана ұйымдасқан, әрі таптық
қайшылықтарға толы болған осы совхоз қазір республикадағы ірі
шаруашылықтың бірі болып саналады.
1925 жылы мамырда Қазақстандағы сауатсыздық қозғалысына кең серпін
берген «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Бүкіл қазақстандық бірінші съезі
өтті. Әсіресе, республика үшін қажетті мамандықтар игеруді назарға алатын
жаңа мектептер ашылды. Мектеп-коммуналардың жанынан қол еңбегі
шеберханалары ұйымдастырылды.
1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі
қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақ КСР-інде мектептер РСФСР
қабылдаған жүйе бойынша, жергілікті жағдайларға байланысты өзгертулер
енгізу арқылы тұрғызылды. Қазақстанда: бір сатылы 4 жылдық білім беретін
мектеп; екі шоғырдан тұратын: бірінші - бір сатылы мектепке сәйкес 4 жылдық,
екінші – 3 жылдық мектептер. Үш шоғырдан тұратын: 1 сатылы, екінші және
19
бірінші барлығы жеті жылдықты құрайтын екі сатылы мектептер
(тоғызжылдық) ұйымдастырылды.
Жұмысшы факультеттері жалпы білім беретін орта оқу орындарымен
бірдей болды. Олар бұрын кезінде білім алуға мүмкіндігі болмаған жұмысшы
және шаруа жастарына толық орта білім береді. Жетіжылдық мектептің
бітірушілері білімін орта арнаулы оқу орындарында – үш-төрт жылдық
мерзімде білім беретін техникумдарда жалғастырды. Ал олардың бір бөлігі екі
сатылы мектептің VIII тобына түсті: 11 сатылы мектепті, техникумдар мен
жұмысшы факультеттерін бітіргендер жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен,
жұмысшы факультеттерінің бітірушілері ерекше жеңілдікті пайдаланды.
Кейінірек, Ленин комсомолының бастамасымен фабрика-зауыт оқу (ФЗУ)
мектептері пайда болды.
Қазақстанда сондай-ақ үшжылдық оқу мерзімімен шаруа жастарының
мектебі (ШЖМ) болды. 1926 жылы Қазақстанда сауаттылық 25,2 процент, ал
жалпы КСРО-да 56,6 процентті құрады. Проценттік жағынан Қазақстан басқа
республикалардан едәуір кейін қалғандығын көреміз. Республикада барлық
үлгідегі 4092 мектепте 277087 оқушы оқыды. Осыған дейін 1926 жылы мамыр
айының өзінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлар кеңесі бірінші «Қазақ АКСР
біртұтас еңбек мектебінің жарғысын қабылдады». Онда 8 жастан 17 жасқа
дейінгі балаларды оқыту, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, мектепте қандай
болмасын дінді оқытуға жол бермеу, онжылдық оқу мерзімі қарастырылды.
Ақырында 1928 жылы Қазақстанда бар болғаны төрт фабрика-зауыт оқу (ФЗО)
мектебі мен екі кәсіптік-техникалық мектеп болды. Осы жылдары Халық ағарту
комиссариаты тарапынан жоғарғы типтегі жалпы білім беретін мектептерде
және кәсіби оқу орындарында оқитын қыздарды, сондай-ақ ұлдарды
стипендиямен, әсіресе мұқтаждарды киім және аяқ киіммен қамтамасыз ету
міндеті қойылды. Жас өспірімдер мектебіне, онда еңбек машығына үйрететін
сабақтарды енгізе отырып, қолөнер-техникалық бағытқа бейімдеудің қажеттілігі
айтылды. 1 және 11 сатылы мектептердің оқу бағдарламалары төңірегіндегі
шаруашылыққа және үй тұрмысына қажет еңбек дағдысына балаларды оқыту
қарастырылды.
1927-1928 оқу жылында әйелдер оқу орындарының саны едәуір ұлғайды.
Әулиеатада, Жаркентте, Семей мен Гурьевте төрт жылдық оқу мерзімі және
оқушы саны 50 адамнан тұратын бірінші сатылы әйелдердің коммуна мектебі
жұмыс істей бастады. Онда 8 жас пен 16 жас аралығындағы қыздар
қабылданды. Бұл мектептердің бағдарламаларын жасаған кезде оларды қол
өнеріне үйрету бағыты ескерілді. Ақырында 1928 жылы Қазақстанда бар
болғаны төрт фабрика-зауыт оқу мен мектептері мен екі кәсіби-техникалық
мектеп болды.
Егін шаруашылығымен айналыса бастаған республикамыздың сыбаға
салмағы егістік көлемін ұлғайту жөнінде 1920 жылмен 1928 жылдың
аралығында 15 проценттен 29 процентке өсті. Әрине, кеңес үкіметі қазақ
халқының жер шаруашылығымен айналысып, отырықшы өмірге көшуіне
жағдай жасап, материалдық көмек беріп отырды. Қазақстанға жылма-жыл
20
мыңдаған ауыл шаруашылық техникалар жіберілді.
Қазақстанда жарыстарды еңбекке ұйымдастыру мәселелері жұмысшылар,
партия және кәсіподақ активтерінің жиындарында қызу талқыланды.
1929 жылы 23 сәуірде Днепр гидроэлектростанциясын құрушылар Түрксибтің
құрылысшыларын жарысқа шақырады. Онда әсіресе экскаваторлық-қазу
жұмыстарының жоспарын мерзімінен бұрын орындауға шақырды. Бұл
шақыруды қабылдаған Түрксибтің солтүстік бөлігінің құрылысшылары өз
тараптарына жарыстың келісімшарттары барлық құрылыс жұмыстарының түрін
арзандатуды міндет етіп қойды. Екпінді бригадалар ірі өнеркәсіптердің бәрінде
де пайда бола бастады. Оларда коммунистер, комсомолдар, алдыңғы қатарлы
жұмысшылар екпінді ұжымның елеулі бөлігін қамтыды. 1929 жылы
10 мамырда Ембінің мұнай кәсіптерінде социалистік жарысқа II цех пен
8 комсомолдық топтар жұмылды. Ал Риддерде 1930 жылдың басында 10
екпінді бригадалар, Түрксибтің солтүстік учаскелерінде 13 екпінді бригада
болды.
1928-1929 оқу жылдары Қазақстанда өндірістегі білікті әйелдер еңбегінің
өсуіне, оқу орындарына әсіресе индустриялық-техникалық және экономикалық
оқу орындарына қыздарды көбірек тартуға ерекше назар аударылды. Халық
ағарту комиссариатының алдына жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-
техникалық оқу орындарында оқитын қыздарға стипендия төлеу, ал тым
мұқтаждарына киім және аяқ киім беру міндеттері қойылды. Жасөспірім қыздар
оқитын мектептерді қолөнері техникасын үйретуге бейімдеу, ондай мектептерде
еңбекке дағдыландырып (киім тігіп, пішу, тоқу, үй шаруашылығы, тоқыма
өнері, мал шаруашылығы) оқыту қажеттілігі айтылды. Бір және екі сатылы
мектептердің оқу бағдарламаларында да қыздарды еңбекке дағдыландыруға,
қоршаған шаруашылықты және үй тұрмысын игеруге үйрету көзделді.
Қазақстанда 1930 жылы-ақ колхоз құрылысында елеулі жетістіктерге ие
болған еді. Сонымен бірге отырықшы өмірге ондаған мың көшпелі-малшылық
тұрмыстағы адамдар көше бастады. Жаңадан ұйымдасқан колхоздарда оның
кадрларын жаппай мамандандыру жүріп жатты. Мәселен, 1931 жылдың
10 ақпанында Қазақстанда 8278 адам курстарда білім көтерді, оның ішінде
2012-і
егін
далалары
бригадаларының
бригадирлері,
40
еңбекті
ұйымдастырушылар, 1290 егіншілер, 305 малшылар, 926 трактористер,
370 құрылыстағы жұмысшылар, 150 десятниктер, 1333 есепшілер, 174 мәдени
тұрмыстық қызметкерлер еді.
1930 жылы Мәскеу облысының өнеркәсіп орындары Қазақстан
өнеркәсіптерін қамқорлыққа алып, кадр мен техника жағынан үлкен көмек
көрсетті. Әсіресе сол кездегі партияның шақыруымен деревняға жіберілген
жұмысшы табының 25 мың өкілдерінің ішінен қазақ республикасына 1200-ден
астамы келген болатын. Украина Қазақстанға өнеркәсіп жабдықтарымен, ауыл
шаруашылық техникасымен қатар көптеген маман кадрлар, инженер-техниктер,
геологтар, агрономдар мен зоотехниктер жіберді. Тек 1928 жылдың жазында
ғана Украина қалалары мен селоларынан 15 мыңдай мамандар келді. Қарсақбай
мен Жезқазған мыс қорыту комбинаттарын жобалауға, Түркістан-Сібір
21
теміржолын салуға, Балқаш мыс алыбы мен Қарағанды шахталарының
құрылыстарын жүргізуге украин ғалымдары мен жұмысшылары белсене
қатысып, жас қазақ жұмысшыларына құрылыстың индустриялық әдістерін
үйретті, білімі мен тәжірибесін бөлісті.
Қазақстандағы социалистік құрылыстың өркендеуі, оның ішінде
индустрияның дамуы, мешеу қалған халықтардың теңсіздігін іс жүзінде жою
бағдарламасын орындаудың маңызды буындарының бірі ретінде елімізде
социалистік экономиканы өркендетуге атсалысты. Осы тұста қазақ өлкесінің
жер байлығын игеру одақтық республикалар мен бүкіл еліміз үшін де тиімді
болғанын айта кету керек. Қазақстанда түсті металл, көмір, мұнай және басқа да
стратегиялық ресурстар өндіретін ірі кәсіпорындар салынды. Олардан шыққан
өнімдер еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс
қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Өз экономикасын ұйымдастыруда
жан-жақты көмек алып келген Қазақстан, енді жалпыодақтық міндеттерді
шешуге, әсіресе еліміздің басқа аймақтарын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық
шикізатының маңызды түрлерімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге белсене
қатысты.
Қазақстан жаңа техниканың негізінде индустрияландыру мен ауыл
шаруашылығын қайта құру жолында ілгері басты. Мектепте әртүрлі үйірмелер
жұмыс істей бастады. Тәжірибелік-көрнекті мектептерде, сондай-ақ, коммуна-
мектептерде үйірмелер жақсы жұмыс істеді. Халық Ағарту комиссариатымен
1931 жылы жылжымалы мектептер уақытша сипаттағы шараларды атқарды,
өйткені көшпеліктен отырықшылыққа көшкендіктен олар қалыпты бұқаралық
еңбек политехникалық мектептерге айналды.
Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берілді. Бұл жұмыс қалалық, сол сияқты
ауылдық мектептерде жүргізілді. Ауыл оқушылары ауыл жұртшылығына
көмектесіп, ұжымдық еңбекпен айналысты, ал қалалық оқушылар еңбектің
алуан түрімен шұғылданатын өздерінің үйірмелерінде жұмыс істеді.
Ендігі кезекте соғысқа дейінгі бесжылдықтар ішінде республиканың бай
табиғи ресурстарына негізделген өндіріс салалары: түсті металлургия, көмір,
мұнай, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір салалары, ал кейінгі жылдары –
қара металлургия, химия өнеркәсібі басым дамыды. Бұл салалардағы өндірісті
кеңейту ауқымы ең алдымен одақтық өнеркәсіп пен индустрияландырудың
тиімді мәселелері шешіліп жатқан аймақтардың қажеттілігінен туды.
Сондықтан республикада өнеркәсіптің шапшаң өсуіне ауыр өнеркәсіпке
айрықша назар аудару арқылы қол жетті. Қазақстанның түсті металдары елді
импорттық тәуелділіктен құтқарса, оның көмірі мен мұнайы Кеңес Одағында
отын тапшылығын жоюға зор ықпалын тигізді.
Соғыс кезіндегі жағдайдың өзінде де оқуды қоғамдық еңбекпен
байланыстыру ісіне ерекше назар аударыла бастады. 8-10-сыныптарға міндетті
түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7-сыныптарда ауыл
шаруашылығының қарапайым негіздерін және қарапайым ауыл шаруашылығы
мәшинелерін үйрену енгізілді. Неміс-фашист басқыншылары шабуылына
байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға
22
аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан
қажетін өтеуге атсалысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа
мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын
басты. Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа
жастарының кешкі мектептері көбейді.
Елімізде жоғарғы оқу орындарының жүйесі қысқарғанына қарамастан сол
кезде тұтасымен, кейбір республикаларда жаңа жоғарғы оқу орындары
ұйымдастырылды. 1943 жылы Шымкентте – құрылыс материалдары
технологиялық институты ашылды. 1966 жылы 10 қарашада үкімет «Орта
жалпы білім беретін мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы»
қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдық-
техникалық базасын жақсарту бойынша ғимарат құрылысы, жаңа оқулықтарды
өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханалары үшін құрал-
жабдықтар, қажетті спорт жабдықтары жоғары жастағы оқушыларды орта
біліммен қамтамасыз етіп мектеп жүйесіне енгізу бойынша шаралар
айқындалды. Сондай-ақ, сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегі
мен білімін кәсіби-техникалық және орта арнаулы білім жүйесінде
жалғастыруы назарға алынып, толық орта арнаулы білім беретін оқу орындары
нақтыланды.
Колхоз, совхоз ұжымшарлармен тығыз байланысы бар, жақсы
жарақтандырылған ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушылары автоіс,
трактор, комбаин ауыл шаруашылық машиналарын оқып үйренді. Жалпыға
бірдей міндетті онжылдық білім беруге көшу жағдайында орта мектептің үлес
салмағы артты, оның материалдық базасы нығайды. Бұл өз кезегінде
оқушыларды өндіріске оқыту мен еңбек тәрбиесінің күшеюіне ықпал етті.
Қыздар үшін арнайы курс – үй шаруашылығын жүргізудің енгізілуіне
байланысты бұл пәнді беру үшін мектептерде жарақтандырылған шеберханалар
құрылды, оны білікті кадрлар мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін қыруар
шаруа атқарылды. Үй шаруашылығын жүргізу сабақтарының жақсылығына
орай қыздар үй шаруашылығын жүргізуден, тамақ дайындаудан, іс тігуден
дағды ала бастады. Олар сабақтарда алған өздерінің білімдерін тәжірибе
жүзінде көрсетті. Өндірістік білім беру мен еңбек тәрбиесі деңгейінің
жоғарылауына байланысты өнеркәсіп орындарында жастар ұйымдарының рөлі
өсті. Жас жұмысшылар оқушыларды шефтік қамқорлыққа алып, балаларға
оқуды өндіріс еңбегімен біріктіруге көмектесті.
Мектеп жұмысындағы өзгерістерге байланысты 1970 жылы орта жалпы
білім беретін мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік
құжаттың негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім
беретін толық орта (онжылдық мектептің IX-X сыныптары), орта арнаулы оқу
орындары – техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық
училищелерде ПТУ (3-4 жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары
мектептерінде (IX-XI сыныптар) жалғастыра алатын болды. Бұл оқу
орындарының барлығы толық, орта білім мен кәмелеттік аттестатты берді.
Осылайша республиканың халық шаруашылығында еңбекке деген жастардың
23
кәсіби дайындығына ұштасатын толық орта білім алу проблемасы шешілді.
Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқытуды, тәрбиелеуді әрі
қарай жетілдіру және оларды «Еңбекке дайындау туралы» (1977 жыл
27 желтоқсан) үкіметтің қаулысы да үлкен маңызға ие болды.
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі табыстар тек ата-аналар,
мұғалімдер және жұртшылықтың бірлескен күшінің арқасында ғана мүмкін еді.
Негізгі шешуші күш мұғалімдікі еді. Болашақта халық шаруашылығында, оның
ішінде материалдық өндіріс саласында табысты еңбек етуге қатысты мектептер
алдына өскелең ұрпаққа адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оқушыларға
ғылым негіздерінің терең білімін және еңбек дағдысын игеруге көмектесу
міндеттерін қойды. Оқыту мен тәрбиедегі бірлікті жүзеге асырудың ой, еңбек
және халықтық тәрбиесінің өзара тығыз байланысының маңыздылығы атап
көрсетілді. Жастар мен балалардың жан-жақты және келісілген дамуының
басты құралы ретінде оқушылардың оқыту мен өндіріс еңбегін қоса біріктірудің
қажеттілігіне баса назар аударылды.
1960-70 жылдары оқытудың әдістемесі мен мазмұнына ерекше ден
қойылды. Бұрынғыдан гөрі ғылыми-техникалық прогресс міндеттеріне жоғары
деңгейіндегі сәйкестігіне, сондай-ақ, жан-жақты мүдделер мен оқушылардың
тілегін ескерген оқу-тәрбие процесіне, сыныптан тыс және мектептен тыс
жұмыстарды
жетілдіруге
назар
аударылды.
Мектеп
бітірушілерін
мамандықтарды саналы түрде таңдауға дайындау, оқушылардың бойында
өзіндік еңбек дағдысын, еңбекке деген шығармашылық қатынасты дамыту
керек болды.
Халық үшін 70-жылдары үлкен оқиға жалпыға бірдей міндетті орта білім
берудің енгізілуі еді. Дамыған мемлекеттердегіден бір ерекшелігі, біздің
елімізде ол Конституция тарапынан кепілдік беріліп, бекітілген болатын (1977
жыл). Жалпыға бірдей және толық орта білімге деген міндеті сипатталды. Бұл
құқық жастардың кәсіби-техникалық, орта арнаулы және жоғары білім берудің
өмірмен, өндіріспен байланыс негізінде кеңінен дамытуға қамтамасыз етті.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, яғни 1959 жылғы сегізжылдық
оқытуды енгізуге байланысты сегізжылдық мектептер санының өсуімен
салыстырғанда, мектеп тармағында толық орта мектептердің үлес салмағы
ерекше өсті. Сегізжылдық мектепте балалардың жан-жақты дамуы, олардың
ғылыми білімі, оқушылардың кәсіби бағдарлануы, еңбек және эстетикалық
тәрбиесі бойынша күрделі міндеттерді орындады. Әсіресе, орта мектептер
санының өсуі ауылдық аудандарда ерекше байқалды. Оқушылардың кәсіби
бағдарлану жөніндегі жұмысында, оқыту мен еңбек тәрбиесін жетілдіруде
үлкен табыстарға қол жеткізілді. Мектептердің материалдық базасы ерекше
нығайып, оқушыларды еңбекке үйретуде мазмұн деңгейін көтеруге, оның
әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Кәсіпорындарда оқу цехтары мен
учаскелері, жаңа техникалық құрылымдарымен жабдықталған мектеп
шеберханаларының саны өсе түсті. Кейбір жоғары оқу орындары жанынан
еңбекке оқытатын мұғалімдер дайындайтын кафедралар, индустриалды-
педагогтік факультеттер ашылды. Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына
24
көмектесіп, оқушылардың оқуы үшін едәуір күштерін бөлді, техникалық
құралдармен жабдықтады.
Қазақстандағы жалпы бірдей міндетті орта білімді жүзеге асыру әрі қарай
өндірістік оқыту мен тұтас еңбек тәрбиесі қоса берілді. Оқушылардың
қоғамдық пайдалы қызметі жыл өткен сайын жан-жақты болды. Мысалы, 1977
жылы жазда Ақмолада республика оқушылары өндірістік бригадалардың
7 слеті өтті. Оған Қазақстанның 300 мектебінің оқушылары, жастардың
тәлімгерлері, еңбек ерлері қатысты. Сол жылы Қазақстанның ұжымшар мен
кеңшарлар егістіктерінде 150 мың жоғары сынып оқушылары еңбек еткен.
2130 оқушы өндірістік бригадасы және 260 орман шаруашылығы мектептері
жұмыс істеді. Миллионға жуық оқушылар еренді-еңбек мектебін бригадаларда
өткізді. Қазақстанның бірқатар қалаларында оқу-өндірістік комбинаттары
табысты әрекет етті. Онда жоғары сынып оқушылары әртүрлі мамандықтар
бойынша мамандық алу, мысалы, қыздар тігін ісін үйренуге, машинка басу,
техникалық сызу, сатушы мамандығын алу мүмкіндіктерге ие болды.
1960-1970 жылдары оқушылардың оқудан тыс кәсіби бағдарлау
бірлестіктерін құруға ерекше назар аударылды. Оқушыларды еңбекке дайындау,
әсіресе, ауыл мектептерінде, одан әрі қарай оқушылардың өндірістік
бригадаларының дамуымен қамтамасыз етілді. Оқушылар өндірістік
бригадалары бұрынғы одақта 1955 жылдың өзінде Ставрополь өлкесінде жұмыс
істей бастаған. Кейіннен ол Қазақстан мектептерінде кеңінен таратылып,
оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен жан-жақты дамытудың негізгі түрлерінің
бірі болды. Оқушылардың өндірістік бригадаларының басты маңызы, ол
мінездің ерекшеліктерін қалыптастыруға көмектеседі, еңбекке деген шынайы
дұрыс қатынасқа тәрбиелейді.
Қазақстанда 1967 жылы құрамында 59645 оқушылар 725 оқушылардың
өндірістік бригадалары мен 1898 звено болды. Олар 28 мың гектар алаңға
әртүрлі ауылшаруашылық өнімдерін өсірді. Тұтасымен алғанда, оқушылардың
сыныптан тыс бірлестіктері олардың жеке оқу және еңбекке талпынысы
негізінде үлгерімнің өсуіне ықпал етеді. Бірлестік жеке қабілеттілік, бейімділік,
әрбір жасөспірімнің қызығушылығын дамыту үшін қолайлы жағдай
жасайтындығын тәжірибе көрсетіп берді. Бірлестіктердегі жұмыс қандай да бір
деңгейде кәсіби бейімділіктің жандануына әсерін тигізеді. Мектеп оқушылары
сабақтарда алатын кейбір тәжірибелік бейімделу олардың өмір жолындағы
таңдау еркіне шек қоймайды, керісінше еңбекке, еңбек адамдарына деген
сыйластықты ұластырады.
Ғылым мен техниканың өсуі мектептің алдында күрделі мәселені –
оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңартуды қойды. Мектептің оқу жоспарын
өзгерту сондай-ақ еңбекке тәрбиелеудің мазмұнына, оқушыларды еңбекке
үйрету мен оқушылардың кәсіби бағдарлану жүйесіне қатысты болды.
1970-жылдары мектепке жұртшылықтың қатысуы мектеп жүйесінің өсуі мен
онжылдық жалпыға бірдей білімді қамтамасыз етуде, мектеп ғимараттары,
балалардың мектептен тыс мекемелері, мектепаралық комбинаттар мен оқу
цехтары, дене тәрбиесі залдары құрылысында, мектеп кабинеттері мен
25
шеберханаларын жабдықтауда көрінді. Осы жылдары оқушылар мен басқа да
педагогтік кадрлардың жұмыс сапасын арттыру, олардың кәсіби білімін тұрақты
жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету міндеттері
қойылды. Жастарды орта біліммен одан әрі қарай толығырақ қамтуды
қамтамасыз ету үшін кешкі (сменалық) және сырттай жалпы білім беретін
мектептердің жұмысын жақсарту керек болды. Жан-жақты дамыған,
техникалық білім алған маманданған жас жұмысшылар дайындауды
қамтамасыз ете отырып, кәсіби-техникалық оқу орындарында оқытудың
сапасын арттыруға ерекше қамқорлық жасалды. Жоғарғы оқу орындарының
алдына жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық
және кәсіби білімінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету міндеттері қойылды.
Бұл сондай-ақ ғылым мен техниканың, жаңа және перспективалы бағыттар
бойынша кадрлар дайындау мәселесіне де қатысты болды.
Сонымен қоса, сол жылдары балалардың көркемөнер, техникалық
шығармашылық үйірмелері де кешенді-мектептер жалпы білім беретін
мектептерге қоса ашылған болатын. 1979 жылы жазда оқушылардың еңбек
бірлестіктерінің жұмысын қорытындылаған, олардың тәрбиеге әсер етудің
жолдарын кеңейтуді айқындаған оқушылардың еңбек бірлестіктері өкілдерінің
кезекті Бүкілодақтық слеті болды. Осы кезеңде мектептерде бітірушілерді
кәсіби бағдарлау мен жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссиялар, ал орта
мектептерде әдістемелік кабинеттер құрылды. Көптеген ата-аналар, қоғамдық
ұйымдар, кәсіби бағдарлау жұмысына белсенді араласты. Өйткені, орта
мектепті аяқтаған соң оқушыларды орналастыру керек болды. Бұл мәселе
дұрыс шешім мен мемлекеттік ықпалды талап етті.
1979 жылдың 19 шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесі «Халыққа білім
берудің жағдайы және КСРО-дағы жалпы орта, кәсіби-техникалық, орта
арнаулы және жоғары білім беруді одан әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар
туралы» Қаулы қабылдады. Онда бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың мәдени
және білім деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді. Аталған қаулыда оқу-тәрбие
процесін жетілдіру, оқыту мен тәрбиенің бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты
оқыту мен еңбекке тәрбиелеудің байланысы, оқу-тәрбие мекемелері жүйесін
орналастыруды, оқу орындарының материалдық базасын жақсарту, жоғары
және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық және кәсіби білім
деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңа
және перспективалы бағыттары бойынша кадрлар дайындауды ұлғайту
ұсынылды.
1977 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, кәсіби-
техникалық білім беру жүйесінде және жалпы білім беретін мектептерде
5,3 миллион адам оқыды. Сол жылы орта арнаулы оқу орындарында
124 мамандық бойынша жүзеге асырылды. Машина құрылысы мен аспап жасау,
азық-түлік тауарлары технологиясы бойынша мамандар дайындау ұлғайды. Оқу
орындарына өндірістік практиканы өткізуде химия өнеркәсібі, азық-түлік
комбинаттары, автомобиль транспорты базалық кәсіпорындары үлкен көмек
көрсетті. Жақсы жабдықталған шеберханалардан, озық технологиясы мен
26
тәжірибесі бар кәсіпорындар мен мекемелерде оқушылар өндірістік әдісті,
кәсіби біліктілікті игерді.
Студенттер мен оқушыларды еңбекке тәрбиелеу барлық оқу
орындарының оқу процесінде, ғылыми жұмыста, өндірістік тәжірибе
барысында, әсіресе студенттік құрылыс жасақтарында жүргізілді. Жыл сайын
студенттер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ұжымшар мен
кеңшарларға көмектесіп, егін жинауға қатысты. Тек 1977 жылы өндірістік,
мәдени тұрмысқа арналған объектілердің құрылысына студенттік құрылыс
жасақтарының 10 мың жауынгері еңбек етті.
Еліміздің өмірінде үздіксіз білім беру жаңа құбылыс ретінде қалыптасты.
Үздіксіз білім беру әрбір адамға өмір бойы жалпы білімдік талабын
қанағаттандыру үшін шынайы жағдайды қамтамасыз етуге шақырды.
Ақырындап соған көшу білім беру жүйесінің қалыптасқан тармақтары негізінде
жүзеге асырылды: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, кәсіби
мектептер және мамандықты арттыру мекемелері.
Осылайша үздіксіз білім беру өз бетімен білім алуды, қажетті жағдайда
кез келген уақытта білікті маманның көмегін пайдаланумен үйлестіру арқылы
жүзеге асырылды.
Мұғалім оқу-тәрбиелік жұмысында әрбір баланы, оқушының жеке
ерекшелігін есепке алып тұруы керек болатын. Егерде шығармашылық ой не
оқытушы не әріптестері, не тұтас қоғам тарапынан қолдау таппайтын болса,
шығармашылық дарынды тұлғаларының дамуы тежеледі. Таланттарды қолдау
қарапайым мәселе емес. Мұны өмірдің өзі талап етеді. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы маңызды орынды балаларды еңбекке тәрбиелей алды.
Мұғалімдер әрбір оқушыға сурет салуға деген сүйіспеншілікті сіңіруге,
өнер тарихы туралы нақты мағлұмат беруге жете қойған жоқты. Біздің
республикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты еңбекке
тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізуді талап етті. Ең
қауіптісі күштеу мен еңбектің пайдасыздығы болып табылды. Мектепте балалар
тұрмыстық сипаттағы кейбір құралдарды жасауға қатыса бастады. Балалар
еңбегі белгілі бір деңгейге қойылған мектептер де бар болатын. Оқушылар
әртүрлі
кооперативтерде,
оқу-өндіріс
комбинаттарындағы
өндіріс
бригадаларында, кәсіпорындарда жұмыс істей алды. Мектеп оқушылары
кәсіпорындармен, кеңшарлармен, ұжымшарлармен, жекелеген меншік
иелерімен шарт жасайтын мысалдар аз болмады. Тек қана мектептер балалар
еңбегі дұрыс ұйымдастырылатындығына, оқушылардың еңбегі олардың кәсібін
өзі таңдауына көмектесетіндігіне назар аударылуы керек болған.
Ғалымдардың зерттеуінше қазақстандық кәсіби-техникалық білімінің
тарихын, мынадай даму кезендеріне сәйкес көрсетілген:
- социалистік кәсіби-техникалық мектептердің құрылуы (1917-1940);
- Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмыс істеген кәсіби-
техникалық оқу мекемелерінің негізгі түрлері;
- жастарды кәсіпшілікке оқыту туралы халық комиссарлар кеңесінің
бірінші қаулысы, заңы;
27
Бірыңғай еңбек мектептері туралы декларацияның қабылдануы:
-басты комитетінің Наркомпрос кезіндегі кәсіптік-техникалық білімінің
құрылуы – 1920 ж.;
- фабрика зауыттық оқу-үйрену мектептер (ФЗМ) жүйесінің құрылуы –
1920 ж. Еңбек орталық институтының (ЕОИ) өндірістік оқыту жүйесі;
- елде, жұмысшылардың білім алуының бірыңғай жүйесінің құрылуы –
1931 ж.;
- жұмысшыларға кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің негізгі
кемшіліктері мен жетістіктерінің анализі.
КСРО-ның мемлекеттік Еңбек резервтері (1940-1958):
- Мемлекеттік Еңбек резервтерінің құрылу себептері;
- Мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің оқу мекемесінің негізгі
түрлерінің сиппаттамасы;
- Ұлы Отан Соғысы жылдарында мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің
қызметі.
Кәсіптік білім беру дамуының жаңа кезеңі 50 жылдары «КСРО білім беру
жүйесінің дамуы мен мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы» заңның
шығуымен байланысты болды. Мұның арқасында кәсіптік-техникалық
училищелер қайтадан жалпы білім беру жүйесінің құрамды бөлігі болды.
Соғыстан кейінгі жылдардағы мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің
дамуы келесі кезеңдермен айқындауға болады:
- училище жүйесіне ауыл шаруашылығын механикалаңдыруды тапсыру –
1953 ж.; - техникалық училищелерді ұйымдастыру – 1954 ж.
Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі
- «КСРО -да халыққа білім беру саласының келешекте дамуы туралы
және өмір мен мектептің байланысын нығайту туралы» заң қабылдау;
- кәсіптік-техникалық білім берудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру –
1966 ж.;
- «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің оқу орындарында маман
қызметкерлерді даярлауды келешекте жетілдіру бойынша шаралар туралы»
КСРО-ның министрлік кеңесінің қаулысы –1969 ж. Орта кәсіптік-техникалық
училищелердің құрылуы;
- кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру мәселесі
бойынша КСРО-ның министрлік кеңесінің қаулысы;
- 1972 ж. – «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін болашақта жетілдіру
туралы»;
- 1975 ж. – «Ауылда орта кәсіптік-техникалық училищелердің жүйелерін
кеңейту және олардың жұмыстарын жақсарту бойынша шаралар туралы»;
- 1977 ж. – «Кәсіптік-техникалық білім алатын» оқушылардың оқу және
тәрбиелеу процестерін келешекте жетілдіру туралы;
- 1980 ж. – «Кәсіптік-техникалық оқу орындарының бітірушілерін
өңдірістік өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында және құрылыста пайдалану,
оны келешекте жетілдіру бойынша шаралар туралы»;
- 1984 ж. – «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің
28
реформаларының негізгі бағыттарын» қабылдау.
Осы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің құрылу және даму
кезеңдерін оқып білуде өндірістік оқу әдістемесі мен кәсіптік педагогиканың
құрылуының және дамытудың негізгі кезеңдерін ашу қажет.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінің
оқу орындары туралы қаулыға сүйене отырып, кәсіптік-техникалық оқу
орындарының өндірістік және оқу-тәрбиелік қызметінің мазмұнын қарастыруға
болады.
Мына мәселелерге ерекше назар аудару қажет:
- кәсіби қызметкерлерді даярлаудың мазмұнын жетілдіру: кең профильді
мамандық бойынша мамандарды даярлау жолдарын әрі қарай дамыту;
- күрделі өнімді шығаруда өндірістік оқыту рөлін көтеру;
- «педагогика ынтымақтастығы» туралы ойлармен принциптерді, оқыту
әдістері мен белсенді формаларын кең түрде енгізу;
- Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру
жүйесін басқаруды демократияландыру;
- алғашқы тәжірибелерді пайдалану рөлін көтеру;
- кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базаларын бекіту;
- колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқу өндірістік
қызметтеріне шаруашылық есептік принциптерін енгізу;
- базалық кәсіпорындар мен оқу орындары қарым-қатынасының келісім
жүйесін дамыту;
- үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйелерінде кәсіптік-техникалық
білім беру жүйесінің рөлі;
- кәсіби-техникалық білім берудің жалпы жүйесін шешетін шебер мен
оқытушының рөлін көтеру: кәсіби-техникалық білім берудің инженерлік-
педагогикалық кадрының квалификациясын көтеру және дайындау жүйесін
жетілдіру.
Кәсіптік
техникалық
білім
берудің
дамуына
П.Р.
Артуров,
М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды.
Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің
құрылымдық өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы «Білім
беру туралы» заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік
училищелер, колледждер, лицейлер ашыла басталды.
90-жылдардың аяғында академик С.Я. Батышевтің басқаруымен «Кәсіптік
педагогика» атты оқулығы, сонымен қатар үш томдық «Кәсіптік педагогиканың
энциклопедиясы» басылып шығарылды. Осы еңбектердің өзі де кәсіптік білім
беруді оқытуға көп үлесін қосты.
Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей отырып, кәсіптік білімнің қоғам
дамуына
тікелей
әсер
еткеніне
күмән
туғызбаймыз.
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы
мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын
қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім берудің, оның ішінде
кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар аударылды.
|