Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет31/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144
Әдеби KZ 
Байқасам, нағашымның өзі де құранға құлшылық етіп отыруға мойны жар бермейді екен 
ғой. Жасынан дін құдіретіне иланып, дін жолына беріліп өскен соң, енді аруақтар 
алдындағы парызынан қорқып, ақыреттің тауқыметінен тайсалып көкем арқылы күнәсін 
жумақ екен. 
Бір қызығы — нағашым ұрысқанда, көкем шынымен-ақ кінәлі адамдай мойнын 
салбыратып үнсіз отырып алатын. Мұнысы қатал мінез Серкебайдың көңілін басу ғана еді. 
Нағашым ауылына аттанысымен, көкем ескі әдетінше жыр айтып, хисса оқып өз қызығына 
түсіп кеткен. 
Есейгенде көкем елді шулатып жүріп үш рет үйленді. Үшеуінде де дау-жанжал, ұрыс- 
керіс, айтыс-тартыссыз тынған емес. Ат-шапан айып төлеп, құдалардың алдына жығылып 
жатып, ел ақсақалдары әрең дегенде бітістіруші еді. Жас күніндегі ұрыс десе ұмтылып 
тұратын ұрма мінезі, жанжал десе жанып кететін жарғышақ қылығы кейін осылай тынған 
болатын. 
Әкемнің үлкен ағасы Төлебай атам ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал еді. 
Ағара бастаған шоқша сақалын тараштап тұйық отыратын. Қолынан ұзын таяғы түспейтін. 
Үйде байыздап отыру әдетінде жоқ еді. Базарға да шықпайтын. Малмен бірге өріп, 
өрістен малмен бірге қайтатын әдеті болатын. Отар соңынан қалып қойған қозы- лақты 
жинастырып жүргені. Ішім-жемі орталау, көп балалы кісі еді. Осылай баяу тірлікпен ілбіп 
жүріп сол атам бір күнде дүние салды. Ізінше үш-төрт жылдың ішінде балаларының көбі 
өліп, жалғыз ғана Құрманкүл атты қызы қалған болатын. Оның менен үш-төрт жас 
үлкендігі бар. 
Ал үлкен әпкем Үбішті мен еміс-еміс қана білемін. Әкемнің айтуынша, ол ерте хат танып, 
кітап оқыпты. Жазу да қолынан келеді екен. Біздің аймақта алғашқы қара танып, хат 
жазуға қолы жеткен қыз — сол әпкемнің жалғыз өзі көрінеді. Әпкемді Байтана руынан 
Рысқұлбек Омаров дегенге бесік керті етіп атастырған екен. Ол сауатсыз, салауаты аздау 
боп өсіпті. Қыз бой түзеп ел көзіне көріне бастағанда, жұрт ішінен «қайран ақтотыдай 
сайрап тұрған қыз, аузын ашпас білімсізге қор бола ма» деген сыбыстар көбейген екен. 


48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет