Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Кесірлі мінезді тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Кесірлі мінезді тәрбиелеу

Әдепсіздіктен, әумесерліктен, анайылық, 

кесепаттық,  кесірлік,  ысырапшылдықтан 

пайда  болатын  меніз  жеке  тұлғаның 

бақытсыздыққа ұшыратады.

Кесірлі  адам  әдепсіз  болады.  Ұлттың 

ұлағатты  әдептілік  дәстүрлерін  бойына 

сіңірмей  өскен  бейбақ  әдепсіз  болады  да, 

кесірленеді. «Әдепсіз боп есірме, жолығасың 

кесірге»  дейді  халық.  Әдепсіздік  –  ұлттық 

тәлімге  жат  қылық,  адами  қасиеттерді 

жояды, жекедайды жеккөрінішті етеді.

Әумесерлік,  әсіреңкілік  әрекет  кесір-

ленуден  пайда  болады  да,  жеке  тұлғаның 

жетесіздігін  көрсетеді.  «Асты  қорлама, 

құстырады,  адамды  қорлама,  састырады» 

дейді  халық.  Әсіреңкілікпен  әдепті  бұзып, 

дөрекілікпен дөңқайса болу – сорлылық.

Бейпілауыз,  бейәдеп  сөздерді  тоғытып, 

тоғышарлық  пен  топасытығын  көрсетеді, 

пайдасыз, қисынсыз, өзінің қадір – қасиетін 

жояды.


Арнайы  сөйлеп,  арнайы  қимылдап, 

ақымақтығын  көрсеткен  кесірлі  адам, 

ұлттық  және  жалпы  адами  мәдениетті 

білмейді  де,  өзінің  мәдениетсіздігін  көр-

сетіп,  айналасының  абыройын  төгеді.  Ол 

көпшілік  орнында  тәртіп  сақтауды  білмей, 

көпті кейітіп, кесір келтіреді.

«Тамағы  тойса,  тойған  нас,  келешегін 

ойламас» деп, халық кесірлігінің кесепаттық 

әрекетін  қатты  сынайды.  «Кештік  өмірің 

болса,  түстік  мал  жи»    деп  ел  азаматтың 

еңбекшіл болуын уағыздайды.

Кесірлі  адам  ысырапсыз  болады.  Ол  әр 

нәрсенің қалпын қадірлемейді, «артық» деп 

төге салады, «тозды» деп сөге салады, яғни әр 

заттың, әрекеттің өз қалпын білмейді, білгісі 

де келмейді. Ысырапқойлық кедейлендіреді, 

кесірін тигізетінін  түсінбейді.

Кесірлі  мінезді  дәлелдеу,  мойындату, 

мәжбүр  ету  тәсілдері  арқылы  тәрбиелеу 

керек.

Күйгелектік мінезді тәрбиелеу

Шыдамсыздықтан,  сабырсыздықтан,  қа -

зы  мырлық тан,  қараниет-тіліктен,  теріс  ой-

лаудан, абыржудан, ашуланшақтықтан пайда 

болатын  бұл  мінез  жеке  тұлғаның  қадірін 

кетіреді. 

Оңай  өмір  жоқ.  Өмірдің  кез  келген 

қиындығына  шыдай  алмай  «қиқылдап», 

күйіп – пісіп, «маңдай сорым қайнады» деп, 

өзінің берекесін кетіреді. 

Күйгелек  адамда  сабыр  болмайды. 

«Күйгелектің  күлі  шашылады,  арты 

ашылады»  деп  халық,  «сабырлы  жетер 

мұратқа,  сабырсыз  қалар  ұятқа»,  «сабыр 

түбі – сары алтын» деп, оны сабырлы болуға 

үндейді. Ал ол өткізіп алып, өкінеді.

Қазымырлықпен  пәле  қуып,  одан  ашу 

шығарып,  күйіп  кететін  тұлға,  секем  алып, 

себеп тауып, ақылынан адасады. Кемшіліксіз 

тірлік  аз.  Сол  кешілікті  кесірлене  тауып, 

одан у тауып, от қойып, күйгелек адам өзін 

де, басқаларын күйдіреді. 

Күйгелектік,  көбінесе,  қараниеттіліктен 

пайда  болады.  Басқаға  жамандық  ойлап, 

«қызғаныштың қызық итін» үргізіп, ызалана, 

ызбарланып  күйгелек  күн  көрсетпеуге 

тырысады,  өзінің  де,  өзгенің  де  берекесін 

кетіреді.

Күйгелек  адам  өмірдегі  жақсы,  жаман 

құбылыстардың  тек  «жаманын»  көріп, 

«жаны»  қиналады.  Тепе-тең  тірлікті  теріс 

ойлайды.  «Ас  беріп,  ағайынға  жақпайсың» 

деп  халық  теріс  ойлап,  теріс  қарайтын 

адамдардың 

ақымақтығына 

күйінеді. 

«Отырсаң  опақ,  тұрсаң  –  сопақ»  деп, 

күйгелек  «күйкі  тіршілікте»  ешнәрсені 

ұнатпайды.

Үнемі  абыржып,  ашуланып  жүретін 

күйгелек  адам  –  отбасының  «ойраны», 

өзбасының өлімі. «Сабыр сақта», «қабағың 

ашық болсын», «ашу – дұшпан» деп, халық 

күйгелек адамды үнемі үзбей тәрбиелейді.

Күйгелек  мінезді  сабырлы  ақылмен, 

әдепті, өнегелі іс-әрекетпен, қамқорлықпен, 

қажырлы талаппен тәрбиелеу керек.

Қызғаншақтық мінезді тәрбиелеу

Қимастық,  көреалмастық,  қастекілік, 

қаскүнемдік,  қараниеттілік,  қаныпезерлік, 

іштарлық  арқылы  пайда  болатын  бұл 

мінез  жеке  тұлғаның  жан  жүйесін  бұзып, 

адамдығын жоғалтады.

Қызғаншақтық  адам  ешкімге  жақсылық 

қимайды,  тіпті,  жақын  бауырларына,  асып 

кетсе,  ата  –  анасына,  жұбайына  жақсылық 

қимай,  жаны  бұзылады.  Сөйтіп,  ол  (қыз-

ғаншақ)  адамдық  қасиетін  жойып  алып 

«жойқын төбе» болады. 



29

28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Қызғаншақтық,  көбінесе,  көреал мас-

тықтан  пайда  болып,  қытымыр  адам 

жақсының  жақсысын  «жаман»  деп,  жаны 

қиналып,  жарық  дүниеге  симай  кетеді  де, 

әділетсіз, әдепсіз қылықтар жасайды. «Сенің 

байлығың – қызғаншақ үшін қайғы – мұң» 

деп,  халық  қызғаншақтықтың  қырсығын 

қиып айтады.

Қызғаншақ  адам  қадірлігі  қастекілік 

жасап,  етегінен  тартып,  «аяғынан  шалып», 

адамның  алға  басуына  кесірлі  кедергі 

жасайды.  «Мақтаншақ  сызданады,  қыз-

ғаншақ  қызғанады  деп,  халық  қастекілік 

жасаған қызғаншақтыққа лағнет айтады.

Қызғаншақтық  мінезді  адам  қатардан 

озған  адамға  қаскүнемдік  әрекетті  «біл-

дірмей» жасау үшін, неше түрлі айлашарғы 

қолданады. «Қызғаншақтың көңілі қош бол-

майды,  ол  ешкіммен  дос  болмайды»  дейді 

халық.  «Күліп  отырады,  текеметіңді  тіліп 

отырады» деп, оның (қызғаншақтың) иттігін 

інге тығады.

Қараниеттілігімен  халыққа  белгілі  бол-

ған  қызғаншақты  «Ісің  болса  жүйелі, 

қызғаншақтың іші күйеді» деп, жек көреді.

Қаныпезер  қызғаншақ  қандасын  да, 

қарындасын  да  аямайды.  Оларды  сы-

бағасынан құр қалдырып, «сынап – мінеп», 

«қарсы болып», «қарайып», әдептен жұрдай 

болады.

Іштарлық  (ақыл  тарлық,  ақымақтық, 



қимай  қиқылдап  т.б.)  әрбір  тұлғаның  тұ-

ғырлығын  бұзады.  Іштарлықтың  кейбір 

нышандары – барлық адамға тән.

Бұл дүниені бүлдіретін мінезде дәлелдеу, 

мойындату, көрсету, талап ету тәсілдерімен 

тәрбиелеу керек.



Қанағатсыздық мінезді тәрбиелеу

Тойымсыздықтан, 

көзтоймастықтан, 

дү ние құмарлықтан,  бағасыздықтан,  атақ -

құмар лықтан,  бейберекет тіктен,  нәпсі-

құмарлықтан пайда болатын қана ғатсыздық 

мі нез ақылды аздырады. 

Қанағатсыз  адам  «ала  берсем»,  «жей 

берсем»  дейді,  бірақ  тоймайды.  Ол  ала 

берсем деп, парақорлыққа барады, басқадан 

ақысын жей береді, алудың амалын ойлайды, 

тоймайды.

«Кедей  бай  болсам  дейді,  бай  құдай 

болсам дейді» деп, халық қанағатсыздықты 

қатты  сынайды.  «Қанағат  қарын  тойғызар, 

қанағатсыз  жалғыз  атын  сойғызар»  деп, 

халық  қанағатсыздықтың  кейде  кедейлікке 

де апарытын апаты болатынын айтады.

Көзтоймастық,  дүниеқұмарлық  қанағат-

сыздықты  қалыптастырады.  Бар  затқа 

көзі  тоймай,  бардың  бағасын  білмей, 

дүниеқұмарлық санасын билеп, дүниеқоңыз 

болған адам адамдық қасиетін жойып, ақша 

үшін  арын  сатып,  дүние  үшін  қан  төгіп, 

қылмыстыққа барып, қиылады.

Қанағатсыз  адам  дүниені  бағалай 

білмейді,  парықсыздық,  нарықсыздық, 

үнемсіздік ондай адамның берекетін кетіріп, 

беделін жояды.

Атаққұмарлық  қанағатсыздықты  туды-

рып,  мансапқорлық,  билікке  таласу,  шен-

құмарлық  шермендігі  пайда  болып,  елге 

зиянын тигізеді. Ақылы жоқ болса да, атағы 

бар  нақ  ұрыс  халықтың  қасы,  адамзаттың 

азғыны.

Қанағатсыз адам берекет дегенді білмейді, 



дүниесі  көп  болса,  орынсыз  шашады, 

нәпсіқұмар  болып,  ар  –  ұятты  жойып, 

отбасын, Отанын бұзады.

Қаскүнем  мінезді  мойындату,  жазалау 

арқылы тәрбиелеу керек.

Қастекілік мінезді тәрбиелеу

Қысастықтан,  әділетсіздіктен,  қараниет-

тіліктен,  теріс  пікірден,  зымияндықтан, 

ішмерездіктен, іштарлықтан пайда болатын 

бұл мінез ерді бүлдіреді. Белгілі бір мансапқа 

болған қастекі, сол манабын мақұлықтықпен 

пайдаланып, басқа адамдардың бағын кесіп, 

сағын  сындыруға  бейім  болады.  «Қастекі 

бағы жанса, нас болады, ісі түскен адаммен 

қас болады» деп, қастекіні жек көреді.

Қастекілік мінез, көбінесе, әділетсіздіктен 

пайда болады. Қастекі адам жақсыны жаман 

деуден тайынбай, әділетсіздік жасап, әдепті 

бұзады.  Жақсы  адамның  жанын  жаралап, 

оны кіріптар қылуға тырысады.

Қастекі адам қараниетті, қаскүнем болады. 

Жадырамайды,  жақынын  да  күндейді, 

жақсылық  істемейді,  тек  өз  қамын  ойлап, 

өзгенің «өзегін өртейді». «Тоны жаманды ит 

қабады, пейілі жаманды құдай табады» деп, 

халық  қастекінің  түбінде  қасірет  көретінін 

түйеді. Қастекі адам теріс пиғыл, теріс ойлау 

кесірінен  ешкімді  ұнатпайды,  жақсыға 

жаман баға беріп, жалқылық, жағымсыздық 

көрсетіп, елген жек көрінішті болады.

Зымияндықпен  жақсыға  жамандық  жа-

сау дың  тәсілін  тауып,  тәлімді  бұзып,  тәу-

баны  ұмытып,  қастекінің  қадірі  кетеді.  Ол 

«қадірім кетті» деп ойламайды. 

Қастекілік  көп  жағдайда  іштарлықтан, 

ішмерездіктен  пайда  болады,  ол  басқаға 

жақсылық  қимай,  кең  дүниеге  симай,  кезі 

келгенге кесірін тигізеді. «Қастегінің қабағы 

ашылмайды»,  қастығы  басылмайды»  деп, 

халық қастекіні айнытпай танып, аластауды 

уағыздайды.

Қастекі  мінезді  тәрбиелеу  өте  қиын, 

өйткені ол (қастекі) жамандықты білдірмей 

істейді. 

Оны 


дәлелдеу, 

әшкерелеу, 

мойынұсындыру,  сезіндіру  тәсілдері мен 

тәр бие леу керек. 



Резюме

В статье рассматриваются способы воздействия на негативные праевления у молодежи 

в национальном воспитании.

Summary

The article discusses how the negative effects of praevleniya young people in national education.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГ­ҰСТАЗДАР 

НЕГІЗГІ РӨЛГЕ ИЕ

Нуриев М.А. – 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру 

ҒЗИ директоры

ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, 

профессор 

Сейсенбаева Ж.А. – 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру 

ҒЗИ-ның бөлім басшысы

 ф.ғ.к.,

Садыкова А.Е. – 

ғылыми істер жөніндегі инспектор, 

педагогика ғылымдарының магистрі 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазіргі  кезде  ел  экономикасын  көтеру, 

тұрақтылықты  арттыру,  халықтың  әл-

ауқатын  жақсарту  өте  маңызды  мәселе. 

Себебі,  қоғамның  қарқынды  дамуы  әлеу-

мет тік,  экономикалық  құндылықтарды, 

оның  ішінде  қарым-қатынас  және  адам 

мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді 

керек  етіп  отыр.  Әсіресе,  әлемдік  деңгейде 

қарым-қатынас  мәселелерінің  шиеленісіп 

отырған 


шағында 

өзіміздің 

ұлттық 

болмысымызды  сақтап  қалу,  рухани 



мәдени  ахуалымызды  әлемдік  өркениет 

биігіне  көтеру  мәселелері,  соған  орай 

тұлғааралық  қарым-қатынасты  ізгілендіру, 

оны  ең  жоғары  мәдениеттіліктің  деңгейіне 

көтеру  негізінде  тұтастай  интеллектуалды 


31

30

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ұлт  қалыптастыру  қажеттілік  талабы 

айқындала түсуде. Ол үшін, әрине, отандық 

білім  беру  саласындағы  тәлім  мен  тәрбие 

үдерісін  әлемдік  тәжірибелерге  сүйене 

отырып,  өзіміздің  ұлттық  дүниетанымдық 

ерекшеліктерімізді  ескере  отырып,  ұлттық 

және  жалпы  азаматтық  құндылықтар 

негізінде жаңа инновациялармен толықтыру 

керек. 


Бұл  туралы  Қазақстан  Республикасы 

«Білім  туралы»  Заңында  білім  беру 

жүйесінің  басты  міндеті  –  «ұлттық  және 

жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен 

практика жетістіктері негізінде жеке адамды 

қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік 

шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу 

үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»  екендігі 

атап  көрсетіліп,  онда  білім  беру  жүйесін 

одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделеді. 

Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлт 

көшбасшысы Н.Назарбаев «Интеллектуалды 

ұлт  –  2020»  ұлттық  жобасын  ұсынды.  Бұл 

жобада  еліміздегі  білім  берудің  барлық 

жүйесі 

жаңғыртылып 



қана 

қоймай, 


экономиканы  дамыту,  азаматтардың  әл-

ауқатын  жақсарту,  мектепке  дейінгі  тәрбие 

мен  оқытуды  толық  қамту,  12  жылдыққа 

көшу  «Назарбаев  интеллектуалды  мектебі» 

және  «Бейімдік  мектеп»  желілерін  дамыту, 

жоғары білім беру саласында бәсекелестікті 

өрістетіп,  білім  мен  ғылымды  кіріктіру, 

«Ұлттық университеттерге» мәртебесіне сай 

бұрынғыдан да кең құқықтар беріп, ондағы 

берілетін  білім  сапасын  көтеру,  бір  сөзбен 

айтқанда,  өзіміз  қосылған  Болон  процесі 

шеңберінде атқарылатын жұмыс өлшемдерін 

орындау. 

Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының 

оқытушылары  білім  беру  мен  тәрбие 

үдерісінің  көп  қырлы  мақсаттарын  көздей 

отырып,  осындай  мемлекеттік  құжаттар 

аясында  мұғалім  кадрларын  әзірлеуді 

міндеттейді.  Осы  орайда,  оқытушылар  мен 

студенттер,  оқушылардың  тұлғааралық 

қарым-қатынастарын  оқыту  үдерісінде 

қалыптастыру  –  әлеуметтік-экономикалық 

және  мәдени  дағдарыс  жағдайында  бірегей 

көтеріліп  отырған  өзекті  мәселелердің 

бірі  болып  табылады.  Сондай-ақ,  интел-

лектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, 

кәсіби,  мәдени  ақпаратына,  білімі  және 

біліктілігіне,  психологиялық,  моралдық  ер-

ек шеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі 

ұйымдастыра,  басқара  алуына  баса  назар 

аудару қажеттігі туындап отыр. 

Оқытушылар  мен  студенттер,  оқушы-

лардың  тұлғааралық  қарым-қатынастарын 

оқыту  үдерісінде  қалыптастыру  қажеттілігі 

оқытушының  өз  пәнін  оқыту  барысында 

жеке  басының  үлгісімен,  сонымен  қатар, 

пәнді  меңгертуде  жеке  тұлға  ретінде 

өз  мүмкіндіктерінің  жаңа  қырларын 

танытуға  қызықтыру  арқылы  білім  алушы 

жеткіншектерге  зор  ықпал  ете  алуымен 

байланысты.  Осындай  сабақтастық  қа-

тынасқа  қол  жеткізу  үшін  оқытушы  мен 

білім  алушылардың  тұлғааралық  қарым-

қатынастарын  оқыту  үдерісінде  қа-

лыптастыруымыз қажет. 

Қазақстанның  жаңа  кезеңдегі  дамуы 

стратегиясының  басты  бағыттарының  бірі 

– білім жүйесін, сондай-ақ кадрларды қайта 

даярлауды әлемдік стандарттарға жақындату. 

Бұл 


орайда 

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Кейбір  мемлекеттік  оқу  ор-

ын дарына  айрықша  мәртебе  беру  туралы» 

2001  жылғы  5  шілдедегі  Жарлығының 

маңызы  зор  болды.  Бұл  жарлықпен 

ұлттық 


университеттерге 

бұрынғыдан 

гөрі  кең  құқықтар  берілді.  Бұл  жоғары 

оқу  орындарының  басшылары  Президент 

Жарлығымен тағайындалатын болды. Мұның 

өзі сонымен қатар оқу орындарына жоғары 

жауапкершілік  жүктейді.  Отанымыздағы 

осы  айтулы  ұлттық  университеттердің 

ректорын  Елбасының  бекіту  үрдісінің 

қалыптасуы  бұл  оқу  орындарының  беделін 

көтерумен  бірге  уақыт  өлшеміне  сай  білім 

берудің  деңгейін  көтеруге  өлшеусіз  үлес 

қосуда.  Бұл  сапта  еліміздегі  айтулы  тоғыз 

ұлттық  университет  жұмыс  жасауда.  Осы 

тоғыз  ұлттық  университет  қатарынан  Абай 

атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетін  бөліп  көрсетудің  маңызы 

ерекше.  Себебі,  ол  Республикамыздағы 

педагогтарды  даярлайтын  «Ұлттық  педа го-

гикалық» статусына ие жалғыз университет 

болып  табылады.  Тәрбиесіз  ұлт  дамып, 

қалыптаспайтындықтан,  жетістіктері  көр-

кеймейтіндіктен,  мақалада  көтеріліп  отыр-

ған  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру 

мәселесін  ең  әуелі,  тәрбие  мәселесімен 

байланыстырып қарастырамыз. Ал, аталмыш 

оқу орны болса – дәл осы ұстанымды ұстаған 

бірден-бір  тұңғыш  университет  болып 

отыр.  Өркениеттің  ғалами  талабы  білімді 

ұстазды  қанаттандырып,  жаңашылдық  пен 

ізденіс шыңына қондырады десек, дүниедегі 

білім  атаулының  кілті  де,  құпия,  сыры  да 

ұстазға  ғана  тәуелді  екендігіне  дауымыз 

жоқ.  Университетте  интеллектуалдығы 

жоғары  педагог-ұстаздар  даярлау  пробле-

масы  төтесінен  қойылып  отыр.  Бұл  жер-

дегі  интеллектуалдылығы  жоғары  деп 

отырғанымыз – біліммен бірге тәлім-тәрбиені 

қатар  бойына  сіңірген  тәрбиелі  тұлға  иесі. 

Ұлт  көшбасшымыздың  сөзімен  айтқанда, 

«Қазақстан  немен  мақтануы  керек  дегенде 

кешегі  бабамызбен,  бүгінгі  шамамызбен, 

келешектегі  болмысымызбен  мақтануымыз 

керек». Экономикадағы ең басты капитал – 

шикізат, өндіріс, сауда немесе қаржы саласы 

емес,  адам  капиталы.  Адам  капиталының 

негізі  тәрбие  десек,  соның  ішінде  ұлттық 

тәрбие  бір  төбе.  Қазіргі  ақпарат  қарқынды 

дамыған, ұлттық құндылықтар көмескілене 

бастаған  заманда  ұрпақ  санасына  салт-

дәстүрді сіңіру – кезек күттірмейтін іс. Қазақ 

– салтқа, дәстүрге, ырым мен тыйымға, әдет-

ғұрыпқа  бай  халық.  Солардың  әрқайсысын 

қажетіне  қарай  пайдалана  білген.  Ұлттық 

құндылықтар  –  басқа  ұлттардан  оқшаулап, 

даралайтын  халықтың  жүрегі  һәм  тамыр 

бүлкілі.  Ол  жойылса,  ұлттың  өмір  сүруі 

де  тоқтайды.  Сондықтан,  еліміздің  өр-

кениеті  мен  экономикасын  тұрақтандыру, 

патриоттық  сезімін  арттыру  жолында  Абай 

атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінде жастарды ұлттық тәрбиенің 

қайнар көздерімен сусындату қажеттіліктері 

дұрыс жолға қойылып отыр. Халқымыздың 

орасан  зор  адамгершілігі,  үлкенге  құрмет, 

кішіге ізет, қонақжайлық қасиетімен, ақыл-

парасатымен,  көсемдігімен,  шешендігімен, 

әділдігімен,  өз  мүддесін  ұлт  мүддесі-

мен  ұштастыруымен,  ұлтжандылығымен, 

көреген дігімен  ерекшеленетін  салт-дәстүрі 

мен  әдет-ғұрыптарын,  мәдени,  рухани  мол 

мұрасын  сақтап,  оны  уақыт  өткен  сайын 

жаңалап,  жаңғырта  түсетін  қырларын 

жастарға  ұғындыру  сияқты  сан-салалық 

тәлімдік,  тәрбиелік  қырларын  білім  беруде 

негізделіп отыр. Мұндағы біздің мақсатымыз 

–  жаһандану  кезінде  халқымыздың  асыл 

қасиеттерін білім беру үрдісіне сіңіру арқылы 

ұлттық  қасиетімізді  сақтап  қалу,  келешек 

ұрпақты  тәрбиелеу  арқылы  интелектуалды 

ұлт  қалыптастыру.  Осы  жерде  баса  назар 

аударып, айта кетер жағдай, бұл – ауыр жүкті 

міндет етіп алып арқалаған, елімізде тұңғыш 

рет  біздің  университет  қабырғасында 

ашылып,  көпшілік  оқырман  қауымға  жол 

тартып  отырған  республикалық  ғылыми-

көпшілік  бағыттағы  «Ұлттық  тәрбие» 

журналы  рөлінің  асқақ,  еңбегінің  ересен 

екендігі.  Журналдың  интеллектуалды  ұлт 

қалыптастырудағы  мақсатымызды  жүзеге 

асыру  жолында  атқарар  рөлі  өте  жоғары. 

Мұнда елімізге айтулы тұлғалар мен ғалым, 

академиктердің  осы  мәселе  төңірегіндегі 

көлемі ауқымды, мазмұны терең мақалалары 

жарияланып,  көпшілік  қауымға  таралады. 

Еңбегі ересен азаматтардың тілек, үндеулері 

де осы басылым арқылы жұртымен табысып, 

үндесіп  жатады.  Ал,  мұндай  еңбектердің 

болашақ  ұрпақ  тәрбиесіне  ықпал  етері 

сөзсіз.  Сондықтан,  осы  «Ұлттық  тәрбие» 

журналы  үкімет  тарапынан  қолдау  тауып, 

таралымы  көбейіп, барлық оқу орындарына 

тегін таратылып жатса, нұр үстіне нұр болар 

еді.


Екінші  үлкен  мәселе,  дүниеде  адамды 

тәрбиелеп,  азамат  атандырғаннан  артық 

абырой  мен  құрмет,  сондай-ақ,  ауыр 

міндеттің  жоқтығы.  Сондықтан,  ұстаздың 

сапасын  ең  жоғары  деңгейге  көтеруіміз 

керек. Өйткені, келешек ұрпақтың барлығы 

ұстаз  қолынан  өтіп,  тәлім-тәрбие  алады. 


33

32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Бұл  жөнінде  жоғарыда  айтып  өткеніміздей 

республикада  атқарылған  жұмыстар  көп. 

Осындай  талаптан  шығу  үшін  ұлттық 

мәртебесін иемденген тоғыз университеттің 

статустарына сай маңызы мен мәні жоғары 

болу  керек.  Ол  үшін  педагогикалық 

университетте  оқитын  болашақ  мұғалім-

студенттердің сапасын ең биік сатыға көтеріп, 

шәкіртақыны  көбейтіп  және  шәкірттеріне 

сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, 

тіл  үйрету,  ағартушылық  бағыттарында 

да  елеулі  еңбек  ететін  ұстаздардың  да  әл-

ауқатын жақсартуымыз керек.

Ол  үшін  университеттегі  атқарылатын 

ғылыми  жұмыстардың  сапасын  арттыру  – 

жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  нәтиже  беруде 

үлкен  мүмкіншілікке  ие.  Сол  себепті, 

жастарды  тәрбиелеуде  бүгінгі  күнге  сай 

жолдарын қарастырып, амал-тәсілін табатын 

ғылыми  жұмыстар  ұйымдастырылу  керек. 

Алысқа бармай-ақ, көрші қоңыстанған Ресей 

мемлекетін  мысалға  алатын  болсақ,  онда 

педагогикалық  ғылыммен  шұғылданатын 

көптеген  ғылыми-зерттеу  институттары 

бар  екендіне  куә  боламыз.  Ал,  біздің 

респубдикада бұл жоқтың қасы. Сондықтан, 

осы  университетте  ұстаз  тәрбиелеу 

мәселесін  теориялық  және  практикалық 

ғылыми  негіздерін  қарастыратын  ғылыми-

зерттеу  институттары  мен  орталықтарын 

ашу  мемлекет  тарапынан  көңіл  бөлініп, 

жолға қойылса құба-құп болар еді. Өйткені, 

елімізге  керек  дарынды  тұлғаны  да,  білікті 

маманды да, адами қасиеті жоғары азаматты 

да қалыптастыратын – ұстаз. 

Ұстаздық ету – ұлылық болса да, өкінішке 

орай,  бұл  мамандықты  өз  дегенімен  қалап, 

сүйіп  таңдап  келетін  талапкерлер  тым  аз. 

Оның  себебі,  мәңгі  нұрдың  қызметшісі, 

тынымсыз лаулаған жалын иесі – ұстаздардың 

еңбегі қаншалық ерен болса, табар айлығы 

соншалық мардымсыз аздығында. 

«Білім  туралы»  Заңның  «Педагог 

қызметкерлердің  мәртебесі»  туралы  та-

рауында «… келешекте мұғалім мамандығы 

ең  беделді  әрі  жоғары  ақы  төленетін 

мамандықтардың  бірі  болуы  керек» 

деп  көрсетілген  болатын.  Ал,  Ахмет 

Байтұрсынов:  «Мектептің  жаны  –  мұғалім. 

Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  сондай 

болмақшы.  Яғни,  мұғалім  білімді  болса, 

ол  мектептен  балалар  көбірек  білім  алып 

шықпақшы.  Солай  болған  соң,  ең  әуелі 

мектепке  керегі  –  білімді,  педагогика, 

методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін 

мұғалім»,  –  деген.  Бұл  даналық  пікірдің 

маңызы уақыт жылжыған сайын арта түсуде. 

Міне, осы талапқа сай ұстаздардың беделін 

көтеру,  соған  орай  еңбекақысын  жоғарлату, 

өзінің ісіне жауапкершілікпен қарау мәселесі 

жиі  қозғалып  келеді.  Шынында,  ағарту 

орындарының алтын діңгегі – мұғалім. Жас 

ұрпақ  мұғалімге  қарап  бой  түзейді.  Нағыз 

ұстаз  қай  ғасырда  да  ұстаз  болып  қала 

бермек. Ұстазға қойылатын талап пен тілек 

қашан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық, 

парасаттылық  барлық  ғылым  атауылының 

алғашқы  әліппесі  өркениет  ұстазының 

тәлім сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен 

«білім  мұхитына»  айналып,  рухы  мықты, 

интеллектуалды  ұрпақ  тәрбилеп  шығару. 

Олай болса, осындай игі ниеттен туындаған 

өзіміз тарапынан ұстазға қойлар талаптарды 

жүйелеп ұсынар болсақ: 

Біріншіден  –  мәдениеті  жоғары 

дамыған маман болуы керектігі:

1.  Қазақ  халқының  және  дүниежүзілік 

тарихтан жүйелі хабардар болуы;

2.  Қазақ  философиясын  терең  түсініп, 

одан нақты мысалдар келтіре алатындай 

болуы;


3.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  даму 

жолдарын  дұрыс  саралап,  жаңа  заман 

талабына  сай  баға  бере  алатын, 

дүниежүзілік әдебиеттен өзгешеліктерін 

түсініп, саралай алатындай болуы;

4.  Қазақ  қандай  мәдениет  түрлерімен 

мақтана алатындығы;

5.  Бізде  дамыған  мәдениеттің  түрлері 

мен  одан  қандай  тәлім-тәрбие  алуға 

болатындығы  туралы  мағлұматтардан 

хабары болуы.

Екіншіден – Қазақстан экономикасы мен 

оның  даму  жолдарының  ерекшеліктеріне 

талдау  жасай  алуы.  Қазақстанның  дүние-

жүзілік  қоршаған  ортадан  қандай  жетіс-

тіктерімен  (брендпен)  орын  алады  деген 

сауалға  жауап  таба  алуы.  Үшіншіден 

–  ұстаздың  адами  қасиетіне  қойылатын 

талаптар. Төртіншіден – білім, біліктілігіне 

қойылатын  талаптар.  Бесіншіден  –  жан-

жақты  дамыған  «толық  адам»  екеніндігіне, 

оқушылардың  қызыға  қарайтын  қасиет-

терінің  болуы.  Алтыншыдан  –  ұстазға  тән 

лидерлік қасиеттерге ие болуы. Жетіншіден 

–  ұстаздықты  таңдап  алған  оқушылардың 

дайындығы: 7.1 оқу орындарына қойылатын 

талаптар;

7.2 оқытушыларды сараптап алу;

7.3 саяси әлеуметтік жағдай жасау (жалақы, 

үй,  шәкіртақы,  т.б.).  Мысалға  ұстаздың  үйі 

(әсіресе,  ауылдық  жерде)  ауылдың  көркі 

болуы  керек.  Шәкірттердің  ұстаз  үйіне 

қызығушылықпен  қарап,  сондай  үйде 

тұруға деген ынтасы мен сол арманына жету 

жолындағы талап-жігері;

7.4  ұстаздың  жалақысы  екі  тұрғыдан 

қарастырылуы  керек:  базалық  төлемақы 

және қосымша төлемдер;

7.5 ер азаматтардың мұғалім болуы үшін не 

істеу керек деген мәселе. Жасыратыны жоқ, 

қазіргі  күндері  мұғалімдік  салаға  көбінесе 

әйел  адамдар  барып  жатады.  Ал  ұрпаққа 

берілер  тәрбие  қай  кезде  де,  қай  жерде  де, 

қандай  ортада  да  ер  азаматтардың  қалыс 

қалуы себебінен ақсап жатады;

7.6  Мектепті  нағыз  білім  ордасына  жә-

не  мәдениет  ордасына  айналдырудың 

мәселелерін жан-жақты қарастырылу қажет-

тігі.

Сонымен, өркениеттің ғарыштап дамуын-



дағы  ғажап  идеялар,  дархан  істер,  ғаламат 

жоспарлар  –  жаңа  ғасырдың  қолынан 

ғана  келеді.  Ал,  осы  ғасырдың  тізгіні  – 

ұрпақтарының  қолында  ғана,  ендеше  ұр-

пақ тың  бар  бақыты  озық  ойлы  ұстаздың 

еншісіне ғана берілмек. 

Жан  сарайыңды  жібітетін  тәрбиенің 

үлгісі  де,  ащы  ақиқаттың  күмбір  күйі  де 

өркениет  ұстазының  әр  сабағында  шежіре 

боп сөйлеп жатады. Бұл жалғандық болмай, 

педагогиканың барлық жүйесінде мазмұнды 

жүрсе, адамзаттың ой-өрісі дамып, сәулелене 

түспек.

Резюме

В статье рассматривается роль педагога в формировании интеллектуального нации. 

Summary

The article examines the role of the teacher in the development of intellectual nation.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет