Қорытынды. Бүгінгі таңда оқу процесінде арнайы оқыту жүйелерін, оқыту
процесінде электронды оқыту әдістемелерін пайдалану өзекті мәселе болып отыр.
Осыған орай, көкейтесті мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының
жаңа дидактикалық мүмкіндіктерінің даму есебінде білім берудің жаңа
компьютерлік әдістерін өңдеу болып отыр. Ендеше мектеп курсына арналған
оқытушы программаларды құрудың дидактикалық, әдістемелік және технологиялық
жақтарын анықтадық.
Сонықтан кез келген жұмысты жазбас бұрын оның зерттейтін аймағымен
танысу керек. Сол себептен жұмысымды жазардан бұрын программалау
(Алгоритмдік, Паскаль, С++, Delphi және Бейсик) тілдерін орындалу ретін және
оның мүмкіндіктерін толық зерттедім. Онда әр программалау тілінің
ерекшеліктеріне көз жеткізе отырып, программалау тілдері туралы мәліметтердің
түрлерін қарастырдым. Бұл жүйені жасағанда оны неғұрлым әмбебап, түсінікті,
қолдануға ыңғайлы етіп шығаруға тырыстым. Сол үшін жүйенің объектілері
анықталып, олардың арасындағы байланыстар орнатылып, ыңғайлы формалар
құрылды. Соңында құрылған жүйеге алғашқы мәліметтер енгізіліп, оның жалпы
жұмыс істеу принципі тексерілді.
Бұл жұмыстың нәтижесінде «Тармақталу алгоритмін қолдана отырып,
программалау тілдерін оқыту» бағдарламасы жасалып шықты. Жұмыстың орындалу
барысында Object Pascal тіліне негізделген Delphi бағдарламасының мүмкіндіктері
зерттеліп қаралды. Оқытушы программалардың типтеріне, олардың түрлеріне
сараптама жасалды, оларды құруға арналған программалық өнімдер сипатталған.
Ғылыми жұмыста Object Pascal тілі терең зерттелді, Delphi ортасын және
электронды қабықша құруға қажетті компоненттерді, олардың қасиеттері
қарастырылды, оқытушы программалардың жіктемелері, түрлері, оларды құру
жолдары зерттелді, практикалық тапсырмаларды орындау әдістемесін жасау,
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
60
бақылау сұрақтар ұйымдастырылды, жинақталған деректер негізінде оқытушы
бағдарлама құруды толығымен орындады.
Осы бағдарлама Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін дербес
компьютерлерде толық жұмыс жасайды. Бағдарлама жас программа құрушыларға
көп көмегін тигізеді және тармақталу командасына берілген есептерді бірнеше
программаның көмегімен шығару мүмкіндігі толығымен қарастырылған. Осы
көрсетілген мысалдар мен түсіндірулер жаңа программа жасауға негіз бола алады.
Жұмыс барысында «Тармақталу алгоритмін қолдана отырып, программалау
тілдерін оқыту» әдістемелік электронды қабықшасын құру кезінде мүмкіндігінше
толық қамтуға тырыстым. Бірақ менің ойымша, бағдарлама құрудың бір ерекшілігі
оған қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу мүмкіндігі шектелмейді, себебі уақыт
өткен сайын кез келген жұмысты жетілдіру қажет болып отырады.
Әдебиеттер
1 Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиарова Г. Информатика және есептеуіш
негіздері. – Алматы: Мектеп, 2005.
2 Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. – М.: Мир, 1989. – 360
с: ил.
3 Зелковиц М., Шоу А., Гэннон Дж. Принципы разработки программного
обеспечения: Пер. с англ. – М.: Мир, 1982. – 386 с: ил.
4 Культин Н.Б. Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi /
Второе издание, переработанное и дополненное. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург,
1999. – 416 с: ил.
5 Культин Н.Б. Программирование на Object Pascal в Delphi 5. СПб.: БХВ –
Санкт-Петербург, 1999. – 464 с: ил.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
61
БАЗАРБАЕВА Нұрайлым,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 3 «В» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АБДУАЛИЕВА Маржан,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ
Зерттеу мақсаты: алоэ өсімдігін зерттей отырып, емдік ерекшеліктерін тиімді
пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін
пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Алоэның сипаттамасы. Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі – алоэ.
Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер
мыңжылдық деп те атайды.
Оның Отаны – Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Үндістанның жартылай
шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэнің қоспалары Қытайдың
мыңжылдық қоспаларында бар. Мысырда үйдің кіре беріс жерінде алоэ
отырғызылады.
Алоэ, сабыр (Aloe) – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде
шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік,
субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы
шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше
келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған.
Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі.
Жинау уақыты: жыл бойы.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
62
Көбеюі
Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы
көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тамыр және сабақты құмды топыраққа
отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған
абзал.
Алоэ дарақ (тал) тәріді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына
өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай
үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға
(горшок) немесе ауыр капшоға отырғызу керек.
Орны. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық
жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C
деңгейінде болатын орында ұстауға болады.
Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің су сақтағыш
ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір
суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса,
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
63
көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп
соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды.
Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын
құнарландыруға болады.
Алоэ түрлері. Алоэ – асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер
туысы, 400 түрі бар. Ағаш тәрізді алоэ немесе жүзжылдық – көпжылдық мәңгі жасыл
шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жетеді).
Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі – нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның
барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген
аттары бар. Алоэнің бұл түрлері әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен
пайдаланылады.
Aloe arborescens
Aloe Vera
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
64
Aloe dichotoma
Aloe aristata
Aloe hereroensis
Aloe peglerae
Aloe striatula Aloe maculata
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
65
Aloe sophie
Aloe speciosa
Алоэның пайдасы: өкпе туберкулезі, иммунитет, тәбет ашады, күйік, ангина,
жөтел, жараларды жазу, суық тию, ағзаның жалпы жағдайын жақсарту, рак
жасушаларының өсуіне тосқауыл жасау.
Алоэның қарсы көрсетілімдері: өт жолдары, бүйрек, бауыр аурулары,
аурулары, гипертония,
гемморой, жүктілік мерзім.
Алоэның қолданылуы. Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі
микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны
таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланылады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе
қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында
жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.
Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады.
Академик В.П. Филатов алоэның жапырағын түнде 4-8 рет ұстауды ескертеді,
себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа
жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс
көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара,
күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр
түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан
ойық жарасында, асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады.
Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық
шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз.
Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
66
Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып
тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек. Ол үшін алоэның
жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып,
ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол
үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған
жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да,
жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.
Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз.
Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір
рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды
тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны
қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен
араластырасыз. Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат
бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.
Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4
сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға
болмайды.
Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз
келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде
тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.
Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске
басады. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып,
жаншып, жарақатқа таңады. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр
ретте 5 мг ішеді.
Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның
аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына
алоэ жапырағы көп көмектеседі. Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға,
асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны
туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Алоэның
косметологияда
пайдалануы.
Косметологияда
алоэның
пайдаланатындығы көптен белгілі. Алоэ бетті жақсы ылғалдандырады, қан
айналымын жақсартады, қабынуды тоқтатады. Адамды жасартады, безеулерді
кетіреді.
Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан
жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: «Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны
тыныштандырады», - деп жазып кеткен.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
67
Ежелгі әдістерді бүгінге қолдану. Теріні ажарландыру. 1 тал алоэ
жапырағын үзіп алып, қайшымен біразын қырқып алған соң, оның екі бетіндегі
тікендерін қырқып тастап, ортасын жарып, жарылған жағын бетке сүйкесе, бетке
майда әрі жабысқақ сезіледі, бірнеше минуттан кейін бет терісі біртіндеп тырысады.
10 минуттан кейін бетті таза сумен жуу керек. Сөйтіп бір мезгіл үзбей қолданса тері
жұмсарып, терідегі түрпіленген жерлер мен ұсақ әжімдер барған сайын азаяды.
Дақ-секпілдерді жоғалту. Алоэ арқылы дақ-секпіл жоғалтудың әдісі өте
қарапайым. Кешке ұйықтар алдында алоэ сұйықтығын бетке жағып немесе алоэ
сұйықтығына азырақ бал мен ұн араластырып, бетжабар жасап, бетке жапсырады.
Біраз уақыттан соң беттегі дақ-секпілдердің азайғанын көресіз.
У қайтару, қабынуды басу, безеу кетіру. Алоэнің жеміс еті сияқты бөлімін
жарып, қабынған жерге жапсырғанда ісікті қайтарып, іріңдетеді. Жай ұсақ
безеулерді алоэмен жеңіл уқаласа немесе бетке жапсырса, жазылып кетеді.
Өнімділігі. Алоэ залалсыз табиғи өсімдік, микроб жою, ракқа қарсы тұру
қуатына ие болуымен бірге, оның құрамында мол витаминдер мен адам денесіне
қажетті аминоқышқылдары және бірқыдыру минералдық заттар болып, теріні
сауықтыру, ажарландыру жағында ерекше өнімге ие.
Көңіл бөлетін істер. Алоэ біткеннің бәрін ажарландыруға қолдануға
болмайды. Алдымен кәсіпқой ажарландырушылардан кеңес алу керек. Сондай-ақ
алоэмен ажарландыру тері біткеннің бәріне үйлесе бермейді. Алдымен қолға жағып,
сынап көру, егер реакция құбылысы байқалмаса, жаралы жерге немесе бетке
қолданса болады.
Аспазшылықта пайдаланылуы. Алоэ тамаққа да пайдаланылады. Ертедегі
сақ заманында аштық болған кезде алоэ жапырақтарын жеп аман қалған.
Қазіргі кезде де Еуропада самбурд (ұсақталған алоэ жапырағы), алоэ гелі,
кілегейлі, балмұздақты қуана қолданады.
Қорытынды. Алоэ – бөлме өсімдіктер ішінде ең көп таралғаны. Өзінің
әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында
ұққаным – өсімдік көптеген пайда әкеледі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
68
Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты
сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым.
Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың
жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей, қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп
жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік – адам үшін азықтың
қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға
емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын
ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп
жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға
көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да
атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән
беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді
пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық
қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа
болады.
БАЙМАНОВА Дария Нұрболатқызы,
Тоқмансай орта мектебінің 7 сынып оқушысы, Қайнар ауылы,
Алға ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЖАНАБЕКОВА Галима Темирхановна,
Тоқмансай орта мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Қайнар ауылы,
Алға ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
ЕШКІ СҮТІНІҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТІ
Жобаның мақсаты: ешкі сүтімен емдеуді кеңінен қолдануды насихаттау
арқылы адам денсаулығын нығайту.
Жобаның міндеттері: ешкі сүтін пайдалану арқылы денсаулықты нығайту;
ешкі малын өсіруді қолға алу; әр отбасында ешкі сүтін күнделікті тамақ рационына
енгізу.
Емдік маңызы жағынан ешкі сүті өте пайдалы екен. Ешкі сүті – жоғары
азықтық жане биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Ешкі
сүтінің ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға
болады.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында,
анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды
қоректендіру үшін аса қолайлы. Швейцарияның таулық шипажайларында
туберкулез, анемия мен рахит ауруына щалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен
емдеген. Ешкі сүтінің емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен: көз
бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы – күнжітпен, іш өтуге қарсы – теңіз
тастарымен, арпа жармасымен қайнатқан.
ХХ ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүтінің өрлеу кезеңі басталды. Осы кезде
медицина мамандары ол жайлы әйелдердің емшек сүтін алмастыруға басқалардан
қолайлы екендігін айтады. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа
да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым
жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Демек, ауырмаймыз десек, ешкі
сүтін тамақ рационымызға міндетті түрде енгізіп қоюмыз қажет.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
69
Адам тамақтану үшін негізінен сиыр сүтін пайдаланады, басқа малдардың –
ешкі, қой, бие, буйвол, есек, түйе, як ұрғашысының, ұрғашы солтүстік бұғысы,
зебудің сүтін аз қолданады. Тағамның қуаттылығы олардың ағзада бөліп шығаратын
жылу энергиясының мөлшерімен анықталып, каллориямен өлшенеді. Адам
ағзасында бір грамм май қышқылданғанда – 9,3 ккал, бір грамм нәруыз
қышқылданғанда – 4,1 кклал, бір грамм көмірсу қышқылданғанда – 4,1 ккал бөлініп
шығады.
Сүт – бізге жақсы мәлім, дағдылы тағам. Ал ол жайында біз не білеміз? Ең
алдымен жаңа сауған сүттің дәмі жақсы, тәттілеу, қаймағы алынбаған сүт көк сүттен
дәмді келеді. Қаймағы алынбаған сүттің түсі ақшыл-сары, ал майынан ажыратылған
сүт көкшіл болады. Сүт флегін ашқан кезде сүттің хош иісі сезіледі. Сүтте өсіп келе
жатқан жас организмге не қажеттің бәрі бар. Олардың жалпы мөлшері бір процентке
жуықтайды.
Бір қызығы – әр түрлі жануарлардың сүтіндегі тұздардың ара қатынасы сол
жануарлардың төлдерінің ағзасындағы тұздардың ара қатынасына тең дерлік.
Сүттегі минералды тұздар біршама тұрақты болады. Егер мал азығында минералды
тұздар жетіспесе, олар сүтке сүйек етінен келеді де, мал ауруға шалдығады. Сүттегі
микроэлементтерден марганец, алюминий, мырыш, кобальт, хром, қорғасын,
мышьяк, қалайы, бор, йод, фтор, титан, күміс, мыс, темір, ванадий, магний, литий,
никель, гелий, рубидий және басқалары байқалды. Олар сүттегі мөлшері оншалық
елерліктей емес және сүттің килограмында микрограмның оннан, жүзден бір бөлігі
мен есептеледі.
1882 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин: «Сүтте бұрыннан белгілі басты
ингредиенттерден басқа, әзірге белгісіз, бірақ тіршілік үшін қажетті заттар аз
мөлшерде болуы тиіс», - деп жазды. Кейіннен бұл заттар табылып, витаминдер деп
аталды. Витаминдердің ашылу тарихы сүт қасиеттерін зерттеуге байланысты деп
айтуға әбден болады.
Көптеген витаминдердің химиялық құрамы анықталған және оларды
синтетикалық жолмен алады. Витаминдер латын алфавитінің бас әріптерімен
белгіленеді. Витаминдер кез келген заттарда еру қабілетіне қарай майда еритіндер
және суда еритіндер болып екіге бөлінеді. Қазірдің өзінде 30 витамин белігілі болып
отыр: барлық витаминдер ағзаға кешенді түрде әсер етіп, бірін-бірі толықтырып
отырады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер
бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алды.
Жалпы ешкі – ежелден келе жатқан түлік. Соған байланысты оның сүті де қай
халыққа болсын етене жақын. Ешкі сүті – жоғары азықтық және биологиялық
құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық
қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа ауыл шаруашылық
жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр
сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын альфа-ls казеин жоқ. Сондықтан
ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында бета казеин
мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті
нәруыздары көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты
құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер
түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, асқорыту жүйесінің
бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13%
кем, әйелдердің емшек сүтінен – 41% кем) болуы – бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі
бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
70
және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының
тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар
және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67
пайызы бар.
Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций
(143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А
(0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы
бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін
кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің
құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы
әсер етеді.
Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің
түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез-құлық
сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір
сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне
жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге, дәрумендер мен
микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда
тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді. Ешкі сүтінің майы адам ағзасында
100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза
жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.
Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұрақты емес
және көптеген ықпалдарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация
кезеңіне, қоректену мен күтім жағдайларына байланысты.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында,
анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды
қоректендіру үшін аса қолайлы. Швейцарияның таулық шипажайларында
туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен
емдеген.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр
науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна
жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі
сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен
азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея – тәңірлік
керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «Ең
тұрақты», - деп жазған. Ешкі сүтінің нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға
қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин – «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды
дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.
Негізгі азықтық құрам бөліктерінің – нәруыздар, майлар мен көміртектердің
мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен сал-
мақты айырмашылығы бар: жануарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ
майлар мен көміртектер аз болады.
Осы айырмашылық адам ағзасында ешкі мен сиыр сүтінің түрлі әсер етуін
түсіндіреді. Ешкі сүтінің қорытылуы кезінде пайда болатын қою ұйынды сиыр
сүтінікіне қарағанда тығыз емес. Ас қорыту ферменттері үшін өңдеуге оңай келеді.
Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді.
Ешкі сүтінің майлық құрам бөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы.
Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың
жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үш глицеридтердің болуы ықпал
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
71
етеді. Олар – лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге
енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар.
Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен
дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ
ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына
қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді.
Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген
сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің
себебі – азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан,
соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның
физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне
сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді.
Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерт-
теулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де
бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен
буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас
ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды
қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін
ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті
ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек
ретінде пайдалануға болады.
Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді
салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар
екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллергиясы бар
балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға болатынын айтады. Жақында Ресей
нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген
қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен
қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері
бар.
Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің алмастырғыштарымен
шектелуіне сай аллергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің
нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті
негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап
қолдануға болады. Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр
сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол.
Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы – сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып
жасауында болса керек. Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан.
Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік
лактобациллинді бөліп шығарды. Ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай
пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі
ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі
аурулардын алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.
Әртүрлі сүтқоректілер сүтінің химиялық құрамы
Жануарлар түрі
Су
Нәруыздар
Майлар
Қант
Тұздар
Ірі қара мал
88,0
3,2
3,5
4,9
0,8
Ешкі
86,9
3,8
4,1
4,4
0,8
Қой
83,6
5,1
6,2
4,2
0,9
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
72
Буйвол
82,9
4,6
7,5
4,2
0,8
Жылқы
90,3
1,9
1,0
6,5
0,3
Түйе
86,5
4,0
3,0
5,7
0,6
Есек
90,0
1,9
1,4
6,2
0,5
Әйел сүті,
алмастыру үшін
87,4
1,6
3,8
7,0
0,2
Қазір дәрігерлер ешкі сүтінің асқазанға аса салмақ түсірмейтіндігін, әсіресе,
сәбилер мен қарттар үнемі тұтынса, жалпы ағзаға пайдалы екенін айтып та, жазып та
жүр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүгіріп,
шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі барлығы 600 түрден аса шөпті
пайдаланаты анықталған. Емнің бәрі сол шөптің басында жатса керек!
Ешкі сүтінің пайдалылығы жайында қайталап айтудын өзі артық. Жылқы,
сиыр, қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі
сүтімен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.
Жаздың маусым айында үйдегі бір ешкіміз төлдеп, егіз лақ тапты. Бірақ бір-екі
күннен соң екі лағы да өліп қалды. Лақтарынан айырылған ешкінің желіні ісіп кетті.
Ауырсынғаны соншалық, қатты маңырағанда не істерімізді білмей, ешкіні аяп
кеттік. Атам бізге ақылын айтты, яғни: «Ешкіні сауып көрейік», - деді. Бұрын
саумағасын ешкі бір жетідей бізді маңына жуытпай жүрді, бірақ бірте-бірте қолға
үйрене бастады. Өте сүтті екен, бір сауғанда бір литрге жақын сүт алатын болдық.
Ешкі сүтінің ем екенін жақсы білетін атам мен әжем бізге күнде орны ішіп жүрудің
пайдасы зор екенін түсіндірді. Сонда да ауылдағы мал дәрігері Нұрлан
Бақбергенұлы Аманкуловтан ешкі малы туралы мәлімет алдық. Мал дәрігерінің
айтуынша, ешкі туберкулезбен де, бруцеллезбен де, жалпы сиыр ауыратын басқа да
аурулармен ауырмайтын көрінеді.
Менің сол кездері асқазаным ауырып жүрген еді. Сонымен біз маусымның он
бесінен бастап 50 грамдық стаканмен ешкі сүтін ішуді бастадық. Біз деп отырғаным:
атам, әжем, анам, мен және сіңілім. Бастапқыдағы 50 грамды бірнеше күннен соң
100 грамға жеткізіп, аш қарынға іштік. Ешкі сүтінің дәміне келсек, сиыр сүтіне
қарағанда өзгеше, түсі сұйық. Сауған соң 15 минуттай тұрса бетінде майлы қабат
байқалады. Суығаннан кейін оның емдік қасиеті жоғалады екен. Сондықтан сауған
бойда үзбестен 4 ай бойы ішуді әдетке айналдырдық. Нәтижесінде менің
асқазанымның ауырғаны басылды. Өт жолдарым да көп мазаламайтын болды.
Ал атамның қан қысымы бірқалыпқа түсті. Ешкі сүтін косметологияда да
қолданатынын оқып білген анам сүтті бет терісіне жақты. Теріні жұмсартып, беттегі
дақтарды кетіруіне көмегін тигізді. Аллергияға бейім сіңілім сүт өнімдерін іше
алмай жүретін, ал ешкі сүті аллергияны қоздырмайды екен. Бұдан хабардар болған
ол сүтті еш қорықпастан ішетін болды. Сонымен біз отбасымызбен ешкі сүтінің адам
ағзасына өте пайдалы тағам екендігіне көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |