ақпарат транскрипцияланбайды. Оның констутивтік және факультативтік гетерохроматин деген түрлері
белгілі. Конститутивтік гетерохроматин центромера айналасында және теломерлік учаскелерде кездеседі.
Ол мүлдем транскрипцияланбайды.Оның қызметі ядроның
жалпы құрылымын сақтап тұру, хроматинді
ядро қабықшасына бекіндіру,мейоз кезінде гомологтық хромосомалардың
өзара тануын қамтамасыз ету
болып табылады.
Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында, әдетте гомогаметалы (ХХ) жыныстарда,
жыныс
хроматині күйінде кездеседі, мыс, ұрғашы ұрықтың дамуының 16 күні екі Х хромосоманың біреуі
инактивтеніп, жыныс хроматиніне айналады,оны Барра денешігі деп атайды.
Факультативтік гетерохроматин гендерінің активсізденуі арқылы қазіргі
кезде активтенуі қажет емес
гендер тобының экспрессиясын реттеу механизмдері (тетіктері) іске асады.
Митоз кезінде хроматин жіпшесі әрі қарай ширатылып хроматиннің супер ширатпасы - митоздық
хромосомалар түзіледі, оларды микроскоп арқылы көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: