46
Әдеби KZ
Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі,
оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, ертіп
отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып
жібергендей сезілетін. Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындардан, көкем
сияқты көзі ашық білімділерден сіңіргем.
Солардан дәм татып, солардан сусындағам.
Көкемді көрші ауылдар қолқалап шақырып әкетіп, түнімен жыр оқытатын. Көкем де
мұндай кештерден бас тартып көрген емес. Көкеме жыр құмар жанның бәрі, хиссаның
қай жерін жаттап
алғысы келген ынтызарлар, жұрт отырған жерде бір жырдың кей
шумақтарын жырымдап айтса да «біледі екен» деген атқа ие болу үшін қызыққандар да
келетін. Көкем болса ерінбей-жалықпай әр толғауды бір айтып еске түсіретін. Шынында
да, өздері қара танымайтын жыр құмарлардың кейбіреуі келесі бір кеште өзінше жыр
соғатын. Сондықтан ондай кісілердің көбі көкемді «ұстазым» десетін. Серкебай нағашым
көкемнің дін жолына түспей, сәлдесін алып тастап ойын-сауық,
ән-жыр қуып кеткеніне
талай рет ренжіді. «Ауылдың «жын-шайтандарының» бәрін төңірегіне жинап алып
албасты басты ма сені» дейтін.
— Онан да ата-бабаларыңның аруағы риза болсын деп құран оқып тұрмайсың ба? «Е- е»,
«е-е» деп ешкіше маңырап отырғаннан қашан арылмақсың, түге? — деп көкемді
мазақтағаны да бар.
—Құранды жұма сайын оқимын ғой, нағашы,—деп
көкем ақталмақ еді, ана кісі
бұрынғысынан бетер ашуланды:
— Тьфу, антұрған неме. Бір жұмада бір-ақ рет құран оқығаныңды да міндетсінесің-ау осы,
сен шірік. Күніне неше реттен оқысаң да аруақтардың парызын өтей алмайтыныңды
ұмыттың ба?Сонан соң нағашым өзінің бауырларының ынжық екенін, бүкіл ел намысы, ел
ары өзінің мойнында екенін, ауылдың атын шығарам деп жүріп құранға құлап отыруға
мұршасы да, уақыты да жетпейтінін айтып ренжіді.
Көкемді
оқытқанда арнаулы ғұлама шығар, құранды соның қолына берермін деп
үміттенгенін айтты. Енді сол үмітінің ақталмай, шәкіртінің селкілдек шегірткеге ұқсап
кеткеніне өкінетінін білдірді.