Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
1-лекция

6- ЛЕКЦИЯ
Лекция №9 
Геном және оның құрылысы 
 
Прокариоттар және эукариоттар геномы 
 
Геном – жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық
генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып
табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚсының барлық
гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы. 
Геном құрылысының жалпы принциптерін және оның құрылымдыққызметтік
ұйымдастырылуын зерттейтін ғылымды геномика деп атайды. 
 
Адам геномикаы–  молекулалық медицинаның негізі болып, тұқым қуалайтын
және тұқым қуаламайтын ауруларды анықтау, емдеу және алдын – алу, болдырмау
әдістерін қалыптастыру үшін маңызды рөл атқарады. Геномиканың негізгі бөлімдері: 
құрылымдық, қызметтік, салыстырмалы, эволюциялық және медициналық геномика. 
 
Прокариоттар геномы– ішек бактериясында – Е.coli, жақсы зерттелген. Бактерия
хромосомасы 3,2x10
6
н.ж. тұратын сақиналы ұзын ДНҚ. Бактерия гендері сызықты
орналасқан. ДНҚ репликациясы ТЕТА репликация типімен ori- нүктесінен басталады. 
Хромосома – инициация сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула – 
репликон болып табылады. Бактерия геномында 2500- дей гендер болады. 
Гендер белсенділігі ( экспрессиясы) оперон типі сияқты реттелінеді, себебі
бактериялар гендерді оперондық құрылымға ие. 
Ішек бактериясында (Е.coli) бактерия хромосомасының репликонынан басқа да
репликондар кездеседі, мысалы эписомалар және плазмидалар. 
 
Плазмида – бактерия хромосомасынан тәуелсіз репликацияланатын сақиналы
хромосомалық элемент, оның өлшемі шамамен бактерия хромосомасының 10-20%
дай, 1-3 гені болады. 
Ең негізгі плазмидаларға бактериялардың антибиотиктер әсеріне төзімділігін
қалыптастыратын төзімділікті тудырушы факторлар жатады, олар 10-15 көшірме
күйінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет