Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет29/36
Дата06.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#7840
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

Резюме 
В статье рассматриваются развитие и формирование познавательных процессов и деятельности дошкольников. В 
том числе были проанализированы высокие требования к организации познавательных процессов, таких как ощуще-
ние,  восприятие,  мышление,  речь,  память,  воображение  и  других  психических  процессов,  а  также  изменения  и 
новообразования данного возраста. 
 
Summary 
The  article  deals  with  the  development  and  formation  of  cognitive  processes  and  activities  of  preschoolers.  Also  there 
have been analyzed high requirements of  organization of cognitive processes, such as sensation, perception, thought, speech, 
memory, imagination, and other mental processes, as well as changes and growth of this age. 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ 
ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Т.И. Кокумбаева – п.ғ.к., доцент, ҚазМемҚызПУ 
 
Білім  беру  мазмұны  –  оқушыларлы  жан-жақты  дамыту,  ақыл-ойын,  танымдық  қызығушылығын 
қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі. 
Білім  беру  мазмұны  дидактикалық  категория  ретінде  «нені  оқыту  керек?»  сұрағына  жауап  береді. 
Оқушыларды  жан-жақты  дамтыру  үшін  оларға  адамзат  жинақтаған  білімдер,  біліктер  мен  дағдылардың 
жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына  қоятын ағымдағы және болашақ 
мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескере-
ді.  Айта  кететін  жайт,  оқу  мазмұны  әрқашан  саяси, идеологиялық  күрес  сахнасы.  Саяси  күштер  мектеп 
арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. 
Оқу  мазмұны  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  ғылыми-техникалық  қажеттіліктеріне  сай 
қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер 
мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді. Ал осының 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
181 
даму  бағыттарына:  дүниежүзілік  сапар  мен  еңбек  ресурстарындағы  білімнің  өтімділігі,  жеке  дара  білім 
мен  біліктілікке  баулу,  пәндерді  оқыту  арқылы  бейімді  білім  беру, әлемдік  білім  деңгейіне  кіру,  қазіргі 
және  болашақтағы  заманауи  жетістіктермен  ұштастыру.  Халықаралақ  және  қазақстандық  білім  беру 
бағдарламаларына  кіріктірілген  осы  күнгі  оқу  үш  деңгейде  жүргізіледі:  бастауыш  мектеп  –  негізгі  орта 
мектеп – жоғары мектеп. Бұл үштұғырлы білім жүйесі бірін-бірі толықтырып отыруға тиіс,. 
Халқымыздың «білікті – бірді, білімді – мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін білімнің шындығында 
да баға жетпес мәні зор. 
Білім  мазмұнына  әлеуметтік  және  ғылыми  жетістіктер  деңгейі  де  өз  әсерін  тигізеді.  Соңғы  кезде 
ғылыми  жаңалықтың  пайда  болуы  мен  оның  мектепте  оқытылуы  арасындағы  уақыт  қысқарып  бара 
жатыр. Мысалы, радио шыққанына қырық жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи 
компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.  
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті 
жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. 
Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  мәдениетке  байланысты  да  оқу  мазмұнында  ерекшеліктер  болады. 
Қазіргі  заманда  дүниежүзі  бойынша  оқу  мазмұны  адамдандыру,  компьютерлендіру,  кіріктіру,  тұлғалық 
даму  ерекшеліктеріне  негізделеді.  Оқу  мазмұны  дидактикалық  талаптар  негізінде  қай  сыныпта,  қандай 
көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғаш-
қы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.  
Білім  берудің  мазмұны  оқу  жоспарында  жеке  пәндердің  оқу  бағдарламаларында  және  оқулықтарда, 
электрондық оқу құралдарында нақтыланады. 
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамудың жоғары деңгейін 
және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағыт талған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі. 
Білім беру жүйелері, білім берудің міндеттері, жолдары, оқу орындарының мемлекеттік түрі басқа жә-
не жеке меншік түрлерін, білім берудің принциптері, оларды мемлекет талаптарына сай болуы көзделген.  
Білім  жүйесінің  негізін  бастауыш  мектептен  бастаған,  бастауыш  білім  берген.  Бұл  мектеп  жүйелі 
оқытудың, үйренудің, дағдыланудың нәтижесін беріп, халық ағарту жүйесінің аса маңызды буыны болып 
табылады. 
Бастауыш мектептегі білім елдің, халықтың сұранысын қанағат ете алмаған соң орталау, орта мектеп-
тер ашыла бастады. Қазақстанда міндетті түрдегі тегін орталау білімді ХХ ғасырдың 50-жылдары, ал орта 
білімді 60-70 жылдары іске қосты.  
Жалпы мектепке дейінгі, бастауыш, орталау, орта білім беру жеткіліксіз болғандықтан кәсіптік-техни-
калық, арнайы орта білімді мамандар дайындайтын оқу орындары өмірге келді.  
Жастардың білімі тек арнайы орта біліммен шектелмейді, мемлекет жоғары білімді қажет етеді.  
Білім  беру  жүйесі  жанұя,  балабақшадан  басталып  бастауыш,  орталау,  орта  және  кәсіптік  мектептер, 
арнайы  орта  (колледж),  жоғары  оқу  орындары,  бакалавриат,  магистратура,  доктарантура  және  білімді 
жетілдіру институттарына дейін жалғасады.  
Білім  беру алты және жеті жасқа дейін тәрбие  беріп, мектепке дайындау туралы айтылған, оны тегін 
жүргізу көзделген. 
Мектеп  жайында  жалпы  орта  білімнің  тегін  берілетіні,  оның  үздіксіз  өтетіні  және  міндетті  екені 
айтылған. 
Халықтың неғұрлым білімді, сауатты, мәденеитті болуына көңіл аударылады.  
Неғұрлым  оқушылар  мәдениетті  болса,  соғұрлым  қоғам  мәдениетті,  білімді  болады.  Мәдениетсіз 
оқушы байлықтың, дүниенің пархын білмейді. Ертеректе ата-бабалырымыз білімге қол созған, мәдениет-
ке ұмтылған.  
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастыры мен 
педагог  қызметтері  арасында  жанама  және  тікелей  байланыстырушы  ретінде,  әрі  педагогикалық  іс-
әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.  
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономика-
лық  қатынастарға  тәуелді.  Олар  тарих  желісінде  қалыптасып,  ерекше  танымдық  бейне  және  ұғымдар 
түрінде  қоғамдық  сана  формасына  енеді.  Өмірдің  әлеуметтік  шарттарының  өзгеріске  келуімен  тұлға, 
қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.  
Білім  –  қоғамдық  құндылықтардың  аса  маңыздысы.  Мұның  дәлелі  –  Ата  заңында  келтірілген  әрбір 
адамның  білім  алуға  болған  құқығы.  Бұл  құқық  әртүрлі  бастау,  тұжырым,  бағыттардың  дүниетаным 
шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
182 
Білім, өз кезегінде мемлекетті, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарға ие.  
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі – мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-
парасаттық,  ғылыми-техникалық,  рухани-мәдени,  және  экономикалық  мүмкіндіктерінің  негізі  –  білімде. 
Осыдан, білімді ел – мықты, мызғымас ел.  
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет 
және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермей-
ді. Мысалы, осы күнгі ҚР 12 жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеуші-
лікке ұшырауда.  
Білім,  әлеуметтік  қажеттілік  болуымен  бірге  біршама  қызметтер  атқарады.  Ғалымдардың  пайымдау-
ынша (Н.В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері төмендегідей: 
адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда 
әлем  және  барша  планета  азаматын  тәрбиелеуге  ұмтылыс  жасап,  білім  аймағында  барлық  күш-қуатын 
топтастыруда.  Дүниежүзілік  білім  кеңістігі  жедел  дамуда.  Сондықтан  да  әлем  қауымдастығы  адамның 
жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру 
талаптарын алға тартып отыр; 
Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың иедологиялық 
көзқарасы  мен  талғамдарының  әлеуметтік  танымдарының,  мұраттары  мен  тіртішілік  климаттарының 
түбегейлі  өзгеріске  түсіп  жатқан  заманда  білім  қайта  жаңғырту  мен  тарихи  және  әлеуметтік  тәжірибені 
әулеттен әулетке өткізу поцесін қалыпты жүргізуге  мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жаңа саяси эконо-
микалық  жағдайларды,  қоғам  және  мәдениет  дамуын  жаңа  бағыттарын  жас  ұрпақ  санасына  ендіріп, 
бекітуге жәрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтану қызметіне бола, адам жаңа өмір салттары 
мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді. 
Адамның  қоғамдық  және  рухани  өмірін,  сонымен  бірге  жалпы  халықтық  рухани  сана  қалыптастыру 
тетіктері: білім беру және тәрбиелеу мекемелері белгілі дәуір адамның әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерінің 
ең жоғары өрнек-үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті 
қоғам  адамның  маңыздылығымен  өлшенеді.  Білімнің  адамилық  (гуманистік)  құндылығы  әрбір  жеке 
тұлғаның танымдық және рухина қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің 
барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани-инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, 
даму жолына түседі.  
Мәдени  қалыпқа  енген  жеке  мінез-құлық  және  қимыл-әрекет  үлгілері  мен  қоғамдық  өмірдің  бекіген 
формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу және тәрбие барысында адам өркениет дамуына қажет 
әрі  мәдени-тарихи  маңызы  бар  әлеуметтік  мәдени  нормаларды  игереді,  атап  айтсақ,  олар:  адамның 
әлеуметтік  топтар  мен  өнідірістегі,  отбасы  мен  қоғамдық  орындардағы,  сонымен  бірге  ортақтасу,  жеке 
тұлғалық және іскерлік қатынастардағы моральдық және ізгілік талап өлшемдері. 
Аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі 
педагогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білім-
нің  арнасында  өтіп  жатады.  Аймақтық  білім  жүйесінде  бұқара  халық  арасындағы    әр  қилы  әлеуметтік 
топтардың сұраныстары ескеріледі.  
Тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге өткізіп тұрушы және іске 
асырушы  әлеуметтік  институт  (ресми  құрылым,  мекеме).  Әлеуметтік  институттар  жас  ұрпақты  бүгінгі 
қоғамда дербес жасалған мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.  
Жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленулердің белсенді үдеткіш күші. 
Білім  мазмұнын  жаңарту,  білім  беру  жүйесін  дамыту,  өмір  талабының  объективті  заңдылығы.  Әр 
халықтың тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастыры-
лып,  мектептегі  әр  халықтың  тарихи,  мәдени  және  әлеуметтік-экономикалық  ерекшелігі  диалектикалық 
бірлікте қарастырылып, мектептегі блім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуға тиіс.  
Білім  сапасына  ерекше  мән  беріледі,  ол  мына  қасиеттермен  сипатталады:  білімнің  толықтығы  мен 
ғылымилылығы, белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағұлматтар, 
түсініктер  мен  ұғымдар,  ережелер,  заңдар,  теориялар,  білімдерді  меңгеру  саналылығы,  оқушының 
ғылыми  заңдар  негізінде  фактілерді,  құбылыстарды,  материалдық  әлем  заттарын  түсіндіре  алуы,  білім-
дерді  ұқсас  жағдайларда  қолдана  алу  және  білімдер  мен  іс-әрекет  әдіс-тәсілдерін  жаңа  жағдайларға 
көшіре  алуы;  білімдер  жүйелілігі,  жаңа  түсініктер  мен  ұғымдардың  оқушы  санасындағы  бұдан  бұрын 
игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік-жинақталған сапа мен іс-әрекет әдіс- тәсілдерінің оқушы  
есінде сақталуы. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
183 
1.  Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беру туралы заңы. 
2. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Алматы: Білім, 2012. 
3. Әбиев Ж. Педагогика. – Алматы, 2003. 
4. Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 2000. 
5. Қалиев С. Этнопедагогика. – Алматы, 2008. 
 
Резюме 
Актульность исследования определяется будущие начального обучение Республики Казахстан и его влиянием на 
патриотическое воспитание школьников в условиях всемирной глобализации. При этом приортетным является фор-
мирование у школьников казахстанского патриотизма, основанного на государственную идеологию нашей страны. 
 
Summary 
Relevance of the research is determined by the primary education of the Republic of Kazakhstan's future and its impact on 
patriotic  education  of  schoolchildren  in  a  globalizing  world.  The  priority  is  to  form  the  Kazakhstan  patriotism  in 
schoolchildren, based on the State ideology of our country.    
 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Ғ.Кудияров – п.ғ.к., аға оқытушы, 
Е.Маханбет – п.ғ.к., аға оқытушы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі 
ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, 
дағдыларды  дамытып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  мектеп  оқушыларынан  қазақтың  ұлттық  спорт 
түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға 
тәрбиелеп,  оқу-ойын  материалдарын  бір  жүйе  ретінде  олардың  руханилығын,  адамгершілігін,  дене 
тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.   
Тәуелсіз  елімізді  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  қосу  біздің  негізгі  мақсатымыз  және 
Отан  алдындағы  борышымыз.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  біздің  жасөспірімдердің  орны  ерекше, 
өйткені еліміздің туын биіктен желбіретіп, 50 елдің қатарына енгізу үшін білім сусынымен терең қарулан-
ған,  денсаулығы  мықты  ұрпақ  тәрбиелеуіміз  қажет.  Біздің  елімізде  дене  тәрбиесі  мен  спорт  бұқаралық 
сипат  алған.  Әрбір  адамның  дене  тәрбиесімен  шұғылдануы  оның  жеке  басының  міндеті  деп  айтуға 
болады.  Ұлттық  ойындардағы  қимыл-қозғалыс  әрекет  –  бұл  бала  денесінің  барлық  мүшелерінің  дамуы 
және  денсаулықты  сақтау  факторларының  бірі.  Ғылыми-әдістемелік  жұмыстар  мен  жетекші  оқытушы-
лардың  тәжірибесінен  байқайтынымыз,  дене  жаттығуларының  ұлттық  түрін  үй  тапсырмасына  қосу 
оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға ерекше ықпал етеді [1].  
Дәстүрлі  халық  мәдениетінің  ажырамас  бір  бөлігі  болып  саналатын  ұлттық  ойындар  мен  спорттың 
қоғамдағы  атқаратын  пайдалы  орнын  анықтау,  оны  теориялық-педагогикалық  тұрғыдан  негіздеу, 
алдымен,  ұлттық  ойындар  мен  спорт  түрлерінің  осы  уақытқа  дейін  толыққанды  тәрбие  құралы  ретінде 
танылмай  жүрген  олқылықтарын  жоюға,  оқу-тәрбие  және  спорттық  жаттықтыру  жұмыстарында  басқа 
дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады. 
Егемен  Қазақстан  жағдайында  халқымызды  дене  тәрбиесі  оның  ішінде  ұлттық  спорт  пен  ойындар 
арқылы  салауаттық  өмірге  баулу,  денсаулығын  жақсарту,  бұқаралық  спортты  дамыту,  салт-дәстүрді 
сақтау,  елін-жерін  сүюге  тәрбиелеу  жолдарын  ғылыми  негіздеу  осы  жұмыстың  өзекті  бағыты  болып 
табылады.  
Қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан 
салт-дәстүрлерін  білуге  деген  ұмтылысын,  салауатты өмір  сүруге  бейімделуге  деген  дұрыс  көзқарастың 
халық арасында артуымен түсіндіруге болады [2]. 
М.Тәнекеев ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындар-
дың  даму  барысымен  байланыстыра  отырып,  адамзат  тарихындағы  ұлттық  ойындардың  халықтардың 
тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеу-
лерінде «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», 
тағы  да  басқа  ойындардың  жастар  арасындағы  тәрбиелік  рөлімен  қоса,  халықтар  арасындағы  достық 
қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
184 
Қазіргі  уақытта  ұлттық  спорт  пен  ойын  түрлері  дене  тәрбиесі  сабағында  дербес  орын  алады.  Әрбір 
дене  тәрбиесі  сабағында  ұлттық  ойындардың  қайта  өрлеуі  мен  педагогикалық  практикада  халықтық 
ойынға  аударылып  отырған  маңызға  және  жоғары  әлеуметтік-  мәдени  және  рухани  қуатқа  ие  ұлттық 
спорт түрлері мен ойындарының бүтіндей дамуымен тығыз байланысты [3]. 
Ұлттық  ойындар жасөспірімдердің  дене  тәрбиесі жөнінен сан алуан жұмыс түрінде бұларды кеңінен 
пайдалану мақсатымен, ұлттық ойындарды игеруін қарастырады. Дене тәрбиесі сабағында жасөспірімдер  
қазақ  ұлттық  ойындарын,  ұлттық  спорт  пен  ойын  түрлерін,  оның  дене  тәрбиесінде  қолдану  тиімділігін 
үйренеді, сондай-ақ ұлттық ойындардың бай фольклорының практикалық әдістерін меңгереді.  
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері жасөспірімдердің дене мәдениетін арттыруға тікелей байланысты, 
сондықтан оны Білім беру саласында кеңінен пайдалану қажеттігі туындайды. Ұлттық ойындар әр ұлттың 
тарихи қалыптасу, даму кезеңдерінде, жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді құрал ретінде кеңінен пайдаланы-
лып  келгендігін  және  ұлттық  ойындар  мазмұнында  ұлттық  салт-дәстүрлер  кеңінен  қолданылатындығы-
мен ерекшеленеді.  
Ұлт  ойындарының  пайда  болу  тарихы  біздің  эрамызға  дейін  жетінші-сегізінші  ғасырларда  қазақ 
жерінде  көшпелі  тайпалардың  құралу  дәуіріне  сәйкес  келеді.  Сол  дәуірде  пайдаланған  тас,  ағаш,  сүйек 
сияқты  заттарды  ұлттық  ойындарда  қолданған.  Мысалы:  осы  дәуірімізде  әлі  де  жалғасын  тауып  келген 
«асық  ойыны»  на  кез  келген  сүйек  емес,  малдың  асықтарын  алса,  «бес  тас  ойынына»  үлкен  домалақ 
тастарды  пайдаланған.  Мұндай  табиғи  заттар  ұлт  ойындарының  қалыптасуына  жақсы  әсерін  тигізген. 
Балалармен бірге  ересек адамдарда өздерінің бос уақыттарын көңілді өткізу мақсатында ұлт ойындарын 
пайдаланған. Сондықтан  да  «асық  ойыны»  бірінші  ересек  адамдар  арасында  ойналса,  кейін  ол  жасөспі-
рімдер ойыны болып қалды. 
Ұлттық  ойындар  халқымыздың  тарихи  өміріне  байланысты  болғандықтан  “Ұлттық  дене  тәрбиесі” 
сөзін қолдану толық заңға сәйкес келеді. Себебі әрбір ұлттың өз тағдырын өзі шешетін дәуірінде, халқы-
мыздың ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрін жалғастыру кезеңінде ерекше анықталған тәсіл.  
Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі саласындағы педагогикада қолданылуыын зерттей келе ХХ ғасыр-
дың 20 жылдарына дейін ұлттық ойындар мен жаттығулар халық арасында дене тәрбиесі жұмыстарының 
негізі  болып  салаланғандығын  көреміз.  Бала  дүниеге  келісімен  денесінің  ширақ  болып  өсуінен  бастап, 
оның  есейіп  азамат  болу  кезеңі,  орта  жаспен  қарттық  жасқа  дейін  ұлттық  ойындарды  кеңінен  қолдану 
жағдайлары көптеп кездеседі. Қазақ халқы арасында ХХ ғасырға дейін ел арасында ұлттық ойындардың 
кеңінен  таралып,  адамдар  өмірінде  әрқашан  қолданыста  болғандығы  туралы  тарихи  деректер  мол 
кездеседі» [4]. 
Бұл саладағы ең көрнекті тұлға М.Таникеев белгілі бір халықтың дене тәрбиесінің мазмұны мен ішкі 
құрылымын,  формасын  тек  осы  тұрғыдан  терең  зерттеу  мүмкін  екенін  әділ  бағалайды  [3].  Cебебі  онда 
еліміздің  барлық  білім  беру  салаларында  бірнеше  ұлттық  ойын  түрлерін  дамытуға  тарихи  жолдары 
айқындалуда. 
Жекелеген жағдайларда осы заманғы ұлттық спорт түрлерінде аңшылықпен, найза лақтырумен, садақ 
пен  жебені  пайдаланумен  байланысының  қалай  бақыланатынына  назар  аударылады. Тарихи  мәліметтер 
қыздар мен балалардың дене  тәрбиесіне  әртүрлі тәсілмен келудің заңдылықтарын растайды. Ерте дүние 
дәстүрлері  мен  салттары  әртүрлі  жастағы  балалар  топтарына  әртүрлі  талаптар  қойылады,  жылдамдық, 
әбжілдік,  батылдық,  орнықтылықтың  қалыптасуына  маңыз  беріледі  және  белгілі  бір  өмір  өткелдерінде 
(жағдайларында)  пайдалана  білуінен  мағлұмат  береді.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  ҮІІІ-ҮІІ  ғасырларда 
Қазақстанның  аймағында  скифтердің  сақ  тайпасы  өмір  сүрді.  Олар  ірі  одақтарға  бірігіп,  көшпелі  өмір 
бейнесін  кешті  және  мал  шаруашылығымен  шұғылданды.  Олар  күшті  және  жауынгер  адамдар  болды, 
олардың  әскери  және  дене  дайындығын,  адамгершілік  сапаларын  басқа  тайпалар  жоғары  бағалады.  Бұл 
халықтың салт-дәстүрлерінің бірі некелесу жағдайы бойынша өткізілетін рәсімде спорттық сайыс өткізі-
луімен байланысты: бұл сайыстардың барысында жас жігіт қызды жеңуі тиіс болатын, яғни содан кейін 
барып  үйленуге  құқылы  болды.  Жасөспірімдердің  жеке  тұлғасының  қалыптасуының  бағыттары  екі 
жолмен  айқындалады,  біріншісі,  тікелей қызмет  және  ойындық  қызмет,  екіншісі  жеке  тұлғаның  рухани 
қажеттілігінің қарқынды көрінуіне қызмет ете бастайды.  
Ұлттық  ойындар  жасөспірімдердің  дене  қозғалысының  дамуына  тигізетін әсері  мол.  Мысалы,  Арқан 
тарту,  Жасырынбақ,  Соқыр  теке,  Қуаласпақ,  Қуып  жету,  Қап  киіп  жарысу,  Асық  ойнау,  Қазақша  күрес 
сияқты ұлттық ойындар дене қозғалыстарын дамытуда орны ерекше.  
Сондықтан  бұл  ұлттық  ойындардың  көп  ғасырлық  тарихы  бар,  ал  бәйге,  аламан  бәйге,  көкпар, 
аударыспақ,  күміс-алу,  қыз  қуу,  тоғыз  құмалақ  ойындары  жасөспірімдер  арасында үлкен  қызығушылық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
185 
оятады.  Ұлттық  ойындардың  барлығы  жасөспірімдердің  күштілік,  шыдамдылық,  әбжілдік,  қабілеттілік 
сияқты дене және рухани сапаларын дамытады. Олар үшін мінезінің ерік-жігер сапаларын тәрбиелеумен 
мақсатқа жетуге деген талаптануды қалыптастырумен байланысты ерлік және жарыстық рух тән. 
Кеңес Одағы кезінде елімізде мұндай ұлттық ойындарға баса көңіл бөлінбеді. Еліміз егемендік аясына 
жеткеннен соң бұл ойындар жаңаша даму кезеңінде  жасөспірімдерге халқымыздың төл дене мәдениетін 
біліп, оны жақсы көруіне мүмкіндік туды. Жоғары жетістіктерге жету мақсатында сөрелік бастау алаңы 
мектеп  болып  табылады,  мектептегі  дене  тәрбиесі  сабағы,  яғни  оларда  оқытып,  үйрету  және  тәрбиелеу 
аспектілері үзіліссіз үндеседі [5].  
Оқу орындарына лабораториялық  сабақтар өткізу қарастырылған, практикалық сабақтар саны көбей-
тілген,  мақсатты  бағыттағы  дербес  жұмыстар  үшін  тапсырмалар  ауқымы  кеңейтілген,  жүйелі  бақылау 
түрлері  айқындалған,  түлектердің  кәсіби  қызметке  дайындығы  педагогикалық  практика  барысында, 
сондай-ақ алдын-ала мектепте сабақ өткізіп, сынақ тапсыру кезінде айқындалады. 
Қазіргі  уақытта  ұлттық  спорт  пен  ойын  түрлері  дене  тәрбиесі  факультетінің  оқу  жоспарында  дербес 
орын  алады.  Факультетте  “Ұлттық  ойындар”  курсының  қайта  өрлеуі  мен  педагогикалық  практикада 
халықтық ойынға аударылып отырған маңызға және жоғары әлеуметтіік- мәдени және рухани қуатқа ие 
ұлттық спорт түрлері мен ойындарының бүтіндей дамуымен тығыз байланысты. 
Курс  бағдарламасы  студенттердің  дене  тәрбиесі  жөнінен  сан  алуан  жұмыс  түрінде  бұларды  кеңінен 
пайдалану мақсатымен, ұлттық ойындарды оқуын қарастырады.  
Курстан  өткен  кезде  студенттер,  қазақ  ұлттық  ойындары  мен  басқаларының  пайда  болу  тарихы 
мәселелерін,  ұлттық  спорт  пен  ойын  түрлерінің  элементтерін  оқушылардың  дене  тәрбиесінде  қолдану 
тиімділігінің теориясын оқиды, сондай-ақ ұлттық ойындардың бай фольклорының практикалық материа-
лын меңгереді, педагогикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игереді. 
Белгілі  жайт,  студенттердің  қозғалыс  әрекеттерінің  белсенділігін  қалыптастыру  кезінде  әрбіріне 
мұқият жеке тұрғыдан келу керек, оның іске асырылуы әрбір адамның жеке-психологиялық ерекшелікте-
рін нақты білуді талап етеді. 
Халық  ойындары  мен  ойын  әдістерін  дене  тәрбиесі  мен  спорт  жұмысында  қолдана  білушілік  –  дене 
тәрбиесі  бойынша  болашақ  маман,  педагог-бапкерді  кәсіби  дайындаудың  негізгі  түрлерінің  бірі  болып 
есептеледі. 
 
1. Төлегенов Е.Қ. Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене 
дайындығы дағдыларын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.дисс. – Алматы, 2010. 
2. Алимханов Е. Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.канд. дисс – 
Алматы, 2010. 
3. Таникеев М.Т. От байги до Олимпиады. – Алма-Ата, 1983. – 206 с. 
4. Меңдалиев Б.М. Ұлттық халық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағында 
қолдану. Пед.ғыл.канд.дисс. – Алматы, 2009. 
5. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1991. 
 
Резюме 
Статья  посвящена  национальным  играм  в  школе  в  формировании  здорового  образа  школьников  в  учебном 
процессе  школы.  Национальный  спорт  играет  важную  роль  в  воспитании  и  формировании  духовного  развития 
школьников. 
 
Summary 
The article is devoted to national games at school in the formation of healthy school children in the educational process of 
the school. The national sport plays an important role in the education and formation of the spiritual development of pupils. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
186 
ҰРПАҚ БОЙЫНА ЕЛЖАНДЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
А.А. Күрішбекова – оқытушы, ҚазМемҚызПУ 
 
Егеменді елдің болашақ негізін жасаушылар ең алдымен оның қандай мемлекет екенін, оның рәзімде-
ріндегі белгілердің нені  білдіретінін, мәні мен мазмұнын білгені парыз. Рулық, тайпалық заманда да, әр 
қайсысының  өзіне  тән  таңбалары,  тулары  болған  .  Олар  ең  қасиетті,  ер  ардақты  дүниесі  болған.  Соның 
рухы оларды істерге көтеріп қана қоймай, шабытта берер үлкен күш болғаны айан. Қазақстан Республи-
касының мемлекеттік рәміздері елдің елдігін білдіретін, азаматтарына қуат-күш, ел азаматы екенін сезін-
дірер ұлы күшке ие нышан. Сондықтан, оның әрбір  белгісінің нені  білдіретінін терең түсініп, қастерлеу 
борыш  екенін  білдіру  мұғалімнің,  ата-ананың  қасиетті  парызы.  Ұрпақтан  ұрпаққа  аманаттайтын асылы. 
Мемлекеттік рәміздің арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеуде ең басты сақсат мемлекеттік рәміздің мәнін 
қабылдау  мен  түсіне  білу  болып  табылады.  Осы  орайда  оқушы  мемлекеттік  рәміздегі  әрбір  белгінің 
мәнінен үңілуі қажет \1\. 
Мемлекеттік  ту  –  зерен  көк  түсті,  тік  бұрышты  мата.  Ені  ұзындығының  жартысына  тең,  ал  тудың 
сабын бойлай тігінен алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған. 
Зерен  көк  түс  тудың  негізгі  нышандық  белгісі  ретінде  тегін  таңдалмаған.  Ол  адалдық,  тазалық  және 
сенім деген ұғымдарды білдіреді. Халқымыз үшін адалдық, тазалық, сенім адамның ең тамаша кемелде-
нуге лайықты қасиеті беп санайды. Адалдық пен тазалық бар жерде ғана адамдардың өзара ынтымақтас-
тығы, берекесі мен бірлігі орнайды. Адам бағытты өмірге жете алады. Ал осындай ұстанымды, зайырлы, 
құқықтық,  демократиялық  және  әлеуметтік  бағыт  алып  отырған  ел  саясатына  сенім  арта  отырып  ел  
болашағына күресуім ортақ іс \2\. 
Тудың  ортасына  жан-жағына  нұрын  шашқан  күн  бейнесі  мен  қанатын  қағып,  самғап  келе  жатқан 
қыран  бүркіт  суреті  салынған.  Бұл  киелі  түс  –  бірлік  пен  ынтымаққа  шақырып,  барлық  халықтар  үшін 
әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын рең. 
Аспан көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. 
Көшпелілер үшін табиғат қашанда тек тіршілік ұясы ғана емес, олардың бүкіл өмірінің ажырамас бір 
бөлігі  болған.  Төбесіндегі  көк  аспан,  айнала  қоршаған  алып  таулар,  мөп-мөлдір  өзен  суы,  көкжиекпен 
астасқан сағым дала – бәрі-бәрі қазақы дүниетанымда тек көкшулан түсті болып келеді. 
Кезінде Түрік қағанаты, Хазар қағанаты, Ұлы селжүк қағанаты, Ақсақ Темір Көреген мемлекеті, Қазақ 
хандығы, бірқатар хандар мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің Мемлекеттік жалауында да 
шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылды \1\. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бір түсті болуының мәні бар. Ол Қазақстанның егемен 
ел ретінде біртұтастығын паш етеді. 
«Көк» (голубой) сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес 
келеді. Яғни тудың түсінен белгілі бір нақты жағрапиялық ақпарат та алуға болады. Ол геральдика (елтаң-
батану)  тілінде  бүкіл  әлемге  Қазақстанның  жер  шарының  шығысында  орналасқандығын,  Ұлы  дала 
өркениетінен  бастау  алатын,  тамыры  тереңде  жатқан  шығыс  мәдениетінің  өкілі  екендігін  баян  етіп 
тұрғандай. 
Күн  бейнесі  –  байлық  пен  береке  белгісі.  Оның  графикалық  көрінісіне  айналған  шеңбер  –  адамзат 
тіршілігінің, өмірдің символы \3\. 
Далалық  өркениет  дүниетанымында  қасиетті  аспан  шырағы  –  Күн  аса  маңызды  бағдарлық  мәнге 
ие.  Кеңістік  және  уақыт  ұғымдары,  мысалы,  номадтар  өміріне  күн  қозғалысын  бақылау  тәжірибесі 
арқылы енген. 
Мемлекеттік  рәмізіне  күн  бейнесін  салу  арқылы  қазақ  елі  өзінің  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 
ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың айнымас бір бөлігі екендігін аңғартып тұр. 
Қыран  бүркіт  –  биліктің,  көрегендік  пен  дарқандықтың  нышаны.  Әдетте  рәміздерге  суретін  салған 
кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызғар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге ұмтылу дәстүрі бар. 
Сол арқылы күш пен қуат артықшылығы идеясы беріледі деп есептеледі. Қазақ елінің туында бұл образ 
мүлдем  жаңа  көркемдік  шешімін  тапқан.  Біріншіден,  суреттен  салмақтылық,  бейбіт  аңсар  аңғарылады. 
Екіншіден, ол күннің астында орналасқандықтан, өз қанатының үстінде Прометей отын, Бақыт шырағын 
алып  ұшқандай  әсер  қалдырады.  Үшіншіден,  ол  қозғалыс  үстінде  бейнеленген  –  биік  мұратқа  құлаш 
ұрып, самғап барады. Бұл – қазақстандықтардың бақыт пен байлыққа, өркениет шыңына ұмтылысының 
белгісі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
187 
Қыран  бүркіт  образы  қазақ  халқының  ұлттық  дүниетанымында  еркіндік,  бостандық  сүйгіштік,  ерлік, 
жоғары  аңсар,  жан  дүние  кеңдігі,  асыл  мұрат,  жүрек  тазалығы  сияқты  адамгершілік  асыл  ұғымдармен 
астасып жатады. 
Қазақы  ою-өрнек-дүниені  қазақ  халқының  өзіне  тән  өзгеше  эстетикалық  талғамына  сай  ерекше 
көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі. Оласа күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың 
үйлесімі,  сұлу  жарасымы  ретінде  адамның  ішкі  жан  дүниесін  айрықша  ашады.  Ұлттық  ою-өрнектердің 
айшықтары қоршаған ортадағы нақты заттарға және сан алуан табиғи құбылыстарға негізделеді. 
Егемен  ел  туындағы  әсем  өрнек  –  қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  асыл  арманы,  ұлттық  ұлы 
мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеяның жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы. 
Мемлекеттік  елтаңба  –  күн  сәулелі  уықтарын  қос  мүйізді,  қанатты  пырақтар  бейнесі  көмкерген 
шаңырақ бедерлі күрделі сәулеткерлік (архитектуралық) туынды.  
Елтаңба  өрнектері  орналасқан  шеңбер  рәміздің  басты  нышандық  белгісімен  –  күн  сәулелі  уықтар 
көмкерген  шаңырақ  бейнесімен  бірге  дөңгеленген  дүние  космосы  тәрізді.  Ортақ  үй  –  киелі  қара 
шаңырақтағы  ортақ  тағдыр,  қауымдасқан  тіршілік,  өмір  (шеңбердің  нышандық  мәні)  туралы  ойларға 
жетелейтін де осындай образдық астарлар мен көркемдік қисындар \3\. 
Көшпелілер мәдениетінде шаңырақ образының пайда болу себебін олардың қоршаған ортаға қатысты 
дүниетанымынан және соған сәйкес ойлау жүйесінде орныққан ұғымдардан іздеу керек.  
Елтаңба астарына – зерен көк түс, бедеріне – сары алтын реңк пайдаланылып.  
Оның күмбезді көк аспанға ұқсайтындығы кездейсоқ емес. Ол адамдар санасында сәулеленуі жөнінен 
де тіршілікке қажетті бірегей болмыстардың біріне жатады. Шаңырақ – туған үйдің, атамекеннің, әріден 
тартқанда, адамзаттың ортақ жер бесігі – айдай әлемнің символы. 
Шаңырақ  бейнесі  –  Қазақстанда  тұратын  барлық  адамдардың  ортақ  үйінің  бейнесі.  Шаңырақтың 
беріктігі оның уықтарының сенімділігіне байланысты болса, ортақ үйдің бақыты да оның тұрғындарының 
талайлы тағдырына тікелей байланысты. 
Әпсаналық  арғымақтар  –  қанатты  һәм  мүйізді  пырақтар  образы  батылдық,  тектілік  және  ерік-жігер 
күші тәрізді геральдикалық ұғымдармен сипатталады. 
Жалпы,  жылқы  –  номадтардың  жан  серігі.  Көшпелілердің  бүкіл  шаруашылық  ғұмыры  мен  рухани 
өмірі осы бір асыл текті жануарлар тіршілігімен етене жақын. 
Жылқы  –  қазақтардың  ұлттық  дүниетанымының  маңызды  бір  белгісі.  Оған  сонау  көне  замандардан 
бері  келе  жатқан  «Қазақ  жылқы  мінезді»  деген  қазақ  мәтелі  де  айғақ.  Бұл  ұлттық  мінез  астарындағы 
жылқы табиғатымен үндес ұқсастықтарға меңзейді. Ол ұқсастықтардың өзегі – стихия ортақтастығы. Ең 
алдымен,  еркіндікке,  қозғалыс  пен  жылдамдыққа  деген  құштарлық.  Қазақ  өз  жанының  қалауы  мен 
жүрегіне  жақынның  бәрін  құндыз  жалды,  құралай  сұлу,  мінезіне  күші  сай,  желден  жүйрік  текті  тұлпар 
бойынан табады. 
Қанат  болса  –  қуатты,  көркейген  мемлекет  құру  жөніндегі  асыл  арман  нышаны.  Оны,  сол  сияқты, 
қоғамда  келісім,  береке-бірлік  салтанат  құрып,  табиғатпен  және  әлемдік  өркениет  мұраттарымен 
жарасымға қол жеткізуге және өсіп-өркендеуге бағытталған ізгі  ойлар мен ұмтылыстардың көрінісі десе 
де болады. 
Дамудың төменгі сатысынан бастап жоғарғысына дейін өрлеу – әлемдік өркениет кредосы. Елтаңбада 
қанаттардың  рәміздік  сипаттарын  пайдалануды  мемлекет  идеясына  қатысты,  асқақ  армандар  мен  ізгі 
мұраттарға қатысты адам баласының табиғи құштарлығының көрінісі деп қабылдаған жөн \3\. 
Қазақ  тілінде  «мүйіз»  деген  сөз  –  күш-куат,  ерлік,  батылдық  деген  ұғымдардың  баламасы.  Мүйізге 
ұқсас  түрлі  бейнелер  мен  заттар  ертеде  дәстүрлі  салт-жоралғыларда  кең  пайдаланылған,  әскери  байрақ-
тардың тұтаяқтарының ұшар бастарындағы киелі белгілер ретінде ұсталған. Аспан құтының, өсіп-өнудің 
және  жолы  болудың  нышаны  саналып,  биікке  қойылатын.  Ол  көшпелілер  дүниетанымындағы  «әлем 
шоқысы» (миро-вая гора) ұғымына қатысты салт болса керек. 
Елтаңбада  қос  қанатты  тұлпар  бейнелері  бар.  Олар  киелі  қара  шаңырықты  екі  жағынан  бірдей 
қорғап тұрғандай әсер береді, ортақ үй - туған Отанға адал қызмет ету идеясының жарқын көрінісі. Туған 
елді  көздің  қарашығындай  сақтап,  оған  бар  жан-тәніңмен  беріле  қызмет  ету  –  әпсаналық  пырақтар 
образындағы алтын өзек, асыл желі, міне, осы. 
Бесбұрышты жұлдызды биліктің, бұралаң өмір жолындағы адастырмас жарық сәуле – өзгеше рухани 
темірқазықтың,  асқақтық  пен  мәңгілікке  деген  айрықша  құштарлықтың  белгісі  ретінде  қолдану  –  адам 
баласы  ықылым  замандардан  бері  берік  ұстанып  келе  жатқан  елтаңбалық  дәстүр.  Символизм  салты 
бойынша  ол  микрокосмостық,  ғаламдық  бейнеге  жатады,  адам  формуласы  деп  дәріптеледі.  Қазақ  елі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
188 
елтаңбасының  маңдай  төріне  қойылған  көркем  жұлдыз  да  –  қазақстандықтардың  көкейкесті  мақсат-
мүдделерінің айнасы. Ол болмысы бөлек беделді егемен мемлекет ретінде осы заманғы өркениетті елдер 
көшінен ойып орын алып, болашакқа батыл қадамдар жасау ниетін паш етеді. Жұлдыздың бес бұрышы – 
бес  құрлыққа  бірдей  айқара  ашықтықтың,  барлық  әлем  мемлекеттері  мен  халықтары  тарапынан  ізгі 
ниетті, өзара пайдалы қарым-қатынастың қай-қайсысына да әрдайым әзір екендіктің белгісі.  
Елтаңба шеңбер ішіне ойып жасалған белгінің төменгі жағында ел аты – «Қазақстан» деген жазу бар. 
Ол осы мемлекеттік атын айшықтап тұр. 
Қазақстан дегенде ата-бабамыздан мұра болып келе  жатқан үш бірлік, үш негіз:  «Жер, Ел және Тіл» 
көңіліңе  ұялайды.  Бұл  үш  құндылық  қазақтың  барлық  бірлігі  мен  байлығын  көрсетеді.  Ел  ұлт  үшін 
мақтан етер мәдениеті.  
Ел – ұлттық дүниетанымдағы ұлы ұғымдардың бірі. Ел сөзі қазақ халқының арғы қазақтан бүгігі қазақ-
қа дейін «қағанат», «ел-жұрт», «отан», «мемлекет», мағынасында қолданылып келеді. Ел сөздің ұғымы – 
елдік мінез, едік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді құндылықтар оның 
өзегі болады \3\. 
Мемлекеттік әнұран – ел егемендігінің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Тәуелсіз қазақ елінің бойтұмар 
әнұраны  «Менің  Қазақстаным»  деп  аталады.  Бұл,  тіпті  де,  кездейсоқ  емес.  Атау  астарында  рәмізбаян 
құпияларына жетелейтін терең де ғажайып сыр жатыр. 
Менің  Қазақстаным!  Бұл  сөзді  жайбарақат  айта  салу  қиын.  Тіпті,  мүмкін  емес  десе  де  болады.  Оны 
айтқанда бойынды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. 
Оны  естігенде  ел  менен  жерге  деген  махаббат,  туған  халқың  мен  туған  топырағыңның  алдындағы 
перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаз-
дыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. 
Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алған-
да кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ер-теңімен тәңірлік байланыстылы-
ғың, табиғи біртұтастығың еске түседі. 
Оны  айтқанда  өзіңді  Алатауға  арқаңды  тіреп  тұрғандай  тәкаппар  да  сенімді,  алдыңда  Сарыарқаның 
сары жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазар-
ғандай тұнық та сергек сезінесің. 
Оны тындағанда құлағыңа киелі көк берінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, 
самал  желмен  жарысқан  сәйгүлік  тұлпарлардың  тұяғының  дүбірін,  қыран  қанатының  ғаламат  суылын 
естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурін-
ді қимылы кез алдыңа келеді. 
Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар 
дүниесін  тек  қызығына  шашу  үшін  жинайтын,  қонағын  құдайындай  сыйлайтын,  «көрші  хақы  –  тәңірі 
хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі керінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі. 
«Малым  –  жанымның  садағасы,  жаным  –  арымның  садағасы»  деген  ізгі  де  асқақ  афоризмді  өмірлік 
кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың 
ұлы емес» дейтін тәкаппар да текті  елдің серті бар онда. Менің Қазақстаным! Бұл – азаматтық позиция, 
елжандылық философиясы. 
Менің  Қазақстаным!  Бұл  –  отандастық  формуласы.  Кең  байтақ  елімізде  қатар  ғұмыр  кешіп  жатқан 
жүздеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының қайнар көзі Қазақстанды ортақ шаңырақ, ортақ 
ұямыз деп сезінуде жатқаны белгілі. Оны өмірдің өзі дәлелдеп келеді. 
Тек ел деп сокқан жүректер ғана елдіктің туын бірлесе көтеріп, ортақ мақсатқа бауырласа жұмылаты-
нын  қазақстандықтар  жақсы  біледі.  «Бірлік  бар  жерде –  тірлік  бар»  деген  өміршең  мәтел  халқымыздың 
тағдыр мұхитына түскен талайлы кемесінің желкенін жықпауға себепкер болып келе жатқан арғы қазақ 
конституциясының ең жарқын тағлымы болуы да кездейсоқ емес. 
Осы  терең  ұғымның  Қазақстан  Республикасының  жаңа  гимнінің  өзегіне,  мағыналық  лейтмотивіне 
айналуы – тәуелсіздік идеясының логикалық арнасында жатқан, азаттық аңсарларымен әуендес әлеумет-
тік-саяси әрекет. Еркіндікке қолы жеткен  егемен  елдің қоғамдық санасындағы сілкініс тәуелсіздік рәмізі 
табиғатын  айқындауға  себепкер  болуы  –  заңды  құбылыс.  Ұлттық  рәміздің  ұлт  жанының  жалауына 
айналуының басқа жолы да жоқ. 
Әдетте гимн-әнұранды тек салтанатты әуен, мадақ жыр деп қана қабылдаушылар аз кездеспейді. Бұл – 
қате пікір. 
Әдетте әнұранды тек көпшілік болып, қосылып айтар жеңіл, көңілді әуен, тез жатталар тәтті жыр деп 
қана қабылдайтындар да баршылық. Бұл да – қате пікір. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
189 
Әнұран – ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Оны елдің рухы ел төріне көтерген жалпының жан 
жалауы десе де болады. 
Әдетте әнұранды гимн  ететін – халықтың өз тағдырына деген жауапкершілігі. Дәлірек айтқанда, бұл 
дегеніңіз  –  әуен  мен  мәтін  болмысында  ерекше  музыкалық-поэтикалық  эмблема  тілінде  елдің  ең  асыл 
арманы, ең биік мұраты, ең ауыр көз жасы мен ең батыл сенімі көрініс табуы. 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  гимні  –  бойға  зор  патриоттық  сезім  ұялататын  асқақ  та 
сыршыл  әуен.  Онда  ел  деп  соққан  жүректердің  дүрсілі  бар.  Оның  өн  бойынан  өміршең  оптимистік  рух 
лебі  еседі.  Музыкалық  табиғатының  марш  жанрына  жақындығы  дауыс  ырғағының  екпінін  арттырып, 
оған ерекше өршілдік қуат беріп тұр. 
 
1.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030».  
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: Қазақстан, 1993. 
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан республикасы туралы мемлекеттік туы – Алматы, 1992. 
4. Қазыбеков Н. Аңызға айналған жеңімпаздар. – Алматы, 1984. 
5. Жарықбаев Қ.Б. Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір антологиясы. – Алматы, 1998. 
 
Резюме 
В  статье  автор  рассматривает  вопросы  патриотического  воспитания  подрастающего  поколения  с  помощью 
государственных символов Республики Казахстан. 
 
Resume 
In the article the author considers the ways of patriotic education of the younger generation by means of state symbols of 
the Republic of Kazakhstan.     
 
ИЗ ПРАКТИКИ ИНТЕГРАТИВНОГО ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ И БИОЛОГИИ 
В ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ШКОЛАХ 
 
А.М. Тагиева – диссертант Института Проблем Образования Азербайджанской Республики 
 
Формирование знаний, умений и навыков, приобретенных учениками в процессе образования, требует 
организации  обучения  в  интегративной  форме.  В  мировой  практике  было  определено  множество  форм 
интеграции. Одна из них – межпредметная интеграция. Эта форма подразумевает связанность результа-
тов по одному предмету с результатами по другим предметам. Иными словами, межпредметная интегра-
ция – это изучение преподавания какого-либо предмета, содержание которого получено из двух или более 
предметных областей. 
Межпредметная  связь  заняла  широкую  нишу  в  творчестве  известных  преподавателей.  Не  случайно, 
что многое сказано о принципах, видах и значимости этой проблемы в преподавании предметов, и на эту 
тему было написано большое количество исследовательских работ. 
Ф.Энгельс, который отчетливо видел взаимосвязь химии с биологией, писал: «называя физику молеку-
лярной  механикой,  химию-атомной  физикой,  а  биологию  –  белковой  химией,  я  хотел  бы  выразить 
переход одной науки в другую, то есть как их связь и непрерывность, так и разницу и дискретность». 
Как  наука,  «биохимия»,  которую  считают  специфической  предметной  областью,  возникшей  от 
взаимосвязи химии и биологии, обладает большой значимостью. Эта наука изучает и исследует биохими-
ческие процессы, идущие в мире растений и животных. Несомненно, что основание этой науки заложено 
в  значимости  и  сущности  преподавания  предметов  биологии  и  химии  в  средних  общеобразовательных 
школах. 
Преподавание  химии  располагает  широкой  возможностью  для  использования  учениками  знаний, 
умений  и  навыков,  приобретенных  в  биологии.  Основываясь  на  педагогическом  опыте  известных 
преподавателей,  приобретенном  в  течении  долгих  лет,  мы  привели  в  следующей  таблице  связь  между 
химией и биологией и возможности, которые вытекают из интеграции преподавания этих наук. 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
190 
Таблица 1. 
Каждая  из  перечисленных  в  таблице  тем  имеют  большие  возможности  для  широкого  связывания 
химических  тем  с  материалами,  пройденными  по  программе  биологии.  Преподаватель  химии,  который 
хочет  воспользоваться  этими  возможностями  и  различными  методами  преподавания,  сначала  должен 
глубоко ознакомиться с информацией, которую ученики усвоили из предмета биологии, так как при связи 
содержания каждой темы по химии, указанной в таблице, с приобретенными по биологии знаниями, оно 
воспринимается глубже и надолго запечатлевается в памяти. Преподаватель химии должен быть готов к 
установлению связи с биологией в преподавании указанных тем.  
Для  этого  должны  быть  подготовлены  вопросы,  которые  напомнят  ученикам  соответствующие  зна-
ния. Для того чтобы ученики полюбили предмет, каждый преподаватель химии должен воспользоваться 
практикой работы ведущих преподавателей, неоднократно подкрепленной в педагогической практике, и 
личным преподавательским мастерством. Одним из образцов такой работы является интересное и содер-
жательное преподавание урока «Введение» по химии. В введении говорится о том, что и химия является 
одной из естественных наук, так как ученики прошли занятия по биологии, физике, географии и природо-
ведению, в содержании каждого из которых сообщается о науке химии. Ответив на вопросы о поглоще-
нии растениями кислорода из воздуха и выделении углекислого газа при дыхании и, наоборот, поглоще-
нии углекислого газа и выделении кислорода, приеме посредством корней минеральных веществ и пере-
даче в органы посредством ствола, изученных в VI классе при обучении биологии, ученики вспоминают о 
приобретенных  знаниях;  после  этого  отмечается  значимость  ознакомления  с  тайнами  химии  в  живом 
мире. Учитель, рассказывающий о значимости химии, отмечает, что ученые используют растительные и 
животные организмы и проводят на них опыты с целью получения многих новых веществ. Несомненно, 
что  ученикам разъясняется более глубокое изучение  химии в результате  ее взаимосвязи с другими есте-
ственными науками, проверка многих научных сведений на основании опытов. Проведение интересных и 
развлекательных  опытов  еще  более  усиливает  интерес  учеников  к  этой  науке.  При  разъяснении  закона 
сохранения массы веществ по химии с законом сохранения энергии по физике учащимся напоминается о 
превращении солнечной энергии, круговороте углерода и кислорода в природе в процессе фотосинтеза и 
дыхания растений. С помощью преподавателя ученики вспоминают знания, приобретенные из биологии 
и других предметов, связывают это с информацией, полученной из предмета химии, и развиваются. Орга-
низация связи с биологией в процессе обучения химии в большой степени зависит от профессионализма 
преподавателя.  Безусловно,  что  некоторые  связи  носят  эпизодический  характер.  Например,  в  X  классе 
при информировании учащихся о химических свойствах оксида углерода (IV) на основании следующих 
уравнений 
реакции 
необходимо 
объяснить, 
что 
благодаря 
исполь-зованию 
карбамида 
(2NH
3
+CO2=CO(NH
2
)
2
), возникающего в результате взаимодействия оксида углерода (IV) с аммиаком, в 
качестве удобрения для растений, в процессе фотосинтеза растения поглощают углекислый газ, который 
соединяется в организме растения с водой и образует формальдегид, а потом и углевод. 
hv, хлорофилл  
6СО
2
 + 6Н
2
О   С
6
Н
12
O
6
 + 6O
2  
hv 
Химия 
биология 
ккласс 
темы 
класс 
темы 
VVIII 
Введение. Что изучает химия? 
VI-биология 
Биология-наука о живой природе 
 
VVIII 
Простые и сложные вещества. 
Химические формулы 
 
VI-биология 
Фотосинтез. Дыхание. Движение 
воды и минеральных солей, 
органических веществ в стволе 
 
VVIII 
Неорганические и органические вещества. 
Кислород. Воздух. Сгорание. Вода. Растворы 
IХ-биология 
Человек 
Химический состав клетки 
VI-биология 
Фотосинтез. Дыхание 
 
Основные классы неорганических соединений. 
Углеводы. Азотные органические соединения. 
Белки 
Х-общая биология  Неорганические вещества клетки 
XIX 
 
Х-общая биология 
Органические вещества клетки. 
Углеводы. Липиды. Нуклеиновые 
кислоты. Белки. ДНК. РНК. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
191 
СO
2
 + Н
2
О  СH
2
O + О
2
 
формальдегид 
6СН
2
O  C

H
12
O
6  
nСН
2
O (С
6
Н
10
О
5
)
n
+ n H
2
0  
полисахарид 
Однако,  в  процессе  преподавания  органической  химии  при  обучении  каждой  из  тем,  таких  как 
сложные эфиры, жиры, углеводы, азотные органические соединения и белки, возникает научно-методиче-
ская необходимость использования знаний, приобретенных учениками из биологии. Поэтому о каждой из 
перечисленных  тем  даются  обширные  сведения  в  учебных  единицах  «общая  характеристика  веществ  и 
энергообмена» из биологии 9-го класса, «химический состав клетки» и «клеточные вещества и энергооб-
мен» из курса «общей биологии» 10 класса. Учитывая сказанное, мы хотели бы продолжить мысль о ходе 
урока при преподавании ряда тем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет