47
произносятся кратко. Например: егеу, сарай, ойна» деп акустикалық
қасиеттеріне тоқталады. Әрбір дыбысқа тән осындай
ерекшеліктер қазіргі
мектеп оқулықтарында толық берілмейді, тіпті жаттығулар арқылы
түсіндірілмейді де. Ал алғаш рет орыс мектебіне арнап қазақ тілі оқулығын
жазған ғалымдар екі тілдегі ерекшеліктерді арнайы меңгерту арқылы
оқушының қателеседі-ау деген тұстарына ерекше мән берген.
Сондай-ақ
ж дыбысының да қазақ тілінде
дж болып айтылмайтынын
түсіндірме-ереже арқылы айтып өтеді. Бұл ескертпе І.Кеңесбаевтың қазақ тілі
оқулығында да көрсетіледі. Дегенмен, Жоламанды Джоламан деп жазу,
Жолдасбекті
Джолдасбек деп айту, осы сияқты айтылған ережелерге
бағынбау күні кешеге дейін, яғни тәуелсіздік орнағанға дейін орын алғаны
белгілі. Демек, бұл әрекетті тіл саясаты арқылы халықты біртіндеп
орыстандыру ісінің бір көрінісі деп қабылдауымыз керек.
Бүгінгі күні мектеп оқулықтарында
қ-ның
жіңішке формасы ғ деп
арнайы тоқтала бермейді. Барлығы дауыссыз дыбыстар қатарында танылып,
қ-қатаң дауыссыз,
ғ-ұяң дауыссыз дыбыс деп үйретіледі. Ал шын мәнінде
фонетиканы меңгертуде қ-мен ғ-ның дыбысталуы ұқсас екеніне, сол себепті
қ-дан аяқталған сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда қ-ның ғ-
ға айналатынына арнайы тоқталмайды. Ал Н.Сауранбаев орыс мектептеріне
арналған 5-сынып Қазақ тілі оқулығында
қ мен ғ дыбыстарының арасындағы
осы ерекшелікті арнайы айтып өтеді. Мысалы: «
Qq , Ƣƣ в русском языке
отсутствуют. При произношении звука q задняя часть языка прикасается к
гортани, при этом струя воздуха задерживается, образуется гортанный
звук q. Произносите слова: qalam, aq, Aqan. Точно так же образуется звук ƣ,
только лишь с той разницей, что при произношении ƣ язык не
соприкасается с гортанью, а лишь только приблежается, поэтому ƣ есть
звонкая разновидность q». Бұл ереже 1938 жылғы басылымда берілсе, 1950
жылғы 5-ші басылымда қ және ғ дыбыстарын к және г дыбыстарымен
салыстыра отырып былайша таныстырады: «
Звуки қ-ғ в русском языке
отсутствует. Они оба всегда произносятся твердо и пишутся только в
твердых слогах. Қ – глухой согласный звук. При произношении его действует
более задня часть языка сравнительно со звуком к. Например: қалам – ручка,
ақ – белый. Ғғ – звонкая пара қ. Ғ – тоже глубоко задний звук сравнительно
со звуком г. Например: Аға – старший брат. Қағаз – бумага».
Орыс
мектептеріне
арнап
қазақ
тілі
оқулығын
жазған
К.Кемеңгерұлының дыбыс жүйесін үйрету әдісімен салыстырғанда
Н.Сауранбаевтың оқыту әдістемесі әлдеқайда
жеңіл әрі тиімді екені
аңғарылады. Себебі, К.Кемеңгерұлы қазақтың төл дыбыстарын үйретуде өзге
тілдермен салыстыруы тым басым. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: