2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру
мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың
басқару жүйесімен қоса жиынтығы.
Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
-
бастауыш кәсіптік білім;
-
орта кәсіптік білім;
-
жоғары кәсіптік білім;
-
жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
-
қосымша кәсіптік білім.
Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22-бабына
сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады.
-
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
-
орта білім;
-
жоғары кәсіптік білім;
-
жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі
жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы
бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде
2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде – 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен
құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім
беру қайсыбір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт
мерзімінде де жұмыс істей алады.
Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары
мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде орта білім
базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен
училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік
білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа
мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады.
Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта
45
кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса
ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша
мамандық иеленуіне болады. Сондай-ақ колледждер мен училищелерде
салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу – әдістемелік бірлестіктер
құрылады. Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің типтік жалпыға міндетті
мемлекеттік стандартын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беруді дамытудың
қазіргі күнгі тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай
икемді де адекватты технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр.
Қазақстанда кәсіптік білім беруді реформалаудағы дүниежүзілік
тенденциялармен, сондай-ақ, ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының
әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар,
алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі.
Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау ең
алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған жаңаша
тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және
жоғары білімнің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен
туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты.
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, тетігі,
құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны
өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да,
әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі
мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына
байланысты. Сондықтан кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері, білімнің
сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі
озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып,
жетілдіру игі жоспарымыздың біріне айналуда. Сол себепті қазіргі заманғы
кәсіптік оқытудың тарихи дамуын зерттеу – халықтың тұрмыстық деңгейі мен
ел экономикасында маңызы зор.
Нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік
мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі
еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.
Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы
білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім алушылар
бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық
шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған. «Адамға ең бірінші
керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, білім
алушыларға рухани тәрбие беруде кәсіптік білім берудің алатын орны ерекше.
Кәсіптік білім беру адамның өмір сүру үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін
аса қажет.
Дүниеге келген сәбидің адам болып жеке тұлға ретінде дамуына себепкер
болатын нәрсе – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі – адам өмірі үшін ең қажет,
46
маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге
қатысты маңызды мәселелерді бірден шешу мүмкін емес.
Білім алушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеуде қойылатын мақсаттар
мынадай:
- тұлғаны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен
шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
- тұлғаның еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру, еңбекті сүюге
баулу;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге
үйрету, еңбекке қызығушылығын арттыру;
- әр тұлғаның бойындағы талант пен дарынын зерттеу және оны дамыту;
- білім алушының өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал
жасау;
- білім алушының ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке
тәрбиелеу;
- білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және
кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу;
- атамұраны қалыптастыру және дамыту;
- білім алушының білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін және
толықтылығы мен тереңдігі, сапалылығын жақсарту, оқыту жүйесін жетілдіру;
- оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу;
- әр тұлғаға білім алу үшін оңтайлы жағдай жасау;
- адам еңбегін ынталандыру және насихаттау;
- мұғалім мен білім алушы арақатынасын неғұрлым жақсы жолға қойып,
өзара сенім туғызу;
- еңбектің нәтижелігін арттыру;
- білім алушыға бақылау жасау;
- жұмыс орнының гигиеналық тазалығын сақтау;
- білім алу мекемесінің ережесін орындауға талап қою.
Білім алушының еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы ең негізі – баланың
толық білім алуына ықпал жасау. Адамның рухани және денесінің үйлесімді
дамуына ой мен дене еңбегін байланыстыру
.
Ілім мен тәжірибені байланыстыра
отырып, әр баланың санасына ғылыми тұрғыда білімді жеткізу. Білім
алушыларды еңбекке оқыту үрдісінде ғылыми тұрғыда ұштастырып, баланың
ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру.
Тәрбие мен білім берудегі басты қағида – кәсіптік білім беретін
мекемелерде жеке тұлғаны ұлттық ерекшелігіне сай тәрбиелеу мен өзіндік ой-
өрісін кеңейтетін білім беру. Егер әр педагог жеке тұлғаның бойындағы жалпы
адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көңіл бөле отырып, оның рухани
адамгершілігін дамыта оқытуды басты назарда ұстаған болса, бүгінгі қоғам
қажеттілігін қанағаттандыратын ауқымды шаралар жүзеге асырылады.
Нәтижесінде жан-жақты жетілген, қоршаған ортасының қадір-қасиетін бағалай
алатын парасатты, көрген-білгенін бағамдай алатын зерделі, табиғатпен
үйлесімді дамуын сезіне алатын зерек тұлға қалыптасады.
47
3 Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны
3.1 Бастауыш кәсіптік білім беру
Өмірдің өзі көрсеткендей, еліміздегі экономика және өндіріс салаларының
дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып
келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын
меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті
мамандар қажеттілігі туындап отыр.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында елімізде кәсіптік-техникалық
білім беру саласын дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Оған айғақ –
Елбасының
«2030
стратегиялық
бағдарламасында»
берілген
нақты
тапсырмалардың жартысына жуығының білім беру, жастар тәрбиесіне арналуы.
Сол сияқты, ҚР-ның «Білім туралы» Заңына өзгерістердің енгізілуі,
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы №174 қаулысымен бекітілген кәсіптік
бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары қызметінің үлгі ережелерінің қолданысқа енуі, жаңа ғасыр жастарын
кәсіптік білімге тәрбиелеу бағытында жасалып жатқан басқа да шаралар
еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың жан-жақты білім алуына тікелей
байланысты екендігін көрсетеді.
Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагог
және педагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, олардың
теориялық білім негіздері, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын
қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған
біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті
жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.
Оның мақсаты – азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз
қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта
даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл. Кәсіптік бастауыш білім,
кәсіптік мектептер мен кәсіптік негізгі жалпы білім беру базасында алынып,
жалпы орта білім алумен ұштастырылады. Және ол еңбек қызметінің түрлі
бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді)
даярлауға бағытталған.
Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша
оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік
шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын
орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы – оқушыларға кәсіптік
білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін
қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және
басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта
48
мектептегіден
басқа
оқу
құрал-жабдықтарымен
қатар
(машиналар,
механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар) нақты заттық бөлшектер,
кескіндер, макеттер сондай-ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу
тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп
саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді
жастар үшін – 1,5 жыл.
Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін
меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық
меңгерген инженер-педагог.
Сонымен, кәсіптік оқытудың маңыздылығы жайында басында да біраз сөз
қозғаған едік, себебі, кәсіптік оқыту экономикаға, еңбек нарығына тікелей
қатысты болып келеді.
Еңбек нарығы – жұмысшы күшін нағыз бағалаушы, еңбектің шын
бағасын қалыптастырушы. Нарық – еңбектің сапасын көтеруге, адамды өзін
жұмысшы күші есебінде дамытуға ынталандырады. Ондағы мақсаты –
жұмыссыздар қатарына ілінбеу. Сонымен, еңбек нарығы жағдайында білім
деңгейі мен кәсіби маман (сапасы) арасында тәуелділік басталады, демек
тауардың құны жұмысшы күші. Бұл құнды үнемі көтеріп отыру керек, ол
бірінші кезекте өзін еңбек нарығында сапалы жұмысшы күші тұрғысында
ұсынушы адамның өзіне де байланысты. Демек, еңбек нарығы жағдайында өнім
өндіруші, халыққа қызмет етуші кәсіби ұйымдар сапалы жұмысшы күшін қажет
етеді, олардың тиімді өмір сүруі, бәсекеде табысқа жетуі соған байланысты. Бұл
– нарық заңы. Ал, еңбектің жұмысшы күшінің сапасы адамның алған біліміне,
оны игеруіне, шеберлігіне байланысты. Жекеменшік кәсіпкерлер кәсіби жоғары
жұмысшыларды, мамандарды ғана талап етеді. Сонымен, экономикалық және
әлеуметтік өмірді жұмыскерлермен қамтамасыз ету – олардың кәсіби деңгейінің
сапасына байланысты.
Кәсіптік мектептерде білім алатын оқушылар ауыл шаруашылық
техникаларын теориялық тұрғыдан ғана оқып-үйреніп қоймай, техниканы
жүргізу,
баптау,
пайдалануды,
жер
жыртуды
және
технологиялық
агротехникалық технологияларды меңгере отырып, егін егу, одан мол өнім алу
жолдарын да үйренуі тиіс.
Қазақстанның кәсіптік мектеп педагогының тұлғаға бағдарлы білім беру
технологиясына өтуі көп жағдайда оның тәрбиешілерге ықпалының
нәтижелілігіне байланысты болмақ. Неліктен кәсіптік білім беру училищелері
мен мектептердің түлектері тұлғалық сипаттағы қиыншылықтарға тап келеді?
Оларға және кәсіптік мәдениет жетіспейді. Олар жұмыс берушінің талаптарына
үнемі сай келе бермейді. Бәсекелестік ортада қажетті сапаны тәрбиелеп шығару
тек қана жалпы және педагогтық мәдениетті өзі меңгерген, жоғары тәрбиелі
және білімді педагогтың қолынан келеді.
Кәсіптік білім беру мекемесінің шебері мен оқытушының тұлғалық
мәдениетті ол педагогтың өз ісін жақсы меңгеруі, кәсіптік тәжірибелілігі, лицей
49
мен училищеде қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі, тәрбиеленушілермен
және олардың ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алуы болып табылады.
«Басқа адамның тұлғасына тек қана жоғары дамыған адам ғана ықпал ете
алады деп» - К.Д. Ушинский дұрыс айтқан болатын.
Бұл мәселені зерттеумен айналысқан ғалымдар арасында ортақ пікір
қалыптасқан, біріншіден, ол жалпы адами мәдениеттің бір бөлігі болып
табылатын тұлғаның жалпы мәдениетіне негізделген педагогикалық мәдениет.
Екіншіден, кәсіптік білім беретін мектептің педагогының жалпы мәдениеті
әлеуметтік және кәсіптік маңызды тұлғалық қасиеттердің дамуының жиынтығы
болып табылады.
Кез келген мәдениет соның ішінде педагогикалық мәдениет те адамзаттық
мәдениеттілік тәжірибесін меңгерген деңгейін айқындайтын тұлғалық дамудың
нәтижесі ретінде де қарастырылады. Оқытушының немесе шебердің рухани
күштерінің даму деңгейі, оның құндылық сипаты, педагогикалық үдеріске деген
көзқарасы көп жағдайда педагогикалық мәдениетті, кәсіптік-педагогикалық
еңбеккерлерінің бойында оның қалыптасу деңгейін анықтайды.
Кәсіптік білім беру мектебі педагогының педагогикалық мәдениеттілігін
тұтас динамикалық жүйе ретінде қарастыра отырып, оны компонент түрінде
анықтауға болады, оның әрбіреуі кәсіптік білім беру педагогының тұлғасын,
кәсіптік-педагогикалық әрекетін, қарым-қатынасын сипаттауға мүмкіндік
береді.
Жоғары деңгейлік педагогикалық мәдениеттілікті меңгерген кәсіптік
мектептің педагогы өзінің тәрбиеленушілеріне ықпал етіп, дүниетанымдық,
аксиологиялық,
тәжірибелілік,
шығармашылық,
рефлекс-жобалық
компоненттер жиынтығы арқасында болашақ жұмысшылардың кәсіптік
мәдениеттілігін қалыптастыра алады.
Училище және лицейдің кәсіптік-педагогикалық жұмысшыларының
педагогикалық мәдениеттілік құрылымында дүниетанымдық компоненті
ерекше рөл атқарады.
Дүниетанымдық компонентті қалыптастырушы ретінде бүгінгі күнге
прагматизм идеологиясын алуға болады, прагматизм (лат. progma - әрекет ету)-
тәжірибелілік нәтижеге бағыттылық дегенді білдіреді.
Өндірістің барлық саласын қамтыған әлеуметтік – экономикалық
дағдарыс құрылымы жағдайында прагматизм идеологиясы кәсіптік-
педагогикалық мектептің өткен кезеңдегі үздік жиынтықтарын сақтап қалуға
бағдар беруші болып табылады.
Сонымен қатар, прагматизм идеологиясы педагогикалық тәсілдерді,
еңбекке деген қатынасты, шығармашылық әрекет тәжірибесін тасымалдаушы
институтының даму тәсілдері мен жолдары айқындауға мүмкіндік береді. Бұл
идеология Мемлекеттік білім беру стандартында әлеуметтік-экономикалық
қайта құрылымдар жағдайында адамға өмір сүруге мүмкіндік беретін ең
маңыздысын, ең қажеттісін бөліп алуға мүмкіндік береді.
Бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жетістіктерге
қол жеткізе білетін жас педагогтар мен жұмысшылар контингентін сақтап
50
қалуға мүмкіндік береді.
Әрі
қарай
кәсіптік-педагогикалық
әрекетінің
құнды
немесе
аксиологиялық құрамасы жөнінде айтқан жөн. Әр педагог бойында қолмен
жасау тәжірибелілік құндылығы сақталған. Мұны ол өзінің оқушыларына беруі
керек. Бұл педагогикалық еңбектің аксиологиялық компоненті болып табылады.
XXI ғасырда дамыған өндірістік аумақтарда жоғары мамандандырылған
тәжірибелі жұмысшылардың жетіспеушілігі байқалды. Бұл макроэкономикалық
өзгерістерге де, қоғамның жұмысшыларға деген қатынасына да байланысты
болады.
Шеберлер мен оқытушылардың еңбекақысының төмен болуы жағдайында
педагогикалық еңбекке деген қатынас төмендегі құндылықтарға негізделгені
дұрыс:
1 Еңбек тәжірибе құндылығын түсінуі;
2 Бұл тәжірибені келесі ұрпаққа жеткізе алу тәжірибесін меңгеруі;
3 Ересек және жасөспірімдердің ерекшелігін түсінуі;
4 Кәсіптік училище және лицей жағдайында бәсекеге қабілетті жұмыс-
шыларға қажетті кәсіптік дайындық жұмыстарын беру қажеттігін түсінуі.
Педагогикалық мәдениеттіліктің тәжірибелілік компоненті оқытушы мен
шебердің тәрбиеленушілермен арақатынасының сипатын, оқытудың әдістері
мен тәсілдерін, сонымен қатар оқытушылар мен шеберлердің педагогикалық
техниканы, оқытудың жаңа тәсілдерін, компьютерді меңгеруін қамтиды.
Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық
инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер. Себебі, адам көру, есту
арқылы тілді тезірек үйренеді. Мультимедиа-дыбыс және көру түріндегі
ақпараттар жүзеге асырылатын бағдарламалық ақпараттық құралдар
жиынтығы. Мультимедиа жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер бойынша
дыбыс, мәліметтер және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың
интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер
ақпараттық орта қалыптастырады. Мұны пайдаланушыда сапалы жаңа
мүмкіншіліктер болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту
процесінде оқытудың техникалық құралдары оңтайлы қолданылса, онда ол
оқытушы еңбегінің шарттарын шарықтандырумен қатар оқушының да оқу
жағдайын өнімді етеді. Педагог оқытудың пәндік ерекшеліктеріне байланысты
техникалық құралдар қолданудың негізгі принциптерін жетік меңгерумен қатар
өзінің ақпараттық компетенттілігін дамытуы тиіс. Ол ең алдымен оқу-тәрбиелік
істе оқытудың техникалық құралдар қолданысының ұтымдылығын түсіне алу;
сабақ жоспарын жаңа технологиялық талаптарға сай құра білу; интегративті
түрде сабақ жоспарына кірістіре алу; техникалық құралдарды оқушының
танымдық қажеттілігін өтей алатын және педагогтың өзіндік кәсіби
құлшынысына сай түрлерін іріктей алу; қорыта келе оқытушы аталмыш
техниканы пайдалану тетіктерін меңгеруі нәтижеге жетелейді. Тек осындай
алғышарттардың орындалуы оқытудың техникалық құралдарының әдістемелік
және дидактикалық мүмкіншіліктерін ашады.
Соңғы жылдары оқыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық
51
бағыттылығын күшейту мақсатында пайдаланылып жүрген іс-шараларға, соның
ішінде "инновациялық үдеріске", яғни педагогикалық жаңалықтарға жан-жақты
сипаттама беріліп келеді, дегенмен әлі де жеткіліксіз.
Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөліп қарастырамыз:
ұйымдастырудағы жаңалықтар; технологиялардағы жаңалықтар; оқулықтар мен
бағдарламалардың өзгерістеріндегі жаңалықтар. Аталған жаңалықтардың
аясында болашақ педагогтарды оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуға кәсіби даярлаудың да жаңашылдық бағыттары анықталады. Яғни,
бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән берілмейінше, білім
берудің заманауи технологияларын, соның ішінде электрондық оқулық пен
бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың
спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық
саланың алға басуы мүмкін емес.
Педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыру, педагогикалық тәжірибелілік
те маңызды рөл атқарады. Аталған компонент сезімталдық-тәжірибелілік деп
аталады.
Педагогикалық мәдениеттілік компонентіне ересек жұмыссыздарды,
кәсіптік училищелер мен мектеп оқушыларын оқытатын жұмысшы
мамандығын меңгеру негізі де кіреді. Педагог белгілі бір жұмысшы
мамандығын меңгерсе, ол белгілі деңгейде педагогикалық мәдениеттілікті
меңгерді деп айтуға болмайды. Бұл әсіресе өндірістік білім беру шеберлеріне
қатысты. Педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті үгітпен
тәрбиелемейді, ол жаттықтыру негізінде тәрбиеленеді.
Жалпы кәсіптік және арнаулы пәндерді оқытуды жетілдіру бойынша
жұмыс білім алушының шығармашыл ізденіс әрекеттерімен тығыз байланысты.
Мұнда педагогтың өзінің күші мен шығынын үнемдей алуы, педагогикалық
еңбектің тиімді әрекет коэффициентін арттыра алу мүмкіндігінен көрінеді.
Педагогикалық еңбек мәдениеттілігінің тәжірибелілік компоненті оқыту
кабинетін безендіруден де көрінеді (аспазшы, тігінші, кесуші, пісірушілерді
оқытуға арналған арнаулы шеберханалар). Кәсіптік мектептің болашақ
педагогтары зерттейтін кәсіптік педагогика – бұл ғылым мен өнердің араласуы,
педагогикалық өнер – педагогикалық мәдениеттіліктің маңызды құрылымы.
Ол педагогтың педагогикалық шеберлік тәсілдерін меңгеруінен айқын
көрінеді: сөйлей білу, қарым-қатынас жасай алу, оқыту аудиториясында жүре
алуы, педагогикалық тәсілдерді меңгеруі, «адамды кітап тәрізді оқи алуы».
Педагогикалық
мәдениеттіліктің
шығармашылық
компоненті
технологиялық компонентімен тығыз байланысты. Шығармашылық жұмыспен
айналысатын педагогтар бұл іске өздерінің тәрбиеленушілерін де тартады.
Әртүрлі сайыстарда ғажап туындылар дайындайтын болашақ жұмысшылардың
техникалық шығармашылық мүмкіншіліктеріне зиян тигізбей, кәсіптік-
педагогикалық
әрекет
жетістігінің
педагогикалық
мәдениеттіліктің
шығармашылық құрылымымен, нақты айтқанда, педагогикалық шығарма-
шылықпен анықталынатынын түсіну қажет.
Педагогикалық мәдениеттілігі жоғары педагог – көптеген оқыту
52
бағдарламаларының, оқыту әдістері мен тәсілдерінің, педагогикалық
инновациялардың авторы. Ең бастысы, ол «басқалар» сияқты, «үлгі» бойынша
жұмыс жасауға дағдыланбаған, ол өзгенің емес өзінің мақсатын алға қойып,
болашақ жұмысшылардың жұмысын жоспарлап, ұйымдастырып, бақылауды
қалайды. Кәсіптік білім беру мектебінің шығармашыл педагогы болашақ
жұмысшылардың оқу үрдісін, өздік жұмысын, еңбегін шеберлікпен
ұйымдастырып, өзінің тәрбиеленушілеріне оқу рефлексиясын, оқи білуге,
өздігінен білім алуға үйретеді. Эвристикалық оқыту нәтижесінде педагог оқыту
әрекетінің типіне сай жаңа білім алушыны тиімді қалыптастырады.
Педагогикалық
мәдениеттіліктің
рефлексті-жобалық
компоненті
педагогтың нақты күшін жүзеге асыруда айқындалады. Психологтардың
зерттеуінше, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісі өзара байланысты кезеңдер
нәтижесінде қалыптасады: өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу, өзін-
өзі жетілдіру.
Өзін-өзі біліп, нақты бағалаған жағдайда ғана басқалардың әрекетін
саналы түрде реттей алады, өзінің педагогикалық бағытының дұрыстығына көз
жеткізе алады. Бұдан кәсіптік білім беру мектебі педагогының кәсіптік-
адамгершілік потенциалы нақты көрінеді.
Осылайша, педагогикалық мәдениеттілік үнемі жетіліп отыруы керек. Бұл
педагогикалық мәдениеттілік жоғары деңгейде дамыған жағдайда педагог
тәрбиеленушілеріне өзінің үнемі даму үстінде екенін байқата алады. Кәсіптік
білім беру педагогының өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі бағалауы тұрақтылық
деңгейінің көрсеткіші – тұлғалық дамуының дара траекториясын анықтайды.
Сонымен, педагогикалық мәдениеттілігі жоғары педагог өзінің кәсіптік
шеберлігін
жоғалтпайды,
теориялық
және
өндірістік
оқытудың
біржақтылығына жол бермейді. Педагогикалық мәселелерді шешуде педагог
өзін жан-жақты дамыған тұлға ретінде көрсете білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |