Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63

10.  Ішкі экономика резиденттердің де, бейрезиденттердің де осы елдің 

экономикалық аумағындағы қызметін қамтиды. Ішкі экономика көрсеткіші 

үшін «жалпы ішкі өнім» көрсеткіші есептеледі. 

11. Ұлттық  экономика  тек  резиденттердің  ғана  осы  елдің  эко-

номикалық  аумағында  немесе  одан  тысқары  орналасқанына  қарамас-

тан  қызметін  қамтиды.  Ұлттық  экономика  үшін  «жалпы  ұлттық  табыс» 

көрсеткіші есептеледі. 



12.  Шетелдегі  аумақтық  анклавтар – осы  елдің  үкіметтік  мекеме-

лері  дипломатиялық,  əскери,  ғылыми  мақсатта  жалға  алу  немесе  меншік 



264       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

негізінде  пайдаланатын  басқа  елдердегі  аймақтар.  Мысалы,  елшіліктер, 

консулдықтар жəне т.б. 

13. Осы елдің экономикалық аумағы – осы елдің үкіметі əкімшілік 

басқаратын  аумақ  (географиялық),  сондай-ақ  əуе  кеңістігі,  осы  елдің 

аумақтық сулары мен халықаралық судағы континенталдық сулары (онда 

осы ел шикізат, отын, мұнай мен газ өндіруге айрықша құқылы); бұрынғы 

аумақтық  анклавтар  (елшіліктер,  əскери  базалар),  осы  елдің  аумағында 

орналасқан халықаралық ұйымдар. 

Аумақтық  эксклавтар – осы  елдің  еркін  аймақтары  немесе  оның  ше-

карасынан  тыс  жұмыс  істейтін  кəсіпорындарының  филиалдары  өздері 

орналасқан елдің экономикалық аумағына кіреді. 

14. Экономика секторы – өз атынан активтерге иелік жасайтын, мін-

деттеме  қабылдайтын,  басқа  институционалдық  бірліктермен  бірге  ұқсас 

эко но микалық қызметті жүзеге асыратын институционалдық бірліктердің 

жиынтығы. Экономикалық бірліктер келесі екі типке, яғни секторлар мен 

экономика салалары бойынша жіктеледі. ҰШЖ-де басты жіктеуіш – бұл 

сектор лар бойынша жіктеуіш. Секторлардың саны алты, оның бесеуі – ішкі 

экономика секторы – резиденттер, алтыншы сектор сыртқы – бейрезидент-

тік сектор. 



Бірінші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар»  шығынды өтейтін 

бағалар  бойынша тауар мен  қызмет өндіретін жəне кіріс алуға мүмкіндік 

беретін (кейбір жағдайда ішінара мемлекеттік бюджеттің субсидиясының 

есебінен)  институционалдық  бірліктер.  Қаржылық  емес  корпорацияларға 

жеке  меншік  жəне  мемлекеттік  кəсіпорындар,  серіктестіктер,  өндірістік 

коопера тивтер,  бірлескен  жəне  еншілес  кəсіпорындар,  қонақүйлер,  кафе, 

кинотеатрлар, казино жəне т.б. жатады. 

Екінші  сектор– «Қаржылық  корпорациялар»  –  делдалдық  (мысалы, 

өз  атынан  кредит  беру)  жəне  қосалқы  кредит  бермей  ақшалай  қаражатты 

жұмылдыру)  қаржы  қызметтерін  көрсететін  институционалдық  бірліктер. 

Қаржылық корпорацияға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екін-

ші  деңгей дегі  банктер,  сақтандыру  компаниялары,  зейнетақы  қорлары, 

биржалар, бағалы қағаз нарығы, брокерлік компаниялар, ломбардтар, траст 

компаниялары жатады. 

Үшінші  сектор – «Мемлекеттік  басқару  органдары»  –  мемлекеттің 

бақылауындағы,  мемлекеттік  бюджеттің  есебінен  ұсталатын,  негізі-

нен  халыққа  жеке  жəне  ұжымдық  сипаттағы  нарықтық  емес  қызметтер 

көрсететін институционалдық бірліктер. Осы секторға өндіріске қатысатын, 

өзінің жұмыс күшін ұсынатын жəне нарықта тауар мен қызмет сатып ала-

тын  жеке  тұлғалар,  сондай-ақ  ұсақ  корпоративтік  емес  кəсіпорындардың 

меншік иелері (негізінен отбасылық) жеке тұлғалар жатады. 

Төртінші  сектор – «Үй  шаруашылықтары»  –  заңды  тұлға  құрмаған 

жеке кəсіпкерлерді, сондай-ақ жеке еңбек қызметінің басқа да нысандарын 

біріктіреді.


14-тақырып. Əлеуметтік-экономикалық статистиканың...        265

Бесінші  сектор – «Үй  шаруашылықтарына  қызмет  көрсететін 

коммерциялық  ұйымдар»  –  тауарлар  мен  қызметтерді  үй  шаруашылықта-

рына  тегін  немесе  жарналардың,  қайырымдылық  жəрдемнің,  құрылтай-

шы  кəсіпорын  трансфертінің  есебінен  төмен  баға  бойынша  береді. 

Коммерциялық емес ұйымдардың əр алуан түріне кəсіподақтар, саяси пар-

тиялар, діни қоғамдар, ерікті спорт қоғамдары, қайырымдылық қоғамдары 

мен қорлары, ведомстволық тұрғын үйлер, ауруханалар, емханалар, клуб-

тар, стадиондар жəне т.б. жатады. 

Алтыншы сектор – «Қалған əлем» – осы елге қатысты барлық шет ел-

дерді біріктіреді. 



15.  Экономикалық  функциялар – негізгі  өндірістік  процестер:  өн-

діріс, тұтыну, жинақтау, табысты қайта бөлудегі делдалдық жəне т.б. 



16.  Қазақстан  Республикасының  экономика  салаларының  жік-

телімі – Еуропалық экономикалық қауымдастықта (NACE) Экономикалық 

қызметтің  статистикалық  жіктелімінің  құрылымында  ешқандай  өзгеріссіз 

түпнұсқалық мəтіні (4-қосымшада келтірілген). 

17. Экономикалық операция – екі институционалдық бірліктің өзара 

келісім бойынша өзара ықпалдасуының экономикалық ағыны. Барлық сек-

торлар  экономикалық  операциялармен  өзара  байланысты.  Экономикалық 

операциялар мынадай үш түрге бөлінеді:



–  тауарлармен  жəне  қызметтермен  жасалатын  операциялар  сек-

торлардың өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт пен импорт про-

цестеріндегі қозғалысын тіркейді; 

–  бөлу  операциялары  табыспен  жасалатын  операциялар,  яғни  еңбек-

ақы,  пайда,  пайыз,  барлық  трансферттер  (салықтар,  əлеуметтік 

төлемдер);

–  қаржы операциялары: кредит алу, оларды өтеу, бағалы қағаз сатып 

алу мен сату, сондай-ақ басқа қаржы құралдарымен жасалатын опе-

рациялар. 

Көптеген операцияларда бір тарап екінші тарапқа тауар, қызмет, ақша 

береді,  ал  орнына  өтемақы  алады.  Өтемақысы  бар  осындай  операциялар 

тауар айналымын құрайды. 

18. Трансферт – бір институционалдық бірлік екінші институционалдық 

бірлікке тауарды, қызметті, ақшаны орнына ешқандай балама, яғни өтемақы 

алмай, тегін беретін экономикалық операция. Трансферт табиғи жəне ақша-

лай нысанда беріледі. Мысалы, фирма өз өнімінің бөлігін қайырымдылық 

көмек ретінде береді немесе асыраушысынан айырылғандарды əлеуметтік 

жағынан  қамтамасыз  етеді.  Трансферттер  ағымдағы,  əлеуметтік  жəне 

күрделі деп аталатын үш топқа бөлінеді. 

Ағымдағы трансферттерге:

–  табысқа, байлыққа салынатын ағымдағы салық (үй шаруашылық-

тары мен кəсіпорындар ұдайы төлейтін); 

–  сақтандыру төлемдері мен сақтандыру өтемдері;



266       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

–  ағымдағы  халықаралық  ынтымақтастық,  табиғи  зілзалалардан  кей ін 

көрсетілетін жедел жəрдем; 

–  өсім, айыппұл;

–  сот шығынын төлеу; 

–  лотерея мен құмар ойын ойнағанда төленетін ұтыстар. 



Əлеуметтік  трансфертті  мемлекеттік  бірліктер  үй  шаруашылық-

тары  мен  коммерциялық  емес  ұйымдарға  əлеуметтік  жəрдемақы  жəне 

жекеле ген нарықтық емес тауарлар мен қызметтер түрінде береді. 

Күрделі трансферттердің мынадай түрлері болады:

–  мұрагерлікпен алу, сыйға тарту, меншік құқығын беру нəтижесінде 

негізгі капиталға салынатын салық;

–  инвестициялық субсидия: негізгі капитал сатып алуға жұмсалатын 

бүкіл шығынды немесе оның бөлігін қаржыландыру;

–  едəуір шығынды өтеу үшін; 2 жəне одан астам жыл бойы жинақталған 

көп шығынды өтеу үшін төленетін ірі ақшалай төлем; 

–  үй шаруашылықтарының, кəсіпорындардың мектеп, кітапхана, зерт-

хана  салуға  жұмсалатын  шығынды  өтеу  үшін  көрсететін  қомақты 

көмектері. 



19. Таза  салықтар.  ҰШЖ-де  таза  салықтардың  есебі  салықтар  мен 

субсидияның арасындағы айырма ретінде жүргізіледі.



20. Салықтар – институционалдық бірліктер мемлекетке ақшалай не-

месе таби ғи нысанда төлейтін міндетті өтелмейтін төлемдер. 

Салықтарды  типтері  мен  құрамы  бойынша  жіктелуін  қарастырайық 

(14.1-сурет). 



Салықтар

Ағымдағы салықтар

(ұдайы төленетін) 

Мұрагерлікпен алуға,  меншік-

ті сыйға  тартуға, капиталмен 

жасалатын операцияларға  

салынатын  күрделі салықтар 

(біржолғы)

Өндіріс пен импортқа 

салынатын салық

Өнімге жəне 

импортқа салы-

натын салық:  

ҚҚС, акциздер, 

отынға  салынатын 

салық, импорттық 

(экспорттық) баж-

дар


Өндіріс пен импортқа  

салынатын басқа 

салықтар: жер салығы,  

жұмыс күші салығы,  

кəсіпорынның мүлкіне 

салынатын  салық, 

елтаңба жиыны,  

лицензиялық төлемдер 

жəне т.б.

Табыс пен байлыққа салы-

натын ағымдағы  салықтар;  

пайда салығы,  жер салығы;  

жеке  тұлға салығы, жеке 

тұлғаның мүлкіне салынатын 

салық,  көлік құралының иесі-

не салынатын салық

14.1-сурет. ҰШЖ-де салықтар жіктелімі


14-тақырып. Əлеуметтік-экономикалық статистиканың...        267

Салықтар ағымдағы жəне күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Салықтардың бірінші түрі – ағымдағы немесе ұдайы төленетін салық-

тар  өндіріс  пен  импортқа  салынатын  салықтан  жəне  табыс  пен  байлыққа 

салынатын ағымдағы салықтардан қалыптасады. Ал өндіріс пен импортқа 

салынатын салыққа мына салықтар кіреді: 



–  өнімге салынатын салық – мемлекет əдетте резиденттер өндіретін, 

пайдаланатын, сататын немесе импорттайтын (экспорттайтын) тау-

ардың немесе қызметтің бірлігі үшін салатын салық (қосылған құн 

салығы, акциздер, импорттық кеден баждары – импорт салығының 

ставкасын  елдің  тиісті  заң  шығаратын  органы  тауардың  кедендік 

мағлұмдамасында белгіленген келісімшарттық құнының пайызында 

бекітеді);

–  өндіріс  пен  импортқа  (экспортқа)  салынатын  басқа  салықтар 

тауарлардың,  қызметтердің  санымен  немесе  құнымен  байланыс-

ты  емес.  Бұл  өндіріс  факторларына,  яғни  жұмыс  күшіне,  табиғи 

ресурстарға,  көлік  құралдарына,  меншікке  салынатын  салықтар. 

Импортқа салынатын салық – өнімге салынатын салық, бұған тау-

ар нақты жəне кеден шекарасын кесіп экономикалық аумаққа келіп 

түскенде немесе резидент бірлікке қызметтерді бейрезидент бірлік 

көрсеткенде төленуі тиіс қосылған құнға салынатын салық кірмей-

ді.  Импортқа  салынатын  салыққа  импорт  (кеден)  баждары,  акциз-

дер,  импорттық  жəне  қазынашылық  монополиялардың  пайдасы, 

айрықша қызметке салынатын салықтар, сыртқы операцияларға са-

лынатын салықтар жатады. Импорттық монополиялардың пайдасы 

– кейбір тауарлар мен қызметтердің импортына монополияны жүзе-

ге асыратын импорттық маркетингтік басқармалар мемлекеттік ме-

кемелерге беретін пайда (бүркемелі салық ретінде қарастырылады). 

Қазынашылық монополиялардың пайдасы – мемлекеттік экономика 

мен əлеуметтік саясаттың мүддесінде емес мемлекеттің кірісін арт-

тыру мақсатында басқа елдерде салық көп салынатын тауардың не-

месе қызметтің (темекі, мұнай өнімдері, тұз, карта ойнау – бүркемелі 

салық) белгіленген түрін өндіруге немесе сатуға жария монополия 

берілген  мемлекеттік  корпорациялардың,  квазикорпорациялардың 

пайдасы.  Айрықша  қызметтерге  салынатын  салық – көлікке, 

байланысқа, сақтандыруға, жарнамаға, ойын-сауыққа, спорт шара-

ларына салынатын салық. Сыртқы операцияларға салынатын салық 

–  бұл  шетел  валютасын  сатуға  жəне  сатып  алуға,  шетелге  баруға, 

шетел инвестицияларына, ақша аударуға салынатын салық. 

Экспортқа  салынатын  салық  –  тауарлар  мен  қызметтерге  салына-

тын  салық  отандық  тауарлар  экономикалық  аумақтан  кеткенде  немесе 

қызметтер  бейрезиденттерге  көрсетілгенде  төленуі  тиіс.  Экспортқа  салы-


268       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

натын салыққа экспорттық кеден баждары, экспорттық жəне қазынашылық 

монополиялардың пайдасы, көп валюта бағамдарының нəтижесі болып та-

былатын салықтар жатады. Экспортқа салынатын салықтар құрамы бойын-

ша импортқа салынатын салықпен үйлеседі. 

Табыс  пен  байлыққа  салынатын  салық – үй  шаруашылықтары  жəне 

корпорациялардың  табысы  мен  байлығына,  атап  айтқанда: жеке  табысқа; 

корпорациялардың  табысына;  лотерея  мен  кұмар  ойындағы  ұтысқа;  жер-

ге; ғимараттарға, құрылыстарға, бағалы заттарға; ересек адамға немесе үй 

шаруашылығына салынатын жан басылық салық; аң аулау лицензиясына, 

балық  аулауға,  автокөлікті,  кемені,  ұшақты  иеленуге  немесе  пайдалануға 

салынатын салық; елтаңба жиыны; үй шаруашылықтарымен жəне корпора-

циялармен халықаралық операциялар жасауға салынатын салық. 



Салықтың екінші типі – күрделі салықтар – меншікті мұра герлікпен 

алумен, негізгі капиталды сатып алумен жəне сатумен байланысты біржолғы 

салық. 

Табыс  пен  байлыққа  салынатын  ағымдағы  салық,  күрделі  салық 



қайта бөлінетін төлем болып табылады жəне ҰШЖ-де трансферт ретінде 

қарастырылады. 



21. Субсидия  –  мемлекеттік  бірліктер  кəсіпорындарға  беретін  ағым-

дағы  өтелмейтін  төлемдер.  Субсидияны  резидент  өндірушілер  алады,  ол 

салықтың қарама-қарсы түріне жатады. Субсидияға:

–  резиденттер  экономикалық  аумақтың  ішінде  тауардың  немесе 

қызметтің бірлігі үшін төлейтін өнім субсидиясы немесе тауардың, 

қызметтің бірлігінің бағасының белгіленген пайызы;

–  өндіріске,  еңбекақы  мен  жұмыс  күшіне,  өндіріс  факторларын 

пайдалануға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға берілетін басқа 

субсидия; 

–  өндіретін өнімнің сату бағасы өндірістің орташа шығынынан төмен 

белгілеу нəтижесінде төлем төлеп тұрақты шығынды өтейтін мемле-

кеттік сауда ұйымдарына берілетін субсидия;

–  экспортқа берілетін субсидия – экспортталатын тауар экономикалық 

аумақтың шекарасын кесіп өткенде немесе бейрезиденттерге қыз мет 

көрсетілгенде  өндіруші-резиденттерге  төленетін  төлем,  сондай-ақ 

резиденттердің  өнімін  сатып  алатын  жəне  бейрезиденттерге  төмен 

бағаға сататын залалды мемлекеттік ұйымдарға төленетін төлем, көп 

валюталық бағамдарды қолдану нəтижесінде берілетін субсидия; 

–  импортқа берілетін субсидия – импортталатын тауар экономикалық 

аумақтың  шекарасын  кесіп  өткенде  немесе  бейрезиденттер  рези-

денттерге қызмет көрсеткенде төленетін төлем; бейрезиденттердің 

өнімін сатып алып, резиденттерге оны төмен бағаға сатып залал ше-

гетін мемлекеттік кəсіпорындарға төленетін төлем; көп валюталық 

бағамды қолдану нəтижесінде төленетін субсидия жатады.



14-тақырып. Əлеуметтік-экономикалық статистиканың...        269

14.3.

Ұлттық шоттар құрудың 

негізгі қағидалары

ҰШЖ – макроэкономиканың  толық  статистикалық  үлгісі;  эконо-

микалық  циклдің  сандық  сипаттамасы.  Экономикалық  операциялық 

ұлттық  деңгейде  келесі  секторларға  бөлінеді:  қаржы  емес  корпора-

циялар;  қаржы  корпорациялары;  мемлекеттік  басқару  органдары;  үй 

шаруашылықтары; коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылықтарына 

қызмет  көрсетушілер;  қалған  əлем.  Алты  сектордың  алғашқы  бесеуі 

Қазақстан  Республикасының  резиденті  болып  табылатын  ішкі  отандық 

экономикаға жатады. Соңғы «қалған əлем» деп аталатын алтыншы сектор 

сыртқы болып табылады жəне ол осы ел мен бейрезиденттердің арасында 

жасалатын операцияларды көрсетеді. ҰШЖ мақсаты – елдің жалпы ішкі 

өнімінің, жалпы ұлттық табысының көлемін жəне олардың құрамдастарын 

санмен көрсету. 

ҰШЖ құрудың негізгі қағидалары: 

1.  Ұлттық шот бухгалтерлік есеп қағидасы бойынша құрылады. Əрбір 

шот экономикалық циклдің белгіленген сатысын білдіреді, баланспен – екі 

жақты  кестемен  көрсетіледі.  Осы  кестеде  операция  екі  рет,  яғни  бір  рет 

өткен шотты «пайдалану» тарауында, екінші рет – келесі шоттың «ресурс-

тар» тарауында тіркеледі, бұл операцияны бір шоттың дебетінде жəне басқа 

корреспондент-шотының  кредитінде  жазудың  бухгалтерлік  қағидасына 

сəйкес келеді. 

Сол немесе басқа шоттың əрбір бабының басқа шотта корреспондент-

тік  бабы  болады,  осының  арқасында  шоттарда  көрсетілетін  ақпараттың 

дұрыстығын қосымша бақылауды қамтамасыз етеді жəне шоттарды байла-

ныстырады. 

2.  Шоттар Т тəріздес болады, екі бөліктен, яғни оң жақта «Ресурстар», 

сол жақта – «Пайдалану» деп аталатын тараулар орналасады. 

3.  Ұлттық шот ұдайы өндірістік циклдің ретімен үйлесетін белгілі бір 

тəртіппен құрылады. 

4.  Шоттарда  барлық  экономикалық  ағындар  институционалдық 

бірліктердің қызметі сипатталатын баланс түрінде тіркеледі (көрсетіледі). 

5.  Қосарлы жазба қағидасына сəйкес операциялардың қорытындылары 

кесте-шоттың екі бөлігі, тараулары анықтама бойынша немесе теңгерілетін 

баптың  көмегімен  теңгеріледі.  Зерттелетін  процестердің  нəтижелерінің 

сипаттамаларында  əрбір  шоттың  теңгерілетін  бабының  дербес  маңызы 

болады.  Теңгерілетін  бап  шот  ресурсы  мен  оны  пайдалану  көрсеткіштер 

сомаларының айырмасы ретінде есептеу арқылы анықталады. Теңгерілетін 

баптың  алынған  мөлшері  келесі  шоттың  ресурстық  бөлігіне  ауыстыры-

лады.  Осының  арқасында  шоттар  мен  Ұлттық  шот  жүйесін  құрудың  ара-


270       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

сында  өзара  байланыстың  болуы  қамтамасыз  етіледі.  ҰШЖ  теңгерілетін 

баптарының тізбесі төменде келтірілген: 

Шоттың атауы

Шоттың теңгерілетін бабы 

1. Өндіріс шоты

2. Табыс пайда болатын шот 

3. Бастапқы табыс бөлінетін шот 

4. Табыс екінші рет бөлінетін шот 

5. Қолда бар табысты пайдалану шоты 

6. Капиталмен жасалатын операциялар 

шоты


Жалпы ішкі өнім 

Жалпы пайда (жалпы аралас табыстар)

Бастапқы  табыстың  сальдосы  (жалпы  ұлттық 

табыс)


Жалпы қолда бар табыс 

Жалпы жинақ ақша 

Таза кредиттеу (таза қарыз алу)

ҰШЖ-де шоттар келесі топтарға бөлінеді:

–  экономика секторларының;

–  экономика салаларының;

–  жекелеген экономикалық операциялардың;

–  жалпы экономиканың – біріктірілген шоттар.



Экономика секторларының шоттары, ағымдағы нарықтық бағаларда 

əзірленеді жəне мынадай шоттарға бөлінеді: 

1.  Ағымдағы  шоттар: «өндіріс  шоты», «табыс  пайда  болатын  шот», 

«бастапқы табыс бөлінетін шот», «табыс қайталама бөлінетін шот», «табиғи 

нысандағы  табыс  қайта  бөлінетін  шот», «табысты  пайдалану  шоты», 

«нақтыланған қолда бар табысты пайдалану шоты».

2.  Қорлану шоты: «капиталмен жасалатын операциялар шоты», «қар жы 

шоты», «актив пен пассивтегі өзге өзгерістер шоты», «қайта бағалау шоты».

3.  Активтер мен пассивтердің кезеңнің басы мен соңындағы баланста-

ры («Ұлттық байлық статистикасы» тарауында қарастырылады).



Экономика салалары үшін «өндіріс шоты», «табыс пайда болатын шот» 

деп аталатын екі шот қана құрылады. 



Жекелеген  экономикалық  операциялар  шоты – бұл  «тауарлар  мен 

қызметтер шоты», «қалған əлем шоты». 



Жалпы  экономикаға  арналған  Ұлттық  Шот  Жүйесіне  (біріктірілген 

шоттар) келесі шоттар кіреді

1.  Ішкі экономика шоттары: 

1.1. Ағымдағы шоттар.

1.2. Қорлану шоттары.

II.  Сыртқы экономикалық операциялар шоттары («қалған əлем» шот-

тары).


Барлық шоттар жүйені құрайды, өйткені олар, біріншіден, олар бір-бірі-

мен өзара байланысты, екіншіден, бір мақсатқа бағдарланған, үшіншіден, 

бірыңғай  əдістемелік  қағидаға  негізделген,  төртіншіден,  онда  бірыңғай 


14-тақырып. Əлеуметтік-экономикалық статистиканың...        271

əдістемелік  негіз  бойынша  есептелген  өзара  байланысты  көрсеткіштер 

жүйесі жасалған. 

Шоттардың  қысқаша  сипаттамасы.  ҰШЖ  тауарлардың,  қызмет-

тердің құнының ұдайы өндіріс циклінің барлық сатылары арқылы жап пай 

қозғалысын көрсетеді. 

1.  Ағымдағы  шоттар.  Өндіріс  шотында  кəсіпорындардың  өндіріс, 

яғни бүкіл тауарды, қызметтерді шығару жəне оларды өндіруге жұмсалған 

шығын – аралық тұтыну нəтижелері жөніндегі операциялары көрсетіледі. 

2.  Табыс  пайда  болатын  шотта  жалпы  қосылған  құнның  табысты 

бастапқы  бөлу  сатысында  қозғалысын,  оның  жалдамалы  қызметкерлерге 

еңбекақы  төлеуге  бөлуді,  мемлекеттің  табысының – салықтарға,  кəсіп-

керлердің табысының пайдаға бөлінуін көрсетеді. 



3.  Бастапқы табыс бөлінетін шотта қосылған құнның бір өндіруші-

секторында  құрылған  факторлық  табыс  (еңбекақы,  пайда,  аралас  та-

быс,  пайыздар,  дивидендтер,  рента,  инвестициялық  табыс)  басқа  алушы-

факторларға  қалай  түсетіні  тіркеледі.  Осы  шоттың  ерекшелігі:  табыс  пен 

меншікке  салынатын  салық  бастапқы  табыс  емес  қайта  бөлінетін  төлем 

ре тінде  қарастырылады;  еңбектің  төлемі  қазақстандық  азаматтардың  ше-

телдегі қызметінің еңбекақысынан шетелдік-бейрезидент азаматтарға беріл ген 

еңбекақы шегерілген түсімі көрсетіледі. Жəне, əрине, табыс пайда болатын 

шотта жəне табысты бастапқы бөлу шотында ескерілген еңбекақы ағындары 

сəйкес  келмеуі  мүмкін.  Нəтижесінде  жекелеген  секторлар  деңгейіндегі 

бастапқы табыстың жалпы шамасы «бастапқы табыс сальдосы», ал эконо-

мика деңгейінде – ұлттық табыс деп аталады. 



4.  Табыс  қайталама  бөлінетін  шотта  алынған  табыс  экономика 

секторларының арасында бөлінеді: үй шаруашылықтары табыс салығы мен 

əлеуметтік сақтандыруға аударым төлейді, коммерциялық емес ұйымдарға 

ерікті  жарна  енгізеді,  жəне  əлеуметтік  төлемдер,  əлеуметтік  сақтандыру 

жөніндегі жəрдемақы, зейнетақы жəне т.б. алады; қаржылық емес корпора-

циялар кіріс салығын төлейді жəне коммерциялық емес ұйымдарға жарна 

енгізеді. 

5.  Табиғи  нысандағы  табыс  қайта  бөлінетін  шотта  бастапқы 

табыстың  ағымдағы  трансферттер  сияқты  қайта  бөлінетін  төлемдердің 

көмегімен  қайта  бөлінуі  көрсетіледі.  Отандық  секторлар  шетелге  төлеген 

ағымдағы трансферттер шегерілген ішкі экономиканың секторлары шетел-

ден  алған  ағымдағы  трансферттердің  салдьдосы  жалпы  ұлттық  табыспен 

бірге жалпы ұлттық қолда бар табысты құрайды, оның көлемі осы шоттың 

теңгерілетін бабы болып табылады. 

6.  Табысты  пайдалану  шотында  жалпы  ұлттық  қолда  бар  табыс 

түпкілікті ұлттық тұтыну мен жалпы ұлттық жинақ ақшаға пайдаланылаты-

ны көрсетіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет