Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,23 Mb.
#7727
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы
Деңгейлік курстар тренерін 
бағалау үлгісі
Екінші басылым

2
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015
Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 
құралдармен,  фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, 
авторлық  құқық  берушінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып 
шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

3

4
Тренерді бағалау
Мазмұны

Кіріспе 
5

Портфолионы бағалау 
6
 
2.1 Портфолионы бағалау қағидалары 
6
 
2.2 Портфолио мазмұны 
7
 
2.3 Портфолионы бағалау үдерісі 
8

Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға 
 
ұсынылған тренерлер тізімін ресми бекіту рәсімдері 
 13

Бағалау сапасын қамтамасыз ету рәсімдері 
14

Ресертификаттау 
14
 
5.1 Тренерлердің үздіксіз дамуының дәлелдемелері   
 
14
 
5.2 Ресертификаттау үшін тренерлер портфолиоларының мазмұны 
14
1-қосымша Тренерлер стандарттары 
16
2-қосымша Тренер портфолиосының мазмұны 
21
3-қосымша Тренердің дәлелдемелерінің портфолиосы 
24
4-қосымша Рөлдерді сипаттау 
37

5
1  Кіріспе
Тренерді  және  экспертті  бағалау  үлгісі  валидтілік,  сенімділік,  жеткіліктілік  пен 
шынайылық қағидаларына құрылған әділ және сапалы бағалауды қамтамасыз ету 
үшін әзірленді.
Педагогикалық  шеберлік  орталығы  (бұдан  әрі  –  ПШО)  жүйесінде  бағалау 
оқытудың  ажырамас  бөлігі  болғандықтан  тренерді  бағалау  үлгісі  тиімді  кәсіби 
оқу  мен  тәжірибені  қолдау  мақсатында  әзірленді.  Біліктілікті  арттырудың  әрбір 
қатысушысы  оқудың  бір  бөлігі  болып  табылатын  формативті  және  суммативті 
бағалаудың маңыздылығын және оның оқу үдерісінен ажырамайтындығын және 
ол оқудың есебінен болмауы керектігін жете түсінуі тиіс.
Бұл мынадай аспектілерден көрініс табады:
•  нақты анықталған кәсіби стандарттар;
•  бағалаудың түйінді критерийлері;
•  тәлімгерлік арқылы формативті бағалау;
•  тренердің  немесе эксперттің өз кәсіби  ұстанымы мен тәжірибесінен алынған  
дәлелдемелерін  суммативті  бағалау.
Бағалау,  мүмкін  болғанша,  мазмұнды  және  лайықты  болуы  керек.  Бағалауға 
ұсынылған  іс-әрекет  дәлелдемелері  кәсіби  даму  мен  қызметтің  маңызды  бөлігі 
болып табылады (мысалы, жоспарлаудың құрылымын анықтау арқылы жұмысқа 
көмектеседі).  Сенімді  дәлелдемелерге  негізделген  формативті  және  суммативті 
бағалаудың ара жігі анық болу керек. Тренер нені, қалай және қайдан іздеуді білуі 
үшін  дәлелдемелер  түрлері  мен  бағалау  критерийлерінің  үйлесімділігі  қажет. 
Бағалаудың маңызды қағидасы оның критерийлерге негізделетіндігі болып табы-
лады. Бұл, тренер немесе эксперт стандарттарға жетуі үшін белгілі бір критерий-
лер бойынша дәлелдемелерді пайдалануды көрсету керектігін білдіреді.
Мұғалімдерге  арналған  оқу  бағдарламаларын  толық  меңгерту  үшін  оқу  мен 
оқытудың  жаңа  тәсілдерін  түсінетін,  жоғары  уәжделген,  білікті  тренерлер  тобы 
қажет.  Сонымен  қатар  тренерлер  мұғалімдердің  оқуы  мен  тәжірибесін  мұғалім 
стандарттарына сәйкес бағалау критерийлерінің негізінде бағалауда маңызды рөл 
атқарады.
Мұғалімнің  оқу  сапасын  бағалаумен  (эвалюация)  қатар,  тренерлер  өзінің  жеке 
оқуы  мен  тәжірибесін  бағалауы  тиіс,  сол  арқылы  өз  жұмысының  сапасын 
көрсету  үшін  портфолио  дәлелдемелерін  жинақтайды.  Эксперттер  тренердің 
оқуы мен тәжірибесін мұғалімдерді бағалауда қолданылатын бағалаудың түйінді 
критерийлерін қолданып бағалайды. Тренерлердің оқуы мен тәжірибесі критерий-
лерге сай болған жағдайда олар ПШО тренері сертификатына ұсынылады.
Тренерлер мен эксперттерді бағалау мұғалімдерді бағалаумен өзара тығыз байла-
ныста жүргізіледі, өйткені олар, ортақ құндылықтар мен қағидаларға негізделген. 
Тренерлерді  бағалауды әзірлеу және реттеу тәсілдері ПШО-ның түйінді ұстаным-

6
дары және оқу, оқыту, бағалау қағидаларына сәйкес келеді, негізгі құндылықтар, 
білім, түсінік, дағдылар мен тәжірибені бөлісетін кәсіби қоғамдастықтың дамуын 
қолдауға ұмтылады.
 

Портфолионы бағалау
2.1  Портфолионы бағалау қағидалары
Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  оқу  мен 
оқытудағы  жаңа  тәсілдерді  түсінуін  дамытуға,  сондай-ақ  олардың  ойлауы  мен 
тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бағытталған. Бұл кәсіби оқуды қолдау үшін, өзгерістер 
мен дамуға алып келетін формативті бағалауды да, сондай-ақ білім алудың белгілі 
бір кезеңінде үйренушілердің жетістіктерін бағалау үшін суммативті бағалауды да 
талап етеді.
Бағдарлама  мұғалімдер,  тренерлер  мен  эксперттер  қызметінің  тұрақты  дамып 
отыруына бағытталған. Бағалау олардың бағдарлама идеяларына қызығушылығы 
оянғандығын және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып өз тәжірибелерін 
жақсарта алғандығын анықтауға шоғырланған.
Бұл түсіну мен тәжірибедегі жетілудің үздіксіз екенін көруге мүмкіндік береді, нақ 
осы нәрсе Бағдарлама үшін табыс критериі болады.
Мұғалімдерді  бағалау  сияқты,  тренерлерді  бағалау  үш  түйінді  критерийлерге 
қатысты болады және мыналарды көрсетеді:
•  Тренерлер бағдарламада ұсынылған түйінді идеяларды біледі және түсінеді;
•  Тренерлер бұл идеяларды өз тәжірибелерінде қолданады;
•  Тренерлер жаңа әдістемелерді енгізу жайлы рефлексия және одан әрі дамуы 
үшін олардың маңызын ескереді.
Бекітілген және тәуелсіз эксперттер тренерлердің оқуы мен тәжірибесін портфо-
лио дәлелдемелерінің негізінде мұғалімдерді бағалауда қолданылатын критерий-
лер бойынша суммативті бағалайды.
Бағалау критериі негізінде портфолионың стандарттарға сәйкестігі расталғаннан 
кейін,  аккредиттелген  тренерлерге  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес 
білім  беру  ұйымының  логотипі  мен  Кембридж  Халықаралық  Емтихан  Кеңесі 
(бұдан әрі – КХЕК) эмблемасы бар сертификат тапсырылады. Бұл алғашқы сер-
тификатта  бағдарламаның  деңгейі  көрсетілмейді.  Келесі  сертификаттау  кезінде 
бағдарламаның жаңа деңгейі бойынша портфолионы суммативті бағалау негізінде 
тренерге  Педагогикалық  өлшеулер  орталығының  (бұдан  әрі  –  ПӨО)  сертифика-
ты беріледі, бұл оның тәжірибесінің бағдарлама стандарттарына сәйкес екендігін 
дәлелдейді және тренерлік қызметін жалғастыру құқығын береді.
ПӨО  сертификатталған  тренерлер  тізімінің,  сертификат  нөмірі  мен  расталған 

7
оқу деңгейінің есебін жүргізеді. ПӨО бағдарлама бойынша оқытатын ұйымдарға 
сертификаттауға ұсынылған тренерлердің тізімін хабарлайды.
 
2.2  Портфолио мазмұны
Тренерлерге  арналған  стандарттар  1-қосымшада  берілген.  Стандарттар  тиімді 
жүзеге асыруды талап ететін білімдер, түсініктер мен дағдыларды сипаттайды және 
бірқатар кәсіби құндылықтарға негізделген. Бұл құндылықтар тура бағаланбайды, 
олар тренердің орындау критерийінде қамтылған.
Стандарттар оқу Бағдарламасының деңгейлері бойынша ерекшеленеді. 2-деңгейдің 
тренерлері  3-деңгей  тренерлерінің  стандарттарын,  ал  1-деңгейдің  тренерлері,  2 
және 3-деңгей тренерлерінің стандарттарын орындауы керек. Бұл стандарттарда 
тренер оқытып жатқан мұғалімдер үйренушілер деп аталған.
Портфолио  тренердің  білімі  мен  тәжірибесінің  және  дамуының  нақты,  түсінікті 
көрінісі болуы тиіс.
Портфолио үш бөлімнен тұрады:
А   Түйінді идеяларды білу және түсіну 
В   Тиімді тәжірибе
С   Рефлексия мен даму
Тренер портфолионың титулдық бетінде қысқа, маңызды ақпаратты көрсетуі тиіс:
•  мұғалім  және/немесе  тренер  ретіндегі  жұмысын  қоса  алғандағы,  кәсіби 
тәжірибесі;
•  қазіргі қызмет орны;
•  қазіргі лауазымы және қызметінің негізгі бағыттары;
•  бағаланатын (мұғалімдер) тобына қысқаша шолу.
Сертификаттау үшін тренер портфолиосының мазмұны 2-қосымшада және жалпы 
құрылымы төменде берілген.
Портфолионың жалпы құрылымы
Бөлімдер
Сөздер 
саны
A
A1
A2
Түйінді идеяларды білу және түсіну
3-деңгей үшін:
Іс-әрекеттегі зерттеу туралы есеп
2-деңгей үшін:
Коучингтің екі сессиясы бойынша рефлективті есебі
Бір әріптеске тәлімгерлік үдерісі туралы аналитикалық есеп
4000
2500
1500

8
A1
A2
A3
A4
1-деңгей үшін:
Мектептің жай-күйі туралы рефлективті есеп
Қажетті өзгерістер туралы рефлективті есеп
Мектептің дамуын жоспарлау үдерісі туралы толық  рефлективті 
есеп
Сапаны бағалаудың іске асырылуын (эвалюация) жоспарлау тура-
лы аналитикалық есеп
1000
1000
1000
1000
B
B1
B2
B3
B4
Тиімді тәжірибе 
Жоспарлау: төрт тізбекті сессияны жоспарлау туралы жазбалар
Оқыту:  төрт  тізбекті  сессиядағы  неғұрлым  маңызды  оқиғалар 
жазбалары
Бағалау: екі формативті және екі суммативті бағалау   жазбасы
Сапасын  бағалау  (эвалюация):  төрт  тізбекті    сессияның  
тиімділігін бағалайтын есеп
250
250
500
1500
C Рефлексия мен даму
Өзінің  оқуы,  дамуы  мен  болашақ  тәжірибесінің  өзгеруі  туралы 
рефлективті есеп
1500
Барлығы
8000
2.3  Портфолиоларды бағалау үдерісі
2.3.1  Портфолиоларды алдын ала бағалау
Стандарт талаптары мен бағалаудың түйінді критерийлеріне өзінің сәйкестілігін 
растау  үшін  әрбір  тренер  тәжірибесін  және  оқуын  көрсетіп,  оның  тиімділігін 
дәлелдейтін портфолио дайындауы керек. Тренердің портфолиосы бекітілген экс-
пертпен және тәуелсіз экспертпен суммативті бағаланады.
Тренер портфолиосын алдымен бекітілген эксперт суммативті бағалайды. Тренер өз 
портфолиосын дайындауға жауапты. Тренер мен экспертке портфолионы бағалауға 
дәлелдемелерге ең төмен талаптар көрсетілген тиісті рубрикаларды қолдану қажет.  
Рубрикалар  формативті  және  суммативті  бағалау  үшін  қолданылады.  Тренердің 
портфолиосына қойылатын талаптар 3-қосымшада көрсетілген.
Эксперт мұғалімдердің портфолиосының таныстырылымдарын қорғауына қатысып, 
тренердің суммативті бағасының дұрыс, әділ, қайшылықсыз болғанын бақылайды. 
Сонымен қатар, қажет жағдайда баға туралы шешім бойынша кеңес беріп, модера-
ция жасайды. Бағалау нәтижелері тренерге жіберіліп, порталда жинақталады.
Тренердің дәлелдемелері үш түйінді критерийге жеткілікті түрде сәйкес келетіндігін 
анықтау  үшін  эксперт  портфолионы  біртұтас  (холистикалық)  қарастырады.  Бұл

9
жоғары кәсіби пайымдау дәрежесін талап етеді. Эксперт тренерлерге «есептелді» 
немесе «есептелмеді» бағасын қояды:
•  Тренер  портфолиосы  бағалаудың  үш  түйінді  критериіне  сәйкес  болса, 
«есептелді» деген баға қойылады.
•  Тренер  делелдемелері  жоқ  немесе  жеткіліксіз  және  сәйкес  болмаса, 
«есептелмеді» деген баға қойылады.
2.3.2  Портфолионы тәуелсіз бағалау
Тәуелсіз  экспертке  бағалауға  тренер  портфолиосын  жібермес  бұрын,  тренердің 
аты-жөні,  оқу  орталығы,  курс  өткізу  аймағы  немесе  фотосуреттер  сияқты  жеке 
ақпараттарды жою арқылы портфолионы кодтау қажет. Тренердің тәлімгері емес 
тәуелсіз эксперт ешкімнің араласуынсыз немесе бекітілген эксперттің ықпалынсыз 
портфолионы  бағалайды.  Тәуелсіз  эксперт  «есептелді»  немесе  «есептелмеді» 
бағаларын қояды.
2.3.3  Модерация
Бекітілген  және  тәуелсіз  эксперттің  бағасы  арасында  айырмашылық  болған 
жағдайда  модерация  жасау  қажет.  Портфолионы  сол  кодталған  түрінде  басқа 
тәуелсіз эксперт қайтадан бағалап қорытынды шешім қабылданады. Қажет болған 
жағдайда  модерацияны  екі  тәуелсіз  эксперт  жүргізеді.  Екі  тәуелсіз  эксперт  пен 
бекітілген эксперт қойған бағалар арасындағы айырмашылық сақталған жағдайда, 
суммативті баға жөнінде эксперттер тимлидері шешім қабылдайды. Тимлидерден 
кейін  де  тренердің  портфолиосын  бағалауда  айырмашылық  сақталған  жағдайда, 
модерация үдерісінде ақырғы шешімді бас эксперт қабылдайды. 
Модерация  портфолио  дәлелдемелерінің  негізінде  бағалау  рубрикалары  мен 
критерийлеріне  сәйкес  әділ  жүргізіледі.  Бұл  рәсімнің  стандартты  формуласы 
жоқ. Мысал үшін, егер алдын ала бағалаудың нәтижесі “есептелді”, ал тәуелсіз 
бағалауда “есептелмеді” қойылса, онда модерация рәсімін өткізу керек, бірақ бұл 
да модерация нәтижесін түбегейлі шешпейді. 
Модерация  валидтілік,  жеткіліктілік,  әділдік  пен  сенімділікті  қамтамасыз  ететін 
бағалау үдерісінің елеулі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бағалау барысын-
да үдеріске қатысушылар үшін стандарттарды түсіну, критерийлерді қолдану мен 
дәлелдемелерді интерпретациялауды дамытудың мүмкіндігі болып табылады. Бұл 
бағалау тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
 
2.3.4  Баға туралы шешімді қабылдау
Бағалау туралы шешімді шығару үшін бағалаудың үш түйінді критериіне сәйкес 
тренер портфолиосының дәлелдемелерін тексеру эксперт рөлінің маңызды бөлігі 
болып  табылады.  Бұл  эксперттің  нақты  және  әділ  шешімдерді  шығару  үшін 
критерийлерді біліп, түсінетіндігін көрсетеді. 

10
Эксперт бағалауға сындарлы және оң қарауы керек. Эксперттің кәсіби тренерлер 
жұмысын бақылауы, жазалау әрекетінен гөрі, жағымды жетістіктерін мақұлдауға 
бағытталған. 
Әрбір  портфолио  тренердің  жеке  жетістіктерінің  дәлелдемесі:  тәжірибе 
дәлелдемелерімен  қуатталған  рефлексия  мен  есебінде  кәсіби  өмірінің 
аспектілері  жайлы  баяндауы  болып  табылатынын  ескеру  керек.  Тренер  ұсынған 
дәлелдемелерінде өз ойынан, «жүрегі» мен «қолынан» көп нәрселерді қосады. Экс-
перт портфолионы оқып, тренердің кәсіби құндылықтары, сонымен қатар білімі, 
түсінігі мен дағдылары туралы біледі. Эксперт осы тренердің басқаларды оқытып 
әрі өзі оқи отырып, кәсіби тұрғыдан қалай өскендігін зерттейді.
2.3.5  Портфолионың талаптарға сәйкестігін тексеру
Портфолио дәлелдемелері келесідей болуы керек:
•  құрылымдалған:  дәлелдемелердің  тиісті  бөлігін  тауып  алуға  болатындай,  
портфолио жеткілікті түрде жүйелі дайындалған;
•  валидті:  дәлелдеме  талаптарға  сәйкес  келе  ме, мысалы,  В1  есепте  мұғалімдер  
тобын формативті қолдауды жоспарлау жазбасы бар;
•  жеткілікті: барлық дәлелдемелер бар, және олар талаптарға сәйкес;
•  нағыз: барлық ұсынылған дәлелдемелер тренердің жеке өз жұмысы болып та-
была ма.
Тренер  портфолионың  құрылымына  қойылатын  талаптарды  нақты  сақтауы 
тиіс, себебі талаптар бағалаудың анық және толық көрінісін ұсыну үшін арнайы 
дайындалған.  Есте  сақтайтын  бір  жайт,  егер  тренер  тиімсіз  немесе  сәйкес  емес 
ақпаратты,  немесе  жеткіліксіз  немесе  тым  көп  мәтінді  ұсынса,  мәліметтің  бір 
бөлігін қалдырып кетсе – бағалау шешіміне елеулі әсерін тигізеді. Бұл портфолио 
«есептелмеді деп» бағалануы мүмкін.
Бағалаудағы мұндай қаталдық тренерлердің көңілін қалдырып,  наразылықтарын  
туғызуы  мүмкін,  өйткені  олар  көбірек  мәліметтер  ұсынуға  тырысады.  Алайда 
портфолиода көп болсын, аз болсын талап етілетіні – кәсіби жұмыстың белгілі бір 
бөлігін ой елегінен өткізіп сипаттау, соның ішінде, тапсырмаларды орындауға жау-
апты қарау, талаптарды, айталық, тапсыру мерзімі мен портфолионың құрылымын 
рәсімдеуді сақтау.
Әзірленген портфолионың форматы тренер портфолиосын бағалау критерийлеріне 
сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
2.3.6  Портфолионы оқу
Тренердің  стандарттары,  портфолионы  бағалау  критерийлері  және  талаптары-
мен эксперттің таныс екендігіне негізделген, қажет болған жағдайда сүйену үшін 
түсінікті және қолжетімді болатын ұсыныстар:
1.  Жұмыс мәнмәтінін түсіну және тренер туралы ақпарат алу үшін портфолионың 

11
бастапқы бетін оқу. Шығарылатын пайымдаулар дәледемелерге қойылатын крите-
рийлер мен талаптарға, яғни стандарттарға негізделсе де, бұл ақпараттар адамға 
емес, портфолио дәлелдемелері үшін маңызды.
2.  Портфолионы қарастырған кезде оны бағалау критерийлеріне қарамай, алдымен 
толық  оқып  шыққан  жөн.  Бұл  тренингті  бақылау  формасы,  формативті  пікірлер 
және т.б. қоса тіркелген құжаттардың сапасын түйсінуге көмектеседі, бірақ оларды 
жіктеп оқымай, тұтас оқып шыққан дұрыс. Бұл рубрикалар бойынша кез келген 
сәйкессіздікті анықтауға көмектеседі.
3.    Портфолионы  оқығаннан  кейін,  жұмыстың  дәлелдемелері  тренерге  қатысты 
келесі жағдайларды растайма:
•  түйінді идеяларды біле ме және түсіне ме;
•  осы идеяларды өз тәжірибесінде қолдана ма;
•  жаңа  әдістемелерді  енгізуге  рефлексия  жасай  ма,  одан  әрі  дамуы  үшін 
өзгерістерді есепке ала ма.
4.  Эксперт дәлелдемелермен таныс болған соң бағалау рубрикаларын қолдана оты-
рып дәлелдемелердің сәйкестілігін тексеруіне кірісуге болады. Бұл дәлелдемелерді 
қаншалықты  «оңай»  табылатындығын  көрсетеді.  Мысалы,  рефлективті  есептер 
орынды және шоғырланған ба немесе жалпы және сипаттамалы ма? Тренерлерге 
әр модуль мен идеяны үстіртіп түсінгені емес, тәжірибесін дамытуға ықпал ететін 
бағдарлама идеяларына ашықтық пен әрекеттестікті көрсету маңызды;
5.    Сонан  соң  экспертке  тренердің  дайындаған  портфолиосында  критерийлері 
қалай  көрініс  тапқаны  не  таппағанына  баса  назар  аудару  қажет.  Рубрикаларды 
қолдану кезіндегі қысқа жазбалар экспертке бағалау туралы нақты шешімге келуге 
көмектеседі. Егер де шешім қиындықтар туғызып немесе таласқа түсетін болса, 
бұл жазбалар пайдалы болады.
2.3.7  Бағалау жөнінде шешім шығару
Талаптарға сәйкес (сәйкес емес) дұрыс құрылымдалған портфолио тексерілуі тиіс. 
Алайда «есептелді» мен «есептелмеді» бағалар аралығындағы портфолиолардың 
шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін дәлелдемелерді эксперт мұқият қарастыруы 
қажет.
Кей  жағдайларда  эксперт  өз  тимлидермен  келісіп  алуы  пайдалы  болуы  мүмкін. 
Мұндай жағдайларға жұмыс өтіліне тәуелсіз кез келген эксперт тап болуы мүмкін. 
Олардың  тәжірибесіне  қарамастан,  келесі  әрекеттеріне  дұрыс  бағыт  беру  үшін 
басқару мен көмек кез келген жағдайда қажет болады.
2.3.8  Тренер портфолиосы  туралы суммативті пікір
Тәуелсіз эксперт бағалау рубрикасын пайдалана отырып, тренер портфолиосына 
суммативті пікір жазуы керек:
•  портфолионы оқу барысында, экспертке пікір қалыптастыруға көмектесетін 
портфолионың аспектілері мен дәлелдемелері туралы қысқа жазбалар жасау 
қажет.
•  эксперт портфолионы оқып біткеннен кейін, оған өз жазбаларын қарап шығу 

12
керек, себебі олар пікір жазуға көмектеседі. Бұл пікір тренерге портфолионың 
сапасын анықтауға, сонымен қатар сол дәлелдерге сүйене отырып, тренер өз 
жұмысының сапасын қалай жақсарта алатындығын анықтауға көмектеседі.
•  егер  тренер  «есептелді»  бағасын  алмаса,  эксперт  оның  жұмысын  келесі 
бағалауға  дейін  (егер  бұл  рұқсат  етілсе)  қалай  жақсартуы  мүмкін  екендігін 
анықтауы керек.
•  пікір жағымсыз, субъективті немесе намысқа тиетін болмауы керек. Пікірдің 
міндеті  кемшіліктерді  және  тәжірибесін  жақсартудың  мүмкін  жолдарын 
көрсете  отырып, тренерді қолдау және оған одан әрі дамуға көмектесу болып 
табылады. Пікір әрқашан да конструктивті болуы керек.
•  ПӨО  мұндай  қысқа  пікірлерді  электронды  поштамен  тренерлерге  жіберуге 
жауапты.
Портфолионы суммативті бағалау үдерісі және оқу мен тәлімгерліктің өзара байла-
нысы келесі суретте көрсетілген.
2.3.9  Кездесуі мүмкін рәсім бұзушылық туралы хабарлама
Егер эксперт тренерлердің бір бағдарлама бойынша оқып жатқандығына немесе бір 
мекемеде  жұмыс  істейтіндігіне  қарамастан,  олардың  портфолиосының  мазмұны 
бірдей екендігін анықтаса:
•  қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес эксперт портфолио/тренер  туралы  ПӨО 
ға хабарлауы керек;
•  плагиатқа қатысты туындаған күдіктің себебі туралы қысқаша есеп-негіздеме 
жазуы керек.

13
3    Сертификаттау,    қайта  тапсыру  және    апелляцияға  ұсынылған  
тренерлер тізімін  ресми  бекіту
Модерация үдерісінен кейін тренерлер мен эксперттерді сертификаттау жөніндегі 
Емтихан Кеңесіне (бұдан ары – Емтихан Кеңесі) тапсыру үшін тренерлерге қойылған 
барлық бағалар тізімді жасауға пайдаланылады. Емтихан Кеңесі сертификаттау ту-
ралы соңғы шешімді қабылдап, сертификаттарды алу тізімдерін бекітеді. Емтихан 
Кеңесінің құзіретіне тренерлердің «есептелмеді» бағалануы мен кез келген рәсім 
бұзушылық жағдайларын қарастыру кіреді.
•  Тренер портфолиосы «есептелмеді» деп бағаланған жағдайда, бір рет қайта тап-
сыру мүмкіншілігі бар. Соңынан ПӨО тренерлерге портфолиосын жақсартуға 
ұсыным жібереді.
•  Қанағаттанғысыз бағасының себебінің негіздемесі суммативті бағалау бары-
сында ұсынылады және ПӨО мен КХЕК бекітіледі.
•  Емтихан  Кеңесі  барлық  рәсім  бұзушылық  жағдайларын,  оның  ішінде  пла-
гиатты  қарастырады  және  тренер  портфолиосын  қайта  тапсыру  мүмкіндігі 
жөніндегі соңғы шешім қабылдайды.
•  Емтихан  кеңесінің  отырысынан  кейін  сертификаттауға  ұсынылған  және 
ұсынылмаған тренерлердің ресми тізімі жасалады, сонымен қатар тренерлердің 
қайта тапсыруы туралы шешім қабылданады.
ПШО  тренерлерді  сертификаттау  нәтижелері  мен  олардың  қайта  тапсыру 
мүмкіндіктері туралы хабардар етіледі.
Апелляция
Тренерлер  «есептелмеді» шешіміне апелляцияға беруге құқықты. Портфолионың 
сапасын бағалау мен модерациялау бойынша эксперттердің, тимлидерлердің, бас 
эксперт  пен  Кембридждің  шешімі  қайта  қаралмайды.  Осы  құжатта  сипатталған 
бағалау  және  модерациялау  үдерісі  сақталмаған  жағдайда  ғана  рәсім  бойынша 
апелляция берілуі мүмкін. Бас эксперттің атына тренердің дәлелдемелерді келтіріп, 
егжей-тегжейлі сипаттамасы қоса тіркелген өтініші, Оқыту орталығының ұсыныс 
хаты негізінде апелляция қабылданады. 
Апелляцияға өтініш сертификатталған тренерлердің ресми тізімі шыққан күннен 
бастап 14 күннің ішінде жазылып, ПӨО-ға жіберілуі тиіс. 
Бас эксперт өтінішті алғандығын растайды. Өтініш берушінің бағалауға қатысқан 
эксперттер және тимлидерлермен кеңесе отырып, бас эксперт өтінішті  қарастырады. 
Тренерлер бас экспертке өтінішпен шығуы мүмкін. Бас эксперт тренердің өтінішінің 
қабылданғаны  немесе  қабылданбағаны  туралы  оқыту  орталықтарына  хабарлап, 
қабылданған шешімнің негіздемесін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет