14
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық
сабақта студенттер композицияны құрастырудың негізгі әдістері жайлы негізгі ұғымдар мен
ерекшеліктерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-натюрмортты құру барысында негізгі заңдылықтарды ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
- композицияны құрастырудың негізгі әдістеріне бірнеше жобалар сызу;
-композициялық эскизді графикалық түрде орындау.
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе
гуашь, белгілі шығармалардың мысалдары.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша композиция әдістеріне натюрморттық эскиздер сызу.
1.1.геометриялық денелерді кеңістікте байланыстыру композициясы.
1.2.геометриялық фигуралардың композициялық орналасуы.
2.геометриялық детальдарды штрихтап үйрену.
2.1.натюрмортты дұрыс орналастыру.
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1.Геометриялық денелерден құралған композицияның бірнеше эскиздері.
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3.Берілген тақырып бойынша тұрмыстық натюрморт құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (қарапайым).
5. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (тұрмыстық).
Практикалық сабақ №7
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелердің жарық-көлеңкесін ажырату.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; геометриялық денелердің
натюрморттық композициясы.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін түссіз шешімде сызу (штрих сызықтармен, гельді
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. қарапайым геометриялық денелердің пішінін штрихпен айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: