Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78


В. «Балық шаруашылығы» саласының шығарылымы



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63

В. «Балық шаруашылығы» саласының шығарылымы. 

Балық  шаруашылығы  саласына  балық  өсіру,  балық  аулау,  балық 

шаруашылығына  қызмет  көрсету,  су  жануарларын  аулау,  теңіз  мате-

риалдарын  (табиғи  інжу,  маржан,  балдыр)  жинау  саласы  кіреді.  Балық 

шаруашылығының  шығарылымы  орман  шаруашылығындағыдай,  яғни 

нарықтық шығарылым + нарықтық емес шығарылымнан құралады. 



Т. «Өнеркəсіп» саласының шығарылымы.

Өнеркəсіп  өнімі  –  бұл  кəсіпорынның,  үй  шаруашылығының  өн ер-

кəсіптік-өндірістік  қызметінің  тауар  нысанындағы  немесе  тауарлардың 

ішінара  жоғалтылған  тұтынушылық  құнын  қалпына  келтіретін  өнеркəсіп 

сипатындағы  жұмыстар  мен  қызметтер  нысанындағы  тікелей  пайдалы 

нəтижесі. 

Біріншіден,  өнеркəсіптік  өнім  деп  кəсіпорын  қызметінің  нəтижесі, 

басқаша  айтқанда  еңбек  жұмсалған  нəрсе  аталады.  Сондықтан  егер 

кəсіпорынға келіп түскен шикізаттың бөлігі өңделмей бөгде тарапқа сатыл-

са, онда ол осы кəсіпорын өнімінің көлеміне кірмейді. 

Екіншіден, кəсіпорын қызметінің нəтижесі емес өнеркəсіптік-өндіріс тік 

қызметінің нəтижесі ескеріледі. Осыған орай өнеркəсіптік емес өнім, мысалы, 


18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        379

қосалқы  ауыл  шаруашылығы,  асхана  өнімі,  ғимараттар  мен  құры лыстарды 

күрделі жөндеу жұмыстары, емхана қызметтері өнеркəсіп өніміне кірмейді, 

тек экономиканың басқа салаларының өнімінің құрамында саналады. 

Үшіншіден,  өнеркəсіптік-өндірістік  қызметтің  тікелей  нəтижесі  оның 

тікелей  мақсатына  сəйкес  анықталады.  Осыған  байланысты  өнеркəсіптік 

өнімге  бастапқы  шикізатты,  материалды  толықтай  пайдаланбауға  байла-

нысты алынатын технологиялық қалдық (машина жасау кəсіпорындарын-

дағы металл жоңқасы, тері-аяқ киім комбинаттарындағы тері қиындылары) 

өнеркəсіптік өнімге жатпайды. 

Алайда егер қалдық басқа тауар, мысалы, ағаш талшықты тақта, қолғап, 

мата  шығару  үшін  пайдаланылса,  онда  олар  осы  тауарлардың  құнында 

есептеледі.  Негізгі  өнім  шығару  процесінде  алынатын  қатар  өндірілетін 

өнімдерді айыра білген жөн. Қатар өндірілетін өнімдер өз бетінше маңызды 

жəне олардың шығарылымы кəсіпорын өнімінің көлеміне кіреді. 

Төртіншіден, өнеркəсіптік-өндірістік қызметтің белгіленген талаптар-

ды  қанағаттандыратын  жəне  тікелей  тағайындалуы  бойынша  пайдалануы 

мүмкін пайдалы нəтижесі ескеріледі. Барлық түрдегі өндірістік, оның ішінде 

уақытында қайта жасалып, бөгде тарапқа сатылған ақау өнеркəсіптік өнім 

болып  саналмайды.  Өнеркəсіптік  кəсіпорынның  өнім  жөніндегі  ақпарат 

статистикалық  есептерден,  үй  шаруашылықтарын  бюджеттік  тексерістер дің 

азық-түлік емес тауарлар өндіру жөніндегі жеке еңбек қызметінен алынған 

табыс, сондай-ақ жеке азаматтар көрсететін киім, аяқ киім тігу мен жөндеуге 

жəне басқа қызметтерге жұмсалған шығыс туралы деректерден алынады. 



Өнеркəсіп шығарылымы мына негізгі құрамдас бөліктерден құралады: 

салалар жіктеуішінде «өнеркəсіпке» жатқызылған даяр бұйымдар; 

өңделме шикізаттан жасалған өнім; 

жартылай фабрикаттар; 

аяқталмаған құрылыс; 

бөгде  тараптың  тапсырысы  бойынша  орындалған  өнеркəсіптік 

сипаттағы,  өз  ғимараттары  мен  құрылыстарын,  өзінің  күрделі 

құрылысының  қосалқы  кəсіпорындарын  күрделі  жөндеу,  меншікті 

жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеу жұмыстары; 

қосалқы өндірістің өнімі (электр энергиясы, бу, су);

өндіріс жəне қайта өңдеу. 

F. «Құрылыс» саласының шығарылымы. 

Құрылыс  өнімі  –  құрылыс,  монтаж,  жобалау-іздестіру  ұйымдарының 

тікелей пайдалы, тек негізгі өндірістік қызметінің нəтижесі. 

Құрылыс өніміне мыналар жатпайды: 

ұйым сатып алған, алайда оны өндірісте пайдаланбаған немесе бөг-

де тарапқа сатқан материалдар; 

өндірістік емес бөлімшелердің қызметінің нəтижесі;









380       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

қосалқы  шаруашылықтарда  (көлік,  қосалқы  ауыл  шаруашылығы) 

тас, топырақ өндіру, құрылыс конструкцияларын жасау; 

орнатылған жабдықтардың құны; 

көп  жылдық  өсімдіктерді  егуге  жəне  терең  барлап  бұрғылауға 

жұмсалған шығын. 



Құрылыс  өнімінің  шығарылымына  мердігерлік  жəне  шаруашылық 

тəсілдермен  орындалған  ғимараттар  жəне  құрылыстарды  салу  мен  қайта 

жаңарту  жөніндегі  жұмыстардың  құны,  сондай-ақ  тұрғын  үйлер  мен  сая-

жайлар құрылысының құны кіреді. Құрылыс шығарылымы мына құрамдас 

бөліктердің сомасы ретінде анықталады: 

1)  құрылыс-монтаж жұмыстарының құны; 

2)  ресми емес экономиканы, жасырын өндірісті толықтай есептеу; 

3)  құрылыс  объектілерімен  байланысты  геологиялық  барлау  жəне 

бұрғылау жұмыстарының құны; 

4)  құрылыспен байланысты жобалау-іздестіру жұмыстарының құны; 

5)  құрылыстың негізгі капиталын таратудан шегілген залал; 

6)  жерлерді жақсарту жөніндегі жұмыстардың құны; 

7)  объектілерді  жəне  уақытша  тоқтатылған  құрылыстарды  кон сер-

вациялауға жұмсалатын шығын; 

8)  ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу; 

9)  ғимараттар  мен  құрылыстарды  мердігерлік  тəсілмен  орындалған 

ағымдағы жөндеу; 

10) жол салу жəне оны күрделі жөндеу; 

11) мемлекеттік бюджеттен емес өзге де күрделі шығын; 

12) мердігерлік жəне шаруашылық тəсілдермен салынған жекетұрғын 

үйлер мен саяжайлардың құны. 

I. «Көлік жəне байланыс» салалары өнімінің шығарылымы. 

Көлік теміржол, тас жол, труба құбыры, су, авиация мен көліктің өзге 

де түрлерін (қосалқы жəне делдалдық қызмет) қамтиды. 

Көліктің  шығарылымы  (тас  жол  шаруашылығын  қоспағанда)  жүк 

жəне  жолаушылар  тасымалынан,  пошта  тасымалдаудан,  тиеу-түсіру 

жұмыстарынан,  қойма  үй-жайларын  пайдаланудан  іс  жүзінде  алынған 

табыстың сомасы ретінде есептеледі. 



Тас  жол  шаруашылығы  өнімінің  шығарылымы  автокөлік  жолда-

рын  ағымдағы  жөндеу  мен  ұстауға  (тазарту,  белгі  орнату,  көгалдандыру) 

жұмсалатын шығынның көлемімен анықталады. Осы жұмыстарды мемле-

кеттік органдар орындайды жəне олар нарықтық емес өнім шығарылымы 

ретінде қарастырылады. 

Байланысқа пошта, курьерлік, элеткрондық, радио байланыс салалары 

кіреді. 




18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        381

Байланыстың  шығарылымы  мына  қызмет  түрлерінің  сомасымен 

анықталады: 

байланыс  кəсіпорындарының  пошта,  кезеңді  баспасөз,  сəлемдеме 

жеткізуден, пошта маркілерін, ашық хат жəне т.б. сатудан алынған 

табыстың; 

телефон  жəне  телеграф  арналарын  пайдалану,  телефон  орнату 

төлемінің; 

радио мен теледидардан түсетін ақша түсімінің; 

жеке тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуден алынған табыстың. 



G. «Сауда» саласының шығарылымы. 

Сауда  ішкі  сауда,  сыртқы  сауда,  кинофильмдерді  жалға  беру, 

автокөлікті, мотоциклдерді сату, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 

салаларын қамтиды. 

Сауда шығарылымын есептеу əдістері: 

1.  Сатылған сауда үстемесі қосылған құн салығы мен өнімге салына-

тын басқа да таза салық қосылмай сату жəне сатып алу бағасымен сатылған 

тауарлардың құнының айырмасын білдіреді. 

2.  Сауданың үстеме бағасы – бұл сауда жасайтын ұйымдардың тауар 

сатудан шегілетін шығынды өтеу жəне одан табыс алу үшін пайдаланатын 

жалпы табысы. Сауданың үстеме бағасының көлемі сауда кəсіпкерлерінің 

сатуға жұмсаған шығыны мен алған табысының сомасына тең болады. 

3.  Қоғамдық  тамақтандыру  өнімінің  шығарылымына  өнімнің  тауар 

айналымы кіреді. Тауар айналымы сатудың үстеме бағасына тамақ жасауға 

пайдаланылған жəне өңделмей сатылған өнімдердің құны қосылған сома-

дан қосылған құн салығы, өнімге салынатын басқа да таза салық шегеріліп 

анықталады. 

4.  Кино- жəне бейнефильдерді жалға алу өнімінің шығарылымы жалға 

беру төлемінің көлемінде есептеледі. 

5.  Сыртқы  сауда  биржалықты  қоса  алғанда,  экспорттық-импорттық 

операцияларды, сондай-ақ брокерлік жəне сыртқы сауда қызметі бойынша 

басқа да қызметтерді қамтиды. 



Табыс  кəсіпорындардың  (ұйымдардың)  экономикалық  қызметінің 

түп кілікті  қаржы  нəтижесін  көрсетеді.  Қазақстандық  есеп  практика сында 

табыстың келесі көрсеткіштері есептеледі: 

1.  Өнім (қызмет) сатудан алынатын табыс.

2.  Жалпы  табыс = өнім  (қызмет)  сатудан  алынатын  табыс  минус 

сатылған өнімнің (қызметтің) өзіндік құны. 

4.  Кəдімгі  қызметтен  салық  салынғанға  дейін  алынатын  табыс  (ше-

гілетін залал) = негізгі қызметтен түскен табыс (шегілген залал) минус не-

гізгі емес қызметтен түскен табыс (шегілген залал). 

5.  Кəдімгі  қызметтен  салық  салынғаннан  кейін  түскен  табыс  (ше-

гілетін  залал) = негізгі  қызметтен  түскен  табыс  (шегілген  залал)  минус 





382       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

салық салынғанға дейін түскен табыс (шегілген залал) минус табыс салығы 

бойынша жұмсалған шығыс. 

6.  Таза  табыс  (залал) = кəдімгі  қызметтен  салық  салық  салынғанға 

дейін түскен табыс минус төтенше жағдайдан шегілген залал. 

18.3.

Өндіріс нəтижелерінің 

макроэкономикалық 

көрсеткіштері

Қазақстан  экономикасының  белгіленген  уақыт  кезеңіндегі  жай-күйі 

ұлттық  шот  деп  аталатын  баланстық  кестелерде  санмен  көрсетіледі. 

Ұлттық шоттың схемасы мен мазмұны осы оқулықтың 14.3-тарауында кел-

тірілген. Макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу əдістемесін жақсы 

игеру үшін осы схемаларды пайдалану ұсынылады. Макроэкономикалық 

көрсеткіштер  жүйесі  нарықтық  экономиканы  тиімді  реттеу  үшін  қажет. 

Ұлттық  шоттарды  əзірлеу  үшін  ақпарат  ретінде  өндіріс,  бюджет, 

əлеуметтік  қамтамасыз  ету,  ішкі  жəне  сыртқы  сауда,  күрделі  құрылыс 

статистикасының,  сондай-ақ  салық  жəне  кеден  статистикасының  дерек-

тері пайдаланылады. 

Шығарылым  (Ш)  –  бұл  экономиканың  резидент-бірліктерінің  есепті 

кезең  ішіндегі  өндірістік  қызметінің  нəтижесінде  жасалған  тауарлар  мен 

қызметтердің жиынтық құны. Шығарылым өндіріс шотында жəне тауарлар 

мен қызметтер шотында жазылады. 



Экономиканың жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) шығарылым мен аралық 

тұтынудың  арасындағы  (өндіріс  шотында)  айырма  ретінде  анықталады. 

Шығарылым сияқты жалпы қосылған құн да негізгі бағаларда бағаланады 

(19-тақырып): 



ЖҚҚ негізгі бағаларда = В негізгі бағаларда – АТ – ҚДЖЕҚ,

мұнда: ҚДЖЕҚ – қаржы делдалдарының жанама есептелетін қызметтері; 

экономика салалары мен секторларында есептелген сол бір сомаларды екін-

ші қайтара есептеуге жол бермеу үшін олар шегеріледі. 

Алайда  қолданыстағы  əдістеме  бойынша  ҚДЖЕҚ  бөлінбейді  жəне 

тиісті бірліктердің аралық тұтынуында көрсетілмейді, олар шығарылымы 

нөлге тең экономиканың аралық тұтыну шығысына дереу жатқызылады. 

ЖҚҚ-ны тұтынушының нарықтық бағасында есептеу үшін өнімнің таза 

салығы мен импортты қосу қажет: 

ЖҚҚ  тұтынушының  нарықтық  бағасында = ЖҚҚ  негізгі  бағада + 

ТС өнім мен импортқа (ҚҚС қоспағанда), 

мұнда: ТС өнім мен импортқа (ҚҚС қоспағанда) = С өнім мен импортқа 

(ҚҚС қоспағанда) – Д өнімге (импортқа демеуқаржыны қоспағанда).


18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        383

Таза қосылған құн (ТҚҚ) жалпы қосылған құннан өндіріс шотында не-

гізгі капиталды тұтынуды (НКТ) шегеру, яғни ТҚҚ = ЖҚҚ – НКТ. 



Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) резидент-бірліктердің осы елдің экономикалық 

аумағындағы  есепті  кезеңдегі  қызметінің  нарықтық  бағадағы  түпкілікті 

нəтижесін  сипаттайды.  ЖІӨ  өзара  байланысты  экономикалық  цикл-

дерді, яғни тауарлар мен қызметтер өндірісінің, табысты бөлудің, оларды 

пайдаланудың санын сипаттайды. 

Экономикалық циклдер теориясына сəйкес ЖІӨ өндірістік, бөлу (табыс 

құру əдісі) жəне түпкілікті пайдалану деп аталатын үш əдіспен есептеледі. 

А.  Өндірістік  əдіс.  ЖІӨ  экономиканың  барлық  салалары  мен  сек-

торларының  нарықтық  бағадағы  ЖҚҚ  сомасы  ретінде  (өндіріс  шотында) 

есептеледі.  Бағалардың  сипаттамасы 19-тақырыпта  берілген.  Іс  жүзінде 

шығарылым мен жалпы қосылған құнның бағасына байланысты ЖҚҚ мен 

ЖІӨ арасында мынадай арақатынас қолданылады: 

а)  ЖІӨ нарықтық бағадағы = ЖҚҚ негізгі бағадағы + ТС өнімге (ҚҚС 

қоспағанда); 

ə)  ЖІӨ нарықтық бағадағы = ЖҚҚ өндірушінің бағасындағы + ҚҚС + 



ТС импортқа.

Өңірдің  (облыстың,  ауданның,  қаланың)  экономикалық  қызметін  си-

паттау үшін жалпы қосылған құнның ҚР өңірлерінің негізгі бағаларындағы 

сомасы ретінде жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) анықталады. 



В.  Бөлу əдісі (табыс құру əдісі) өндіруші-резиденттердің бастапқы та-

быс көздерінде ЖІӨ қалыптасуын сипаттайды. 



ЖІӨ = БТ өндірушілердің  ішкі экономика секторларының 

резиденттерінің = ЕТ + ТС өнімге + ТС импортқа + ТБС

өндіріске + ЖП + ЖАТ (табыс құрылатын шотта),

мұнда: БТ – өндіруші-резиденттердің бастапқы табысының сомасы. 



ЕТ – ішкі  экономика  секторлары  мен  қалған  əлемнің  жалдамалы 

қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу,  яғни  ол  ЖҚҚ  жасауға  қатысатын  рези-

денттерге де, сондай-ақ бейрезиденттерге де төленетін барлық төлемдерді 

қамтиды (15.2-тақырып); 

ТБС  өндіріс – өндіріске  салынатын  таза  басқа  салықтар (14.2-

тақырып); 



ЖП – экономиканың жалпы пайдасы; 

ЖАТ – жалпы аралас табыс.

Бастапқы  табысқа  еңбекақы  төлеу,  пайда,  аралас  табыс,  өндіріс  пен 

импортқа салынатын салық жатады. 

Экономиканың  жалпы  пайдасы  (ЖП)  немесе  жалпы  аралас  табысы 

(ЖАТ) – сальдо арқылы айырма ретінде (табыс құрылатын шотта) былайша 

есептеледі: 



384       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Экономиканың  ЖП  (ЖАТ)  =  ЖІӨ – ішкі  экономика  секторлары 

қызметкерлерінің ЕТ – ТБС өндіріс. 

Экономиканың  жалпы  пайдасы  немесе  жалпы  аралас  табысы  табыс 

құрылатын шоттың сол бір балансталатын бабының екі балама көрсеткіші 

болып табылады. Пайда мен оған теңестірілген табыстың (аралас табыстың) 

айырмашылығы мынада. Пайда кəсіпорынның қосылған құнынан еңбекақы 

алатын  жалдамалы  қызметкерлері  бар  кəсіпорындарда  есептеледі.  Ара-

лас  табыс  «үй  шаруашылықтары»  секторының  корпоративтік  емес 

кəсіпорындары  үшін  қолданылады.  Іс  жүзінде  осындай  кəсіпорындарда 

табысты  еңбекақы  немесе  пайда  ретінде  сипаттау  қиын,  сондай-ақ  кор-

поративтік  емес  кəсіпорындардың  табыс  пен  шығысын  олардың  меншік 

иелерінің табысы мен шығысынан ажырату күрделі. 

Корпоративтік  емес  кəсіпорындардың,  үй  шаруашылықтарының  же-

ке  немесе  басқалармен  бірігіп  жұмыс  істейтін  қызметкерлері  еңбекақы 

неме се  лауазымдық  жалақы  нысанында  сыйақы  алмайды.  Үйде  жұмыс 

істейтіндердің  көпшілігі  өндірістік  шығынды  (ғимаратты  жалға  алу,  жы-

лыту,  жарықтандыру,  сақтау,  көлік)  өздері  төлейді.  Сонымен  бірге  үй 

шаруашылықтарында  жұмыс  істеген  сағат  саны  жөнінде  ақпарат  бол-

майды.  Осындай  кəсіпорындарда  өндірістік  үй-жайлар,  көлік  құралдары 

өндірістік  те,  сондай-ақ  жеке  мақсаттарда  да  пайдаланылады.  Сондықтан 

үй  шаруашылықтарының  иелері  немесе  мүшелері  жұмыс  істегені  үшін 

еңбекақы емес аралас табыс алады. 

Пайда қаржы жəне қаржы емес корпорациялар секторларының қаржы-

экономикалық қызметінің нəтижесін көрсетеді, яғни 

ЖП экономика секторының = ЖҚҚ – ЕТ – ТБС өндіріс,

мұнда: ЖП – жалпы пайда.



Экономиканың таза пайдасы (ТП) немесе таза аралас табысы (ТАТ) 

жалпы пайдадан немесе жалпы аралас табыстан негізгі капиталды тұтыну 

шегерілген (табыс құрылатын шотта) сомаға тең болады:

ТП (ТАТ) = ЖП (ТАТ) – НКТ.



С.  Түпкілікті  пайдалану  əдісі  түпкілікті  пайдалануға  ЖІӨ-нің 

шығынын,  капиталды  жалпы  жинақтауды  жəне  таза  экспортты  (табысты 

бастапқы бөлу шотында) былайша көрсетеді: 

ЖІӨ =ТТШ +КЖҚ +

Э +СА,


мұнда: ТТШ – тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынуға жұмсалатын 

шығынның сомасы; 



КЖҚ – капиталдың жалпы қорланымы;



Э – тауарлар  мен  қызметтердің  таза  экспорты, 



Э = Э – И  (экспорт 

– импорт);



18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        385

ЖІӨ-ді өндірістік əдіспен жəне түпкілікті пайдалану əдісімен есептеу 

арасындағы статистикалық алшақтықтың мөлшері. 



Шығыс – бұл сатып алушы сатушыға тауар мен қызметтің орнына 

төлейтін сома. 

Түпкілікті  тұтыну  шығысы  экономиканың  үш  секторының,  үй 

шаруашылықтары, мемлекеттік басқару органдары, үй шаруашылықтарына 

қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың тұтынушылық тауар-

лары мен қызметтеріне арналған шығыстан қалыптасады. 



«Үй  шаруашылықтары»  секторының  түпкілікті  тұтынуға  арналған 

шығыстарына  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  аумағында, 

сондай-ақ шетелде де орналасқан үй шаруашылықтарының шығыстары жа-

тады. Аталмыш шығысқа мына шығыстар кіреді:

саудадан, нарықтан, жеке тұлғалардан қысқа жəне ұзақ уақыт бойы 

пайдаланылатын жаңа тауарларды сатып алу; 

нарықтық  тұтынушылық  қызметтерді  сатып  алу:  пəтерақы, 

коммуналдық  төлемдер;  қонақүйлерде  тұру  төлемі;  тұрмыстық 

қызметтердің  төлемі:  моншалардың,  шаштараздардың,  жалға  беру 

пункттерінің,  медициналық  мекемелердің,  кино,  театрлардың, 

мұражайлардың, қаржы жəне заң мекемелерінің; тұрғын үйді, маши-

наларды, көлік құралдарын жалға беру жөніндегі қызметтерді төлеу; 

үйдегі жалдамалы қызметшілердің қызметінің құны; 

үй  шаруашылықтары  өздері  тұтыну  үшін  өндірген  тауарлардың 

құны; 


еңбек  төлемі  ретінде  табиғи  нысанда  түскен  тауарлар  мен 

қызметтердің құны; 

ведомстволық емханалардың, клубтардың, демалыс үйлерінің жəне 

т.б.  қызметкерлеріне  тегін  (немесе  төмен  бағамен)  көрсетілетін 

əлеуметтік-мəдени қызметтердің құны; 

мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдар табиғи нысан-

да беретін əлеуметтік жəрдемақылар; 

меншік  тұрғын  үйде  тұру  қызметінің  шартты  түрде  есептелген 

құны; 

үй шаруашылықтары шетелден алған сыйлықтар минус олар шетел-



ге жіберген сыйлықтар; 

үй  шаруашылықтарының  ұзақ  уақыт  пайдаланылатын  ұсталған 

тұтынушылық  тауарлардың  антикварлық  бұйымдарын  сатып  алу 

сальдосы. 

Үй шаруашылықтары түпкілікті тұтынатын құрамға мыналар кірмейді: 

құндылық,  үй,  пəтер  сатып  алу  (негізгі  капиталдың  жалпы 

қорланымын құрайды); 

тауарды  (құрылыс  материалдары,  тұқым,  жем-шөп,  құралдар,  сай-









25 – 3/10-09



386       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

мандар,  арнайы  киім-кешек – аралық  тұтынуға  жатады)  өндірістік 

мақсатта сатып алу; 

үйлер  мен  пəтерлердің  иелерінің  ағымдағы  жөндеуге  жұмсайтын 

шығысы; 

шаруашылық  үй-жайларды,  машиналарды,  жабдықтарды,  құрал-

дарды жалға алу төлемі; 

үй шаруашылықтары мүшелерінің тамақ жасау, тұрғын үйді жинау 

жөніндегі қызметтері. 

«Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтынуға 

арналған  шығыстары»  осы  мекемелер  денсаулық  сақтау,  білім  беру, 

əлеуметтік қамтамасыз ету, мəдениет саласы мен жалпы қоғамға – ғылым, 

жалпы басқару, қорғаныс жəне т.б. салаларда көрсететін тегін қызметтердің 

құнын қамтиды. Аталмыш шығысқа мыналар кіреді: 

тауарлар  мен  қызметтер  сатып  алуға  жұмсалатын  шығыс  (күрделі 

сипаттағы шығыстарды қоспағанда); 

қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығысы;

салық төлеу; 

негізгі капиталды тұтыну.

Осы сектордың түпкілікті тұтыну шығынына мыналар кірмейді: 

тауарлар  мен  қызметтерді  сату  (үй  шаруашылықтарының  аралық 

тұтынуына  немесе  түпкілікті  тұтынуына,  мысалы,  шаруашылық 

есептегі  ұйымдар  көрсететін  ақылы  қызметтердің  құны,  мемле-

кеттік  бюджеттік  ұйымдар  көрсететін  қызметтерді  ішінара  төлеу; 

мұражайлардың  кейбір  тауарларды,  яғни  ашықхат,  сурет,  сыйлық 

сатудан түскен түсімі) жатады; 

мемлекеттік  жəне  қоғамдық  ұйымдар  халыққа  өңдемей  тегін 

беру  үшін  сатып  алған  жəне  қызмет  көрсету  процесімен  техно-

логиялық  жағынан  байланысты  емес  өнімдердің  құны  (мысалы, 

əлеуметтік  қамтамасыз  ету  ұйымдарының  тамақ  өнімі  мен  киім-

кешек  беруі  табиғи  нысандағы  əлеуметтік  жəрдемақы  ретінде  үй 

шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуына жатады); 

кəсіпорындар  мен  ұйымдар  қызметкерлер  мен  олардың  отбасы-

на  көрсететін  əлеуметтік-мəдени  қызметтердің  құны  (үй  шаруа-

шылықтарының аралық тұтынуына жатады). 

«Мемлекеттік  басқару  органдары»  секторының  түпкілікті  тұтынуға 

жұмсайтын шығысының сомасына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 

ағымдағы шығындарынан, осы ұйымдардың негізгі капиталының тозуына, 

əскери техникаға, əскери қызметшілердің тамағы мен жабдығына жұмсалған 

шығыстан құралады. 



Үй  шаруашылықтарына  қызмет  көрсететін  «коммерциялық  емес 

ұйымдардың шығысына» мыналар кіреді: 










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет