Он екі мүше: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, Он екі ұл, алпыс
екі қыз бір күн туған», дейді халық жұмбағы. Мұндағы «12» ұл-он
екі мүше» «62» қыз-алпыс екі тамыр (алпыс екі мүшеге тараған
тамыр»), «ағаш»-адам.
Төрт мүше (екі аяқ, екі қол,) жеті мүше тәрізді он екі мүше
адамның дене бітіміне байланысты айтылады. Әлі күнге дейін
қариялар алыстан келген ер-азаматтармен "Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?"- деп амандасып жатады.
Он екі саны қандай мүшелерді білдіретіндігі қазіргі кезде ұмыт
бола бастады. Ал ел ішіндегі қария кісілердің он екі мүшені
санамалап айтуының бір нұсқасы мына тәрізді: бас (1), омыртқа (1), жамбас (2), жауырын (2), тоқпақ жілік (2), асық жілік (2), кәрі жілік (2). Он екіде бір нұсқасы жоқ; он екіде бір гүлі ашылмаған тәрізді сөз
орамдары әуелден он екі мүшеге қатысты айтылған. Бастапқыда
бұлар он екі мүшеде бір нұсқасы жоқ; он екі мүшеде бір гүлі
ашылмаған тәрізді толық күйде қолданыла келіп, «мүше» сөзін
түсіріп айтуға байланысты ықшамдалған. Мысалы, «сексен жасқа
толды» дегенді «сексенге толды» деп жинақы түрде қолданыла
береміз. Олай деуімізге дәлел: сандық ұғымды білдіретін сөздер
өзімен қатар келетін кейбір есімдердің қызметін өзіне қаратып алуға
бейім болады. Қызметсіз қалған ондай сөзтіркестің құрамынан
шығып қалуға икем тұрады. Мысалы: сексен жасқа толды - сексенге толды; жүз жыл жасады - жүз жасады. Он екі де бір нұсқасы жоқ (түгел емес, дайын емес, ұқсамайды
деген бейнелі сөз орамының да кілтін осылай ашуға болады.
Мұндағы он екі де мүше ұғымы, басқашалау айтқанда, «он екі мүшеде
бірде-бірі келісіп, сайма-сай болып тұрған жоқ» деген тұспалды
аңғартады.Он екі де бір нұсқасы жоқ деген тіркес әуелде тек адамға
қатысты айтылса, қолданыла келе бұл фразаның өрісі кеңейіп, өзге де
зат, кұбылысқа ортақ жұмсала беретіні байқалады. «Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау» деуге тіпті он екіде бір нұсқасы ұқсамайды. Жүзіңде күлкінің нысанасы да жоқ (М.Әуезов. «Үш күн»). 19