Қабылдау жүргізу алгоритмі
а) Сәлемдесу және отбасымен танысу. Баланың анасы сәбиімен және
мамандар кілемге жайғасады. Бала анасының жанында болады, мамандар
онымен байланысқа бірден тҥспейді, бейтаныс жағдай және адамдарға
бейімделуге уақыт беріледі. Кілемге, баланың айналасына қолжетімді және
қолжетімсіз жерде ойыншықтар мен заттар қойып қояды.
ә) Жетекші маман кездесудің мақсаты, уақыты және оны ӛткізу
жоспары туралы хабарлайды. Одан кейін бала туралы жағдай контекстінде
айтуға болады: бала ӛзін бейтаныс жағдайда қалай ҧстайды; қандай ойын
ойнағанды ҧнатады және т.б.
б) Анасымен әңгімелесу кезінде педагог-дефектолог (психолог)
баламен байланысқа тҥседі және берілген сызба бойынша тексеру жҥргізеді
(тӛменде берілген).
в) Психологиялық-педагогикалық тексеруден кейін ЕДШ педагогының
қозғалыс белсенділігін зерттеп, невропатолог-дәрігер неврологиялық тексеріс
жҥргізеді .
г) Тексеру қорытындысын шығару: ата-аналармен баланың дамуының
кҥшті және әлсіз жақтары, оның ішінде Каzakh KIDS тесті немесе Каzakh СDI
шкалалары бойынша тестілеу нәтижелері бойынша талқылау. Бала туралы
мамандар мен ата-анасының тҥсініктерін байланыстыру.
34
д) Ары қарайғы әрекеттер туралы шешім қабылдау және талқылау.
Бастапқы ҧсынымдар (мысалы, сурдолог дәрігер немесе офтальмологтан
қосымша тексерілу).
е) Кездесуді аяқтау: қабылдау мазмҧнын жинақтау, ата-анадан кҥткен
нәтижелермен сәйкестігі туралы сҧрау. Ата-ана және баламен қоштасу. Егер
тағы да кездесулер жоспарланған болса, келесі кездесу уақытын ата-аналарға
хабарлау.
Баланы тексеру алгоритмі
1)
Балаға бейімделу және айналасын зерттеуге уақыт беру
(ойыншықтар кӛру алаңында, олардың бір бӛлігі қолжетімді аймағында).
Анасымен сҧқбаттасу кезінде баланы бақылаймыз: неге (кімге)
қызығушылық танытады. Егер бала ойыншықтарға 3-5 минуттан кейін
кӛбірек қызығушылық танытса, олармен іс-әрекет жасаса, онда 3-тармақшаға
кӛшеміз. Егер бала енжар немесе адамдардың бет-әлпетін кӛп зерттеген
болса, онда онымен эмоционалдық қарым-қатынасқа тҥсеміз (2-тармақша).
2)
Коммуникация.
Баламен қарым-қатынасқа тҥсеміз: атын
атаймыз, мейіріммен қарсы аламыз, кӛзіне тік қараймыз, сӛйлесеміз. Егер
бала байланысқа тҥсуге дайын болмаса, онда анасына баласымен әдеттегідей
ойнауды ӛтініп, айтамыз. Қарым-қатынас орнату барысында баламен «Ку-
ку», «Тығылмақ», «Қуырмаш» ойындарын ойнаймыз. Баланың қалайша
қарым-қатынас қҧратынына назар аударамыз:
- қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытып, қарым-қатынасты
бастауға ниет білдіре ме (баланың қатынас барысында ниеті және ынтасын
кӛрсетуі ҥшін қарым-қатынаста жиі ҥзіліс жасау керек);
- «ку-ку» ойынында қарым-қатынас барысында кезектілікті сақтайды;
- бала ӛзіне қатысты ым-ишара, интонация, қимылдар мен сӛздерге
реакциясын білдіреді;
- қарым-қатынасқа тҥсу ҥшін бет қимылы, интонация, ым-ишара мен
сӛздерді қолданады;
- маман не анасының қимылдары, дыбыстары және сӛздеріне еліктейді;
35
- ӛтірік жасайды: ӛзіміз не анасының кӛмегімен «Қорқамын» не «Мені
қорқытшы» қимылдарын қалайша жасайды т.с.с.
Сөйлеу тілі. Тексеру барысында:
- атын атап, шақыру;
- анаң қайда?;
- кӛзі, мҧрны, қҧлағын кӛрсетуді сҧрау;
- бер, әкел, кӛрсет: мәшинені, допты, «ав-ав», «мяу» т.б. заттар мен
ойыншықтарды сҧрау (ғажайып қапшық): «Ой, бҧл не?»
Баланың сӛйлеу мҥмкіндіктеріне байланысты суреттерді қарап, олар
бойынша сҧрақтарға жауап беруді ҧсынуға болады. Егер баланың сӛйлеу тілі
дамымаған болса, анасынан баланың сӛйлеу мҥмкіндіктерін сҧрай отырып
анықтаймыз.
3) заттармен манипуляциялар және әрекеттер. Ойын. Ҧсақ моторика.
Бимануалды белсенділік. Кӛру және есту реакциялары.
- баланың назарын ойыншықтарға аударамыз: бірлесіп, кӛңіл аудару
реакциясын шақырамыз, оған назар аударамыз: «Мында қарашы! Не бар
екен?»;
- баланың ойыншықтармен қалай ойнайтынын байқаймыз: қандай
ойыншықтарға қызығушылық танытады, қалай зерттейді, оларды мақсаты
бойынша пайдалана ма? Ойынға қосыламыз, ойын әрекеттестігін
ҧйымдастырамыз (доппен, мәшинемен немесе қуыршақпен), оған бірлескен
іс-қимыл жасауды ҧсынамыз. Егер бала ойнамаса, баланы қызықтыру ҥшін
ойыншықтармен ӛзіміз ойнаймыз, еліктеуге шақырамыз. Баланың
ересектердің ойын байланысына қалай жауап беретіндігіне назар аударамыз:
елемейді, қарсылық білдіреді, қабылдайды, бақылайды, кӛшіреді және
еліктейді;
- ойыншықты ҧсына отырып, кӛру бағдарлы реакцияларын тексереміз:
ойыншықты кӛру және қадағалау: баланың назарын аудару, баладан 30 см
қашықтықта ойыншықты орта сызықпен орналастыру, затты әртҥрлі
бағыттарда жылжыту;
36
- балаға әртҥрлі формадағы заттарды (таяқша, текше, доп), сол және оң
жағынан ҧсақ заттарды алуды ҧсынамыз. Бас салып ҧстау ерекшеліктері:
бҥкіл алақанмен («тырмамен»), ҥлкен саусағын қолданбай, шымшып,
шертпелі;
- арбаны жібінен тартып, допты итеруді ҧсынамыз.
Заттармен әрекет кезінде баланың сыртынан бақылаймыз: оң және сол
қолымен қызмет етеді, ортаңғы сызықты қиып ӛтіп, шапалақтайды, екі
қолымен ӛзара байланысқан қимылдардың кӛмегімен пирамида жинай алады.
Кӛру және естіп бағдарлау реакциялары және мәселелерді шешуін
тексереміз (мақсатты тҥсінеді, оған қол жеткізуге ҧмтылады):
- баланы ойыншықпен қызықтыру, оның алдына қою, ол қолын оған
созған кезде орамалмен жабу (3 рет қайталау) – 6-12 айлық балалар ҥшін;
- баланы ойыншықпен қызықтыру және оның кӛзінше баланың
алдында тҧрған екі қораптың біріне жасыру (3 рет қайталау) – 1-2 жастағы
балалар ҥшін;
- баланың қҧлағының деңгейінде 2 м-ден 15 см-ге дейінгі қашықтықта
3-5 секунд бойы тҥрлі заттармен дыбыстарды шығару (естуін шоғырландыру,
кеңістікте дыбысты оқшаулау).
4) Мобилділік (ірі моторика). ЕДШ педагогы тексеру барысында
баланың қимыл белсендігін бақылайды да, ірі моторика дағдыларын
тексеруге арналған арнайы қҧралдарды қолданып, балаға белсенділіктің
әртҥрлілерін ҥш бағытта ҧсынады:
а) дене қалыбын ҧстау;
б) дененің бір қалыптан екіншіге ауысуы;
в) денесімен қозғалу.
1. Денесін тік ҧстау (дененің әртҥрлі қалыптарында тҧрақтылық
балансын сақтау).
Достарыңызбен бөлісу: |