Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет28/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144
Әдеби KZ 
— Шырағым, тігітен арып, құр сүйегі сорайып қалыпты. Серкебай оны ертелі-кеш кітап 
оқудан бас алдырмайды екен. Бүйте берсе жас баланың қу сүйегі қалады ғой. 
Әжемнің айтуынша, Серкебай көкемді матап ұстайтын көрінеді. Әр қадамы санаулы екен. 
Содан бір елі ауытқуға көкемнің еркі де жоқ, шамасы да жоқ болса керек. Мен көкемдер 
ауылдан аттанарда Серкебай нағашым еліне барған соң, шынында да, көкемнің «екі 
аяғын бір етікке» тығып қояды деп қиналған едім. Сөйтсем онысы қатал тәртіпте ұстаймын 
дегені екен ғой. Көкеме ұзын ақ шапан кигізіп, басына сәлде оратып оқуға үңілдіріп 
қойыпты. 
— Серкебайдың үйіне кіргенім де сол еді,—дейтін әжем, қарасам, бір бұрышта ақ шапан, 
ақ сәлделі жас «ғұлама» заулатып құран оқып отырғанын көрдім. Аңғарып қарасам, 
өзімнің Момынқұл құлыным екен, өз көзіме сенбей аңырып тұрып қалдым... 
Енді бір барғанында әжем көкемді ауылға біраз күнге алып кетейін деп Серкебайдан 
өтінген екен, нағашым тыйып тастапты. 
— Бұл баланы қолыңа адам етіп берем, әпке. Ал адам болмаса, итаяқ тазалайтын құл етіп 
қоямын. 
Әжем қанша жалынса да, Серкебай айтқанынан қайтпайды. Екі жыл өткен соң ғана көкем 
ауылға оралды. Үстінде ақ шапан, басында сәлде. аздап едірейген тікенек мұрт қойыпты. 
Ауыл адамдары жас жігіттің мысық мұртына сол күні-ақ күлген. 
Ертеңіне-ақ көкем сәлдені тастап, бұрынғы түлкі тұмағын киіп еді, кәдуілгі өзімізге 
үйреншікті қалпына келді. Содан бастап көкемді ауылдағы екінші көзі ашық білімдар адам 
санайтын болды. 
Әжем өзінің кейбір көңілсіз сәттерінде бізді қасына отырғызып алып аңыз-ертегілер 
айтушы еді. Бәлкім осындай әңгімемен көңіліндегі көмескі, көлеңкелі сәттерді қуатын 
шығар. «Балаларым, құлақ салыңдар» деп бастайтын әжем. 


43 
Әдеби KZ 
— Бұл тәңірінің жер бетінде тірлік орнатқаннан кейін болыпты. Ол кезде жаратушы 
адамзатты жарылқап, топан суынан да сақтаған екен, — дейтін әжем. — Адамдар «тәңір 
жарылқасын» деген сөзді, алғыс айтуды білмесе керек. Күннің жылуын, самалдың 
шипасын, айдың ақ сәулесін, жер жемісін керегінше пайдаланғанымен, бірде-бір іш 
жылытар ықыласты сөз айтпапты... Сондықтан қажыған Күн Алла Тағалаға арыз айтыпты: 
— О, жаратқан ием, дамылдауды білмей, сабырлауды білмей, ұйқы көрмей, күлкі көрмей 
тірлік үшін қызмет етем. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі кеудесінде жаны бардың бәрін 
шуағыммен қыздырам. Бір тал шөбінен бастап, жер бетінің бәріне шұғыла төгем. 
Таң сәріден арай шашып ғаламды түнектен арылтамын. Бәріне нұр беремін. Жарқырап 
көрінгенімде, тірліктің бәрі жадырайды, күледі, қуанады, жұбанады. Суықтан тоңғандар 
жылынады, жауыннан мас болғандар денесін құрғатады. Ал өзің өмір берген дүние бой 
жазып керіліп, сәулеге көміліп, гүл шашағы өріліп мамыражай күйге енеді. Мен түн мен 
түнек сияқты дүниеге ауыр зіл, қоңырқай түр әкелмеймін. Мен өзіммен бірге күлкі мен 
қуаныш әкелем. Мен барда қар еріп, сай-сала сылдыраған бұлаққа толады. Мен 
бардабұтаққа бұлбұл қонады. Бірақ осыншама баға жетпес еңбегімді елеп бірде-бір тірлік 
иесі алғыс 'айтқан емес. Мұндай әділетсіздікке шыдар шама қалған жоқ. О, тәңірім, 
сондықтан мені бұл азабыңнан босат. Тыным бер, аздап тынығайын! 
— Бара бер. Баяғы қызметіңнен танба, — депті Алла Тағала Күнге, — мен сенің баға 
жетпес еңбегіңнің алғысын немен өтеуді ойланайын... 
Күн кеткен соң Алланың алдына Ай келіпті. Жадырай күліп, жарқын сөйлепті: 
— О, тірліктің тірегі, бар әлемнің жүрегі — жаратушы ием, өзіңе тілекпен келіп тұрмын... 
— Неден тарықтың, неден түңілдің, түн еркесі — алтын Ай. 
-— Айналайын тәңірім. Сен маған көмескі нұр беріпсің,суық сәуле сыйлапсың. Күн көзі 
жұмылған соң, зіл қараңғы түннің бар тұңғиығын жарық етем деп мен келем! Қара 
аспанның қақ төрінде тұрып төңіректі мамық сәулеге бөлеймін, адасқанға нысана 
боламын... Бетімнен сәукелемді бірте-бірте ысырып, күн санауға, апта мен ай санауға 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет