Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Тарихи теориялық мағлұматтар



Pdf көрінісі
бет11/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Сәндік натюрморттар белгілі бір адаммен немесе сюжеттік тақырыппен байланыспай-ақ 
заттар тек өздері туралы баяндайды. Мұндай натюрморттар бөлме ішін, қонақ үйлерді, асхана 
бөлмелерін, көрме залдарын безендіру үшін қолданылады.
Натюрморттың осы түрімен байланысты XVI-XVII ғасырлардағы голландың натюрмортшы 
Питер Клас (1596-1657 ж.ж), Ян Фейт (1611-1661 ж.ж), Франс Снейдерс (1579-1657 ж.ж), ХІХ-
ХХ ғасырлардағы орыс суретшілерін П.П.Кочеловский, И.И.Машков, А.М.Герасимовтерді 
атауға болады. 
Оқу натюрмортын суретшінің өзіндік зертханасы деп атауға болады, өйткені оқу 
натюрмортты орындау арқылы суретші әр түрлі кәсіби іскерлік дағдыларын, шеберлігін, өзіндік 
қолтаңбасын шындап қалыптастырады. 
Оқу натюрмортымен жұмыс істеудің ерекшелігі, оны әр түрлі бағытта, жарыққа қарсы 
немесе көз деңгейінен төмен немесе жоғары қойып, жасанды жарықта немесе жарықта, табиғат 
аясында орындауға болады.
Сәулетші немесе суретші өз шығармасында айтпақ ойының анық , әсерлі болуы үшін онда 
жасалатын жобасы мен оның айналасындағы ортаны өзара сәйкес орналастыруға ерекше көңіл 
аударады.  
Композиция өнері дегеніміз ол латынның «composition» -ойлап табу , құрастыру деген сөзіне 
шыққан ұғым. Табиғат әлеміне тән композициялық бастама (бүтіндік, симметрия , ырғақ) 
өнерде өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Композиция –барлық өнер түрлеріне тән.
Композицияның бастауы сәулеттік құрылыс негізінде , музыкалық және әдеби шығармалар, 
мүсіндеу, кескіндеме, т.б. салалар негізінде жатыр. 
Танымал сәулетшілер мен суреткерлер өнерпаздық өрлеуін талдап айғақтайтындай , олардың 
теориялық еңбегі –композиция заңдылықтарының негіздері деп мыналарды атауға болады: 
1.Бүтіндік заңы. 
2.Үлгі (типизация) заңдылығы. 
3.Қарама-қарсылық (контраст) заңдылығы. 
4. Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеалық түпкі ойға 
бағынуы.
1.Бүтіндік заңының сақталуының нәтижесінде сәулеттік шығармалар біртұтас қалпында 
қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Бұдан біз 
композицияны жеке дербес бөліктер жиынтығы ретінде қабылдау мүмкін еместігін байқаймыз.
2. Үлгі заңдылығы сәулет өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгісінің нақтылы 
берілуін , композициядағы іс-әрекеттің өрістеуін көрсетеді. 
3.Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, объект пішінінің 
айырмашылығын, көңіл қарама-қайшылығын, бейнеленетін адамдардың психологиялық 
ғимарат жобасына әсерін қарастырады. 
4.Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға 
бағынуы-сәулетші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, жобаның айқындығын, идеялық 
мазмұндылығын , ондағы жоғары көркем шеберлікті байланыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет