Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

«Әлеуметтік жетілу» блогы. Демократиялық тәрбиені, мұғалімнің саяси 
мәдениетін ойлау мен әрекет стереотиптерінен де жоғары тану амалдары 
ретінде қарастыру: Отанға деген құрметі, халық үшін қызмет етуі, 
отансүйгіштігі, 
толеранттылығы, 
азаматтығы, 
қоғамдық 
істерге 
қызығушылығы, тұрақты ғылыми дүниетанымы, сынға тӛзімді қарым-
қатынасы, ӛзгерістерге дайындығы, әлеуметтік ӛзгеріс мұқтаждықтарын терең 
түсіну, күнделікті ӛмірдегі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, шаруашылық 
жұмыстарына қатысты іскерлігі, әлеуметтік мәселелерді шешуде технократтық 
тәсілден де тиімді жолдарды қолдана алуы. 
«Жоғары кәсібилік, іскери және зияткерлік қасиеттер» блогы. 
Зияткерлік ізденіс әлеуметтік және іскери жетілгендіктің критерийлері ретінде 
қарастырылады: біліктілік, кәсіби шеберлік, сапалы жұмыс істеуге талпынысы, 
жоғары кәсібилігі үшін сұраныс, тапсырылған іске деген жауапкершілік сезімі, 
жеке даралығы, еңбекке деген саналы қатынасы, еңбекте үлгілі бола алу 
қабілеті, гуманитарлы ғылым жүйесіндегі, яғни психология, педагогика 
салаларындағы терең білімі, еңбекті ұйымдастыра алуы, ынталандыруы, озық 
тәжірибені, оқытудың инновациялық технологияларын игеруі, болашағын 
жоспарлай алу іскерлігі, кәсіби деңгейдің ӛсуінде, білім жаңаруында, ғылым 
саласының кеңеюінде алдағы ӛмірді болжай алу іскерлігі, ұйымдастырушылық 
қабілеті, жетістігіне салауатты түрде қанағаттана алуы, тәртіптілік, тӛзімділік, 
ізденушілік қабілеті, дарындарды қолдай алу қабілеті. 
«Рухани мәдениет, адамгершілік бейнесі» блогы: қатал адамгершілік 
пікірлері, қоғамдағы демократизм, мінез ашықтығы, мейірімділігі, адамдармен 
жұмыс істей алу қабілеті, сезгіштігі, адамдарға кӛңіл бӛле алуы және сене білуі, 
оларды ӛз ісіне сендіре білуі, моральды саулығы, адалдығы, табандылығы, 
шыншылдығы, қарапайымдылығы, сыпайылығы, еркіндік қасиеті, сӛзі мен 
ісіндегі тұтастығы, ӛзінің жеке мүдделерін қоғамдық мүдделерге бағындыра 
алуы, белсенділігі, саналы ойлай алатындығы, ӛзінен талап ете алушылығы, 
тәртіптілігі, кеңес бере алуы, қоғамның рухани ӛміріне белсене араласуы, 
тұлғаның зияткерлік әлеуеті, бірлескен жұмысқа қабілеттілігі, пікірталас 
барысындағы жоғары мәдениеттілігі, адамгершілік қабілеті, мәдени 
дүниетанымының кеңдігі, эрудициясы, дамыған ӛнегелік талғамы [
183].
Жоғарыда аталған қасиеттер жинала келе болашақ мұғалімнің бейнесін 
танытады және зияткерлік әлеуеттің негізгі ӛзегін, контурын құрайды. 
«Высшее образование в Европе» журналының әр басылымында 
(ЮНЕСКО) шетелдегі мамандар қызметіне қойылатын талаптарға және тұлғаға 
тән талаптарға жалпы сипаттама беріліп отырады. Маман дайындаудың тиімді 
критерийлері ретінде оның тез үйренуге бейімділігі, жаңа білімді жылдам 
меңгеру қабілеті алынады. Осы қасиеттері бар маман жұмыс таңдауда да, ӛмір 
сүру салтын таңдауда да толық еркіндікке ие болады. Сондай-ақ тұлға 
қалыптастыру критерийлеріне бейімделген маман технологиямен байланысты 


51 
болмаса да зияткерлік тәсілдерге икемделе түседі әрі ӛмірге деген кӛзқарасы 
кеңейеді. 
Г.А. Кручининаның пікірінше, «Педагогтің жұмысы ӛте сәтті болуы оның 
негізгі тұлғалық қасиетіне, кәсіби қызметіне сай лайықталған мінезінің сәйкес 
келуіне байланысты. Педагог үшін ең басымды кәсіби және тұлғалық қасиеттер 
қатарында кәсіби біліктілік, зияткерлік, шығармашылық, бәсекеге қабілеттілік 
сияқты тұлға қабілеттері болуы тиіс» [185]
.
Н.Д. Никандров еңбегінде АҚШ-тағы маман дайындау мақсаттары мен 
оның нәтижесі қандай жетістіктерге әкелетіні дәйектеледі: 
- әлеуметтік ұйымды дамытуды ұғынуы және оның ғылым мен білімге 
ықпалын сезіне білу; 
- мәселелерді айқындай білу және оған талдау жасау қабілеті; 
- логикалы ойлау іскерлігі және ӛз ойын жазбаша, ауызша түрде білдіре 
алуы; 
- мәдени ескерткіштерді тануы және олардың ӛркениеттілікте алатын 
рӛлін тани білуі; 
- қоғамдық сұраныстарға жауап бере алатын моральдық, этикалық, 
әлеуметтік ұғымдарды терең түсінуі; 
- үздіксіз білім алу қажеттілігін түсіну және оған қызығушылық 
қалыптастыру 

186


Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуда осындай мақсаттарға 
қол жеткізу нәтижесінде жалпыадамзаттық басымдықтар мен қасиеттік 
қырларын айқын кӛруге болады. 
Болашақ мұғалімнің сапасын жетілдіруге бағытталған жүйелер қандай 
деңгейде болсын әрбір бітіруші түлектің бойына сіңіру үшін кӛзделеді. Егер 
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында енгізумен шектелсе, онда бұл 
модель жай ғана абсолютті, әрбіріне тән міндетті оқу жүйесі ретінде қалып 
қояды. Сонымен болашақ мұғалімдерді дайындау стандарты мен тұлғаның 
индивидуалды 
дамуы 
арасындағы 
қайшылықтарды 
шешу 
тәрбиені 
гуманизациялау жолында жатыр. Бұл іс әрине оңай емес, ашық қарқынды 
жұмыс қажет, яғни әрбір болашақ мұғалімге ӛзінің таңдауы бойынша, алдына 
қойған ӛзі үшін маңызды мақсаттары бойынша бойындағы даралығын 
дамытуға мүмкіндік беретін бағыт, жол қажет. Бұл жерде студентке қоғамда 
жиналған түрлі тұлға, маман үлгілерінің жиынтығы кӛмектеседі. 
Демек, мәдениет пен зияткерлік ұғымдары тұлғаның маңызды сапалы 
қасиеттері болып табылады. Осыған орай мәдениеттанымдық ұғымдардың 
тұлға 
немесе 
болашақ 
мұғалімді 
қалыптастырудағы 
операциялану 
құрылымдарын терең түсіну аса маңызды. Себебі, мәдениеттену әрекеттері 
тәрбие мен білім алудың жаңа түрлерін іздеуге жаңа мүмкіндіктер береді. 
Мұғалімнің мәдениеттілігін әлеуметтік маңызы бар қасиет-қабілеттердің 
барлық жүйелерінің жетілген, дамыған бейнесі деп тануға болады. Бұл 
қасиеттер жеке адамның даму үрдісінде ӛнімді жүзеге асады (қоғамдық-саяси, 
кәсіби, ғылыми, коммуникативтік ӛмірде ӛз жемісін береді). Мұғалімнің 
мәдениеттілігі – бұл тұлғаның зияткерлік әлеуетінің сапалы даму нәтижесі, 


52 
тұлғаның жеке мүддесі, кӛзқарасы, қызметі мен тәртіп нормасы, сезімдері мен 
жеке қабілеттері. 
Мұғалім мәдениеттілігін құрайтын әлеуметтік қасиеттердің құрылымын 
жіктеп кӛрсетуге болады:
1) Тұлғаның мүддесі мен білім жүйесі оның дүниетанымын сипаттайды. 
Ал дүниетаным тұлғаның зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, зияткерлік 
әлеуеттің кӛрсеткіші ретінде тұлғаның тезаурусы мен ұғымдық қоры қызмет 
етеді. Дүниетаным, эрудиция танымдық әрекеттер арқылы дамиды және 
тұлғаның зияткерлік әлеуетінің деңгейін анықтау барысында оның танымдық 
белсенділігінде анықталады. 
2) Сендіру-пайымдау жүйесі болашақ мұғалімнің мәдениетінің 
дүниетанымдық деңгейін танытады. Бұл жүйе тұлғаның ӛмірлік ұстанымдары 
мен құндылықтарына, қызығушылықтары мен мүдделеріне ӛмірдегі 
аксиологиялық әрекеттеріне, рефлексиясына, ӛзін басқару, ӛзін-ӛзі бағалау, 
ӛзін-ӛзі жетілдіру мақсатына негізделеді. Оның кӛрсеткіші – тұлғаның идеялық 
ұстанымы. Сендіре-пайымдау дүниетанымдық белсенді әрекеттерде айқын 
кӛрінеді және әсіресе қоғамдық-саяси ӛмірдегі барлық белсенді қызметтердің 
идеялық негізі ретінде жүзеге асырылады.
3) Жоғары дамыған қабілеттері мен іскерлік жүйесі арқылы тұлға ӛзінің 
тәжірибедегі барлық әрекеттерін сәтті, жетістікпен орындай алады. Демек бұл 
жүйе тұлғаның практикалық деңгейін танытады. Іскерлік пен қабілеттер жүйесі 
әлеуметтік сұраныстың ықпалынан туындайды және бірнеше шыңдалған 
тәжірибелердің қорымен жүзеге асырылады. Оның кӛрсеткіші – қызметтің 
ӛнімділігі, сапалы нәтижесі. 
4) Жеке-дара мінез-құлық нормалары мен бойына сіңген қызметтік 
әдістер жүйесі тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеу, 
тәртіпке келтіру деңгейін бейнелейді. Осы қасиеттер қоғамдағы түрлі үлгілер 
арқылы және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жетістіктері арқылы мәдени нормалар мен 
қағидалар қорына сүйене отырып қалыптасады. Бұл қасиеттер тұлғаның 
зияткерлік іс-әрекетте, шығармашылық белсенділігінде, қарым-қатынас 
тәртібінде айқын кӛрініс табады.
5) Әлеуметтік сезімдер жүйесі іс-әрекеттің және тұлғаның мінез-
құлқының үрдісін, барысын уайымдау негізінде қалыптасатын және 
эмоционалды белсенділікте байқалатын эмоционалды мәдениет деңгейін 
танытады [187]. 
Мұғалімнің мәдениеттілігі тұлғаның зияткерлік әлеуетінің интегралды 
кӛрсеткіші ретінде құрамындағы барлық құрамдастарымен ӛзара байланыста 
біртұтастықта болады. Мысалы, тұлғаның тезаурусы мен дүниетанымы оның 
танымдық ауқымын, яғни зияткерлік әлеуетін кӛрсетеді. Ал тұлғаның 
мүдделері мен қызығушылық кеңістігі оның рухани қажеттіліктерін, 
сұраныстарын қамтамасыз етеді. Дүниетаным тұлғалық мәдениеттің 
қалыптасуына әлеуемттік бағыт ретінде белгіленеді. Іскерлік мен түрлі 
қабілеттер тұлғаның пәндік-тәжірибелік әрі теориялық тәжірибесінің кеңдігін 
ашып кӛрсетеді. Қабылданған осы тұлға нормалары мен оның қызметтік 


53 
әдістері тұлғаның ӛмірдегі, қызметіндегі жұмысы мен тәртібін, мінез-құлқын 
реттеп отырады. Тұлғаның эмоционалды ортадағы гуманистік бағытын, даму 
деңгейін кӛрсетіп отыратын сезімдер мәдениеті тұлғаның эмоционалды 
сезімдерге қаншалық бай екенін, оның қызметі мен ӛмір сүру болмысындағы 
тіршілігінде кӛңіл-күйдің, мінездің, эмоцияның, сезімнің мәдениетті кӛрінуін 
реттеп отырады. 
Зияткерлік әлеуеті дамыған мұғалімнің мәдениетінің кӛрсеткіші ретінде 
біздің ойымызша, негізінен дүниетаным кеңдігі, зияткерлігі мен бағыттылығы, 
ӛзін басқару, дүниені тану бағыты мен оны қалыптастыру деңгейі, әлеуметтік 
белсенділік дәрежесі, әлеуметтік мінез-құлық нормалары, түрлі қызмет 
әдістерін меңгеру деңгейі, іскерлігі, қабілеттері, эмоционалды сезімдерін 
білдіре алу шеберлігі, интуиция да мұғалімнің мәдениетінің кӛрсеткіші бола 
алатын сияқты. Басқаша айтатын болсақ, зияткерлік әлеуеті дамыған 
мұғалімнің мәдениетінің кӛрсеткіші – бұл еңбек мәдениеті мен сезім 
мәдениетін құрамдастықтары. Бірақ бір жайтты ескеру керек, яғни олардың 
негізінде дамыған тұлға мәдениетін танытатын кӛрсеткіштер бар. Мысалы 
олар – зияткерлік белсенділіктің жан-жақтылығын танытатын ӛлшемдер. 
Сондықтан тұлғалық мәдениет деп білім мен тәжірибеден, олардың 
сапалы орындалу нәтижесінен, мінез-құлық пен қызмет мәдениетінен 
жиналған тұтастықты айтамыз. Тұлға мәдениеті – бұл әлеуметтік 
құндылықтарды жасау, оны ӛнімді игеру, соның нәтижесін түсіну әрі сол 
әлеуметтік құндылықтарды сезіну. Тұлға мәдениеті адам бойындағы барлық 
қабілеттердің үйлесімді қызмет етуін, дамығандығын, барлығы тұтастай біріге 
келіп, қызметтің сапалы орындалуына жұмылдырылуы.
Жоғарыда аталған әлеуметтік құндылықтар құрылымы мұғалімнің 
мәдениетінің бір ғана «ӛлшемі» ретінде танылуы мүмкін.
Мұғалімнің мәдениеті (оның ішкі құрылымы тұрғысынан: білім - сендіру 
- іскерлігі – іс-әрекет және мінез-құлық нормалары - әлеуметтік сезімдері, 
сонымен қатар түрі, типологиясы тұрғысынан: саяси, адамгершілік, кәсіби, 
т.б.) ӛмір сүру үлгісінің, стилінің құрылымы негізінде қалыптасады және одан 
әрі даму үстінде болады. 
Маманның мәдениеті мен зияткерлігі арасындағы сәйкестікті 
қарастырайық. Адами болмысты қалыптастыратын осы екі құндылықтың 
құрамдас элементттері ортақ, бірақ тұлға мәдениеті - едәуір күрделі жүйе. Ал 
зияткерлік 
білімділік, 
тәрбиелілік, 
мәдениеттілік 
құндылықтардың 
жинақталған тұтастығымен түсіндіріледі. Тұлға мәдениеті ӛмір сүру 
болмысында айқын кӛрінеді, сондықтан адамның қызметінде, мінез-
құлығында, оның адамгершілік идеалына ұмтылу жолында тұлға мәдениеті 
бірінші болып кӛрінеді. Соның негізінде тұлға мәдениетін ақыл мен рухтың 
зияткерлік іс-әрекеттің салдары десек те болады. Әйгілі философ А.Ф. Лосев 
зияткерліктің тӛрт негізгі қасиетін атап кӛрсетеді: 
- жеке даралық (табиғи-қоғамдық-тарихи қатынастардың балқаймағы), 
- жалпыадамзаттық тіршілік кӛзі болатын ӛмір, 
- ӛмірдегі қайталанбас ӛзгерістер, 


54 
- қайталанбас ӛзгерістерден асып түсу үшін ерлік жасау мұқтаждығы 

188


Зият – тұлғаның рухани байлығын білдіретін табиғи болмыс. Осы 
рухани байлыққа деген жомарттығы, рухани тәрбиелілік, еңбексүйгіштік, 
сыпайылық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік, жомарттық, ӛзіне-ӛзі 
сенімділік, жарқын даралық, мінез тұрақтылығы жатады.
Зият – бұл тұлғаның ішкі бойындағы зияткерлік әлеуеттің сыртқы 
кӛрінісі.
Сонымен зияткерлікті адамның әлеуметтік мінез-құлығына берілетін 
кешенді сипаттама ретінде қарастыруға болады. Себебі осындай кешенді 
сипаттама болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, ӛнегелік 
жетілгенін толық куәландырады. 
Болашақ 
мұғалімнің 
мәдениетін 
қалыптастырудағы 
әлеуметтік 
мәселелердің кӛрінісі ретінде тұлға мәдениетінің мазмұны мен құрылымын 
талдауға қатысты кешенді ғылыми мәселелерді атауға болады. Сондықтан, 
ғылыми мәселені бірнеше тұғырлар бойынша қарастыруға болады. 
Солардың бірі – жалпыфилософиялық тұғыр тұлға мәдениетін 
қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын ашып кӛрсетеді, оның мәні мен 
кӛрінісін танытады. Ал, жеке-ғылыми тұғыр тарапынан жеке ғылым 
салаларының теориясына (педагогика, дидактика, этика, психология, басқару 
теориясы, т.б.) сүйене отырып, тұлға мәдениетінің қалыптасуын жете 
қарастырады; әлеуметтік-психологиялық және нақты-әлеуметтанымдық 
тұғырлар тұлға мәдениетінің қоғамдық ӛмірдегі әлеуметтік қызметін, 
шарттары мен қызметтік механизмдерін айқындап кӛрсетеді [189]. Аталған 
әрбір тұғырдың әрқайсысы алдына қойылған нақты міндеттерді шешуге 
бағытталады және сол міндеттерді әлеуметтік-гуманитарлық білім әдістерімен 
шешуге тырысады.
Жоғары қарастырылған жүйелі қағидалар болашақ мұғалімнің 
мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық үрдістерге жан-жақты талдау 
жасауды ұсынады. Мұның мәніне келетін болсақ, тұлға мәдениетінің ғылыми 
мәселесі (әдіснамалық аяда, жеке-ғылыми тұрғыда қарастыратын болсақ) 
педагогикалық мәселе аясына енеді, ондай жағдайда тұлға мәдениетінің дамуы 
мен терең қалыптасуы мәселелері алға шығады. Мысалы, Б.А. Зепа 
зерттеулерінде тұлға мәдениетінің деңгейі соңында, биік шыңында тұлғаның 
рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты даму нәтижесі есепке алынады 

190

. Педагогикалық мәселе ретінде қарайтын болсақ, тұлға мәдениеті ең 
алдымен оның бойындағы компоненттердің ӛзара әрекеттестігінің бір бүтін 
тұтастығын құрайды. 
Осы мәселені Г.Г. Квасовта құптай отырып, тұлғаны дамыту 
критерийлері ретінде мәдениет қызмет ететіндігін, себебі тұлғаны дамыту 
диалектикасына талдау жасау негізінде тұлға болмысындағы мәдениеттілік 
пен іс-әрекеттік ұғымдарын түсіну мәселесі жатқандығын атап ӛтеді 

191




55 
Сӛйтіп, болашақ мұғалімнің мәдениетін қалыптастыру кӛпаспектілі 
мәселе ретінде жан-жақты зерттелуі мүмкін. Себебі бұл мәселе ӛзекті, 
әлеуметтік, ғылыми мәні бар мәселе.
Тәрбиенің теориялық және практикалық маңызды мәселелерін 
әдіснамалық аясында қарастыруды алға қояды. Ол үшін ең алдымен жаңа 
мәдениеттанымдық және педагогикалық ойлау талап етіледі. Қоғамдық 
институттар мен құрылымдарды жаңарту үрдісінде туындайтын жаңа идеялар 
мен қағидалар аясында білім беру мен тәрбие мазмұнын қарастыру қажет. 
Сондай-ақ жоғарғы мектеп мәдени, біліми тұрғыдан қалыптасқан маманды, 
ӛзін-ӛзі басқара алатын тұлғаны тәрбиелеп шығатынын ескеруіміз керек. 
Сондықтан бұл жерде тәрбие негізгі ынталандырушы бастама болуы тиіс. 
Бірақ осы басымдылық жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындарындағы тәрбие 
стереотиптерін қайта жаңартып, оқу-тәрбие үрдісінің басқа құрылымын 
қалыптастыру қажет. 
Болашақ мұғалім мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық 
мәселелер жан-жақты дамыған тұлға идеалы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі 
жеткіліксіз әрекеттер арасында туындайтын қайшылықтардан басталады. Жан-
жақты маман дайындау талаптары мен студенттің мәдени даму күйі, деңгейі 
арасындағы қарама-қайшылықтан туындайды. Осы қарама-қайшлықтарды 
шешу барысында жаңа мәселелер, яғни ұйымдастыру-практикалық басқару 
мәселелері, тәрбие іс-әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеу 
барысындағы мәселелер келіп қосылады.
Жоғарыда айтылғандай, педагогикалық қарым-қатынаста студентке 
оқытушының жеке тұлғалық қасиеттері елеулі әсер етеді, себебі студент үшін 
алғашқы идеалдың ӛзі сол түрлі оң қасиеттерге толы оқытушының ӛзі болып 
табылады. Студентпен оқытушы тұлғасы арасындағы кӛзқарастардың, 
пікірлердің, мінездердің сәйкес келмеуі оқытушының педагогикалық күшін 
жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан субъект-объект қатынастардың қатаң 
тәртібі педагогикалық ӛзара әрекеттестікте нәтижесіз ӛтуі мүмкін. Осыған 
орай бір адамның екінші бір адамға тиімді ықпал етуі (бұл жерде оқытушының 
студентке ықпал етуі) олардың ішкі тұлғалық қасиеттерімен жүзеге асады. 
Тәрбиенің гуманистік қағидалары мақсатты бағытталған іс-әрекеттерді 
тура орындауға жол бере бермейді. Сондықтан оны күрделі, қарама-
қайшылықты ӛзара әрекеттестік үрдісі деп тану қажет. Себебі, оқытушы 
тұлғасы мен студенттің, студенттік ұжым мен оқытушының, оқытушылар 
ұжымы мен студенттік ұжымның, студенттер мен жоғары оқу орны ұжымы 
арасындағы жалпы адамгершіліктік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени орта, 
қарым-қатынас стандартты тәртіппен бола бермейтінін ескеру қажет. Осы 
аталған студент үшін сыртқы күш болып саналатын түрлі қарым-қатынас 
педагогикалық жүйенің сыртқы элементтері ретінде орын алады. Ал ішкі 
элементтер қатарына – студенттің ӛзінің ішкі әлемі, әлеуеті жатады. Сол әлемі 
арқылы оның үздіксіз таңдауы, ӛзара қарым-қатынасының интериоризациясы, 
белсенді қабылдау, қабылдамау, белсенді қатысу, қатыспау, енжар сезімдік 
әрекеті, қызығушылығының артуы, артпауы сияқты әрекеттері кӛрінеді. 


56 
Сонымен, тәрбие үрдісінің тағы бір кӛрсеткіші ретінде кӛп жағдайда 
маңыздылығы бағалана бермейтін ықпал нәтижесі болуы мүмкін. Яғни 
студентті тәрбиелеу үрдісіндегі деңгейін айқын ашуға ықпал жасайтын оның 
пікірі, пайымдауы, әрекеті. Тәрбиенің мәні – мақсатты бағытталған ықпалдар 
емес, тұлға жасаған нәтижелі актілердің кӛрінісі десек те болады. Дегенмен, 
тәрбиеленуге негіз болатын ықпалдар тұлғаның дұрыс мінез-қылық 
қалыптастыруға, дұрыс әрекет етуге, ӛмір болмысын дұрыс қалыптастыруға 
алғышарт болады.
Білім беру мен тәрбиенің кез келген жүйесі білім мен рухани 
құндылықтарды тұлға бойына белгілі бір тәртіппен сіңіруге міндетті және оған 
консерватизм тән [192]. Эвристикалық жобалау мақсаттары мен білім беру, 
яғни репродуктивті міндеттер арасындағы қарама-қайшылықты жеңу үшін 
оқытушы 
мен 
студент 
әрекетіндегі 
мәдениеттанымдық 
үрдістерін 
ынталандыратын механизм қажет. Бұл жерде білім берудің мәдениеттанымдық 
қызметін дамыту басымдылығы туралы айту орынды. Бұнымен қоса болашақ 
мұғалімді дайындауда мәдениеттанымдық қызметтің жетекші рӛлін арттыру 
қажет. 
Тәрбиенің жаңаша ұйымдастыру түрін іздеу барысында бұрынғы санада 
сақталған постулаттардың сарқыншағы стереотиптер ретінде орнын сақтап 
қалады. Мысалы, тәрбие үрдісінің ӛзіндегі қарама-қайшылықсыз, даусыз 
әрекеттер туралы түсініктер бұрынғы таным-түсінік қалдығы.
Негізінен тәрбие үрдісінің қарама-қайшылығы оның дамуының қайнар 
кӛзі. Сондықтан тәрбиенің мақсаттары мен нәтижелерінің теңсіздігі, келісілген 
деңгейде болмауы – тарихи дамудың алғышарты, табиғи болмысы.
Кез келген тәрбие үрдісіндегі ішкі қарама-қайшылықты түсіну сол 
тәрбиенің мазмұны мен механизміне терең талдау жасауға мүмкіндік береді. 
Тәрбиелеу үрдісі – бұл бір бүтін күрделі мәдени-тарихи үрдістің 
құрамдастығы. Оның дамуы әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық 
себептер мен факторлардың жүйесіне негізделеді. Осы тұрғыдан алғанда 
тәрбие (жүйе ретінде де, үрдіс ретінде де) құбылысы тоқталмайтын, мәңгілік 
динамикалы болатын, басқа қоғамдық институттармен үнемі ӛзара 
әрекеттестікте болатын құбылыс. Тәрбие даму сатыларының белгілі бір 
кезеңдерінде ӛздігінен түзетіледі, әлеуметтік-мәдени координаттар жүйесіне 
логикалы түрде сіңісіп кету үшін бейімделеді [67]. Бұл құбылыс ӛз еркімен 
немесе педагогтің, педагогикалық ғылым ӛкілдерінің жеке мүдделерінен 
туындаған қызығушылықтан басталады. Тәрбиелеу үрдісінің әрбір кезеңі – 
қоғамдық даму диалектикасының бейнесі. 
Педагогикалық ғылым ӛзінің барлық даму кезеңдерінде тәрбиенің 
нормативті-реттеуші қызметіне басты назар аударып отырды. Осындай 
тәсілдің заңды нәтижесі бойынша тәрбие тұлғаға мақсатты түрде ықпал етуге 
бағытталған құбылыс деп түсініле бастады. Бірақ тәрбиенің нормативті-
реттеуші қызметі жетекші рӛл атқармайды. Себебі белгілі бір жағдайларда 
ықпал етудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері тәрбиені тиімді қалыптастыруға күші 
жетпей жатады. Ондай жағдайда тәрбиелеу үрдісі құлдырай бастайды.


57 
Сондықтан тәрбиенің басқа да әрекет етуші механизмдері іске қосылады. 
Яғни мәдени-шығармашылық даму қызметіне қатысты әрекеттері келіп 
қосылады. Дегенмен, тәрбиенің басты мақсаты – тұлғаны дамыту, яғни оның 
зияткерлік әлеуетін ашу.
Тәрбиелеу үрдісінің мазмұнын анықтайтын қазіргі теориялық ережелерді 
дамыту тәрбиенің мәдени-зияткерлік болмысын ашу – бұл тәрбиенің болашақ 
мұғалімнің зияткерлк әлеуетін дамытуда мәдениетін қалыптастырудағы, қоғам 
мәдениетін құрудағы, сезімдер мәдениетін сіңірудегі рӛлін анықтау болып 
табылады. Осы жағдайда педагогтің шешімді әрі негізгі ықпал ету құралы – 
жеке даралық, топтық, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру болып табылады 
[193]. Олардың іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру нәтижесінен тәрбиенің 
ықпалын, тиімділігін, сапасын кӛруге болады.
Болашақ мұғалімнің мәдениетін жаңа талаптарға сай, яғни елдің 
әлеуметтік-мәдени даму деңгейіне сәйкес қалыптастыру маңызды әлеуметтік 
мәселелердің бірін тудырады. Бұл мәселе түрлі деңгейде шешіледі – жалпы 
(әлеуметтік), ерекше (ғылыми) және бірегей (педагогикалық). Олардың 
арасындағы мынадай қарама-қайшылықтарды жою кӛзделеді: тұлғаға 
қойылатын талаптардың ӛсуі мен оның шынайы талаптармен дамуы 
арасындағы қарама-қайшылық; қоғам, ӛнеркәсіп, ғылым, тұрмыс мәдениетінің 
деңгейін арттырудағы сұраныстың артуы мен осы міндетті орындаудағы 
объективті қиындықтар арасындағы қарама-қайшылық [183]. 
Жоғары білім беру саласында болашақ мұғалімнің мәдениетін 
қалыптастыру мәселесі әлеуметтік тұрғыдан жетілген жастардың ақиқат 
ӛмірдегі шынайы қиындықтарын бейнелей алады. Мысалы, студенттің рухани 
қажеттіліктерін 
дамытуда 
бүтіндік 
пен 
үйлесімділіктің 
жетіспеуі, 
адамгершілікке жатпайтын қылықтардың кӛрінуі, адамға деген мейірімсіздігі, 
мәдениет деңгейінің тӛмендігі. Тұлғалық мәдениетті қалыптастыру мәселесін 
шешу жүйелі құбылыс болып табылады. Онда жастарға тән әлеуметтік-
психологиялық, саяси, адамгершіліктік, мәдени, педагогтік факторлардың 
біртұтас ықпалы ескеріледі. Сондай-ақ білім берудің гуманизациялануы, 
демократияландырылуы бүтін тәрбие кеңістігін қалыптастыру ыңғайында 
қарастырылады. Мұнымен қоса тәрбие стилі мен мазмұнын жетілдіру, 
студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбие іс-әрекетін сапаландыруға байланысты 
ӛзгерту істері назарға алынады. 
Болашақ 
мұғалімнің 
мәдениетін 
оқу-тәрбиелік 
және 
ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінде қалыптастыру тәрбие теориясының 
мәселелерін шешуді ұсынады. Тәрбие теориясы бүтін бір болмыс ретінде 
ғылыми білім жүйесінде ӛз орнын, деңгейін анықтаған емес. Себебі ғылыми 
білімнің басқа салаларынсыз тәрбие теориясы жеке тұрып, ӛз болмысын 
таныта алмайды. Ең алдымен философия, мәдениеттану, педагогика тарихы 
және дидактика, психология, әлеуметтік психология, әдеп және эстетика 
сияқты ғылымдардың байланысты салаларымен сан түрлі интеграциясыз 
мүмкін емес. Мысалы, қазіргі таңда тәрбие теориясын дамытуға барлық 
гуманитарлық ғылымдар ықпал етеді. Олардың ортақ мүддесі тұлға 


58 
қалыптастыруды ӛзекті ету, оның қоғамдық ӛмірдегі гуманистік 
басымдылығын арттыру, оның мәдениетке ұмтылысын қалыптастыру болып 
отыр. 
Жаңа зерттеу тәсілдерін дамытуға деген мұқтаждық (әсіресе 
гуманитарлық және мәдениеттанымдық), оның артынша жаңа педагогикалық 
әрі ұйымдастырушылық шешімдер шығару дидактика, педагогика, психология 
салаларына тікелей қатысты. Осы ғылым салаларының тың нәтижелерінен 
оқу-тәрбие үрдісінің жаңа міндеттері мен түрлері қалыптасады. Бұл 
құбылыстарға маман дайындаудың жан-жақты әдіснамалық қағидаларын 
дамыту әрекеттері де тән.
Тәрбиенің мәдениеттанымдық сипаты болашақ мұғалім дайындаудың 
жан-жақты ұйымдастырылған рухани негізін қалыптастыру үшін қызмет ете 
отырып, қазіргі таңда екі мәдениеттің, ғылыми және ӛнегелік мәдениеттің 
интеграциясын білдіреді.
Тәрбие сапасы – бұл тұлғаның зияткерлік, әрі шығармашылық дамуы. 
Оның ішінде ғылыми, әлеуметтік, мәдени ақпараттарды қамти отырып, 
зияткерлік әлеуетінің дамуы болып саналады. Болашақ мұғалімнің тұлғалық 
диапазонын, мәдениетін, біліми ӛрісін кеңейткен сайын, ол соғұрлым зиялы 
бола бастайды. Соғұрлым бойындағы зияткерлік әлеуетін ӛнімді жұмсай 
бастайды.
Зияткерлік әлеуеті дамыған тұлға – бұл ӛзінің жеке іс-әрекеттік 
нәтижелерінің негізгі кӛрсеткіші, сол жұмыстың субъектісі болады [155]. Ал 
педагогикалық-психологиялық, саяси, діни, моральды, тағы да басқа іс-әрекет 
салалары тек мәдени даму фактісі болып қалады. Бұл фактілер адам 
болмысына қажетті сыртқы талаптар деп танылады. Дегенмен олар адамның 
ішкі әлемінің мұқтаждығын қанағаттандырушы, әлеуетін жетілдіруші, 
дамытушы құралдар болып саналады. Сондықтан мәдениет деп тек адамға 
ғана тән қатынасты тануымыз керек. Яғни адамның ӛз-ӛзіне деген қатынасы, 
ӛзгелерге деген қатынасы. 
И.Кефелидің пікірінше, «мәдениет қатынасында мәдениеттің негізгі 
әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдық дамудың нәтижесіне сәйкес адамзаттық 
даралық дамуы да жүзеге асырылады» 

187

. Айталық бүгінгі уақытта 
педагогикалық-психологиялық, саяси мәдениетті қалыптастыратын міндеттер 
ерекше маңызы бар басымдылыққа ие. Бұл міндеттер адамның ӛзіне 
моральдық және рухани құндылықтар жасауына мүмкіндік береді әрі саяси 
билікті жатсынуды жеңуге кӛмектеседі. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі – 
түрлі әрекеттердің қосындысы, яғни бұл – тәжірибе алмасу, білім алмасу 
қызметі, адамзатқа тән іс-әрекет нәтижелерінің ӛзара алмасу әрекеті. Бірақ кез 
келген жағдайда бұл іс-әрекет әлеуметтік тұрғыдан ӛнегелік даму деңгейімен 
себептеледі. Расында да бұл детерминация сан түрлі, сан жолды, сан қырлы, 
бірақ тарихи тұрғыдан нақты.
Мәдениет дамуының әлеуметтік детерминациясы еңбекті дене, ақыл-ой, 
ұлттық, жалпыадамзаттық деп бӛліп, мәдениет құрылымының құрамдас бӛлімі 
ретінде танытады. Осы аталған детерминанттар жинақтала келе, әлемдік 


59 
мәдениеттің сан алуандылығын кӛрсетеді және осы еңбек түрлерінің 
әрқайсысында ӛңірлік, ұлттық, этникалық, тарихи ерекшеліктер болатынын 
атап ӛтеді. Мәніне келетін болсақ, адам – бұл жоба, сол жобада адам ӛзін-ӛзі 
қалыптастырады және мәдениет құбылыстарымен шабыттанады. И.Кефелидің 
айтуы бойынша, мәдениет адам арқылы анықталады, соның негізінде 
мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі жан-жақты мазмұнын айқындауға 
мүмкіндік береді: 
- мәдениет – бұл әлемді тану және қабылдауды ұғынуға бағытталған 
адамның белсенді іс-әрекеті. Әлемді адамның сезімдерімен, идеяларымен 
бейнелеу 
олардың 
дара 
және 
қоғамдық 
санасында 
мәдениеттің 
гносеологиялық аспектісін танытады; 
-аксеологиялық аспектіде мәдениет – бұл әлемді тану үрдісінде адамның 
қол жеткізген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы. Осы 
құндылықтар әлемді тану, ұғыну тұрғысынан адамзаттық жетістіктердің 
деңгейін кӛрсете алады және осы құндылықтарды ӛзі ұғынудың арнайы 
нысаны болады; 
-гуманистік аспектіде мәдениет – бұл адамның рухани дамуының 
маңызды факторы, адамның зияткерлік қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін ашу 
факторы; 
-мәдениет қоғамдағы адамдардың әлеуметтік қатынастарын реттеуді, сол 
қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мәдениеттің бұл қызметі оның 
әлеуметтік-нормативті сипатын танытады; 
-мәдениет – тарихи тұрғыдан нақты әлеуметтік субъектінің іс-әрекеті. 
Белгілі бір ұйымның ӛзіне тән тәсілдері арқылы әлеуметтік-психологиялық 
қатынастардан туындайтын мәдениет болмысы жалпы мәдениеттің 
әлеуметтанымдық аспектісін құрайды» 

187

. Әрине, мәдениеттің осы аталған 
аспектілері барлығы зияткерлік әлеуетті дамытуда ықпалы бар, бір бірімен 
ӛзара үздіксіз байланысты, олардың айырмашылықтарын ажыратып кӛрсету 
үшін тек терең теориялық талдау нәтижесі кӛмегімен ғана жүзеге асырылады. 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесі қатарына 
әлеуметтік жетілуі, жоғары кәсібилігі, іскери және зияткерлік қасиеттері, 
сондай-ақ маманның адамгершілік мінез-құлқын, болмысын қалыптастыру 
әрекеттері жатады. Осы мәселелерді дәстүрлі деп атау себебіміз, ондағы 
мәселелерді шешуде тұлғаны әлеуметтендіруге бағыттайтын, маманды белгілі 
бір адамзаттық қызметтік ӛмірде жұмысын нәтижелі орындай алуына 
бағыттайтын идеялар негізгі ұстаным болып табылады.
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту бір жағынан, 
компьютерлік технологияларға сүйенеді, себебі білім беру үрдісін белсенді 
етеді. Бұл жағдайда студент кейде компьютерлік оқыту құралдарына 
байланысты виртуалды білім беру кеңістігінде оқытушының рӛлін де 
атқарады. Екінші жағынан, бұл инновациялық технологиялар мәдениеттің 
жаңа парадигмасымен сипатталады. Педагогикалық ӛңдеулер басталғанға 
дейін, яғни қазірге дейін адамның мәдени қызметі ретінде болмыс 
дүниелерінен инновациялық технологияларды қолдана алу қабілеттері 


60 
түсінілді. Осындай жаңалықтар тұлғаның зияткерлік мазмұнын да ӛзгертті, 
яғни адам іс-әрекеті табиғат күшін де бағындыра алатын позиция қалыптасты. 
Демек, ХХІ ғасырдың зияткерлік әлеуеті дамыған мұғалімнің іс-әрекет 
мәдениетін, ой мәдениетін, еңбек мәдениетін қалыптастыру мәселесі айнала 
қоршаған барлық ықпалдасушы факторлармен сәйкесінше ескеріле анықталуы 
қажет. 
Білім беру үрдісі студентпен оқытушының біртұтас күрделі іс-әрекетін 
танытады. Ондағы студентпен оқытушының ортақ мақсаты – білім, іскерлік, 
дағдымен қарулану, демек, оқыту – ӛз мәнінде екіжақты үрдіс. 
«Білім беру» ұғымында қолданылатын қазіргі мағынасы ХVІІІ ғасыр 
соңында жаңа гуманистер ықпалымен пайда болған болатын. Сол кезде бұл 
мағына ағартушы әдістерді жақтаушылар арасындағы тәрбиелеу техникасына 
қарама-қайшылықта адам қалыптастырудың жалпы рухани үрдісі дегенді 
білдірген болатын. Сол уақыттан бері аталмыш ұғым одан жоғары кең 
мағынаға ие болды. Әдетте жалпы білім беру туралы мектепте берілетін білім 
және арнайы білім беру (мысалы, ғылыми, музыкалық, техникалық) деп 
айтады. Арнайы және кәсіби білім беру жалпы білім берумен тікелей 
байланысты болса, түпкі мағынасын қарастырылуы мүмкін. 
Білім берудің мақсаты, соған лайықты талап етілетін білім деңгейі 
секілді мәдениет, ұлттық ерекшелік, географиялық және әлеуметтік орта, 
тарихи ӛзгерістерді ӛткеру (ақсүйектік білім алу, батыстық білім алу
утилитарлы, гуманитарлы, саяси білім алу, т.б.) сипаттарына байланысты 
әртүрлі болуы мүмкін. Білім беру адамды тұлғасыздандыратын қарсы 
күштерден қорғаушы ретінде кез келген қоғамда әрбір адамның, сондай-ақ 
бүтін қоғамның ӛмірлік мәселесі болып отырған [194]. Ӛз кезегінде білім беру 
әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы бірқатар қызметтерді орындайды: 
педагогикалық, әлеуметтік, мәдени. Осы қызметтерді жете қарастырайық. 
Білім берудің педагогикалық іс-әрекеті қажетті білім мен іскерлігі бар маман 
мен қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымын қалыптастырудан құрылады. 
Білім берудің әлеуметтік қызметі тұлғаны әлеуметтендіру үрдісін атқарумен 
танылады, яғни қоғамның әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәртебелі 
құрылымын қалыптастыруға қатысады. Білім берудің ӛзі әлеуметтік қабаттар 
арасындағы әлеуметтік араласудың маңызды құралы. Білім берудің мәдени 
қызметін индивидті әлеуметтендіру үрдісінде бұрын жиналған мәдени 
құндылықтарды пайдалануды кӛздейді. Сол арқылы индивидтің зияткерлік 
қабілеті мен зияткерлік әлеуетін қалыптастырады. 
Білім беру тұлғаның мінез-құлқына, тәртібіне ықпал ететін маңызды 
фактор ретінде кӛрініс табады және осы факторлар эмпирикалық зерттеулерде 
қатаң ескеріледі. Қазіргі әлемде білім беру рӛлін арттыру ғылыми-
технологиялықжайттарды ӛрістетумен тығыз байланысты. Білім беру 
жалғастығының ӛсуі қоғамдық кезең мен ӛмір салтының құрылымын 
ӛзгертеді. Бірақ жастардың физиологиялық және әлеуметтік жетілу арасында 
қарама-қайшылық пайда болады, оның білім беру кезінде келіп қайшылануы 
еңбек ӛмірінде бірқатар теріс әлеуметтік салдарына душар болуы себеп. Кейін 


61 
ол инфантилизм мен тұтынушылықта айқын кӛрініс табады. Сондықтан оқыту 
үрдісінің ӛзінде үдету қажеттілігі қаулап келеді. Мысалы, болмыстық және 
жасанды зияткерлікті тоқайластыру аясында білім берудің барлық түрін 
компьютерлендіру. 
Ӛзімізге белгілі, негізгі нысаны білім беру болған әлеуметтік білім 
негізін қалаған Э.Дюркгейм мен М.Вебер болатын. Олар білім берудің 
әлеуметтік қызметін зерттеді, білім берудің педагогикалық, саяси үрдістермен 
байланысын қарастырды, сондай-ақ оқу ұйымдары мен педагогикалық 
үрдістер де олардың зерттеу нысаны болды 

195, 196]. Т.Парсонс білім беруді 
тұлғаны әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді және оқу ұйымдарын 
оның элементі ретінде, яғни әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды 
[197


Білім 
беру 
үрдісіндегі 
тұлғаны 
әлеуметтендіруші, 
болашақ 
мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың қуатты құралдардың бірі – оқу 
үрдісін компьютердендіру болып табылады. Қазіргі таңда білім беру ісін 
компьютерлендірудегі бірнеше үрдістерді ажыратып кӛрсетуге болады. 
Олардың бір бағыты технология мен білім беруді дамытуға байланысты. Бірақ 
мәніне қарай кез келген технология (соның ішінде бағдарламаланған оқу әдісі 
де) ӛзінің шексіздігінен бас тартады. Бұған қоса қазіргі оқу орындарында 
технологиялыққа емес, шексіздікке деген қатынастың жоқтығы байқалады. 
Келесі бағыт мультимедия құралдарын дамытуға қатысты. Мультимедия 
құралдарын кӛп жағдайда «виртуалды ақиқат» ұғымымен байланыстырады 
(парадоксалды жағдаят туындайды: студент алдымен шынайы болмыстан 
ашылады, содан кейін соған виртуалды ақиқат арқылы қайта оралады. Бұндай 
әдісті нашар қолданумен салыстыру мүмкін емес. 
Осыларды негізге ала И.М. Макаров келесі тұжырым ұсынады: оң 
қасиеттерімен қатар жасанды зияткерлік ЖОО-ға студенттерді бірқатар 
мәселелерді шешуге кӛмектеседі 

198

. Бірақ оларды тым әсірелеуге 
болмайды. Себебі ӛркениет әрқашан белгілі бір жаңалықтардың ашылуы 
арқылы дамыған. Содан кейін сол жаңалықтардың теріс қырларынан 
дағдарысқа ұшырап отырған. Осы табиғи қалыпты дағдарысты жеңілдетуге 
болады, егер амбиваленттілік қағидасын дұрыс қатаң сақтайтын болсақ, яғни 
егер құбылыстың белгілі бір қырын абсолюттендірмей, онымен қатар қарама-
қарсы қырын да дамытатын болсақ. Бұл дегеніміз компьютерлендірудің 
тәрбиелік әлеуеті тек мүмкін нәрсе емес, ол тіпті пайдалануды қажет етеді. 
Компьютерлендірудің тәрбиелік әлеуеті, яғни білім беру үрдісіне 
жасанды зияткерлікті енгізу студентпен оқытушының ӛзара қарым-
қатынасындағы 
тәрбиелік, 
әлеуметтену 
іс-әрекеттерін 
біріктіру 
мүмкіндіктерімен негізделеді. Қазіргі таңда осы үрдістерді әлеуметтік білімде 
таңбалау үщін жаңа ұғым «тәрбиелеу кеңістігі» ұғымы қалыптасып келеді. 
Онда маңызды феномен ретінде педагогикалық шынайы болмыс кӛрініс 
табуда. Тәрбиелік кеңістік деп саналы, сондай-ақ интеграциялаушы әрекеттер 
нәтижесі түсініледі. Тәрбиелік кеңістік тұлғалық дамудың бойында бар 
факторлар ретінде қарастырылады. Бүтін тәрбиелік кеңістікті қалыптастыруға 


62 
қатысты жинақталған тәжірибелердің негізінде жоғарыда аталған авторлар 
мынадай тұжырым жасайды, тәрбиелік кеңістікті құрудың бірнеше үлгісі бар, 
олардың тиімділігі сол аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты болады: 

ортаның ерекшелігі – қоршаған ортаның географиялық, тарихи, 
мәдени дәстүрлері; 

жоғары тәрбиелік әлеуеті бар білім беру ұйымдарының болуы; 

осы кеңістікті тек әлеуметтік талапкерлердің даралық кӛмегімен 
ғана емес билік құрылымдары арқылы ұйымдастыру жайттары. 
Білім беру кеңістігін дамытудың маңызды аспектілерінің бірі ретінде 
оқытушы мен студент арасындағы зиякерлік қарым-қатынасы кӛрініс табады. 
Қарым-қатынастың сан алуандылығы (студент – оқытушы, студент– оқу 
материалы, студент – студент, т.б.) білім беру кеңістігінің мәнін құрайды. Бірақ 
оқытушыдан студентке берілетін әлеуметтік тәжірибенің жеткізілуі бойынша 
мақсатты бағытталған ең басты қарым-қатынас – бұл екі ұйымдастырушы іс-
әрекет арасындағы қарым-қатынас, яғни оқытушы мен студент іс-әрекеттерінің 
ӛзара қатынасы болып саналады. 
Бұл қатынастар оқытушы мен студенттің зияткерлік қарым-
қатынастарының бар жүйесінен құралады. Білім беру үрдісінен тыс оқытушы 
мен студенттің ӛзара қарым-қатынасы болуы мүмкін емес, ондай жағдайда 
«студент– оқу материалы» сияқты басқа қарым-қатынас түрлері білім беру 
кеңістігінен тыс жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай педагогикалық іс-
әрекет мәні студентпен оқытушы арасындағы мақсатты түрде бағытталған 
қарым-қатынасын ашады. Дегенмен, бұл қарым-қатынас оқу-танымдық әрекет, 
яғни оқыту нақты қойылған мақсатқа жетуді кӛздейтін әлеуметтік жоспарды 
орындауға бағытталған жағдайда пайда болады, егер білім беру мазмұны (оқу 
материалы) оқыту үрдісінде шабыттанатын болса. Жоғары зияткерлік әлеуеті 
бар дара, шығармашыл, белсенді тұлғаны, барлық қоғамдық және мемлекеттік 
істерге белсене қатыса алатын қабілетін бар тұлғаны тәрбиелеу тек студентпен 
оқытушы арасындағы демократиялық стильдегі қарым-қатынас орнаған 
жағдайда ғана мүмкін болады [199]. 
Ю.Г. Фокин мен В.Д. Щадриковтің пікірінше, зияткерліктегі әріптестік 
қатынастары – бұл қиын әрі күрделі, ұзақ үрдіс, студенттің «тыңдадым – есте 
сақтадым – айтып бердім» кестесінен «таныдым (оқытушы немесе 
курстастарымен бірге іздеу жолымен) – ұғындым – айттым – есте сақтадым» 
кестесіне ауысудағы ойлау ӛзгерісін танытатын күрделі үрдіс 

200,201


Бұндай әдістемені студентпен оқытушы арасындағы ӛзара әрекеттестік, 
ӛзара әріптестікті орнату үшін қолданады, сондықтан ондай қатынас үрдісі 
үшін ӛнермен шегаралас болатын үлкен еңбек керек. Сондықтан әрбір 
болашақ мұғалімнің тәрбиесін ӛзінің зияткерлік әлеуетін жүзеге асыра алатын 
қабілеті бар, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, зияткерлік белсенділігі, мәдениеті 
жоғары, ғылыми-материалистік дүниетанымы, гуманитарлық бағыты бар 
адамгершілігі жоғары тұлға ретінде дамыту қажет. 
Қоғамның адамгершілік және ӛнегелік идеалдары тұлғаның зияткерлік 
даму деңгейін жан-жақты, үйлесімді толықтыратыны жан-жақты талданды. 


63 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуда ӛнегелік және адамгершілік 
тәрбиелерінің тиімділігі мәдениетті қалыптастырудың бір ғана құрамдастығы, 
бірақ соның ішінде маңыздысы болып саналады. Болашақ мұғалімнің мәдениеті 
– бұл еңбек мәдениеті мен сезім мәдениетін қалыптастыратын қасиет, 
қабілеттердің барлығы десек те болады. Бірақ бір жайтты ескеру керек, яғни 
олардың негізінде дамыған болашақ мұғалімнің мәдениетін танытатын 
кӛрсеткіштер – зияткерлік белсенділіктің жан-жақтылығын танытатын 
ӛлшемдер. 
Сонымен, 
оқытушының 
оқыту 
үрдісінің 
қатарына 
тәрбиелік, 
дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, аксеологиялық, әдіснамалық, танымдық 
іс-әрекеттер енеді. Педагогикалық-психологиялық мәні бар бұл іс-әрекеттер 
болашақ мұғалімді әлеуметтендірудің, оның зияткерлік әлеуетін дамытатын, 
байытатын мақсатты бағытталған үрдісі болып танылады. Жоғарыда 
қарастырылған педагогикалық іс-әрекеттер ЖОО-нда студенттің зияткерлік 
әлеуетін ашып, байытуды қамтамасыз ете отырып, бүтін оқыту кеңістікте 
мазмұнды талдануы мүмкін. Оқыту кеңістігі студентпен оқытушы арасында 
ӛзара әрекеттестікті, зияткерлік ықпалдастықты қамтиды. Сондай-ақ осы 
ықпалдастық үрдісі арқылы жүзеге асатын студенттің әлеуметтенуін қамтиды. 
Зияткерлік әлеует тек мінез-құлық қасиеттері аясында ғана емес, сондай-
ақ терең әрі тұлғалық деңгейде дамуы үшін даму үрдісі арнайы дайындалған 
ортада жүргізілуі тиіс, яғни ЖОО-ның оқу-тәрбиелік үрдісі талаптарына сай 
атқарылуы. Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің жалпы мазмұны 
атқарып отырған міндетіне тән кәсіби іс-әрекетімен тығыз байланысты, 
сондықтан түрлі іс-әрекетке жіктелсе де, оларға тән жалпы қызметтік сипат 
ерекшелігін, яғни ӛнегелі қоғамдағы оқу-тәрбие ісінің зияткерліктен 
туындайтынын ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет