21
Жоба әдісі. Информатика сабағында оқу үдерісін ұйымдастырудың жолдарының бірі –
жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың қандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу
нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-әрекеттерінің
жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысы барысында оқушылардың коммуникативтік, күрделі
мәселелерді шешу жолындаға ізденушілік дағдылары және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай
білу қабілеттері дами түседі. Сонымен қатар бұл тәсіл пәнаралық байланысты нығайтып, екі
немесе одан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жоба әдісін қолдану сабақта мұғалімнің қызметінің өзгеруіне де әкеп тірейді: мұғалім дайын
білімді берушіден өз оқушыларының ізденістік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін
дамыту арқылы танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе
сабақтан тыс орындалатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың компьютерлік
сауаттылығы жетіліп, ішкі уәжі арта түседі. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп, оларды
талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге
асырады. Жоба әдісі оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағытталған; жоба жұмысын
оқушылар белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы мүмкін,
сондықтан ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады. Нәтижесінде нақты
программалық өнім ұсынатын Информатика сабағындағы жоба әдісі әртүрлі қолданабалы
салаларда оқушылардың программалық жабдықтарды қолдану дағдыларын дамытуына және
күрделі мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуда зерттеушілік, шығармашылық
қабілеттерінің артуына мүмкіндік береді. Осылайша, жоба әдісін қолдану информатика пәні
бойынша оқу сапасының көтерілуіне әсерін тигізіп қана қоймай, пәнаралық байланысты да
орнатады және пәнді оқыту тиімділігін жоғарылатады. Жоба тақырыптарын анықтауда
мұғалім мен оқушылардың біліктілігі, шығармашылығы көрініс табады, мұғалім өз қалауы
бойынша жобалық іс-әрекеттерге өткен тараулар бойынша тақырыптарды алуы да мүмкін.
-
Жоба жұмыстарының түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық
жоба, рөлдік ойын жабасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді
шағын (
бір сабақ,
бір немесе бірнеше апта шегінде),
орта мерзімді (бір немесе бірнеше ай көлемінде),
ұзақ мерзімді
жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар:
-
әртүрлі пәндік салалар бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік ізденісті
қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;
-
күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;
-
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттері;
-
жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы;
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: