Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет23/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Мидың зақымдануы. Адамның жоғары психикалық 
қызметтері мен олардың жасқа сай динамикасын қамтамасыз 
ететін, ми жҧмысының механизмі туралы қазіргі заманғы 
мағлҧматтар, 
мидың 
қҧрылымдық–функциональдық 
ҧйымдастырылуының интегративті жҧмысы туралы материалдар 
негізінде тҧжырымдалады. А. Р. Лурияның тҧжырымдамасына 
сәйкес, «психика ҥш функциональды блоктың ҥйлескен 
қызметімен қамтамасыз етіледі: 
1. Тонус пен сергектікті реттеу блогы; 
2. Ақпаратты қабылдау, қорыту және сақтау блогы; 
3. Психикалық әрекетті жоспарлау мен бақылау блогы. 
Әрбір жеке психикалық функция қалыпты даму жағдайында 
мидың осы ҥш блогының ҥйлескен қызметімен қамтамасыз 
етіледі»
1
. Олар жоғары сараланған, кҥрделі динамикалық 
тізбектер кешені, жҥйке жҥйесінің әртҥрлі деңгейлерінде 
орналасады. Ми бӛліктерінің тҥрлі қызметтерінен басқа, ми 
жарты шарлары аралық қызметтерді де қарастырған дҧрыс. Сол 
жақ жартышардың зақымдануы салдарынан, ------------------------- 
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: 
«Академия», 2002. — С.78-82. 


35 
сӛйлеудің бҧзылатыны анықталған. Бҧл қҧбылыстың клиникалық 
және нейропсихологиялық зерттелуі (Н. Н. Брагина, Т. А.
Доброхотова, А. В. Семенович, Э. Г.Симерницкая), сол жақ 
жартышардың сӛйлеу әрекетінің дҧрыс дамуына және 
абстрактілі-логикалық ойлау қабілетіне жауапты екендігін 
растады. Ал, оң жақ жартышар кеңістік пен уақытты бағдарлау, 
қимыл-қозғалыс дәлдігі, эмоциональды сезімдердің айқындығына 
жауап беретіні анықталды. 
Мидың дҧрыс қызметі ҥшін, жартышарлардың ӛзара тығыз 
байланысы болуы шарт. 
Осылайша, баланың қалыпты психикалық дамуына әртҥрлі 
ми қҧрылымы және тҧтас ми жҥйесі тҧрғысында қажетті 
нейробиологиялық дайындық керек.
Л. С. Выготский былай деп жазады: «Мінез-қҧлықтың 
жоғары 
формаларының 
дамуы, 
белгілі 
бір 
деңгейдегі 
биологиялық жетілуді, алғышарт ретінде белгілі бір қҧрылымды 
қажет етеді. Бҧл тіпті адамға ҧқсас, миы ең жоғары жетілген 
жануардың мәдени дамуына жол бермейді. Адамның ӛркениетке 
енуі, қажетті аппараттары мен қызметтерінің жетілумен ғана 
байланысты. Егер баланың миы мен сӛйлеу аппараты қалыпты 
дамыса, ӛзінің биологиялық дамуының белгілі бір сатысында, ол 
сӛйлеуді меңгереді. Ал жоғары даму сатысында, бала санау және 
жазу тілін меңгереді, одан кейінірек – негізгі арифметикалық 
операцияларды игереді»
1
.
А. Р. Лурия мен оның із басарларының адамның тҧтас 
психикалық іс-әрекетінің мимен ҧйымдастырылуы туралы 
тужырымдамасы, қалыпты онтогенезден ауытқуды анықтаудың 
және коррекциялық-педагогикалық ҥдерісте маңызды болып 
саналатын, зақымданған және сау сақталған ми қҧрылымын 
анықтаудың, әдістемелік негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет