Алық орталығы ерте жастағы балалардың психологиялық- Әлеуметтік дамуының МӘселелерін кешенді тҥрде бағалау жҥйесі әдістемелік ҧсынымдар Алматы, 2016 2



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата07.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#80392
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
МКФ каз

2) 
Екінші кезең – баланы тексеру және нәтижелерін ата-
анасымен талдау. 
Екінші кездесу бірінші кездесуден кейін бір аптадан кешіктірілмей 
ӛткізіледі. Оған ата-аналар баламен бірге шақырылады; оған ата-аналардың 
қалауы бойынша бала ҥшін маңызды басқа адамдар қатыса алады: әжесі, 
әпкесі немесе ағасы, бала кҥтуші. Бҧл кезеңнің міндеттері:
- ЖХЖ-да ҧсынылған негізгі даму салалары бойынша баланы тексеру: 
білім алу және қолдану; қарым-қатынас пен мобильділік; ӛзінің денесі және 
денсаулығына кҥтім жасау; тҧлғааралық ӛзара қарым-қатынас; ӛмірдің басты 
салалары (ойын); 
- баланың кҥшті жақтары мен қабілеттерін анықтау;
- баланың дамуының бҧзылыстары мен мәселелерін бағалау;
- баланың дамуына қоршаған ортаның қолайлы және қолайсыз 
факторларының әсерін анықтау, оның белсенділігі мен қатысуы;
- ата-аналармен баланың басындағы мәселелерді бірлесіп талқылау; 
- ата-аналарлардың сҧранысына сай ақпарат беру;
- мәселе басымдығын нақтылау: баланың кҥнделікті ӛміріндегі 
мәселелерді қазіргі кезде ӛзекті және ең алдымен оларды еңсеру бойынша 
жҧмыс жҥргізуді талап етеді;
- жеке даму бағдарламасының негізгі мақсаттарын анықтау. 


32 
Бҧл кезеңді ӛткізу ҥшін белгілі бір шарттарды орындай отырып, кейбір 
талаптарды сақтау қажет. 
Зерттеу жҥргізудің ҧйымдастырушылық шарттары мен талаптары: 
а) Тексеру кең (15-20 ш.м.) және жылы бӛлмеде жҥргізіледі. Еденде 
кілем (2х3м) тӛселген болуы керек. 
ә) Баланы тексеруге арналған жабдықтар сәби және ерте жастағы 
балаларға арналған тҥрлі ойыншықтар, баланың қозғалыс қабілетін бағалауға 
арналған жабдықтардан қҧралады (№ 2 Қосымша). Сондай-ақ ата-аналардан 
ҥйде пайдаланатын ойыншықтар мен қҧралдарды алып келуін сҧрай аласыз. 
б) Ата-ананы ӛзімен бірге баланың ҥйде қолмен және қасықпен ішіп, 
жейтін жеке ыдысын (бӛтелке, кесе, қасық, тәрелке), сондай-ақ жейтін 
тағамдары және сусынын (банан, пешение, ботқа, йогурт, сҥзбе қоспасы) 
алып келуді сҧраңыз. Осының бәрі баланың ӛз бетінше немесе ересектердің
кӛмегімен тамақтануын зерттеу ҥшін қажет. 
в) Тексеру кезінде баланың дені сау, тыныш, белсенді, сергектік кҥйде 
болуы маңызды; ас ішкеннен кейін кемінде 40 минут ӛтуі керек. Бҧл 
талаптарды сақтау ҥшін алдын ала ата-аналардан кҥннің қай уақыты бала 
ҥшін қолайлы болатынын анықтау қажет. 
г) Тексеруді дәрігер (педиатр немесе невропатолог), психолог, ерте 
жастан даму бойынша педагог (дефектолог), дене шынықтыру (ЕДШ) 
маманы жҥргізеді. Мамандардың бірі қабылдауда жетекші болып табылады, 
ол барлық шаралардың бірізділікпен орындалуы, алғашқы қабылдаудың 
барлық міндеттерін шешу ҥшін жауап береді . 
д) Мамандар кездесу барысында ӛзара және ата-аналармен қарым-
қатынаста болады, оларға барлық болып жатқан жағдайларды тҥсіндіріп, 
айтып отырады. 
е) Тексеру барысында оның хаттамасы жҥргізіледі, онда мамандар 
баланың қабылдау барысындағы мінез-қҧлқы: қарым-қатынас пен ойынға 
деген қызығушылықтың болуы, эмоциялық жағдайы, маман, анасы немесе 
басқа да жақындарымен қарым-қатынас жасауы және ӛзара әрекет 


33 
ерекшеліктері, заттармен іс-әрекет жасау ерекшеліктері, ойындар, 
сенсомоторлық қызметтері, зейін, сӛйлеу тілінің дамуы және т.б. белгілейді. 
Егер бала қабылдау барысында қандай да бір дағдыны кӛрсетпесе, ал ата-
аналар баланың мҧны жасай алатындығын айтса, хаттамаға «Анасының 
айтуы бойынша» деп жазылады. 
ж) алғашқы қабылдауды жҥргізу уақыты шамамен 45-60 минут. Егер 
осы уақыт ішінде барлық міндеттер шешілмесе, тексеру ҥшінші кездесуде 
жалғасуы мҥмкін. Кездесулер арасындағы ҥзіліс 1 аптадан аспауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет