Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет26/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

3. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДАМУ 
КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
 
3.1 Баланың психикалық дамуының жалпы және 
спецификалық заңдылықтары 
 
Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың 
қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның 
тҧжырымдаған негізгі 4 шартын бӛліп алуға болады. 
«Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының 
дҧрыс, қалыпты қызметі»; тҥрлі патогендік әсерлердің 
салдарынан 
туындаған, 
патологиялық 
кҥйлер 
болса 
– 
тітіркендіргіш және тежелгіш ҥдерістердің дҧрыс қатынасы 
бҧзылады; тҥскен ақпаратты талау және жинақтаудың кҥрделі 
формаларының жҥзеге асуы қиындайды; адамның тҥрлі 
психикалық қызметтерінің тҥрлі аспектілеріне жауап беретін, ми 


38 
блоктарының ӛзара әрекеті бҧзылады. Екінші шарт – «баланың 
дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жҧмыс істеу 
қабілетінің, жҥйке ҥдерістерінің дҧрыс сақталуы»
1
.
Ҥшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дҧрыс қарым- 
қатынасын қамтамасыз ететін, сезім мҥшелерінің қалыпты 
сақталуы». 
Тӛртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және 
мектепте білім берудің жҥйелілігі мен реттілігі. 
Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік 
денсаулықтарын ҥнемі тексеріп отыратын тҥрлі қызметтердің 
(медициналық, 
психологиялық, 
білім 
беру, 
әлеуметтік) 
талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен 
жасӛспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық 
кӛрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып 
келе жатқандығын кӛрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің 
берген мәліметтеріне сҥйенсек, балалардың басым кӛпшілігі, 
ӛздерінің тҥрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық 
кӛмекті қажет етеді.
«Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, 
алғаш рет В. И. Лубовский тҧжырымдады. Ол ауытқулы дамудың 
ҥш иерархиялық деңгейін кӛрсетеді. 
Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық 
тҥрлеріне тән заңдылықтар жатады. 
Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану 
үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда, қоршаған ортаны 
қабылдау бҧзылады. Даму ауытқуының тҥріне қарай, қоршаған 
орта туралы мағлҧматтар бҧрмаланады, мысалы, сенсорлы 
патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған 
сенсорлы 
ақпараттар 
бҧрмаланады, 
эмоцианалды–ерікті 
саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар 
аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бҧзылады. 
Ересектер тарапынан кӛрсетілген кезкелген қарым-қатынас 
талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады. 
--------------------- 
1
Трофимова Н.М., Дуванова С.П. и др.Основы специальной педагогики и психологии. – 
Москва – Минск, 2005.С.18-19. 
 
 


39 
Сӛйлеудің бұзылуы 
Л. С. Выготский баланың екі жасынан бастап, сӛйлеудің 
оның ӛмірінде маңызды рӛлге ие болатындығын, сӛйлеу 
негізінде, басқа психикалық ҥдерістердің дамуы жҥзеге 
асатындығын 
айтады. 
Нейрофизиологиялық 
зерттеулер, 
сӛйлеудің мидағы маңдай аймақтарының жетілуіндегі тежелулер 
мен 
ауытқулар, 
дизонтонгенияның 
патогенетикалық 
сипаттамасына 
негіз 
болатындығын 
кӛрсетеді, 
мысалы, 
психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ойдың кемдігі, ерте жастағы 
аутизм. Ал даму ауытқуының басқа тҥрлерінде, вербальды және 
вербальды емес әрекеттердің арасындағы алшақтық немесе 
дивергенция байқалады. Әрине, бҧл ӛз кезегінде, балалардың оқу 
бағдарламасын меңгеру ҥдерісіне кедергі жасайды, оқыту мен 
тәрбиелеудің арнайы, ерекше әдістерін қажет етеді. 
Қоршаған орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің 
баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы.
Кез-келген даму ауытқуында, психикалық ҥдерістердің 
жартылай немесе тҧтас бҧзылуы байқалады: ой-ӛрісі немесе зият 
қабілеттері тӛмендейді, есту-кӛру арқылы қабылдау бҧзылады, 
ойлау операциялары жетілмейді т.б. Әрине, мҧның барлығының 
дамуы мен жетілуі, ҧзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет 
етеді.
Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі.
Бҧл кӛрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру 
саласында пайда болған интеграциялық ҥдерістер, қоғамдағы 
адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары 
талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар 
балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай тҥсті.
Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бҧзылу топтарына ғана 
тән заңдылықтар жатады (анализаторлық жҥйелердің бҧзылуы), 
мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму 
заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық 
генезді ПДТ) жатады. 
Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір тҥріне ғана тән 
заңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы 
және тҧрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар 
аутизміндегі бҧрмалана даму). 


40 
Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының 
мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: 
«Сау баланың ӛркениетке кірігіп ӛсуі, әдетте, оның органикалық 
жетілу ҥдерістерімен біріккен тҧтастықты кӛрсетеді. Дамудың 
екеуі де – табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және
тҧтасып кетеді. Екі қатардағы ӛзгерістер те ӛзара кірігеді, 
нәтижесінде, баланың жеке тҧлғасының әлеуметтік–биологиялық 
қалыптасуының біртҧтас қатарын қҧрайды»
1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет