Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Кесте 5. Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетінің дамуының ӛлшемдері



Pdf көрінісі
бет22/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Кесте 5. Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетінің дамуының ӛлшемдері, 
кӛрсеткіштері және деңгейлері.
 
Зияткерлік 
әлеуеттің 
дамуының 
ӛлшемдері 
Зияткерлік 
әлеуеттің 
дамуының 
кӛрсеткіште
Зияткерлік әлеуеттің дамуының 
деңгейлері 


73 
рі 
Жоғары 
Орташа 
Тӛмен 
Зияткерлік 
Тапқырлық
Ӛте тапқыр, 
зияткер- 
шығармашыл 
тұлға. 
Тапқыр 
Тапқырлығы 
тӛмен, немесе 
мүлдем тӛмен. 
Қиылыстыру 
қабілеттілігі 
Вербалды 
қиылыстыру 
қабілеттілігі 
ӛте жақсы 
дамыған, 
ойдан шығару 
қабілеті бар. 
Сӛздік қоры 
мен вербалды 
қиылыстыру 
қабілеттілігі 
жақсы 
дамыған.
Вербалды 
қиылыстыру 
қабілеттілігі 
шектеулі, кӛп 
сӛйлемейді, 
сӛздік қоры аз.
Дивергенттік 
ойлау 
Дивергенттік 
ойлауы жақсы 
дамыған. 
Дивергенттік 
ойлауы 
жеткілікті 
дамыған. 
Дивергенттік 
ойлауының 
дамуы 
шектеулі, 
техникалық-
құрастырымды 
кӛзқарас 
танытпайды. 
Ассоциациял
ар еркіндігі 
Кӛрнекілік 
фантазиясы 
жоғары 
дамыған, 
емін-еркін, 
жалтақсыз. 
Кӛрнекілік 
фантазия 
жақсы 
дамыған, 
ұстамдылық. 
Кӛрнекілік 
фантазия әлсіз 
дамыған, 
тәуелді, 
басқарулы 
адам. 
Мотивациял
ық 
Зияткерлік 
мотивация 
Зияткерлік 
әлеуетін 
дамытуға 
ұмытылысы 
айқын 
кӛрінеді; 
ішкі 
мотивацияны
ң 
дамуы 
жоғары 
деңгейде. 
Сыртқы 
мотивациядан 
гӛрі ішкі 
мотивациясын
ың кӛрінісі 
басым. 
Іс-әрекеттен 
тыс 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыр
уға ұмтылыс; 
сыртқы 
мотивациясы 
басым. 
Зияткерлік 
бағыттылық
Зияткерлік іс-
әрекет 
тұлғаға 
ӛзімен-ӛзі 
мәнді; 
туындаған 
мәселелерді 
шешуге 
қызығуы; кез 
келген 
жұмысқа 
Жұмысты 
шамасы 
келгенше 
жақсы 
орындауға 
ұмтылуы; 
іскерлік 
ынтымақтастық
қа
бағытталуы. 
Жұмысқа 
қызығушылығ
ы тӛмен; 
ӛз пікірін 
ұстану, оны 
дәлелдеуге 
қабілеті тӛмен. 


74 
талпыныс, 
ниет, 
зияткерлік-
шығармашыл
ық кӛзқарас 
танытады. 
Сонымен, тұлғаның зияткерлік әлеуетінің дамуын мына жайттардан 
кӛруге болады:
- міндеттерді шешу барысында жауап табу қабілеттілігінде кӛрінетін 
зияткерлік дамуының белгілі бір деңгейі тән болса; 
- қиылыстыру қабілеттілігінен (ортақ оймен біріктірілген әрекеттер 
жиынтығын модельдеу, әрқилы үйлесімдерді жасай алу іскерлігі); 
- зияткерлік қиындықтар жағдаяттарында жан-жақты, әрі шығармашылық 
ойлай алуы; 
- еркін ассоциациялау; 
- сонымен қатар зияткерлік мотивацияның болуы. 
Зерттеуіміздің феномені жоғарыда атап ӛткеніміздей, ӛзгеруге және 
дамуға қабілетті, яғни осы үрдіске әсер ететін психологиялық механизмдерді 
жете қарастырамыз. 
Зияткерлік әлеуетті дамытудың психологиялық механизмдерін зерттеу 
үшін алдымен «психологиялық механизм» ұғымының мәнін түсінуді қажет 
етеді. Психологиялық әдебиеттерде жиі қолданылатын «механизм» термині 
жеткілікті қарастырылмаған. С.И. Ожеговтың түсіндірме сӛздігінде «механизм» 
тура мағынада машинаны іске келтіретін оның ішкі құрылымы ретінде 
түсіндіріледі [145]. Осыдан аталмыш ұғым әртүрлі маңғынада қолданылады. 
Психологияда психологиялық механизмдердің кӛптеген түсіндірмесі бар. 
Мысалы, В.С. Агеев механизм идеясын психологиялық анализдің ең қарапайым 
деңгейіне теңестіреді. Оның ішінде қарапайым кӛбінесе «механизм» 
терминімен берілсе, күрделі деңгейі – мазмұнды феномен болады [226]. 
Л.И. Анцыферованың пайымдауынша, психологиялық механизм 
«тұлғаның психологиялық құрылымының бекіген қызметтік тәсілдері болып 
табылады. Оның нәтижесінде әртүрлі жаңа туындылар пайда болады, тұлғалық 
жүйенің ұйымдастырушылық деңгейі не жоғарлайды, не тӛмендейді, оның 
қызмет ету тәртібі ӛзгереді» [220]. 
Психологиялық механизмдер жайлы кӛзқарастардың дамуына елеулі үлес 
қосқан атақты ғалым В.Г. Леонтьев адамның іс-әрекетін және мінез-құлқын 
қамтамасыз ететін психикалық жүйенің кӛптеген буындарын сипаттайтын 
жалпылау деп тұжырымдайды. Соның негізінде оларды «факторлардың, 
шарттардың, құралдардың, құрылымдардың, әртүрлі байланыстар мен 
қатынастардың заңды байланысы» ретінде кӛруге болады [227, 72б.].
Аталмыш 
феноменге 
кӛзқарастардың 
әртүрлілігіне 
қарамастан, 
«механизм» ұғымының барлық түсіндірмелеріне ортақ дүние, оның дамумен 
байланысы болып табылады. 


75 
В.Г. Леонтьевтің берген анықтамасына сүйене отырып, психологиялық 
механизмдер зияткерлік әлеуетті дамытуды қамтамасыз ететін әртүрлі 
шарттардың, құралдардың, құрылымдардың, қатынастардың, байланыстардың 
және т.б. психикалық құбылыстардың жүйесі деп түсінеміз.
Л.Г. Устинованың пікірінше, дамыту механизмдері– бұл тұлғаның 
дамуына қозғаушы күш болатын негізгі себептер, факторлар, олар ӛзара бірігіп, 
белгілі бір тұлғалық сапаны қалыптастыруда бір-біріне ықпал жасайды, ең 
алдымен субъектінің мотивациялық ортасын қалыптастыру мақсатында іс-
әрекет етеді (не себепті даму: нәтижелі еңбек үшін даму, ӛз талабын таныту 
үшін даму, жоғары дәрежелі ӛмір сүру деңгейіне жету үшін даму,т.б.). Дамыту 
механизмдерінің арасында осы мотивациямен даму механизмінің түрі ӛздігінен 
адамның ішкі мәжбүрлеу әрекеттерін оятады. Әрі қарай тұлғаның ақиқат 
дүниеге деген кӛркем-бейнелік қатынасын, белсенділігін айқындауға септігін 
тигізеді, тіпті адамның ӛз қабілетін ӛзі тануынан мүмкіндік беріп, осы қабілетті 
одан әрі дамытуға түрткі болады [228]. 
Әдебиеттерді талдау негізінде психологиялық механизмдер жалпылау мен 
нақтылаудың әртүрлі дәрежесінде болатындығы айқындалды. Бір механизм 
негізгі, базалық болады және кез-келген құбылыстардың дамуына әсер ете 
алады; ӛзгелері ерікті, олар жеке құбылыстың ғана дамуын қамтамасыз етуге 
қабілетті болады. Зерттеулерге сүйенсек, психологиялық механизмдердің 
тиімділігінің артуы оның кешенділігіне байланысты. 
Теориялық еңбектерге және алдыңғы тараудағы талдауларға сүйеніп, 
болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуға біздің ойымызша тиімді 
ықпал ететін психологиялық механизмдер ретінде базалық механизмдер 
рефлексиялық механизм, ӛзін-ӛзі бағалау және туынды механизм - ӛзін-ӛзі 
басқару деп анықтадық. 
Жоғарыда айтылған психологиялық механизмдерді жете қарастырайық. 
Зияткерлік әлеуеттің мәніне негізделіп, студенттік шақта оның дамуына ықпал 
етуші психологиялық механизмді ретінде біздің ойымызша, базалық, негізін 
құраушы ол рефлексиялық механизм деп танимыз. Себебі, рефлексия жасауда, 
болашақ мұғалім ӛзінің зияткерлік әлеуетін, мүмкіндігін түсінеді және оны 
әртүрлі іс-әрекетте жүзеге асыруға талпынады. Рефлексиялық механизм 
негізінде адамның репродуктивті іс-әрекеті ӛнімді (шығармашылық) іс-
әрекетке ауысады, олар жаңа «Мен» бейнесін жасауға ықпал ететін адам 
санасында жаңа ӛзгерістер пайда болады.
Аталмыш механизмнің сипаттамасына тоқталу үшін алдымен «рефлексия» 
ұғымының мәнін ашу жӛн деп ойлаймыз. 
Зияткерлікке бейімделу құрылымы эмоционалды кӛңіл-күй жүйесінен 
тұрады, яғни іске кірісер алдындағы кӛңіл-күйі; алдындағы орындайтын ісінен 
орындалмай жатып ойша қанағаттанарлық, әсерлі кӛңіл-күй алу; алдында 
орындалатын істің нәтижесін ойша елестетіп, эмоционалды әсер алу. Мұндай 
әсерлерді психологияда рефлексия ұғымымен байланыстырады
Рефлексия (лат. кӛрініс) – бұл ойлау, түбегейлі күмәнділік және қарсы 
пікір; жеке даралық күйіне талдау жасау; субъект тұрғысынан ойлап 


76 
қорытындылау [229]. Рефлексия адамның жеке кӛңіл-күйіндегі уайымын, ойын, 
сезімін қалыпты жағдайға келтіре алу, эмоциясын дұрыс бейімдеу қабілетін 
кӛрсетеді. Сол арқылы ӛзін-ӛзі бағалап, ӛзінің әрекетіне талдау жасай алады.
Психологиялық сӛздікте «рефлексия» (лат. reflexio – бейнелеп кӛрсету)
субъектінің ішкі психикалық акты мен қалыпты ӛзінше тану үрдісі ретінде 
анықталады [230].
Бірқатар зерттеушілер (А.В. Растянников, С.Ю. Степанов, Д.В. Ушаков, 
т.б.) [231] рефлексияны адам психикасын ұйымдастырудың және дамытудың 
қағидалары деп түсіндіреді. 
Рефлексия феноменінің сипаттамасы: 
- рефлексия адамзаттық шынайылылық пен ӛміртіршіліктің мәнді 
орталығы ретінде; 
- рефлексия – бұл адамның санасы мен ӛзіндік санасын безендіруші, 
оны құрайтын механизм; 
- рефлексияның туындауын адамның ішкі әлемінің туындауымен 
байланысты. 
Рефлексия адамның субъективтілігінің қызметтік органы, оның негізінде 
адам және оның ішкі әлемі ӛзгереді [232]. 
Д.Б. Богоявленскаяның пікірінше, рефлексия ӛзін-ӛзі танумен 
шектелмейді, сондай-ақ адам бойындағы тану, соған орай әрекет ету 
қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Д.Б. Богоявленская рефлексияны 
жаңалық кӛзі деп атап, ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ықпал ететін 
қызметтерді атқарады деп таниды. «Рефлексияға бейімделген адам мәдениетке 
жақын келеді, ондай адам әрекетті асыра орындауға, сол арқылы ӛзін-ӛзі тануға 
талпынып тұрады. Сондықтан рефлексия – бұл ӛзінің бойынан «рухани 
болмысты» іздеуге бағыттайтын жол, яғни ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға 
апаратын жол. Қазіргі білім беру жағдаяттарында оқытушыдан рефлексиялық 
қабілетті талап етеді, себебі, бұл қабілет кәсіби сапаны жетілдіру үшін маңызды 
болып табылады» [233]. Яғни, рефлексия педагогикалық іс-әрекетте мұғалімнің 
зияткерлік әлеуетін дамытуда таптырмас негізгі құрал болып табылады. 
Б.Г. Ананьевтің пайымдауынша рефлексия мен ӛз-ӛзіне жасалған 
рефлексия ӛмірлік және кәсіби мақсаттармен, ӛмірлік құндылықтармен, тұлға 
қалыптастырушы факторлармен тығыз байланысты. Бұл рефлексиялар адамның 
дамуын бақылайды және ӛзін-ӛзі бейімдеуші, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуші қызметтерін 
атқарады 

24

. Осы тұрғыдан алғанда тұлға ӛзін-ӛзі дамытуда зияткерлік 
қабілетті жетілдіруде рефлексияға немесе ӛз-ӛзіне жасалатын рефлексияға 
талпынысы, ынтасы болуы тиіс. Сонымен, рефлексия – бұл адамның жеке 
тұлғалық болмысын, шамасын, қабілет деңгейінің шегін сезініп, ұғынуға 
бағыттайтын адами ойлау қағидасы; ӛзінің білімдік күшін тануға, танылған 
білімдік деңгейіне сыни талдау жасауға, ӛзін ӛзі тану қызметін атқаруға, 
адамның рухани әлеміндегі ерекшеліктерді, оның ішкі құрылымын ашуға 
бағыттайтын қағидалар.


77 
Осылайша ӛз бетінше зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін үздіксіз 
жетілдіру тұлға үшін табиғи құбылыс болып саналады. Бірақ осы жетістікке 
білімсіз, рефлексиялық әрекеттерді игермейінше қол жеткізу мүмкін емес. 
Н.М. Борытконың пікірінше, адам ӛз бойындағы рефлексивті әрекеттерін 
нәтижелі жүзеге асыру арқылы тәжірибеде ұғынған, түйсінген білім мазмұнын 
істе оңтайлы қолдану тәсілдерін, оның мазмұнын толық тани алады, кӛз жеткізе 
алады. Соның арқасында ӛзіне сыни кӛзқараспен қарап, кемшіліктерін түзетуге, 
кеткен қателерден сабақ алуға бейімделеді. Ӛзіне-ӛзі жасаған сынның 
қорытындысы осы кезеңде де, ӛткен кезеңде де, болашақта да адамды дара 
белсенді субъект ретінде қалыптастырады. «Рефлексивті іскерлік маман 
тұлғасын дамытудың негізгі механизмі болып есептеледі. Рефлексивті іскерлік 
тұлғаның кәсіби ойлау қабілетін, кәсіби-педагогикалық қызметін жетілдіруге 
септігін тигізеді» 

234

. Сонымен, рефлексия болашақ мұғалімнің зияткерлік 
әлеуетін дамытудың негізгі механизмі, әрі кәсибі іс-әрекетіне сын кӛзбен қарап, 
объективті баға беру, ӛзін іске асыруға, кәсібиліктің шыңына жетуге 
итермелейді. 
В.И. Слободчиковтың пікірінше, рефлексивті үрдіс бірнеше түрде жүреді: 
1) бір нәрсе тӛңірегінде ойлау іс-әрекетінің тоқтауы; 2) ойлау пәні бойынша 
ақпаратты тіркеу. Сонымен, рефлексивті үрдіс түсіну - объективизация әрекетін 
жүзеге асыру үшін қажетті шарттар болып табылады [235]. 
Әдебиеттерді талдай келе, «рефлексия» ұғымы сияқты рефлексиялық механизм 
ұғымының да әртүрлі мағынасы бар.
В.И. Слободчиков адамның ӛмірі мен қабілеттерінің қалыптасуының 
іргелі механизмдерінің бірі деп қарастырады [236]. Ю.Н. Кулюткиннің 
пікірінше, рефлексиялық механизм мақсатқа жетудің құралдарын (болжамын, 
моделін) жасауға, іздеуге бағытталған [237]. 
С.Ю. Степанов пен И.Н. Семенов рефлексия механизмін субъекттің 
санасын қайта құруы деп қарастырады. Сонымен қатар, аталмыш үрдістің 
жүзге асуының бес кезеңдерін кӛрсетеді: 
1) 
проблемалық-кикілжің жағдаятта субъектінің мәндік «мен» 
құрылымының актуализация.
2) іс-әрекет шаблондарын және тәжірибенің әртүрлі стереотиптерін 
сынақтан ӛткізуде актуалды мәндердің жойылуы; 
3) тұтас «менімен» ӛзін және проблемалық-кикілжіңді жағдаятты түсіну 
арқылы 
пайда 
болған 
қарама-қайшылықтарды 
конструктивті 
жеңу 
қағидаларының жаңашылдығы; 
4) жаңа туындаған тұтас мәнді ӛз тәжірибесінің мазмұны арқылы жүзеге 
асыру және проблемалық-кикілжіңді жағдаяттың қарама-қайшылықтарын 
адекватты түрде жеңу [238]. Бұл кӛзқарас біздің зерттеу контекстінде 
құрылылады, аталған кезеңдер тәжірибелік сабақтарда студенттердің әртүрлі 
жағдаяттар мен тапсырмаларды орындауда іске асады. Рефлексиялық 
механизмді түсінуде жоғарыда аталған авторлар кӛзқарастарына сүйенеміз. 
Яғни, субъектінің санасын, іс-әрекетін, қарым-қатынасын, толық ӛзінің 
мінез-құлқын әлемге деген адамның біртұтас қатынасының мазмұнын қайта 


78 
түсіну және қайта құру. Сонымен, рефлексиялық механизм деп ӛзін 
жетілдіруге, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған субъект санасының, іс-
әрекетінің мазмұнын қайта ойлау және қайта жасау, құру деп түсінеміз. 
А.В. Карпов және В.В. Пономареваның рефлексивтіліктің дара ӛлшемінің 
дамуын анықтауға арналған әдістеменің негізінде рефлексиялық механизмнің 
кӛрініс деңгейін кӛрсетуге болады [239]. Сонымен, бұл механизмнің кӛрінісінің 
жоғары деңгейінің сипаттамасы: адам ӛз іс-әрекетінің және ӛзге адамдардың 
қылығын талдауға жүгінуге, ӛткен, қазіргі және болашақта болатын іс-
әрекеттерінің себеп-салдарын анықтауға икем. Ӛз іс-әрекетін ұсақ-түйегіне 
дейін жақсылап жоспарлау және оның мүмкін нәтижесін болжау тән. Орташа 
деңгейде бұл феноменнің айқын кӛрінісі адамның ӛз іс-әрекеті мен ӛзге 
адамдардың
ісін талдауға, әрекетінің себеп-салдарын айқындауға, іс-әрекетін 
жоспарлап, болжау икемділігінде кӛрінеді. Тӛмен деңгей - адамның ӛз іс-
әрекеті мен ӛзге адамдардың әрекетін талдауға, әрекетінің себеп-салдарын 
айқындауға онша қызықпайды. Іс-әрекетін жоспарламайды, импульсты болады 
және шешім қабылдауда барлық себеп салдарды, жаңдайларды ескермей, бір 
жақты ғана қараумен шектеледі. 
Біздің ойымызша, рефлексиялық механизм кӛрінісінің жоғары деңгейі 
тұлғаның зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін анықтайды, ӛйткені, 
стандартты емес жағдаяттарда, ақыл-ой кернеуі, ізденіс, зияткерлік қиындықтар 
кезінде аталмыш психологиялық механизм жағдаяттың түпкі жағдайын түсініп, 
оны жеңуге, шешуге ықпал етеді.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындауда тек 
зияткерлік іс-әрекет барысында ғана рефлексиялық механизм айқын кӛрінеді 
айта кеткен жӛн. Болжамдар ұсынуда, әртүрлі жағдаяттарды модельдеу кезінде 
болашақ мұғалім мәселелерді шешу жолының дұрыстығын әрқашан талдауға, 
яғни рефлексия жасауға мәжбүр. Кәсіби педагогикалық дайындау үрдісінде бұл 
психологиялық механизмнің рӛлі маңызды, ӛйткені зияткерлік қиындықтан 
шығу жолын табуға кӛмектеседі, ал бұл ӛз кезегінде тұлғаның зияткерлік 
әлеуетінің кӛрінісі болып табылады. 
Аталмыш психологиялық механизм оқу-танымдық іс-әрекетте ӛзін 
басқаруды үздіксіздігін және іс-әрекет үрдісін басқаруды қамтамасыз етеді, 
сонымен қатар байланыстыру мүмкіндіктерін, зияткерлік міндеттерді шешуге 
де бағдарлауға ықпал етеді. Негізінен іс-әрекетті талдау адамды мақсатқа 
жетуге жетелейді. 
Сонымен, рефлексиялық механизм кез-келген іс-әрекеттің, оның ішінде 
оқу-кәсіби іс-әрекеттің мазмұнын ӛзгертуге қабілетті деп айтуға болады. 
Ӛзіне қатысты рефлексия адамға іс-әрекет барысында туындаған құнды 
әрі маңыздыны, әсіресе ӛзгеруге және сапалы жаңаны жасау қабілеттілігін 
табуға кӛмектеседі әрі зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал етеді. Студенттік 
шақта адам ӛзінің рефлексиялық жаттығуларын бағалайды, себебі оның 
мазмұнын ӛзі және ӛзінің қабілеттері, жалпы адамзат жатады. Бұл кезеңде ӛзін 
ӛмірде жүзеге асыру үшін адам ӛз қабілеттерін, соның ішінде әлеуетін қай 
арнаға бұратынын шешеді [240]. 


79 
Бірқатар ғалымдар рефлексияның кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттегі 
маңыздылығына кӛңіл бӛлген. Е.И. Исаев, С.Г. Косарецкий, В.И. Слободчиков, 
т.б. [241] рефлексияны басты қабілет, жоғары кәсібилікті дамытудың нағыз 
механизмі ретінде анықтайды.
Педагогикалық іс-әрекетте рефлексияның маңыздылығын А.К. Маркова, 
Л.М. Митина, т.б. [242,243] зерттеулері дәлелдейді. А.В. Морозов пен Д.В. 
Чернилевскийдің пікірлерінше, педагогтың жұмысы табиғатынан рефлексивті 
болым табылады, ӛйткені бұл мамандықтың мәні – тұлғааралық ӛзара 
әрекеттесу, ӛз әрекетін оқушылардың әрекеттерімен әрқашан үйлестіру болып 
табылады [244]. 
Дегенмен, рефлексия кезінде адам ӛзін және іс-әрекетінің бағалайды. 
Осыдан басты психологиялық механизм ретінде ӛзін-ӛзі бағалау механизмі 
болып табылады. 
Ӛзін-ӛзі бағалау – ӛзіндік сана компоненті болып саналады. Бұл 
компонентке ӛзінің мені туралы білім, ӛзін-ӛзі бағалау, осы бағалауды 
анықтайтын мәнді құндылықтар шкаласы жатады [245]. 
Бағалау мен ӛзіндік сана арасындағы байланысты С.Л. Рубинштейн де 
сипаттаған: «Адамның ӛзіндік санасы күйзелістермен тікелей байланысты емес, 
ол ӛз күйзелістерінің шынайы негізін түсінуден құрылатын таным нәтижесі 
болып табылады». Ӛзіне деген қатынастан құралатын ӛзіндік сана ӛзін-ӛзі 
бағалаумен тығыз байланысты. Адамның ӛзіндік бағасы бағалаудың нормасын 
анықтайтын ӛмірге деген кӛзқарасына негізделеді» [246]. 
Л.И. Божовичтің пікірінше, ӛзін-ӛзі бағалау психологиялық дамуда 
маңызды қызмет атқарады және тұлғаның қалыптасуында басты фактор ретінде 
саналады [247]. 
Ӛзіндік баға тұлғаның кейбір сапаларының, ерекшеліктерінің, 
қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтауға кӛмектеседі. 
Біздің ойымызша, адамның зияткерлік әлеуетін адекватты бағалауы іс-
әрекет үрдісінде оларды ашуға, толыққанды табысты жүзеге асыруға ықпал 
етеді, соның негізінде осы іс-әрекетті жаңғыртады, ӛзгертеді. 
Әдебиеттерді теориялық талдау негізінде, рефлексия мен ӛзін-ӛзі 
бағалаудың психологиялық механизмдері ӛзіндік санамен ӛзара байланысын 
анықтадық, ӛйткені екеуіде оның құрылымды компонеттері болып табылады 
және іс-әрекеттің (біздің жағдайымызда зияткерлік іс-әрекет) тиімділігін 
анықтайды. 
Біздің зерттеуіміздің контекстіндегі ӛзін-ӛзі бағалау болашақ мұғалімнің 
оқу іс-әрекетінің нәтижелеріне сыни қатынасты, кӛзқарасты қалыптастырады. 
Соның негізінде зияткерлік бастама енгізе отырып, болашақ мұғалімнің 
зияткерлік әлеуетін дамытуға септігі тиеді. 
Студентік шақта жастардың ӛзін-ӛзі бағалау туралы ой-пікірлері 
қоршаған адамдардың әртүрлі бағасының синтезі арқылы және ӛзінің іс-
әрекетінің нәтижесімен анықталады, соның негізінде ӛзіне және ӛзгелерге деген 
ӛзінің мәнділігін іздеуге бағытталады. Осы бағалар арқылы таңдау жасап, 
шешім қабылдайды. Бағалауға қабілеттілік ӛзіне қанағаттанарлық,
ӛзін 


80 
бақылау, зиятты адамның ӛзіне, қабілеттеріне, әсіресе зияткерлік қабілеттеріне 
және қабылдаған шешімдеріне деген сенімділік мүмкіндігін қамтамасыз етеді
[232]. 
Тұлғаның, оның іс-әрекетінің және мінез-құлқының қалыптасуына ӛзін-
ӛзі бағалаудың ықпалы А.Адлер, А.Маслоу, т.б. [248,249] еңбектерінде аталған. 
А.Адлер бойынша, ӛзін-ӛзі бағалау адамның ӛзіндік жетілуге талпынысы, ал А. 
Маслоудың пікірінше, ӛзін актуалдандыруға ұмтылысы болып саналады. 
олады. 
Ӛзіндік сана мәселелерін зерттеу тӛңірегінде ӛзін-ӛзі бағалаудың жетекші 
рӛлі Б.Г. Ананьев, И.С. Кон, С.Л. Рубинштейн, В.В. Столин, И.И. 
Чеснокованың еңбектерінде тұжырымдалған [24,250, 246, 251,252]. Ӛзін-ӛзі 
бағалау тұлғаның ӛзіндік сана үрдісінің ӛзегі
оның интегративті бастамасы, 
дамуының жеке деңгейінің кӛрсеткіші ретінде түсіндіреді. И.И. Чеснокованың 
пікірінше, ӛзін-ӛзі бағалау «бір жағынан, ӛзіндік сананың және ӛзіне деген 
эмоционалды-құндылықтық қатынастың деңгейін білдіреді, екінші жағынан, 
олардың дамуының басты ішкі шарты болып табылады» [252,333б.]. 
Психологиялық сӛздікте «ӛзін-ӛзі бағалау» тұлғаның ӛзін, ӛз мүмкіндіктерін, 
сапаларын және ӛзге адамдардың ортасындағы орнын бағалауы деп 
түсіндіріледі [230, 352б.]. 
Сонымен, зерттеушілер «ӛзін-ӛзі бағалау» ұғымын әртүрлі тұрғыдан 
қарастырады. Мысалы, Л.В. Бороздина ӛзін-ӛзі бағалауды ӛзіндік сананың 
спецификалық қызметі ретінде қарастыруды ұсынады, яғни мұнда ӛзіндік баға 
Мен-бейнесіне де, ӛзіне қатынасқа де бірікпейді. Оның пікірінше, ӛзін-ӛзі 
бағалау – бұл индивидтің ӛзіне қатысты нәрселерге сыни позициясы, нақты 
құндылықтар жүйесі тұрғысынан бойындағы әлеуетті бағалауы [253]. 
Ӛзін-ӛзі бағалаудың осы анықтамасы біздің зерттеуімізге жақын, яғни 
сыни кӛзқарастың (заттарға, ӛз әлеуетіне) болашақ мұғалімдерге әлемге небір 
жаңаны жасауға ықпал етеді.
Ӛзін-ӛзі 
бағалаудың 
психологиялық 
механизмінің 
ерекшелік 
сипаттамасына жататындар:

ӛзін-ӛзі бағалау тұлғаның ӛзіндік санасының құрылымдық компоненті; 

іс-әрекетке итермелеуші күш; 

негізгі екі формасы бар: жалпы ӛзіндік баға («Мен»-саласына 
жататындардың барлығына адамның позитивті, оң қатынасын сипаттайды); 

жеке формасы – (субъекттің нақты кӛріністерінің, яғни қабілеттерін, 
сапаларын, қасиеттерін, бітістерін бағалауды кӛрсетеді); 

ӛзін-ӛзі бағалауға эмоционалдылық, тұрақтылық, адекваттылық тән. 
Ӛзін-ӛзі бағалаудың эмоционалдылық компонентін психологтар кӛбінесе 
«қабылдау-қабылдамау», «ӛзіне қанағаттану-қанағаттанбау» терминдермен 
сәйкестендіріледі» [254].
Бұл оппозиция алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда 
табысты/табыссызды (сәтті немесе сәтсіз) уайымдаумен үйлеседі, байланысқа 
түседі. Эмоция адамның әртүрлі іс-әрекетінде, сонымен қатар, педагогикалық, 
зияткерлік іс-әрекетте орын алады. 


81 
С.Л. Рубинштейннің пікірінше, эмоция адамның әлемге деген тұтастай 
қатынасын білдіре алады және сол әлемдегі адамның мінез-құлқын, даралық 
ерекшелігін, талғамы мен қажеттілігін, мұқтаждығын ажыратып айқындай 
алады. «Адамның сезімі – бұл оның әлемге деген қатынасы, сол әлемде ӛзіне 
әсер еткен дүниелерге деген кӛзқарасы, кӛңіл-күйі». Осыған орай эмоцияның 
жағымды немесе жағымсыз сипаты индивидтің қажеттіліктері мен мүддесіне, 
қызығушылығына қатысты әрекеттің немесе оған әсер ететін әрекеттердің 
жағымды, жағымсыз болуына тікелей байланысты». Демек, эмоцияның қай түрі 
болмасын тұлға қалыптастыруда маңызы ерекше [255]. 
Эмоция ӛзіндік сананың қалыптасуына, тұлғалық бірегейлікті 
қалыптасыруда басты ықпал етеді. Бұл аталғандар біріге отырып, адамның 
тұлға ретінде қалыптасуының негізгі мотивациялық жүйесін құрайды. Бұл 
механизм кӛздері адамның бейімделушілік қызметін атқара отырып, адами ішкі 
мұқтажды ӛтеу, ішкі сұраныстарын толтыру сезімдерімен тығыз байланысты 
болады. Сондықтан бағалау, ескерту, түрткі болу қызметтерін қоса орындайды. 
Осы ішкі қабілетті оятатын қызметтері адамның ӛмірде жақсы жетістіктерге 
қол жетуіне, жақсы ӛмір сәттеріне жетуде, зияткерлік деңгейін арттыруда басты 
тірек болып табылады.
Эмоциялар тұлғаның кез келген белсенді әрекеттерінен кӛріне алады 
және адамның психикалық күйінің ішкі реттеуші механизмі ретінде қызмет 
етеді. Осылайша тұлғаның ең ӛзекті деген ішкі мүддесін қанағаттандыру 
бағытында кӛрініс табады. «Эмоция мәселелеріне теориялық талдау жасағанда 
субъектінің ішкі мүддесі мен эмоционалды құбылыстар арасындағы байланыс 
даулы мәселеге айналып жатады. Ӛмір сүру барысында туындайтын белгілі бір 
затқа немесе талаптарға деген субъектінің биологиялық мұқтаждығы ең 
алдымен оның ағзасынан, денсаулық жағдайынан кӛрініс береді. Ал эмоциялық 
қажеттіліктер адамға ықпал еткен бағалау және әсер ету сияқты эмоционалды 
қызметтердің нәтижесінен кейін туындай бастайды» [256]. 
Білімалушы жан-тәнімен оқу үрдісіне түбегейлі енген жағдайда білімді 
сапалы меңгере алады. Студент үнемі білім беру үрдісінен ажырамауы тиіс, 
себебі білім беру барысында ол есте сақтайды, ойланады, жауап береді, 
ізденеді, яғни сол сабақ үстінде ол зияткерлік қабілетінің қызметін атқарып 
отырады, бірақ эмоционалды қабілеті іске қосылмайды [257]. 
Дегенмен, В.И. Андреевтің пікірінше, «адамның эмоционалды күйін 
қабылдай алу арқылы, әрі қолдай білу арқылы біз оның жеке даралық тұлғасын 
тануға, ӛзін-ӛзі жетілдіруіне кӛмек береміз және оның бойында ашылмаған 
әлеуетін жарыққа шығаруына мүмкіндік туғызамыз» [258]. 
Сондықтан тұлғаның интеллектуалды қызмет етуімен қоса, сол нәтижеге 
жету немесе жете алмау жетістіктері мен кемшіліктеріне эмоционалды түрде 
талдау жасаса, яғни тек ӛзінің зияткерлік тәжірибесін ғана емес, сондай-ақ 
ӛмірлік тәжірибесін, сезінген, ойда түйген, қабылдаған, әсерленген 
жағдаяттарын іске қосса тұлғалық әрі зияткерлік әлеуетін толық 
қалыптастыруға мүмкіндік туады. 


82 
Бүгінгі күні эмоционалдық интеллекттің бірнеше моделі құрылды Д. 
Гоулман, Д.В. Люсин, т.б. [259, 260]), нақты іс-әрекет түрінің жетістігіне оның 
ықпалы (А.С. Петровская, С.П. Деревянко, т.б. [261,262]) жайлы бірқатар 
зерттеулер бар.
Зерттеушілер зияткерлік пен эмоцияның байланысы мәселесіне кӛңіл 
аударады.
Аффективті және зияткерлік үрдістердің тұтастығы идеясын (Л.С. 
Выготский [78], С.Л. Рубинштейн [255]) жалғастырған болатын, зияткерлік іс-
әрекеттегі эмоцияның маңыздылығын, А.Н. Леонтьев [130] ойлаудың 
эмоционалды (аффективті) реттеуін сипаттайды. И.А. Васильев [263] кейін 
зияткерлік эмоция ұғымын енгізеді. Зияткерлік эмоция – бұл ойлау іс-
әрекетінде пайда болатын эмоционалды күй, адамның қалпы, мысалы: таңдану, 
сенімділік, күдіктену, т.б. 
Эмоционалдық 
реакцияның 
аутенттілігі 
оның 
субъекттің 
қажеттіліктеріне, құндылықтарына және қызығушылықтарына сәйкестігі; бұл 
сәйкестілік зияткерлік эмоционалды реакциясының критерийі ретінде 
қабылданады. Мұндай тұжырым Д.В. Люсиннің позициясына ұқсас, ол 
зияткерлік әлеуетті дамытудың шарты ретінде когнитивті мазмұнның 
эмоционалдылыққа ауысуы деп түсіндіреді [264].
Адекваттылық - ӛзін-ӛзі бағалаудың субъект сапаларының шынайы 
кӛрінісіне немесе экспертті бағаға сәйкестілігі. Зиятты адамға бағалаудың ішкі 
локусы тән. Адекватты емес (тым жоғары) ӛзіндік бағалауда адам ӛз іс-
әрекетінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмайды, қателерін, сәтсіздіктерді 
кӛрмейді. Адекватты емес (тӛмен) ӛзін-ӛзі бағалауда ӛзін тӛмендетушілік, ӛзіне 
сенімсіздік байқалады.
М. Воллах және Н. Коганның зерттеу нәтижелерінің кӛрсеткіштеріне 
сүйенсек, зияткерлігі, креативтілігі жоғары балалардың ӛзін-ӛзі бағалауы 
адекватты және ӛз қабілеттеріне сенімді болғанын кӛрсетеді [265]. 
Ӛзін-ӛзі бағалауы адекватты жағдайда субъект ӛз қабілеттері мен 
мүмкіндіктерін дұрыс сәйкестендіреді, ӛзіне тым сыни кӛзқарас танытады, 
жетістіктері мен сәтсіздіктеріне шынайы қарауға ұмтылады, кол жетерлік 
мақсаттар қояды. Адекватты ӛзіндік бағалауда зияткерлік іс-әрекеттің 
кӛкжиегін анықтайтын тұлғаның зияткерлік талаптану деңгейі қалыптасады.
Тұрақтылық – ӛзін-ӛзі бағалаудың бітісі, оның барысында баға ішкі 
детерминанттарымен (ӛзіне қатынастағы тұлғаның позициясы, ӛзіндік 
тұжырымдамасымен, ӛзіндік кӛкейкестілігінің қалыптасқан қағидаларымен, 
табан асты сәттілік-сәтсіздіктерден тәуелсіздендіру және т.б.) колдау табады. 
Ӛзін-ӛзі бағалау бұл жағдайда аталмыш феноменге тұлғаның тұрақты 
сипаттамасын қамтамасыз етіп, болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің 
кӛрсеткіші болады.
Ӛзін-ӛзі бағалау механизмінің тағы бір ерекшелігі-кӛп функционалдылық 
болып табылады. А.В. Захарова ӛзін-ӛзі бағалаудың келесідей қызметтерін 
кӛрсетеді:


83 
- ӛзекті – іс-әрекет барысында орындаушылық әрекеттерді бағалау және 
түзету; 
-ретроспективті (ӛткенді шолатын) – субъекттің даму деңгейінің, іс-
әрекет қорытындыларының, қылықтарының нәтижелерінің деңгейін бағалау; 
-болжамалы – субъекттің ӛз мүмкіндіктерін бағалауы; 
- реттеушілік – мінез-құлықты реттеу қызметі [266]. 
Біздің зерттеуіміздің контекстінде ӛзін-ӛзі бағалаудың реттеушілік 
қызметінің рӛлі ерекше. Ол мінез-құлықты ӛзіндік басқару үрдісінің барлық 
кезеңдерінің (мотивтердің қалыптасуы, құралдарды таңдау, нәтижеге жетуде) 
«ӛзегі» ретінде байқалады. Мұнда тұлға бар тәсілдерді, орындау ережелерін 
бағалайды және оны жаңартады, үрдісті зияткерлік сипатта ӛзгерте отыра, жаңа 
нәтижелер алады. Осы іс-әрекетке болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің 
тапқырлық, қиылыстыру қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация еркіндігі 
сияқты кӛрсеткіштерінің қосылуы жағдайында мүмкін болады. Олар тұлғаның 
зияткерлік іс-әрекетте ӛзіндік жетілуіне, ӛзіндік кӛрінуіне кӛмектеседі. 
Сонымен, біздің зерттеуіміздің контекстінде ӛзін-ӛзі бағалаудың 
психологиялық механизмі ретінде болашақ мұғалімнің тұтас іс-әрекетті, ӛз 
әрекеттерін бағалау және ӛзіндік талдаудың негізінде зияткерлік ӛзгертулер 
енгізу деп түсінеміз.Әдебиеттерді теориялық талдау негізінде ӛзін-ӛзі басқару 
болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін басты 
психологиялық механизмі ретінде анықталды. 
Ӛз зерттеулерінде Н.С. Лейтес ӛзіндік басқаруды ақыл-ой, зияткерлік 
белсеніділікпен 
қатар 
дарындылықты 
дамытудың 
факторы 
ретінде 
қарастырады [267].
Роджерстің пікірінше, тұлға құрылымының іргелі компоненті «Мен-
тұжырымдамасы», ол субъекттің қоршаған әлеуметтік ортамен ӛзара әрекеттесу 
үрдісінде қалыптасатын және мінез-құлқының ӛзін басқарудың интегралды 
механизмі болып табылады [268].
Тұлғаның еңбек, оқу және спорт іс-әрекеттерінде ӛзін басқару мәселесі 
бірқатар ғалымдардың (Е.А. Климов, В.Л. Марищук, К.К. Платонов [269, 270, 
271) еңбектерінде қарастырылған.
Әдетте ӛзін басқару феномені нақты ғылыми тұғыр контекстінде 
қарастырылады. Жүйелілік тұғыр бойынша (Б.Ф. Ломов [272]) ӛзін басқарудың 
ӛзге жүйелер сияқты құрылымы, қызметі, қасиеттері және даму факторлары, 
психикалық құбылыстармен байланысты кӛпдеңгейлі детерминациясы бар 
жүйелі үрдіс деп түсінеміз. Жүйелілік тұғыр бойынша ӛзін басқаруда тұлғаның 
ерекшеліктері іс-әрекетке ықпал етеді және мақсатқа жетудің стилін 
анықтайды. Сонымен қатар, тұлғаның ерекшеліктері мен мінезі, мотивациясы 
және іс-әрекеттің саналы қозғаушы күштерінің ықпалы дәлелденген.
Іс-әрекеттік тұғыр бойынша ӛзін басқару субъекттің саналы реттеп 
отыратын әрекеттері, әртүрлі белсенділігі арқылы тұлғаның ӛзін іске асыруы 
деп кӛрсетеді [24,78,23,82].
Ӛзін басқару психологиялық механизмін ерік күшті 
қажет ететін зияткерлік әлеуетті іске асыру мақсатында адамның ӛзіне-ӛзі 
саналы түрде ықпал етуі деп түсінуге болады.


84 
Л.Б. Ермолаева-Томинаның пікірінше, еріктік ӛзін-ӛзі басқару сыртқы 
және ішкі кедергілерді жеңу және оларды қалыптастыру тәсілдерін іздеу үшін 
ерекше қабілеттердің дамуымен байланысты. Барлық жағдайда еріктік ӛзін-ӛзі 
басқарудың басты объектісі әрекет, оны ынталандыру, тоқтап қалу немесе 
басқаға бағдарлану [273]. 
Сонымен, ӛзін-ӛзі басқару механизмі еріктік механизмнен тұрады. Біздің 
зерттеуімізде ӛзін-ӛзі басқару механизмі тұлғаның дамуының және ӛзін 
дамытудың негізі ретінде қарастырылады, ӛйткені, болашақ мұғалім 
педагогикалық, зияткерлік іс-әрекетте міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін 
іздестіруде, алғашқыдан ӛзге қайталанбайтын ерекше амал-тәсілдерді 
қолданады, бұл ӛз кезегінде тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал 
етеді. 
Студент зияткерлік қиындыққа толы, белгісіздік жағдаяттарға жиі 
кезігеді. Бұл жағдаят кәсіби, оқу міндеттерінің жаңа шешімдерін іздеуді талап 
етеді, оның жетістігі ӛзін-ӛзі басқару деңгейіне тәуелді.
Сонымен қатар, еріктік күш кез-келген іс-әрекетке зияткерлік қабілеттер, 
қажеттіліктер және дағды қалыптаспайынша қажет болады.
Зияткерлік іс-әрекетті атқаратын адамдарда әрқашан кернеулі, 
стандарттан тыс іс-әрекетке ішкі қажеттіліктері басым болады. Мұндай әрекет 
күш-қайратты талап етеді, кедергілерді жеңу үшін жаңа мақсат қою, жаңа 
жолдарды, амалдарды қарастыру зияткерлік әлеуетті дамытады. Осындай 
жағдайда алғашқыдан гӛрі күрделірек мақсат-міндеттерді жоспарлау 
қажеттілігі туындайды. Сондықтан, ұлы зиялы адамдардың зияткерлік әлеуеті 
сақталып отырған. 
Ӛзін-ӛзі басқару психологиялық механизмі сонымен қатар, тұлғаның 
әрқашан зияткерлік белсенділік танытуын білдіреді. Ӛзін басқару зияткерлік 
педагогикалық іс-әрекетке тән белгісіздік жағдаяттарында тұлғаның 
белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл механизм негізінде сыртқы 
жағдайдың ӛзгеруімен қатар, зияткерлік әлеуетінің дамуы арқылы болашақ 
мұғалім ӛзінің іс-әрекетіне түрлі ӛзгерістер енгізеді. 
Ӛзін басқару механизмі жоғарыда қарастырылған рефлексиялық 
механизм мен ӛзін-ӛзі бағалау механизмдерімен байланысты. Біріншіден, 
аталған үш механизм зияткерлік іс-әрекеттің жетістігін сипаттайды. Екіншіден, 
барлық механизмдерге реттеу қызметі тән, аталмыш қызмет тек ӛзін-ӛзі 
басқару механизмі арқылы толығымен іске асады. Үшіншіден, аталған 
психологиялық 
механизмдер 
іс-әрекетті 
түсіну, 
қайта 
қарастыру 
(рефлексиялық), мүмкіндіктерін адекватты бағалау (ӛзін-ӛзі бағалау), және 
зияткерлік белсенділікті күшейту (ӛзін басқару) арқылы адамның 
белсенділігінің артуына ықпал етеді. Тӛртіншіден, осы барлық психологиялық 
механизмдер белгілі бір деңгейде (азды-кӛпті) болашақ мұғалімнің зияткерлік 
әлеуетін дамытуға ықпал етеді. 
Сонымен, біз ӛзіміздің моделімізде болашақ мұғалімнің зияткерлік 
әлеуетінің құрылымын айқындап, кӛрсеткіштерін, ӛлшемдерін, деңгейлерін 
және механизмдерін атап, талдадық. Диссертацияның келесі бӛлімінде болашақ 


85 
мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың педагогикалық-психологиялық 
шарттарын және тәжірибелік-эксперименттік жұмысты сипаттаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет