Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


  Кәсіптік  білім  беру  педагогы  маманының  тұлғалық  қасиеті  мен



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі1,4 Mb.
#7575
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2  Кәсіптік  білім  беру  педагогы  маманының  тұлғалық  қасиеті  мен 

қызметі 

Кәсіптік білім беру педагогы жоғарғы оқу орнының түлегіне сабақ бермес 

бұрын  таңдап  алған  педагогикалық  мамандығына  деген  қатынасын, 

қызығушылығын алдын ала анықтап алған жөн. 

Адамның  тұлғалық-әрекеттік  негізіндегі  түсінікке  арқа  сүйей  отырып, 

педагогтың  тұлғалық  құрылымын  жобалауға  болады,  бұл  үшін  тұлғаның 

құрылымы  мен  оның  әрекеті,  кәсіптік-педагогикалық  әрекеті  есепке  алынады 

(А.Н. Леонтьев). 

Бағыттылық,  кәсіптік  жан-жақтылық,  қабілеттілік  өзара  тығыз 

байланысты және өзара ықпал етеді. Бағыттылық – бұл психологиялық түсінік. 

Бағыттылық түсінігін («Richtungsdispositionen») психологияға Б. Штерн енгізіп, 

оны  белгілі  бір  әрекетке  бейімділік  ретінде  қарастырады.  Э.  Бенек  те 

«бағыттылық»  және  «бейімділік»  түсініктерін  өзара  байланыстырады: 

бағыттылық  ең  алдымен  бейімділік  негізінде  дамиды;  соңғысының  даму 

деңгейі, оның басқа білім деңгейіне байланысты болады. 

Бағыттылықты,  жан-жақтылықты  және  қабілеттілікті  оқытушының 

кәсіптік  маңызды  қасиеттері  ретінде  білім  алуы,  басым  жағдайда  кәсіптік-

педагогикалық  спецификасына  негізделеді.  Педагогтың  бойында  осы 

қасиеттердің  болуы,  психологтардың  пікірінше,  педагог  өзінің  бәсекеге 

қабілеттілігін,  кәсіптік  жинақтылығын,  кәсіптік-педагогикалық  әрекетінің 

жоғары  нәтижелілігі  мен  өнімділігін  қамтамасыз  етеді.  Біз  бөліп  алған 

қасиеттердің дамуының жоғары деңгейі көп жағдайда кәсіби жоғарлауға, кәсіби 

карьерасының дамуына ықпал етеді. 

Л.И. Божович, В.С. Мерлин, К.К. Платонов негізгі еңбектерінде тұлғаның 

қалыптасу 

факторы 


бағыттылық 

болып 


табылатыны 

дәлелденген. 

Психологтардың  пікірінше,  ең  басымы  мотив,  қажеттілік,  құнды  бағдарлық 

жүйесімен сипатталады. Соңғысы педагог еңбегінде ерекше рөл атқарады.  

Құндылық  бағдарлық  –  тұлғаның  бағыттылық  компоненті.  Бұл  ішкі 

қабылданған  материалдық  және  рухани  құндылықтарға  бөлінеді.  Құнды 

бағыттылық  иерархиясы:  отбасы,  молшылық,  шығармашылық,  карьера, 

денсаулық-тәжірибелік әрекет үшін негізгі тірек болып табылады. 

Құнды  бағыттылық  нақтылығы  –  педагогтың  кәсіптік  тұрақтылығының 

көрсеткіші. 

Педагогтың  кәсіптік  бағыттылығы,  оның  педагогикалық  мамандыққа 

деген,  негізінен  қара  жұмыспен  айналысатын  адамдарға  деген  қатынасы, 

кәсіптік  дамуға  деген  дайындық  –  оның  кәсіптік  бағдарлығының  негізгі 

құрамдас бөлігі. 

Психологтардың  пікірінше,  тұлғаның  бағыттылығы  –  тұрақты  мотивтер 

жиынтығы, бұл мотивтер тұлғаның әрекетіне бағыт беріп отырады. Бұл пікірді 

есепке ала отырып, өзіндік мотивациялы өрісті түсініп қана қоймай, оны өлшеп, 

өзгерте 


алуды 

үйрену 


керек. 

Тұлғаның 

бағыттылығы 

оның 


қызығушылықтарымен, бейімділігімен, пікірлерімен сипатталады. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  бағыттылығы  негізінен  оның  кәсіптік 



 

30 


оқыту  орнында  жүргізілетін  оқыту  пәнімен  сонымен  бірге  болашақ 

жұмысшылар меңгерген мамандықпен анықталынады. Уақытының көп бөлігін 

ол  оқу  сабақтарына,  кабинетті  жабдықтауға,  оқыту-әдістемелік  материалдарды 

дайындауға, слайдтар, көрнекіліктер жасауға арнайды. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  кәсіптік-педагогикалық  әрекетінің 

қозғаушы күштері оқытушылық әрекетке тұлғалық мән беретін мотивтер болып 

табылады. Егер оқытушыны белгілі бір оқытушылық үдерісі қызықтырса, онда 

ол  сабаққа  дайындалу,  арнаулы  және  педагогикалық  әдебиеттерді  оқу,  жеке 

жұмысқа  арналған  тапсырмаларды  дайындау  ісімен  айналысады.  Яғни,  оқыту 

нәтижесіне  қызығушылық  білдіргендіктен  оқытушы  күні  бойы  уақытын  осы 

іске арнайды. 

Бұл жағдайда педагогтың жасөспірімдерге деген қатынасы маңызды орын 

алады.  Оқытушының  мотивациялық  өрісінде  болып  жатқан  жағдай,  көбіне 

оның кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жетістіктерімен байланысты.  

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  бағыттылығы  оқушыларды  зерттеу, 

өзінің кәсіптік білімін жетілдіру, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін табуға 

бағыттылығы  көбіне  оның  педагог  болу  тілегін,  кәсіптік  тұрақтылығын 

арттырады. 

Егер  педагог  педагогикалық  шығармашылыққа  қызығушылық  білдірсе, 

онда  оны  еңбекақы,  ақша,  қозғалмайтын  мүлік  қызықтырмайтын  болады.  Ол 

кәсіптік-педагогикалық  мамандыққа  толықтай  қызығушылық  білдіреді.  Бұл 

жағдайда оның кәсіптік бағыттылығының тұрақты болып табылатынын айтуға 

болады. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогтары  арасында  өндірістік  білім  беру  шебері 

ерекше орын алады. Ол болашақ жұмысшылардың басты тәрбиешісі мен ұстазы 

болып табылады. Оқытушыға қарағанда кәсіптік білім беру шеберінің кәсіптік 

училищеде немесе лицейдегі алғашқы жұмыс күнінен-ақ оның жұмысына деген 

қатынасын  анықтауға  болады.  Оның  жүріс-тұрысы,  қызығушылығы,  болашақ 

жұмысшыларға  деген  қатынасы  оның  кәсіптік  бағыттылығы  туралы  нақты 

айтуға болады. 

Шебер  жұмысында  техникалық,  технологиялық,  инженерлік  ойлау, 

логикалық  және  механикалық  есте  сақтау  қабілетінің  дамуы  ерекше  рөл 

атқарады. 

Шебер  болашақ  жұмысшыларды  жаңашылдыққа  тез  үйрете  алу 

қабілеттілігін  көрсетуі  тиіс.  Бұл  қабілеттілік  сенсомоторлық  мәдениетінің 

жоғары  деңгейімен  сипатталады.  Шеберде  қозғалыс  ақауы  болмауы  тиіс. 

Шеберханаға  ерте  келіп,  үнемі  қолмен  жұмыс  жасау,  құрал-саймандарын 

дайындықтан  өткізу,  оларды  тексеру,  түзету  жұмыстарын  жүргізіп, 

тұрғындардың  сұранысын  қанағаттандыру  барысында  жұмыс  жасайтын 

педагогтың  тұрақты  бағыттылығы  айқын  көрінеді.  Оны  үгіттеудің  қажеттілігі 

жоқ.  Ол  тұлға  ретінде  қалыптасқан.  Құрал-жабдықтардың  жағдайы  да  оның 

кәсіптік  бағыттылығының  көрсеткіші.  Еңбектің  жаңа  әдістерін  меңгеруі, 

педагогикалық  әрекетке  қызығушылық  білдіруі  –  бұл  нағыз  маманның  үздік 

қасиеттері. 



 

31 


Кәсіптік  білім  беру  педагогы  өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  бұрынғы  өмір 

сүрген  адамдардың  тәжірибесін  меңгерте  отырып,  білім,  білік,  дағдыларды 

қалыптастырып, ұрпақтың дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан кәсіптік білім 

беру педагогы маман дайындаудың негізгі тұлғасы болып табылады. 



Кәсіп  –  қоғамдық  еңбек  бөлінісінде  жалпыадамзаттық  мораль 

нормаларымен  келісілген  еңбек  түрі  және  адамзат  үшін  материалды  игіліктер 

бастамасы.  Кәсіп  саласына  қарай  еңбек  бөлінісіне  ие.  Мысалы,  слесарь  кәсібі 

мына  түрлерге  бөлінеді:  слесарь-құрастырушы;  слесарь-жөндеуші  және 

аспапшы-слесарь.  Сондықтан  кәсіп  саласы  белгілі  бір  мамандықтар  бойынша 

еңбек бөлінісіне ие болады. Мамандықты игеру үшін ең бастысы кәсіптік білім 

қажет. 

Кәсіптік  білім  –  бұл  белгілі  бір  жүйеде  кәсіп  бойынша  алынған  білім, 

білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің 

ережелері мен нормалар тәртібі.  

Кәсіптік  оқыту  –  бұл  оқушы  мен  инженер-педагогтің  кәсіп  бойынша 

ғылыми-техникалық  ілімді  игеру  мен  кәсіптік  білік,  дағды  қалыптастыруда 

бірлескен іс-әрекеті. 

Кәсіптік  тәрбие  –  оқушы  мен  инженер  педагогтың  белгілі  бір  кәсіптік 

ортада  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  алып  жүру  ережелері  мен  нормаларының 

жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс. 

Кәсіптік  білім  берудің  негізі  –  белгілі  бір  елдің  халық  шаруашылығына 

қажетті  мамандардың  керектілігі  мен  тұлғаның  мамандықты  игере  алу 

мұқтаждығына  байланысты.  Маманның  өнегесі  –  кәсіптілік  түсінігінің 

ажырамас құраушы бөлігі болуы керек.  

Кәсіптік  педагогиканың  міндеті  –  жеке  тұлғаға  кәсіп  пен  кәсіптік 

біліктілікті  қалыптастырудың  заңдылықтарын  зерттеу.  Осы  мәселені  шешуге 

кәсіптік училищелер, кәсіптік лицей мен колледждер сияқты жаңа типті кәсіби 

оқыту  мен  тәрбиелеу  мекемелері  көмектесу  керек.  Осылайша,  қазіргі  кәсіптік 

педагогиканың  ең  басты  міндеті  –  осы  мекемелерде  білім  беру  мазмұнын  іске 

асыру.  Осы  мақсатты  сапалы  түрде  шешу,  білім  беру  мазмұнының 

философиялық  және  теориялық-әдістемелік  негізін  қалыптастыруды  қажет 

етеді.  Бұл  қазіргі  және  болашақ  кәсіптік  білім  беру  орындарында  маңызды 

ғылыми мәселе болып отыр. 

Мұнда  мәселе  тек  қана  белгілі  теориялық  білім,  практикалық  біліктілік, 

кәсіби  дағдыны  игеру  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  адамның  маңызды 

кәсіби  қасиеттері,  тұлғалық  қабілеті,  еңбек  іс-әрекеті  процесінде  өндірістік 

ортаға  тез  бейімделуі,  жаңа  техника  мен  технологияны  меңгеруі,  мамандығын 

динамикалық  өзгертуіне  мүмкіндік  беретін  жүйені  дамыту  көзделеді. 

Сондықтан кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді сапалы дайындау мәселесі 

екіге бөлінеді. 

Бірінші  мәселе  –  түлектердің  икемі  мен  дағдысын  және  білім  деңгейін 

жоғарылату.  Бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім  беру  мекемесінде  білім  беру 

мақсаты  болып,  соған  сәйкес  кәсіптік  іс-әрекеттің  жаңа  әдістерін  құру  болып 

табылады. 


 

32 


Екінші мәселе  – кәсіптік оқыту мекеме түлектерінің кәсіби маңызды және 

тұлғалық әлеуметтік мәнді қасиеттерімен сапасын дамыту. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогы  өз  мамандығының  сапасын,  біліктілігін 

арттыруды  психологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуі  үлкен  роль  атқарады. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  іс-әрекеті  көбінде  оның  кәсіби  шеберлігінің 

кеңістігіне 

қатысты, 

педагогикалық 

қарым-қатынас 

механизмдеріне, 

оқушылардың  (студенттердің)  психологиялық  ерекшеліктерінің  табиғатына  да 

байланысты.  Педагогикалық  іс-әрекеттің  дамуының  жоғары  деңгейі  мынада  – 

кәсіптік  білім  беру  педагогы  өзін-өзі  дамыту  механизмдерін  қалыптастыруға 

мақсат  қояды  және  оқушыларға  (студенттерге)  өз  қабілет-қарымы  бойынша 

даму бағыттарын ұштайды. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогы  іскерлігінің  негізгі  бағыты  болашақ 

мамандардың  кәсіби  білімін  (теориялық  және  тәжірибелік)  жетілдіру  болып 

табылады.  Ол  педагогикалық  іскерлікке  даярлықтан  басқа  кәсіби  оқыту 

мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы 

болып табылады. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  кәсіби  іскерлігінің  мазмұны  оның 

педагогикалық  еңбегі  мен  инженерлік  интегралымен  анықталады.  Қазіргі 

жаңашыл  қоғамның  алдында  білім  беруді,  соның  ішінде  ең  алдымен  кәсіптік 

білімді  гуманизациялау  ең  басты  мәселе  болып  отыр.  Білім  алушының  ішкі 

дүниесі  мен  тілектеріне  жеткілікті  түрде  көңіл  аудару  адамгершіліктің  белгісі. 

Адамгершілік – кәсіптіліктің негізін құрудың алғашқы қадамы. 

Педагогика  мамандығының  тарихи  анықталған  екі  әлеуметтік  қызметі 

бар:  бейімдеу  және  адамгершілік  (адам  қалыптастырушы).  Бейімдеу  қызметі  – 

оқушылар  мен  тәрбиеленушінің  қазіргі  әлеуметтік-мәдени  жағдайлардың 

талаптарына  сай  бейімделуіне,  ал  адамгершілік  қызметке  адамның  жеке 

басының, өзіндік шығармашылық дамуы жатады.  

Педагогикалық қызмет адамгершілік бағытта болуы тиіс. Бұл педагогтың 

барлық  іс-әрекеті  оқушының  жеке  нақты  назарына  бағынуына  тиістілігін 

білдіреді. Белгілі мөлшерде өзіне, басқа адамдарға, қоршаған ортаға және өзінің 

кәсіби  қызметіне  қатынастарын  анықтауда  адамдарға  көмектесу  –  бұл 

педагогикалық қызметтің адамгершілік бағыты болып саналады. Педагогтың өз 

қызметіне  деген  шығармашылық  деңгейін  анықтап  алып,  оның  еңбегінің 

мазмұны мен оны ұйымдастыруын дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметінің 

шығармашылық  деңгейіне  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  оның  өзіндік 

мүмкіншілігін  пайдалану  дәрежесімен  айқындалады.  Сондықтан  педагог 

қызметінің  шығармашылық  сипаты  оның  басты  ерекшелігі  болып  есептеледі. 

Педагог  шығармашылығының  басқа  сала  шығармашылықтарынан 

(медицина  және  техника)  айырмашылығы  оның  мақсатында,  яғни  жаңа 

құнды,  өзіндік  әлеуметтік  жаңалық  жасау  емес,  оның  мақсаты  –  жеке 

тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себеп 

–  ол  педагогтың  жеке  басының  қасиеттері.  Олардың  бәрінің  кәсіби 

мағыналары  бар.  Жақсы  педагог  –  ең  алдымен  парасатты,  адал,  әділ, 

мейірімді  адам.  Сонымен  қатар,  өз  жұмысын  табысты  орындау  үшін, 



 

33 


мамандықтың  әр  қызметкері  жеке  қасиеттеріне  өз  талаптарын  қояды,  ал 

ондай  қалыптасқан  қасиеттері  жоқ  немесе  аз  болса  онда  еңбектің 

тиімділігі  тез  төмендейді.  Ал  педагогты  сипаттайтын  қасиеттер: 

көпшілдік, адамның бәріне тең қарау. 

Кәсіптік білім беру педагогы білім беруде мамандықты игерту мен білікті 

жұмысшы  кадрларды  даярлау  бағытын  қарастырады.  Кадрлар  даярлауда 

болашақ маман кәсіби қалыптасудың кезеңінен өтеді. 

Әлеуметтік  жағдайда  және  қызметтің  жетекші  түріндегі  сипаттамасына 

байланысты  маманның  кәсіби  біліктілігін  жетілдірудің  (Э.Ф.  Зеер  пікірі 

бойынша) келесі бес кезеңі бар: 

Оптация  –  кәсіптік  әрекеттердің  қалыптасуына  өзіндік  психологиялық-

физиологиялық ерекшелік негізін есепке ала отырып, кәсіпті дұрыс таңдауы.  

Кәсіби  оқыту  –  кәсіби  білім  іскерлік  дағдыларының  жүйелі  және 

әлеуметтік  қажетті  сапаларының  типтік  кәсіби  міндетін  шешетін  тәжірибесін 

меңгерту, тұлғаның кәсіби бағытының қалыптасуы. 

Кәсіби  адаптация  –  кәсіппен  байланысты  жаңа  әлеуметтік  рөлді  игеруі, 

кәсіби  өздік  анықталуы,  сонымен  қатар  кәсіби  қызметті  өздік  орындау 

тәжірибесін меңгеруі. 

Кәсібилену  –  кәсіби  маңызды  білімге  қатысты  кәсіби  ұстамды 

көзқарастың  қалыптасуы,  кәсіби  қажетті  сапалардың  және  іскерліктің 

интеграциялануы, кәсіби іс-әрекеттердің білікті орындалуы. 

Кәсіби  шеберлік  –  қозғалмалы  интегралдық  психологиялық  және 

интеллектуалдық  жаңа  білімдер  негізінде  шығармашылық  кәсіби  қызметте 

тұлғаның толық ашылуы, авторлық қызмет жүйесіне енуі. 

Кәсіби  дайындықты  ұйымдастырудың  және  оның  сапасын  бағалаудың 

негізі ретінде біліктілік сипаты ғана емес профессиограмма да қолданылады.  

Профессиограмма  –  талаптар  жүйесі  арқылы  ұсынылған  қандайда 

болмасын  кәсіптің  толық  мінездемесі.  Профессиограмманың  негізгі  құрамды 

бөлігі  психограмма  –  адам  психикасына  кәсіптің  қоятын  талаптарына 

сипаттама.  Ол  кәсіптік  функцияларды  сәтті  орындау  үшін  адамның  ойлау 

процесінің ерекшеліктерін, білімділік, іскерлік және дағдыларының болуы мен 

тұлғалық қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар. 

Осы  талаптарды  негізге  ала  отырып,  кәсіптік  білім  беру  педагогы 

теориялық  оқытумен  қатар  өндірістік  оқуды,  және  мамандыққа  байланысты 

техниканың жаңа түрлері мен технологияның жетістіктерін қолдануды үйретеді. 

Бұл кәсіби шеберлікті меңгеру жолы болып табылады.  

 

Кәсіптік 



білім 

беру 


педагогының 

мақсаты 


– 

оқушылармен, 

жұмысшылармен,  мамандармен  кәсіби  оқытуды  жақсарту,  оны  іске  асырудағы 

әдістер  мен  ұйымдастыру  формаларын  жетілдіруді  көздейді.  Сонымен  қатар 

кәсіптік  білім  беру  педагогы  кәсіби  және  өндірістік  іс-әрекетті  орындай  алуы 

керек. Өндірістік оқытудың шебері теориялық білім бере білуі тиіс. Өндірістік 

оқытудың әдістері олардың оқу барысындағы алатын орнымен сипатталады.  

Өндірістік  оқыту  шебері  –  кәсіптік  білім  беру  мекемелеріндегі 

педагогикалық  ұжымдағы  ерекше  фигура,  оның  атқаратын  қызметі  мен 


 

34 


қызметтік міндеттері көпқырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шебері - кәсіпке 

үйретуші  негізгі  ұстаз,  өзіне  бекітіліп  берілген  оқушылар  тобының  өмірі  мен 

тәрбие  жұмыстарының  ұйымдастырушысы,  еңбек  жолына  жаңа  енетін 

жастардың,  бозбалалар  мен  бойжеткендердің  тәлімгері.  Кәсіптік  (өндірістік) 

оқыту  бойынша  практикалық  сабақтар  мен  оқу-өндірістік  жұмыстарды 

жүргізеді,  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беру  бойынша  жұмыстарды  орындауға 

қатысады. Сабаққа қажетті қондырғылар мен сәйкес жабдықтарды дайындайды, 

материалдық  базаны  жетілдіреді.  Ауыл  шаруашылығы  мамандығы  бойынша 

гаражды,  шеберханадағы  қызметті  меңгереді,  олардың  өз  уақытында 

жабдықтармен,  құралдармен,  материалдармен,  қосалқы  бөлшектермен  және 

оқыту құралдарымен жабдықталуы бойынша жұмыс атқарады. 

Қауіпсіздіктің  сақталуын,  оқушылардың  еңбек  етудің  алдыңғы  қатарлы 

әдістерін,  өндірістегі  қазіргі  таңдағы  техника  мен  технологияны  меңгеруін 

қамтамасыз  етеді.  Практикалық  жұмыстардың,  сондай-ақ  сапалы  өнім 

дайындау  мен  халыққа  қызмет  көрсету  бойынша  жұмыстардың  орындалуын 

ұйымдастырады. 

Кәсіпорындармен, 

мекемелермен, 

ұйымдармен 

және 


шаруашылықтармен  оқу  (өндірістік)  практиканы  өткізу  бойынша  келісім  шарт 

жасауға  қатысады  және  оның  орындалуына  бақылау  жасайды.  Оқушыларға 

біліктілік  жұмыстарын  орындау  мен  біліктілік  емтихандарын  тапсыру  үшін 

дайындалуға 

көмектеседі. 

Пәндік 


(циклдік) 

комиссиялардың, 

конференциялардың,  семинарлардың  жұмысына  қатысады.  Оқушылардың 

жалпы  білім,  кәсіптік,  мәдени  дамуына  ықпал  етеді,  оларды  техникалық 

шығармашылыққа тартады. 

Сонымен  қатар,  өндірістік  оқыту  шебері  ҚР  Конституциясын,  ҚР 

заңдарын,  ҚР  «Білім  беру  туралы»  заңын,  Үкімет  пен  кәсіптік  білім  беру 

мәселелері  бойынша  білім  беруді  басқару  органдарының  шешімдерін,  бала 

құқығы жөніндегі Конвенцияны, еңбек заңдылығының негізін, өндірістік оқыту 

бойынша оқу бағдармаларын, өндіріс технологиясын, өндірістік жабдықтар мен 

оны  техникалық  пайдалану  ережелерін,  педагогика  мен  психология  негіздерін, 

кәсіптік  оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістемесін,  еңбекті  қорғауды,  қауіпсіздік 

техникасын және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуі керек. 

Өндірістік оқыту шебері – жастардың ұстазы және тәрбиешісі. Ол білікті 

педагог,  тәрбиеші  болу  үшін,  оқытушы,  өндірістік  оқыту  шебері  этикалық, 

психологиялық-педагогикалық  жағдайларда  байқалатын  айқын  жеке-тұлғалық 

көзқарасты  ұстануы  тиіс.  Олардың  арасындағы  аса  маңызды  болып 

табылатыны мыналар: 

 

оқушыларға  деген  қарым-қатынасы  оларды  түсінуді,  әртүрлі 



жағдайларды  бірге  бастан  өткізуді,  олардың  тәуелсіздігі  мен  дербестігіне, 

шығармашылық потенциалдарын анықтауды және оны қолдануды мақсат ету;  

 

педагогтың  өзіне  деген  қарым-қатынасы  –  табысты  оқу-тәрбие 



жұмысына  деген  қызығушылықты,  кәсіби  және  жеке  тұлғалық  өсуді,  өз-өзіне 

талдау жасау және өзін-өзі жетілдіруді мақсат ету. 

Кәсіпке  үйретуші  ұстаз  ретінде  өндірістік  оқыту  шеберіне  қойылатын 

маңызды  талап  оның  кәсіпқойлығы.  Нақты  білімдер  мен  іскерліктерді, 



 

35 


өндірістік және өмірлік тәжірибені тек қана кәсіби шеберлікті жетік меңгерген 

шебер ғана тәрбиеленушілеріне  бере алады. Оқушылар өздерін өз ісінің нағыз 

шебері  оқытып  жүргенін  сезгенде  ғана  шебердің  ықпалы  тиімді  болады. 

Оқушылар  үшін  шебер  –  бұл  ең  алдымен  таңдап  алған  мамандықтың  өкілі, 

еліктеу  үшін  үлгі  болып  табылады.  Оқушылар  оның  шеберлігімен  әрқашан 

өздерінің кәсіпті меңгерудегі жетістіктерін, күш жігерлерін салыстырады және 

бұл мағынада шебердің үлгі болғаны өте маңызды. 

Өндірістік оқытудың негізгі мақсаты студенттердің белгілі бір мамандық 

саласындағы кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. 

Бұл  міндеттерді  іске  асыру  –  студенттердің  оқу  қызметі  және  өндірістік 

оқыту  шеберлерінің  үйрету  қызметі  негіз  болып  келеді.  Осы  көрсеткіштер 

арқылы  өндірістік  оқудың  мазмұнын,  ұйымдастырудың  және  әдістерінің 

мәселелерін қарастыру қажет. 

Өндірістік  оқытудың  әдістері  теориялық  оқуға  сәйкес.  Оның  үстіне 

өндірістік  оқу  барысында  теориялық  оқытудың  көптеген  әдістемелік  тәсілдері 

қолданылады.  Осыған  байланысты  тек  өндірістік  оқуға  сай  өзіндік  әдістерді 

қарастырайық:  еңбек  ету  іс-әрекеттерінің  тәсілдерін  көрсету,  жаттығулар, 

студенттердің  дербес  бақылаулары,  жазба,  жөн-жоба  беру,  жұмыстың  жоғары 

өнімді  тәсілдерін  және  амалдарын  оқудың  әдістері,  еңбекке  деген 

шығармашылық  қатынасты  қалыптастыру,  сонымен  бірге  өндірістік  оқытудың 

кейбір «белсенді» әдістері.  

Еңбек  ету  іс-әрекетінің  тәсілдерін  көрсету.  Бұл  тәсілдің  мақсаты 

студенттердің  санасында  еңбек  іс-әрекеттерінің  нақты  және  анық  бейнесін 

қалыптастыру,  оларды  студенттер  жұмыстың  тәсілдерін  және  амалдарын 

үйренгенде 

жаттығулар 

барысындағы 

іс-қимылдармен 

салыстырады. 

Студенттің санасында еңбек іс-әрекетінің нақты және анық бейнесі бір мезетте 

қалыптаспайды.  Оны  алғашқыда  ортақ  түрде  есте  қалдырады.  Сосын  бірте-

бірте  егжей-тегжейі  анықталады.  Студенттер  көрсеткенді  түсініп  білу  үшін 

және оның ұсақ-түйегін айыру үшін, олар белгілі бір уақыт ішінде әр бөлшекті 

жеке  қарастыру  керек.  Сондықтан  шебер  еңбек  іс-әрекеттерін  құрайтын  жеке 

қимылдарды  ақырын  және  қарқынды  көрсетеді,  тәсілді  немесе  белгілі  бір 

әрекетті  оқшау  бөліктерге  бөледі,  олардың  арасында  үзіліс  жасайды, 

студенттердің назарын әрекеттің тек соңғы бөлігіне ғана емес, аралық сәттеріне 

де аударады. 

Еңбек  ету  іс-әрекетінің  тәсілін  меңгергенде  студенттер  шебердің 

көрсетуін  түсініп  қана  қоймай,  оның  егжей-тегжейін  есте  сақтауы  керек. 

Сондықтан  еңбек ету іс-әрекеттерін көрсетуді бірнеше рет өткізу  қажет. Еңбек 

ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсеткенде көрсетудің әдістемелік тәсілдерінің 

қызметтік  мәнін  анық  елестету  керек.  Студент  ең  соңында  еңбек  әрекетінің 

толық  бейнесін  меңгеруге  міндетті.  Сондықтан  еңбек  ету  іс-әрекеттерінің 

тәсілдік көрсетілуі дұрыс жұмыс қарқынмен басталып, бітуі керек. 

Педагог  іс-әрекеті  білім  саласында  кәсіби  міндеттерді  шешуге 

бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан 

басталады.  Мақсаттылық  –  іс-әрекеттің  алғашқы  кезеңі,  екінші  кезең  іс-әрекет 


 

36 


бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай 

әрекеттер  және  қандай  оқыту  процесінің  афференттік  синтезінен  өткізу  қажет. 

Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. 

Іс-әрекетін  бағдарлау  педагогтың  интеллектуалдық  қабілетіне  байланысты, 

қандай  білім  мен  іскерліктерді  игерген,  педагогтың  кәсіби  міндеттерін 

эвристикалық  жолмен  шеше  алуы,  оқыту  технологияларын  қаншалықты 

меңгергендігіне  байланысты  айқындалады.  Іс-әрекеттің  бұл  кезеңі  педагог 

құзыреттілігінен шешіледі. 

Құзыреттілік  –  инженер  педагогтың  (жұмыскердің)  өз  білімі,  біліктілігі 

және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік 

еңбек  нәтижелеріне  жету  үшін  нақты  жұмыс  түрлерін  білікті  атқара  алу 

қабілеті. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогы  үшін  үнемі  жаңа  білімді  меңгеру  өзінің 

кәсіптік біліктілігін сақтап қалудың кепілі болып табылады. 

Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби еңбек қызметін орындауға деген 

дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  біліктілігі  –  кәсіптік  педагогикалық 

әрекеттілігіне  теориялық  және  тәжірибелік  дайындық  бірлігі,  кәсіптік 

тәжірибелігінің  көрсеткіші.  Ол  беделді  пікірін  білдіруге,  педагогикалық 

проблемалық  жағдайларға  қатысты  шешімдер  қабылдауға  мүмкіндік  береді. 

Кәсіптік  педагогикалық  әрекетте  жалпы  кәсіптік  және  арнаулы  пән 

оқытушысының  үнемі  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  қабілеті  ерекше  рөл 

атқарады, сонымен қатар ол компьютерді, интернетті меңгеруі тиіс. 

Кәсіптік-педагогикалық  әрекетке  деген  дайындық  –  бұл  педагогтың 

алдына қойған мақсатын шешу үшін күшін жұмылдыруы. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  біліктілігі  бір-біріне  интеграцияланған 

екі құраушыдан тұрады: 

техника-технологиялық біліктілік (инженерлік); 

психологиялық-педагогикалық біліктілік. 

Осыдан,  техника-технологиялық  біліктілік  –  оқушыға  немесе  студентке 

кәсіби  білім  алу  үдерісінде  берілетін  білім,  білік, дағды  және  тұлға  қасиетінің 

жиынтығы. Ал, психологиялық-педагогикалық біліктілік – осыны іске асыратын 

құрал болып табылады. 

Демек,  жоғары  кәсіптік  білім  беру  педагогы  білім  алушының  кәсіби 

тұлғалық  қасиеттерін  дамыту  үшін,  ең  алдымен  өзінің  мамандығы  бойынша 

оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін жоғары дәрежеде білуі қажет. 

Студенттердің  кәсіби  дайындығының  мақсаты  –  ғылыми-педагогикалық 

тапсырмаларды  орындауға  және  кәсіптік  білім  беру  педагогы  мен  еңбек 

технологиялары  мұғалімінің  кәсіптік  қызметінің  қажетті  функциялары  мен 

түрлерін  орындауға  бейім  маманды  қалыптастыру  болып  табылады.  Маман 

оқыту  үрдісінің  білім  беру  саласы,  мәні,  мағынасы  және  құрылымы  туралы 

білім жүйесін білуі керек.  

Кәсіптік білім беру педагогы үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) 

іс-әрекеттерін,  тұлғалық  өзін-өзі  ұйымдастыруын,  басқара  алуы  және  қоғамда 



 

37 


болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.  

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  міндеті  –  оқушыны  (студентті)  өз  бетімен 

білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, 

көмек  көрсету.  Бұл  әрекет  білім  берудің  өзекті  болып  отырған  құзырлылық 

тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

Белгілі  ғалымдар  С.Е.  Шишов  пен  В.А.  Кальнейдің  осы  мәселе  жайлы 

ойларында 

өскелең 


ұрпақтың 

бойына 


білім 

мекемелері 

мынадай 

құзырлылықтарды қалыптастыруы тиіс деп есептейді: 

1.  Саяси  және  әлеуметтік  құзырлылықтар.  Олар  адамның  өзіне 

жауапкершілік  алуында,  демократиялық  бастамаларды  жақсартуы  мен 

қолдауында байқалады. 

2.  Көп  мәдениетті  қоғамда  өмір  сүре  алуға  байланысты  құзырлылықтар. 

Ұлтаралық келісім, басқа мәдениеттерді, дін өкілдерін құрметтеу. 

3.  Жазбаша  және  ауызша  қарым-қатынас  жасай  алу  құзырлылығы.  Бұл 

әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де 

жатқызылады. 

4.  Ақпараттық  қоғамда  өмір  сүре  алуға  байланысты  құзырлылықтар.  Бұл 

жаңа  технологияларды  білу,  ақпараттар  ағымынан  қажеттісін  таба  алу,  оған 

сыни баға бере білу деген мағынаны береді. 

5.  Тұлғаның  жеке  және  қоғамдық  өмірінің  негізі  болып  табылатын  –  өмір 

бойы білім алуға қабілеттілігі. 

Құзырлылық  иреархиясы:  негізгі,  жалпы  пәндік,  пәндік  құзырлылықтар 

болып бөлінеді. Білімділік құзырлылық тұлғаның өзі үшін және әлеуметтік мәні 

бар  өнімді  еңбекпен  айналысуға  қажетті  білім,  білік,  дағдылары  мен  жеке 

тәжірибесін  көрсетеді.  Білімдік  құзырлылықтар  –  оқушының  бір-бірімен 

байланыспайтын білімдері емес, өмірлік мәселелерді шешуде іске асырылатын 

кешенді біліктері. 

Сондай  пікірлердің  бірінде  белгілі  ғалым  Э.Н.  Никитин  мұғалімнің 

тұлғалық-әрекеттік  моделіндегі  кәсіби  құзырлылығы  кұрамына  мына 

төмендегілерді жатқызады: 

- тұлғалық-гумандық бағыттылығы; 

- мәселені жүйелілікпен тани алуы; 

- пәндік аймақтарға бағыт ала алуы; 

- педагогикалық технологияларды меңгеруі; 

- отандық және шетелдік озық тәжірибені кіріктіре алу қабілеті; 

- кәсіби ортадағы креативтілік; 

- рефлексиялық мәдениеттің болуы. 

Автор  мұндай  құзырлылықтарды  дәстүрлі  біліктілікті  арттыру  арқылы 

қалыптастырудың  мүмкін  еместігіне  тоқтала  отырып,  жүйенің  мазмұнын, 

мақсат-міндеттерін, әдіс-формаларын өзгертуді алға қояды. 

Біз осы бағытта жазылған ғылыми әдебиеттердегі ойларды құптай отырып, 

мұғалімнің  құзырлылығын  социумда  дәл  осы  уақытта  қабылданған  нормалар 

мен  стандарттарға  сәйкес  өз  қызметін  атқаруға  дайындығын  көрсететін 

кіріктірілген жекелік сипаты деп түсінеміз. 



 

38 


Құзырлылық  педагогикалық  категория  ретінде  адамның  тұлғалық  даму 

сипатын,  механизмін  айқындаушы  әдіснамалық  амал  ретінде  жеке  тұлғаға 

бағытталған  білім  беру  жүйесінің  проблемаларын,  ол  проблемаларды  шешу 

жолдарын қарастырады. 

«Құзырлылық»  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның 

субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  енгізіліп  отырған 

ұғым.  Құзырлылықтың  (латын  тілінде  «соmреtеns»)  тікелей  аудармасы  белгілі 

сала  бойынша  жан-жақты  хабардар,  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып, 

қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  үкім  шығара  алады  дегенді 

білдіреді. 

Шетел  әдебиеттерінде  «кұзырлылық»  –  «терең  білім»,  «тапсырманы 

талапқа  сай  орындау  қабілеті»,  «қызметті  өзектендіре  орындау  қабілеті»  деген 

мағынада  ашылады,  бұл  түсіндірмелер  құзырлылық  мазмұнын  педагогика 

саласына сай толық сипаттай алмайды. 

Ресей  ғалымдарының  еңбектерінде  кұзырлылық  мазмұны  «әлеуметтік-

психологиялық»,  «коммуникативтік»,  «кәсіби-педагогикалық»  түсініктер 

арқылы ашылады. 

Әлеуметтік-психологиялық құзырлылық тұлға аралық қатынас жүйесіндегі 

оның  айналасындағылармен  тығыз  байланыс  орнату  қабілеті  ретінде 

қарастырылған.  Әлеуметтік-психологиялық  құзырлылық  индивидтің  қарым-

қатынас жүйесін меңгеру, ортақ қызметке толық ену барысында қалыптасады. 

Коммуникативтік  құзырлылық  Е.С.  Кузьмин  және  Ю.Н.  Емельянов 

зерттеулерінде  адамның  тілдік,  тілдік  емес,  қарым-қатынас  дағдылары 

барысында  қарастырылатын  табиғи  әлеуметтендіру,  оқу  және  тәрбиелеудің 

білімдік конгламераты деген мағынаны береді. 

Кәсіби-педагогикалық  құзырлылықты  Н.В.Кузьмина  пәндік,  әдістемелік, 

психология  салаларынан  хабардар  тұлға  қасиеті  деп  қарастырады  да,  кәсіби-

педагогикалық  құзырлылық  –  бұл  оқу-тәрбие  міндеттерін  өнімді  шешу, 

мамандықты  тұлға  қалыптастыру  құралына  айналдыру  қабілеті  –  деген 

анықтама береді. 

Мұғалімнің 

педагогикалық 

құзырлылығы 

деп, 


Н.Л. 

Сластенин 

педагогикалық  қызметті  жүзеге  асырудағы  теориялық  және  практикалық 

дайындықтың бірлігін айтады. 

Педагогика 

ғылымында 

профессионалдық 

құзырлылық 

еңбегінің 

жемістілігін  анықтайтын  білімі  мен  біліктілігінің  жиынтығы,  тапсырманы 

орындаудағы  дағды  көлемі,  білім  кешені  мен  профессионалдық  тұлғалық 

сапасы, профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап 

ететін  қызметтің  күрделі  түрлерін  орындаудағы  қабілеті  деген  мағынада 

ашылған. 

Соңғы  жылдары  ғылыми-педагогикалық  еңбектерде  кәсіби  құзырлылық 

дайындық  сапасына  қойылатын  талап  немесе  кәсіби  теориялық  білімдері  мен 

практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде 

қарастырылады.  Мұндай  контексте  қарастыру  құзырлылық  пен  кәсіби 

(профессионализм)  ұғымдары  арасындағы  айырманы  ажыратып  қарастыруға 


 

39 


мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан  да  құзырлылықты  адамның  кездейсоқтықтан, 

стандартты  емес  ситуациялардан  шығудағы  нәтижелі  әрекет  жасау  қабілеті, 

тұлғаның кіріктірілген қасиеті, жас түлектің өмірден өз жолын табудағы басты 

критериі деп қарастырамыз. 

Жеке тұлғаның жоғарғы компоненті кәсіби құзыреттілік болып табылады. 

Кәсіби  құзыреттілік  ретінде  шешім  қабылдаумен  байланысты  белгілі  бір  іс-

әрекет  түрімен  айналысу  үшін  жеткілікті  білімдер,  іскерліктер  мен  дағдылар, 

тәжірибе  деңгейін  бейнелейтін  маманның  іскерлік  және  жеке  тұлғалық 

қасиеттерінің интегралды сипаттамаларын түсіну қабылданған.  

Кәсіби құзыреттіліктің басты компоненттері: 

-  әлеуметтік-құқықтық  құзыреттілік  –  қоғамдық  институттар  мен 

адамдармен  өзара  әрекеттестік  саласындағы  білім  мен  іскерліктер,  сонымен 

қатар кәсіби қарым-қатынас пен мінез-құлық әдістерін меңгеру; 

-  дербес  құзыреттілік  –  үнемі  кәсіби  өсу  мен  біліктілікті  жоғарылату 

қабілеті, сондай-ақ өзін кәсіби еңбекте жүзеге асыру; 

-  арнаулы  құзыреттілік  –  іс-әрекеттің  нақты  түрін  орындауда  өз  бетінше 

дайындығы,  типтік  кәсіби  тапсырмаларды  шешу  іскерлігі  және  өзінің  еңбек 

нәтижесін  бағалауы,  мамандық  бойынша  өз  бетінше  жаңа  білім  мен  іскерлікті 

меңгеру қабілеті; 

-  аутоқұзыреттілік  –  өзінің  әлеуметтік-кәсіптік  сипаттамасы  жөніндегі 

барабар  (адекватты)  түсінігі  және  кәсіптік  ауытқуды  (деструкция)  жеңу 

технологияларын меңгеру; 

- экстремалды құзыреттілік – кенеттен пайда болған жағдайларда, апатта, 

технологиялық процестер бұзылғанда әрекет ету қабілеті. 

Кәсіби  құзыреттілік  кәсіптік-педагогикалық  іскерліктердің  қалыптасу 

деңгейімен  бағаланады.  Кәсіптік  мектеп  педагогының  басты  операциялық 

қызмет  тұрғысынан  мынадай  кәсіптік-педагогикалық  іскерлік  топтарын  атап 

көрсетуге болады: 

-  гностикалық  іскерлік  –  жалпы  кәсіби,  өндірістік  және  психологиялық-

педагогикалық  білімді  меңгерудегі  танымдық  іскерлік,  ол  жаңа  ақпараттарды 

алуды,  ондағы  бастыны,  маңыздыны  бөліп  алу,  өзіндік  педагогикалық 

тәжірибені,  жаңашылдар  және  өндірісті  оңтайландырушылар  тәжірбиесін 

жинақтап қорыту және жүйеге келтіру; 

-  идеологиялық  іскерлік  –  білім  алушылар  арасында  саяси-әлеуметтік 

жұмыс  жүргізудегі  педагогикалық  білімді  насихаттаудағы  әлеуметтік  маңызды 

іскерліктер; 

-  дидактикалық  іскерлік  –  оқытудың  нақты  мақсаттарын  анықтаудың, 

оқытудың 

педагогикалық  жағдаяттарын  құрастырудың,  оқу-өндірістік 

материалды  түсіндірудің,  техникалық  нысандар  мен  жұмыс  тәсілдерін 

көрсетудің  адекватты  формаларын,  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдап  алудың 

жалпы педагогикалық іскерлігі; 

-  ұйымдастырушылық-әдістемелік  іскерлік  –  оқу-тәрбие  процесін  жүзеге 

асыру,  оқыту  мотивациясын  қалыптастыру,  білім  алушылардың  оқу-кәсіби  іс-

әрекетін  ұйымдастыру,  педагогикалық  тұрғыдан  танылған  өзара  әрекеттестікті 


 

40 


құру, ұжымды қалыптастыру, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру іскерлігі; 

-  коммуникативті-режиссерлік  іскерлік  –  перцептивті,  экспрессивті, 

сугистивті, 

шешендік 

және 

педагогикалық 



режиссура 

саласындағы 

іскерліктерді қамтитын жалпы педагогикалық іскерліктер; 

-  болжамдық  іскерлік  –  жеке  тұлға  мен  оқушылар  ұжымының 

диагностикасын,  педагогикалық  жағдаяттарды  талдауды,  педагогикалық  іс-

әрекеттің  альтернативті  моделін  құрастыруды,  жеке  тұлға  мен  ұжым  дамуын 

жобалауды,  процесс  пен  нәтижені  бақылауды  қамтитын  оқу-тәрбие  процесінің 

табыстылығына болжам жасай білудің жалпы педагогикалық іскерліктері; 

-  рефлексивті  іскерлік  –  өзін-өзі  тануға,  кәсіптік  іс-әрекеті  мен  кәсіби 

мінез-құлқын өзі бағалай білу қабілеті;  

-  ұйымдастыру-педагогикалық  іскерлік  -  тәрбие  процесін  жоспарлаудың, 

педагогикалық  әрекет  пен  өзара  әрекеттестіктің  оптималды  тәсілдерін  таңдап 

алудың,  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі  басқаруды  ұйымдастырудың,  білім 

алушылардың  жеке  тұлғаларының  кәсіптік  бағыттылығын  қалыптастырудың 

жалпы педагогикалық іскерліктері; 

-  жалпы  кәсіби  іскерліктер  сызбаларды,  сұлбаларды,  техникалық 

диаграммаларды  оқу  және  жасау,  есептік-графикалық  жұмысты  орындау, 

өндірістік - экономикалық көрсеткіштерін анықтау іскерліктері; 

-  конструктивті  іскерлік  –  оқу  және  техникалық-технологиялық 

карталарды  жасауды,  конструкторлық  жұмысты  орындауды,  технологиялық  

карталарды,  бағыт  беруші  тесттерді  жасауды  қамтитын  технологиялық 

процестер мен техникалық құралдарды құрастырудың интегративті іскерліктері; 

-  технологиялық  іскерлік  -  өндірістік  жағдайларды  талдау,  жоспарлау, 

технологиялық 

процестерді 

ұтымды 


ұйымдастыру, 

технологиялық 

жабдықтарды пайдаланудың сандық іскерліктері; 

-  өндірістік-операциялық  іскерлік  -  жақын  мамандықтардың  жалпы 

еңбектік іскерлігі; 

-  арнаулы  іскерлік  -  өндірістің  кез  келген  салаларының  аясындағы  тар 

кәсіптік іскерлік. 

Жоғарыда айтылған еңбектердің негізінде мынандай қорытынды жасауға 

болады.  Маманның  құзырлығы  –  оның  кәсіби  қабілеті,  білімі,  біліктілігі, 

дағдысы,  кәсіби  қажетті  тұлғалық  қасиеттері  мен  сапалық  белгілерінің  болуы 

және  өмірлік  ситуацияларында  іс-әрекет  жасау  аясында  кәсіби  дәйекті  шешім 

шығара алуы.  

Сондықтан маманның кәсібі мен құзырлығы біртұтас, белсенділікке түрткі 

болатын  ішкі,  сыртқы  қатынастар  «жүйесі»  деуге  болады.  «Жүйе»  ұғымын 

қарастыра  отырып  психологиялық  механизмдер  барысында  мынандай  ой 

өрбиді. Оның кәсібі мен құзырлығы қоғамдық қатынасқа енуімен анықталады, 

біреумен  әрекеттестікте  және  қарым-қатынаста  көрініс  береді,  дамиды, 

жетіледі.  

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  құзырлы  маман  даярлай  алуы,  оның 

кәсіби қызметін ұтымды атқаруына байланысты болады. Кәсіби қызметінің түрі 

көбінесе  педагогикалық  қарым-қатынаста,  оқыту  барысында  және  одан  тыс 


 

41 


уақытта, белгілі бір қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға негізделген. 

Оңтайлы  қарым-қатынас  оның  тиімді  кәсіби  іс-әрекетінің  негізі  болып 

есептелінеді.  Кәсіби  іс-әрекетінің  нәтижесінде  педагогикалық  тәжірибе 

жинақталады.  Педагогикалық  тәжірибе,  нақтылы  кәсіптік  оқыту  педагогының 

«оқыту  мен  тәрбиені  дарытуына»  сүйене  отырып,  психологиялық  әрқилы 

көзқарастармен  де  санасады.  Бұл  көзқарастар  көрінісі  күтпеген  жағдайда, 

кәсіптік  оқыту  педагогының  бүкіл  өмір  бойы  жинаған  тәжірибесінің 

нәтижесінде,  сонымен  бірге  мақсатты  түрде  –  педагогтардың  теориялық 

үрдістерімен  танысу  арқылы,  тұлғалық  мәселелерді  шешуде  кәсіби 

психологтармен қарым-қатынас жасауда қалыптасуы мүмкін.  

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  қызметі:  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту, 

өндірістік-басқарушылық, ұйымдастыру-технологиялық, диагностика, ғылыми-

зерттеу.  Осы  қызметінің  негізінде  студенттерге  ғылымды,  білімді,  біліктілікті 

жинау әрекетіне кәсіптік оқыту педагогы жетекшілік жасайды. Студент ғылым, 

білім  мен  білікті  меңгеруіне  байланысты  әрекет  жасауға  машықтанады.  Ол 

әрекет ету аясында озық технологияны пайдаланса, кәсіби тұлғалық қасиеттерін 

рухтандырса, кәсіпқойлықтың жоғары деңгейіне жетеді. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогы  құзырлығындағы  «Ауыл  шаруашылық 

еңбегінің  техникасы  мен  технологиясы»  пәнінің  мазмұны  қарастырылды.Осы 

заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымда  ойлай  білетін 

осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра  алмаймыз. 

Демек,  барлық  деңгейдегі  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытуға 

бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты бойынша 050120  «Кәсіптік оқыту» мамандары төмендегі пәндерден 

білім  алады:  жалпы  білім  беру  пәндері  (ЖБП),  базалық  пәндер  (БП), 

кәсіптендіру  пәндері  (КП).  Әр  цикл  екі  компонентке  бөлінеді:  міндетті  және 

таңдау. Кәсіптендіру пәндері (КП) циклының таңдау компонентінің бірі  «Ауыл 

шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәні.  

Ауыл  шаруашылығының  мәні,  оның  даму  тарихы,  жетістігі  және  оны 

дамыту адам баласы еңбегіне негізделген.  

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  технология  курсының 

бағдарламасы  негізінде,  ауыл  мектептеріне  бейімделіп  «Ауыл  шаруашылық 

еңбегінің  техникасы  мен  технологиясы»  пәнінен  жұмыс  бағдарламасы 

әзірленіп,  төмендегідей  мақсат,  міндеттер  қойылды.  Жалпытехникалық 

пәндердің  арнайы  технология  оқытушысын,  еңбек  технологиясы  және 

кәсіпкерлік  мұғалімін  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  техникасы  мен 

технологиясы жөніндегі біліммен қаруландыру қажет: 

- студенттерге ауыл шаруашылығы негіздері туралы білімдерді меңгерту; 

- ауыл шаруашылығын дамытудың маңызын түсіндіру; 

-  ауыл  шаруашылығындағы  мал  азығын  дайындаудың  тәсілімен 

таныстыру; 

- агротехнология туралы түсінікті қалыптастыру.  

«Ауыл  шаруашылық  еңбегінің  техникасы  мен  технологиясы»  пәнінен 



 

42 


білім беру оқу материалының мазмұнына байланысты. 

Көшпенді  қазақ  халқының  осы  күнге  дейін  жинаған  өмір  тәжірибелері, 

оның  жинақталуы  мал  өсірген  халыққа  әлі де  аса  қажет.  Сондықтан  мал  өсіру 

мәдениеті  мен  халықтың  этнографиялық  байлығы  біздің  білім,  таным 

саласында қызмет ете беруі тиіс. 

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші 

кезеңіне  енді.  Қазірдің  өзінде  нарықтық  қатынастардың  жұмыс  істеуінің  негізі 

және  тиісті  ұйымдық  құрылымы  қаланып,  бірте-бірте  өндіріс  құлдырауы 

тоқтатылып,  алға  қарай  жылжу  мүмкіндігі  пайда  болып,  үлкен  мақсаттар  мен 

агроөнеркәсіптік  өндіріс  дамуының  стратегиясы  мен  тактикасын  анықтау 

қажеттілігі туындады. 

Республика  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстанның  егемен  мемлекет 

ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы"  деген  еңбегінде  былай  деп 

атап  көрсетті:  ...  барлық  стратегиялық  жоспарлардың  алдында  агроөнеркәсіп 

кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны 

және  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамытудың  артықшылықтары  туралы»  Заң 

қабылдау да осы мақсаттарға арналды. 

Бұл  мәселе  нәтижелі  жүзеге  асуы  үшін,  студенттерді  ауыл  шаруашылық 

саласы бойынша оқыту арқылы білім сапасын арттыру және меңгерген іскерлігі 

мен қабілетін толық пайдалана білуге машықтандыру.  

Олай  болса,  ауыл  шаруашылық  саласында  кәсіптік  қызметін  жете  атқара 

алатын құзырлылықты маман қажет.  

Ауыл  шаруашылығы  жұмыстарының  қарбалас  кезеңдерінде  шаруа 

уақытпен  санаспай,  демалыссыз,  демалыс  және  мерекелік  күндерсіз,  ауа 

райының  қолайлы  сәттерін  қалт  жібермей,  қымбат  уақытты  тиімді  пайдалану 

үшін жан-тәнін салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе 

қысқы  уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос  болады. Жалпы алғанда, 

шаруа  норма  немесе  жоспар  үшін  емес,  түпкі  нәтиже  үшін  жұмыс  істейді. 

Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында 

әрбір дән немесе түп өсімдік үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу 

барысында  ол  бірде-бір  өсімдікті  аяғымен  таптамайды,  ал  егін  жинау  кезінде 

өнімнің  ысырап  болуына  барынша  жол  бермейді.  Ауыл  шаруашылығының 

тиімділік көзі дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.   

Сондықтан  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  дамуына  өз  үлесін  қосатын 

кәсіптік  білім  беру  педагогының  кәсіби  іс-әрекетін  меңгерту  үшін,  тиімді  оқу-

тәрбие процесін пайдалануымыз керек. 

«Технология»  пәнінің  ауыл  шаруашылығы  еңбегінің  техникасы  мен 

технологиясы бөлімі бойынша мұғалімді дайындауда, жалпы орта білім беретін 

мектептерге  арналған  бағдарламаны  негіздеп  білім  беру  және  кәсіби  қызметі 

ұтымды 


ұйымдастырылуы 

қажет. 


Кәсіби 

іс-әрекетінің 

нәтижесінде 

педагогикалық тәжірибе жинақталады. 

Мұғалімнің кәсіби  іс-әрекеті мен педагогикалық білімі және тәжірибесін 

ауыл  мектептеріне  сәйкес  бейімдеу  критерилері  А.Н.Чалов  зерттеулерінен 

табылды.  Ол  жас  мұғалімдерді  ауыл  мектептеріне  дайындаудың  шартына 


 

43 


зерттеме жасап, оған жалпы және ерекше критерийлерін айқындайды.  

Ерекше  критерийлер  мұғалімді  дайындауда  жеке  көрсеткіштерімен 

айғақтанады.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орнында  түлектерінің  ауыл 

мектептеріне  дайындығының  айрықша  белгілерін  сипаттайтын  дәрежеде 

болуын  көрсетуі  қажет,  жалпы  білім  беретін  ауыл  мектептерінің  жағдайында, 

ауыл  мұғалімінің  ерекше  қызметті  орындауы  және  өзіндік  шығармашылық 

жұмыстарды  жасаудағы  психологиялық  дайындық  деңгейінде  түсінігі  болуы 

керек.  


Ауылдағы  жалпы  білім  беру  мектептерінде  жас  мұғалімдердің  сапалық 

дайындығын мынадай критерийлермен көрсетеді: 

-  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  алынған  білімін  қолданып,  оқушыларды 

ептілікпен дағдылануға баулуы; 

-  ауыл  шаруашылық  жағдайында  мектеп  ауласындағы  жерде  жоғары  оқу 

орнында алған машықтарын шеберлікпен қолдана білуі; 

-  жас  мұғалімнің  ауыл  тұрғындарына  жоғары  мәдени  деңгейде  үлгі  болу 

қызметін сақтауы; 

-  жас мұғалімнің  ауылда  жұмыс істеп  және  тұруға  деген  дайындығы  мен 

тілегі; 


-  ауыл  оқушыларын  ауыл  шаруашылық  еңбегіне  деген  икемділікті, 

білімді, машықтарына бағыттау, оларды жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікке 

тәрбиелеу; 

- ауыл тұрғындарының психологиясын білу, ауыл жастарының құштарлық 

армандарын  сезіну,  ауыл  тұрмысының  ерекшелігін  білу,    ауылда  мәдениет  пен 

шаруашылықты ұйымдастыруды білу, ауыл тұрғындарымен және оқушылармен 

ерекше  агротехникалық  үрдістерді  өз  жұмысында  пайдалана  білуі.  Оқыту 

процесін  жетілдірумен  қатар  ауыл  шаруашылық  саласына  бейімдеп,  тәрбие 

міндеттерін шешуге аса көңіл бөлуі қажет. 

Кәсіптік  білім  беру  педагогының  даярлығын  ауыл  шаруашылық  саласы 

бойынша жетілдіру – студенттердің білімді, білікті, іскерлікті игеруі мен кәсіби 

қызметінің  тұтастығына  сүйенеді.  Студенттер  оқу  бағдарламасының  мазмұны 

мен оқу процесін меңгеруде кәсіби дайындықтың жолын зерделейді. Бұл кәсіби 

дайындық кәсіби дамудың деңгейлеріне қол  жеткізу механизмі ретінде қызмет 

атқарады.  

Кәсіби  мектеп,  колледж,  университет  оқытушылары  үшін  өздері  беретін 

оқу  пәндері  мамандық  болып  табылады.  Кәсіптік  білім  беру  педагогы 

оқушының,  студенттің  тұлғасын  дамыту  үшін,  ең  алдымен  өз  мамандығын 

оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін жоғары дәрежеде білуі қажет. Мұндай жағдайға 

жету үшін кәсіптік білім беру педагогы толығымен өз бетінше, білікті түрде өз 

кәсіби іс-әрекетін орындауы тиісті. 

Осы орайда, оқыту тәсілдерін  жобалай білу де маңызды болып табылады. 

Педагогтың  оқыту  тәсілдері  оқу  іс-әрекеті  ретінде  есептеледі.  Ол  білімді, 

дағдыны, біліктілікті және тәрбиені дамытуға бағытталған.  

Кәсіптік білім беру педагогы жоғарыда көрсетілген педагогтың қызметіне 

қойылған талаптар негізінде, оқытуды қарқынды түрде күшейте берумен қатар 



 

44 


өзара  түсінісу  қарым-қатынасы,  педагогикалық  көмек  пен  қолдау  көрсету 

арқылы  студенттердің  білімі  мен  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  әсер 

етеді.  Осы  жағдай  студенттің  болашақ  мамандығы  ұстанымының  ірге  тасын 

қалайды.  Студенттің  білімін,  біліктілігін,  дағдысын,  тұлғалық  қасиеттерін  өз 

өмірінің  қажеттілігіне  және  қоғамның  пайдасына  жарата  білуін,  маманның 

құзырлылығы дейміз. 

Кәсіптік  білім  беру  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  реформаларды 

жүзеге асыруда бәсекелестікті басты орынға шығарады. Бұл жағдайда адамдар 

үшін  басты  қорғаныс  қызметі,  әрі  кепілі  –  ол  елдегі  кәсіптік  білім  беру.  Білім 

беру,  оның  ішінде  кәсіби  білім  беру  қызметін  дұрыс  ұйымдастырғанда  ғана 

қоғамның әрбір мүшесіне тиісті мамандық бере аламыз. Кәсіптік білім беру мен 

тәрбиелеудің ең тиімді жолдары зерттелді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет