Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


  Кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  оқыту  үдерісін  және



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#7575
1   2   3   4   5   6   7   8

 

3.1.1  Кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  оқыту  үдерісін  және 

тәрбие жұмысын ұйымдастыру  

Білім  мазмұны  –  бұл  тиісті  орында  жүйеге  келтірілген  білім,  білік  және 

дағдыларды  игеру  барысы  және  нәтижесі,  оқушыны  өмірге  және  еңбекке 

дайындаудың  қажетті  шарты.  Білім  адамдардың  қоғамдағы  материалдық  және 

рухани  іс-әрекеті  нәтижесі  ретінде  пайда  болды.  Адам  ойында  шындықтың 

дұрыс  бейнеленуі,  қоғамдық  тәжірибеде  тексерілген  таным  барысының 

нәтижесі.  Кез  келген  шындықты  бейнелеу  білім  болмайды.  Ал  адам  өзін-өзі 

өмірдегі  іс-әрекетінен,  оның  объективті  жағдайлары  мен  заттарынан  бөліп 

қарайды.  Адамдар  болмысы  тәсілдерінің  өзі  –  олардың  әлемге  қатынас 

тәсілдерінің  мақсатына  сәйкес  және  тек  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 

арқылы  жүзеге  асатын  нақты  іс-әрекеті.  Тек  білім  мазмұны  ғана  іс-әрекет 

мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. 

Арнайы  технология  болса  ғылым  негіздерін  қазіргі  техника,  технология 

және  өндірісті  ұйымдастыру  тұрғысынан  қарайды.  Ол  оқушылардың  мына 

төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: 



 

53 


-  тиісті  өндіріс  саласы  мен  оның  даму  болашағы  туралы  жалпы  мәлімет 

береді; 


қазіргі 


заманғы 

техника, 

өндірісті 

механикаландыру 

мен 

автоматтандырудың 



кешенді 

жүйесін 


неғұрлым 

тиімді 


пайдалану, 

құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйрету; 

-  жаңа  техника  мен  технологияларды,  өндірісті  дамытудың  әлемдік 

деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; 

- еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, 

өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. 



Жалпы  техникалық  дайындық  –  жекелеген  өндіріс  салалары  бойынша 

ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік-экономикалық  бағыттар  бойынша 

өндіргіш  күштердің  дамуы,  білім  мен  дағды  жүйелері  туралы  хабардар  етеді. 

Қазіргі 


кәсіптік-техникалық 

оқу 


орындарында 

«Материалтану», 

«Электротехника», «Техникалық сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» 

сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. 



Өндірістік  оқыту  барысында  ғылыми  теорияны  практикалық  тәжірибе 

негізі  арқылы  оқытушылар  білім  алушылардың  біліктілігін  арттыруға  жол 

ашады.  Теория  мен  практика  бірлігінде  тәжірибенің  айқындаушы  рөлі  бар. 

Өндірістік  оқыту  шеберлері  мен  оқушылар  арасында  білім,  білік  және 

дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында 

кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе 

оқу шеберханаларында жүргізіледі. 

Практикалық  біліктілік  –  еңбек  қызметтерін  сапалы,  мақсатты,  тиімді 

тәсілдермен  атқара  алу  қабілеттілігі.  Белгілі  бір  ережеге  және  оны  нақты 

міндеттерді  шешу  барысында  лайықты  пайдалануға  негізделген  жаңа  әрекетті 

меңгерудің  нәтижесі.  Білікті  іс-әрекет  орынды  тәсілдерді  таңдай  білуден,  тек 

қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. 

Кәсіби  дағды  –  кез  келген  әрекетті  орындай  білуде  жаттығу  арқылы 

бекітілген  білікті  дағды  деп  атайды.  Ал,  кәсіби  дағды  белгілі  бір  кәсіпті 

меңгеру  барысында  практикалық  жаттығулар  арқылы  қалыптасатын  еңбек 

қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. 

Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: 

- қимыл дағдысы; 

- ойлау дағдысы; 

- сезім дағдысы. 



Қимыл  дағдыларында  жұмысшылар  еңбек  қимылдарын  дәл,  нақ және  аз 

күш  жұмсай  отырып  тиімді  үйлестіру  әрекетін  қалыптастырады.  Ойлау 

дағдылары  жұмыс  барысында  стандарты  қалыптасқан,  арнайы  ойлау  процесін 

қажет  ететін  дағдылар.  Сезімдік  дағдылар  жұмысшылардың  іс-әрекетті  атқару 

кезінде  сезім  мүшелері  арқылы  қалыптасқан  технологиялық  процестер  мен 

материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс 

процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады. 

Кәсіби  білім  беру  жағдайында  жалпы  дидактикалық  принциптер  мен 

оларды жүзеге асыру ерекшеліктері бар. 


 

54 


Кәсіптік  білім  беру  саласында  оқытудың  екі  түрлі  принциптері 

қарастырылады:  жалпы-дидактикалық  және  тек  кәсіптік  оқытуға  ғана  тән 

арнайы принциптер. 

- Себебі, қоғамдық прогресс пен ғылымның дамуы ықпалынан, оқытудың 

жаңа  заңдылықтарының  талабынан  және  озат  тәжірибелердің  жинақталуынан 

оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі. 

Кәсіптік  оқу  орындарының,  оқу  үрдісінде  қолданылып  жүрген  жалпы 

дидактикалық принциптер мыналар: 

- оқытудың ғылымилығы мен қолжетімділігі; 

- оқытудың көрнекілігі және ғылыми-техникалық ойлаудың дамуы; 

-  инженер-педагогтың  басшылығы  негізінде  оқушылардың  саналы 

шығармашылық әрекеті; 

- оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі; 

- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу; 

- теорияның ғылыммен, практикамен және өндіріспен байланысы; 

- білім, білік және дағдының берік орнығуы. 



Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері 

Оқытудың 

жалпыпедагогикалық 

принциптеріне 

қоса 

кәсіптік 



мектептердегі  оқу  үрдісінің  тиімділігі  мен  табысқа  жетуі  инженер-педагог 

қызметкерлердің  кәсіби  оқыту  принцитерін  сақтай  білуі  мен  тек  оларға  тән 

мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер: 

1  Жалпы  білім  беретін  және  жалпы  техникалық  пәндерді  кәсіби 

бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы 

техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың 

мақсаты  білім  алушылармен  бірлесіп  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Сондықтан 

оқытушылардың  жасайтын  кәсіптік  оқыту  бағдарламаларының  мазмұны  бір 

мақсатты көздейді. 

2  Оқу  материалдарын  игеруде  технологиялық  бірізділік  принципі.  Бұл 

«Өндірістік  оқыту»  және  «Арнайы  технология»  пәндеріне  ғана  тән.  Ол 

оқушыларға  өндірістік  операцияларды  бірізділікпен  үйрете  отырып,  ол 

үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс. 



3 Оқу үрдісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі. Кәсіби қызметті 

оқу  үрдісінде  модельдеу  деп  белгілі  бір  кәсіби  іс-әрекетті  қалыптастыру  үшін 

тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.  

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар 

кіреді: 

- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу; 

- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу; 

-  тиісті  міндеттерді  орындау  үшін  жалпы  кәсіптік,  жалпы  технологиялық 

және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру. 

4 Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, 

жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, 

біліктілігін  көтеруде  білім  мазмұны  мен  оқу  үрдісін  оқушылардың  өздігінен 

үйренуіне  жұмылдыру.  Өндірістің  даму  болашағын  түсіну,  бағытын  білу, 



 

55 


практикалық  мәселелерді  пайымдап  шеше  білу,  ой-өрісінің  кеңдігі 

шығармашылық  қабілетін  сол  іске  жұмылдыра  білуіне  байланысты.  Принцип 

мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, 

техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерінің тиімді жетілдіруінде болып 

отыр. 

5  Кәсіби  оқытудың  модульдік  принципі.  Модульдік  оқытудың  мәні, 

оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше 

өңдеп,  әдістемелік  нұсқауларды  басшылыққа  ала  отырып,  көздеген  мақсатына 

жету.  Бағдарлама  вариативті  (таңдаулы)  түрде  беріліп,  әлеуметтік  сұранысқа 

орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске 

асыру  оқушының  барлық  іс-қимыл  әрекетін  біртұтас  етіп,  кәсіби  деңгейін 

дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді. 

Осы  аталған  оқыту  принциптерін  жүйелі  түрде  сақтап,  іске  асырған 

инженер-педагог  өз  қызметінде  шәкірттеріне  дидактикалық,  тәрбиелік  және 

дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады. 



Кәсіптік  оқыту  әдістері.  Әдіс  –  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамыту 

барысында  белгіленген  мақсатқа  жетуді  қамтамасыз  етуге,  ғылымда  зерттеуді 

жүзеге  асыруға  көмектесетін  тәсіл,  алға  қойған  міндеттерді  шешу  үшін 

ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы. 



Оқыту  әдістері  деп  оқу-тәрбие  мақсаттарына  жетуге  бағытталған 

мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. 



Кәсіби  оқыту  әдістері  –  бұл  арнайы  жүйе  және  ол  логикалық 

бірізділікпен  іс-әрекет  жасайтын  инженер-педагог  пен  кәсіптік  мектеп  білім 

алушысының  бірлескен  қимылы.  Осы  арқылы  білім  алушылар  кәсіптік  білім 

негіздерін  меңгеріп,  білік  пен  дағды,  шығармашылық  қабілеттіліктерін 

дамытып,  кәсіби  шеберліктің  қыр-сырын  үйреніп,  оның  негіздерін 

қалыптастырады. 

Дидактикалық  міндеттерді  шешуді  қамтамасыз  етудегі  түрлі  іс-әрекет 

қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. 



Іс-әрекет  –  бұл  қарапайым  ағымдағы  мәселелерді  шешуге  бағытталған 

қимыл элементі. 

Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар: 

- пәндік-практикалық; 

- пәндік-ойлау; 

- практикалық белгілеу; 

- ойлау белгілері арқылы. 

Пәндік-практикалық іс-әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте 

орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл 

сипат басты мәнге ие. 

Пәндік-ойлау іс-әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, 

оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады. 



Практикалық  белгілеу  іс-әрекеті  таңбалық  жүйе  мен  практикалық 

белгілер  әрекетіне  негізделген  (түрлі  есептерді  шешу,  кесте,  сұлба  бойынша 

мәліметтер іздестіру, жинақтау). 


 

56 


Ойлау  белгілері  іс-әрекеті  белгілер  мен  таңбалар  жүйесін  ойда  сақтау 

қызметін алға қояды (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте 

сақтау, ой жүгірту). 

Оқыту  үрдісін  қамтамасыз  ету  оқыту  әдістері  мен  оқу  түрлері  арқылы 

жүзеге  асады.  Тәсілдер  жүйесі  пәннің  әдістік  мазмұнын  құрайды.  Бұлардың 

жиынтығын  оқыту  әдістері  деп  жалпылама  айтып  жүрміз.  Оқытудың  мақсаты 

мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттерін белгілеп, соған 

лайық  қимыл-әрекет  түрлерін  қалыптастырамыз.  Осыдан  соң,  оқу  мен  оқыту 

тәсілдерінің  әрбір  іс-әрекетін  қамтамасыз  ететін  оқыту  әдістерінің  кешенді 

жүйесі пайда болады. 

Оқытудың  теориялық  және  өндірістік  әдістерінің  арасында  белгілі  бір 

дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі 

бойынша  теориялық  сабақ  барысында  мәліметтерді  барлық  білім  алушыларға 

бір  мезгілде  жеткізсе,  ал  өндірістік  оқыту  жағдайында  сабақ  топтарға, 

топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. 

Білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту 

әдістері мынадай екі топқа бөлінеді: 

1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы. 

2. Іздену (шығармашылық) арқылы. 

Еске  түсіру  әдісі  арқылы  білім  алушы  білімді  дайын  күйінде  алады 

немесе  практикалық  жұмыстарды  үлгіге  қарап  отырып,  оқытушының  не 

өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді.  

Іздену  әдістері  білім  алушыларды  бірізділікпен,  мақсатқа  бағыттай 

отырып,  оқу  үрдісі  кезінде  түрлі  деңгейдегі  танымдық  есептерді  шығару 

арқылы  жаңа  білім  мен  дағды  негіздерін  белсенділікпен  меңгеру  болып 

табылады.  



Ақпарат  көздері  арқылы  оқыту  әдістерін  түрлендіру  қазіргі  білім  беру 

үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар: 



1. Сөйлеу әрекеті арқылы: 

- әңгімелеу; 

- түсіндіру; 

- лекция; 

- сұхбаттасу; 

- оқулық мәтінімен жұмыс; 

- дыбыс жазу тапсырысын пайдалану; 

- нұсқау беру. 



2. Көрнекілік: 

- демонстрациялау; 

- оқушының өзіндік бақылауы. 

3. Практикалық: 

- жаттығу; 

- өндірістік-техникалық есептерді шешу; 

- зертханалық-сарамандық жұмыстар. 

Кәсіптік  оқытудың  сан  алуан  әдістері  бар.  Сондықтан  да  оның 


 

57 


жіктелуінде  де  көптеген  пікірлер  бар.  Сол  әдістердің  жіктелуінің  бірі  –  осы 

жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі. 

Мысал  ретінде  Ресей  ғалымы  Н.Е.Эргановтың  проблемалық  әдіс  негізінде 

жіктеген оның екі түріне тоқтала кетейік. 

Теориялық оқытудың әдістері: 

1. Монолог түрінде жүргізілетін әдіс. Бұл әдіс бойынша теориялық сабақ 

өткізуде  оқытушының  рөлі  басым.  Оқытушы  ақпаратты  ауызша  жеткізеді,  ал 

білім  алушылар  болса  атқарушы  рөлінде  болады,  олардың  іс-әрекеті  берілген 

үлгі бойынша ұйымдастырылады. 

2.  Көрнекілік  әдіс.  Оқытушы  оқу  материалын  демонстрациялау  арқылы 

тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті. 

3.  Диалог  түрінде  жүргізілетін  әдіс  оқытушы  теориялық  материалдарды 

диалог ретінде баяндайды.  

4. Эвристикалық әдіс. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол білім 

алушыларға  нұсқау  ретінде  жеткізіледі.  Жаңа  оқу  материалын  түсіндіруде 

проблемалық  сұрақтар  қойылып,  оны  білім  алушылар  оқытушы  көмегімен 

шешеді. 

5.  Іздену  әдісі.  Оқытушы  мен  білім  алушының  өзара  іс-әрекеті  іздену 

арқылы ұйымдастырылады.  

6.  Алгоритмдік  әдіс.  Типтік  есептер  шығару  барысында  оқытушы  білім 

алушыларды белгілі бір жүйеде жасалған алгоритм арқылы ұйымдастырады. 

7.  Бағдарламалап  оқыту  әдісі.  Бұл  әдіс  оқу  үрдісін  бағдарламалаған  оқу-

әдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады. 

Өндірістік оқытудың (Н.Е. Эрганов бойынша) мынадай түрлері бар: 

- еңбек әрекетін көрсету әдісі; 

- диалог әдісі; 

- жаттығу әдісі; 

- эвристикалық әдіс. 

Өндірістік  оқытудың  өзіне  тән  ерекше  әдісі  –  нұсқау  беру.  Ол  өндірістік 

оқыту  кезінде  еңбек  қызметін  атқару  үшін  іске  асырылады.  Нұсқаулар  мен 

ұсыныстар  беруі,  еңбек  қауіпсіздігі  техникасын  сақтау,  өндірістік  гигиена 

талаптарын орындауды үйрету жазбаша да, ауызша да беріледі. 

Енді солардың түріне тоқталайық: 

1.  Кіріспе  нұсқау  –  оқушыларға  белгілі  бір  жұмысты  белсенді  және 

саналы  түрде  атқару  үшін  жүргізілетін  алғашқы  дайындық.  Мұнда  тәжірибе 

жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі. 

Оның тәжірибесінде құрылғылардың ішкі, көзге көрінбейтін процестерін 

түсіндіруге болады. Мысалы, олар: 

-

 



құрылғылардың жұмыс кезінде физикалық және химиялық процестері; 

-

 



кинематикалық схемада көрсетілген бөлшектер мен тораптардың өзара 

қимылы; 


-

 

түрлі  блоктардың,  модульдердің,  электр-радио  элементтері  мен  өлшеу 



аспаптарының жұмыс істеуі мен өзара бірлескен әрекеті; 

-  құрылғылар  мен  аспаптардағы  жұмыс  істеу  кезіндегі  ішкі  өзгерістер 



 

58 


сипаттамасы. 

Кіріспе  нұсқау,  негізінен,  өндірістік  оқыту  сабақты  өткізу  барысында 

жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды: 

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру; 

2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру; 

3.  Сабақта  жоспарланған  жұмыс  мазмұнын  түсіндіру,  жаттығулар  мен  өз 

бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі; 

4. Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру; 

5.  Оқу-өндірістік  жұмыстарға  қажетті  материалдық  объектілерді 

демонстрациялау; 

6.  Оқушыларға  оқу-өндірістік  жұмыстарды  орындауға  қажетті  құрал-

жабдықтармен, құрылғылармен және аспаптармен таныстыру; 

7.  Жұмысты  тиімді  орындау,  сапасын  бақылау  тәсілдері  мен  әдістерін 

түсіндіру және демонстрациялау; 

8.  Қателіктер  мен  ақаулардың  алдын  алу  және  болдырмау  шараларын 

қарастыру; 

9.  Оқу-өндірістік  жұмыстарды  атқару  кезінде  жұмыс  орнын  тиімді 

ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету; 

10.  Шеберханада,  не  өндірісте  жұмысты  атқару  кезінде,  еңбек  және 

қауіпсіздік ережелерін ескеру; 

11.  Кіріспе  нұсқаудың  қалай  түсінгенін  сұрау,  бақылау,  бекіту,  егер  қажет 

болса тиісті жерлерін қайталау; 

12. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу. 

Бұл  келтірілген  тапсырмалар  оқу  мазмұнының  ерекшелігі  мен 

күрделілігіне  қарай,  не  өндірістік  оқыту  шеберінің  оқу  не  тәрбие  мақсатына 

байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін. 



2.  Ағымдағы  нұсқау  –  кіріспе  нұсқаудан  соң  жүргізіліп  еңбек 

жаттығуларын  орындауда  жиі  жіберілетін  қателіктерді  болдырмауға 

бағытталады.  Ол  әрбір  оқушымен  жеке  өткізіледі.  Ағымдағы  нұсқау  кезінде 

өндірістік  оқыту  шебері  оқушының  жұмыс  орындарын  аралап,  тексеріп  мына 

нәтижелерге назар аударуы тиіс: 

- жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына; 

- еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға; 

- бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануға; 

- техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге; 

-  техника  қауіпсіздігі  ережелерін  және  өндірістік  санитария  мен  гигиена 

нормаларын сақтауға. 

Ағымдағы  нұсқау  кезінде  шебер  өндірістік  орындағы  оқушылардың 

жұмыс  орнын  кезең  -  кезеңімен  мына  төмендегі  мақсаттарды  шешу  үшін 

бірнеше рет жүргізеді. 

1-аралау: кіріспе нұсқаудан соң, барлық оқушылар іске кіріскен кезде; 

2-аралау:  оқушылардың  жұмыс  орындарын  дұрыс  ұйымдастырғанын, 

оның  тәсілдерін  меңгеру  дәрежесін,  материалдар  мен  құралдарды  тиімділігін, 

техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау шарттарын тексереді; 



 

59 


3-аралау:  жұмысты  атқару  барысында  жіберген  қателіктері  және  оларды 

жою жолдарын іске асыру үшін. 



3.  Қорытынды  нұсқау  –  шебердің  жұмысты  атқару  кезінде  істің  сапасы, 

дұрыс  орындалуы  және  жіберілген  қателіктердің  жалпы  сипаттамасы 

қорытындылады.  Ол  өндірістік  оқыту  соңында,  не  тиісті  оқу  бағдарламасы  не 

тараулар аяқталған соң оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі. 



Жазбаша  нұсқау  –  өндірістік  оқыту  процесінде  дидактикалық 

құндылыққа  ие.  Өйткені  ол,  түрлі  ақпараттық  мәліметтерді  біріктіреді:  сөздік, 

графикалық-сызбалы,  мәтінге  бақылау  сұрақтарын  енгізу,  кесте  толтыру.  Ол 

өндірістік  оқу  жағдайында  кеңінен  қолданады  және  еңбек  өндірісін 

жоғарылатып  технологиясын  дұрыс  табады,  мамандықты  тез  игеруіне 

көмектеседі,  өндірістік  оқытуды  шебер  басқаруды  жеңілдетеді.  Өндіріс 

кәсіпорнында  және  шеберханалары  да  нұсқау  материалдары  оқылады.  Білім 

алушылар  шебердің  көмегінсіз,  инструкциямен  жұмыс  жасауға  дағдыланады. 

Жазбаша  нұсқаудың  тиімділігі  қандай  жағдайда  жоғарылайды.  Егер 

дидактикалық талап бойынша дұрыс жауап берсе және өндірістік оқытуда басқа 

әдістермен  сәйкес  қолданылса.  Өндірістік  оқыту  шебері  жазбаша  нұсқадан 

картотека,  нұсқау  түрін,  тақырыбы  бойынша  бағдарлама,  тақырыпты  анықтау, 

жұмыс  түрін,  орындалу  операциясы,  жазба  нұсқауларын  құру,  әр  жаттығудың 

орындалу  тәртібін  анықтау,  өңделу  технологиясының  түсінігі,  жұмыс  ережесі 

және жазба карта түрлерін анықтап жасауы тиіс. 

Жазба  нұсқаулардың  келесі  түрлері  ұсынылады:  нұсқау  (инструкциялық) 

картасы;  технологиялық  карта;  инструкциялы-технологиялық  карта;  ақаудың 

болу  себептері  картасы;  сабақта  орындалатын  тапсырма  картасы;  үй 

тапсырмасы;  бақылау  картасы;  сапаны  бақылау  әдіс  картасы;  еңбекті 

ұйымдастыру  картасы,  еңбектің  бөлу  жұмысына  арналған  нұсқау-

технологиялық карта. 

Нұсқаудың  ерекшелігі  болып  мыналар  сипатталады:  біріншіден, 

мазмұндарын толық игеріп алатындай және түсінікті болу, екіншіден, мазмұны 

ықшамдалған  түрде.  Нұсқау  картада  жұмыстың  қандай  да  болсын  түрінің 

бірізділік  мазмұны,  жаттығулары  немесе  негізгі  көрсеткіштері  мен 

анықтамаларды  дұрыс  сақтау  міндеттері  көрсетіледі.  Инструкциялық  карта 

мысал  ретінде  мынадай  тақырыптар  мен  жаттығуларға  құрылып  жасалуы 

мүмкін:  Мысалы,  «Қол  жұмысына  арналған  құрал-саймандар  және  оларды 

қолдану  ережелері»,  «Инеге  жіпті  сабақтау»,  «Жұмыс  орнында  дұрыс 

отырғызу» 

(қолмен, 

машинамен) 

жұмыс 

істеу 


кезінде 

«Әмбебеп 

машиналарында  үстіңгі  және  астыңғы  жіпті  сабақтау»  (немесе  басқа  сынып 

машиналарында), «Өрт қауіпсіздік ережесі», «Өндірістік оқу шеберханаларында 

еңбек қауіпсіздік ережесі». 

Қазіргі  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  заманында  кәсіптік 

мектеп  Интернет  жүйесін,  электрондық  пошта,  ақпарат  алмасу  қызметтерін 

пайдаланады.  

Жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарын  оқу 

үрдісінде  пайдалану  –  оқушының  шығармашылық,  интеллектуалдық 



 

60 


қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының 

қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін 

педагогикалық  мақсаттарға  қолдану,  білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту 

формалары  мен  әдістерін  жетілдіруде,  білім  сапасын  арттыруда  жақсы  әсерін 

тигізеді. Сол себепті барлық кәсіптік мектептерді уақыт оздырмай соңғы, жаңа 

үлгідегі компьютерлермен және ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен 

толық жабдықтау қажеттігі ақиқат. 

Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру 

Кәсіптік мектептердегі тәрбие  процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру 

тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.  

Тәрбие  процесінің  негізіне  тұлғаның  табиғатын,  әлеуметтік  мәнін, 

қоғамдық  өмірдің  объективтік  қажеттілігін  білдіретін  заңдылықтар  жатады. 

Тәрбиенің заңдылықтары: 

- баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; 

- баланы өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи 

- қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; 

- тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; 

- тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; 

-  тәрбиеде  бірыңғай  дайын  рецептің  болмауы  және  оны  қолдану  мүмкін 

еместігі; 

-  қоғамның  үнемі  өркендеп  дамуы,  онда  өмір  сүріп  отырған  әрбір  жеке 

адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да 

тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс. 

Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі 

міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай 

принциптерді  қарастыру  қажеттілігіне  көптеп  көңіл  бөледі.  Сол  себептен  де 

кейбір  жағдайларда  тәрбие  принциптері  оның  заңдылықтары  ретінде 

қарастырылады.  

Тәрбие  принциптері  тәрбие  міндеттеріне  сай  анықталады.  Педагогика 

тарихының 

дамуында 

тәрбие 

принциптерінің 



төмендегідей 

жүйесі 


қалыптасқан: 

- тәрбиенің мақсаттылығы; 

-  тәрбиенің  өмірмен,  еңбекпен,  қоғамдық  құрылыс  практикасымен  бай-

ланыстылығы; 

- еңбек арқылы тәрбиелеу; 

- жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; 

- балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу; 

- тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету; 

- жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; 

- тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі. 

Тәрбие  принциптері  ішіндегі  ең  негізгісі,  оның  мақсаттылығы.  Өйткені, 

тәрбие  процесіндегі  тәрбиелік  ықпалдар  мен  әрекеттер  белгілі  бір  мақсатқа 

бағытталады.  Мақсат  –  тәрбиелік  шаралардың  кездейсоқтық  сипатқа  тап 

болмауын  қамтамасыз  етеді.  Мақсатқа  сай  тәрбие  міндеттері  анықталып,  оны 



 

61 


атқаруда  жұмыстардың  түрлері,  мазмұны  мен  ұйымдастыру  тәсілдері 

белгіленеді.  Сондықтан  да  бұл  принцип  тәрбие  жүйесінде  жетекші  принцип 

ретінде саналады. 

Тәрбиенің  келесі  принциптерінің  мәні  жас  ұрпаққа  тәрбие  беруді 

қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап 

етеді.  Ол  мектептегі  теориялық  білімдерді  оқушыларға  меңгертуде,  оларды 

өмірмен  байланыстыру,  қоғамдағы  болып  жатқан  өзгерістермен  хабардар  етіп, 

оған  нақтылы  көзқарастарын,  сенімін  орнықтыру,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке 

қатыстыру тәрбие мақсатының мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру. 

Жас  ұрпақты  қоғамдық  өмірге  ерте  кезден  араластыру  өз  еліне,  туған 

өлкесіне  деген  сүйіспеншілікке  баулу,  ел  азаматтарына,  еңбек  ардагерлеріне 

деген  құрметтеушілік,  ізгілік  ниеттерінің  орнығуына,  қысқасы,  «өмір 

мектебінің»  баспалдағынан  біртіндеп  қуат  алып,  оның  қыр-сырымен  танысуға 

мүмкіндік туғызады. 

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты - баланы еңбек ете білуге, 

оны  қадірлеп-қастерлеуге,  оған  деген  жағымды  көзқараспен  қарым-қатынас 

қасиеттерін  орнықтыруды,  сонымен  қатар  қарапайым  еңбек  құралдарын 

пайдалана  білу  қабілеттерін  сіңіру  қажеттіліктерінен  туындайды.  Адамды 

табиғат  жаратқанмен,  оны  нағыз  адам  етіп  қалыптастырған  –  еңбек  процесі. 

Адам  баласының  қоғамдағы  өмірі  тек  еңбекпен  байланысты,  себебі  ол  оны 

саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз 

тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип 

тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді. 

Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білу принципінің көздейтін 

мақсаты: 

-  оқушыларға  қоғамдық  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерін  саналы 

түрде меңгерту; 

-

 



оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды; 

-

 



мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды; 

-

 



мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие 

-  жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді; 

-

 

оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді; 



-

 

жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды; 



-

 

сүйіспеншілік көрсетуді. 



Құрметтеу  мен  талап  қоюшылықты  бірыңғай  атқару  тәрбиенің  ізгілік 

бағыты  мен  ынтымақтастық  педагогикасының  негізін  қалайды.  Өйткені, 

адамгершілік пен ынтымақтастық бала өмірінде үлкен маңызға ие болады. 

Тәрбие  жұмысының  табысты  болуы,  көбінесе  әрбір  жеке  тұлғаның  жас 

шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. 

Әрбір  жеке  бала  –  дара  тұлға.  Оның  түсінігі,  сенімі,  көзқарасы,  ақыл-ойының 

деңгейі  бірдей  емес,  соған  орай  мінез-құлық  ерекшеліктері  мен  адамгершілік 

қасиеттерінің  сапасы  да  әртүрлі. Сондықтан  да  тәрбие  процесінде  балалардың 

дара  ерекшеліктерін  ескерудің  маңызы  зор.  Тәрбиенің  мазмұны  мен  амал 

тәсілдері де осы принципке тәуелді.  



 

62 


Қосымша А. 

Тәрбие  жұмысын  нәтижелі  жүргізудің  тағы  бір  шарты,  тәрбие  мазмұны 

мен  тәрбиелік  әрекеттерді  баланың  жас  шамасына  сай  біртіндеп  жүйелі 

жүргізуді  талап  етеді.  Тәрбие  процесінде  тәрбиешілер  тарапынан  болатын 

ықпалдағы  жүйесіздік,  тәрбие  мақсатына  жетуге  кепілдік  бермейді,  керісінше 

онда әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға итермелейді.  

Баланың түсінігіне, сана-сезіміне орай тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде 

жүргізу, тәрбие салаларының тұтастығын қамтамасыз етуді қажет етеді, өйткені 

тәрбие міндеттерін шешуде атқарылатын шаралардың бір-бірімен сабақтастығы 

болуы  тиіс,  өткендегі  тәрбиелік  шаралардың  мазмұны  бүгінгі  мен  болашақта 

жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы осы принциптің міндеті. 

Жеке  тұлғаның  ұжымда  тек  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  принципі  кеңестік 

дәуірде  коммунистік  тәрбие  беру  жүйесінің  негізгі  талаптарының  бірі  болып 

келді.  Бұл  социалистік  қоғамның  талабына  айналды.  Осы  қоғамда  өмір  сүріп 

отырған  «барлық  адамдар  біреуі  үшін,  біреуі  барлығы  үшін»  деген  ұранмен 

еңбек етуге тиіс болды. 

Оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі 

–  оқушылардың  оқу,  тәрбие  және  пайдалы  еңбектегі  бірлескен  іс-әрекетінде 

олардың  жауапкершілігі,  белсенділігі  артып,  тұлғаның  жан-жақты  дамуына 

мүмкіншіліктер  пайда  болады,  достығы  жарасып,  ізгілік  қарым-қатынас 

орнайды,  өзімшілдік  жойылып,  өз  мүддесін  ұжым  мүддесімен  ұштастыру 

моральдық нормаға айнала бермек. 

Тәрбие  процесінде  мектеп  пен  жұртшылық  әрекетінің  бірлігін 

қамтамасыз  ету,  олардың  жасөспірімдерге  тәрбиелік  ықпалын  үйлестіру 

қажеттігінен туындайды. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда 

олардың  әрекетінде  ауызбіршілік,  жүйелік  болмаған  жағдайда  тәрбиелік 

шаралардың  нәтижесі  төмендейді.  Баланың  дүниетанымы  отбасынан  бастау 

алып,  мектеп  және  ұстаздар  тәрбиесімен  жалғасып  отырады.  Сондықтан  да 

балаға талап  қойғанда  бірліктің  болмауы,  тәрбиелік  ықпалдың  тұрақсыздығын 

туғызып, баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке 

түсіреді. 

Кәсіптік мектептердегі тәрбиелеу принциптерінің ерекшеліктері 

Еліміздегі  әрбір  еңбеккер  өз  кәсібінің  иесі,  ол  өмір  сүру,  жанұя 

берекесінің  көзі  болып,  өзінің  кәсіби  біліктілігін,  шеберлігін  шыңдап,  жаңа 

техника  мен  технологияларды  игеруде  шығармашылықпен  меңгеріп, 

кәсіпкерлік  пен  бизнесті  тиімді  ұйымдастыра  білуі  қажет.  Әрбір  тәжірибеші 

педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық 

принципін  жүзеге  асыруға  әрекеттенуі  керек.  Осы  принциппен  мазмұндас  – 

жалпы  адамзаттық  адамгершілік  құндылықтар  рухында  тәрбиелеу  принципі 

бүгінгі  таңда  алдыңғы  орынға  шығып  отыр.  Өйткені,  қазіргі  қоғамда  түрлі 

топтардың  жіктеліп,  әртүрлі  партиялар  мен  саяси  қозғалыстардың  белсенділік 

танытып отырғаны белгілі. 

Саясатқа  араласу  –  әрбір  азаматтың  жеке  ісі,  мемлекет  те  кеңес 

дәуіріндегідей  жеке  жеткіншектердің  саяси  белсенділігіне  тосқауыл  болмауы 


 

63 


керек.  Бұл  жерде  адамдарды  жікке  бөліп,  алауыздық  туғызатын  іріткі  саясат 

емес,  қайта  оларды  біріктіретін,  ұлттық  идеологияларға  жататын,  соған 

бағытталған кешенді тәрбие жүйесі қажет-ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде 

тәрбиелеу  жеке  тұлғаның  қызығушылығы  мен  ұжым  арасындағы  бірліктің 

ұйытқысы,  одан  барып  адамның  жеке  қызметінің  дамуы  мен  ұжымның 

тәрбиелік  қызметіне  ұштастыру  идеясы  басты  орынға  шығады.  Қазіргі  таңда 

педагогтар  ғылымды  игеруді  өз  бетінше  дамыту,  үйрену  принципіне  аса  назар 

аударуда.  Оқыту  процесі  кезінде  алған  білімдері  негізінде  жеке  тұлғаның  өз 

бетінше  қызмет  етіп,  шешім  шығара  білу  еркіндігі,  шығармашылыққа  жол 

ашады,  өз  бастамаларын  аяғына  дейін  қандай  тосқауыл  болса  да,  өз  ұжымы 

арқылы  жетістіктерге  қол  жеткізу  мүмкіндігі  туады.  Бұл  үшін  ұлағатты 

ұстаздар,  тәлімгерлер,  жаңашыл  педагогтар  бастамасымен  арнайы  жүргізілген 

ұжымдық тәрбиелеу принципін негіз ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек. 

Қорыта  келе,  қазіргі  кәсіби  педагогикада  тәрбие  принципінің  негізгі 

бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады: 

1.  Тәрбиенің  кәсіби  бағытта  жүргізілуі.  Тәрбиенің  барлық  түрі, 

жүргізілетін іс-шаралар мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің 

біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 

2.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  жеке  тұлғаның  бойында 

адамгершілік  қасиеттерді  жинақтау  (адамдық,  тәртіптілік,  кеңпейілділік, 

жауапкершілік). 

3.  Тәрбиені  өмірмен  және  еңбекке  байланыстыра  беру  принципі  – 

оқушыны  өмірге  бейімдеу,  шығармашылық  қызметке  дайындау  сияқты  негізгі 

міндетті қамтиды. 

4. Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу. 

5.  Оқушының  жеке  тұлғалық  қасиетін  бағалай  отырып,  оны  талап  ете 

білушілікке тәрбиелеу. 

6 Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу (сенім 

арту, өз бетінше шешім шығару, жақсы қасиеттерін дәріптеу). 

7 Жас ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін есепке ала отырып тәрбиелеу. 

8.  Тәрбие  жұмысының  үйлесімді,  тұрақты  және  жоспарлы  түрде 

жүргізілуі. Қосымша Ә. 

Барлық  педагогке  тән  мына  қағиданы  әрқашан  есте  ұстау:  «Ұстаз  – 

ешқашан  ренжуге  тиіс  емес».  Егер  ұстаз  ренжіп,  көңілі  қалып,  ашуланатын 

болса, ол өзін-өзі ұстай алмайды, басқара алмай қалуы мүмкін, оқушы ұжымы 

алдында дәрменсіздік танытуы мүмкін. 

Кәсіптік  мектептердің  оқу-тәрбие  процесінің  сапасын  арттыру 

мақсатында  қазіргі  заманғы  оқу-әдістемелік  құралдармен,  ғылыми-әдістемелік 

көмекші  құралдармен,  оқу  әдебиеттерімен  қамтамасыз  ету,  арнаулы  пәндер 

бойынша қазақ тіліндегі әдебиеттердің тапшылығы байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет