Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Зияткерлік әлеуеттің  дамуының  психологиялық  механизмдері



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

 
Зияткерлік әлеуеттің 
дамуының 
психологиялық 
механизмдері 
Зияткерлік әлеуеттің дамуының психологиялық 
механизмдерінің ерекше кӛріну деңгейлері 
Жоғары 
Орташа 
Тӛмен 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
БТ 
Рефлексиялық 
механизм 
2,1 
1,7 
48,2 
45,1 
49,7 
53,2 
Ӛзін-ӛзі бағалау 
механизмі 
13,5 
17,9 
86,5 
82,1 


Ӛзін басқару 
механизмі 
30,8 
9,8 
39,1 
58,7 
30,1  
31,5 
10-кестедегі, берілген нәтижелер негізінде, екі топтағы сыналушылардың 
да зияткерлік әлеуеттерінің дамуының психологиялық механизмдері орташа 
деңгейде екенін кӛрсетеді, бұл 1 курс сыналушыларының жоғары оқу орнына 
бейімделуінің күрделілігімен түсіндіріледі. 
Дегенмен, 
сыналушылардың 
зияткерлік 
әлеуетін 
дамытудың 
психологиялық механизмдерінің деңгейлерінде айырмашылық бар екені 
байқалады. Мысалы, эксперименттік топтың сыналушылардың үштен бірінде 
және бақылау тобының 9,8 %-да ӛзін басұару механизмі жоғары деңгейде 
екенін білдіреді. Бұл студенттердің оқушыларға қарағанда ӛздерінің ӛз бетінше 
іс-әрекетін тереңірек ұйымдастыра алатынымен түсіндіріледі. Эксперименттік 
топтың, тек 13,5 %-да және бақылау тобының 17,9 %-да ӛзін-ӛзі бағалау 
механизмі жоғары деңгейде. Мұны жастардың максимализммен, жастардың ӛз 
қабілеттерін, білімдерінің және дербестігінің деңгейін асыра бағалаумен, ӛзінің 
«Мен бейнесін» оң бағалаумен түсіндіруге болады. 
Бұл кезеңде әдетте жастар ӛздерінің кемшіліктерін азайтуға және 
абыройларын асыра бағалауға бейім. Қорыта келе, негізгі психологиялық 
механизм (рефлексиялық) жоғары емес екені байқалады, бұл сыналушылар ӛз 
іс-әрекеттерін талдауға, ӛздерінің іс-әрекеттерін дұрыс бағалауға қабілетті емес 
екенін білдіреді. 
Негізгі психологиялық механизм, яғни рефлексиялық бойынша жоғары 
деңгей кӛрсеткіші ӛте тӛмен, мұны студенттердің, әсіресе 1 курс студенттерінің 
іс-әрекетті талдауға, оның себеп-салдарын анықтауға бейімділігі жоқ, не 
болмаса тӛмен, сондықтан зияткерлік танытпағандықтан іс-әрекеттеріне еш 
ӛзгеріс енгізбейді. 


107 
В.И. Моросанованың «Ӛзін басқару стилі» атты әдістемесі бойынша 
орташа мәнінің нәтижесінен, эксперименталды және бақылау топтарының 
сыналушыларында жоспарлау, модельдеу, бағдарламалау, нәтижелерді бағалау, 
икемділік және дербестік үрдістерінің қалыптасуы эксперимент басында
орташа 
деңгейді 
байқадық. 
Бұл 
әдістеме 
шкалалары 
арасында 
айырмашылықтардың жоқтығын дәлелдейді. 
Диагностика нәтижелерін талдау негізінде, болашақ мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетінің даму деңгейі де және психологиялық механизмдердің 
кӛрініс деңгейлері де екі топта да бірмәнді болғанын анықтадық. 
А.В. Карпова мен В.В. Пономареваның рефлексияның дамуының жеке 
ӛлшемдерін анықтау әдістемесі бойынша алынған нәтижелер екі топ 
сыналушыларының рефлексияның дамуының орташа деңгейінің кӛрсетеді. 
Сонымен, арнайы дамыту жұмысының жүргізілмеген айқындаушы 
эксперимент кезеңінде топ сыналушылары зияткерлік әлеуеттің даму 
деңгейлері бойынша біркелкі болды.
Эксперименттік топтың студенттері қалыптастырушы экспериментке 
қатысты. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту үш кезеңде 
мотивациялық-мақсатты, 
мазмұндық-әрекеттік 
және 
бақылаушылық-
диагностикалық кезеңдер бойынша іске асты. Бақылау тобының студенттері 
күнделікті тәртіпппен оқыды. 
Сурет 5. Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған 
үрдістің кезеңдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет