42
генетикалық факторлардың, ҧзақ уақыттық науқастардың,
тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мҥмкін.
Сонымен қатар, инфантилизмнің тҥрлі формаларында кӛрінеді.
ІІ топқа
зақымдану типіндегі ауытқулар жатады:
Зақымданған дамуға органикалық деменцияны жатқызуға
болады
: ерте сәбилік кезеңде немесе 3 жастан кейін болған
мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тҧқым
қуалайтын дегенеративті аурулар салдарынан, психикалық
дамудағы зақымданулар тҥрінде кездеседі. Кӛптеген жағдайда,
органикалық деменция прогрессивті сипатқа ие.
Дефицитарлық даму жеке анализаторлар жҥйесінің ауыр
зақымдануларымен байланысты: кӛру, есту, сӛйлеу, тірек-қимыл
аппараты. Анализаторлардың бірінші кемістігі, психикалық
дамуды тҧтас тежейтін қызметтердің жетілмей қалуына әкеп
соғады. Осылайша, кӛру қабілетінің зақымдануы, сӛйлеу мен
әрекет арасындағы координацияның жетілмеуін туғызады.
Баланың психикалық дамуын болжау, белгілі бір қызметтің
зақымдану тереңдігіне байланысты. Бірақ, зияткерлік саланың,
басқа сенсорлық және реттегіш жҥйелердің сақталуы, шешуші
рӛл атқарады.
ІІІ топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды–ерікті
саланың бҧзылуындағы ауытқулар жатады:
Достарыңызбен бөлісу: