Лекция Молекулалық биология пәні Молекулалық биологияның даму тарихы Молекулалық биологияның зерттеу әдістері мен болашағы. Нуклеин қышқылдарының толық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата21.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#85010
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
1-лекция

5- ЛЕКЦИЯ
 
ТРАНСКРИПЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМДЕРІ
 
Транскрипция нәтижесінде эукариоттарда жетілмеген пре – РНҚ (пре- а РНҚ, пре-т РНҚ) синтезделінеді, 
себібі эукариоттар генінің құрылысы бактерияға қарағанда күрделірек , яғни ол экзон – интрондық 
құрылысқа ие болады және транскрипция кезінде пре- РНҚ – ларда экзондық – интрондық учаскелері түгел 
көшіріліп жазылады.
а) пре-а РНҚ – жетілген а-РНҚ – ларға қарағанда әлде қайда ұзын болады, себебі олардың құрамында 
спейсерлер (реттеуші, құрылымдық қызметтер атқаратын ДНҚ учаскелері), мағналы ДНҚ учаскелері – 
экзондар, мағынасыз учаскелері – интрондар кіреді. Сондықтан да пре – РНҚ-ларды кейде гетерогендік 
ядролық РНҚ (гя-РНҚ) деп те атайды.
пре а-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі оның 5
1
ұшында «қалпақшаның» (КЭП), 3
1
ұшында-поли (А)- 
ферментінің болмауы.
б) рРНҚ – ның кластерлі 3 гені біртұтастранскрипцияланады және синтезделген пре –рРНҚ немесе 45S 
РНҚ- құрамында жетілген үш түрлі р РНҚ-ға 18S, 5,8S, 28S – р РНҚ – сәйкес келетін бірізділіктер болады. 
Бұл бірізділіктер спейсерлермен бөлінген, бірақ онда интрондар болмайды. Сонымен қатар, бұл жерде 
жетілген р РНҚ-ларда кездесетін модификацияланған нуклеотидтер де болмайды.
в) Барлық пре-РНҚ-лардан ерекше пре- т РНҚ –лар тек жетілген бірізділіктерді қамтиды. пре-т РНҚ 
молекуласының сырт пішіні «жөке ағашының жапырағына» («кленовый лист») ұқсас үшқұлақты болады, 
бірақ оның жетілген т РНҚ молекуласынан төмендегідей ерекшеліктері болады.
- молекуланың екі ұшына және ортасында қосымша бірізділіктер болады;
- минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер болмайды;
- акцепторлық ілмекше (ЦЦА) толық қалыптаспаған;


- антикодон өз орнында емес, басқа жерде орналасқан.
Пре – РНҚ- лардың пісіп жетілуі – процессинг
 
пре- РНҚ молекуласының пісіп жетілуі (процессинг) 3 кезеңге бөлінеді:

кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;

кейбір нуклеотидтердің жалғануы;

олардың модификациялануы;
Артық нуклеотидтердің алынып тасталуы ерекше нуклеазалар арқылы жүзеге асады. Экзонуклеазалар 
тізбегінің бір ұшынан (3 

не 5
1
) бір – бірлеп нуклеотидтеді алып тастайды, ал эндонуклеоазалар тізбекті 
бөлшектеп оны жеке – жеке фрагменттерге бөледі.
а) Нуклеазалар тізбек ұштарынан «артық» нуклеотидтерді үзіп отырады. Мысалы, пре – РНҚ- ның 5
1
ұшында үнемі АТФ не ГТФ, ал 3
1
ұшында ГЦ-бай учаскелері болады. Олар трнаскрипция үрдісінде 
маңызды роль атқарады, ал күйінде олардың қажеті жоқ, тіпті олар өздерінің қызметін атқаруға кедергі 
келтірген болар еді, сондықтан да олар алынып тасталады.
б) 45 S-пре-р РНҚ және гистондық пре-а РНҚ-лар эндонуклеоазалар арқылы жеке РНҚ тізбегіне кесіледі.
г) пре-т РНҚ және барлық пре-а РНҚ-лардың интрондық бірізділіктері келісіп алынып тасталады. Сол 
сияқты, экзондық бірізділіктер тұтас тізбекке жалғанады, оны сплайсинг деп аталады. Мұның іске 
асырылуы үшін тек қана эндонуклеоазалар емес, лигазалар да қажет.
Сонымен, пре-РНҚ молекуласының пісіп жетілуі (процессинг) барысында оларға көптеген нуклеотидтер 
транискрипциясыз байланысады (жалғанады).
пер- а РНҚ-ның 5
1
ұшына «қалпақшаның» (КЭП) 7-метилгуанин және басқа да 3-4 нуклеотидтері қосылып 
жалғанады, ал 3
1
ұшына 200- дей нуклеотидтерден тұратын поли (А)- фрагмент қосылады. Бұл үрдісті 
полиаденилатполимераза ферменті катализдейді. 
пер- т РНҚ- да модификациялану көптүрлі болып келеді, мысалы: уридин қалдығы – изомерленеді 
(псевдоуридин), үшінші біреулері – метилденеді. Аденозиннің кейбір қалдықтары дезаминденіп инозинге 
айналады, соңғыларының (инозин) кейбіреулері тағы да метилденеді.
Жоғарыда сипатталған құбылыстар ядрода бірнеше пісіп жетілген РНҚ молекуласының пайда болуына 
алып келеді, мысалы:
а) 4 түрлі р РНҚ-ның 28 S р РНҚ; 18 S Ррнқ; 5,8 S р РНҚ; 5 S р РНҚ;
б) бірнеше ондаған т-РНҚ – ның (әрбір 20 аминқышқылына 1-4ке дейін);
в) мыңдаған а РНҚ молекулаларының түзілуіне;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет