65
В.А. Штофф бойынша, модельдеу «модельдердің иерархиясын жасау
үрдісі, онда шынайы кейбір жүйе әртүрлі аспектілерде және әртүрлі
құралдармен үлгіленеді». Модель модельдеу әдісінің негізгі ұғымы болып
табылады [207].
Кез келген педагогикалық зерттеуде модельдің практикалық құндылығы
нысанның зерттеу жақтарына негізінен оның адекваттығымен анықталады,
сонымен қатар кӛп жағдайда модельдің типі мен мүмкіндігін және
педагогикалық зерттеуде оның адекваттылығын анықтайтын модельдеудің
негізгі принциптері - кӛрнекілік, нақтылық, әділдік модельді құру кезеңдерінде
қаншалықты дұрыс есепке алынғанымен анықталады.
Ғылыми-педагогикалық қызмет моделінің, яғни парадигманың, мынадай
әдіснамалық сипаттамалары бар: проблема, тақырыптың ӛзектілігі, зерттеу
нысаны және пәні, оның мақсаттары мен міндеттері, болжамдар және қорғауға
шығарылатын ережелер, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы
ӛзгеріссіз қалады. Алайда практикалық білім беру қызметінің моделі ӛзгереді
және тіпті әлеуметтік-мәдени жағдайлардың соңынан ӛзгеруге мәжбүр болады.
Сондықтан педагогикалық тәжірибедегі ӛзгерістер байланысы, бір жағынан
педагогика ғылымында да, екінші жағынан тура болып табылмайды. В.В.
Краевский педагогика ғылымы парадигмасының ӛзгеруі мүмкін екі бағытын
анықтап кӛрсетеді [209]. Біріншісі: педагогикалық білім беруде пәнаралық
зерттеулер рӛлінің ӛсуі және педагогика ғылымының интеграциялық
қызметінің артуы. Екіншісі: педагогика ғылымының теориялық деңгейін
арттыру және білім беруді арнайы зерттейтін жалғыз ғылым ретінде оның
мәртебесін анықтау. Басқа ғылыми пәндерден алған білімді қолдануға
байланысты педагогиканың интеграциялық қызметін жүзеге асыру білім
берудегі модельдеудің әдіснамалық шарттарының бірі болып табылады.
Ғылыми іс-әрекеттің моделі сияқты күрделі мәселе жӛніндегі кез келген
пікірлер терең талдауларға негізделуі керек.
Сонымен, модельдеу теориялық зерттеудің әдісі, дәстүрлі проблемаларды
дәстүрлі емес тәсілмен шешуге шоғырланған жұмыстың ерекше тәсілі. Кез
келген салада кеңінен колданылады. Педагогикада оқу материалының
құрылымын оңтайландыру, оқу процесін жоспарлауды жақсарту, танымдық
әрекетті басқару, оқу-тәрбие процесін басқару, диагностика, болжам жасау,
оқытуды жобалау сияқты міндеттерді шешуде қолданылады.
Біз зияткерлік әлеуетті дамыту бойынша негізгі ғылыми кӛзқарастарды
тұжырымдап,
сипаттап,
зияткерлік
әлеует
ұғымын
философиялық,
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан, болашақ мұғалімдердің зияткерлік
әлеуетін дамыту мәселесін талдай отыра, зияткерлік әлеуетті дамытудың
құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 4)
Достарыңызбен бөлісу: