Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуда оқытушылардың 
кәсібилілігі. 
Қазіргі білім беру міндеттері жоғары мектеп педагогтеріне жоғары талаптар 
қояды. Тіпті жалпы мәдениетінің, тұлғалық қабілеттерінің, ӛзін-ӛзі дамыту, 
педагогикалық шеберлігінің болуын талап етеді. Оның себебі түсінікті ӛйткені, 
елімізде «зиялы азамат» қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына 
ықпал етерлік инновациялық-гуманитарлық технологияларды кешенді зерттеп, 
меңгеруі қажет. Жаһандық талаптарға сай әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдардың байланысы нәтижесінде психологиялық-педагогикалық білім 
мен ғылымның осы бағытта дамуы ӛркениетті құндылықтарды сақтауға, 
ізгілікті қоғам құруға әсер етеді. Зияткерлік қоғам қалыптастыру еліміздегі 
білім мен ғылым дамуына бағытталған «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 
жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының» әлеуметтік-экономикалық 
тиімділіктерді қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың, «Интеллектуалды 
ұлт - 2020» бағдарламасының білім беру мен ғылыми әлеуетті арттыруға 
бағытталған кешенді жобасының орындалуына қажетті гуманитарлық ілім мен 
құндылықтарға негізделген әдістерді зерттеумен, орындалу құралдарын әзірлеу 
мен коммуникациялық стратегияларды ұсынумен айқындалуда.
Елімізде ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік 
шаралардың іске асырылуы мәселені күн тәртібіне қойып отырғанының дәлелі, 
ең алдымен білім беру жүйесінің әр сатысында жүзеге асуын кӛздеу бағыты 
бар. 
Сондықтан, біздің ертеңіміз, еліміздің болашағы зиялы азаматтардың, қазіргі 
жастарымыз, студенттердің, болашақ мамандардың қолында. Оларға әр салада 
жинақталған ғылыми, кәсіби, мәдени ақпараттарды меңгертіп, мамандардың 
білімі мен біліктілігін, әр азаматтың зияткерлік, моральдық және мәдени 
дамуын қамтамасыз ету, олардың бойына осы құнды қасиеттерді дарыту 
жоғары білім алу үрдісінде қалыптасады.
Оқытушы шеберлігінің деңгейі ең алдымен құзіреттілігінің дамуына 
байланысты. Құзыреттілік - оқу мен ӛмір жағдаяттарын шешу кезінде білім 


91 
алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін 
меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - 
маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен 
нормаларға сәйкес ӛзінің кәсіби – педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы 
мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби 
сипаттама және педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және 
практикалық дайындық, мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді [289]. 
Зерттеу нәтижелері бойынша, бүгінгі таңда технологиялық дайындық 
педагогтың жалпы кәсібилігінің құрамдас бӛлігі болып табылады. Және сол 
кәсібилікке басқаша қасиет, басқаша сән, басқаша сапа үстемелейді [290]. 
Кәсібиліктің инновациялығы зияткерлігін, ӛзгеге ұқсамайтын ерекшелігін 
қамтамасыз етеді. 
Қазіргі білім берудің тиімділігін арттырудың маңызды құралы, қоғам 
сұранысы – бұл жоғары мектепте студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту, 
бар сапаны пайдалану, оны ӛз бетінше жасау қабілеттері болып саналады. 
Қазіргі таңда кӛптеген педагогикалық технологиялар белгілі. Осы 
педагогикалық технологияларды игеру педагогикалық шеберлікті одан әрі 
жетілдіреді. Соның арқасында оқытушы студенттің зияткерлік әлеуетін 
дамытуға, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады. Болашақ 
зиялы мұғалімді одан әрі қарай оқытушының зияткерлік қабілеттері дайындай 
алады. Себебі оқытушының зияткерлік, шығармашылық қабілеттері кез келген 
кәсіби білім беру жүйесін дамытатын негізгі тірек болып табылады [291]. 
Оқытушының негізгі рӛлі бойынша маман дайындауға қатысты барлық 
элементтер мен даму сатыларын сіңіреді: білім беру стандарттарын әзірлеуден 
бастап, оқу жоспары, жұмыс бағдарламасы, жеке дәріс мазмұны мен 
тәжірибелік сабаққа дейін толық қамтылады [292]. Педагог білім беру үрдісінің 
негізгі әрекет етуші тұлғасы ретінде қызмет етеді. Сол оқыту үрдісін 
ұйымдастырады, студенттермен нақты практикалық байланыс орнатуды 
қамтамасыз етеді, оларды құндылықтар жүйесінің түпнұсқасын тануға сезінуге 
күш салады, студенттердің зияткерлік іс-әрекеттерін белсенді етеді. Егер 
оқытушы ӛзінің жеке зияткерлік қабілеттерін кӛрсете алса, студенттердің 
зияткерлік белсенділігі арта түседі. В.А. Сластенин педагогтің кәсіби қызметін, 
зияткерлік іс-әрекетінің стилін қамтамасыз еткен жағдайда тұлғаға мынадай 
сипаттама береді: 
- кәсіби педагогикалық ойлаудың кең диапазоны, 
- оның категориалды-ұғымдық, концептуалдық аппараттың болуы, 
- оқытатын пән саласына бейімделгіштік қасиеті
- оны жоғары дәрежеде білуі, 
- пәндік мазмұнды әрекеттік-коммуникативтік формаға кӛшіре алуы, 
- заманауи технологияны басқара алуы, 
- түрлі педагогикалық қызметтерді атқара алуы – зияткерлік-
дамытушылық, 
- педагогтік талдау іс-әрекетін атқаруы, 
- жобалау, сараптама жасау, ғылыми зерттеу әлеуеті [293]. 


92 
Бұнымен қоса оқытушы ұжымда студенттердің ӛздерін еркін сезініп, 
белсенділік танытудан қорықпай, әділ шешімін білдіріп, мейірімді қатынас 
орнататын психологиялық микроклимат қалыптастыру тиіс [294]. 
Ең маңызды шарт – бұл жалпы педагогикалық білім беру жүйесінде 
педагогтің белсенді субъектілік ұстанымы. Оның ұстанымы белсенді 
субъектінің ұстанымы ретінде ӛз жұмысын жоспарлау, мақсатын құру 
кезеңінде-ақ кӛріну тиіс. Одан әрі түрлі шарттармен ӛзгеруді талап ететін бүтін 
мәселені шешу барысында оқытушы болашақ мұғалімдердің бойында 
практикалық жағдаятты модельдеп, талдап, талқылау іскерлігін қалыптастыра 
алуы тиіс. Практикалық жағдайдағы маңызды міндеттерді ӛзі жіктей алуы, 
оның балама ықтимал мүмкіндіктерін таба білуі және алынған нәтижені 
бағалап, шешім қабылдай алуы тиіс [295]. 
Осыған орай Ю.И. Карамзин оқытушы білім беру іс-әрекетін 
ұйымдастыру кезінде мына қағидаларды басшылыққа алуды ұсынады: 
- студенттерге кәсіби әдістердің, оқыту технологияларының барлық 
мүмкіндіктерін толық ашып кӛрсетуі; 
- студенттерге сол әдістердің ішінен таңдау еркіндігін беру; 
- студенттердің бойында «жобалы мәселелерге тән сипатты ӛз зердесімен 
танып, оны шешудің тиімді жолдарын анықтау қабілеттерін дамыту; 
- нақты жоба іздеу әрекетінде әдістер ӛрісі жиынтығындағы «хаос» 
үрдісін және ӛзін - ӛзі ұйымдастыратын ерекшеліктерді кӛре білуі; 
- жоба міндеттерін шешу тактикасы мен стратегиясын саналы түрде 
таңдау және басқару қабілетін тани білу [296]. Бұл болашақ мұғалімдердің 
зияткерлік іс-әрекетті атқаруына оң ықпал етеді, ӛзі таңдап, ӛз зердесімен 
танып проблеманы шешу іс-әрекетіне рефлексия жасап, стандарттан тыс 
шешімдер қабылдауға дағдыландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет