№ 96 (18305)
28 тамыз 2015 ж. ж±ма
КОНСТИТУЦИЯЃА – 20 ЖЫЛ
Сіздерді Ќазаќстан Республикасы
Конституциясыныњ 20 жылдыѓымен
шын ж‰ректен ќ±ттыќтаймын!
Б±л жыл тарихи оќиѓалармен жєне
ірі мерейтойлармен айшыќты. Біраќ, сμз
жоќ, біздіњ мемлекетіміздіњ таѓдыры мен
болашаѓын айќындайтын Негізгі Зањ-
ныњ ќабылдануыныњ 20 жылдыѓы не-
ѓ±рлым айтулы болып табылады.
Біздіњ еліміздіњ Конституциясы
Б ‰ к і л х а л ы ќ т ы ќ р е ф е р е н д у м д а
ќабылданды. Б±ѓан оныњ жобасын
халыќ арасында талќылаудыњ ±заќ
‰дерісі алѓышарт болды, оныњ ќоры-
т ы н д ы л а р ы б о й ы н ш а 5 5 б а п ќ а
1100-ден астам т‰зетулер енгізілді.
Халыќ іске асырѓан егемендік ќ±ќыќ
Конституцияны ќолс±ѓылмаушылыќ
етеді жєне оѓан тек жоѓары зањ-
дыќ ќана емес, сонымен ќатар ру-
хани-адамгершілік к‰ш береді.
Б‰гін біз, μзіміздіњ еліміздіњ мањыз-
ды конституциялыќ нормалары – мем-
лекеттіњ т±тастылыѓы, азаматтардыњ
ќ±ќыќтары мен бостандыќтарын
ќ±рметтеу, т±раќты экономикалыќ да-
муын ќамтамасыз ету, ќ±ќыќтыќ мем-
лекет нормаларын ныѓайту негізінде
дамып келеді деп сеніммен айта ала-
мыз.
Біздіњ Мемлекетіміздіњ басшысы, єу
бастан-аќ Конституцияныњ Кепілі ре-
тінде, халыќтыњ бірлігі – ќазаќстан-
дыќтардыњ барлыќ ±рпаќтарыныњ
шынайы байлыѓы деп айќындап бер-
ген болатын. Б±л біздіњ еліміз ‰шін
одан єрі єлеуметтік-экономикалыќ
жєне саяси реформалар ж‰ргізуде
мыќты негіз болады.
Єрбір ќостанайлыќ отбасына ба-
ќыт пен ќ±т-береке, бейбітшілік пен
ізгілік, молшылыќ пен μсіп-μркендеу
тілеймін!
Ќостанай облысыныњ
єкімі Н. Садуаќасов.
Ќ±рметті ќостанайлыќтар!
Ата зањым – айбыным!
Ата зањым – айбыным!
Ата зањым – айбыным!
Ата зањым – айбыным!
Ата зањым – айбыным!
Коллажды жасаѓан Д. Власенко
Айбынымыз бен
абыройымызды
асырған Ата Заң
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл толуына
орай ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің ұжымы
қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан соғысы және ұлттық қауіпсіздік
органдарының ардагерлерімен кездесті.
Кездесуді ашқан департамент бастығы, генерал-майор Ө.Ми-
занбаев бұл шараның маңыздылығына тоқталып, бүгінгі кездесу
–
1995 жылдың 30 тамызы күні жалпыхалықтық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жыл-
дық мерейтойына арналғандығын және осы Ата Заңның егеменді
Қазақстан халқының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени
даму құзыретін арттыруға кепіл болатынын атап өтті.
Мәжіліс залына жиналғандардың арасынан соғыс және ең-
бек ардагерлері мен қауіпсіздік органдарының ардагерлері – Па-
вел Даценко, Михаил Дәуенов, Петр Сиянов, Ғалихан Мәулетов,
Жақсылық Ізтілеуов, Борис Демченко, Валерий Мелешко, Сергей
Ярошенко кеуделері толы наградаларымен басқалардан ерекше
көзге түсіп тұрды.
Департамент бастығы Ұлы Отан соғысының ардагері, еліміздің
құрметті теміржолшысы Бертран Рубинштейнді 92 жасқа толуымен
құттықтап, оған ұзақ ғұмыр тіледі. Қарт жауынгер болса, өзіне тән
ой өткірлігімен ҰҚК жас қызметкерлеріне еңбекте абыройлы болып,
міндетін адал атқаруына сәттілік тіледі. Ал тәжірибеге бай, өмірі
ерлікке толы басқа да ардагерлер де сөз алу барысында ақыл-
кеңес тер беруден аянып қалған жоқ.
Басқосуда тақырыптардың аясы өте кең болды. Шарада облыс-
тық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин биылғы жылы
аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты жүр-
гізілген бірқатар зерттеулерге баға беріп, өзінің пайымын білдірді.
Ал, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті Сымбат
Укин «ҚР Конституциясы
–
егемендік, тәуелсіздік және ұлттық қа-
уіпсіздіктің құқықтық негізі» тақырыбындағы баяндамасында Ұлы
Дала заңдарынан бастау алған бүгінгі Конституцияның келбетін,
қазіргі таңда алатын орнын атап өтті. «Костанайские новости» ай-
мақтық газетінің тілшісі Анатолий Ермолович «КН» бас редакторы
Сергей Харченконың «Екі ел, екі тағдыр, бір мақсат» атты кітабы-
ның негізінде Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің қалыптасуының
тәжірибесі туралы сөз қозғады. Өз кезегінде ұлттық қауіпсіздік ор-
гандарының ардагері, профессор, генерал-майор Михаил Дәуенов
Конституцияның дін және конфессияаралық қатынастарды нығай-
тудағы рөлінің маңыздылығын баян етті.
Екі сағат бойы өз ойлары мен тәжірибелерін бөліскен басқо-
суда департамент бастығы генерал Ө.Мизанбаев түйін жасады.
Қоғам тұрақтылығына, Қазақстан халқы мен оның мемлекеттілігіне
іріткі салатын жағдайлар ҚР Конституциясына, кәсіби міндеті мен
ар-ожданына адал берілген ҰҚК қызметкерлерінің назарынан тыс
қалмайтындығын атап өтті.
28 тамыз 2015 жыл
2
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Қостанай қаласындағы солтүстік-батыс
ауданда мемлекеттік тілде оқытатын
мектеп салынып жатыр. Жаңа ғимарат
биылғы жылдың қазан айында
пайдалануға беріледі. Облыс әкімі
Нұралы Садуақасов аталған нысанның
құрылыс жұмыстарымен танысып,
бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Қазақ тілінде білім беретін орта мектеп 500
орынға шақталған. Ғимарат үш қабаттан тұрады.
Мектептің аумағында жеңіл атлетика, шағын-фут-
бол, ұзындыққа секіру, баскетбол және волейбол
алаңдары бар. Аталмыш жоба Қостанай қаласы
әкімдігі құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша
қолға алынды. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың
мамыр айында басталған. Қазіргі уақытта нысан-
ның шатырын жабу және көгалдандыру жұмыстары
жүріп жатыр.
Өңір басшысы Нұралы Садуақасов мектептің
іші-сыртын қарап, қауіпсіздікке аса мән берген жөн
деді. Сондай-ақ, ұсақ-түйектің бәріне көңіл бөлу
керектігін тапсырды. Мектеп асханасының дайын-
дығын, тазалығын да ескеру керек.
– Нысанның құрылысы көңілден шығады. Бірақ
жоспарланған жұмыстарды уақытында бітіру керек,
– деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
СУРЕТТЕРДЕ: мектептің ішкі-сыртқы көріністері.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
Жаңа мектеп салынуда
Айналма жолды қалпына
келтіру үшін 86.888 млн.теңге
бөлінген. Жалпы абаттандыру
жұмыстары үш айға жоспар-
ланған болатын. Қазіргі уақыт-
та екі қабатты асфальт төселіп
жатыр. Мердігерлер кесте бой-
ынша жоспарлы жұмыстарға
үлгеруде. Айналма жол алдағы
қазан айында пайдалануға
беріледі.
– Жұмысты бастаған соң
аяғына дейін жеткізу керек. Ең
бастысы сапа маңызды. Жөн-
деуден өткен жол ең аз деген-
де бес жылға шыдауы керек, –
деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Баймағамбетов көшесіндегі
су таратқышта да қайта жөндеу
жұмыстары жасалуда. Аталған
нысандағы жұмыс былтыр
басталған еді. Жоспарға сай
биылғы жылдың 1 тамызында
аяқталуы керек болатын. Бірақ
мердігерлер жұмысты белгілен-
ген мерзімнен кешеуілдетіп
отыр. Бас мердігер «Мега»
ЖШС директорының орынба-
сары Д.Мұхамеджановтың ай-
туынша, жаңа коммуникация-
ны іске қосуға байланысты 1-5
қыркүйек аралығында қалада
салқын су бір тәулікке тоқтауы
мүмкін. Су таратқыш 20 қыркүй-
екте іске қосылады.
Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ.
СУРЕТТЕРДЕ: қаланың қазір-
гі қарбаласынан көріністер.
Суреттерді түсірген Бағдат
АХМЕТБЕКОВ.
ТКШ-НЫ ЖАҢҒЫРТУ
Құрылыс қыза түсті
Қостанай қаласының С.Мәуленов көшесіндегі
айналма жол жөндеу жұмыстарына байланысты
жабылған болатын. Аталған көшенің О.Досжанов –
Л.Беда көшелерімен қиылысатын жерінде қазір қызу
тірлік. Мұндағы жұмыстың сапасын облыс әкімі
Н.Садуақасов барып көрді.
Ата заң – ел тірегі
Айбек
ЖҮЗБАЙ
Биыл конститу-
циямыздың қабыл-
данғанына жиырма
жыл толғалы отыр.
Соған байланысты
облыстық кәсіп-
одақтар орталығы
дөңгелек үстел өт-
кізді. Заң саласының
мамандары маңызды
құжаттың қоғамдағы ахуалын талқыға салды. Кездесуді облыстық ішкі
саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов ашып, жүргізіп
отырды.
Ата-заңымыз өзінің өміршеңдігін алғашқы он жылдықта көрсетті.
Осы аралықтағы дағдарыстардан шығуға көп септігін тигізді. Қоғам
мен сот жүйесіндегі тұрақтылықтың кепіліне айналды. Республикамыз-
да саяси жүйе мен құқықтық тәртіпке негізделген биліктік құрылымдар
қалыптасты. Бұл құрылымдардың арқасында жан-жақты реформа-
лар жүзеге асырылып, мемлекетіміз серпінді даму жолына бет алды.
Жуық арада жалпыға жария болған Елбасымыздың жүз нақты қадам
бағдарламасы осы сөзіміздің айқын дәлелі. Жиында сөз алғандар
осы төңіректе пікір өрбітті.
Орталық төрайымы Балбөпе Ертаева жиналғандарға алғысын
жеткізіп, белсенді топқа Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төраға-
сының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
СУРЕТТЕ: марапаттау сәті.
4 орталық ашылады
Облыста. Оқытуды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
бойынша аудан орталығындағы орта мектептердің базасынан
материалдық-техникалық базасы жақсы, педагогикалық ұжымы
мықты 13 ресурстық орталық ашылды. Бұл орталық шағын
қамтылған мектептердің оқыту жүйесіне әдістемелік және
кеңестік көмек көрсетеді. Жыл соңына дейін тағы да 4 осын-
дай орталық Жанкелдин, Қамысты, Науырзым аудандары мен
Арқалық қалаларында ашылады.
Айлығы қысқармайтын болды
Лисаков. Қазақстанның таулы-металлургиялық секторын-
дағы алпауыт кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұ-
мысшыларының айлығын 25 пайызға қысқарту туралы шешімін
қайта қарады. Айта кетейік, бұл өндіріс орнының құрамына Ли-
саков қаласындағы «Өркен» ЖШС кіреді. Жалақының қысқар-
майтыны туралы компанияның баспасөз қызметі жариялаған
жаңалық лисаковтық кеншілердің де көңілін жайландырғандай.
Жалақы мөлшері бәз қалпында қалады.
Темір жол құрылысы қарқынды
Арқалық. Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол желісінің
стансаларында жолаушылар пойыздары үшін платформалар-
ды салу басталды. Жолдың Қостанай бөлігінде келесі жылы
жолаушылар пойыздары Арқалықтан Шұбаркөлге дейін және
одан ары жүретіні шамаланып отыр. Жолаушылар қозғалысын
ашу Қазақстанның бүкіл аумақтарына кедергісіз жетуге мүм-
кіндік береді. Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінде барлығы
5 станса мен 4 разъез орналасқан.
Бөлінген қаражат игерілді
Алтынсарин. Ауданда өңірлерді дамыту бағдарламасы
бойын ша биылғы жылға жергілікті бюджеттен 13 млн.792 мың
теңге қарастырылған болатын. Соның 8 млн. теңгесі Силан-
тьевка және Болшая Чураковка селоларының көше жолдарын
жөндеуге, 4 млн. 992 мың теңге Зуев орта мектебінің жылу
қазандығын ағымдағы жөндеуге және 800 мың теңге аудандағы
төрт білім ошағына жылу қазандықтарын алуға жұмсалған.
Бүгінде бөлінген қаражат жүз пайыз игерілген.
Шахаризаттың жаңа бейнебаяны
Облыс. Жерлесіміз Шахаризат Сейдахмет өз көрермендерін
жаңа бейнебаянымен қуантып отыр. Бұл жолы әнші «Арула-
рым-ай» атты әннің бейнебаянымен көрінді. Бейнебаян Қы-
тайда түсірілген. Әншінің айтуынша, түсірілім жұмыстарына
үш күн жұмсалыпты. Туындының әнін әншінің өзі жазыпты.
Осыған дейін этно-рок бағытында ән айтып жүрген жерлесіміз
енді лирика бағытында бағын сынамаққа бел буған сияқты.
Әншінің жыл соңына дейін тағы бес бейнебаянын жарыққа
шығаратын ойы бар екен.
«Үміт-Надежда» семинар өткізді
Федоров. «Үміт-Надежда» ҚБ облыстық ішкі саясат басқар-
масының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сай мүгедектер-
ге арналған семинар өткізді. Кездесуге қоғамдық бірлестіктің
өкілдері Д.Оспанов, А.Жақсағұлова және заңгер-кеңесшілер
қатысты. Семинарда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықта-
рын қорғау және жұмысқа орналасуы туралы айтылды.
Сусын сататын аппарат
Қостанай қ. Орталық саябақта газдалған сусын сататын
сауда автоматы (вендинг) орнатылды. Мұндай ретро-аппарат-
тар 80-ші жылдары кең тараған болатын. Автоматта бір мәрте
қолданылатын стақандар бар. Шәрбатсыз газдалған судың бір
стақаны 30 теңге, апельсин шәрбаты 50 теңге және «Лимонад»
шәрбаты 50 теңге. Үш түрлі сусынның бірін таңдау үшін тетік-
шені бассаңыз болғаны. Құрылғы қағаз ақшалар мен тиындар-
ды да қабылдайды. Артық ақшаңызды қайтарып береді.
3
28 тамыз 2015 жыл
КОНСТИТУЦИЯҒА – 20 ЖЫЛ
Адам құқықтары мен бо-
стандықтары Ата Заңға сәйкес
қорғалған. Қазақстан Республи-
касының мемлекеттiк рәміздері
– Туы, Елтаңбасы және Әнұра-
ны конституциялық заңмен бел-
гіленген. Қазақ халқы ерте кез-
ден «Ел болам десең, бесігіңді
түзе» деп айтқан ғой. Бүгінде
егемен еліміз конституция ая-
сында, Ата Заңымызды негізге
ала отырып, қарқынды дамып
келеді. Сыртқы саясатта өз ор-
нын тауып, бағытын нақты ай-
қындады. Көпэтносты елімізде
қазақстандықтардың барлығы-
на бірдей қамқорлық жасалған.
Оқып білім алуларына, өз тілін
дамытуларына ешқандай шек-
теу жоқ. Міне, бұл, біріншіден,
конституциямыздың арқасы.
Екіншіден, Елбасымыз Нұрсұл-
тан Назарбаевтың сарабдал
саясатының нәтижесі. Барша-
мызға конституцияда көздел-
ген, белгіленген қағидаларды
сақтау парыз әрі міндет. Ұлы
тұлға Бауыржан Момышұлы-
ның «Тәртіпке бас иген ел құл
болмайды» деген қанатты сөзі
бар. Ол тыныштық пен тату-
лықтың белгісі. Осы орайда
құқық қорғау қызметкерлерінің
адам құқықтары мен бостан-
дықтарын қорғау жолында, Ата
Заңымыздан тармақталған заң
қағидаттарын сақтауда қызметі
өлшеусіз деуге болады. Өткен
жеті айда біздің құзырлы орган
өкілдері 9 626 азаматтың кон-
ституциялық құқығын қорғады.
5 500 азаматтың еңбек құқығы
сақталды. Сондай-ақ, кәсіп-
керлердің кәмелетке толмаған-
дардың құқығын қорғау басты
назарымызға алынғанын баса
айтқым келеді. Қазіргі таңда
прокуратура қызметкерлері
конституциямен бекітілген әр-
бір заң талаптарының орын-
далуын қадағалаушы, жеке
адамдардың, қоғам мен мем-
лекеттiң қауiпсiздiгiн қамта-
масыз етуге, азаматтардың
бостандығы мен құқықтарын
қылмыстық және құқыққа қар-
сы әрекеттерден қорғаушылар
ретінде танымал. Бұл орайда
Мемлекет басшысы Н.Назарба-
ев: «Заңдылықтың сақталуын
қамтамасыз ету – аса маңызды
іс. Прокуратура осыған қатысты
тиісті шараларды мықтап қолға
алсын. Барлық іс-әрекеттер тек
қана заң шеңберінде жүргізіл-
сін. Егер заңға сай емес, қандай
да бір жайт орын алса, талап
орындалмай, құқық бұзушылар
кездессе, міндетті түрде жаза-
лануы тиіс», – деп атап өткен
болатын.
Ұлыс бірлігін ұйытуға ұй-
ытқы болып отырған Ата Заңы-
мыздың арқасында адастыр-
мас тура жолда келеміз дер
едім. Олай болса, ұлық мереке
құтты болсын! Еңсеміз тік, елді-
гіміз мәңгі болсын!
Марат ҚАЙБЖАНОВ,
Қостанай облысының
прокуроры.
«Тәртіпке бас иген ел
құл болмайды»
Қазақстан Республикасы-
ның Конституция күні – жыл
сайын елімізде тойланатын
ерекше мемлекеттік мереке-
лердің бірі. 1995 жылы 30 та-
мыз күні елімізде жаңа Кон-
ституция жобасын бекіткен
жалпыұлттық референдум
өтті. Бұл Қазақстанның тәуел-
сіз мемлекет құрудағы басты
кезеңдерінің бірі еді. Ата Заң
мемлекеттің басты құжаты
ретінде Қазақстан халқының
еркіндігін, басты құндылығы
адам, оның өмірі, құқығы, бо-
стандығы болып табылатын
мемлекеттің бекітілуін қамта-
масыз етеді.
Тәуелсіз Қазақстан өмірін-
дегі бұл кезең мемлекеттілікті
жоғары деңгейде көрсететін
елеулі оқиға болды. Сонымен
қатар, еліміздің алдында «За-
манауи мемлекеттік қызмет
пен басқару құрылымын
құру» стратегиялық міндеті
қойылды. Бұл – азаматтық
қоғамның дамып-өркенде-
уін қамтамасыз ететін саяси
жүйе қалыптастыру, ұлттық
қызығушылықтарды қадаға-
лайтын мемлекет құру.
Демократиялық, құқықтық
және әлеуметтік мемлекеттің
қалыптасуы негізі мемлекет-
тік қызметшілер болатын са-
палы мемлекеттік аппаратсыз
мүмкін емес. Мемлекеттік сая-
саттың басты міндеттерінің
бірі – мемлекеттік органдар
қызметінің сапалылығын
қамтамасыз ететін мемле-
кеттік аппараттың кәсібилігі.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы
әкімшілік реформа дамудың
жаңа белесіне көтерілді. Оның
басты бағыттары мемлекеттік
басқару үрдістерін жетілдіру-
ге және мемлекеттік қызмет
көрсету сапасын жақсартуға,
кәсібилікті жоғарылатуға,
мемлекеттік аппарат қызметін
жетілдіруге бағытталған. Кон-
ституцияда көрсетілгендей,
әрбір азаматтың мемлекет-
тік қызметте де құқығы тең
сақталады.
Кез келген өзге дамушы
мемлекет сияқты Қазақстан
Республикасы да мемлекеттік
басқарудағы жаңа әдістерді,
мемлекеттік қызметте жоғары
білікті кадрларды қамтамасыз
етуді талап етеді. Дәл солар
халықтың билікке сенімін
арттырып, демократиялық
құндылықтардың одан әрі
нығаюын, реформалардың
нәтижелілігін, әлеуметтік-
экономикалық өзгерістердің
тұрақтылығын қамтамасыз
етеді.
Қазақстандағы мемле-
кеттік қызмет жүйесінің да-
муы тоқсаныншы жылдары
көптеген қиыншылықтарға
тап болды. Жемқорлық әре-
кеттері мемлекеттің дамуына
кері әсерін тигізе бастады.
Халықтың сеніміне нұқсан
келтіріп, нарықтық экономи-
каның дамуына кедергі кел-
тірді. Осылайша, 1995 жылғы
қабылданған Ата Заңда бұл
әлеуметтік кеселге төтеп бе-
рудің жолдары қарастырылды.
2015 жыл Қазақстан үшін
айтулы күндерге толы – қа-
зақ хандығының 550 жылдығы,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
және Қазақстан халқы Ассам-
блеясының 20 жылдығы. Биыл
Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясының 20 жылдығы.
Осындай қысқа мерзімде көп
істер атқарылды. Біз, бұрынғы
кеңес үкіметінің көптеген ел-
дерін артта қалдырып, алысқа
қадам бастық. Сондықтан, 20
жылдық тәжірибе бізді көп нәр-
сеге үйретті. Конституция мем-
лекет тәуелсіздігін нығайтты.
Данияр ҮСЕНОВ,
ҚР Мемлекеттік қыз-
мет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қи-
мыл агенттігінің Қостанай
облысы бойынша департа-
ментінің басшысы.
Жаңа белестерге көтерді
4
28 тамыз 2015 жыл
Д.ЖАПАБАЕВ,
Қостанай облысының про-
куратурасы 1-ші Басқарма
бастығының орынбасары
кіші әділет кеңесшісі
Ел Конституциясының басты мін-
деті – тұрақтылықты нығайту, халықтың
әл-аухатын көтеру және демократияны
дамыту. Республика Конституциясы
халықтың бірлігін нығайтты, Қазақстан
жерінде ортақ тарихи тағдырмен байла-
нысқан әртүрлі этнос өкілдерін біріктірді.
Конституция әлеуметтік бағдар
ұстанған нарықтық экономикасы бар
мемлекет құруға және жүйелі демокра-
тиялық өзгерістер жүргізуге арналған құқықтық іргетасқа айналды.
Конституция мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға
кепілдік берген және мемлекет оны толық көлемде қамтамасыз етуде.
Қазақстанның Конституциясы өзінің мағынасы мен мәтінінде ел
тарихы мен қазіргі заман талабын, халықтық және бүкіл әлемдік
демокра тиялық құндылықтарды біріктіріп, бүгінгі күні шын мәнінде
мемлекет дамуының бастамасына айналды.
Республиканың Негізгі заңы тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және
мемлекеттік құрылысының іргелі принциптерін бекітіп берді.
Қазақстан қоғамында демократиялық саяси жүйенің іргетасы қа-
ланған. Демократияның базалық принципі – биліктің айқын тежемелік
және тепе-теңдік тетікті үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және
сот тармақтарына бөлінуі тиімді іске асып келеді. Демократияның
маңызды институты – парламентаризм дамуда. Кәсіби қос палаталы
Парламент жұмыс істейді, онда көптеген мүдделердің өкілдігі қамта-
масыз етілген.
Ел тәуелсіздігінің басты жетістігі Конституциядағы бекітілген адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылады, олар
халықаралық стандарттарға сәйкес тендірілген.
Негізгі заңға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады және олардан
ешкім айыра алмайды, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы
осыған қарай анықталады. Конституция бойынша заң шығарушылар
заңдарды қабылдаған кезде бірінші кезекте осы норманы ескеруі
және басты назарға адам құқығын қоюы тиіс. Конституцияның 3-бабы
1-тармағына сәйкес, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Қостанай облысының прокуратура органдарымен Конституциямен
айқындалған адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мәселесіне қа-
тысты бірқатар жұмыстар атқарылып, тиісті жетістіктерге қол жеткізіліп
келеді.
Облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституция-
сымен және оған негізделген нормативтік құқықтық актілермен прокура-
тура органдарының алдына қойған міндеттерін қажетті деңгейде орын-
дап, тиісті қадағалаудың жүзеге асуына, сондай-ақ адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының сақталуына нақты кепіл болады.
Еліміздегі маңызды құжат Ата заңымыздың қабылданғанына биыл
20 жыл. Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі
әрбір азаматтың асыл парызы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!
Осыдан 20 жыл бұрын,
30-тамызда Қазақстан халқы
тарихи шешім қабылдап,
еліміздің құқықтық тарихына
жаңаша серпін әкелді. Содан
бері қарай тәуелсіздігіміздің
тірегіне айналған Ата заң –
мемлекет пен қоғамда орын
алып отырған барлық саяси-
экономикалық, әлеуметтік ре-
формалардың ілгері басуына,
дамудың қайнар бастауына ай-
налды. Өткен жиырма жылдан
бері мемлекет пен қоғамның
дамуындағы өзгерістер және
әлеуметтік мемлекет ретінде
орнығу талпыныстарының бәрі
– Ата заң қағидалары негізін-
де жүзеге асырылып келеді.
Тоқтала кететін тағы бір жайт,
еліміздің Ата заңы әлемдегі ең
жас Конституциялардың бірі
болып саналады екен. Расында,
бүкіл мемлекеттік құрылымды
айғақтайтын, елдіктің бастауы
болып табылатын құжат енді
ғана 20 жасқа толып отыр. Әри-
не, тарих ауқымымен айтқанда,
бұл азғантай ғана уақыт. Десе
де, осындай алмағайып заманда
Қазақстанның Ата заңы уақыт-
тың сынынан сүрінбей өтті,
өзінің заман талабына лайық-
тығын дәлелдеді. Ал көптеген
зерттеушілердің пікірінше,
Қазақстанның Конституция-
сы әлемдегі жалпыадамзаттық
құндылықтарды дәріптейтін ең
үздік 50 конституцияның бірі
болып саналады екен. Мұның
өзі Ата заңымыздың үлкен әле-
уетін айқындаса керек.
Өткен тарихты саралайтын
болсақ, тәуелсіздікке ие болған
Қазақстанның ең басты қада-
мы Конституцияны қабылдау-
мен тұтас тай байланысты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің «Қазақстан
жолы» атты кітабында: «Тәуел-
сіздігімізді алғаннан кейін біз-
ге бүгінгі өмір шындығымен
және алдағы уақытпен бірге
қадам басып, өткен ұрпақтың
іс-тәжірибесі мен жарқын бола-
шаққа деген сенімді жинақтаған
негізгі заң қажет болды. Тәуел-
сіз Қазақстанның Конституция-
сы ашық және демократиялық
қоғам орнатудың негізгі прин-
циптерін баянды етуге тиіс
болатын», – деп жазады. Осы-
лайша, ел егемендігінен кейін-
гі 1993 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының
алғашқы Конституциясы еге-
мендік тарихындағы маңыз-
ды құжат болып табылған
еді. Алғаш қабылданған 1993
жылғы Конституцияның мәні
мен маңызына келетін болсақ,
бұл негізгі құжат Президенттің
көрсеткен мақсаты бойынша
төрт басты мәселеге жауап беруі
тиіс болатын. Оның біріншісі –
мемлекеттік билікті басқару-
дың барлық жүйесін нығайту,
екіншіден – экономикалық ре-
форманы жүргізе отырып, елді
сол кездегі терең дағдарыс-
тан шығару, үшіншіден – жас
мемлекеттің сыртқы сая сатын
қалыптастыру, төртіншіден
– ішкі саяси тұрақтылықты
қамтамасыз ететін заңдық негіз-
дерді Ата заңда көрсету. Елба-
сы Н.Назарбаевтың «Қазақстан
жолы» кітабында жазуына қа-
рағанда, жоғарыда қамтылған
төрт мақсатты шешіп беретін
баптар әуелгі Конституцияның
жобасында барынша қамтыл-
мады. Президент бұл ретте
тұңғыш Конституция жоба-
сы әуелден-ақ еліміздегі сая-
си, әлеуметтік-экономикалық
үдерістен алшақ қалғанын жа-
зады. Сөйтіп, уақыт өте келе
заман ағымы мен сұранысына
қарай, Ата заңымыздың кейбір
тұстары нарықтық қоғамдағы
өзгерістерге сәйкес болмай
шыққаны байқалды. Сондықтан
да арада екі жыл өткенде 1995
жылы қазіргі негізгі заң – Кон-
ституция қабылданды. Осы-
лайша, тәуелсіздік жылдары
Қазақстанның мемлекеттігін
айқындаған Ата заң екі қайтара
түледі. Өйткені 90-жылдардың
басында Қазақстанның саяси-
экономикалық жағдайы мүлдем
басқаша болатын.
Күні кешегі тарихи оқиға-
ларға жүгінсек, жаңа Консти-
туцияны қабылдау қарсаңында
ұзақ мерзімді қызу жұмыстар
атқарылды. Президенттің
бастамасымен құрылған са-
рапшылар әлемнің көптеген
елдерінің Конституцияларын,
әсіресе ХХ ғасырдың екінші
жартысында қабылданғанда-
рын мұқият сараптаудан өт-
кізді. Ізденіс географиясы да
ауқымды болатын – ол Еуро-
паны, Азия ны, Солтүстік және
Латын Америкасын қамтыды.
Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің
өзі ынталылық жасап, сол кез-
дері Еуропа мен Азияның, Сол-
түстік Латын Америкасының
барлығы 20-дан астам дамыған
және дамушы елдерінің консти-
туцияларын зерттеп, саралап
шықты. Сосын 1994 жылы өз
қолымен Әділет министрлігіне
жаңа конституцияның жобасын
тапсырған болатын. Нақ осы
үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыз-
дың негізін қалаған еді.
Шындығында, 1995 жылғы
Конституция ны талқылау ке-
зеңінде еліміздегі беделді заң-
герлерден бөлек, Францияның
Конституциялық кеңесінің
өкілдері, осы елдің мемлекеттік
кеңесінің мүшелері, Ресей зерт-
теу орталығының ең беделді
заңгерлері жобалық жұмыстың
талқылау шараларына атсалыс-
ты. Бұл жөнінде Елбасы «Қа-
зақстандық жол» атты кітабын-
да: «1995 жылғы Конституция
тақыр жерде пайда болған жоқ.
Ол егемен Қазақстанда конс-
титуциялық құрылыс орнату
үшін бұрыннан жинақталған
тәжірибелерді, сондай-ақ,
біздің жағдайымызға сәйкес
келетін ең прогресшіл шетелдік
тәжірибелерді барынша толық
пайдаланған еді. Сондықтан
да, кімде-кім еліміздің негізгі
заңының рухы мен маңызын
терең түсінгісі келсе, оны жа-
саудың, қалыптастырудың та-
рихын жақсы білуі керек», – де-
ген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |