37
Балладаның бірінші шумағында оқиғаның негізгі екі кейіпкері екі дүние, екі
көзқарас ретінде қарама-қарсы қойылған:
Баяғыда
Өлеңі үшін ақылды
Кесірленіп, кесім айтып ақырғы,
Ойсыз әкім абақтыға қамапты
Қанжар тілді жаужүрек жас ақынды.
Әкім мен ақынды сипаттайтын сөздер
эмоционалдық-экспрессивті
бояуы қанық антонимдерден тұрады, мысалы,
ойсыз әкім – қанжар тілді,
жаужүрек жас ақын. Ақынды мінездейтін сөздер дәстүрлі
поэтикалық
қолданыста сәл өзгешелеу, қаламгер оларды ырғағы, дыбыс үйлестігі үшін
ғана емес, семантикасына бола да таңдап алған,
яғни синонимдік қатардан
өзіне ең керегін жұмсаған.
Осы шумақтағы
абақты сөзін ІІ шумақта
түрмемен алмастырып,
жіңішке
дауысты бір, бірге сөздерімен тіркестіру арқылы өлең жолымен
әуезділігін күшейткен. ІІ шумақтың бірінші, екінші жолдарында тәні де,
жаны да, рухы да туыс адамдардың толық сипаттамасы берілген. Алғашқы
шумақтағы
қарама-қарсылық, қайшылық ІІ, ІІІ шумақта ұлғая түседі:
лексикалық және контекстік антонимдер, дерексіз зат есімдермен
кейіпкерлер мінездемесі толыға түседі. Мысалы:
бос кезде – түрмеде, өзі
кедей – ойы бай. Рухани өмір және тұрмыстық
реалийді қарама-қарсы
қоюдан туған бұл контраст мән баллада кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы
тіпті күшейе түседі.Әкім
«қаталдықтың көкесін көрсетпек болса», туыс
адамдар
«қайсарлықпен қосылып, мойымай ән салады».
Баллададағы ең әсерлі де қуатты концептуалды орталық - әкім мен әйел
қақтығысы:
«
Өнерлісің, өжетсің де әрқайсың,
Сен айт, әйел,
Алдыңда тұр таудай сын.
Сені және үш еркектің біреуін
Босатамыз, айт, қайсысын таңдайсың?
«Тұрған заман – құшағында дауылдың,
Әділ күші жеңіп шығар дәуірдің.
Ауырдым мен бұл үшеуі үшін де,
Бірақ орны бөлек екен бауырдың.
Жарым кетсе, жар табармын бірде мен,
Жар табылса, болар тағы ұл деген.
Өлген анам қайтып келіп ұл таппас,
Бауырымды босатыңдар түрмеден!
Өз жақсыңды өзің құртып,
Қалай ел
Боласыңдар?!
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
38
Құрбан болды-ау талай ер...
Ертеңі жоқ – ақыны жоқ халықтың,
Ойланыңдар!» - деген екен дана әйел.
Кейіпкердің авторлық сипаттамасын әкім пікірі толықтырады, яғни ол өз
тұтқындарының болмыс-бітімін тап басып танығанын көрсетеді.
Әкім сөзінің әйелге арналуы оны кейіпкер ретінде даралауға мүмкіндік
береді. Автор әйел бейнесіне арнайы тоқталып, сипаттап жатпайды. Әйелдің
рухы биік, әділдікке сенімі берік, ой-ниеті таза, өзіндік пікірі, ұстанымы бар
жан екенін оның монологі танытады, яғни әйел сөзі жоғарыдағы екі дүниеге
баға, екі көзқарасқа талдау ретінде түсініледі. Әйел сөзіндегі метафора,
теңеулер, лексикалық қайталамалар, сентенция түрлі ассоциацияларға негіз
болып, оқырманның фондық біліміне орай сан алуан параллельдер туғызады.
Ойымызды нақтылай түсетін болсақ, заман – дауылға теңелген,
дауыл сөзі
дәстүрлі поэтикалық қолданыста үлкен
өзгерістің белгісі болса, ақын
контексінде әділетсіз, ойсыз, рахымсыз қоғамның бейнесі ретінде байқалады
және бұл мағынаны
«құшағында» сөзі одан сайын күшейте түскен. Әйел
сенімі дерексіз зат есімдер, коннотативті сипаты айқын сын есімдермен
берілген:
әділ күші, дәуір, жар, бауыр.
«Жар» сөзін өлеңнің қатар тұрған екі жолында қайталап қолдану арқылы
қаламгер оған стильдік жүк үстеген,
яғни бұл ішкі ырғақ, дыбыс әуезділігі,
буын саны сияқты жанрлық қажеттіліктерді өтейді. Осы орайда әйел сөзінің
көпке қарата айтылуы да жалпылауға қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: