86
2 БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК - ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҦМЫС
2.1 Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың
педагогикалық- психологиялық шарттары
Зияткерлік әлеует айқындалған сыртқы және ішкі шарттардың ықпалында
дамуы мүмкін. Психологияда және педагогикада «шарт» ұғымы нысанның оны
қоршаған ортадағы құбылыстарына деген қатынасын білдіретін категория
ретінде қарастырылады. Ал педагогикалық танымдағы «шарт» ұғымы
психологиядан бірқатар айырмашылықтармен сипатталады. Себебі, қазіргі
дидактика бойынша «шарт» оқу ісіндегі жетістікті қамтамасыз ететін оқу
үрдісінің
факторлары
мен
компоненттерінің
жиынтығы
ретінде
тұжырымдалады. Тәрбиелеу теориясында ша тты әртүрлі педагогикалық
үрдістер тоғысатын орта деп қарастырады.
«Шарт» ұғымының негізгі ерекшеліктері мен белгілері әртүрлі аспектіде
қарастырып, талдаймыз. Сӛздіктерде «шарт» бір құбылыстың жағдайға
тәуелділігі; іс-әркет, ӛмірдің бір саласында бекіген ережелер деп түсіндіріледі
[274].
Философиялық тұрғыдан заттың қоршаған құбылыстарға қатынасы,
тәуелделігі, онсыз ол бола алмайды, «объекттердің (заттардың, олардың қалпы,
ӛзара әрекеттестігі) кешенінің мәнді компоненті» деп сипатталады [275]. Яғни,
сол құбылыстың нақты шарттарының жиынтығы, оның пайда болуына, әрекет
етуіне және дамуына жағдай жасайды.
Психологияда психикалық даму контекстінде ұсынылады және
психологиялық дамуды анықтайтын, оны жеделдетіп, не шегендіретін, даму
үрдісіне, динамикасына, және нәтижесіне ықпал ететін ішкі және сыртқы
себептердің жиынтығы арқылы ашылады [276].
Педагогикалық шарттар – мақсатты құрылған жағдай, онда педагогқа
оқу-тәрбие жұмысын тиімді іске асыруға кӛмектесетін психологиялық-
педагогикалық факторлардың (қарым-қатынас, құралдар, т.б.) жиынтығы тығыз
байланыста болады [277]. Сонымен, кешенді талдау кӛрсеткендей, «шарт»
жалпығылыми ұғым, оның мәні педагогикалық тұрғыда бірнеше сипатталуы
мүмкін:
1) шарт – себептердің, жағдайлардың, объекттердің және т.б. жиынтығы;
2) аталған жиынтық оқыту, тәрбиелеу, дамытуға ықпал етеді;
3) шартардың ықпалы дамыту, тәрбиелеу және оқыту үрдістерін
жеделдетеді, немесе шегендіреді, сонымен қатар оның динамикасы
мен нәтижелерне ықпал етеді.
Ю.К. Бaбaнский ықпал ету саласы бойынша, педагогикалық жүйесіндегі
қызметінің шарттарын екі топқа бӛледі: сыртқы (табиғи-географиялық,
қоғамдық, ӛндірістік, мәдени) және ішкі (оқу-материалдық, мектептік-
гигиеналық, моральдық-психологиялық, эстетикалық) [278].
Ықпал ету сипаты бойынша шарттар объективті және субъективті болып
жіктеледі. Педагогикалық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін объективті
87
шарттарға білім беру саласының нормативті-құқықтық базасы жатады және
білім беру қатысушыларының онда адекваттылығының кӛрінісіне итремелейтін
себептердің бірі ретінде болады. Педагогикалық жүйенің дамуы мен қызмет
етуіне ықпал етуші субъективті шарттар педагогикалық іс-әрекет
субъектілерінің әлеуетін, әрекеттерінің келісімділігінің деңгейін, мақсаттық
приориттердің және жетекші ойлардың білімалушыларға, т.б. мәнділігінің
дәрежесін анықтайды [279].
Акмеологияда шарт мәнді, маңызды жағдай деп танылады және
кемелденген тұлғаның жоғары дәрежелі прогрессивті даму жетістіктеріне
жетуі, ең алдымен тұлғаның кәсібилік деңгейіне жету және оның қызметін
атқара білу тікелей шартқа байланысты болады. Педагогикалық зерттеулерде
«шарт» белгілі бір дүниеге ықпал етуші ретінде ғана емес, сол дүниенің
қалыптастыру мүмкін болмайтын құнды қажеттілік ретінде сол дүниенің
қалыптасып дамуына алғышарт болатын құрал ретінде қарастырылады.
Заманауи ЖОО-на еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алатын
тұлғаны қалыптастыру мәселесі тұр, ол ӛз кезегінде ЖОО-ны түлегінің ӛз
мамандығына,
болашақ
педагогикалық,
зияткерлік
еңбекке
деген
шығармашылық кӛзқарас, қарым-қатынас танытуына байланысты [280].
Педагогикалық жұмыстың ерекшелігі мынада, мұғалімнің кәсіби іс-
әрекетінің объектісі де, субъектісі де білімалушы тұлға, сондықтан педагог
жұмысының қиындығы мен жауапкершілігі оқушы тұлғаны «жасау», «жаңа
ӛнім шығаруды» жүзеге асыруда.
П.И. Пидкасистыйдің пайымдауынша, білім беру жүйесінде тұлғаны
дамыту ӛзара байланысқан биологиялық, психологиялық, әлеуметтік бағыттар
арқылы жүзеге асырылады және тұлғаны дамытатын ортаны құрайтын әрбір
құрамдас бӛліктерді шарт деп атайды. Сондай-ақ шарттар жиынтығын іріктей
отырып, аса қажетті және жеткілікті шарттар деп жіктейді. Аса қажетті шарттар
қатарына студент дамуына қажетті ішкі объективті заңдылықтар енеді. Осы
заңдылықтар арқылы дамудың тиімділігін кӛруге болады; жеткілікті шарттар
қатарына дамуға қарама-қарсы тұратын себептер жатқызылады
281
. Ал аса
қажеттілік және жеткілікті шарттар толық болмаған жағдайда даму үрдісінде
ауытқулар болады тіпті даму процесі тоқтатылуы мүмкін.
A.B. Морозов, Д.В. Чернилевский болашақ мұғалімді кәсіби іс-әрекетке
дайындауда тұлғаны педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде дайындау
маңыздылығы жайлы A.M. Лузинаның пікірін құптай келе, педагогикалық іс-
әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаның пісіп жетілуі тек нақты шарттардың
негізінде болатынын атайды. Олар, сыртқы шарттар: дамудың әлеуметтік
жағдайы, ғылымның заманауи даму деңгейі, кӛпшілік білім беру тәжірибесінің
жағдайы, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда кӛрсетілген әдіснамалық
нұсқалар, мұғалімнің, педагогикалық ұжымның позициясы мен зияткерлік
әлеуеті және шығармашылығы; ішкі субъективті шарттар: ЖОО-нда
бастауын алатын кәсіби еңбекке, зияткерлік шығармашылыққа деген
дайындық. [282].
88
Қазіргі гуманистік парадигмада, білім беру тәрбиенің мәні ретінде
таңдалған, идеалға сай тұлға қалыптастыру мақсатында жүргізілмейді,
керісінше, дәстүрлі авторитарлы педагогика жүйесімен жүргізіледі.
Тұлғаның зияткерлік әлеуетін сәтті, нәтижелі жетілдіру үшін қажетті
шарттар түрлі аспектіде (механизмдер мен қағидалар, дидактикалық құралдар,
әдістер, т.б.) В.И. Андреев, М.Я. Виленский, Дж. Дьюи, З.И. Калмыкова, В.А.
Кан-Калик, т.б. қарастырылды
283,284,285,286,287
.
Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, біз болашақ мұғалімнің зияткерлік
әлеуетін тиімді дамытуға ықпал ететін шарттарды анықтадық және оларды
жіктедік.
Ең алдымен, болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту шарттары
екі түрлі шарттың ӛзара байланысуы арқылы қалыптасады. Олар: әлеуметтік
орта және педагогикалық- психологиялық шарттар, ортақ мақсаты – зияткерлік
әлеуетті дамыту (2-ші сурет).
Сурет 2 - Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту шарттары
В.И. Андреевтің пікірінше, зияткерлік ӛзіндік даму қызметі және оның
орындалу ағымы жетістікке жету деңгейлері сынды тек әлеуметтік
факторлармен ғана емес, сондай-ақ биологиялық, табиғи факторлармен
негізделген. «Зияткерлік қабілеттерді дамытуда табиғи және әлеуметтік
байланысы кӛп зерттелді , бірақ олардың нәтижелері мен пайдалы ықпалы, кері
әсері туралы нақты мәліметтер жоқ. Әйтеуір әрбір адамның бойында табиғи
күш-қуат бола бермейтіні айқын. Бірақ адам бойында табиғи дарындылықпен
берілген кішкентай қабілетті ашу үшін қолайлы әлеуметтік шарттар қажет»
283
. Ол ӛз зерттеуінде мынаны ашып кӛрсетеді: педагогикалық факторлар мен
шарттар әлеуметтік ортаның құрамдас бӛлігі болып саналады, бірақ әлеуметтік
шарттар қатарында кӛп жағдайда педагогикалық факторлар мен шарттарды
кӛрсетіп жатады. Осы тұрғыдан алатын болсақ, педагогика тұлға
қалыптастыруға мақсатты түрде бағыттайтын шарттарды зерттейтінін
айқындап алуымыз қажет.
Сонымени қатар, В.И. Андреев педагогикалық аспектіге баса назар
аудару қажеттілігін былайша түсіндіреді: педагогика саласында ғана тұлғаны
Достарыңызбен бөлісу: |