Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет69/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79

 

 

Р.О. Тұрсымбекова 

ҚР МОМ қорды есепке алу тобының жетекшісі (Алматы қ.) 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙ ҚОРЫНДА 

САҚТАЛҒАН «КИЕЛІ КИІЗ ҮЙ» 

 

«Атамыз – Алаш,  керегеміз – ағаш» – деп  ата-бабамыз  айтқандай  киіз  үй – тек  қазақ  халқының 

ғана  емес,  бүкіл  көшпелі  халықтардың  тұрағы.  Көшпелі  халықтың  өмірі  киіз  үйде  өткен.  Ол  тек 

көшіп-қонуға ыңғайлы баспана ғана емес, сондай-ақ үлкен бір отбасы тіршілік еткен үлкен шаңырақ.

 

Мұнда адам дүниеге келеді, үйленеді жəне соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегі тіршілігін 



қоспағандағы өмірі киіз үйде өтеді.  

Киіз үйге байланысты Геродот өзінің скифтер  жайлы очерктерінде аргипейлердің ең  қарапайым 

тұрғын  үйлерін  сипаттай  отырып  «Олардың  əрқайсысы  ағаштың  астында  тұрады.  Қыста  ағашты 

үнемі тығыз ақ киізбен жауып, ал жазда жабусыз қалдырған» деп жазған [1, 115-б.]. 

Киіз  үй – қазақтың  қасиетті,  киелі  қара  шаңырағы.  Жалпы  қазақ  халқының  сөз  байламында 

қасиетті саналатын «киелі» деген сөздің мағынасы осы мақаланы жазуға себеп болды.  

ҚР  Мемлекеттік  Орталық  музей  (бұдан  ары  ҚР  МОМ)  мұрағатын  зерделеп,  қарау  барысында 

ескіріп,  тозған  папкаға  көзім  түсті.  Ішіндегі  құжаттарды  оқып,  таныса  бастағанда  «күміс  киіз  үй» 

жəне  оның  қасиеттілігі  туралы  жазылған  жазбалар  қызығушылық  тудырды.  Толығырақ  айтатын 

болсам: 1953 жылы Үрімші қаласындағы КСРО-ның Бас консулдығына Қазақстанға жіберу үшін киіз 

үй  табыс  етіліп,  кейін  Алматы  қаласындағы  №3  балалар  үйіне  өткізілген. 1958 жылы  Мəскеу 


408 

 

қаласында  өткен  Қазақстан  мəдениеті  мен  əдебиет  күндері  декадасында  киіз  үйді  пайдалану  үшін 



көрме комитетінің əкімшісі Мұңайтпасов балалар үйінен киіз үйді алу туралы тапсырма береді. Киіз 

үйдің жабдықтарының толық болмағандығынан киіз үй декада кезінде пайдаланылмайды. Осы жылы 

бұл киіз үй музейге тапсырылады.  

1972  жылы  Мəскеу  қаласының  тұрғыны  А.А.  Хакимбаевтың  сол  кездегі  КСРО-ның  Мəдениет 

министрі  М.Базарбаевқа  жазған  хатында 1953 жылы  Синьцзян  қаласынан  Алматы  қаласына 

жеткізілген  киіз  үй 5000 дана  күміс  қадалармен  бекітілген  төрт  үлкен  керегеден, 135 уықтан, 

шаңырақ пен есіктен тұратындығын жəне астары қызыл драптан тігілген үлкен 8 кесек киіз, 2 кесек 

жібек  жіппен  тоқылған  шымши,  киіз  үйді  айналдыра  барқыттан  тігіліп,  жүннен  тоқылған  бау-

басқұрлар жəне т.б. болған. Қазақстанның Орталық музейінде тек 3 үлкен кереге мен тоғасыз 47 уық 

сақталған.  

Киіз  үй  сүйегінің,  яғни  шаңырақ,  уық,  керегелерінің  күмістелгеніне  қарап  дəулетті  отбасынан 

қалған мұра екендігіне көз жеткізуге болады. Ертеде хан-сұлтандар мен атақты байлардың ордалары 

биіктігі,  кеңдігі,  жабу  киізінің  ақ  түсімен  ғана  емес,  сыртының  əшекейленуімен  жəне  кереге 

уықтарының алтындатылып, күмістеліп безендірілуімен де ерекшеленген [2, 122-б.]. 

С.И.  Вайнштейн: «Байлар  ақ  киізбен  жабылған  үлкен  киіз  үйлерде,  ал  кедейлер  қоңыр,  қошқыл 

түсті киізбен жабылған кішігірім киіз үйлерде тұрған» - деп жазса, ХХ ғ. басында А.П.Ермолов: «киіз 

үйдің үлкендігі мен оның киізінің түсі үй иесінің тұрмыс-жағдайының дəрежесін көрсетеді» деген [3, 

24-б.]. 


Ал  кереге  мен  уық  санына  қарай  киіз  үйдің  көлемі  анықталады.  Бұл  жөнінде  зерттеуші 

Ə.Тəжімұратов  киіз  үйдің  екі,  үш  қанаттан  бастап  он  сегіз,  отыз  қанатқа  дейін  жететін  түрлері 

болғандығын  айтады: «Киіз  үй  керегесінің  басы 70–80-нен 360-қа  дейін  барады.  Міне,  осыған  орай 

киіз  үйлердің  түрлерімен  атауларының  да  көп  екендігі  байқалады.  Октябрь  революциясына  дейінгі 

хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен жəне 

өте  бай  жиһазды  ою-өрнектермен  безендіріліп,  əшекейленген.  Бұларды  ақ  орда,  алтын  орда,  алтын 

үзік деп атаған» [2, 107-б.]. 

Келесі бір еңбектен де осыны аңғаруға болады: «Дəулетті қазақтарда керегедегі қанат саны сегіз 

жəне одан да көп болған. Киіз жабындысы ашық жүннен жасалып (сұр түстен ақ түске дейін), ал ішкі 

көрінісі  түрлі-түсті  оюланған  киізден  жəне  жүннен  тоқылған  кілемдер,  баулар,  ағаштан  ойып 

жасалған сандықтар жəне т.б. толтырылған» - деп жазған [4, 117-б.]. 

Киіз  үйдің  дəулетті  адамға  тиесілі  болғандығын  А.А.  Хакимбаевтың  жазып  қалдырған  «күміс 

үйдің» тарихы атты жазбасынан анықтауға болады. «Романовтар əулетінің 300 жылдығына орай 1913 

жылы Ресей патшасына қазақ аға-сұлтаны үлкен күміс үй тарту еткен. Мерекелік шара күндері киіз 

үйді Санкт-Петербордағы Қысқы сарайға (Зимний дворец) тіккен. Патша генералы қызық көріп киіз 

үйге түнеп, сол түні көз жұмады. Сол түннен бастап киіз үйде қонуды жаман ырымға балап, киіз үй 

қазақтар ортасындағы беделді адамға қайтарылады. Осы ісіне ренжіген ол киіз үйді қазақ жеріне кері 

əкелмей,  сол  кездегі  Батыс  Қытайда  сауда  жасап  жүрген  орыс  көпестерінің  уəкілі  ретінде  Санкт-

Петерборға Романовтар əулетінің мерейтойына қатысушы Ильхамжанов (Хакимбаев) Азизжанға 3000 

рубльге сатып жібереді. Ол киіз үйді өзімен бірге Синьцзянға алып келген. Əкесі Хакимбаев Азизжан 

көз жұмғаннан кейін ұлы – Хакимбаев Алимжан Азизовичке қалған» делінген. Осы айтылып отырған 

жайттарға қарап, ой түйіндесек киіз үй қазақтың баспанасы, тұрағы, мекені, еншісі, мүлкі ғана емес, 

сонымен  қатар  қасиетті,  киелі  қара  шаңырағы  болған.  Киіз  үйдің  шаңырағы – оның  ең  киелі  бөлігі 

болып  саналады.  Шаңырақ – қазақ  баспанасының  (киіз  үйінің)  символы.  Ол  «үй,  отбасы»  деген  де 

мағынаны білдіреді. Барлық халықтарда үй киелі, қасиетті деп танылады.  

Қазақтардың отбасылық дəстүрі бойынша үйленген ұлдарына өз еншілерін беріп, бөлек шығарып 

отырған.  Əкесінің  жанында  тек  кенже  ұлы  қалып,  əкесінің  бүкіл  мұрасы  сол  ұлына  қалдырылған. 

Кіші  ұлды  «шаңырақ  иесі»  деп  атаған.  Əкеден  қалған  қара  шаңырақ  əкесінің  тірі  кезінде  де  жəне 

дүниеден өткенде де қасиетті болып саналды.  

Киіз  үйдің  тозған  бөліктерін  жаңалап  тұрғанмен,  шаңырақты  ауыстырмай  ұстаған.  Ошақтың 

түтінінен  шаңырақтың  түсі  өзгеріп,  қара  түске  дейін  өзгерген.  Сондықтан  да  шаңырақ  ұрпақтан 

ұрпаққа  беріле  отырып,  қара  шаңырақ  деп  аталған [5, 28–30-бб.].  Шаңырақ  отбасының  ұйытқысы, 

ұрпақ  жалғастырудың  белгісі  ретінде  қаралған.  Ол  ұрпақтан-  ұрпаққа  мұраға  қалдырылды  жəне  əр 

қара шаңырақты ата-баба рухының күші желеп-жебеп отырады деген наным-сенім болған. 

Қазақ  халқы  шаңырақты  қасиетті  санап,  аса  қатты  қадірлеген.  Шаңырақ – отбасы  символы.  Ел 

басына күн туғанның өзінде де керегесін кессе де, шаңырағын шаппаған. Шаңырақ астында отбасы 

өмір сүреді. «Отбасы» ұғымында шаңырақ өсіп-өнудің ұйытқысы, дəстүрлі тəрбие орны, бейбіт өмір 

мен  бақыттың,  татулықтың,  біртұтас  бірліктің,  бүтіндіктің  белгісі  болып  саналады.  Ата-бабамыз 

«шаңырағың  шайқалмасын»  деп  баталарын  берген,  өйткені  шаңырақ  шайқалса  отбасының  берекесі 

кетіп,  бірлігі  бұзылады.  Киіз  үйдің  кереге,  уық,  шаңырақ  сияқты  бөліктерін  этнографиялық 

деректерде шаңырақ – əке, уық – шеше, ал кереге – балалары деп беріледі [6, 660–661-бб.]. 


409 

 

Қазақы ортада киіз үй атадан-балаға мирас болып қалатын киелі шаңырақ екендігі белгілі, бірақ 



осы  мақалада  айтылған  бір  отбасының  киелі  шаңырағы  екінші  бөтен  бір  отбасына  берілгендігі 

туралы табылған деректерде айтылады. 

Киіз үйдің келесі бір қасиетті бөлігі – ошақ. Қазақтар ошақты ата-баба рухы қонған қасиетті орын 

деп санаған жəне бүгінгі күнге дейін солай санап келеді. Қазақтардың наным-сенімі бойынша үйдің 

кіндігінде, яғни дəл ортасында ошақ орналасқан [1, 141-б.]. 

Ол – үйдің дəл ортасында күннің жердегі бейнесі іспетті. Ошақ – əлемнің орталық кіндігі болып 

есептеледі.  Ошақтың  үстінде  күннің  символы  шаңырақ,  оның  үстінде  аспандағы  күн  тұрады. 

Ошақтың қасиеттілігі жайлы С.И. Вайнштейннің  еңбегінен де көруге болады: «есікке қарама-қарсы 

киіз  үйдің  ортасына  отбасылық,  шаруашылық  жəне  үйдің  мінəжат  немесе  тылсым  орны  ошақ 

орналасқан. Түнгі мезгілде 1–2 сағат уақыт болмаса ошақта тұрақты от жанып тұрған. Ошақ – тұрғын 

үй кеңістіктің қадірлі орны болған. Ошақ иесі – отбасының қорғаушысы (жебеушісі) – періште деген 

түсінік қалыптасқан. Отбасына бəле-жала, ауру, балалардың қазасын шақырады деп ошақты қорлауға 

кедергі болатын бірнеше тыйымдар болды. Ошаққа түкіруге, сүт жəне су құюға, күлді араластыруға 

жəне ағашты пышақпен жануға, ошақ үстінде ағашты жаруға, қоқысты ошаққа салуға, шала жанған 

отынды  тұтатуға  жəне  шығаруға  болмайды.  Бөтен  кісілерді  айтпағанның  өзінде  үй  иесінің  өзі 

ошақтағы отты өшірмеген» - делінген [3, 84-б.]. 

Ошақ орналасқаннан кейін міндетті түрде қазан асылған. Ал қазан асылған соң оған су болса да 

құйылуы  керек.  Қазанның  бос  тұруы  жаман  ырым  болып  саналады.  Қазанды  құт,  береке-бірліктің

 

символы


 

ретінде  де  қарастырған.  Қазақтың  қазанды  қатын-баламен  бір  атайтыны  да  осыдан  келіп 

шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді [7]. 

Ошақ – үй іші, бала-шаға, отбасы дегенді білдіреді. «Отбасы – ошақ қасы» - деген мақалдың өзі 

сірə осыдан шыққан болу керек.  

Жоғарыда  аталып  өткендей  қайда  көшсе  де  шаңырақты  тастамаған  халқымыз  қасиетті  қара 

шаңырақтың  қазақ  жерінде  сақталмауы  жəне  «ошақтан  от  кетпесін,  жын-шайтан  иектемесін,  пəле-

жала аулақ болсын» – деп ата-бабамыздан қалған мақалдың өзі айтып тұрғандай ошақтың оты кетіп, 

киесі атқан тəрізді.  

Киіз  үйдің  ішкі  жасауына  қарай  отырып,  əр  заттың  түрлі  қызметі  үйдің  құрылымымен  жəне 

кеңістігімен байланысты екендігін көреміз. Бұл – заттар жиынтығының өз орнын білдіреді, сонымен 

қатар үйдің ішкі көрінісінде əр заттың қызметін анықтайды. Əр отбасы өздерінің тіршілік қамы үшін 

тұрмыстық  заттарды,  яғни  киіз  үйдің  ішкі  жабдықтарын  жасап,  шығарған.  Үйдегі  əрбір  заттың 

өзіндік арнайы атқаратын қызметі болған [1, 157-б.]. 

Киіз  үйдің  əрбір  бөлігі  мен  бұйымының  қасиеттілігі,  ырымы  мен  тыйымдары  жайлы  көптеген 

деректер жазуға болады. Аталған мақалада тек шаңырақ пен ошаққа ғана тоқталып өттік.  

Бір ғана киіз үйдің ішінде қазақтың күллі тарихы, салт-дəстүрі, мəдениеті тұнып тұр. Киіз үй əрі 

заттық, əрі рухани мəдениеттің үздік  үлгісі. Оның атқарған қызметі мен рөлі өте зор екендігіне көз 

жеткізуге  болады.  Музейдің  қара  шаңырағында  осындай  баға  жетпес  қазынаның  сақталуының  өзі 

үлкен байлық.  

Қазіргі  өскелең  ұрпақ  міндеті – бай  мəдени  мұрамызды  жаңғыртып,  халқымыздың  дəстүрлі 

тəжірибесіне жүгіне отырып, болашаққа сол қалпында жеткізу.  

Қорытындылай  келгенде  ата-бабамыздан  қалған  ұлттық  құндылығымыз  киіз  үй – қазақтың 

баспанасы  ғана  емес, қара  шаңырағы. Қара  шаңырақтың  қазақ  халқы  үшін  қаншалықты киелі  ұғым 

екенін  айтпаса  да  түсінікті.  Олай  болса,  өзіміздің  төл  дүниемізді  ұлтымыздың  мəдениеті,  дəстүрі 

ретінде көненің көзіндей қастерлеп сақтап, басты байлығымыздан айырылып қалмайық.  

  

Əдебиеттер: 

1.

 



Алимбай  Н.,  М.С.Муканов,  Х.Аргынбаев.  Традиционная  культура  жизнеобеспечения  казахов.  Очерки 

теории и истории. – Алматы: Гылым, 1998. 

2.

 

Қазақтың  этнографиялық,  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлі  жүйесі.  Энциклопедия. 3-



том. ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, 2012.  

3.

 



Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии. – Москва: Наука, 1991. 

4.

 



Казахи. Историко-этнографическое исследование. – Алматы: Казахстан, 1995 

5.

 



Муканов М.С. Казахская юрта. – Алма-Ата: Қайнар, 1981. 

6.

 



Қазақтың  этнографиялық,  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлі  жүйесі.  Энциклопедия. 5-

том. ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, 2014.  

7.

 

Сансызбайұлы А. Киіз үйдің киесі. Электрондық ресурс: 



http://olzha.ucoz.ru/publ/alamtordan_alyn_an_statjalar/internetten_alyn_an/kiiz_jdi_kiesi/3-1-0-4

.  


 

 

 

 

410 

 

 



И. Казмадиярова 

главный хранитель Жамбылского областного  

историко-краеведческого музея (г. Тараз) 

 

ОБЗОР ЭКСПОНАТОВ ФОНДА АРХЕОЛОГИИ ЖАМБЫЛСКОГО ОБЛАСТНОГО 



ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОГО МУЗЕЯ 

 

Тараз,  широко  известный  по  письменным  источникам  как  город  на  Великом  Шелковом  пути, 

сохранил  в  своих  культурных  пластах  историю  и  племен  и  народов,  проживавших  в  Южном 

Казахстане  в  течение  почти  двух  тысяч  лет.  С 2010 года  на  месте  древнего  Тараза  проводятся 

археологические  исследования.  В 2013 году  в  фонд  музея  поступили  новые  находки  с  раскопок. 

Поэтому целесообрано сделать обзор свежих экспонатов археологического фонда музея. 

 

Археологическая  коллекция  музея  является  местом  сосредоточения  древних  предметов, 



полученных  в  результате  раскопок  памятников  археологии,  а  также  случайных  сборов.  Со  дня 

основания  нашего  музея  предметы  археологии  являются  самыми  ценными.  Музей  открылся 25 

августа 1931 года как городской музей, на базе археологического пункта. В те времена музей занимал 

небольшое  здание  из  двух  экспозиционных  залов  общей  площадью 328,5 кв.м.  В  сороковых  годах 

прошлого столетия музей приобретает статус областного. 

В  связи  с  тем,  что  в 2002 году  к 2000 – летнему  юбилею  города  Тараза,  в  музее  открылись 3 

новых  павильона: «Музей  древнетюркской  письменности  и  древнетюркских  каменных  изваяний», 

музей истории города «Тараз – 2000» и художественный музей Л.В. Брюммера, сегодня Жамбылский 

областной  историко-краеведческий  музей  стал  музейным  комплексом  с  общей  экспозиционной 

площадью 2010 кв.м. В фондах музея насчитывается более 40000 единиц хранения, число которых из 

года  в  год  увеличивается.  Это – исторические,  археологические  коллекции,  историко-бытовые 

предметы,  рукописи  и  печатные  документы,  произведения  изобразительного  и  декоративного 

искусства, нумизматика. 

Фонд  археологии  пополнялся  за  счет  случайных  находок  и  целенаправленных  экспедиций.  В 

составе коллекции собраны экспонаты со всей территории Жамбылской области. В данной статье мы 

будем рассматривать экспонаты, поступившие в фонд музея в 2013, в результате раскопок городища 

Древний Тараз. 

Городище Тараз всегда вызывал интерес у археологов. На протяжении всего двадцатого столетия 

на месте Древнего Тараза проводились многочисленные исследования.  

В 1867 году городище обследовано  П.И. Лерхом, в 1893–1894 годах осмотрено В.В Бартольдом 

[1,  с. 12]. Первые  раскопки  были  произведены  в1927  году  М.Е.  Массоном [1, с.7].  В1938  году  на 

шахристане  и  цитадели  городища  было  заложено  шесть  раскопов  экспедициями  ИИМК  и 

Казахстанского  филиала  АН  СССР  (А.Н.  Бернштам) [1, с. 5]. В1940  году  раскопки  проводились 

экспедицией Джамбулского археологического пункта (Г.И. Пацевич) [1, с. 6]. В 1958 году Таразской 

археологической экспедицией ИИАЭ АН Казахской ССР под руководством Т.Н. Сениговой. В 1960-

65 гг. раскопки были возобновлены САЭ ИИАЭ АН Казахской ССР (Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, Н.С. 

Мерщиев) [1, с. 5]. В 1983–1985 годах  продолжены  Таразской  археологической  экспедицией  АН 

Казахской  ССР,  а  затем  археологической  экспедицией  Свода  памятников  истории  и  культуры 

Казахской ССР (К.М. Байпаков). 

История  города  Тараза  уходит  в  далекую  древность.  Учеными  установлено,  что  нижние  слои 

Тараза относятся к первым векам нашей эры. 

Тараз  был  крупным  торговым  центром  на  Великом  Шелковом  Пути  из  Китая  в  Европу.  Сюда 

съезжались  купцы  из  Индии,  Средней  Азии,  Ирана,  Ирака  и  других  стран.  Во  времена  Тюркского 

Каганата, а позднее Карлукского Каганата – Тараз был столицей канагатов[2, с.102]. 

В IX–X века  наблюдался  подъем  Тараза.  Своего  наивысшего  расцвета  Тараз  достиг  в  эпоху 

правления династии Караханидов  в X–XII веках. При раскопках древнего Тараза были обнаружены 

фундаментальные  кладки  больших  строений,  каменные  плиты,  колодцы.  В  Таразе  были  построены 

водопроводная и канализационная системы. В этот период бытовало большое количество изделий из 

железа – это  копилки,  светильники,  подставки  под  светильники,  скульптурные  миниатюры  и  др.  В 

этот период чеканили монеты от лица правителей Тараза [3, с.24]. 

В 2013 году  в  музей  были  переданы  предметы  из  керамики  с  раскопок  городища. 

Археологическую  коллекцию  из  вновь  поступивших  экспонатов  можно  разделить  на  кувшины, 

крышки, котлы, сфероконусы, чираги, чаши, пиалы, блюда. 

Из  вышеперечисленного  самые  распространённые  это – чираги.  По  типажу  чираги  можно 

разделить на две группы. У первой группы предметов форма округлая с петлеобразной ручкой, они 


411 

 

покрыты белой поливой с темной росписью и украшены геометрическим узором.  



У  второй  группы  тоже  округлая  форма,  но  корпус  разделен  на  вертикальные  каннелюры.  На 

ручке имеется пята, декорированная рельефным штампом.  

Чирагипокрыты цветной поливой: зеленой, желтой, коричневой.  

Сфероконусы – небольшие толстостенные сосуды с очень узким отверстием в невысоком горле, 

оформленном по краю валиком. Дно у них в основном выполнено в виде конуса, массивное, тяжелое. 

По форме их можно разделить на две группы: высокие и низкие. 

На  обеих  группах  сфероконусовимеются  узоры,  которые  расположены  на  боках  корпуса.  Узор 

состоит  из  концентрических  кругов,  вертикальных  и  горизонтальных  полос,  реже – из  росписи 

растительного характера. Орнамент выполнен выемчатой техникой, но встречаются экземпляры и с 

рельефными налепами. 

Особое  внимание  привлекают  два  сфероконуса  в  виде  рыбы.  Выступы  на  них  напоминают 

плавники, а орнамент на корпусе нанесенкругами и параллельными линия.  

Наряду с богато украшенными сфероконусами встречаются и без нанесенного орнамента.  

Кувшины можно разделить на несколько групп: 

а)  Кувшины  с  невысоким  узким  горлом  и  широким  сферическим  корпусом.  Иногда  переход  от 

тулова к горловине резкий, украшенный волнистым орнаментом.  

б) Кувшины с плечиком, от которого поднимается рожок, заканчивающийся сдавленным с боков 

раструбом. Оттянутый внутренний край раструба упирается в верхнюю часть горловины кувшина. 

в) Кувшин без слива на венчике, с ручкой в верхней части корпуса и отверстием в ней.  

г)  Кувшины,служившие  для  переноса  воды  под  названием  «утка»,с  орнаментированной 

поверхностью, но небольших размеров. 

Такие  кувшины  имеют  вытянутое  по  горизонтали  тулово  с  цилиндрическим  горлом  на  одном 

конце  и  ручкой  на  другом.  Довольно  широкая  горловина  возвышается  над  сосудом.  Благодаря 

выпуклой  грудке,  загнутому  вверх  хвостику,  а  также  штрихованному  в  виде  полукругов, 

углубленному на боках узору, имитирующему оперение и крылья, сосуд похож на утку.  

д)  Кувшины  с  грушевидным  корпусом,  обращенным  узким  концом  вниз  и  слегка  вогнутыми 

внизу стенками тулова. Горловина, несколько расширяясь вверху, завершается вытянутым венчиком, 

образуя  узкий  слив.  По  бокам  слива  налепом  сделаны  лунницы,  по  горловине  нанесен  узор. 

Поверхность  кувшинов  тщательно  затерта,  залощена,  покрыта  разнообразныморнаментальным 

мотивом, чаще растительного содержания, реже зооморфного характера – рога, головки.  

е) Кувшины с высокой горловиной цилиндрической формы, заканчивающейся изящным сливом с 

лунницами по бокам, а также большая сферичность корпуса с богатой рельефной орнаментацией.  

Отдельно  от  кувшинов  можно  выделить  чайничек  с  декорированным  носиком.  Тулово  чайника 

шаровидной приплюснутой формы, постепенно сужается к плоскому дну. По центру в верхней части 

имеется задранный к верху носик, над которым находится налеп с вдавлениями в виде лица рогатого 

животного. С боку расположена петлеобразная ручка. 

Большую  часть  экспонатов  составляют  крышки.  По  форме  они  могут  быть  разделены  на  три 

группы: 1) плоские 2) конические 3) вогнутые.  

Крышки  первой  группы  имеют  петлеобразную  ручку  или  ручку  в  виде  столбика,  верхняя  часть 

которого бывает плоская, выпуклая и вогнутая.  

Вторую  группу  составляют  конические  крышки  с  ручкой  в  виде  столбика  или  с  ручкой, 

заканчивающейся налепами рогов. 

Третья  группа  крышек  имеет  приподнятые  края  и  строгий  прорезной  орнамент  из  радиально 

расположенных по отношению к ручке полос. 

Кружки  встречаются  двух  типов.  Первый  тип  составляют  кружки,  со  слегка  суживающимся 

кверху и более низким, чем корпус горлом, с кольцевой ручкой, помещенной на  линии соединения 

корпуса и горла. Горло отделено от корпуса уступчиком.  

Кружки  второго  типа  с  цилиндрическим  или  слегка  расширяющимся  вверх  туловом.  В  нижней 

части  корпуса  снаружи  имеется  уступ.  Петлевидная  ручка  прилеплена  к  уступу  концами. 

Встречаются и ручки, прикрепленные одним концом у края сосуда, другим – на корпусе.  

К покрытым поливой изделиям относятся пиалы, блюда, тарелки, туваки, чираги. 

Чаши  представлены  двумя  формами:  конической  и  с  плавно  выгнутыми  стенками.  Единично 

выделяются  чаши  с  наклонными  внутрь  бортами,  небольшие  низкие  чашечки  с  плавно  выгнутой, 

заканчивающейся  вверху  округленной  закраиной,  и  небольшие  низкие  чашечки  на  дисковидном 

поддоне. Вследствие различия деталей они образуют несколько вариантов. 

Пиалы  в  основном  конусовидной  формы.  Они  лишь  меньших  размеров  и  в  основном  покрыты 

одноцветной поливой, чаще белой и зеленой. 

Все  блюда  уплощенной  формы,  с  прямыми  или  слегка  отогнутыми  бортиками,  на  кольцевом 

поддоне, то тарелки – с перегибом стенки, на кольцевом поддоне. 


412 

 

Туваки  встречаются  цилиндрической  формы,  с  отогнутыми  наружу  краями  и  дисковидным 



поддоном или без него. Отделены одноцветной росписью (зеленой, коричневой) на белом фоне.  

Среди  многочисленных  предметов  можно  выделить  мустахару  разных  размеров.  Мустахара– 

сосуд  в  виде  фляжки,  одна  сторона  которого  плоская,  а  другая – шаровидная.  Фляжка 

красноглиняная, покрыта светлым ангобом с лощением. Горловина расположена на боковой стенке, 

венчик  выгнутый,  в  сечении  треугольной  формы.  Симметрично  по  краям  от  горловины  имеются 

налепные петлеобразные ручки. Такие сосуды по форме напоминает юрту.  

Таким образом, мы систематизировали часть новых музейных предметов из керамики. Сравнивая 

новые  предметы  уже  с  имеющимся,  можно  отметить,  что  состав  глины,  форма,  декорирование  в 

целом  схожи.  Некоторые  предметы  из  новой  коллекции  отсутствуют  в  нашем  фонде,  например 

стилизованный чайничек, мустахара, и изящные кувшины с рельефными налепами. 

В 2014 году  фонд  музея  пополнился  еще  большим  количеством  находок  из  стекла,  керамики, 

железа, бронзы, костей. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет