Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет26/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

ЖОО-нда зияткерлік әлеуетті дамытуға ықпал етуші зияткерлік орта 
Кӛптеген ғалымдардың пайымдауынша, зияткерлік – бұл қоршаған 
ортада мүмкіндік болған жағдайда жарыққа шығатын қасиеттер жиынтығы 
[297,298,299,300], зияткерлікті «егер, ... онда» қағидасы бойынша қалыптасатын 
қасиеттер деп атауға болады [298]. Күнделікті ӛмірде тұлғаның зияткерлік 
әлеуетін, елемеу жағдайлары жиі кездесіп жатады [301].
Бұл жағдайды 
былайша түсіндіруге болады: зияткерлік тәуелсіз әрекет етуді қалайды, ол 
біреудің ішіндегі бірегейді тудырады, ал қоғам ішкі тұрақтылықты, туындының 
үздіксіз қарым-қатынасын талап етеді. В.Н. Дружинин зияткерлік ойлауды 
қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған ортада ғана жүзеге асыруға 
болатындығын сипаттайды. Зияткерлік ойлау терең, тұлғалық деңгейде 
қалыптасуы үшін тек мінез-құлықтық қасиеттер ғана емес, сондай-ақ ол үрдіс 
арнайы ұйымдастырылған ортаның ықпалымен қалыптасуы тиіс және ол 
педагогикалық шартқа тән болуы тиіс
[299].
Ғылымда кең қолданысына қарамастан, «орта» ұғымының бірмәнді 
анықтамасы жоқ. Жалпы «орта» қоршаған деп түсіндіріледі. «Орта» ұғымымен 
бірге 
«адам 
ортасы», 
«қоршаған 
орта», 
«ӛмірлік/жеке 
кеңістік», 


93 
«психологиялық 
атмосфера/климат/жағдай», 
т.б. 
бірқатар 
терминдер 
қолданылады. Адамның қоршаған ортасы кӛбінесе оны қоршаған небір 
жағдайлардың, ықпалдардың жиынтығы деп ұғынылады.
Адамның ортасы 
оның ӛмірі мен іс-әрекетіне тура не жанама, жылдам не болмаса ұзақ ықпал 
ететін табиғи (дене, химикалық, биологиялық) және әлеуметтік факторлар 
кешенін қамтиды.
Н.М. Лебедева, А.Б. Орлов осы мәселе тӛңірегіндегі зерттеулерінде 
білімалушының дамуға қажетті барлық психологиялық құралдардың 
ашылмағанына қарамастан, ӛз дамуының субъектісіне айналатынын 
сипаттайды. «Білім-іскерлік-дағды» және білім беру үрдісінің барлық 
қатысушылары дамытудың құралдары және шарттары болады, сонымен қатар 
оның дамуына жайлы ортаны құрайды [302,303].
Зияткерлік пен шығармашылықты ақиқат дүние жағдаяттарынан тыс 
туынды жасау деп танитын Д.Б. Богоявленская [26], A.M. Матюшкин [304] 
зерттеулеріне сүйене отырып, Ю.М. Орлов, З.А. Муртазов [303,305] мынадай 
тұжырым жасайды: зияткерлік күрделі қасиет ретінде тұлғаның танымы 
бойынша мәселені оңтайлы шешу ісінде кӛрінеді. Сондықтан жанама әсер 
етуші жүйелі ықпалдарды қалыптастыру қажет. Осындай талапқа арнайы 
микроорта шарттарының жиынтығы арқылы ықпал ету әрекеті толық жауап 
бере алады. 
ЖОО-да зияткерлік орта қалыптастыру болашақ мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетін дамытуда маңызды шарт болып саналады. Л.C. 
Выготскийдің
ескертуі бойынша, орта «тұлғаны, оның адами қабілетін дамыту 
мәнінде, дамыту кӛздерінің рӛлі ретінде анықталады, яғни орта бұл жерде 
жағдаятты емес, даму кӛзі ретінде маңызды рӛл атқарады» [109]. 
Тіпті зияткерлігі жоғары адам «зияткерлік емес ортада» кӛріне алмайды, 
ол зияткерлік әлеуеті шығармашыл емес адам ретінде «ӛз әлемінде» ғана қалып 
қояды [306]. Сондықтан, ЖОО білім беру ортасының тұлғаның ішкі 
мүмкіндіктерін, қорын, зияткерлік әлеуетін, қабілеттерін жарыққа шығаруға, 
талпынысын оятуда атқаратын рӛлі ӛте зор. ЖОО-да студенттер тек кәсіби 
дайындық алып қана қоймайды, ЖОО – бұл ерекше әлеуметтік-мәдени орта. 
Онда болашақ мұғалімнің дүниетанымы, ӛмірлік ұстанымдары қалыптасады
болашақ кәсіби қызметіне қажетті маманға тән қасиеттер сіңіріледі. Бұл жерде 
болашақ мұғалім кәсіби-зияткерлік қызметтерден жиналған құнды тәжірибеге 
ие болады, белгілі бір мәдениетке бейімделеді, сол мәдениетті тұтынушы 
атанады. Зияткерлікті қозғаушы күш – бұл сол іс-әрекетке деген қызығушылық. 
Сондықтан зияткерлік орта студенттердің кәсіби педагогтік іс-әрекетке деген 
қызығушылығын дамытуды кӛздейді. ЖОО-на дайындау үрдісінде тұлғаның 
кәсіби бағытын қалыптастыру, таңдаған кәсіби қызметіне деген құнды, 
белсенді қарым-қатынас орнату маңызды болып есептеледі. 
Жағымды эмоция зияткерлік ойдың туындауына ынталандырады, 
керісінше, жағымсыз эмоция зияткерлікті жаншиды. Осыдан шығатын 
қорытынды: зияткерлік білім беру ортасын қалыптастыру үшін қолданылатын 
маңызды әдіснамалық тәсілдер ретінде оқу іс-әрекеті үстінде жетістікке жеткізу 


94 
жағдайларын тудыратын әдістер алынуы тиіс. Сонымен, зияткерлік идеяны 
қолдайтын, марапаттайтын қоршаған орта аса қажетті. Зияткерлік ойды 
жарыққа шығару үшін барлық қажетті ішкі ресурстарды пайдалануға болады, 
бірақ ортаның қолдауы болмайынша индивидтің ішкі дүниесіндегі зияткерлік 
қабілеттер ашылмауы, танылмауы мүмкін. 
Оқу-тәрбиелік үрдісте зияткерлік іс-әрекетке үйрету мүмкін емес, тек 
сондай іс-әрекетке ынталандыратын жағдайлар жасап, шарттарды тудыруға 
болады [307,308].
Студенттерді зияткерлікке ынталандыру сенімді орта 
қалыптастыруға, педагогикалық үрдісте студент ӛзін - ӛзі, ӛзінің қабілетін еркін 
танытуға, педагог пен студент арасындағы қарым-қатынасты субъект мен 
субъекттік сипатында дамытуға мүмкіндік береді. 
Осыған орай А.К. Осинский былай деп жазады: «зияткер-шығармашыл 
тұлға қалыптастыруда «кәсіби зияткерлік -шығармашылықпен қуатталған» орта 
маңызды рӛл атқарады [309]. Тек сол орта ӛз бетінше зияткерлік іс-әрекетке 
жеңіл енуіне мүмкіндік жасайды. Онда нәтижені кӛріп қанағаттану, шаршамай 
орындап шығу, соның арқасында белсенділік пен жақсы кӛңіл күйде болу 
әсерлері орын алады.
Демек, зияткерлік психологиялық орта барлық студенттерді зияткерлік 
үрдіске бейімдеуге болатынын, дәстүрлі стереотиптен тыс еркін ойлауға 
бейімдейтін, талқылаудан қолайсыз сезіну әсерлерін жоюға белсенділігін 
оятуға, студенттің ӛз бетінше дамуына және зияткерлік кәсіби іс әрекетке 
дайындауға ықпал жасайтын міндеттерімен сипатталады. Осы жетістікке жету 
үшін педагог білім алушы/беруші субъектілердің ӛзара құрметін, сыйластығын 
қамтамасыз етуі тиіс, студенттің қабілетінің ең күшті қырына сүйеніп, олардың 
даралық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Зияткерлік орта қалыптастыру үшін, әрбір студенттің теңдеусіз 
құндылығын жарыққа шығару үшін рухани бәсекелестік қалыптастыру қажет 
[310]. Сондай-ақ зияткерлік идеяларын жүзеге асыруға талпынуы тиіс. Ал, орта 
зияткерлік мінез-құлықтан, қабілеттерден және оның нәтижелерінен құралуы 
тиіс. Кәсіби деңгейге жетуде ең алдымен кәсіби үлгі, яғни педагог тұлғасы 
маңызды рӛл атқарады. Ол сапалы, сәтті білім беру үшін, зияткерлік әлеуеті 
бай, тәрбие беру үшін педагогтің ӛзі зиялы тұлға болғаны абзал. 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуеті кәсіби зияткерлік ортада 
қалыптасады. Яғни студент қарым-қатынас барысында, күнделікті қатынаста, 
кәсіби қызметінде педагогтың кәсібилігінен рухани азық алып, зияткерлігі 
дамып, кәсібилікке шыңдалады. Бұл жерде зияткерлік әріптестікті 
қалыптастыру аса маңызды болады, егер педагог пен студент арасында 
зияткерлік келісім орын алса, кәсібилік пен зияткерліктің ӛсуіне ықпал ететін 
орта туындайды [311].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет