2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,15 Mb.
#7790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Елдік мұраттың айғағы

 

„

 «Мейірім», «облыстық салауатты 



өмір салтын қалыптастыру орталығы» 

бастауыш партия ұйымдарында 

Елбасының «қазақстан жаңа жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар

даму» атты Жолдауын талқылады.

асылы ӘДІЛ

«Мейірім»  бастауыш  партия  ұйымының  төрайымы                      

Марина Алиева өз баяндамасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

жыл сайынғы Жолдауларында елдің саяси, экономикалық және 

әлеуметтік,  мәдени  тірлігінің  негізгі  бағыттарын  айқындап 

келетінін атап өтті.

Талқылауға қатысқан №5 орта мектептің мұғалімі Раушан 

Бегасилова «Елбасы Жолдауы – халқымыздың жарқын болашақ 

алдындағы баянды бағдаршамы» атты баяндама жасаса, №2 орта 

мектептің мұғалімі Сұлтан Жазықбаев Елбасының Жолдауындағы 

дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытына 

нақты тоқталды.

Бастауыш  партия  ұйымының  жиналысына  «Нұр  Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынба-

сары Балжан Пернебекова Елбасының дағдарыс тығырығынан 

шығу, жаңа белестерді бағындыру, қандай қиындықтар болса да, 

әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 

5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат 

беретін міндеттерді айқындап бергендігін айтып, партияластарын 

осы міндеттерді бірге еңсеруге шақырды.

Ал  «Облыстық  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

орталығы» бастауыш партия ұйымының жиналысында бастауыш 

партия ұйымының төрайымы Балхаш Сарыбаева өз хабарламасын-

да қазіргі әлемді жаһандық дағдарыстан құтқаруға бағытталған 

кезекті Жолдаудың әр бағытына толық тоқталып өтті.

Талқылауға қатысқан Жамбыл  облыстық  салауатты  өмір  

салтын  қалыптастыру  мәселелері  орталығы  директорының 

орынбасары    Сәуле  Әбдікәрімова  Елбасының  Жолдауындағы 

әлеуметтік сала қызметкерлеріне жасалып отырған қамқорлықты, 

ұжым қызметкерлерінің қуана қолдап отырғандығын жеткізді.

  –  Біз  медицина  қызметкерлері,  Ұлт  көшбасшысының 

Жолдауын  толықтай  қолдаймыз  және  алдымызға  қойылған 

міндеттемелерді,  әсіресе,  еліміздегі  медицинаның  дамуына 

және қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған 

тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерімізді саламыз,- деп 

ағынан жарылды партия мүшесі, «Қан» орталығының  техникалық  

қауіпсіздігі  жөніндегі  инженері Елена  Ожерелова.

Жиынды    «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық  филиалы 

саяси кеңесінің мүшесі М.Бокаева қорытындылап, өз сөзінде, 

экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жаңарту  жолындағы 

жарияланған жаңа, маңызды адымдар әрбір қазақстандық отба-

сы мен әрбір еңбек адамын немқұрайлы қалдырмайтындығына 

тоқталып,  партияластарын  Жолдауды  жұмыла  насихаттауға 

үндеді.


ӨндірістЕ салғырттық 

ЖараМайды

 

„

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы 



ағымдағы жылдың 11 айында атқарған жұмысы туралы есебін берді.

Шынболат СЕЙДУаЛИЕВ

Басқарма өңірдің еңбек ұжымдарында 

еңбек  заңнамаларының  сақталуына 

мемлекеттік    бақылауды  қамтамасыз 

ету  мақсатында  осы  жылы  279  тексе-

ру  жұмыстарын  жүргізген.  192  жос-

пардан  тыс,  оның  178-і  азаматтардың 

арыз-шағымдарына қатысты тексерулер 

жүргізіп, нәтижесінде 641 заң бұзушылық 

жағдайларын анықтаған. Осы анықталған 

заң  бұзушылықтардың  397-сі  еңбек 

қатынастары, 234 еңбек қауіпсіздігі мен 

еңбекті  қорғау,  10  халықты  жұмыспен 

қамту  заңнамаларының  орындалуына  

байланысты орын алған. 

- Тараз қаласында  «СКА-ЮГ» шағын 

футбол клубы еңбек шарты тоқтатылған 

кезде  пайдаланылған  жыл  сайынғы 

ақылы  еңбек  демалысы  үшін  өтемақы 

төлемеген,  зиянды  жұмыс  орындар-

да  қызмет  атқаратын  қызметкерлерді  

кезекті еңбек демалысынан келісімінсіз 

Қорғаныс  Күштері  департаментінде, 

облыстық  Жасөспірімдер  үйінде 

заңсыз  шақырған,-деген  Жамбыл  об-

лысы  әкімдігінің  еңбек  инспекциясы 

басқармасының  басшысы  Серғали                                                                                             

Айдапкелов  осыған  ұқсас  фактілер 

өңірдегі жеке кәсіпкерлік, спорт, білім беру 

салаларында да орын алып отырғандығын 

жеткізді. Сондай-ақ ол еңбек саласында 

шиеленіс  тудыратын  үлкен  мәселенің 

бірі  жалақының  уақытылы  төленбеуі 

және  жалақы  қарызының  жинақталуы 

екендігін атап өтті. Мәселен, жыл басынан 

бері 20 кәсіпорында 4329 қызметкерге 

562,77 млн.теңгенің жалақы қарызы бары 

анықталған. Осы мәселеге байланысты 

қабылданған шаралар нәтижесінде 3178 

қызметкердің  құқығы қорғалып, оларға 

491,22  млн.теңге  жалақы  қарыздары 

өтелінген. Бүгінгі таңда мемлекеттік еңбек 

инспекторларымен еңбек ұйымдарындағы 

еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі 

жағдайын  тексеру  барысында  18 

кәсіпорында  53,914  млн.теңге  жалақы 

қарыздары бары анықталып, жалақыны 

өтеуге ұйғарым беріліп, кәсіпорын басшы-

ларына 1 030 640 теңге әкімшілік айыппұл 

салынған. Бұлардың ішінде облысымызға 

танымал  бірнеше  мүйізі  қарағайдай 

кәсіпорындар бар. 

Осы  жылы  облысымыздағы  еңбек 

ұйымдарында 39 жазатайым оқиға орын 

алып, 48 адам жапа шеккен болса, оның 

11-і  қаза  тапқан.  Ағымдағы  жылдың 

басынан  бері  ең  көп  жапа  шегушілер 

тау-кен химия өнеркәсібі, құрылыс сала-

ларында және бюджеттік ұйымдарда орын 

алған. Осы жағдайларға орай басқарма 

бұйрығымен құрылған комиссиялар 50 

жазатайым  оқиғаларға  тергеп-тексеру 

жұмыстарын жүргізген. 

- Қазіргі таңдағы басты мәселелердің 

бірі – өндірістік  жазатайым оқиғалар. 

Болған  қандай  да  бір  жазатайым 

оқиғалар  туралы  арыз-шағымдар 

облыстық басқармаға уақытынан кешігіп 

келеді.  Мұнысымен  қоймай,  орын 

алған  оқиғадан  кейін  де  жұмысшылар 

ауруханаға уақыт оздырып немесе мүлде 

бармайды.  Өйткені жұмыс беруші мен 

жұмысшы  бір-бірімен  келісе  салады. 

Уақыт  өткеннен  кейін  жаны  ауырған 

жұмысшы бізге хабарласып, арызданады. 

Ал біз барып тексерсек, ешқандай дәлелді 

факт жоқ болып шығады. Сондықтан біз 

ешқандай шара қолдана алмай қаламыз. 

Тіпті  осындай  салғырттық  танытып, 

жарақатынан кейін мүгедектігін ала ал-

май жүргендер қаншама,-дейді Серғали 

Өмірзақұлы.  



салада даму бар

 

„

Елбасының 5 институционалдық реформасы, «нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  



қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысының орындалуы бойынша облыс 

әкімдігі  білім  басқармасы басшысының  орынбасары дәмеш ускумбаева  Бақ өкілдерімен 

баспасөз мәслихатын өткізді. 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

2015 жылы білім мекемелерін қаржыландыруға 75,0 млрд. 

теңге бөлініпті. Білім саласына жылдан-жылға  бөлінген қаржының 

артуы, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының 

нығаюы – білім деңгейінің өсуіне әсер ететінінің айғағы екені анық.  

Республикалық, халықаралық, дүниежүзілік пән олимпиадалары 

мен ғылыми жарыстарға облыстан қатысқан 263 оқушының  138-і  

жеңімпаз атанған. Білім сапасының деңгейін арттыру мақсатында 

біліктілікті арттыру курстарынан 2015 жылы 3745 педагог өтіпті. 

Республикалық, халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен 

байқауларда 207 педагог жеңімпаз атанса,4 педагог республика 

көлемінде «Үздік педагог-2015» атағын иеленіп, әрқайсысы 1 млн. 

980 мың теңге көлемінде сыйақы алыпты.  Ал «Орта білім беретін 

үздік ұйым» болып танылған Тараз қаласындағы №40 гимназияға 

17 091 200 көлемінде грант берілген. Сондай-ақ,  «Білім беру 

ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау»  бойынша жүргізілген 

рейтингтің нәтижесінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болған қалалық  

Б. Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының 

үздік педагогтеріне 500 000 теңгенің сертификаты тапсырылған. 

-  Бүгінгі  күні  барлығы  421  мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымдарында    44999  бала  тәрбиеленіп,  қамтылу  1-6    жас 

аралығындағы 52,8 %-ды, 3-6 жас аралығында  75,0%-ды құрап 

отыр. Мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік негізінде ашылған мек-

тепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 2014 жылға қарағанда 

12-ге өсіп, бүгінгі күні 37 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру 

ұйымдарында 3468 бала тәрбиеленуде. Жыл сайын мектепке дейінгі 

білім мекемелерінің саны  артқанымен, демографиялық өсімге 

байланысты  оған деген қажеттілік азаймай отыр.  Кезекте тұрған 

балалар саны – 33960. Оның ішінде 3-6 жас аралығында – 12287,- 

дейді білім басқармасы басшысының орынбасары.

Мектеп  жасындағы  балаларды  оқумен  толық  қамту 

шараларының бірі  - ыстық тамақ мәселесі. Облыстық мектеп-

интернаттарды қоспағанда, 449 мектептің 393-інде  асхана жұмыс 

істейді. Ондағы 197122 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету 

үшін жағдай жасалынған. Оның ішінде бір мезгіл  ыстық тамақпен 

39818 бала қамтылған. 

Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге және 

жалпы білім беретін мектептерді жергілікті бюджеттен бөлінген 

қаражат көлемі облыс бойынша 1 млрд. 115 млн.  467 мың теңге,  2,9 

пайызды құраған.  Ал оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету бары-

сында 4,5,6 және 11- сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік  

кешендеріне және 1-11 сыныптардың қосымша әдебиеттеріне тап-

сырыс беруге 918 млн. 799 мың теңге бөлінген.  Облыс бойынша 

мүмкіндігі шектеулі  7474 баланың 6464-і  арнайы балабақшалар 

мен топтарда, мектептер мен колледждерде білім алуда. Сонымен 

қатар, 9 психологиялық-педагогикалық коррекциялау кабинеттері 

мен  Оңалту  орталығында  1018  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 

коррекциялық –педагогикалық қолдау көрсетілуде.  

сала басшылары. 

  Суретті түсірген автор



«нұр отан» 

партиясының 

Жедел желісі 

іске қосылды

ЭкоНомика

7

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН 2015 Жыл  //



БӘсЕкЕГЕ дайын ӨніМ

 

„

«арайстроймаркет – 2003» Жшс-і өңіріміздің Индустрияландыру картасына 



енгізілген алюминий радиаторларын шығару жобасын облыста ғана емес, ел 

аумағында алғаш рет жүзеге асырған болатын. Бүгінде аталған серіктестік таразда 

жасалған отандық радиаторларды  «Экспо-2017» көрмесіне  ұсынуға әзір.

Нұржан СЕрІКХаНҰЛЫ

Осыдан тура он екі жыл бұрын Луговой 

кентінде қатты жер сілкінісі болғаны елдің 

есінде. Зілзаланың дүмпуі күшті болғаны 

сонша, бекет маңындағы ауылдар да үлкен 

зардап шекті. Айтып келмейтін апаттан 

7502  тұрғын үй қирады. Арнайы құрылған 

комиссия осы үйлердің 2724-ін мүлде жа-

рамсыз деп тапты. Қалған 4778-і жөндеуді 

қажет етті. Әулиеата әлеуетіне салмағын 

салған сонау сын сағатта тұрғындардың 

қираған үйлерінің шаңырағын қайтадан 

көтеруге білек сыбана кірісіп, қолынан 

келгенше  көмегін  ұсынғандардың  бірі 

«Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігі  еді.  Сол  сәттен 

бері  серіктестік  өзінің  кәсіби  бағытын 

нақтылап,  өңірдің  құрылыс  саласын-

да  қарқынмен  еңбек  етіп  келе  жатыр. 

Алғашында жол құрылысымен айналыса 

жүріп, құрылыс материалдарын да өзімізде 

дайындауды мықтап қолға алды.  Бүгінде  

Қазақстанда алғаш боп алюминий және би-

металл радиаторлар өндіруді іске асырған 

серіктестік өңірдің құрылыс саласында 

өзіндік орны бар үлкен мекемеге айналып 

отыр.  

Жалпы  Қазақстанда  құрылыс  мате-



риалдары өндірісі Кеңес одағы тұсынан 

қалыптасқан  болатын.  Бірақ  еліміз 

тәуелсіздікке ие болып, бұрынғы КСРО 

кеңістігіндегі  экономикалық  байланы-

стар әлсіреген тұста ең алдымен зардап 

шеккендердің бірі осы құрылыс материал-

дары өндірісі еді. Ірі қалаларда жұмыс істеп 

келген құрылыс трестерінің, құрылыс мате-

риалдары комбинаттары мен зауыттарының 

жұмысы тоқтады. Сондықтан құрылыс ма-

териалдары өндірісінің жаңа тарихы еліміз 

тәуелсіздік алып, ес жиған шақтан қайта 

басталғандығы  ақиқат.  Нақты  уақытта 

құрылыс саласында отандық өнімдердің 

үлесі артып, тәжірибелер іс жүзінде даму 

үстінде.  Жыл сайын қала ішінде соғылып 

жатқан  жаңа  ғимараттар,  пайдалануға 

беріліп  жатқан  әлеуметтік  нысандар 

осының айғағы. Мәселеге орай биылғы 

республикалық «Алтын САПА» байқауына 

өз өнімдерімен қатысып жатқан «Арай-

строймаркет-2003» серіктестігіне ат басын 

бұрып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен 

танысып қайттық. 

- Ең бірінші әлеуметтік нысандардың 

құрылысына араласып жүріп, осы тұста 

импорттық  материалдарды  көптеп  са-

тып  алуға  тура  келетініне  қатты  назар 

аудардық. Содан бері құрылысқа қажетті 

материалдарды  өзімізде  даярлауға  бел 

будық. Жалпы кәсіпорынның жұмысы 2003 

жылы басталды. Карьер, асфальт, бетон 

шығаратын цехтарымыз бар. Өнімдеріміз 

арқылы  түрлі  байқауларда  бақ  сынап, 

жеңімпаз да атандық. Биылғы жылдың ба-

сында жылытқыш радиаторлар жасау ісін 

қолға алған болатынбыз.  Бұл кез келген 

нысанға қажет өнім. Радиаторларымызға 

Елбасының  өзі  де,  тұтынушы  халық 

та  жоғары  баға  берді.  Бұған  қоса,  пла-

стик терезе, есіктер, құрылысқа қажетті 

материалдардың барлық түрін шығарамыз. 

Бізде ең бастысы, өнімнің сапасына терең 

мән беріледі,-дейді кәсіпорынның басшы-

сы Арман Еділбаев.

Өз еңбек жолын «Таразжолқұрылыс» 

ЖШС-інде механик болып бастаған Арман 

Захарыпұлы 2003 жылы «Арайстроймар-

кет-2003» серіктестігін ашып, бүгінгі күнге 

дейін өз кәсіпорнын басқарып келеді. 

- Зауыттың жылдық өнім өндіру қуаты 

–  250  мың  дана  (секция)  алюминий 

радиатор. Күніне 5 мыңға жуық радиа-

тор  әзірленеді.  Оның  бұрынғы  шойын 

радиаторларға қарағанда артықшылығы 

көп.  Біріншіден,  ол  жеңіл  әрі  шағын, 

екіншіден, сыртқы келбеті сәнді және жылу 

реттеп тұратын тетіктері бар. Өнімімізді 

ЭКСПО құрылысына да ұсынатын бола-

мыз. Радиаторлар әр үйдегі бөлмелер мен 

терезелердің санына қарай жинастыры-

лады. Мәселен, шағын ас үйде төрт дана 

радиатор  тұрады.  Яғни  бір  данасы  бір 

жарым квадрат метрге есептеледі. Есебін 

өзім  шығарып  отырамын.  «Бәйтерек» 

мөлтек  ауданындағы  жаңадан  ашылған 

балабақшаны біз өзіміз салдық. Барлығы 

біздің өнім. Және «Құлагер» құрылыс ком-

паниясымен бірлесіп, біздің өнімдермен 

Астанада  төрт  үй  салынды.  Таяуда 

Көкшетауға  да    көп  пәтерлі  үй  салуға 

қажетті  тауар  жібердік.  Ұжым  бойын-

ша  жұмысшылардың  саны  -  250  адам. 

Ал  радиатор  шығаратын  зауытта  20 

адам  екі  ауысыммен  жұмыс  жасайды. 

Жұмысшылардың ең төменгі жалақысы 

60 мың, жоғарысы жұмыс өтілі мен кәсіби 

міндетіне қарай 150 мың теңге. Барлығы 

жергілікті азаматтар. Басында қытайдан 

мамандар келіп, жарты жыл бізбен бірге 

жұмыс жасады. Технология Италиянікі, 

құрылғылар Қытайдікі,-дейді кәсіпкер.

Кәсіпорында өндірілген радиатордың 

бір данасы (1 секция) 1500-1750 теңгені 

құрайды  екен.  Биалюминий  радиаторы 

қатты  қысымға,  көп  қабатты  үйлерге 

арналған, темір қоспасы бар. Қымбатырағы 

да осы. Ал алюминий радиаторлар жеке, 

өз қазандықтары бар үйлерге арналған. 

Тиімді әрі арзан. Бүгінгі таңда тек тапсы-

рыспен жұмыс жасап отырған кәсіпорын 

болашақта  өндірістің  өрісін  бұдан  әрі 

кеңейтуді жоспарлап отыр. 

« Ж о ғ а р ы   т е х н о л о г и я л ы қ 

құрылғыларымызға Елбасының өзі үлкен 

баға  беріп  кетті.  Табыс  тіледі.  Жалпы 

радиатор өндіретін техника құны 1 млн. 

АҚШ долларын құрады. Бұл қаражаттың 

бір бөлігі – «Бизнестің жол картасы-2020» 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясындағы 

банктен алынған қарыз. Қалған қаражат 

жеке  өзіміздің  қатысуымыз.  Аталған 

бағдарлама арқылы «Даму» қорының суб-

сидиялауы арқылы алдық»,-дейді Арман  

Захарыпұлы. Құрылыс саласында бірнеше 

бағыт бойынша өнім өндіретін кәсіпорын 

басшысы қаржы дағдарысына байланысты 

кедергілерді де жасырған жоқ. Себебі ради-

атор жасауға қажетті алюминий шикізаты 

Ресейден  алынады  екен.  Павлодарда 

шығарылатын  таза  алюминий  радиатор 

өндіруге жарамайтын көрінеді. Ал біздің 

радиаторлар  15  пайыздық  қоспасы  бар 

Ресейдің  шикізатына  мұқтаж.  «Егерде 

алдағы уақытта Павлодардағы алюминийді 

15 пайыздық қоспамен өндірсе, өзіміздің 

шикізатпен өнім шығару әлдеқайда тиімді 

болар  еді»-дейді  сала  мамандары.  Со-

нымен қатар, кәсіпорын басшысы келер 

жылы тамақ өнімдерін өндіруді де жоспар-

лап отыр екен. Қазіргі таңда құжаттама 

рәсімдері  әзірленіп  жатқан  ол  өндіріс 

сүт  өндірумен  айналысатын  болады 

және тағы да 20 адамды жаңа жұмыспен 

қамтымақ. Дегенмен, ол бастама алдағы 

уақыттың  еншісінде.  Бірақ  құрылыс 

кәсіпорны  өз  жұмысын  тоқтатпайды. 

Қарамағында  180  дана  жүк  көлігі  бар 

өндіріс орнының «Алюминий радиатор-

лары  мен  бұйымдарын  жасап  шығару» 

желісінде  бірнеше  шетелдің  жоғары 

технологиялары  тыным  таппай  жұмыс 

жасауда. Цехтағы жұмысшылардың басым 

көпшілігі жас мамандар. Жұмыс барысын-

да Елбасының алдында өндірістің жұмысы 

бойынша есеп берген өндіру бөлімінің бас-

шысы Сергей Лютовты да жолықтырдық. 

«Ең басында кәсіпорынның қара жұмысын 

осы Сергей екеуміз атқаратынбыз. Кейін 

ісіміз оңға басты. Қазір жұмысшылар өз 

істерін  жетік  меңгерген  білікті  маман-

дар.  Олардың  ісіне  көп  араласудың  да 

қажеті  жоқ.  Жалпы  цехтың  өзі  жоғары 

технологиялармен автоматтандырылған. 

Ғимараттың өзі еуропалық үлгіде соғылды. 

Шағын, барлық техникалық құрылғылар 

жақын орналасқан. Еуропа халықтарының 

өндірістегі  жұмысы  бізге  ұқсас.  Олар 

да асықпай, зерделеп, салмақпен жұмыс 

жасайды.  Ал  үлкен  мүмкіндіктердің 

республикасы  атанған  Қытайда  жағдай 

мүлде бөлек. Мәселен Қытайда біздікіндей 

өнімді  даярлау  үшін  он,  жиырма  есе 

үлкен кәсіпорын ғимаратын ашады. Және 

барлығын жылдам жасауға тырысады»-

дейді А. Еділбаев. 

Бүгінде аталған кәсіпорынның басты 

тұтынушылары  қатарында  елордамыз 

Астанадан бастап, Көкшетау, Қостанай, 

Павлодар, Петропавл (Қызылжар) сынды 

еліміздің суық өңірлерінің барлығы тұр. 

Келісім бойынша сатылатын тауар өнімдері 

былайғы тұрғындар үшін «Арна-Тараз» 

дүкенінде сатылады. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  кәсіпорынның 

жұмысы көңіл қуантарлықтай. Бүгінгідей 

қаймана жұртты қыспаққа алған қаржы 

дағдарысына қарамай, өз ісін бірқалыпты 

жүзеге асырып отыр. Тіпті алдағы жылы 

қосымша  сүт  өндірумен  де  айналысу 

жоспарда бар. Себебі «инженер-механик» 

мамандығын игерген серіктестік директо-

ры, облыстық мәслихат депутаты Арман 

Захарыпұлының «аспазшы» мамандығы 

бойынша да білімі бар екен.  Өз Отанының 

нағыз патриоты екендігін ісімен дәлелдеп 

жүрген осындай азаматтары барда алдағы 

уақытта елімізге шетелдік өнімді сатып 

алудың да қажеті шамалы.

отандық шикізатты пайдаланамыз. 

  Суреттерді түсірген В.Алсуфьев


8

//   «ЖАмбыл - ТАрАз»  //  №50 (1285), 9 ЖЕлТОҚСАН   2015 Жыл  //

тірШілік

 

„

9 желтоқсан  Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні және 16 желтоқсан  



тәуелсіздік күні қарсаңында қр Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 

және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Үздік жас мемлекеттік қызметші» 

облыстық байқауы өтті.

Жас қызМЕтші Үздік Болса

арсен БаЙЗаҚ

Қалалық мәдениет үйінде өткен аймақтық шарада 

жас мемлекеттік қызметшілер негізінен ҚР Президенті 

Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» 

атты халыққа арнаған Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарын іске асыру жолында біліктіліктерін шыңдады. 

Байқауға жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық 

бөлімшелерінің және орталық атқарушы органдардың 

аумақтық бөлімшелерінде қызмет атқаратын, жасы 30-ға 

дейінгі азаматтар қатысты. Арнайы құрылған комиссияның 

шешіміне сәйкес байқаудың бірінші кезеңінен (эссе жазу) 

өткен 15 жас мемлекеттік қызметші екінші және үшінші 

кезеңдерге қатысып, өз бақтарын сынады. Бірақ бұл жолы 

байқауға 13 жас мемлекеттік қызметші қатысты. Екінші 

кезеңде регламент бойынша «Таныстыру» және «Сұрақ-

жауап» бөлімдерінен тұрды. Бұл айналымда қатысушы 

өзінің шығармашылық және жеке қабілетін көрсетті. Со-

нымен қатар, қатысушылар Қазақстан Республикасының 

қолданыстағы заңнама талаптарын, бағдарламалық 

құжаттарды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және т.б. 

нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейі бойынша 

берілген сұрақтарға жауап берді.Үшінші ақтық кезеңде 

байқауға қатысушылар мемлекеттік қызмет саласына 

қатысты жобаларын қорғады. Шараның ашылу салтанатын-

да сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы 

бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік 

кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев айтулы байқау 

негізінен жас мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруге 

арналып отырғандығын алға тартып, қатысушыларға сәттілік 

тіледі. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша 1- орынға 

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бас 

маманы Еркебұлан Есмаханов, 2- орынға Жуалы аудандық 

мәслихатының бас маманы Мұстафа Бектұрғанов, 3 - орынға 

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің бас маманы Жансая Оспанова иеленді. Байқау 

қатысушылары мен жеңімпаздары дипломдар және бағалы 

сыйлықтармен марапатталды.



ғасыр індетінен қалай айығамыз?

 

„



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет