Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       29

Басқа  мемлекеттік  органдардың  (Ұлттық  банктің,  Бас  прокуратура-

ның, Қаржы министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Қаржы ми-

нистрлігі  Кеден  комитетінің  жəне  т.б.)  статистикалық  қызметін  Агенттік 

үйлестіреді. 

Статистика  агенттігінің  статистикалық  қызметіне  үш  негізгі  кезең; 

статистикалық деректерді жинау, өңдеу жəне тарату кіреді. 

Осы  жұмыстарды  орындау  үшін  Агенттікке  келесі  функциялар  жүк-

телген: 

ұлттық санақты жүргізуді қоса алғанда статистикалық бақылаулар-

ды жүргізу; 

жеке  жəне  заңды  тұлғаларды  статистикалық  нысандар  бланкілері- 

мен  жəне  оларды  толтыру  жөніндегі  нұсқаулармен  қамтама сыз 

ету; 


статистикалық  дерекқордың  жинақталуын,  жүргізілуін  жəне  өзек-

тілігін қамтамасыз ету; 

статистикалық  ақпараттың  барлық  пайдаланушылар  арасында  қол 

жеткізімді құралдармен тарату.

Агенттік  статистикалық  қызметті  үйлестіруді  бірыңғай  əдістеме 

қолдану негізінде қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Агенттік туралы ережеде 

келесі функциялар көзделген: 

мемлекеттік  органдардың  арасында  жəне  жекелеген  статисти ка-

лық бақылаулардың арасында деректердің бірыңғай жіктелімі мен 

салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Мемлекеттік статистикалық 

тіркелімді жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

əр шаруашылық бойынша есеп жүргізуге əдіснамалық басшылықты 

жүзеге  асыру  жəне  осы  есептің  деректерін  тиісті  статистикалық 

көрсеткіштер жасау үшін пайдалану. 

Қазіргі уақытта Агенттік заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің бас-

тапқы есебін тексеру түріндегі бақылау функцияларын атқарады. Соны мен 

бірге Агенттіктің бақылау функцияларын алып тастау мəселесі қаралуда.

Ресми статистиканың халықаралық қағидаларын сақтау мақсатында 

ғылыми  зерттеулер  мен  халықаралық  стандарттардың  негізінде  ресми 

статистиканың  ашықтығын  (демократиялығын),  деректердің  сапасының 

жоғары деңгейін қамтамасыз ету талап етіледі. Осы мақсатта: 

статистика  жөніндегі  ведомствоаралық  кеңес  (СВК)  шеңберінде 

статистиканы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. 2005 жылдың 

басында СВК жойылып Ресми статистика жөніндегі қоғамдық кеңес 

құрылды; 

ғылыми-зерттеу қызметі жүзеге асырылады; 

еліміздің  əлеуметтік-экономикалық  дамуы  Қазақстан  Респуб лика-

сының ғалымдарын жұмылдырумен талданады; 

халықаралық ынтымақтастық бойынша əр түрлі қызмет жүзеге асы-

рылады. 










30       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Агенттік құрылымында 1999-2004 жылдар аралығында облыстық дең-

гейде  əр  түрлі  ұйымдастыру-құқықтық  нысандағы  статистикалық  ұйым-

дардың артық санының болғаны байқалады: 

1)  өңірдің  статистика  басқармасы  (облстат) – мемлекеттік  орган 

болып табылатын мемлекеттік мекеме (облыстық деңгейдегі облстаттар-

дың штат санының лимиті – 371 бірлік, сонымен бірге 2003 жылдан бас-

тап  облс таттың  құрылымына  облстат  аудандық  бөлімшелер  болмағанда 

Агенттіктің  басқа  бағынысты  ұйымы – өңірдің  Ақпараттық-статистика-

лық орта лығы арқылы жұмыс істеуге мəжбүр болған жалпы саны 2319 бір- 

лікті құрай тын селолық округтердің статистиктері енгізілді; 

2)  өңірдің  ақпараттық-статистикалық  орталығы  (АСО) – мемлекет-

тік  орган  болып  табылмайтын  мемлекеттік  мекеме ( 2000 жылдан  бастап 

өңірлердің АСО-ның штат саны 2750 бірлікті құрады); 

3)  Агенттіктің  Ақпараттық-есептеу  орталығы  РМК  еншілес  мемле-

кеттік  кəсіпорнының  (АЕО)  еншілес  мемлекеттік  кəсіпорындары  (саны 

кезекті  жылға  арналған  Статистикалық  жұмыс  жоспары  бойынша  жұмыс 

көлеміне сəйкес анықталды; 2004 жылы ол 240 бірлікке жуық болды).

Статистика агенттігі өзінің өңірлік құрылымын ықшамдау мақ сатын-

да 2001 жылдан бастап Үкіметке оны оңтайландыру жөнінде ұсыныс ен-

гізді.  Агенттік 2004 жылы  енгізген  ұсынысқа  орай  Үкімет 2005 жылғы 

18  қаңтарда  №24  қаулы  қабылдады.  Осы  қаулыға  сəйкес  Агенттіктің 

ведомстволық  бағынысты  ұйымдар  жүйесіне  кіре тін  өңірлердің  ақпа-

раттық-статистикалық  орталықтары  (АСО)  Агент тік тің  аумақтық  орган-

дарына  (облстаттарға)  қосылу  арқылы  қайта  ұйым дастырылды.  Мұның 

өзінде  АСО  штат  санының  лимитінің 2750 бірлігінен  облстаттарға 1350 

бірлік  берілді.  АСО  қызметкерлерінің 800-ге  жуық  адамы  Агенттіктің 

АЕО еншілес мемлекеттік кəсіпорындарына (МЕК) жұмыс істеуге ауыс-

ты,  ал 600 штат  бірлігі  қысқартылды.  Қайта  ұйымдастыру  нəтижесінде 

облстаттардың аудандық бөлімшелері (аудандық статтар) пайда болды. 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүйесінің жалпы құры-

лымы 2005 жылғы 1 шілдедегі  қайта  ұйымдастырудан  кейін  біршама  қа-

рапайым  жүйе  болып  табылады (2.1-сурет).  Оның  құрамына  мемлекеттік 

ор гандар (Агенттіктің өзі мен оның аумақтық органдары – облстаттар, сон-

дай-ақ Агенттіктің АЕО-ның мемлекеттік кəсіпорындары мен оның өңірлік 

МЕК) кіреді. 



Халықаралық  статистикалық  ұйымдар

*

.  Халықаралық  бай ла ныс-

тардың  кеңеюіне  орай  əлемнің  статистикалық  əлпетін  жасау  қажеттілігі 

мен  мүмкіндігі  пайда  болды.  Əр  түрлі  елдердің  статистикалық  зерттеу-

лері бір əдіснама бойынша жүргізіліп, үйлестірілген жағдайда ғана оларды 

салыстыруға болатыны түсінікті. 

*

  Заимствовано  из:  Сиденко  А.В.,  Попов  Г.Б.,  Матвеева  В.М.,  Статистика:  Учебник. 



– М.: Дело и сервис, 2000. – 464 С. 11-

13.


2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       31

Халықаралық  статистикалық  конгрестер  үйлестіруші  функциялар 

берілген  алғашқы  ұйым  болды.  Ұлттар  Лигасында 1919 жылдан  бастап 

халықаралық  статистика  құруға  бағытталған  іс-шаралар  ұдайы  өткізілді. 

Ұлттар  Лигасы  халықаралық  статистикалық  зертеулердің  бірыңғай 

əдіснамалық негіздерін бекітіп үлкен жетістікке қол жеткізді. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жанында 1946 жылдан  бастап  БҰҰ  Ста-

тистикалық  комиссиясы  жұмыс  істейді.  Ол  тұрақты  сессия  өткізу 

жұмысымен  айналысады.  Статистикалық  комиссия  жанында  арнайы 

жұмыс тобы құрылған. Аталмыш топ экономикалық қызметтің жекелеген 

бағыттарына, яғни экономикалық статистикаға сəйкес келетін келесі алты 

мақсатты бөлімшеден құралады: 

1)  ұлттық есепшілік; 

2)  өнеркəсіп статистикасы;

3)  халықаралық сауда статистикасы;

4)  қаржы статистикасы;

5)  баға статистикасы;

6)  қоршаған орта статистикасы.

Мемлекеттік 

органдар


Республикалық 

кəсіпорындар

ҚР Статистика агенттігі 

(Агенттіктер) 

(186 бірлік)

«ҚР Статистика агенттігінің 

Ақпараттық-есептеу 

орталығы» (АЕО) 

(335 бірлік)

Агенттіктің 

16 аумақтық органы 

(1324 бірлік облыстық 

деңгейде)

Агенттік АЕО-ның

16 өңірлік мемлекеттік 

еншілес кəсіпорны (МЕК) 

(1057 бірлік)

187 аудандық статистика 

бөлімі (Агенттіктің аумақтық 

органдарының құрамында)

(село статистиктерінің 

2319 бірлігін қоса 

алғанда 2716 бірлік)

2.1-сурет. ҚР Статистика агенттігі жүйесінің жалпы құрылымы 

(2005 жылғы 1 шілдеге қалыптасқан жағдай бойынша)


32       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Мақсатты бөлімшелер ақпарат жинайды, əдіснаманы пысықтайды жə-

не оны жан-жаққа, яғни өңірлерге таратады, сондай-ақ мамандар даярлай-

ды, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

БҰҰ  Хатшылығының  дербес  жұмыс  істейтін  бөлімшесі  жəне  со-

нымен  бірге  Статистикалық  комиссияның  жұмыс  органы  ретінде  БҰҰ 

Хатшылығының Статистикалық бөлімі жұмыс істейді. 

Статистикалық бөлім қызметінің негізгі бағыттары: 

статистикалық комиссияның сессияларына материал дайындау; 

статистикалық деректерді жинау, өңдеу (шынайылығын бағалауды 

қоса алғанда) жəне жариялау; 

дербес бағалауды жүргізу; 

елдерге практикалық көмек көрсету; 

оқу орталықтарының жұмысы; 

мамандарды жер-жерлерге іссапарға жіберу. 

Қазіргі  уақытта  көп  елдердің  күшімен  құрылған  Ғаламдық  ста-



тистикалық жүйеге:

1)  БҰҰ жанындағы статистикалық комиссия; 

2)  БҰҰ салалық статистикалық бөлімшелері; 

3)  БҰҰ жəне басқа да халықаралық ұйымдардың статистикалық басы-

лымдар жүйесі;

4)  БҰҰ арнайы мекемелері: 

ФАО – БҰҰ азық-түлік жөніндегі комиссиясы;

ЮНЕСКО – ғылым,  мəдениет  жəне  білім  беру  саласындағы  ынты-

мақтастық жөніндегі комиссиясы; 

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; 

ДБ – Дүниежүзілік банк (бұрынғы атауы – Халықаралық жаңғыру жə не 

даму банкі);

ХВҚ – Халықаралық валюта қоры;

ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы;

5)  Мемлекетаралық ұйымдардың статистикалық қызметтері:

ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы;

ЕЭҚ – Еуропалық экономикалық қауымдастық; 

ТМД – Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

6)  өңірлік статистикалық ұйымдар:

ЕУРОСТАТ – Жалпы нарық елдерінің статистикалық ұйымы кіреді. 

Статистикалық  орталықтардың  деректері  арасында  қатаң  бағыныс-

тылық  жоқ.  Үйлестіруші  рөл  атқаратын  БҰҰ-ның  Статистикалық 

комиссиясы ның «теңелгендер арасындағы алғашқы» деп аталатын ресми 

мəр тебесі  бар.  Аталмыш  комиссия  халықаралық  стандарттар  мен  жік те-

лімдердің бас тізбесін үйлестіреді жəне олардың əр түрлі мемлекеттерге 

берілуі үшін жауап береді. 







2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       33

Бас  статистикалық  жүйені  құрудың  негізгі  мақсаты  ретінде  ста-

тистикалық  қызметті  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  жүзеге  асыру 

үшін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану міндеті қалыптастырылды. 



Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1.  Ресми  жəне  ресми  емес  статистиканың  арасындағы  айыр-

машылықтың неде екенін түсіндіріңіз. 

2.  Жоспарлы экономикадағы ресми статистиканың рөлін ашыңыз. 

3.  Нарықтық экономикадағы ресми статистиканың рөлі қандай? 

4.  Қазақстандық экономиканың кеңес кезеңіндегі рөлі қандай? 

5.  Нарықтық экономикаға өту жағдайында мемлекеттік статистика-

ны реформалау кезінде қойылған негізгі міндеттерді атап өтіңіз. 

6.  Республика тəуелсіздік алған сəттен бастап қазақстандық статис-

тиканы реформалаудың неше бағдарламасы қабылданды? 

7.  Қазақстандық  статистиканы  реформалаудан  қандай  нəтиже  ал-

ынды? 


8.  Қазақстандық  статистикасы  ХВҚ  дерек  таратудың  жалпы  жəне 

арнайы стандарттарына қашан қосылды? 

9.  Республиканың  мемлекеттік  статистикасының  жұмысында  қан-

дай проблемалар бар

10.  Қазақстанның  статистикалық  жүйесін  Еуростат  қалай  баға-

лайды? 


11.  Қазақстандық  статистиканы  жетілдірудің 2006-2008 жылдарға 

арналған  бағдарламасының  мақсаттары  мен  негізгі  міндеттері 

қандай? 

12.  БҰҰ  ресми  статистикасының  негіз  қалаушы  қағидалары  қандай 

мақсатта қабылданды? Олардың негізгі мазмұны қандай? 

13.  Қазақстандық статистиканың құрылымына не кіреді? 

14.  ҚР Статистика агенттігі қандай функциялар атқарады? 

15.  Қазақстан  Республикасында  статистиканы  ұйымдастыру  негізін 

қалайтын қағидалар қандай? 

16.  Халықаралық  деңгейде  қандай  статистикалық  ұйымдар  бар? 

Олар қандай функция атқарады? 

Ұсынылатын əдебиет

1.  Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 г. №98-I «О государствен-

ной статистике» (с изменениями и дополнениями, внесенными Законами 

3 – 3/10-09



34       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Республики Казахстан от 30.01.01 г. №154-II; от 15.01.02 г. №280-II; от 

20.12.04 г. №13-III; от 21.12.04 г. №14-III).

2.  Программа  совершенствования  государственной  статистики  в  Рес-

публике Казахстан на 1999-2005 годы / Постановление Правительства 

Республики Казахстан от 19 ноября 1998 г. №1180. 

3.  Харламов А.И. и др. Общая теория статистики. – М.: Финансы и ста-

тистика, 1995.

4.  Елисеева  И.И.,  Юзбашев  М.М.  Общая  теория  статистики:  Учебник. – 

3-е изд. / Под ред. чл.-корр. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статис-

тика, 1998. –368 с.: ил.

5.  Теория статистики: Учебник для вузов / Под ред. Р.А. Шмойловой. – М.: 

Финансы и статистика, 1996.

6.  Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.Н. Общая теория статистики: 

Учебник для вузов. – М.: ИНФРА-М, 1998.

7.  Харченко Л.И. и др. Статистика. – М.: ИНФРА-М, 1997.

8.  Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Учебник.– М.: 

Дело и сервис, 2000. – 464 с.

9.  Гусаров В.М. Теория статистики: Учебное пособие для вузов. – М.: Ау-

дит, ЮНИТИ, 1998.

10.  Ряузов Н.Н. Общая теория статистики: Учебник для студ. экон. спец. 

вузов. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1984. – 

343 с.: ил.

11.  Общая теория статистики: Учебник / Т.В. Рябушкин, М.Р. Ефимова и 

др. – М.: Финансы и статистика, 1981.

12.  Общая  теория  статистики:  Учебник / Г.С.  Кильдишев,  В.Е.  Освиенко, 

П.М. Рабинович, Т.В. Рябушкин. – М.: Статистика, 1980. 

13.  Статистический словарь / Гл. ред. М.А. Королев. – 2-е изд., перераб. и 

доп. – М.: Финансы и статистика, 1989.

14.  Петер  фон  дер  Липпе.  Экономическая  статистика. – ФСУ  Германии, 

1995. – 629 с.

2.5.

Практикум

2.5.1. Ізденуге арналған сұрақтар

1.  Ресми  статистиканың  жоспарлы  жəне  нарықтық  экономикадағы  негізгі 

белгілерін  кесте  түрінде  келтіріңіз.  Қазақстандық  статистиканың  кеңес 

дəуіріндегі рөлі мен мазмұнын сипаттаңыз. 

2.  Нарықтық экономикаға өту жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік ста-

тистикасын түбегейлі реформалаудың негізгі себептері мен мақсаттарын 

баяндаңыз.

3.  Республикамыз тəуелсіздік алған сəттен бастап қазақстандық статистика-

ны реформалаудың негізгі кезеңдері (бағдарламаларды) мен нəтижелерді 

кесте түрінде көрсетіңіз.



2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       35

4.  ҚР  Статистика  агенттігінің  сайтындағы (http//www.stat.kz) ХФҚ-дың 

қазақстандық статистиканың ХВҚ деректерін таратудың жалпы жəне ар-

найы  стандарттарына  қосылуымен  байланысты  құжаттарын  зерделеңіз. 

Осы стандарттардың тағайындалуы мен мазмұнын сипаттаңыз. 

5.  Шешімін тапқан жағдайда қазақстандық статистиканың сапасын одан əрі 

арттыру үшін жасайтын негізгі проблемалар мен міндеттерді сипаттаңыз. 

6.  Еуростаттың  қазақстандық  статистиканы  ғаламдық  жағынан  берген 

бағасы  тұрғысынан  қазақстандық  статистиканы  жетілдірудің 2006-2008 

жылдарға  арналған  төртінші  бағдарламасының  мақсаттары  мен  негізгі 

міндеттерін сипаттаңыз. 

7. 1-қосымшаны  пайдалана  отырып  БҰҰ  Ресми  статистиканың  негіз 

қалаушы қағидаларының мазмұнын сипаттаңыз. 

8.  Қазақстандық  статистиканың  ұйымдастырылуын  жəне  ҚР  Статистика 

агенттігінің негізгі функцияларын атаңыз.

9.  Халықаралық  статистикалық  ұйымдардың  құрамы  мен  функцияларын 

кесте түрінде көрсетіңіз. 

2.6.

Өзіндік жұмысқа арналған 

тапсырмалар

2.6.1. Тест тапсырмалары 

1. «Ресми статистика» – бұл:

1)  Үкімет бекіткен еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 

деректер; 

2)  елдің  даму  деңгейі  мен  мүмкіндіктері  жөнінде  дерек  беру  міндеті 

кіретін мемлекеттік органдар; 

3)  сол немесе басқа əлеуметтік-экономикалық құбылыс жөніндегі жалпы-

ға жариялы деректер; 

4)  деректері  елдегі  əлеуметтік-экономикалық  құбылысты  бағалау  үшін 

пайдаланылатын кез келген меншік нысанындағы ұйымдар; 

5)  ұйымдар  өзінің  қызметінің  нəтижелері  бойынша  ресми  түрде  жария-

лайтын деректер.

 

2.  Төмендегілердің қайсысы жоспарлы экономиканың ресми статисти-



касының сипаттамасына жатпайды? 

1)  статистикалық  деректер  жоспарды  орындау  құралы  болып    табыла-

ды; 

2)  статистикалық микродеректер үгіт пен насихат құралы болып табы-



лады; 

3)  статистикалық макродеректер құпиялы болуы мүмкін; 

4)  микродеректер құпияда сақталады; 

5)  статистика мен бухгалтерлік есептің əдіснамалық бірлігі байқалады. 



36       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

3.  Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканың ресми ста тисти-

касының сипаттамасына жатпайды? 

1)  статистикалық деректер баршаға қол жеткізімді; 

2)  макродеректер құпиялы болуы мүмкін емес; 

3)  микродеректер барлығына қол жеткізімді; 

4)  статистика мен бухгалтерлік есептің негіздері шектелген; 

5)  банк қадағалауында статистика мен бухгалтерлік есеп бірыңғай. 



4.  Қазақстанның  мемлекеттік  статистикасы  бірыңғай  орган  ретінде 

қашан құрылған? 

1) 1918 жылғы 25 маусымда; 

2) 1802 жылы;

3) 1897 жылы;

4) 1920 жылғы 8 қарашада; 

5) 1991 жылғы 16 желтоқсанда. 



5.  Қазақстанда 90-жылдары  мемлекеттік  статистиканы  реформалау 

мақсатында неше бағдарлама қабылданды? 

1) 2 бағдарлама; 

2) 3 бағдарлама;

3) 4 бағдарлама;

4) 5 бағдарлама;

5) 6 бағдарлама.



6.  Төмендегілердің  қайсысы  ресми  статистиканың  негізін  қалайтын 

қағидаларға жатпайды? 

1)  ресмилік; 

2)  кəсіби;

3)  есеп пен статистиканың біртұтастығы; 

4)  ғылыми; 

5)  деректерге түсініктеме беру.



7.  Төмендегілердің  қайсысы  ресми  статистиканың  негізін  қалайтын 

қағидаларға жатпайды? 

1)  бастапқы деректердің құпиялылығы; 

2)  статистиканың жариялылығы; 

3)  статистикалық қызметті үйлестіру; 

4)  индикативтік жоспардың орындалуын бақылау; 

5)  халықаралық тұжырымдамалар мен əдістерді пайдалану. 



8.  Төмендегілердің қайсысы ҚР Статистика агенттігінің функциялары-

на жатпайды? 

1)  статистикалық бақылау жүргізу; 

2)  респонденттерді статистикалық нысандардың бланкілерімен жəне тол-

тыру жөніндегі нұсқаулармен қамтамасыз ету; 

3)  республиканың əлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы; 

4)  дерекқорды енгізу, өңдеу жəне жүргізу; 

5)  статистикалық деректерді тарату.


3-тақырып. Статистикалық бақылау       37

3.1.

Статистикалық бақылау, 

оның міндеттері мен нысандары

Статистикалық  бақылау – кез  келген  статистикалық  бақылаудың 

бірінші кезеңі. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы-

ның  Заңында  оған  «əлеуметтік-экономикалық  өмірдің  құбылыстары  мен 

процестері  туралы  деректерді  алдын  ала  əзірленген  бағдарлама  бойын-

ша  тіркеу  арқылы  жоспарлы  түрде  ғылыми  ұйымдастырып  жинау»  деген 

анықтама берілген.

Статистикалық  бақылау  алынған  материалға  сүйене  отырып  оны 

тиісінше  пысықтағаннан  кейін  дұрыс  қорытынды  жасауға  болатындай 

етіп ұйымдастырылуы тиіс. Бұл үшін фактілерді есепке алу мен бастапқы 

материалды жинауды мұқият ойластырып, ғылыми негізде ұйымдастыру 

керек. 

Қазақстанда  «Мемлекеттік  статистика  туралы»  Заңға  сəйкес  мемле-



кеттік  статистикалық  бақылау  ҚР  Статистика  агенттігі  өткізетін  жал-

пымемлекеттік  статистикалық  бақылаудан  жəне  статистикалық  қыз-

метті  жүргізетін  басқа  мемлекеттік  органдар  жүргізетін  ведомстволық 

бақылаулардан тұрады. 

Əрбір  статистикалық  бақылаудың  жұмысы  үш  кезеңнен  тұрады: 

1) бақылауды дайындау; 2) материалды тікелей жинау; 3) оны əзірлеуге жі-

беру алдында бақылау. 

Статистикалық  бақылаудың  бірінші  кезеңінде  оның  мақсаттары  мен 

міндеттерінен  туындайтын  бақылаудың  бағдарламасы  əзірленеді  жəне 

бақылауды  өткізудің  ұйымдастырушылық  жоспары  жасалады.  Бұл  орай-

да  келесі  мəселелерді  шешу  қажет: 1) бастапқы  ақпараттың  мазмұны; 

2) ақпараттың есебі қандай тəсілмен жүргізілетіні; 3) ол қалай құралдар мен 

жасалатыны; 4) қандай мерзімде; 5) алынған бастапқы материалды жинау 

мен тексеруді ұйымдастыру; 4) материалды кейінгі өңдеу техникасы қандай 

болуы тиіс (қолмен енгізу, сканерлеу). 



3-òà¿ûðûï

СТАТИСТИКАЛЫҚ 

БАҚЫЛАУ

 


38       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Статистикалық бақылаудың мақсаты – нақты əлеуметтік-экономикалық 

процестер жөнінде ақпарат жинау. 

Статистикалық  бақылауда  жағдайдың  нақты  жағдайды  объективті 

түрде көрсететін шынайы (2) жəне толық (3) бастапқы ақпаратты барынша 

қысқа мерзімде (1) алу мақсаты қойылады. 

Нашар дайындалған бақылау кемшіліктерді тек келесі кезеңдерде жабу-

ға болатын ақаулы материал алуға əкеп соқтырады. Осының нəтижесінде 

барлық статистикалық бақылау сəтсіз аяқталады. 

Статистикалық  бақылау  жаппай  бастапқы  деректерді  жинаудың: 

1)  статистикалық  есептілік; 2) арнайы  ұйымдастырылған  статистикалық 

бақылау деп аталатын екі нысанын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

«Мемлекеттік  статистика  туралы»  ҚР  Заңында  оларға  мемлекеттік 

статистикалық бақылаудың екі түрі ретінде мынадай анықтама беріледі: 

«Мемлекеттік  статистикалық  есептілік – жалпымемлекеттік  жəне 

ведомстволық  статистикалық  бақылаулар,  бұл  орайда  жеке  тұлғалар, 

заңды  тұлғалар  жəне  олардың  құрылымдық  бөлімшелері  хабарланатын 

мəліметтердің берілуі мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есеп-

терді  мемлекеттік  статистика  органдарына  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында белгіленген тəртіппен ұсынады».

«Арнайы  ұйымдастырылған  статистикалық  бақылаулар  жалпымемле-

кеттік жəне ведомстволық статистикалық бақылаулар, бұл ретте бастапқы 

статистикалық ақпаратты жинау есептер негізінде емес, басқа тəсілдермен 

жүзеге асырылады». 

Есептілік саланың барлық кəсіпорындары үшін бастапқы есеп матери-

алдары  жинақталған  бірыңғай  бағдарлама  болып  табылады,  ол  бастапқы 

есепті  ұйымдастыруға  жəне  оның  бағдарламасына  өте  ықпал  етеді.  Бұл 

жағдайда  кəсіпорындарда  бастапқы  есептілік  статистикалық  жағынан 

ұйымдастырылған деген баға беріледі. 

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулардың нəтижесін-

де  статистикалық  есептілік  қамтымайтын  құбылыстар  мен  процестер  ту-

ралы  деректер  алынады.  Кейде  арнайы  ұйымдастырылған  зерттеулердің 

көмегімен есептік деректер тексеріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет