3.2 Орта кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны
Орта кәсіби білім негізінен колледж, училище (лицей) болып бөлінеді.
Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі
кәсіптік-техникалық училищелер базасында - лицейлер, техникумдар базасында
64
- колледждер құрылды. "Білім туралы" Заңда "колледж дегеніміз орта кәсіптік
білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын асыратын оқу
орны" - деп көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш
және орта арнаулы кәсіптік білім беру жіктеушісінде орта кәсіби және жоғары
кәсіптік білім мамандықтарының саны мен сапасын айқындайтын құжатта білім
беру жүйесі сатыларының сабақтастығын сақтауға айрықша мән берілген.
Білім беру стандарттары мен типтік бағдарламаларда мамандардың
колледждердегі алған кәсіби білімдерін жоғары оқу орнында бакалавриат білім
беру жүйесінде сабақтастықта толықтыра түсуге мүмкіндік жасалған.
Колледжді бітірушілер үшін мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орындарында
қысқартылған оқу формасы бойынша 3 жыл оқиды. 12 жылдық мектепті
бітірген талапкер бастауыш білім беретін мектептер үшін мамандар
дайындайтын педагогикалық колледждердегі оқу мерзімі 2 жыл деп белгіленіп
отыр.
Орта кәсіптік білім – білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік саясаттың
ауқымды да маңызды бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың,
ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға
қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Олай болса, жалпы білім берумен қатар кәсіптік білім беру саласының
алдында тұрған міндеттердің де аса ауқымды, сан-салалы, өте маңызды екені
баршаға мәлім. Оған айғақ – Елбасының «2030 стратегиялық бағдарламасында»
берілген нақты тапсырмалардың жартысына жуығының білім беру, жастар
тәрбиесіне арналуы және 2000 жылдың 15 маусымындағы «Бастапқы және орта
кәсіптік білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» №721 Үкімет қаулысының
қабылдануы болып отыр.
1991-2005 жылдар аралығында қоғамдық сұраныстың нәтижесінде лицей,
колледждердегі білім беру екі тілде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіле
бастады. 1995 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
арнаулы орта оқу-орындары жайлы жаңа Ережені бекітті. Ережеде арнаулы оқу
орындарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжат
дайындау және бекітуге тапсырма берілді.
Сонымен қатар, арнайы оқу орындарына мемлекеттік білім стандарттары
жасалды, көптеген жаңа мамандықтар және қосымша мамандандырулар
енгізілді,
компьютерлік
ақпарттандыру,
оқытудың
инновациялық
технологияларын қолдану, колледж-университет кешендерін құру, жаңа
педагогикалық технологияларды енгізу, қаржыландырудың жаңа жүйесіне көшу
іске асырылды. Арнаулы орта кәсіби оқу орындарында білім мазмұны бәсекеге
қабілетті кәсіби құзыреттілігін толық қамтамасыз ететін маман дайындау
көзделді.
1995-2003 жылдар аралығында кәсіптік білім жүйесін дамытуға
65
байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым
министрлігі тарапынан аса маңызды құжаттар қабылданды. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Кәсіптік бастауыш және орта
білім мамандықтарының тізбесі" (11.01.2000 жыл, № 8 бұйрық), "Кәсіптік
бастауыш және орта білім Мемлекеттік стандарттарын құрастыруға арналған
әдістемелік құрал" (16.09.2002 жыл, № 675 бұйрық), "Кәсіптік бастауыш және
орта білім Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының құрылымы
мен мазмұны" Жалпы ереже (1.12.2000, бұйрық № 1191), "Кәсіптік бастауыш
және орта білім жоспаларының типтік моделі" (16.09.2002, № 675 бұйрық), т.б.
құжаттарды дайындап, бекітті.
82 мамандық бойынша кәсіптік бастауыш және орта білім берудің
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары бекітілді. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 сәуірдегі № 409 қаулысымен
бекітілген "Арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендерін жасап шығару" бағдарламасына сәйкес кәсіби білім беретін
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басылып шығарылды.
Қазақстан Республикасы жағдайында кәсіби лицейлер мен орта буын
мамандар дайындайтын оқу орындары бәсекеге қабілетті мамандар дайындау
мақсатында көптеген заң және заң актілерін дайындады, оқу орындарының
жұмысын нарықтық экономика саласының талабына бейімдеуде сан алуан
ұйымдық жұмыстарды іске асырды. Білім және ғылым, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрліктері, олардың облыстық, қалалық және аудандық
ұйымдары сол заңдарды, қаулы-қараларды іске асыруда көптеген салалы
ұйымдық, педагогикалық, әдістемелік жұмыстарды іске асырып келеді.
Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заң
қабылдады, оның негізгі бағыты оқудың сапасын арттыру, соның негізінде іскер
де шебер, білікті маман дайындау. Міне, сол Заңға сәйкес жұмыс берушілермен,
өндіріс орындарымен кәсіби оқу орындарының өзара қарым-қатынасы
анықталған:
-
оқу және технологиялық практиканы өткізу;
-
өндіріс орнына экскурсия ұйымдастыру (өндіріс орындарындағы сабақ);
-
оқу кабинеттері мен зертханаларды жаңа құралдармен жасақтауға
көмектесу;
-
өндіріс орындарының атынан болашақ мамандарды оқуға мақсаттық
жолдамамен жіберу;
-
отандық және шетелдік жаңалықтар туралы ақпарат алмастыру;
-
өндіріс орындарының тапсырысымен диплом жобаларын іске асыру;
-
оқу орындарының арнайы пән оқытушылары мен оқу шеберлерін сынақ
ісінен өткізу;
-
жұмысшыларды, басқа да мамандарды лицензиялық дайындаудан өткізу;
-
өндіріс орындарының жетекші мамандарына, студенттер мен
оқушылардың диплом жұмысына басшылық жасауына қатыстыру;
-
үздік оқушыларды өндіріс орындары есебінен марапаттау;
-
қажетті жағдайда оқу жоспарына, пән стандарттарына өзгерістер енгізу;
66
-
аталған бағыттар бойынша оқу процесіне араласу.
Осы аталған жұмыс бағыттарының және салаларының әрқайсысы туралы
жұмыс берушілер мен кәсіби оқу орны шартқа отырып, олардың орындалуы
өндіріс орындарының кәсіподақ жиналыстарында және оқу орындарының
педагогикалық кеңес мәжілістерінде үнемі талқыланып отырған. Екеуінің де
ұстаған стратегиялық бағыты – «бүгін – біздің оқушыларымыз, ертең – біздің
жұмыскеріміз».
Жаңа еңбек нарығы жағдайында кәсіби оқу орындарын бітірушілерді
талап ету негізінен дайындаудың сапасымен анықталады. Жұмысқа
қабылдаудағы талап, бәсекеге қабілеттілігі – олардың өз мамандығын жетік
білуі мен кәсіби біліктілігі, іскерлігі, шеберлігі, тұлғалық сапасы. Кәсіби оқу
орындары ұжымдарының іс-әрекеті – оқу орындары түлектерін жұмыс
берушілердің талап етуімен байланысты. Ал, маман жұмысшылар мен арнаулы
орта білімді мамандарды оқу орындарында оқыту мен дайындау – оқу жоспары
мен бағдарламаға негізделген бұл процестер егіз. Оларды білім және ғылым
министрлігі дайындайды.
Тәуелсіздік жылдарында кәсіби лицейлер мен колледждердің оқу
жоспары бірнеше рет қайта қаралды, әсіресе 2001 жылдан бастап «Әлеуметтік
серіктестік» Заңының өмірге енуімен, сөйтіп олардың жаңа моделі жасалынды,
оларда кәсіби оқуға уақыт көп берілді. Оқу жоспарларына жаңа курстар енді.
«Маркетинг және менеджмент негізі», «Экономикалық информатика және
есептеу техникасы», «Бухгалтерлік есеп», «Іс қағазын жүргізу және қазіргі
заманғы ұйымдық техника», «Жоспарлау экономикасы және шаруашылыққа
қызмет көрсету».
Жастарды кәсіптік мамандыққа үйретуге, оқытуға арналған кәсіптік-
техникалық білім беру оқу орындарының шежіресін парақтар болсақ, саланың
тарихы сонау 1929 жылдан бастау алады. Осы жылы Қазалыда темір жол
училищесі – ЖУ, Арал қаласында – РУ, Қызылорда қаласында – ФЗУ ашылып,
жас жұмысшы кадрларын дайындай бастады. Бұл оқу орындарына жылына 300-
350 оқушы-жастар оқуға қабылданатын.
1940 жылы 2 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен жұмысшы
кадрларын дайындайтын «Еңбек резервтері» жүйесі құрылды. 1960 жылдары
облыс көлемінде 8 қалалық және селолық училищелер (ГПТУ, СПТУ) жұмыс
істесе, ал 1985 жылы олардың саны 18-ге дейін жетті.
1995 жылдан бастап енген оқу жоспарларының лицейлер мен колледждер
бойынша 4 моделі бар, оқу мерзімі 3 және 4 жылдық, оқу мерзімі 2,5 жылдық,
лицейлер үшін оқу мерзімі 1,5 жылдық та жоспарлар бар. Токарь, тракторист-
машинист, сауыншы, тігінші, аспазшы, шаштараз, ал колледждер үшін
экономист-бухгалтер, техник-технолог, автомеханик, агроном, ветеринар.
1996-1998 жылдары елімізде жүргізілген оңтайландыру науқанында
Қызылорда облысы бойынша 5 кәсіптік-техникалық училище жабылып,
таратылды.
1980-1985 жылдары Қызылорда облысында 18 кәсіптік-техникалық
училищеде 12 мыңға жуық оқушы-жастар оқып, кәсіптік білім мен тәрбие алды.
67
Сол кезеңде «Әрбір пәнге – оқу кабинеті, әрбір мамандыққа – шеберхана» деген
ұранмен жұмыс істеген инженер-педагогтар оқушы-жастарға сапалы білім,
саналы тәрбие беруде және білікті, шебер мамандар даярлауда елеулі
жетістіктерге жетіп, жылма-жыл Одақтық, республикалық жоғары орындардың
ауыспалы Қызыл туын жеңіп алып отырды. Мысалы, Қазалыдағы №70, 34
(қазіргі №5, 8 кәсіптік лицейлер), Сұлутөбедегі №120 (қазіргі №9),
Жаңақорғандағы №187 (қазіргі №13), Қармақшыдағы №149 (қазіргі №12),
Қызылорда қаласындағы бұрынғы №46, 128 кәсіптік-техникалық училищелер
бірнеше дүркін Орталық кәсіподақ, комсомол комитеттерінің ауыспалы Қызыл
туы мен арнаулы сыйлықтарын иеленді. №5 Қазалы теміржол мамандарын
дайындайтын училище Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанды.
1990 жылдарға дейін елді – мекендерден келген балалардың жатып оқуы
үшін барлық кәсіптік лицейлердің жанында жатақханалар жұмыс істеді. Сол
кездері Қазалыдағы №8, Қармақшыдағы №12, Тереңөзектегі №10, Тасбөгеттегі
№12, Қызылордадағы №7 және №9, Шиелідегі №11 кәсіптік лицейлердің
әрқайсысында 200-400 орынға дейін бейімделген, типтік жобада салынған
жатақханалары болатын. Ал, қазір облыс көлемінде 7 кәсіптік лицейдің
жанында ғана жатақхана бар. Олардың өзінде жатын орын саны 20-30-дан
аспайды. Алыс ауыл, елді мекендерден келген балалардың жатын орын
мәселесінің дұрыс шешілмеуі олардың қалыпты білім алуына әсер ететіндігі
белгілі. Осы кезеңдегі кәсіптік-техникалық білім беру саласында көрсеткіштер
артуының себебі – мемлекет осы саланы ерекше назарда ұстап кәсіптік
мектептердің материалдық-техникалық базасының нығаюына қатты көңіл
бөлді.
Білікті жұмысшылар дайындаудың іргелі және қолданбалы зерттеулер
негізінде ұсынылған тиімді әдістерін зерттеуді практикалық тұрғыда жүзеге
асыру үшін алдыңғы қатарлы шығармашылық әдіспен жұмыс істейтін кәсіптік-
техникалық мектептердің, лицейлердің, колледждердің педагогикалық
ұйымдарында 1999 жылдан бастап кәсіптік білім институтының эксперимент
алаңдары құрылды.
Мұнда алаңдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 29 оқу
орнында ұйымдастырылды. Мысалы, Алматы қаласындағы №18 кәсіптік
мектепте дәстүрлі емес оқыту әдістері блокты-модульды оқыту жүйесі енгізіліп,
оқытушылар оқушылар бойындағы кәсіби білім мен дағдыны қалыптастыру
үшін мониторинг, деңгейлеп оқыту әдістерін тиімді пайдалана бастады.
Алматы индустралды педагогикалық колледж базасында кәсіби білім
мазмұнын кешенді дамыту мақсатында лицей-колледж-академия үздіксіз білім
беру жүйесі енгізілді. Негізгі мектептің 9-сыныбын бітірген оқушылар лицейдің
бастапқы сатысына қабылданып, 6 жылдан соң жоғары білімді маман
дипломын алып шығатын болды. Үздіксіз білім беру жүйесі туралы Алматының
№1 кәсіптік білім лицей, Петропавл қаласындағы педколледж, Қарағанды
қаласындағы №3 кәсіптік лицей, Атырау қаласындағы №1 кәсіптік лицейде
қалыптасты.
Соңғы жылдары ауылдық жерлердегі кәсіптік-техникалық мектептерде -
68
Алматы облысы №1 кәсіптік мектепте, Маңғыстау облысындағы №3 кәсіптік
мектепте, Көкшетау облысындағы №4 кәсіптік мектепте оқытудың жаңа
технологиясы енгізілді. Бұлар ауылдық жерлерде кадр дайындайтын оқу орны
ғана емес, сонымен бірге мамандар дайындаудың сатылы оқу-әдістемелік
орталығы, өндірістің жаңа технологиясын ендіру мен насихаттаудың ошағы
болып отыр.
Бірқатар эксперименттік оқу орындары, соның ішінде Алматы құрылыс
және менеджмент колледжінде білім алушыларға барлық пәндер бойынша
компьютерлік жаңа мультимедиалық бағдарламалар негізінде оқыту іске
асырылды. Мамандар дайындауда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
жөнінде бұл колледждер бағалы ғылыми -әдістемелік ұсыныстар жасады.
Республикада 1995 - 2000 оқу жылдары аралығында кәсіптік оқыту
жүйесін жетілдіруге байланысты 40-тан астам ғылыми теориялық, ғылыми-
практикалық конференциялар өткізілді.
Жұмысшы кадрларының сұранысы мен қажеттілігіне байланысты жыл
сайын мемлекет тарапынан мол қаржы бөлініп отырды. Сол кезеңде Қызылорда
облысында жаңадан типтік жобадағы 8 училище кәсіптік-техникалық ғимараты
салынды. Әлемдік стандарттарға сай өнім өндіріп, Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруді мақсат еткен, бәсекелестікке қабілетті, дамыған 50 елдің
қатарынан көрінуді басты бағдар етіп алған еліміздің экономикасын көтеруге,
дамытуға үлес қосатын қазіргі оқушы-жастарды, болашақ мамандарды даярлау
ісі – кезек күттірмейтін, уақыт оздырмайтын мәселе.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сыныпты
бітіруші жастарының кәсіптік-техникалық лицейлерде оқуға, кәсіптік мамандық
алуға деген ынталылығы арта түсті. Себебі, оқушы жастар мен ата-аналар
кәсіптік мектеп базасында орта білім алуға және бір мезгілде 2-3 мамандықты
қатар игеру мүмкіндігі бар екендігін түсіне бастады.
Қызылорда облысы бойынша колледждер мен кәсіптік мектеп, лицейлерге
көп көңіл бөліне бастады. Атап айтсақ, кейінгі 4 жылда республикалық
бюджеттен қаржы бөлініп, Аралдағы №16, Қазалыдағы №5, Жаңақорғандағы
№13 кәсіптік-техникалық лицейлерге құрылыс, ауыл шаруашылығы, балық
өсіру саласы мамандықтарын оқып-үйретуге қажетті құрал-жабдықтар сатып
алынды.
Сол сияқты Қазалыдағы №8, Шиелідегі №11, Қызылорда қаласындағы
№6, 7, 9 кәсіптік лицейлердің су, жылу жүйелерін жөндеуге, құрал-жабдықтар
сатып алуға, оның ішінде жаңа үлгідегі компьютерлер, мультимедиа
кабинеттері, интерактивті тақталар, оқу кабинеттері мен шеберхана, зертхана
жабдықтарын алуға республикалық, облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы
бөліне бастады.
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
қабылданып, жүзеге асырыла бастауы – кәсіптік-техникалық білім беру саласын
дамыту бағытында колледждер мен кәсіптік лицейлерге мол сеніммен бірге
үлкен міндеттер жүктейді. Осы орайда облыс бойынша да кәсіптік-техникалық
69
білім саласын дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылдануы қажет деген
ойдамыз.
Қызылорда облысы бойынша кәсіптік лицейлерде жұмыс істейтін
инженер-педагогтар, қызметкерлердің жалпы саны – 746; оның ішінде:
- Жалпы және арнаулы пәндердің оқытушылары – 380;
- Өндірістік оқыту шеберлері – 366.
2008 жылы Қызылорда облысындағы барлық кәсіптік лицейлерді
бітірушілерден 15 оқушы немесе 1,2 пайызы ғана үздік дипломға бітірген.
2008-2009 оқу жылында облыстың кәсіптік мектептерінде 38 мамандық
бойынша 4893 оқушы білім мен тәрбие алды. Ал, облыстағы 13 кәсіптік
лицейде 5 интерактивті тақта және 3 мультимедиалық оқу кабинеттері ғана бар.
Қызылорда облысындағы 7 кәсіптік лицейде «Ауыл шаруашылық өндірісі
шебері» (фермер) және «Ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын
жөндеу және күту шебері» мамандары даярланады. Ал, олардың қазіргі
өндірістік оқыту сабақтары мен тәжірибелік машықтандыруға пайдаланылып
жүрген ауылшаруашылық техникалары әбден ескірген. Көп жылдардан бері
кәсіптік лицейлерге бірде-бір ауыл шаруашылық техникалары сатып алынбаған.
Осы мамандықтарда оқитын оқушылар ауыл шаруашылық техникаларын
теориялық тұрғыдан ғана оқып-үйреніп қоймай, техниканы жүргізу, баптау,
пайдалануды,
жер
жыртуды
және
технологиялық
агротехникалық
технологияларды меңгере отырып, егін егу, одан мол өнім алу жолдарын да
үйренуі тиіс.
Кәсіптік лицейлердің инженер-педагогтарының облыстық ассоциациясы
құрылып, республикалық ассоциацияға мүшелікке өту үшін алғышарттар
жасалынды.
2009 жылы қаңтар айында Қызылорда облысы әкімдігіне облыс бойынша
кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің жай-күйі және саланы дамыту
бағытындағы ұсыныс-пікірлер жайлы ұсыныс-хат берілді. Онда облыс кәсіптік
лицейлерінің бүгінгі жағдайы жайлы жан-жақты талдау және саланың өзекті
мәселелері мен оларды шешу бағытындағы ұсыныстар көрсетілген. Ұсыныс-
пікірлер облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, қазіргі таңда облыс көлемінде
кәсіптік білім беру оқу орындарының материалдық-техникалық базасын
жаңарту, саланы дамыту мақсатында оң жұмыстар жүргізілді.
2009 жылғы 27 наурыз күні ҚР Парламент Мәжілісінде «ҚР техникалық
және кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды
заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» Парламенттік тыңдау өткізілді.
Парламенттік тыңдауға дайындық барысында облыс бойынша осы саланың
тәжірибелі, білікті мамандарынан құрылған жұмысшы тобы жан-жақты зерттеу,
талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша
Парламенттік тыңдауға облыс көлеміндегі ТжКБ саласының проблемалық
мәселелері және оларды шешу, саланы дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлер
берілді.
Елбасы Жолдауына және «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес облыс
кәсіптік-техникалық оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлау,
70
мамандыққа үйрету үшін қысқа курстар ұйымдастыру жұмыстары қарқынды
жүргізілді. Осындай межелі міндеттердің үдерісінен шығу мақсатында
Қызылорда облысы кәсіптік лицейлерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту
шеберлері тың серпінмен еңбек етіп келеді. Кәсіптік лицейлердің оқу-өндірістік
және тәрбие беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, озық
тәжірибелерді іс-тәжірибеде пайдалану және тарату жұмыстары жүйелі
жүргізіле бастады.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім беру қызметінің барлық
субъектілерінің (оқушы, педагог, ғалым, басқару саласының қызметкері) еңбегін
ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім
беруді ақпараттандыруды талап етеді.
Білім беру тиімділігін арттыру, оқу процесін жетілдіру, оқытудың жаңа
түрлері, әдіс және құралдарын іздестіру ерте заманнан көптеген педагог
мамандарды ойландырған мәселенің бірі болып отыр. Білім беру философиялық
тұрғыда, мемлекеттік оқыту процесі мен жүйесін ұйымдастырған, бойында
дербес сапа мен белгілі қасиеттері жинақталған тұлға қалыптастырудағы адам
мен қоғамның, жалпы адамзат дамуының бір түрі ретінде қарастырылады.
Кәсіби білім беретін арнаулы білім беру орындарындағы білім беру жүйесі мен
оқу процесін, оқушылардың білім сапасын тұлғалық-бағытталған сипатта
қарастыру жағдайында басқару, әртүрлі өлшем мен типтегі өзара байланысқан
ақпараттар жинақталумен, оларды өңдеумен байланысты. Тиімді әкімшілік
шешімдер қабылдау орасан зор ресурстар мен уақыт жұмсауды талап етеді.
Сондықтан да кейбір уақыттарда, ақпараттың уақытылы, дәл, жылдам берілу
қасиеттері жиі жоғалады.
ҚР Президентінің 2008 жылдың 1 шілдедегі Жарлығы бойынша
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Осы
бағдарлама негізінде қол жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан іс-
шараларға тоқатала кетсек.
2007 жылмен салыстырғанда республика бойынша мемлекеттік тапсырыс
көлемі 3140 бірлікке көбейді. Жергілікті бюджеттен келесі аймақтарға қосымша
құралдар бөлінді: Ақмола облысына – 110 орын, Алматы облысына – 201,
Атырау облысына – 38 орын, Шығыс Қазақстан облысына – 268 орын,
Қарағанды облысына – 175 орын, Қостанай облысына – 469 орын, Қызылорда
облысына – 163 орын, Маңғыстау облысына – 437 орын, Павлодар облысына –
153 орын, Батыс Қазақстан облысына – 55 орын, Оңтүстік-Қазақстан облысына
– 722 орын, Алматы қаласына – 310 орын, Астана қаласына – 67 орын.
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 18 маусымында №519
бұйрығымен «2008-2009 оқу жылдарына жоғары және жоғарғы оқу орнынан
кейінгі білім, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білімді мамандарды
дайындауға байланысты мемлекеттік сұраныс көлемі 1645 орынды құрады, яғни
2007 жылмен салыстырғанда 310 орынға артты.
Жергілікті бюджет есебінен 2008 жылы техникалық қызмет көрсету
мамандарын дайындаудың мемлекеттік сұранысы 3140 орынға көбейді; оқу
71
ғимаратының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 2,4 млрд. теңге;
126 интерактивті құрылғы құрылды; 2,6 млрд. теңге көлемінде білім беру
ордаларында кешенді жөңдеу жұмыстары жүргізілген.
Кәсіптік лицейлердің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім,
біліктілік, шеберліктерін дамыту, даярланатын мамандардың сапасын арттыру –
өзекті мәселе екендігі ақиқат.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдық-
техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2005 жылы – 706949 мың
теңге; 2006 жылы – 612218 мың теңге; ал 2008 жылы – 2102,8 млн. теңге
қаражат бөлінді.
Техникалық және кәсіби білімді дамыту бағдарламасы негізінде 2005-
2009 жылдарға бөлінген қаржы көлемін келесі кестеден көре аламыз (1-кесте).
1-кесте. 2005-2009 жылдары техникалық және кәсіби білімді дамытуға
бөлінген қаржы көрсеткіштері
Жылдар
Техникалық және кәсіби білім беру бюджеті
РБ
ЖБ
Барлығы
1
2
3
4
2005
731597
1397701
2129298
2006
492278
1110423
1602701
2007
523473
2361217
2884690
2008
1476668
4148337
5625005
2009 (жоспар)
12964815
6785300
19750115
2008 жылы мемлекеттік бағдарламаның қабылдануымен байланысты
техникалық және кәсіптік білімді республикалық бюджет тарапынан
қаржыландыру едәуір көбейіп отыр.
Жалпы 220 мамандық пен кәсіп бар, сонда көп деңгейлі біліктілік жүйесі
құрылды және 1281 біліктіліктің осы кәсіптік қауымдастықпен келісу арқылы
оның бүкіл стандарттары жасалынды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік
білімнің кәсіптері мен мамандықтар тізбесі жасалынды және бірінші рет
72 мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
айқындалды. Техникалық және кәсіптік білім жүйесін реттеудің 25 нормативтік
құқықтық құжаттары дайындалды. Мұның бәрі – біздің кәсіптік техникалық
білім саласының мазмұндық жағын құрайтын үлкен бір бөлігі.
2006-2008 жылдар лицейлер мен колледждердің саны 787 болса, соңғы
жылдары – 866. Ал енді оқушылардың саны 558 мың болса, соңғы жылдары
610 мыңға жетті. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 361
миллион болса, бүгінде 2 миллион 467 мыңға жетті. Сондай-ақ күрделі
жөндеуде 429 миллион болса, соңғы жылдары 2 миллион 694-ке жеткен.
Енді оқу орындарының жеке өздерінің өндіріс орындарымен қол қойған
келісімдері 3,2 болса, қазір 8000-ға жетті. Мұның ішінде әсіресе мұғалімдердің
білімдерін көтеруі, ол халықаралық жобалар негізінде 472-ге жетті. Мұның
ішінде 110 мұғалім тек өткен жылдың ішінде Норвегия, Голландия, Корея, тағы
72
басқа елдерде білімін көтерді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдық-
техникалық базасы жыл сайын артуда. Сонымен қатар, компьютерлік
аудиториялар, оқу-өндірістік және технологиялық құралдармен, дәнекерлеу
құралдарымен, автомобильді техникамен, оқу аудиториясы мен зертханаларға
қажетті жабдықтармен толықтырылды. Одан басқа, әлеуметтік әріптестік
тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдық-
техникалық базасы 360 млн.теңге көлемінде толықтырылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 40,0 мыңнан астам
педагогикалық қызметкер жұмыс жасайды, соның ішінде 5384 өндірісті үйрету
шеберлері, 33673 оқытушы (оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру
саласында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар 25,4 мың адам немесе 65%). Аймақ
бойынша көрсеткіштерді төмендегі кестеде көрсетілген (2-кесте).
2-кесте. Техникалық және кәсіби білім жүйесін мамандармен қамтамасыз
ету (адам)
Облыстар
2005ж.
2006ж.
2007ж.
2008ж.
КЛ
Колл
КЛ
Колл
КЛ
Колл
КЛ
Колл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ақмола обл.
710
978
808
1272
689
992
627
1030
Ақтөбе обл.
507
1361
598
1575
517
1440
538
1571
Алматы обл.
541
1505
914
1765
619
1354
702
1611
Атырау обл.
358
606
426
673
344
339
367
694
ШҚО обл.
1025
2281
1330
2749
1080
2093
1297
2386
Жамбыл обл.
426
1407
582
1777
589
1587
615
1740
БҚО обл.
731
973
910
1022
661
821
700
1103
Қарағанды обл.
1196
2795
1403
2977
1179
3753
974
3326
Қостанай обл.
300
1428
459
1578
506
1424
482
1417
Қызылорда обл.
482
843
630
1167
566
1089
712
1312
Маңғыстау обл.
178
652
213
812
206
938
184
896
ОҚО обл.
1182
2029
881
3774
1224
4089
1368
4322
Павлодар обл.
785
1710
864
1769
651
1332
682
1504
СҚО обл.
559
755
585
843
439
627
450
806
Астана
156
817
205
1058
158
955
170
1198
Алматы
720
3597
864
3683
846
3571
610
3203
Республикалық
колледждер
0
625
0
710
0
567
0
460
Барлығы
9856
24362
11559
29204
10274 28451 10478 28579
73
Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында ауылдық жерлерде
4866 педагогикалық маман, оның ішінде 3501 жоғары білімді, ал 1331 арнайы
орта білімі бар мамандар жұмыс атқарады.
Жалпы республикалық көлемде 82 ғылым докторы, 513 ғылым кандидаты
жұмыс істейді.
2005 жылмен салыстырғанда техникалық және кәсіби білім беру
саласының жүйесі үлкейгеннен бері онда жұмыс жасайтын педагог
мамандардың саны да 4839 адамға немесе 12,4%, өндірісті үйрету шеберлері
758 адамға, оқытушылар 4081 адамға көбейді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 жылғы үшінші
кварталға берген мәліметі бойынша орта кәсіби білім беру орындарын
бітіргендердің ішінде жұмыссыздар 124,1 мың адамды құраған (23%).
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің ақпараттары
бойынша кәсіби білім беру орындарының 960 адам колледж және 3,2 мың адам
училище түлегі жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеу барысында
жүгінген. 2008 жылдың 1 қазанында 12,5 мың 16-24 жас аралығындағы
азаматтар, соның ішінде 1,1 мыңы кәсіби білім беру орындарының түлектері
тізімде тұрған.
Осындай жастар арасындағы, жалпы жұмыссыздықты жою барысында
мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, кіші
бизнесті дамыту барысында мамандарды дайындау және қайта мамандандыру,
кәсіпкерлік ісіне кәсіби оқыту шаралары жүргізілуде. Олардан басқа да
техникалық және кәсіби білім беру орындары курстық дайындықтар мен
жұмыссыздарды еңбек нарығының сұранысына сай қайта дайындықтан өткізу
жұмыстарын атқаруда.
Сонымен қатар, аймақтарда техникалық және кәсіби білім беру
орындарымен бірге, жұмыспен қамту органдары, кіші және ірі бизнесті қолдау
орталықтары мен жұмыс берушілермен бірге отырып, алғашқы еңбек
тәжірибесін алуға, жұмыспен қамтуға және оқу орнын бітірген жұмыссыз
жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы құрылған.
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің ақпараттары
бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 918 бітіруші түлек қатысып,
оның 376 жұмыспен қамтылған (пайызға шаққанда 41% құрады).
Соның ішінде 2008 жылы техникалық және кәсіби білім беру
орындарының түлектері 45,4 мың болса, оның жұмыспен қамтылған 5,5 мың
адамды құрады. Олардың кәсіби мектептер мен кәсіби лицейді бітіргендер
626 адам, колледж бен училище бітіргендері 2 мың адам болып отыр. Жұмыс
берушілермен бірге отырып жыл сайын «мамандықтар жәрмеңкесі» жүргізіліп
отырады. Оқу орындары 8 мыңнан астам кәсіпорындар мен компаниялармен
бітірушілерді өндірістік тәжірибеден өткізуге және жұмыспен қамтуға
байланысты келісімге қол қойылған.
Статистика агенттігінің ақпараты бойынша техникалық және кәсіби білім
беру орындарының түлектері басқа оқу орындарының түлектерінің жұмыспен
74
қамтылуына қарағанда жоғары пайызға (68-70%) ие болып отырғандығын
көрсетеді.
2008 жылдың үшінші кварталында республика экономикасында
7,9 млн. адам жұмысбасты болды, яғни халықтың экономикалық белсенді
бөлігінің жұмысбастылық деңгейі 93,6 пайызды құрады. Оның ішінде
жалдамалы жұмысшылар 5,2 млн. адам немесе 66,1%. Жұмысбастыларды 15-24
жас аралығындағы 15,2% жастар құрады. Әрбір төртінші адам жоғары және
орта кәсіби, әрбір үшіншісі жалпы орта білімді болды. Экономикадағы
жұмысбастылардың 1,2 млн. 16-24 жастар құрады. Сонымен бірге, жастардың
көпшілігі ауылдық және орман шаруашылықтарымен – 479,3 мың, сауда-
саттықта 214,9 мың, құрылыста – 93,2 мың, көлік және байланыста – 65,6 мың,
өңдеуші өндірісте – 64,8 мың, білім саласында – 64,6 мың, жылжымайтын
мүлікпен жұмыс саласында – 58,0 мың адам жұмыс атқарған.
Бүгінгі
күні
Қазақстандық
қоғамды
толғандыратын
маңызды
проблемалардың бірі нарықтық қатынас жағдайында білімді дамыту, Қазақстан
білімін халықаралық білім кеңістігінде интеграциялау проблемалары болып
табылады. Бастауыш және орта буынды мамандарды жасақтаудың негізі ретінде
орта және кіші бизнесті әрі қарай дамыту жөніндегі мемлекет алдында тұрған
нақты міндетті нарықтық экономика жағдайында шешу бастауыш және орта
кәсіптік білімге жүктелген. Колледж түлектері тек қана практикалық
дағдыларды игерген жағдайда және нақты мамандықты меңгергенде ғана еңбек
салаларына қажет.
Кәсіптік лицейлерде жұмыс істейтін инженер-педагогтар мен өндірістік
оқыту шеберлерінің білімдерін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру
деңгейлерін көтеру қажет. Мысалы, облыстағы барлық 380 инженер-педагогтың
соңғы 5 жыл көлемінде 152-і курстан өтпеген, 72-і бұдан 5-10 жыл бұрын өз
білімдерін жетілдірген. Өндірістік оқу шеберлерінің 138-і соңғы 5 жыл ішінде
курстардан өтпеген. 78 оқу шебері 5-10 жыл бұрын өз білімдерін жетілдірген.
Бүгінгі таңда өз білімдерін жетілдіруге, біліктілік арттыру курстарынан өтуге
тиісті инженер-педагогтар мен өндірістік оқу шеберлерінің жалпы саны –
402, яғни 53,9 пайызды құрайды.
Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта
даярлау институты бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының
оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің біліктіліктері мен кәсіби
шеберліктерін, құзырлығын арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
Облыс көлемінде арнаулы пәндер мен өндірістік оқу шеберлерінің өз
мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіру, біліктіліктерін арттыру
мәселесін шешу қажет.
Өндіріске жаңа мамандар қажет. Бастауыш және орта кәсіптік оқу
орындарының материалдық-техникалық базалары жаңартылмайды десе де
болады. Әлі де жұмыс істеуге жарайтын, бірақ заман талабына сай келмейтін
техниканы пайдалана отырып оқушыларды оқыту мамандар дайындаудың
қажетті сапа деңгейін бере алмайды және жұмыс берушілердің кәсіптік
75
мектептер мен колледж бітірушілеріне сұранысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар дайындау ісіндегі белсенділігін қайта
қалпына келтіру, кәсіпкерлерді оқу орындарымен ынтымақтастыруға
ынталандыру керек. Тек сонда ғана біздің түлектеріміздің еңбек биржасында
қажеттілігі артады. Өйткені қазіргі кезеңдегі еңбек нарығы дайындалып жатқан
жұмысшы мамандарға жоғары талап қойып жатқанын бәріміз білеміз.
Техникалық және кәсіптік білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім жүйесінде 894 оқу
орындары (325 кәсіптік лицей, 569 колледж) жұмыс жасауда, онда 603,8 мың
адам 185 мамандық бойынша оқуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда
техникалық және кәсіптік білім жүйесі 12 бірлікке өскен.
2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарының контингенті
603, 8 мың адам, ол 2009 жылмен салыстырғанда 0,9%- ға кем (2009 ж. –
609,0 мың адам), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысымен 236,6 мың
адам. 2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарына қабылданғандар
саны 216,9 мың адамды құраса, ол 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 %- ға артық
(2009 ж. – 212,2 мың адам), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысымен
90,6 мың адам. 2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарын
бітірушілер саны 191,2 мың жас маманды құраса, ол 2009 жылмен
салыстырғанда 8 %-ға артық (2009 ж. – 176,0 мың адам), оның ішінде
мемлекеттік білім тапсырысымен 64,6 мың адам.
Облыстық, Алматы және Астана қалалық білім басқармаларының
мәліметтері бойынша техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргендерден
96570 адам жұмысқа орналасқан, 61,4 %. Жоғары оқу орындары мен
колледждерге оқуға түскендері 34119 адамды құрады (35,3%). Педагогикалық,
әкімшілік және инженерлік-техникалық кадрларды жаңа АҚТ саласында
дайындау және қайта даярлау. 2007 жылғы қыркүйек айынан бастап
«Ақпараттық технологиялар орталығы» базасында облыстың педагог
кадрларын оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті жабдықтарды қолдану жөнінде
оқыту үздіксіз жүргізілуде, сондай-ақ жергілікті жерде оқыту сапасын арттыру
үшін көшпелі оқыту семинарлары да ұйымдастырылған. 100-ден астам семинар
және 2865 мұғалім, оның ішінде 1140 қазақ тілінде және 1725 орыс тілінде
оқудан өтті. Сонымен қатар, демалыс уақытында орталықпен педагогтарға және
инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған «Компьютерлік және
мультимедиалық кабинеттерді реттеу», «Қашықтан оқыту қағидаттарының
құрылуы», «Дистанциялық курстарды әзірлеу ортасы», «Мектеп сайтының
құрылуы – сценарий, әзірлемелер, жарияланым», «Web-бағдарламалаудың
негіздері» тақырыптары бойынша оқыту семинарлары өткізілді, оған 135-тен
астам адам қатысты.
Барлық деңгейдегі білім беретін мекемелер оқытушыларының әдістемелік
қолдау жүйесін құру, жаңа АҚТ саласында педагогикалық, әкімшілік және
инженерлік-техникалық кадрларды дайындау және қайта даярлауды жүргізу.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, білім берудің сапасы туралы ақпаратқа
негізделген
білім
беру
статистикасының
жетілдірілуі
Қазақстан
76
Республикасында білім берудің жаңа мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік
береді. Лицей мен колледж оқу орындарының сандары жыл сайын өскендігі
мәлімделді. Осы оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы
жоғары пайызды құрайды. Сонымен, лицей мен колледждің білім
алушыларының білімі мен кәсіби сапасының жетілгендігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |