Түйін
Бұл мақала шет тілін оқытудағы ғылыми-зерттеулік құзыреттілікті қалыптастыру барысында әдіскерлік үлгінің
ұстанымдарын құрастыру мәселесін талқылайды. Сондай ақ, ғылыми-зерттеулік құзыреттілікті қалыптастыруда
әдіскерлік үлгінің барлық ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.
Summary
This article is devoted to the principles of constructing teaching models. It stops at the formation of scientific-research
competence of future foreign language teachers.
ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОТЫРЫП,
ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Ы.Н. Бердешова – аға оқытушы, ҚазМемҚызПУ, Алматы қаласы
Президенттің 2012 жыл 27 қаңтардағы Жолдауында жастарды отансүйгіштік рухында, мораль және
парасаттылық, ұлтаралық келісім және толеранттылық, физикалық және рухани даму нормаларына сай
тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол мақсат қойылды. Президенттің айтуы бойынша, бұл құндылықтар,
меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Жастарды
тәрбиелеуде жаңа сапаға көшіп, жаңа механизмдерді жүзеге асыру керек. Қазіргі заманда жастар саясат-
тан белгілі бір дәрежеде алшақтаған, деструктивті әсерлер күшеюде, тұрмыстық жағдайдың қиындығы,
діни ағымдар сияқты кедергі жасаушы факторлар да бар. Сондықтан тәрбие жұмысын жүргізуде жылдам,
шапшаң қимылдап, жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек [1].
Әрбір қоғамның, әрбір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, тәрбиеленуіне байла-
нысты. Сондықтан, бұл мәселеге мән беру тұрмыстық-әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар
үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болған, келешекте де солай бола
береді. Қазақ халқы да ежелден "ат тұяғын тай басар" жастарының жайына бей-жай қараған жоқ. Сондық-
тан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берік сақтау
үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын тауып отырды. Ата буынның үмітін бала буын
ақтай білді, қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақ-
ты, барша Қазақстаңдықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай
өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жасырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не
нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сұрақтар-
дың алдымызды орайтыны рас.
Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстамағаны жақсы.
Өйткені, олар – елдің болашағы. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді
мәреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек. Және
мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. "Егер біз лаулап жанбасақ..." деген тіркес бар. Сол
тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысьп тұруы міндетті
емес пе?
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
207
Қолда бар дерекгерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше,
олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық
кезде осылай болған. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғам-
да өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің
қиындықтарымен айқындалады [2].
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың болашақта маңызды салмаққа ие болар
халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы
рөлі мен орнын бағалауға жол беруді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін
әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де
жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық
ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық
өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым
тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен
тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан
түбегейлі өзгерді.
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай,
жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем
өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық
қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты
қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет
жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен
жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының
өзекті міндеті – жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық,
әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдас-
тырушылық жағдайларды жасау мен нығайту [3].
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді
көздейді:
Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамта-
масыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процес-
теріне тарту.
Абайлап қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қамқарекеттерінде жаңа бір үрдіс байқалады. Ол өздері
өмір сүріп отырған коғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан қайткен күнде де соны
өзгертуге тырысушылық. Осының жолында қандай әрекеттерге болсын олар әзір. Қазақстандық қоғам-
дық түбегейлік қайта құрулар барлық әлеуметтік топтар, соның ішінде жастардың да басына түскен бір
тұтас жүйенің құлдырауымен бірге жүреді. Бұл асу бір сәтте және барлық адамдар үшін бірдей болуы
мүмкін емес. Қазақстандық модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты "жаңа қазақтар" емес,
сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, ал олардың ішінде каншама жасөспірімдер, балалар
мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіш-
тері өсуде. Қазіргі таңда айтарлықтай сұранысқа ие болмай жатқан мамандықтың көбейе түсуі жұмыссыз-
дықтың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соқты-
руда. Жұмыссыздар ішінде бүгінде жастар тобының алар орны өте үлкен. Жұмыс күшіне деген сұраныс
пен ұсыныстың арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Бүгінде жасөспірімдер ақысы төмен әрі біліктілігі
төмен жұмыстарға қызықпайды, соған қарамастан жоғары оқу орындарының басым көпшілігінің маман-
дар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр. Мұндай жағдайда жастар арасында
әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсе түседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез келген жолдармен
көтеруге ұмтылады.
Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады. Бүгінде Қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық
пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтыс тартыстың көзі болып отыр.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г.
208
Жастар аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және
болып жатқан уақиғалардағы сәйкессіздіктерді терең сезіммен, эмоциялы қабылдайды. Басқа жағынан
алсақ, жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақ-
тылық, жаугерлік пен айтыс-керіс қарым-қатынастары ертеңгі Қазақстан қоғамының болашағында
жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді. Егер де мемлекет болашаққа бағыт ұстаған болса, ол
жастардың санасыңдағы өзгерістерсіз жүзеге аспайды. Бүгінгі жастар қандай құндылықтармен тәрбиелен-
се, болашақ та соңдай болмақ. Адам төзгісіз жағдайларда өмір сүріп жатқан және осыған лайық ментали-
тетке ие болған жастар болашақты да осындай санамен құрады. Сондықтан да мемлекет жастардың
санасын қалыптастыруға, нақты бағыттағы саналы күш-жігер жұмсауы тиіс. Жастар – қоғамның ең басты
стратегиялық ресурсы. Тек қана құрылыс және өндірістік жобаларды қаржыландырып қана қоймай, адам-
ның жан-жақты соның ішінде мәдени-рухани әлеуметтік дамуына баса назар аудару қажет. Қазақстан-
дағы жастар саясатының түп негізін қайта қарау қажет. Жастар саясатының екі түрі бар: біріншісі,
мүгедек балаларға, қиын жағдайға ұшыраған жасөспірімдерге, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету
және екіншісі, жас адам белгілі бір жағдайларда өз мәселесін өз шеше алатын, өзін-өзі қорғау бар. Жастар
саясатының жүзеге асырылуында жастар өздерінің қоғамдық құрылымдары арқылы тікелей атсалысуы
кажет. Ауыл жастары да мемлекетіміздің болашағы болып табылады. Біз олардың ішінен тек білімді
жастарды ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дарынды, тәрбиелі жастарды көруіміз керек. Біздің
азаматтық міндетіміз ұрпаққа отанымыз біреу ғана екендігін, оның аты Қазақстан екендігін, ол жылдар
бойы ұрпақтардың тері мен қаны арқылы құрылғандығын және оның болашағы қазіргі жастардың қолын-
да екендігін жеткізуіміз болып табылады, өйткені қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асыру
және XXI ғасырда алаңсыз өмір сүру солардың қолында. Әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдерінде
жастар және балалар ұйымдары мемлекеттік көмекті пайдаланады. Олардың маңызды әлеуметтік жобала-
ры бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан да республикадағы жастар қозғалысының бұдан әрі
дамуы мемлекеттің қолдауынсыз аса қиын болмақ. Жастар жалқау да, жігерсіз де емес. Олар жетекші
күшке де айнала алады. Жалпы, қазақ халқының саналық, рухани-интеллектуалдық потенциалы зор
екенін тарих дәлелдеп берді. Демек, қазақ жастарына себебін көрмей, салдары арқылы ғана кейіс білдіру-
дің, құрғақ ақыл айтудың қажеті жоқ. Жастарға мүмкіндік беру керек. Ол жастарды әлеуметтік қорғауға
және бүгінгі күні жастар алдында тұрған бірқатар міндеттер мен мақсаттарды орыңдауға ықпал жасайды
деп ойлаймыз. ХХІ ғасырды дарынды және еңбекшіл жастардың ғасыры деп еш күмәнсыз айта аламыз.
Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке
алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет
тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі күні
жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты механизмі болып табылады.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық
міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының
жаңа арнаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты.
Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді,
мұның өзі жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Жастардың тән, жан саулығы – елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факто-
ры. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік,
ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс.
Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құнды-
лықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының
қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлық-
тай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына
жан-жақты әсер етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей
күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою – мемлекет алдында-
ғы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда
отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкер-
шілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.
Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық
ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға –
Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
209
Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектеп-
терден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын
театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу-әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер
шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақ-
тық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ
тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады [4].
Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен
фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына
діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек. Мемлекет дарынды тұл-
ғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай
жасауды басшылыққа алады. Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту,
жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекеме-
лер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлға-
ларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақы-
лар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді
көздейді. Қорыта айтқанда, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау мен дамыту-
дың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізілуі тиіс.
1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Абдирайымова Г. С. Социалъная работа с молодежью. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Жоба. // Егемен Қазақстан,
2002, 14 мамыр.
4. Жаңа ғасыр – жастардың қолында. // Астана Ақшамы, 2002, 27 шілде.
Түйін
Бұл мақала шет тілін оқытудағы ғылыми-зерттеулік құзыреттілікті қалыптастыру барысында әдіскерлік үлгінің
ұстанымдарын құрастыру мәселесін талқылайды. Сондай ақ, ғылыми-зерттеулік құзыреттілікті қалыптастыруда
әдіскерлік үлгінің барлық ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.
Summary
This article is devoted to the principles of constructing teaching models. It stops at the formation of scientific-research
competence of future foreign language teachers.
ТҮР-ТҮС КОНЦЕПТІСІНІҢ ӘР ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛТТЫҚДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ
ОРТАҚ ТҰСТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Б. Жүнісбекова – оқытушы, ҚазМемҚызПУ
Бүгінгі таңда лингвистика ғылымы әрбір ұлттың рухани ой-санасын, дүниетанымын, мәдениетін тіл
арқылы зерттеуге бағыт алуда. Біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде барлық саладағы халықара-
лық байланыстардың нығаюы әр түрлі тіл және мәдениет өкілдерінің әлемді қабылдау, сезіну ерекшелік-
терін тану және түсіну қажеттілігін сезінуде. Этностар арасындағы мәдени және психологиялық ерекше-
ліктерді зерттеудің бірден-бір жолы ол концептерді зерттеу [1]. Әрбір ұлттың ұлттық дүниетанымын және
мәдениеті мен әдет-ғұрпындағы ерекшеліктерін айқындайтын және менталитетін көрсететін мәнді
концепттердің бірі «түр-түстер» концептісі. Қазақ, қытай тілдеріндегі түр-түс концептісін ашатын ұлттық
мәдени реңктегі сөздер мен сөз тіркестерін салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы түр-түс концептісінің
ұлттық-мәдени сипаты мен ерекшеліктерін және жалпы адамзатқа ортақ тұстарын айқындауға болады.
Қазіргі уақытта тіл мен мәдениеттің арақатынасы мәселесі когнитивтік лингвистика ұстанымдары негізін-
де түсіндіріліп, жалпы лингвомәдениеттану теориясының дамуына үлес қосуда. Сонымен қатар, қазақ,
ағылшын, қытай тілдерінде түр-түс концептісі арқылы берілетін ұлттық дүниетаным көрінісін тіл және
мәдениет тұрғысынан жан-жақтылы зерттеу арқылы, түр-түс концептісінің әр халықтың ұлттық дүниета-
нымдағы ортақ тұстары мен ерекшеліктері айқындалады. Әрбір ұлттың түсінігінде түр-түстердің өзіндік
ұғымы болады, кейде бір түс бояуының өзі жағымды да, жағымсыз да мағына беруі мүмкін. Кейбір
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г.
210
түстердің психологиялық әсеріне тоқтала кетсек; ақ түс – жеңіл, таза, балғын, пәк, тыныштандырғыш; ал
сары түс – жылы, ашық, көңілді, көк түс – ауыр, суық, тыныш, тығыз, қатаң; көгілдір түс – жеңіл, қоңыр
салқын, балғын, тұнық; қызыл түс – белсенді, ыстық, ауыр, еліктіргіш деген қасиеттерге ие. Әр халықтың
мемлекеттік рәміздері мен нышандары, символикасы, тарихы олардың ұлттық әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі
мен дүниетанымына байланысты болады. Жалпы адамзат ерте дәуірден бастап түр-түстерге ерекше мән
бере бастаған. Мысалы, ақ түс – жақсылық, сауығу, қара күштерді жеңу мағынасын берсе, қызыл түс –
өмір, күш, қуат; ал қара түс – ауру, өлім, жеңіліс, құлдырау және жалпы жамандық мағынасын берген.
Әрбір ұлт күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарын түрлі-түсті өрнектермен зерлеп сәндеу арқылы
жақсылық, құт-береке, денсаулық, молшылық, жолы болуын тілеген игі ниеттерін білдірген. Қытай халқы
мен басқа елдердің мәдениеті мен дүниетанымында көптеген айырмашылықтармен қатар, ұқсастықтар да
кездеседі. Қытай тіліндегі кейбір түстердің мағынасы қазақ және орыс тілдеріндегі мағынасына сәйкес
келе бермейді. Мәселен, қытай халқының ойшылы Сюньзцының атақты нақыл сөзінде 青出于蓝而胜于
蓝 qing chu yu lan er sheng yu lan екі түрлі түс қолданылған 青 qing және 蓝 lan. Көне қытай философиясы-
ның екінші томында бұл былайша аударылған: Бұл көк сыр (краска): индиго шөбінен алынған, индиго
шөбімен салыстырғанда көк түс әлдеқайда қоюлау, қанық түс. Басқа сөздікте былай аударылған: Көк түс
көгілдір түстен пайда болады, дегенмен оған қарағанда әлдеқайда қою, қанық, яғни, «ұстаздан шәкірт
озар» деген мағынада. Екеуінде де 青 qing сөзінің мағынасы көк түс екендігін байқаймыз. Ал негізінде
бұл түстің бірнеше түрлерін білдіреді: Үлкен қытайша – орысша сөздікте қою көгілдір, ашық көк, ашық
жасыл, қара, күңгірт деген бірнеше мағынасы кездеседі. Сондықтан көптеген сөз тіркестерінде бұл түс
әртүрлі аударылады: 青既非绿又非蓝 qing ji fei lu you fei lan мұндағы, «qing» көк түсі – не жасыл емес не
көгілдір емес, 青红皂白 qing hong zao bai көк пен қызыл және қара мен ақ (бір-біріне қарама-қарсы), 不分
青红皂白 bu fen qing hong zao bai «мұндағы түр-түстердің мағынасы жалпылай берілген, нақты айырма-
сын талқылап беру мүмкін емес», 青堂堂 qing tang tang «ашық жасыл», 青绿山水 qing lu shan shui «жап-
жасыл табиғат көріністері». Басқа түстермен үйлескенде «青» qing сөзінің мағынасын түсіндіріп беру
қиынға соғады. Мысалы: 他身材很高大, 青白脸色, 间时常夹些伤痕,一部乱蓬蓬的花白胡子。
Н.Т. Федоренко бұл сөйлемдегі 青白脸色 qing bai lian se және 花白胡子 hua bai hu zi сөз тіркесіндегі 青白
qing bai немесе 花白 hua bai деп ақ түсті екі түрлі қолданған, бірде өңі солғын, беті бозарған десе, бірде
сақалы ағарған немесе сақалының түсі ақшыл көк деп аударғандықтан, бұл түстің нақты қандай екенін
түсіну үшін бір аз ойлануға тура келеді. Ал қазақ тілінде «бет-әлпеті боп-боз, өңі солғын» және «бурыл
сақал» деп айтылады [2].
Әрбір халықтың бір түс мағынасы туралы түсінігі әрқилы болуы мүмкін. Қытай халқы үшін қызыл түс
нұр, күш-қуат, өмір тынысы, сәттілік, қуаныштың және бақыттың символы. Сондықтан бұл түсті ерекше
ұнатады. Кез-келген мереке кезінде қызыл фонарлар және қызыл қағазға жақсы тілектер жазып іледі.
Балаларға міндетті түрде ақшаны қызыл конвертке салып сыйлайды. Тіпті қонақтарға қызыл түсті дастар-
хан жаяды. Үйлену тойында қызыл түсті «喜» xi (қуаныш, бақыт) иероглифін жапсырады, қызыл түсті
киім киеді. Сондықтан қытай ұлты үшін қызыл түс ерекше мәдени мәнге ие. Мысалы: 这位作家很红 zhe
wei zuo jia hen hong «бұл атағы жер жарған жазушы» немесе 红运 hong yun «үлкен сәттілік» т.б. Ал
ағылшын тілінде бұл мағынада жасыл түс қолданылады. Ағылшындықтар үшін қызыл түс керісінше
қауіп-қатер немесе белгілі бір жағдайдың шектен шығу дәрежесін білдіреді. Осындай себептерге байла-
нысты 红楼梦 Hong lou meng «Қызыл сарайдағы түс» классикaлық романы «Тастағы жазулар» (石头记
Shi tou ji), ал романда мәтіндегі «көңілді қызыл аула» 怡红院 yi hong yuan «жасыл аула» деп аударылған.
Қытай тіліндегі қызыл сөзі қазақ тілінде 红茶 hong cha «қара шәй», орыс тілінде «черный чай», 红糖 hong
tang қызыл қант «сары қант», ал орыс тілінде «желтый сахар» деп әртүрлі аударылады.
Қытай ұлтының 红白喜事 hong bai xi shi «той мен өлім» деген сөз тіркесіндегі қызыл түс той, ал ақ түс
өлім-жітім, қайғы-қасіретпен байланысты. Қытай халқы үйлену салтанаты кезінде қалыңдық қызыл
көйлек кисе, күйеу жігіт қызыл галстук, қызыл белбеу тағады, ал еуропалықтар аппақ көйлек киеді. Ал
қазақ тіліндегі «ақ дастархан» тіркесіндегі ақ сөзі ақ пейілді білдірсе, «аққа құдай жақ» деп, күнәсіздік пен
адалдықты, тазалықты білдіреді. Қазақ халқы сұлулықты ақ, қара, қызыл түстерін қолдану арқылы сипат-
тайды, ал қытайлар қызыл түс арқылы жастық шақ пен сұлулықты бейнелейді. Мысалы: 红光满面 hong
guang man mian «беті нарттай қызыл, яғни денсаулығы мықты мағынасында», 红颜 hong yan «әдемі қыз»,
红男绿女 hong nan lu nu «қызылды-жасылды киінген әдемі, жас қыз-жігіттер» немесе 红人 hong ren орыс
тілінде «любимчик, фаворит», ал қазақ тілінде «ең сүйікті адам» мағынасында қолданылады [3].
Қытай тілінде заттың түсін сипаттауда 粉 fen «ұнтақ, ұн» сөзі ақ түс мағынасында қолданылады.
Мысалы: 粉墙 fen qiang «ақ қабырға», 粉底 布鞋 fen di bu xie «табаны күлгін түсті шүберек аяқ киім», 粉
笔 fen bi «бор, яғни ол ақ түсті», fen hong se қазақша «қызғылт түс», ал орысша «розовый». Ал «цянь»
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г.
211
морфемасы қызыл түсті сыр бояуын дайындайтын «цянь цао» марена өсімдігінің атауымен байланысты.
«Цянь jiang» орыс тілінде «мареновый» яғни, «қызыл түсті ерітінді» мағынасында қолданылады.
Батыс пен Шығыста бет-әлпетті сипаттайтын түстердің қолданылуында біршама айырмашылық бар.
Еуропалықтар қара торы, күнге тотыққан бет терісін денсаулығы мықты, сұлу адамдарға тән деп санаса,
ал қытай ұлты бет терісінің аппақ болғанын ұнатады да, сол үшін әдетте қолшатыр немесе үлкен қалпақ-
пен күннен қорғануға әрекеттенеді. Еуропалықтар «демалыс кезінде күнге әбден тотығып, өңің жақсарып
келіпті» деп мақтау сөз айтады, ал қытай ұлтына бұлай айтса, керісінше 黑得多了, 像个乡巴佬 hei de duo
le, xiang ge xiang ba lao «ауылдық шаруалар сияқты қап-қара болып кетіпсің» деген мағынада қабылдап
ренжиді. Қазақ халқында «қара жамылу» сөз тіркесіндегі қара түс өліммен байланысты. Батыс халқы
үшін де қара түс ауыр тұрмыстың, қайғы-қасірет нышаны. Әйтсе де, бұл ұқсастықтан басқа, қазақ
ұлтының дүниетанымында қара түстің «ұлы, қасиетті» деген жағымды мағынасы «қасиетті қара
шаңырақ» тіркесінде кездеседі [4].
Қытай ұлты үшін сары түс байлық пен патшалық лауазымның, биліктің символы. Ертеде Қытай
императорлары айдаһар бейнеленген сары түсті киім кигендіктен, бұл түсті «император түсі» деп те
атайды. Сонымен қатар, «жер кіндігі немесе орталығы» деген мағынасы да бар. 黄金时代 huang jin shi dai
«алтын ғасыр» немесе «гүлденген дәуір» деген тіркес қазақ-орыс тілдеріндегі мағынасына сәйкес келеді.
Ағылшын халқында сары түс «сатқындық, тұрақсыздық, қызғаншақтық» мағынасында қолданылады. Ал
қазақ тілінде жағымды мағынада «күн шуағы мен жылу, молшылықты» білдіреді. Жағымсыз мағынада
«сары уайымды» білдіретіндіктен, ұзатылған қызға сары түсті көрпе-жастық немесе т.б. бұйымдарды
сыйға бермейді. Орыс тілінде де осылай және «желтый дом» жындыхана, яғни ақыл-естің кемістігі
мағынасында қолданылады. Тіпті ерлі-зайыптының бірінің опасыздығы немесе «көзіне шөп салу»
мағынасында да қолданылады. Қазіргі қытай тілінде де 黄了 huang le «сарғайды» деп, яғни «сәтсіздікке
ұшырады» деп жағымсыз мағынада қолданылады. Мысалы: 买卖黄了 mai mai huang le «Сауда-саттық
келісімі ойдағыдай жүзеге аспады». 黄粱美梦 huang liang mei meng мысалында сары түс «сағым арман»
немесе «орындалуы екіталай арман» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қытай тілінде 黄色情的小说 huang
se qing de xiao shuo «сары роман», ал орыс тілінде «желтая пресса» яғни, «сары басылым» деген жағым-
сыз мағынасы да кездеседі. Қытай тіліндегі “黄” сары түс пен ағылшын тіліндегі «blue» көк түс бұл
халықтардың ұлттық мәдениетінде ұқсас мәнге ие, яғни билік пен лауазымның символы.
Қазақ халқында жасыл түс жағымды түс, жастықтың белгісі, сонымен қатар, мұсылмандар да жасыл
түсті ұнатады. Мұсылман мемлекeттерінің туы көбінесе жасыл түсті болады. Орыс халқында да жасыл
түс күш-қуат, сергектік, үміт сияқты жағымды мағына береді. Ал қытайларда 脸都绿了 lian dou lu le «беті
әрсіз, көріксіз» немесе 戴绿帽子 dai lu mao zi «жасыл телпек кию», «мүйіз тағу» сияқты жағымсыз мағына
береді. Сондықтан Қытайда бұрын дүкен сөрелерінде жасыл телпек өте сирек кездесетін және болса да,
көбінесе қытай ұлты сатып алып кимейтін. Ал 绿茶 lu cha қазақ тілінде «жасыл шәй» емес, «көк шәй» деп
қолданылады. Қазақ тілінде «көкті жұлма, көктей соласың» деген тыйым бар, мұндағы көк сөзі «жасыл,
балғын өсімдіктер» және «жастай, өрімдей жас» мағынасын береді. Яғни, ата-бабамыз жап-жасыл балғын
шөптерді бостан-босқа жұлуға тыйым салып, табиғатты аялауға көңіл бөлген. Жалпы, көк түс қазақ халқы
үшін мәңгілік пен бейбітшілік символы [5].
Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының қолданылуы мен символдық мән-мағынасында көне түркі
көшпенділерінің көк тәңіріне қатысты діни дүниетанымына тән ерекшеліктер көрініс береді. Сол сияқты
шығыстың Коңфузышылдық (тағылымшылдық) ағымы мен батыстың христиан діні дүниетанымында
болсын, көк аспан – тәңір, құдай мекені, ал тәңір әділдік пен адалдықтың бейнесі ретінде көрініс табады.
Әрбір ұлттың өзіне тән дүниетанымы, мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысу, ұқсастығы мен айырмашы-
лығын білу тек тілдік тұрғыдан ғана емес, мәдени қарым-қатынас жасауда өте маңызды болып табылады.
1. Щичко В.Ф. Теория и практика перевода. Китайский язык. – М., 2004.
2. Общие знания по культуре Китая. – Пекин, 2009.
3. Софронов М.В. Введение в китайский язык. – М., 1996.
4. Прядохин М.Г. Краткий словарь трудностей китайского языка. – М., 2000.
5. Қалибекұлы Т. Жалпыға арналған қытай тілі. - №2. Ш, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |