51
танытуды дұрыс көрген болар, әйтпесе,
аппетит - тәбет деп аударылып
жүр.
Екіншіден, мүмкіндігінше қазақша
балама тіркеспен аударуға
тырысқан. Мысалы,
азбуканы әліппе дегеннен кейін,
алфавитті әліппе
тәртібі деп аударған. Ал
букет ұғымына
(бір уыс) бір байлам гүл деген
балама ұсынған. Сол сияқты
казарма – әскерлер жатақханасы, парик –
жалған шаш, отвертка – ашқыш, переулок – тығырық, пассажир –
жүргінші, пиджак – пенжек, косынка – біртартар, баба – қатын, женщина
– әйел, пляж – суға шомылатын жер, повар – ас пісіруші, полка – текше деп
берілген. Жоғарыда аталған сөздерді бүгінгі күнге дейін күнделікті
ауызекі
қолданысқа орыс баламасымен атап келгеніміз белгілі. Ал олардың аударма
баламалары сонау 1941 жылдары ұсынылған екен. Тілдегі саяси
идеологияның салдарынан орысша сөйлеу қарым-қатынасы басым
болғандықтан, қазақша аудармалары қолданыстан тыс қалғаны көрініп тұр.
Дегенмен, бұл жерден ғалым Н.Сауранбаевтың
ұлттық тілдің
өміршеңдігін арттыру үшін, төл тіліміздің мәртебесі биіктеу үшін жасаған
еңбегін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: