3.2.
Статистикалық бақылаудың
бағдарламасы
Бақылау бағдарламасының маңызы. Статистикалық бақылау бағ-
дар ламалық та, сонымен бірге ұйымдастыру мəселелері де кіретін белгі-
лен ген жоспар бойынша өткізілуі тиіс.
3-тақырып. Статистикалық бақылау 39
Əзірлеменің бағдарламасы алдын ала жасалмаған жағдайда ста тис-
тикалық бақылауға барлық қажетті мəселелер енбеуі немесе əзірлеменің
бағдарламасында көзделмеген артық мəселелер де болуы ықтимал.
«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңында «статистикалық бақы-
лау бағдарламаcы – бақылау жүргізудің мақсаты мен міндеттері, деректер
жинау жүзеге асырылатын көрсеткіштердің (сұрақтардың) тізбесі, ны-
сан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу бланкісі жəне басқа
(бұдан əрі - статистикалық нысандар) түрінде ұсынылған, оларды есептеп
шығарудың əдістемесі жəне статистикалық бақылау жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтар» деген анықтама берілген.
Қысқаша айтқанда статистикалық бақылау бағдарламасы статистика лық
бақылау жүргізу кезінде жауап алынуы тиіс сұрақтардың тізбесін білдіреді.
Бақылау бағдарламасы бүкіл статистикалық бақылаудың мақсаты мен
міндетімен белгіленеді. Сондықтан мақсат пен міндет қалыптастырылған-
нан кейін бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайтын: 1) оның объек-
тісін шектеу; 2) жиынтық пен бақылау бірлігін белгілеу; 3) көрсеткіштер
жүйесін белгілеу қажет.
Статистикалық бақылау объектісін шектеуден бұрын оны анықтау
қажет.
Статистикалық бақылау объектісі деп статистикалық мəлімет жина-
луы тиіс байқалатын құбылыстың бірліктерінің жиынтығы аталады. Ха лық
санағында елде барлық тұратындардың жиынтығы статистикалық бақы лау
объектісі болады. Халықтың əл-ауқатын зерттегенде статистикалық бақы-
лау объектісі ретінде іріктелген үй шаруашылықтары, өнеркəсіпті зертте-
генде – өнеркəсіптік кəсіпорындардың жиынтығы болады.
Жұмысты ойдағыдай жүргізу үшін статистикалық бақылаудың объ-
ектісін нақты анықтау, зерттелетін жиынтықтың шектерін белгілеу өте
маңызды. Бұл орайда егер зерттеу мақсатында зерттелетін жиынтықтың
біртектілігі қарастырылса, əсіресе, егер зерттеу кезең-кезеңмен жүргізіл-
се, бұл жағдайда ценз қолданылады. Статистикада ценз деп зерттелетін
жиынтықтың барлық бірліктерін қанағаттандыратын шектеу белгісі ата-
лады. Мысалы, шағын бизнестің субъектілерін зерттегенде қолданыстағы
заңнамада белгіленген оларды заңды жəне жеке тұлғаларға жатқызу
өлшемдерін сақтау қажет.
Статистикалық бақылау объектісін анықтап, шектегеннен кейін
жиынтық бірліктері мен бақылау бірліктері белгіленеді.
Жиынтық бірліктері – статистикалық бақылау объектісінің тіркелуге
тиіс белгісі жəне зерттеу кезінде негіз болып табылатын есепті білдіретін
бастапқы элементі, яғни жиынтық бірлігі – бұл зерттелетін нəрсе.
Бақылау бірлігі – қажетті статистикалық мəлімет алынуы тиіс бастапқы
бірлік.
40 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Басқаша айтқанда бақылау бірлігі – зерттелетін нəрсе немесе мəлімет
алынатын көз.
Бақылау бірлігі мысалы, халық санағында жиынтық бірлігімен бірдей
болуы мүмкін, алайда, мысалы, жиынтық бірлігі, яғни өнеркəсіптік жаб дық
туралы мəлімет алынатын кəсіпорын бақылау бірлігі ретінде болғанда көбі-
не се олар бірдей болмайды. Сол сияқты мал санағында да: жиынтық бірлігі
ретінде мал басы, ал бақылау бірлігі – жекелеген шаруашылық болады.
Статистикалық жұмыс ойдағыдай болуы үшін бақылау объектісі мен
жиынтық бірлігін дұрыс анықтау жəне бір есептен екінші есепке олардың
салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажет.
Бақылау бағдарламасының мазмұны. Бақылау объектісі, жиынтық
бірлігі мен бақылау бірлігі анықталғаннан кейін осы статистикалық бақы-
лау барысында жауап алынуы тиіс нақты қалыптастырылған сұрақтардың
тізбесінен тұратын бақылау бағдарламасы əзірленеді.
Осы сұрақтар кез келген есептілік нысанында немесе зерттеу бланкі-
сінде көрсеткіштер жүйесі түрінде көрсетіледі жəне осы көр сеткіштер
бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайды.
Статистикалық бақылау бағдарламасының сұрақтары статистикалық
бақылаудың қазіргі заманғы ғылыми көзқарасының негізін қалаушы бол-
ып саналатын белгілі бельгиялық статистик Адольф Кетле (1796–1874 жж.)
бір жарым ғасыр бұрын қалыптастырған талаптар ескеріліп жасалады. Ол
статистикалық бақылау бағдарламаларына сол немесе басқа сұрақтарды
енгізу/енгізбеуге қатысты мына үш ережені қалыптастырды:
1) статистикалық бақылау бағдарламасына қойылған мақсатқа жету
үшін қажетті ғана сұрақтарды енгізу қажет;
2) бағдарламаға сапасы қанағаттандыратын жауап алу мүмкін емес
сұрақтарды енгізбеу қажет;
3) бақылау бағдарламасына сұратылатындардың жеке мүдделерінің
аясына араласу болып саналатын сұрақтар енгізілмеуге тиіс.
Сұрақтар олардың мазмұнын барлығы бірдей түсінетіндей етіп
қойылуы тиіс. Қолайлы болу үшін кейде сұрақтарға ықтимал жауаптар
қолданылады.
Есептілік нысандары мен зерттеу бланкілеріне əдетте арнайы ста-
тистикалық құжаттар, яғни қосымша түсініктеме беретін нұсқалар қоса тір-
келеді.
Статистикалық формулярлар мен олардың түрлері. Есептілік ны-
сандары мен зерттеу бланкілері статистикалық формуляр деп аталады.
Зерттеу бланкілері карточка, санақ парағы, есепке алу бланкісі сұрақтама,
сауалдама жəне тағы басқадай аталуы мүмкін. Статистикалық формуляр-
лар бақылау бағдарласының сұрақтарына берілген жауаптарды сақтауға
арналған. Олардың адрестік бөлімі жиналған мəліметтерді тексеріп, оларды
кейін пысықтау үшін өте қажет.
3-тақырып. Статистикалық бақылау 41
Формулярдың тізімдік жəне жеке деп аталатын екі түрі болады. Тізімдік
формулярда жиынтық бірлігінің тобы, мысалы, үй шаруашылығы немесе
кəсіпорын жөніндегі мəлімет жазылады. Жеке формулярға жиынтықтың
жекелеген бірліктері, яғни үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері,
кəсіпорынның нақты жабдығы жөніндегі мəлімет енгізіледі.
Формулярлар автоматтандырып өңдеу кезінде пайдаланылатыны, ком-
пьютерге қолмен енгізілетіні немесе сканерленетіні ескеріліп əзірленеді.
3.3.
Статистикалық бақылауды
ұйымдастыру түрлері мен тəсілдері
Статистикалық бақылау жоспарының ұйымдастыру бөліміне бақы лау-
дың уақыты мен орнын анықтау, бақылаудың нысаны, түрі мен тəсілін
белгілеу сияқты мəселелер кіреді. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру
нысандарына (типтері) жоғарыда қарастырылғандай: 1) статистикалық
есептілік; 2) арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеу жатады.
Статистикалық бақылаулар бақылау бірліктерін қамтудың толықты-
ғына немесе фактілерді уақыт бойынша есептеудің үздіксіздігіне байла-
нысты бөлінеді, сондай-ақ фактілерді есептеу тəсілі бойынша ерекшеленеді.
1. Жиынтық бірліктерін қамту толықтығына орай статистика-
лық бақылау түрлері. Жиынтық бірліктерін қамту толықтығына қатысты
барлық бақылаулар жаппай жəне жаппай емес бақылауға бөлінеді.
Жаппай статистикалық бақылауда негізгі міндет – зерттелетін
құбылысты құрайтын жиынтықтың барлық бірліктерін толық есептеу.
Мəселен, халық санағында осы елдің барлық тұрғындарының толық есебі,
ал кəсіпорындардың өнім өндірісі жөніндегі есебінде барлық өндірілген
өнімнің толық есебі басты міндет болып табылады.
Жаппай емес статистикалық бақылау жиынтық бірлігінің бөлігінің,
алайда нақты жəне сенімді статистикалық сипаттама алу алу үшін жет-
кілікті болатындай жаппай есебі ретінде алдын ала ұйымдастырылады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттерін, бағалардың тіркелуін зерт-
теу, жағдаятты зерттеуді, əлеуметтік сауалнамаларды зерттеу осылай
ұйымдастырылады.
Жаппай емес бақылаулар күш-жігер мен қаражатты азырақ қажет етеді,
сонымен бірге толық бағдарламаны жəне фактілерді бұдан да жетілдіріл-
ген есептеу тəсілін қолдануға, зерттеу қорытындысын жылдам шығаруға
мүмкіндік береді жəне тиісінше статистикалық материалдың жеделдігін
арттырады.
Жаппай емес зерттеудің ішінара, негізгі массивті, сауалнамалық, моно-
графиялық деп аталатын бірқатар түрлері қолданылады.
42 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Ішінара бақылау байқалатын жиынтықтың бірліктерін кездейсоқ ірік-
теу арқылы жүзеге асырылады. Осымен іріктеудің нəтижелері ішінара жүзе-
ге асыратын адамдардан тəуелсіздігіне кепілдік беріледі, ал іріктеу нəтиже-
сінде тенденциялық қателіктер болмайды. Ішінара бақылау жиынтықты
жалпы сипаттайтын деректер алуға мүмкіндік береді.
Ішінара бақылау экономикалық статистиканың үй шаруашылықтарын
зерттеу, бағаларды тіркеу, жағдаятты зерттеу, нарықты зерттеу сияқты əр
түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
Негізгі массив тəсілі бойынша бақылау кезінде зерттелуге тиіс барлық
фактілердің айтарлықтай бөлігі шоғырланған ең ірі бақылау бірліктері ірік-
теледі.
Мəселен, нарықты зерттегенде ішінара болатын кездейсоқ іріктеу
əдісін емес негізгі массив тəсілін қолдануға болады. Аталмыш тəсіл қала
халқының жартысынан артығы тұратын қаланың елді мекенінің 5%-ға
жуық нарығын қамти отырып, нарық жағдаяты жөнінде сенімді материал
алуға мүмкіндік береді.
Өнеркəсіп бойынша ай сайынғы деректерді қалыптастырғанда да
көрсетілген əдіс пайдаланылады. Есептер тек ірі жəне орташа кəсіп-
орындардан жиналады – олар республикадағы бүкіл өнеркəсіптік өндірістің
95%-ын құрайтын 1600 бірліктен асады, ал іс жүзінде өнеркəсіптік
кəсіпорындардың жалпы саны 16 мың бірлікті құрайды.
Сауалдамалық зерттеуде мəлімет алынуы тиіс тұлғалар сауалнаманы
толтырып, содан кейін оны қайтаруды (жіберуді) өтініш жасалып тараты-
лады. Əдетте қайтарылатын сауалдаманың саны аз, ал мұның өзінде жау-
аптар кездейсоқ қайтарылмайды. Нəтижесінде деректер бүкіл жиынтықты
дəл көрсетпейді деуге болады. Осы əдіс əлеуметтік сауалдамада, байла-
ныс статистикасында, кітапханада оқырмандарға сұрақ қоюда жəне т.б.
қолданылады.
Монографиялық сипаттау тəсілі бірлі-жарым, алайда кəдімгі, мысалы,
жекелеген кəсіпорындарды, аудандарды жəне т.б. жете зерттеу үшін пай-
даланылады. Бұл жекелеген кəсіпорындарда байқалатын динамиканы зерт-
теуге мүмкіндік береді.
2. Фактілерді уақыт бойынша есептеуге орай статистикалық ба-
қылау түрлері. Фактілерді уақытқа сəйкес есептеу үздіксіздігіне қатысты
бақылау ағымдағы (тұрақты), кезеңді жəне біржолғы болады.
Ағымдағы (тұрақты) бақылау – құбылыстың туындауына орай жүй-
елі, тұрақты, үздіксіз жүргізілетін бақылау.
Статистикалық есептілік нысандары ірілендірілген кезеңдер (айлар,
тоқсандар, жылдар) бойынша табыс етілсе де ағымдағы бақылау барысын-
да жиналған фактілерге үздіксіз есептеуге негізделеді.
Кезеңді бақылаулар – тұрақты емес, алайда белгіленген уақыт кезең-
дерінен кейін ұдайы жүзеге асырылатын бақылаулар.
3-тақырып. Статистикалық бақылау 43
Деректер əдетте белгіленген уақыт сəтіндегі қайсы бір құбылыстардың
жай-күйін сипаттайды. Оларға халық санағы, мал, өндірістік жабдық, сауда
нүктелерінің, тауар запасының, материалдық құндылықтардың қалдығының
санағы, желі, оқушылардың, профессорлар мен оқытушылардың оқу
жылының басындағы құрамы жəне т.б. жөніндегі деректер жатады.
Осы есеп орайластырылған сəт бақылаудың сыни сəті деп аталады. Бар-
лық құбылыстардың үнемі өзгеретінін ескере отырып сəтті қатаң сақтау қажет.
Біржолғы бақылау – кезең-кезеңмен емес уақыт өте, яғни кейде
жүргізілетін бақылау.
Осы бақылаудың деректері де белгіленген уақыт сəтіндегі құбы-
лыстарды сипаттайды.
3. Статистикалық бақылауда фактілерді есептеу тəсілдері. Ста-
тистикалық бақылауда фактілердің есебі əр түрлі тəсілдермен, яғни:
1) зерттеу процесіндегі фактілерді тікелей есептеуге; 2) есеп жасалатын
сəтте олардың құжаттық есептеуге; 3) адамдарды сұрауға негізделуі мүмкін.
Фактілерді тікелей есептеуде қажетті мəлімет жиынтық бірлігін жеке
есептеу, яғни қарау, қайта есептеу, өлшеу, салмақты өлшеу жəне т.б. арқылы
алынады.
Фактілердің құжаттық есебі деректер жүйелі түрде құжатпен
ресімде ле ді, осының негізінде кейін статистикалық есептілік нысандары
толтырылады.
Сұрату халық санағы мен əлеуметтік зерттеуде пайдаланылады жəне
оны əр түрлі ұйымдастыруға болады.
Сұратудың экспедициялық (ауызша) сұрату, өзін-өзі тіркеу, корреспон-
денттік тəсілі деп аталатын үш тəсілі болады.
Экспедициялық сұрату кезінде арнайы бөлінген адам (тіркеуші немесе
интервьюер) зерттелетін адамға сұрақ беріп, оның сөздерімен зерттеу блан-
кілерін толтырады.
Өзін өзі тіркеу жағдайында сұратылатын адамға зерттеудің бланкі лері
беріледі, сұратылатын адам бланкіні өзі толтырады. Тағайындалған уақыт-
та арнайы бөлінген адам толтырылған бланкілерді жинап, олардың толық
əрі дұрыс толтырылғанын тексереді.
Корреспонденттік тəсілде де нұсқалары (варианттары) бар бланкілер
оларды толтырып белгіленген уақытқа дейін кері жіберу сұратылып пошта
арқылы жіберіледі.
3.4.
Статистикалық есептілік
Статистикалық есептілік – кəсіпорынның жұмысы жөніндегі ресми
құжат. Ол арнайы нысанға енгізіледі жəне статистикалық органдарға табыс
етіледі.
44 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
Есептіліктің деректемелері. Есептіліктің əрбір нысанында келесі
міндетті мəліметтер (деректемелер): 1) нысанның мазмұнын анықтайтын
атау; 2) есептіліктің нөмірі мен бекітілген күні; 3) есептілік ұсынылуы тиіс
мекенжай; 4) мəлімет берілетін кезең немесе ол қатысты күн; 5) есептілік
ұсынылатын (жіберу) күн; 6) есептілік таратылатын кəсіпорындардың
ауқымы; 7) есептілікті ұсынатын кəсіпорынның немесе ұйымның атауы;
8) есептілікке қол қоюға міндетті жəне жасалуы үшін жауапты тұлғалардың
лауазымдары болуы тиіс.
Есептілікті бекіту тəртібі. Қазақстанда барлық мемлекеттік
статистикалық есептілік «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына
сəйкес ҚР Статистика агенттігі жинап əзірлейтін жалпымемлекеттік жəне
статистикалық қызметті жүргізетін басқа мемлекеттік органдар (Бас проку-
ратура, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі
жəне т.б.) жинап əзірлейтін ведомстволық есептілікке бөлінеді.
Статистикалық есептіліктің нысанын статистиканың сол немесе басқа
тарауы үшін жауапты мемлекеттік органдар əзірлейді. Мəселен, құқық
бұзушылықтың статистикасын Бас прокуратура, банк секторы мен төлем
балансының статистикасын Ұлттық банк, мемлекеттік қаржының – Қаржы
министрлігі, денсаулық сақтаудың – Денсаулық сақтау министрлігі жəне
т.б. жүргізеді. Мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарының көп
бөлігін уəкілетті мемлекеттік орган – ҚР Статистика агенттігі əзірлейді.
«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына сəйкес статистикалық
есептілікті ҚР Статистика агенттігі бекітеді жəне есептілік бланкісінде
көрсетілген мерзімдерде Статистика агенттігінің аумақтық органдары-
на немесе кəсіпорын немесе ұйым орналасқан жердегі өзге мемлекеттік
органдарға міндетті түрде ұсынады.
Белгіленген жылға арналған мемлекеттік статистикалық есептіліктің
оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері көрсетілген толық тізбесі Үкіметтің
қаулысымен бекітілетін Статистикалық жұмыстар жоспарында болады.
Есептіліктің бағдарламасы. Есептіліктің бекітілген нысандарын-
да есептіліктің бағдарламасын құрайтын көрсеткіштер жүйесі болады.
Бұл ретте есептілік нысаны кəдімгі – экономиканың барлық салаларының
кəсіпорындары үшін ортақ жəне жекелеген салалар үшін ерекше – арнайы
мамандандырылған болуы мүмкін.
Статистика органдары статистикалық есептіліктің нысандарын қайта
қарау, оларды ұтымды ету, жаңа құбылыстардың пайда болуына жəне
статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың оған деген қажеттілігін
қанағаттандыруға орай біреулерін алып тастау жəне жаңаларын енгізу
жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге тиіс.
Есептіліктің кезеңділігі. Есептіліктердің арасында айлық, тоқсандық
жəне жылдық кезеңділіктегі есептілік ең кең таралған. Сонымен бірге
жартыжылдық кезеңділіктегі жəне біржолғы есептілік те қолданылады.
3-тақырып. Статистикалық бақылау 45
Айлық есептілікте кəсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірістік
көрсеткіштері болады, тоқсандық есептілікке олардың қаржы-өндірістік
қызмет бойынша көрсеткіштердің кең ауқымы, ал жылдық есептілікте
кəсіпорынның немесе ұйымның жыл ішіндегі қызметі жөніндегі ең толық
ақпарат болады.
3.5.
Статистикалық санақ
Статистикалық санақ құбылыстың қайсы бір құрамының саны толық
есебі мен осы құбылысты құрайтын əрбір бірлікті статистикалық формуляр-
ға жазу арқылы сипаттауға тиіс арнайы ұйымдастырылған статистикалық
бақылауға жатады.
Статистикалық есептілік байқалатын құбылыс туралы ақпарат алудың
негізгі тəсілі болуына қарамастан, оларды санақ толықтырып, есептілікті
тексеруді қамтамасыз етеді.
Санақтың: 1) кəсіпорындардың бастапқы есеп материалдарының не-
гізіндегі; 2) фактілердің арнайы ұйымдастырылған тіркеудің негізіндегі екі
түрі болады.
Санақтың бірінші түрі сондай-ақ біржолғы есеп де аталады. Аталмыш
санақтың мысалына өнеркəсіптік жабдықтың санағы, ауыл шаруашылығы
құрамаларындағы машина-трактор паркінің есебі, малды санау жəне т.б.
жатқызуға болады.
Санақтың екінші түріне халық санағы жатады.
Халық санағы – халықтың саны, оның орналасуы мен құрамы туралы
дерек алу мақсатында арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау.
Қазақстанда халық санағы 10 рет, яғни 1897, 1920, 1926, 1939, 1959,
1970, 1979, 1989, 1999 жəне 2009 жылдары өткізілді.
Халық санағы тəуелсіз Қазақстан жағдайында, статистика орган-
дары халықаралық ұйымдардың көмегімен санақтың бағдарламасын
қалыптастырып, оны 1999 жəне 2009 жылдары дербес өткізді.
Санақтың негізгі бланкісінде 18 сұрақ болып, осы сұрақтар көр-
сеткіштерді өткен санақтардың нəтижелерімен салыстыруды қамта масыз
етті, сонымен бірге халықаралық деңгейде салыстыруға болатын ақпарат
беріп, өтпелі кезеңде орын алған құбылыстарды сипаттауға мүмкіндік
берді.
Санақ өткізудің ұйымдастыру жоспарының басымды мəселелері.
Санақ өткізудің ұйымдастыру жоспарында санақ өткізілетін уақыт пен мер-
зім, оны өткізу тəртібі, халықты жаппай сұрау тəсілдері, санақ учаскелерін
ұйымдастыру, санақшы мен нұсқаушы мамандарды іріктеу мен даярлау,
46 I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы
оларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету, дайындық жұмыстарын
жүргізу, санақшылардан санақ материалдарын қабылдау тəртібі жəне т.б.
мəселелер қарастырылады.
Санақ өткізуде санақтың сыни межелін белгілеудің маңызы зор.
Мəселен, 2009 жылғы халық санағында ақпанның 24-нен 25-іне қараған
түн осындай сыни межел болды. Санақ 25 ақпаннан бастап 6 наурыз дейін-
гі кезеңде өткізілді. Егер адам кешірек қайтыс болып, санақшы оны тірі
кезінде көрмесе де сол адам санақ парағына жазылуы тиіс болды. Жəне
керісінше, егер бала сыни межелден кейін туса да ол санақ парағына ен-
гізілмеді.
Санақ экспедициялық тəсілмен өткізілді, яғни арнайы тартылған
санақшылар санақ парақтарын халықтың сөзінен толтырды.
3.6.
Статистикалық бақылаудың қателіктері
жəне олармен күресу шаралары
Статистикалық бақылаудың қателіктері екі топқа, яғни репрезента-
тивтік қателіктері мен тіркеу қателіктеріне бөлуге болады.
Репрезентативтік қателіктер іріктеп бақылауда ғана орын ала-
ды. Олар іріктелген жиынтық бас жиынтықты қандай дəрежеде білдіре-
тінін көрсетеді. Осы қателіктер зерттелетін жиынтықтың бөлігі ғана бай-
қалып, осының нəтижесінде алынған мəліметтер жиынтықтың жаппай
құбылысының қасиетін барынша дəл көрсете алмауынан туындайды.
Тіркеу қателіктері жекелеген фактілерді тіркеу кезінде туындайды
жəне өзінің мəні бойынша кездейсоқ (абайсыз) не əдейі істелген (қасақана)
болуы мүмкін.
Абайсыз қателіктерге көбінесе кездейсоқ жол беріледі. Олар жаңы-
лысып жазудан, сандардың орнын ауыстырудан жəне т.б. орын алады.
Егер статистикалық бақылау кəсіпорындардың статистикалық есептілік
ұсыну арқылы ұйымдастырылса, онда бақылаудағы кездейсоқ қателіктер
кəсіпорындардың есептіліктегі қателіктердің салдарынан жасалады. Жап-
пай деректерді жинақтағанда кездейсоқ қателіктер бірін-бірі ішінара
өтейді.
Əдейі жасалған қателіктер деректерді қосып жазу немесе керісінше
жасырудың салдарынан пайда болады. ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық ко-
дексінде статистикалық деректерді табыс етпеу немесе бұрмалап табыс ету
үшін жазалау көзделген.
Арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеуде зерттеуді жүр-
гізетін мамандардың нашар даярлығының, бағдарламаны жасаудағы
|