П. М. Кольцов А. С. Тасмағамбетов



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата06.03.2017
өлшемі10,6 Mb.
#8086
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
айрықшалаушы  және  бөлуші 
қасиетке  ие.  Оның  ерекше  иілгіштігі  мен  қандайда  бір  синтаксистік  тұрғыда 
қолданылуы,  бүл белгіні оқшауланған сөз  тіркестерінде жиі қолдануға әкеледі  [9]. 
Негізінде  сызықша  сөздің  эмонационалды-экспрессивтілігін  көрсететін  белгі 
болғандықтан,  ол  синтаксистік  мазмүнды  жеткізу  үшін  қолданбайды.  Ал 
сызықшаны  қолданудағы  тәжірибе  барысында  грамматикалық  түрғыда  шектеулі 
түрде  айтылған  сөйлемнің  негізгі  бөлігіне  оқшауланған  айқындауыштар 
(detached/loose attributes)  тіркелгенде біз оны синтаксистік тұрғыда көре аламыз.
Мысалы:
1)  Соның ішіндегі  көңілге  қонғаны,  алысты болжайтыны,  ақылға саятыны, 
қазаққа қажеті -  жер туралы айтқаны.  (Егемен Қазақстан, №39,  26 ақпан,  2014)
2)  This  has  been  a  crazy  season  -  fast-paced,  well-acted,  and  sloppy  in  the  plot 
depertment.  (Boston  Globe,  December 15,  2012)
3)  No questions asked,  no  log  books or  documents were  exchanged  -  apart from 
that  piece of hand written  paper.  (Daily  Mail, August 6,  2013)
Берілген  мысалдарда  оқшауланған  айқындауыштар  салыстырмалы  түрде 
кішкене  аралықты  қамтып,  стилистикалық жағынан бейтараптану  қасиетке  тән. 
Бүған  қарамастан  сызықша  арқылы  оқшауланып  түрған  сөйлемдер  логикалық 
және  эмоционалды түрғыдан ерекшеленеді.  Ал  оның қүрамындағы  сипаттаулар 
үлкен мәнерлілікке, айқындылыкқа ие болады.
Келесі  мысалдардан  оқшауланған  сөз  тіркестерінің  алуан  түрін  көруге 
болады:  Бүл мысалдарда айтылғанды қайтадан қайталап айту көрінеді:
1)  Халқы  бай  мемлекет  -   ең  мықты  мемлекет.  (Жас  Алаш,  №15-16,  27 
ақпан,  2014 жыл)
2)  Бүгін  басқара  білу  -   болжай  білу.  (Егемен  Қазақстан,  №39,  26  ақпан, 
2014 жыл)
3)  Under  director  Michael  Hammond,  it's  all  beautifully  acted  -   almost 
overacted.  (  Boston  Globe,  December  15,  2012)
Э.Патридждің 
зерттеуінше, 
сөйлемнің 
синтаксистік 
қүрылымында 
қайталауды  қолдану  оқшаулану тәсіліне үқсайды,  және  ол  графикалық деңгейде 
тек  қана  сызықша  арқылы  ғана  көрінуі  тиіс.  Синтагматикалық  тізбекте  белгілі 
бір  бөліктің  қайталануы  немесе  мағына  жағынан  жақын  орналасқан,  бір-бірін 
анықтай  түсетін  синонимдік  лексикалық  бірліктердің  болуы  оқырманның 
назарын  аудартып,  қайталанатын  бөліктің  мазмүнына  жаңа  реңк  беріп,  оның 
ерекшелігін  көрсетіп, 
сөздің  эмоцияналды  әсерін  күшейте  түседі. 
Ал 
сызықшаның  бүл  жердегі  ролі  -   ол  қайталанатын  сөйлем  бөлігіне  үлкен 
логикалық ерекшелеу және қосымша көтеріңкілік  береді.
Газет 
материалдарын 
жэне 
жалпы 
пунктуация 
жүйесінің 
функционалдануын  сараптау  барысында  қай  «күшті»  тыныс  белгісін  (қос  нүкте, 
сызықша,  нүктелі  үтір)  алсақ  та,  әрбіреуінің  айтарлықтай  стилистикалық 
мүмкіншіліктері  бар.  Бүл  мүмкіншіліктер  арнайы  коммуникативтік  жағдайда 
ғана іске асады.  Бүл  «күшті» белгілер сөйлем қүрылымында тең қолданылады.

Сызықша, сонымен қатар,  бірыңғай сөйлем мүшелерін көрсетуде кең түрде 
қолданылады.  Негізі бірыңғай сөйлем мүшелері жалпылауыш сөзден кейін келіп, 
қос  нүкте  арқылы  бөлінеді.  Әйтсе  де,  мүндай  түсіндірмелі-анықтамалы 
семантика сызықшаға да тән. Мысалы:
1) 
Қалған  арызданушылар  -   балабақша  меңгерушілері, 
мектеп 
директорлары секілді қызметкерлер  (Жас Алаш, №14,  25 ақпан,  2014 жыл).
2)  Last week,  he  dispatched  a team to  put up  Christmas decorations at her  house
-   garlands  on  the  front  columns  and  white  lights  atop  the  shrubbery.  (Boston  Globe, 
December 16,  2012).
Егер  бірыңғай  сөйлем  мүшелері  жалпылауыш  сөздің  алдында  келсе,  онда 
арасындағы мағыналық қарым-қатынасын  «қорытындылау»  ретінде  қарастыруға 
болады.  Мысалы:
1)  Ауыздықпен  алысқан  арғымақтар,  қару-жарақтар,  қыран  қүстар,  бала 
көтерген  аналар,  ту  көтеріп,  найза  үстаған  батырлар  -   бәрі  де  жарасымды. 
(Егемен Қазақстан,  №39,  26 ақпан,  2014 жыл).
2)  Ақпарат  қүралдары,  баспасөз,  радио,  теледидар,  кино  -   қазақ  үлтына 
қызметжасауғатиісті.  (ЕгеменҚазақстан,  №39,  26 ақпан,  2014).
3)  Nobody  can  yet  say  with  authority  how  many  wins  the  additions  of  Shane 
Victorino,  Ryan  Dempster,  Jonny  Games,  David  Ross  and  Koji  Uehara  -   and  perhaps 
Mike  Napoli  and  maybe  Sandy  Rosario  -   are  going  to  add  in  2013.  (Boston  Sunday 
Herald,  December 16,  2012).
Қарастырылып отырған белгінің тағы бір қызметі  -  Э.  Гауэрдің айтуынша, 
түсіндіруді  енгізу  функциясы.  Сызықшаны  синтаксистік  түрғыдан  әдетте 
предикативті емес үзінділер болып табылатын, түсіндіру -  нақтылауды, түсіндіру
-  түзетуді  ажыратуда  қолдану  -   бүл  белгінің қосымша  ақпаратты  енгізу үшін де 
қолданылатынын да жоққа шығармайды. Мысалы:
1)  Чемпионатта  одан  басқа  қазақстандықтар  Анастасия  Кодратьева  -   19, 
Александра Сасина -  38, Валентина Сауленко 44-орынға орналасты.
2)  Congratulations  are  in  order  to  three  Brookline  siblings  -   Jim  and  Josh 
Solomon  and Jennifer Goorno.  (Boston  Sunday  Herald,  December  16,  2012)
Сызықшаны  толық  сөйлемдер  арасында  тусіндірмелі-аныцтамалы 
магынада қолдану -   аталған тыныс  белгінің алыстатылуына әкелетін мүмкіндік. 
Сондықтан  сызықшаны  осындай  жағдайда  қолдануы  ағылшын  пунктуациясы 
бойынша барлық анықтамалар да және нұсқаулықтар да тіркелмеген.
Келесі  мысалдарда  сызықша  арқылы  оқырманға  сөйлемнің  екінші 
бөлігінде бүрын айтылған ой одан әрі нақтылана түседі:
1)  Оппозицияның  үстанымы  мәлім  -   тіл  табысу,  адам  өмірін  сақтап  қалу 
үшін әскерді майданнан алып кету.  (Жас Алаш, №13,  20 ақпан,  2014 жыл)
2)  Фаризаның  өзін  жалғыз  сезінуі  -   оның  қоршаған  ортадан,  туған 
халқынан,  достарынан  безінуі  емес,  ойларының  қолдау  таппай,  түншығуы. 
(Егемен Қазақстан,  №44,  5 наурыз,  2014)
3)  Қазақстан  жері  -   бір  шетінен  екінші  шетіне  дейін  қүс  қанаты  талатын 
үлан-ғайыр кең өлке.  (ЕгеменҚазақстан, №42,  1  наурыз,  2014)
4)  Фариза  суреттейтін  әйел  осалдығы  -  махаббат  алдында  бас  ию,  сезім 
нәзіктігі, сүюдің азабына көну.  (Егемен Қазақстан, №44,  5 наурыз,  2014)
5)  They  suspect  it  was  ovarian  -   a  type  carrying  a  high  risk  of  blood  clots. 
(Daily  Mail, August 6,  2013)
6)  The  locks  rely  on  a  Bluetooth  connection  -   the  technology  used  by  many 
wireless hands-free phone kits.  (Daily  mail, August 6,  2013)

Міне,  осындай  ретте  сызықшаны  автор 
ыңғайлас 
салалас  құрмалас 
сөйлемнің  түсіндірмелі-анықтамалылығын  ерекшелеу  үшін  қолданып  отыр. 
Алайда,  қазақ  және  ағылшын  газет  материалдарындағы  тыныс  белгілердің 
қойылу  ретін  зерттей  келе,  қос  нүкте  де  түсіндірмелі-анықтамалы  көрсеткіш 
ретінде қызмет атқара алатынын көре аламыз.
Келесі  мәтін  үзінділерінен  сызықша  мен  қос  нүктенің  қойылу  жағынан 
үқсастықтарын байқауға болады:
1)  Олардың  ішінде  экономикалық  жэне  саяси  түрғыдан  өте  түрлі 
деңгейдегі 
елдер  -   Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Түркіменстан  және 
Өзбекстан.  (ЕгеменҚазақстан, №29,  12 ақпан,  2014 жыл).
2)  «Ақ  жолдың»  қүндылықтары  сендерге  жат:  әлеуметтік  саясат,  білім, 
имандылық,отарсыздану  саясаты,  басқа да  проблемалар төңірегінде  еркін ойлап, 
пікір  айтуға  адами,  интеллектуалдық  деңгейдерің  жетпеді.  (Жас  Алаш,  №14,  25 
ақпан,  2014).
3)  There's  a  bit  of  everything:  a  toboggan,  a  violin,  a  buggy  wheel,  canisters, 
banisters,  empty  picture  frames,  bottles  of  this  and  that,  a  suitcase  tucked  away,  a 
Trumbull  Electric  fuse  box,  a  plaid  Bathrobe  hanging  from  a  knob.  (Boston  Globe, 
December 15,  2012).
4)  All  my  belongings -   my jewellery,  family  photos  and  treasured  mementos  -  
are still with  him.  (Daily  Mail, August 6,  2013).
5)  Phone,  wallet,  keys  -   it's  the  usual  mental  checklist  many  of  us  go  through 
before  leaving the  house.  (Daily mail, August 6,  2013).
Бүл мәтін үзінділерінде екі тыныс белгі өзіне тән түсіндірмелі-анықтамалы 
қызметін  тиімді  атқарып  түр.  Сызықша  немесе  қос  нүкте  арқылы  сөйлемнің 
ішінара бөлінуі сөйлемнің екінші бөлігін ерекше айқындайды.
Қазақ  және  ағылшын  пунктуациясында  сызықшаның  салалас  және 
сабақтас қүрмалас сөйлемдерде қойылуына ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақтас  қүрмалас  сөйлемді  сызықша  арқылы  бөлу  алдымен  оның 
мазмүндық  ерекшеліктері  және  оның  коммуникативтік  күрылымдағы  ролімен 
ерекшелінген  бағыныңқы  мен  басыңқы  тура  магыналы  сөйлемдерде  болады. 
Қазақ және ағылшын тілінде сөйлемнің басыңқы бөлігі мен бағыныңқы бөлігінің 
арасында қойылатын сызықша мейлінше мол.
Ал  ағылшын  тіліндегі  газет  мәтіндерін  зерттей  келе,  сабақтас  қүрмалас 
сөйлемнің қүрылымдық ерекшеліктері -  сөйлем бөліктері арасында сызықшаның 
қойылуына  ешбір  түсінік  бермейді.  Бүл  сызықшаның  мүндай  «бекітілмеген» 
кенеттен  пайда  болуын,  тек  нақты  мәтін  үзінділердің  күрылу  ерекшеліктеріне, 
сонымен  бірге  автордың  мәтінді  жеткізу  ниетін,  ішкі  пікірін  білдіру 
ерекшеліктеріне  назар  аударуымен  ғана  түсіндіріледі.  Сызықша  белгілі  бір  жол 
берулерде  (though,  even  though  жалғаулықтары  арқылы),  мезгіл,  мекен,  себеп- 
салдар  (because  және  for  жалғаулықтары  арқылы)  және  шартты  бағыныңқы 
сөйлемдерде белгіленеді. Мысалы:
1)  The  lack of co-ordinated  information  means that,  in  an emergency,  neither the 
out-of-hours  GP,  nor  the  999  crew,  has  any  idea  about the  patient's wishes  -  which  is 
why end-of-life  plans often  fall  apart  in these situations.  (Daily  Mail, August 6,  2013)
Бүл  мәтін  үзінділерінде,  жалғаулықтар  арқылы  сөйлемге  қосымша 
толықтырушы  ақпарат  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  бастапқы  сөйлеммен 
барлық  жағынан  да  тең  болып  келеді  және  коммуникативті  тұрғыда  аса 
маңызды. 
Осындай 
ерекшеліктері 
арқылы 
әдеттегі 
бағыныңкылардан 
ажыратылады.  Келесі мысалды қарастырайық:

The  heir  to  the  throne  topped  the  cream  with  a  strawberry  and  laughed  as  he 
attempted  to  pipe  over  some  strawberry  glaze  -   which  unfortunately  oozed  out  of the 
top  of the bag.  (Daily  Mail, August 6,  2013).
Сөйлемнің  бірінші  бөлігі  (The  heir  to  the  throne  topped  the  cream  with  a 
strawberry  and  laughed  as  he  attempted  to  pipe  over  some  strawberry  glaze) 
грамматикалық түрғыдан толық сөйлем болып келеді;  ал семантикалық түрғыдан 
өз бетінше жеке сөйлем.  Сөйлемнің екінші бөлігі  (which  unfortunately oozed  out of 
the  top  of  the  bag)  сөйлемнің  екінші  компоненттінің  аяқталуынан  пайда  болған 
ойды  қүрайды.  Сызықшаның  көмегімен  which  арқылы  жасалынған  сөйлем 
пунктуациялану 
түрғысынан 
ерекше 
артықшылығы 
бар, 
бүл 
оның 
коммуникативті маңыздылығын көрсетеді.
Ағылшын  тілінде  бағыныңқы  айқындауыштардың  мазмүны  әртүрлі 
қосымшаларды  қосу  арқылы  қиындатылады.  Бүндай  қосымшаларға  -  түсінік 
беру,  қосымшаларды  қосу,  анықтау  жатады.  Осындай  қосымшалар  арқылы 
бекітілген  ақпараттар  көмекші  ретінде,  әрі  толықтырушы,  яғни  факультативті 
болып  келеді.  Бейнелейтін  бағыныңқы  айқындауыштарда  сызықша  сөйлем 
мазмүнына және  коммуникативті-прагматикалық бағытына,  сонымен бірге  оның 
қүрылымына да  өзгеріс  әкеледі.  Мысалы:  They  knew  the  subjects'  characteristics 
at  the 
start  -   their 
ages,  whether  they  smoked,  cholesterol  levels,  their  blood 
pressures.  (The  New York Times,  November 18,  2013).
Бүл  контексттерде  сызықша,  бір  жағынан  алсақ,  формальды  және 
логикалық  түрде  аяқталған  сөйлемнен  кейін  келіп  түр,  басқа  жағынан  қарасақ, 
әйтеуір  әрі  қарай  сөйлемнің  жалғасы  болу  мүмкіндігі  бар  екенін  ескертіп  түр. 
Осындай 
сөйлемнің 
жалғасы 
хабарламаның 
өз 
алдына 
жекеленуімен 
сипатталады  және  ол  алдын-ала  жоспарланбаған,  бірақ  мағынасы  жағынан 
бүрын  айтылған  сөйлем  бөлігімен  табиғи  түрде  байланысады.  Келесі  мысалда: 
The  Mail  doesn't  presume  to judge who  is  right -  though  our  children's  need  for  new 
energy  sources  makes  us  inclined  to  side  with  the  advocates  of  fracking,  which  has 
transformed  the  American  economy.  (Daily  Mail,  August  6,  2013)  пысықтауыш 
бағыныңқылы  сөйлем  бөлігін  ерекшелеу  -  коммуникативті  түрғыдан  қарасақ, 
сызықшаның  ажыратушылық  мүмкіндігінің  әсерінен  болып  отыр.  Бүл  жерде 
сызықша синтаксистік түрғыда емес,  прагматикалық түрғыда қойылғаны көрініп 
түр:  ол сөйлем бөлігінің  қаншалықты маңызды екенін  анықтайды.
Ағылшын  тілінде  сызықшаның  түсіндірмелі-анықтамалы  мүмкіндігі 
салалас  қүрмалас  сөйлемдерде  көрінеді.  Сөйлемнің  екінші  бөлігі  түсіндірмелі 
болып табылып,  багыны щ ы ж алгаулықтар арқылы жасалады:
1) 
But  I  did  know  that  something  had  changed  irrevocably  -   that  thing  would 
never be the same again.  (Daily  Mail, August 6,  2013).
Жоғарыда  келтірілген  мәтін  үзінділері  белгілі  бір  плеоназм  (тілдік 
қүралдарының  артық  болуы)  түріне  әкелетін  сөйлем  қүрылымын  жасап  түр. 
Әйтсе  де,  кейбір  тілдік  қүралдардың  артықшылығымен  сөздің  эмоционалды- 
экспрессивті  ықпалының  элементі  ретінде  стилистикалық  реңк  өте  қажетті. 
Осындай  синтаксистік  қүрылым  өзіндік  графикалық  көрінісімен  ерекшеленеді, 
ал  осы  жерде  сызықша  сөйлемнің  қүрылымдық  және  мағыналық  тұтастығын 
қамтамасыз етуге керек.
Сызықша  бірінен  соң  бірі  орналасқан,  тақырыптық  үқсастықтары  бар, 
белгілі бір шиеленушілік нәтижені қалыптастыратын  мәтін бөліктерін көзбе-көз 
алшақтатады,  сонымен  бірге,  сөйлемнің  екінші  бөлігін  ерекшелеуге  мүмкіндік 
туғызады.

Қазақ және ағылшын пунктуациясында сызықша салалас  құрмалас  сөйлем 
бөліктері 
арасында 
түсіндірмелі-анықтамалы 
қарым-қатынасты 
жеткізуге 
қолданылады.  Мысалы:
1)  Мемлекет  басшысының  қолдауының  арқасында  соңғы  2  жылда  ғылымды 
жалпы қаржыландыру  2,5 есеге жуық  -  2011  жылғы  20  млрд теңгеден  2013 жылғы 
48 млрд  теңгеге дейін өсті.  (Егемен Қазақстан, №29, 12 ақпан, 2014).
2)  Жеке  сектор  ғылымды  толықтай  қаржыландыру  функциясын  өз 
мойнына  ала  алмайды  -   бүл  өндіріс  шығындарының  ұлғаюына  алып  келеді, 
нәтижесінде пайда азаяды.  (Егемен Қазақстан, №41,  28 ақпан,  2014 жыл).
3)  It was  in  1945,  about  six  months  after  his  father's  suicide  -   not  "when  his 
father  killed  himself",  in  1944.  (The  New York Times,  November 18,  2013).
Берілген  салалас  құрмалас  сөйлемдерде  сызықшаны  қолдану  -  сөйлемнің 
бөлінуіне және  белгілі бір дәрежеде  сөйлем компоненттерінің мағыналық тәртіп 
маңыздылығын,  сонымен  бірге  олардың араларының өзгеруіне  және  нақтылауға 
күшті әсерін тигізеді.
Қазақ  тілінде  ажыратушы  сызықша,  негізінен  алғанда,  компоненттері 
индуктивті-дедуктивті  қатынаста  жұмсалған 
ыңғайлас  салалас  құрмалас 
сөйлемдер  мен  сол,  сонша,  соншалъщ,  сондай  сөздерінің  қатысымен  жасалған 
ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге қойылады  [5].
Мысалы:
1)  Оның  бар  айтатыны  -   «оппозиция  жетекшілері  Майдандағы  шеруді 
тоқтатып, қаруларын тастасын».  (Жас Алаш,  №13,  20 ақпан,  2014 жыл).
Бұл  мысалда  берілгендей,  бірінші  компоненттегі  есімдік  баяндауыш 
түсіріліп  айтылу  арқылы  сөйлем  жиі  эллипсистенеді. 
Олардың  бүлай 
ықшамдалған  түрі  қүрмалас  сөйлем  болудан  қалып,  оңашаланған  айқындауыш 
мүшелі жай сөйлемге айналады  [6].
Сызықша  синтаксистік  ережелермен  аз  ғана  байланысты  болғандықтан, 
мәтін  қүру  барысында  жазушыға  жаңа  мүмкіндіктерін  көрсететін  ең  ыңғайлы 
тыныс  белгі  болып  саналады.  Ол  оңай,  әрі  еркін  түрде  баяндаудың  сөйлеу 
жоспарын өзгертеді.  Әйткенмен,  берілген коммуникативті жағдаяттар бүл тыныс 
белгіні ең жиі қолданатын белгі етіп көрсетпейді.
Мысалдарды қарастырайық:
1)  Brian  loved the attention she gave him -  attention  I  had  been  too  busy to offer 
him,  he  reminded  me.  (Daily  Mail, August 6,  2013)
Бүл  мәтін  үзінділерінде  ішкі  сөз  морфологиялық  және  синтаксистік 
түрғыдан өздік есімдік түрін,  тура мағыналы сүраулы сөйлемнің сөз ретін,  сүрақ 
белгісінің қойылуын  көрсетеді. Автор сөзінен кейіпкер сөзіне өту -  мәтін бөлігін 
қүрылым  жағынан  немесе  мағыналық  жағынан  белгілі  бір  өзгеріске  түсіретін 
сызықша арқылы жүзеге асады.
Төл  сөзде  сызықша  төл  сөздің  абзацтық  қүрылымының  басында  түседі: 
диалог  репликаларының  арасында;  төлеу  сөзден  кейінгі  автор  сөзінің  алдында. 
Бүндай  ереже  тек  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  газет  мәтіндеріне  тән,  ал 
ағылшын тілінде сызықша бүл жағдайда қолданбайды. Мысалы,
1.  -   Бүл  компанияның  тек  қүрылыс  қана  емес,  «жасыл  экономика» 
саласында  да  мол  тәжірибесі  бары  ескерілді,  -  деді  Қазақстан  Президенті. 
(Егемен Қазақстан,  №42,  1  наурыз,  2014 ж)
2.  "With  time,  the  deficit  is  only  going  to  grow"  said  Lissovolik  of  Deutsce 
Bank  (The  Moscow
News,  22-24  November,  2012)
Сонымен, сызықшаның қолдану аясы шынымен кең.  Қазақ және ағылшын 
тілінің  газет  мәтіндерін  зерттей  келе,  біріншіден,  қазақ  тілінде  сызықша

қүрылымдық  бос  орындарды  толтыратынын,  ал  ағылшын  тілінде  сызықшаға 
мүндай  қасиет  тән  еместігін  анықтадық  -   бүл  негізгі  ерекшелігі  болып  келеді; 
екіншіден,  қазақ  және  ағылшын  газет  мәтіндеріне  тән  ортақ  қасиет  сызықша 
сөйлемдегі  мағыналық,  прагматикалық  қатынастарды  жеткізеді,  үшіншіден,  төл 
сөзде  сызықша  төл  сөздің  абзацтық  қүрылымының  басында  түседі:  диалог 
репликаларының  арасында;  төлеу  сөзден  кейінгі  автор  сөзінің  алдында.  Бүндай 
ереже  тек  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  газет  мәтіндеріне  тән,  ал  ағылшын 
тілінде  сызықша  бүл  жағдайда  қолданбайды.  Сонымен  катар  сызықша 
эмоционалді-экспрессивті сөйлем тудыра алады.  Бірақ қазақ және ағылшын газет 
мәтіндерінде  сараптай  келе,  сызықшаның  бүл  функциясын  ашу  үшін  арнайы 
зерттеу қажеттігілін көрсетті.
Әдебиеттер:
1.  Эйтчисон  Д.  Английский:  грамматика,  орфография,  пунктуация, 
стилистика.  -  М.:  аквариум,  1996.  -  191  с.
2.  Gowers  E.  The Colplete  Plain Words. -   L.,  1977. -  165-167  p.
3.  McDermott J.  Punctuation  for  Now.  -   Basingstoke.,  L.:  Macmillan,  1990.  -  
108-111  p.
4.  Мүсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  пунктуациясының 
негіздері. Алматы:  Тіл білімі институты.  1959.  -  61-64 бб.
5.  Әуелбаев  Ш.  Пунктуацияның  қиын  мәселелері.  Алматы  «Мектеп» 
баспасы.  1977.  -  24-29 б.
6.  Әуелбаев  Ш.  Қазақ  тілі  синтаксисі  мен  пунктуациясын  оқытуға 
арналған күрылымдық схемалар, Алматы,  1971  ж, -  68-69  бб.
7.  Аманбаева  3.  Тире  как  особый  прием  создания  экспрессивности  в 
газетном тексте казахском и английском языках -  С.  19-24
8.  Валгина  Н.С.  Русская  пунктуация:  принципы  и  назначения  -   М.: 
Просвещение,  1979.  -   С.  51-54  2012-2014  жылдар  аралығындағы  газет 
материалдары:  Daily  Mail,  The  New  York  Times,  Boston  Globe,  Boston  Sunday 
Herald,  The  Moscow  News, Егемен Қазақстан, Жас Алаш
А манбаева З.Ж.,  Бабаш ева А.К.
Ф ункции тире в казахском и англоязы чном  газетном текстах
Данная статья посвящена  функции тире  на материале  казахоязычного и англоязычного 
текстов.
К лю чевы е  слова:  пунктуация,  функция,  направление,  интонация,  грамматика, 
синтаксис,  коммуникация
A m anbayeva  Z.ZH.,  Babasheva A.K 
The functions of dashes  in  Kazakh and  English  newspaper texts
This  article  is  about  the  functions  of  dashes  based  on  the  materials  of  Kazakh  and  English 
newspapers.
Key words:  punctuation,  function,  direction,  intonation,  grammar,  syntactic,  communication
ӘОЖ  82-1  (574)
Р.Қ .  М ү х ам б етқал и ева  -  ф.ғ.к.,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Н.  А тах ан о ва - М.Өтемісов атындағы БҚМ У магистранты
E -m ail: rassi68@mail.ru
Қ.  Ж ¥М А Ғ А Л И Е В   Ө Л Е Ң Д Е Р ІН Д Е Г І ¥ Л Т Т Ы Қ  Т Ү С ІШ К
Аннотация:  Бұл  мақалада  көрнекті  ақын  Қайрат  Жұмағалиевтің  үлттық  дүниетаным 
туралы  жазылған  өлендері  талданып,  ондағы  жеке  сөздер  мен  сөз  саптауларының  мәні  ашып 
көрсетіледі.
Түйін сөз:  үлттық түсінік,  үлттық характер,  сөз саптау,  үлттық пайым.

Көркем  шығарманың  қуаты  ұлттық  болмыстан  ажырамауы.  Авторлық 
машық,  ширыққан  сюжет,  түрең  түспеген  тақырып,  жорға  тіл  дәстүр 
сабақтастығынсыз  шығарманы  өміршең  ете  алмайтындығын  уақыттың  өзі 
дәлелдеп  беріп  отыр.  XX  ғасыр  қазақ  әдебиетінде,  әсіресе  поэзияда  бүл  айқын 
аңғарылады.  Ойын поэзия тілімен  бейнелеуге  жүйрік қазақ жүрты XX  ғасырдың 
20-30 
жылдары 
жаңа 
қоғам 
өзгерістерін 
жырлауды 
науқаншылдыққа 
айналдырса,  одан  кейінгі  жылдарда да бүдан  көбісі айығып  кете  алмады.  Бүгінгі 
әдебиетімізде  көптеген  ақындардың  шығармалары  әдеби  айналымнан  шығып 
қалуы,  оқылмауы  үлттық  пайыммен  суарылмауында  жатыр.  Қазір  қүлаш-қүлаш 
өлендерді  кәсіби  маман  ретінде  астын  сызып  отырып  оқығанда  ішінара  үлттық 
сипатты аңғартатын бір-екі жол,  шумақ кездессе қуанып қаласын.
Демек,  ақындық  поэзияның  негізі  -   үлттық  сипатты  қүрайтын  қоғамдық- 
саяси,  түрмыстық  әлеуметтік  көзқарастардың  жинақталған  дүниетанымдық 
болмысы  болғандығы.  Онсыз  шығарманың  иі  қанбайды.  Көркем  әдебиет 
шығармаларындағы  автор  дүниетанымының  ата  бабалық  көзқарастардан 
сабақтаса 
жалғасқан 
болмысы 
ғана 
оқырмандарды, 
тындаушыларды 
тәрбилейтіні,  өз иіріміне тартатыны сондықтан.  Міне осындай үлттық түсінікпен 
астасып  жатқан  жыр  жолдарын  ақынның  анасына  арнаған  «Сен  жеткіздің» 
өлеңінен оқи аламыз.
«Аналардың арқасында өркеуде,
Қалың гүл ек қаптай өскен өртеңге...
...Сен жеткіздің 
Мені арқалап Бүгінге,
Мен арқалап жеткізе алсам 
Ертеңге...»  [1,  20 б.].
Ақын  өлеңде  «Ертеңге...»  сөзінен  кейін  оқырманын  үлттық  пайым 
тұрғысынан ойланту үшін көп нүктені әдейі қойып отыр. Мүның астарында «анаңды 
Меккеге  үш  рет  арқалап  апарсаң  да  перзенттік  парызыңды  өтей  алмайсын»  деген 
үлттық танымды аңғартар кесімді сөз, үлттық характер  жатыр.
«¥лттық  характер  -   әдеби  шығармадағы  кейіпкердің  үлттық  сипатымен 
ерекшеленеген мінез-бітімі,  оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын 
психологиялық  және  ойлау,  сөйлеу  өзгешелігі.  ¥лттық  характер  -   тарихи 
категория.  Ол  қоғамдық,  рухани,  экономикалық  жэне  саяси  жағдайларға  сәйкес 
қалыптасады.  Дүниені үлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән 
қасиет.  Өнерде  де,  әдебиетте  де  адам  бейнесінен  бүл  қасиет  толық  көрініп 
отырады.  Әр  халықтың  өз  эпикалық  туындыларын  олардың  талай  замандар  үлт 
болып  қалыптасуынан  бөліп  қарауға  болмайды.  Сондықтан  шығармада  үлттық 
характер  жасау  үшін,  оның  дүниетанымын,  психологиясын,  әдет-ғүрыптарын, 
т.б.  қасиеттерін білу керек [2,  211  б.].
Ақын Қ.Жүмағалиевтің аталмыш тақырыпта жазылған өлендерінен үлттық 
түсінікпен  астасып  жатқан  шүрайлы  шумақтарды  азда  болса  кездестіруге 
болады.  Ақыннан  өлеңін  басынан  аяғына  дейін  неге  үлттық  түсінікте  өрілмеген 
деп  талап  қою  да  поэзияны  түсінбеушілік болып  табылады.  Адамзат  баласының 
ортақ  рухани  қазынасына  айналатын  өлеңнің  жалпылық  сипаты  басым  болуы 
әдебиеттегі дағдылы үрдіс,  алайда өленде  бойына үлттық түсінікті сіңіре  білген 
жекелеген  тармақтар  мен  шумақтар  болса  да  үлкен  олжа.  Автордың  ақын 
Түманбай  Молдағалиевке  арнаған  «Жүректес»  өлеңі  осы  біз  айтып  отырған 
үлтық түсінікке белгілі бір дәрежеде суарылған.
«Бар болмысы 
Бүрыннан таныс мүлде 
Көз жіберіп,
¥заған алыс күнге

Отырдық біз екеуміз
Сұхбат құрып
Анам жайған дастарқан,
Дәм үстінде.
...Қашан ғана анашым тыным көрмек,
Кеңес берді тағы да көңіл демдеп.
Бағланның жүрегін екі бөліп 
¥сынды:
-  Жүректес боп жүріңдер!  -  деп»  [1,  91-92 66].
Біз өлең мазмұны түсінікгі болу үшін екі шумақты мысал ретінде  әдейі алып 
отырмыз.  Соңғы  шумақтың  соңғы  тармағы  түйінді  ой  болуымен  қатар  үлттық 
түсінікгің бойына жинақтап түрған сөз саптау екендігінде дау жоқ.  Бағлан жүрегінің 
екіге  бөлініп,  ана  қолымен  бірлікте  болыңдар  деп  үсынылуы  үлттық  пайым 
тұрғысынан үлкен символикалық мәнге ие болып тұр.
Қайрат ақынның бойына есіміне тән қайрат-жігер қалыптастырушы,  балам 
әкесі азан шақырып қойған атына заты лайық болсын деп ісімен өнеге көрсетуші 
анасы  болғандығын  бүгінгі  оқырман  автордың  жырын  оқу  арқылы  қанығады, 
тамсанады.  Ерін  ел  қорғауға  аттандырған  ана  сындарлы  сәттен  сүрінбеді. 
Жалғызым  жалтақ  болмасын  деп  бар  ғүмырын  үлына  арнады.  Отбасын  асырау 
қамымен  колхоздың  қоралы  қойын  ит  қүсқа  алдырмаймын  деп  күшігінен 
асыраған  ақ  төбетін  айтақтап  қосса,  осы  қажырлы  дауыс  бала  Қайраттың 
санасына  өмір  күрес  дегенді  сіңіріп  бақты.  Сондықтан  да  ақын  анасын 
Жүмағалиевтер  әулетінің  шамшырағын  дүлей  дауылдардан  сөндірмей  бүгінге 
жеткізуші  қасиетті  шырақшы  деп  біледі.  Ақынның  "Біздің  үйдің  шырағы" 
өлеңінен  үзінді келтірелік.
"¥зақ таңға жаны бір жай таппайтын,
Ақ төбетті медет қып 
Айтақтайтын.
Жылынуға кіретін үйге кейде 
Қоралы қойды айналып,
Байқап қайтып.
Қайран ғап,
Сәби жаным үқпайтыным,
¥қпасам да,
Шын үйып қүптайтыным - 
Күндіз күлкі - 
Түнде үйқы көрмегенде 
Анашым
Қабағын бір шытпайтүғын.
Біз онда  -
Дүлей дауыл өтінде едік,
Сонда да еш опық жеп,
Өкінбедік.
Біздің үйдің шырағы өшкен емес -
Жердегі жалқы жүлдыз секілденіп"  [3,  44-45 66].
Қазақта  үйдің  шырағын  сөндірмеу  кең  мағынадағы  үғым.  Ата-бабалық 
дүниетаным  әулеттің  өсіп,  үрпақ  сабақтастығының жалғасуын  қалап  "Шырағын 
сөнбесін"  деп  батасын  беріп  жататыны  да  сондықтан.  Өлеңнің  үлтық  сипатын 
байытып,  философиялық  мән  беріп  түрғанда  осы  отбасының  шырағын 
сөндірмеу, бір атаның ізін сақтап қалу деген қазақы түсінікпен астасып жатыр.

Қайрат  Жүмағалиев  өлендерін  оқи  отырып,  перзенттік  махаббатпен 
анасына  қүрмет  білдіріп  жазылған  жырларының  саны  басым  екендігін 
аңғарамыз.  Анасын  жырламаған  ақын  қазақта  кем,  бірақта  Қайрат  ақындай 
циклді  жыр  жазып,  анаға  деген  күрметті  жүректен-жүрекке  жеткізе  білген  ақын 
саусақпен  санарлық.  Кей  кезде  ақын  өлеңінде  басқа  бір  ойды  айтпақ  болып 
отырып,  сол  тақырып  аясында  анасын  қайта  жырына  арқау  еткендігін  өзіде 
байқамай қалатын секілді.  "Жерүшық" өлеңі осының бір айқын көрнісі.
"Туған жерден аумай қалған 
Анашымның бар болмысы, түрпаты...
Кей кездерде 
Жанға батса сырқаты,
Күн қауысар шағында
...Шүйгін жерді тандап алып арнайы,
Тізе бүгіп отырған соң, әрдайым,
Бейне тауап еткендей,
Туған жердің топырағына 
Сүйгізеді мандайын.
... Жер-ананың ақ төсінің 
Жүпар исі шипа боп 
Анашымның ашып көкірек сарайын 
Дерттен тағы арашалап қалады:
Кең жаһанмен қүшақтасып көрісіп,
Батар күннің күрең нүрын бөлісіп 
Осылайша береді анам жерүшық"  [4,  163 6].
Өлеңдегі  сырқаттанған  ақын  анасының  батар  күнмен  жер  үшық  жасауы 
үлттық  дүниетаным  қалыптастырған  түсінік.  Батып  бара  жатқан  күн  жер  ана 
арқылы  бойдағы  ауруды  алып  кетеді  деп  түсіну  қазаққа  ғана  тән.  Бүл  бір 
жағынан  халқымыздың  табиғатқа  өзіндік  етене  жақындығы,  екіші  жағынан 
өзіндік  наным-сенімі.  ¥шынғанда  тағы  да  басқа  жағдаяттарда  жерүшық  беру, 
абайсызда  жығылған  сәтте  үшық  жасау  осының  көрнісі.  Демек,  өлендегі 
жерүшық 
сөзі 
түрмыстық-әлеуметтік 
көзқарастардың 
жинақталған 
дүниетанымдық болмысы.
Тағы  да  бір  тек  қазақ  жүртына  ғана  тән  дүниетанымдық  түсініктегі  сөз 
саптауды  автордың  "Маңғыстау"  атты  өлеңінің  бірінші  шумағынан  таптыц.  Біз 
таптыц деген сөзді айтпақ ойды дөп басып беретін болғасын арнайы курсивпен 
беріп  отырмыз.  Өйткені  болмысы үлттық дүниетанымды  аңғартар  жыр жолдары 
XX ғасыр қазақ поэзиясында некен саяқтанып кеткені ащы да болса шындық.  Он 
кейде  жиырма  мүмкін  мүнан  да  көп  өленді  оқи  отырып,  үлттық  түсінікті 
айшықтап  түрған  бір  жолда  таба  алмай  қиналасын.  Бірақ  бүған  қарап  бүл 
өлеңдердің күны жоқ  деген пікір  қалыптаспауы  керек.  Ақындык қарымдылықты 
паш  етіп  алшысынан  түрған  сәтті  шумақтар  бүл  өлендерде  де  жетерлік.  Дей 
түрғанмен үлттық түрмыстан туындап,  үлтық түсінікті  даралап  көрсете  аларлық 
сөз  саптаудың жөні  бөлек.  Кешегі баба жырау үш  қиянның бірі  санаған  қасиетті 
Маңғыстау мекені ақынның аузына қазақтың жан дүниесін аңғартар сөзді  салған 
екен.
"Күнбатыс бетте 
Ілініп қапты,
Ай батпай...
Әп-сәтте
Көкке Күн шықты шырқап,
Ойнақтай!
Сағымға лезде елпілдей ере жөнелді 
Қүмдауыт дөңдер

Мүрындықтаған тайлақтай"  [1,  132 6].
Өлеңце  сағымдалған  даладағы  қүмдауыт  дөндердің  жетекке  ергіш  мүрны 
тесілген елпілдек тайлаққа теңелуі қандай шынайы.  Шөккен түйенің өркешіндей 
қүмдауыт  дөндердің  қыр  баласының  қиялымен  астасуы  қандай  жарасымды. 
Өлеңнің  соңғы  жолы  "мүрындықтаған  тайлақтай"  тіркесі  үлттық  түрмыстан 
туындаған пайым екендігінде сөз жоқ.
Әдебиеттер
1. Қ. Жүмағалиев.  Күншуақ. Астана.  «Елорда»,  2001. -  240 б.
2.  Эдебиеттану  терминдерінің  сөздігі  //Қүраст.:  З.Ахметов,  Т.Шаңбаев.  -  
Алматы: Ана тілі,  1996.  -  240 б.
3. Қ. Жүмағалиев.  Қүбажон. Алматы.  "Жазушы",  1980.  -  136 б.
4.  Қ. Жүмағалиев.  Сәске.  Алматы.  "Жазушы",  1986.  - 284 б.
М ухамбеткалиева Р.К.,  А таханова Н.
Н ациональное сознание в поэзие К ай рата Ж ум агалиева
В  статье  рассматриваются  стихи  известного  поэта  Кайрата  Жумагалиева  о 
национальном  мировоззрении,  раскрываются  значение  и  сущность  отдельных  слов  и 
словосочетаний.
К лю чевы е  слова:  национальное  сознание,  национальный  характер,  манера  речи, 
национальное  понятие.
M uham betkalieva  R.K.,  Atahanova  N.
National  consciousness  in  K airat Zhumaqalivev, s  poetry
The  article  deals  with the  poems  of the  famous  poet  Kairat  Zhumagalieva  about  national 
worldview,  reveals the essence and meaning of individual  words and  phrases.
Key words:  national  consciousness,  national  character,  speech  manner,  national  concept.
ӘОЖ 821.512.122.092
Ә біш ева Ш .С.  -  ф .F.K.,  доцент 
Ш.  Есенов атындағы Каспий мемлекеттік 
технологиялар жэне инжиниринг университеті 
E -m ail: abisheva_sharapat@mail.ru
С А Л -С Е Р ІЛ ІК  Д Ә С Т Ү Р Ж Ә Н Е  А Д А Й Д Ы Ң  Ж Е Т І Қ А Й Қ Ы С Ы
А ннотация.  Мақалада  XIX  ғасырда  омір  сүрген  халық  мәдениетініц,  ән-күй  онерініц 
окілдері  Сегіз  сері,  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу Мүса,  Шашубай,  т.б.  сал-серілердіц жалғасы 
болып табылатын тек Мацғыстау  емес,  Атырау,  Теке,  Орал,  Ақтөбе,  Орынбор  оцірі  мен  Орта 
Азия  елдеріне  кецінен  таныс,  шетінен  күміс  комей  «Адайдыц  жеті  қайқысы»  атанған 
онерпаздар туындыларыныц коркемдік түстары сөз болады.
Түйін  соз:  халық  мәдениеті,  музыка,  сөз  онері,  әншілік  өнер,  сал-серілер,  поэзия, 
коркемдік  тәсілдер,  дүниетаным,  дәстүр  жалғастығы,  идея,  композиция,  жыр,  жыршы, 
синкретті онер,  композитор.
Қазақ әдебиеті тарихында XIX ғасыр түйдек-түйдек оқиғаларға,  күрделі де 
шиеленісті  әлеуметтік тартыстарға толы  болғандығы,  үлтымыздың қиын-қыстау 
кезендерді бастан өткергендігі белгілі.  Осы түста тарих сахнасына шыққан халық 
мәдениетінің,  ән-күй  өнерінің  өкілдері  Сегіз  сері,  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу 
Мүса, Шашубай,  т.б.  сал-серілер өз өнерлері арқылы елдің күнделікті түрмысына 
ғана  емес,  олардың  ой-санасына,  әлеуметтік  көзқарасына,  дүниетанымына  зор 
әсерін тигізетін ықпалды күшке айналды.
Сал-серілер  -   әншілік  өнер  мектебін  қалыптастыра  отырып,  халықтық 
поэзияны  көркемдік,  тақырыптық,  идеялық  арнада  дамытты.  Әнші-ақындар 
поэзиясы  қазақ  әдебиетінде  ерекше  дәстүрлер  қалыптастырды.  Мәселен,

Арқадағы  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Батыс  Қазақстандағы  Мұхит,  Сыр  бойындағы 
Нартай  дәстүрі  соның  дәлелі.  Бұл  дәстүр  кейін  де  дами  түсіп,  Балуан  Шолақ, 
Жарылғапберді,  Мәди,  Ғазиз,  Үкілі  Ыбырай,  Әсет  т.б.  көптеген  халық 
композиторлары қазақтың ән қазынасын байыта түсті.
Әннің халық өмірінде алатын орнын белгілі ғалым Ахмет Жүбанов:  «Қазақ 
халқы әнге бай,  «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып түрғандай  болып көрінеді» 
деп,  қазақ  халқының  әдебиеті  мен  өнерін  біршама  зерттеген 
Г.  Потанин 
айтқандай,  қазақта  әнсіз  өмір  жоқ.  «Той  бастар»  айтқан  жігіт,  кешкі  ауыл 
сыртында қақсаған жарапазаншы,  ақ киім киіп,  өгізге мініп ауыл аралаған дуана, 
«жын»  шақырып,  зікір  салған  бақсы  -   бәрі  де  әндетеді.  Бәрі  де  жәй  сөзбен 
айтқанда  жетпейтін  сезім  тасқынын  ән  арқылы  шығарады»,  -   деп  пайымдайды 
[1,  105-106 б.].
Сал-серілер  -   елдің  өнері  мен  мәдениетінің  көркі  әрі  көшбасшысы. 
Тарихта  серілер  сүлу  сүйіп,  жүйрік  ат,  алғыр  қыран,  епті  тазы  үстаған  тазалық 
пен  пәктіктің  көрінісі  болса,  сал  -   дүниенің  бетіне  қарамай  шашып-төгіп 
жүретін,  мәрт те жомарт,  мінез-қүлқы да ерекше  адамдар  болған.  Сал да,  сері де 
сегіз  қырлы,  бір  сырлы  өнерпаздар.  Әсіресе,  серілердің  табиғатында  синкретті 
өнер  басым.  Олар  кей  жерлерде  топ-топ  болып  жүріп,  елді  думанға,  қызыққа 
бөлеген.  Мысалы,  Маңғыстау  даласында  Өскінбай  бастаған  «Адайдың  жеті 
қайқысы»,  Шу  өңірінде  Сауытбек  бастаған  «Ашаның  алты  салы»,  Дәурен  сал 
бастаған  «Жетісудың  алты  салы»,  Арқаның  Төлебай  бастаған  «Арқаның  он  бір 
салы»  осылай топтанып барып,  бір-бірінен өнерлерін асырған.
Өкінішке  орай,  қазақ  өнерінің  сал-серілер  жасаған  үлы  мүрасы  кеңес 
кезеңінде  айтарлықтай  қақпай  көрді.  Үкілі  Ыбырай,  Мәди,  Иманжүсіптер  сол 
қызыл  қырғынның  қүрбаны  болды.  Десек  те,  табиғатынан  тума  талант 
өнерпаздар  мәдениеті  кейінгіге  таусылмас  қазына  болып  сақталып  қалды. 
Олардың  әдебиет  тарихына,  үлт  мәдениетіне  қосқан  үлесі  ауыз  толтырып 
айтарлықтай.
Сол  кезең  әдебиетіне  қызығушылық  танытып,  өз  ой-пікірлерін  айтқан 
Ш.  Уәлиханов,  А.  Байтүрсынов,  М.  Әуезов,  Қ.  Жүмалиев,  X.  Сүйіншәлиев, 
Е.  Ысмайлов,  Б.  Кенжебаев,  Ә.  Тәжібаев,  Қ.  Сыдиықов,  С.  Қасқабасов, 
Ж.  Тілепов,  Б.  Уахатов,  Ш.  Сәтбаева,  Қ.  Мәдібай  т.б.  болды.  Ә.Тәжібаев: 
«Лириканың негізі -   халық  өлендерінде,  әсіресе,  сал-сері  атанған:  Біржан,  Жаяу 
Мүса,  Ыбырай,  Әсеттерде  жатыр»,  -   деп  атақты  өнерпаздардың  әдебиет 
толқынындағы орнын баса көрсеткен болатын  [2,  6 б.].
Ел  қазынасы  саналатын  үлы  өнер  өмірмен  егіз,  ел  тағдырымен  астарлас. 
Маңғыстау  өлкесінің  әрбір  тасы  өзінше  бір  әлем,  өзінше  бір  қүпия  сырға  толы. 
Бағзы заманда осы түбектің о шеті мен бү шетінен түрмысына қолайлы, шұрайлы 
жер  іздеген  ата-бабаларымыз  ел  тірлігін  суреттейтін  жыр  жолдары  мен  шексіз 
өнердің  басқа  да  ғаламаттарын  тудырғаны  аян.  Солардың  арасында  өнерімен 
өрге  шауып,  төске  өрлеген,  қатарынан  оза  шауып  бәйге  алған  сүңғыла 
дарындарымыз  қаншама?!  Өнер  әлемінен  ерекше  орын  алған  бабаларымыздың 
ізі  әлі  де  үрпақ  жадында.  Осы  орайда,  «...Маңғыстау  топырағының түзілісі  мен 
табиғаты,  бейнесі  мен  бедері,  тарихы  мен  тағдыры  қаншалықты  ерекше  болса, 
соншалықты  қайталанбас  қүбылыстар  қатарына  жатады.  Нотаға  түсірілмейтін 
күйлерді тек сол өлке ғана тартады, дүние жүзінде үқсастығы жоқ күмбездер мен 
сағаналарды тек қана сол өлке  салады,  адам баласының санасы қабылдауы қиын 
терең  шыңырауларды  тек  қана  сол  өлке  қазады,  дауысы  түстік  жерге  жететін 
әншілер  тек  қана  сол  өлкеде  туады»  [3,  12  б.]  -   деп,  Әбіш  Кекілбайүлы  айқын 
сипаттама берген екен.

Расында  да,  қүпиясы  мол  өлкенің  ерекше  туындылары  жан  сезімінді 
шымырлатпай  өтпейді.  «Жеті  жүрт  келіп,  жеті  жүрт  кеткен»  Маңғыстау 
өлкесінде  тасқынды  жыр  төккен  ақпа  ақын-жыраулар,  олардың  сөздерін  ел 
арасына таратушы небір жыршы-термешілер, дәулескер күйшілер, дауысын алты 
қырдан  асырған  әншілер  өткен.  Қайталанбас  тума  таланттардың  өнері  -  
үрпағына  мақтаныш,  өмірімізге  өнеге  болмақ.  Бүгінгі  күнгі  өнеріміздің  бастауы 
да -  солар.
Қазақ елінің басқа өңірлерінен бөлек үрдіс, соны бастаумен үлы той-жиын, 
думандарға  бірге  барып,  жетеуі  кезектесе  қүйқылжыта  ән  салып,  танды-таңға 
қосып  жыр  айтып,  төгілдіре,  шалқыта  күй  тартып,  тандай  кақтырған,  атақ- 
даңқтары  тек Маңғыстау  емес,  Атырау,  Теке,  Орал,  Ақтөбе,  Орынбор  өңірі  мен 
Орта  Азия  елдеріне  жайылған,  шетінен  күміс  көмей  «Адайдың  жеті  кайқысы» 
атанған өнерпаздардың алар орны ерекше.
«Қайқы» сөзі «сал, сері» деген сөздермен синонимдес үғым.
Маңғыстау  өлкесінде  ғана  қолданысқа  ие  болған  «қайқы»  сөзінің  түп 
төркініне  үңілу  барысында  онымен  шекаралас  Түрікменстанның  Красноводск, 
Небид-Даг,  Ашхабад  жерінде  «қайқы»  -   жігіттің  кербезі,  ал  «кайқылык»  -  
кербездік  деген  мағынада  қолданылады.  Бүл  сөздің  мағынасын  түбі  бір  түркі 
халыктарының  тілінен  іздеген  зерттеуші 
Ш.  Керімов 
В.И.  Вербицкийдің 
«Словарь алтайского  и аладагского  наречий тюркского  языка»  (1884)  сөздігінен: 
«...алтай,  аладаг  тілдерінде  «қайқы»  -   тамаша,  керемет,  куман  диалектісінде  де 
«қайқу»  сөзі  осындай  мағынада  жүреді,  В.И.Рассадиннің  «Фонетика  и  лексика 
тофаларского языка»  (1971)  еңбегінде хакас тілінде  «хай қастық»  -  танданарлық, 
гажап;  тофоларда  «қайһа»  -   тандану,  таңырқау  деген  үгымды  білдіреді»,  -   дей 
келе,  «жогарыдагы  мысалдарга  Караганда,  қазір  сирек  қолданылатын  сөзге 
айналып  үлгерген  «қайқы»  бүрын  кербез,  тамаша,  ғажап  деген  магынада 
жүмсалганын аңғарамыз»  - дейді  [4,  12 б.].
Адайдың  жеті  қайқысы  XIX  ғасырдың  II  жартысы  мен  XX  ғасырдың  бас 
кезінде  Маңғыстау  түбегінде  өмір  сүрген  халық  өнерпаздары  -   Өскінбай 
Қалмамбетүлы  (1860-1925),  Жылгелді  Теңізбайүлы  (1855-1938),  Шолтаман 
Байсарыүлы,  Түрсын  Алдашүлы,  Досат  Бәймембетүлы,  Тастемір  Боранқүлүлы, 
Әділ Өтеғүлүлы  (1869-1931).
Бүлар  өздерінің  дәуірлеген  заманында  елдегі  әлеуметтік  мәселелерді 
басты  тақырып  етіп  алып,  өнерлерін  теңсіздікке  қарсы  күрес  күралы  еткен. 
Олардың  әндерінің  жалпы  мазмүны  -   адамның  куаныш-сүйініші,  мүң-қайғысы, 
махаббат  сезімі,  саятшылық,  жүйрік  ат,  кумай  тазы,  аң  аулау,  қалаберді  елдік, 
ерлік  тақырыптар.  Олар  өз  туындыларында  музыкалық,  поэтикалық  әдістерді 
үтымды пайдалана білген.
Өскінбай  бастаған  «Адайдың жеті  қайқысы»  кей  жерлерде  топ-топ  болып 
жүріп,  елді думанға,  қызыққа  бөлеп,  бір-бірінен өнерлерін асырған.  Осы орайда, 
Ахмет Жүбанов:  «Маңғыстауда  Шолтаман,  Тастемір,  Досат,  Түрсын,  Жылкелді, 
Өтеулі,  Өскенбай  -   «жеті  әнші»,  «жеті  қайқы»  болып  аттары  шығады.  Бүлар 
жетеуі бірге жүріп, көбіне қосылып ән айтады екен.  Ол заманда қосылып ән айту 
сирек  болғаннан  ба,  тындаушылар  бүларды  аса  қатты  күрметтейді  екен.  Әрине, 
жеті кісінің қосылып бір дауыста ән айтуы әннің сапалық жағын сөзсіз өзгертеді, 
күшейтеді, әсерлендіреді,  байытатүседі»  [5,  154 б.],  -  дейді.
Жеті қайқы кезекті өнер сайысынан жеңіспен оралып келе жатып:
-  Жиылып жеті дүлдүл желе кеттік,
Жүп жазбай,  серілікпен елге жеттік.
Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ -  
Өнер мен мерекені ермек еттік.

Ерітіп соңымызға көпшілікті,
Өнерді жасымыздан өрнек еттік.
Кең ойып, шаршы топтан орын алып,
Қара өлең, төрттен салып, дөңгелеттік,  -  деп таныстырады өздерін.
Бірде  «Тесіктам»  жерінде  үлкен  ас  болып,  сонда  өнер  сайысы  өткізіледі. 
Қазылықты  атақты  би  Иса  Тіленбайұлы  атқарады.  Жарыс  қорытындысында 
қомақты  сыйлықтар  таратылады.  Бас  бәйге  Жылгелдіге  беріледі.  Бидің  шешіміне 
көңілі  бітпеген  біреулер:  «Иса  дұрыс  шешім  қабылдамады.  Бірінші  жүлдені 
ағайыны Жылгелдіге берді.  Біздің Өскімбай да сегіз қырлы,  бір сырлы өнерпаз,  би 
әділ  билік  етпеді»,  -  деп  күңкілдейді.  Ac  иесі:  «Араларында  реніш  болмасын, 
Өскімбайға  да  бірінші  орын  береміз»,  -  деп,  оған  ақбоз  атты  көлденең  тартады. 
Асқа  барып,  өнер  сайысын  тамашалаған халық риза  көңілмен  тарасқан екен.  Осы 
Өскенбай 
Қалмамбетұлы 
туралы 
академик 
А.Жұбанов: 
«Құрманғазы, 
Дәулеткерей, Абыл дәстүрлерінің ешқайсысына тікелей соқпайтын, творчествалық 
бағытында  да,  орындаушылық  дәстүрде  де  өз  алдына  бір  төбе  болып  тұрған 
адайлық  күйлердің  негізгі  қорын  бір  басына  жинаған  Өскенбайдың  біздің 
халықтың аспап музыкасында алатын орны ерекше»,  - деп баға берген [5, 68 б.].
Өскенбай  әкесінің  аңшылық  өнерін  де  қапысыз  меңгерген.  Тіптен,  бұл 
өнерді одан әрі дамытып, төңірегін атбегі, құсбегі, қақпаншылығымен тәнті екен. 
Алайда,  Өскенбайдың  даңқын  шығарған  оның  күйшілігі  мен  әнші-ақындығы. 
Оның  мұрасын  жалғастырушы  баласы  Мүраттың  айтуынша  Өскенбайдың 
репертуарында  екі  жүздей  күй,  біршама  әндер  болған.  Өз  төңірегіндегі  Лекер, 
Жоламан,  Дәуітәлі,  Мылқайыр  сияқты  дәулескер  домбырашылармен  үзеңгі 
қағыса  жүріп,  талай-талай  додалы  тартыстарға  түскен.  Сондай-ақ,  көршілес 
түрікмен  ағайынның  ішінде  Қүлбай,  Сапар-Мамбет,  Өдеулі  сияқты  әйгілі 
күйшілермен  де  араласып,  небір  өнер  сынына  түскен.  Осынау  өнерпаз  ортада 
Өскенбай  күйшілігімен  қоса,  әнші-ақындығымен  де  елді  мойындатқан.  Талай 
додада  ел  намысын  қолдан  бермей,  елдік  тақырыптарды  да  қозғап,  екі  ел 
арасындағы  ынтымақ,  бірлікті  де  сақтауға  септігін  тигізген.  Ол  -   халықтың 
рухани  мүрасы  -   күйшілік  өнерін  тал  бойына  сіңіріп,  әрін  тайдырмай,  нәрін 
жоғалтпай келер үрпаққа еншілеген дарын иесі.
Жеті  қайқының  енді  бірі  Жылгелді 
Маңғыстау  ауданындағы  Шайыр 
ауылының  іргесіндегі  «Сарыой»  деген  жерде  1855  жылы  дүниеге  келген.  Ол 
жастайынан-ақ  ауыл,  ел  арасындағы  болған  той,  жиындарда  қара  домбырасын 
жанынан  тастамай,  өз  өнерін  көрсете  бастаған.  Бізге  белгілі  деректер  бойынша, 
ол  тек қана  әнші  емес,  айтулы  ақын-жыршы,  күйші адам болған.  Өкінішке  орай, 
тағдыр-тәлкегі, ел басына туған зобалаң,  қым-қуыт зар заман атамыздың өмірінің 
соңына  дейін  туған-өскен  топырағында  тіршілік  етуіне  мүмкіндік  бермейді. 
1930-1931  жылдары ел арасы сөгіліп,  қуғын-сүргін,  айдау басталады.  Сол себепті 
оңтүстікке ығысқан елмен бірге Жылгелдінің отбасы да көшіп,  Шағадам -  қазіргі 
Түрікменбашы бетіндегі Қулы-Маяк жерінен қоныс тебеді.
Ел  басына  түскен  нәубет  Маңғыстау  жүртына  да  өз  кесапатын  ала  келді. 
1909-1910  жылғы  жүттың  салдарынан  елде  жаппай ашаршылық  басталады.  Осы 
орайда,  Жылгелдінің  өзге  қайқылардан  ерекшелігі  -   сол  замандағы  тарихи 
жағдайға қатысты ел басына түскен қиын-қыстау кезенді жырлайтын  «Жүт итке» 
атты толғауы болса керек.
Толғауда  қой  үстіне  бозторғай  жүмыртқалаған  сонау  өткен  күндер, 
төскейде  малы  өрген,  жайбарақат  жатқан  ауылдың  тамаша  келбеті  берілген. 
Ауыл маңын,  ондағы ел түрмысын суреттен автор енді бүрынғы өткен билер мен 
осы  күнгі  билерді  салыстыра  жырлайды.  Бүрынғы  биді  сары  қасқа  қүлжаға

теңесе,  өз  заманындағы  билерді  парақор  деп  мысқылдап,  қынаптан  шыққан 
қанжарға  балайды.  Бұрынғы  шалқыған  дәулеттің  can  болғандығына  қынжыла, 
елдегі зобалаң, жаппай ашаршылықты ақын ашына жырға қосады.
Толғауда  ит  жылы  болған  жұт  халықты  өзге  аймақтарға  қоныс  аударуға 
итермелейді.  Осы  тұста  түрікмен,  қалмақтармен  болған  қақтығыстар,  ру 
арасындағы  жанжал  елді  әбден  әлсіретіп  жіберген  еді.  Ақын  «Жұт  итке» 
толғауында:
«Зар заман тап болды ғой әлденешік,
Кеменің бірі іште, бірі сыртта -  
Ағайын бірін-бірі қия алмады-ай,
Жылайды қора ішінде қойдай шулап,
Жағада бағып тұрған өңшең кәпір,
Жаны ашып мынау іске қайлы қылды-ай,
Уа, Алла, не  күнәнің болдық иесі,
Шулатып жалғыз жылда айырғандай,  -  десе, енді бірде: 
Жігіттер,  малды жоқтап жыламаңдар,
Жеткізер  қазыналы  мырза  Құдай»,  -   деп,  Алла  несібемізді 
жеткізер деген тоқтамға келіп, елге басу айтады.
Жылгелді  ақын  тек  Адай  жұртына  емес,  Арқаның  Назар,  Шүрен,  Әлім, 
Табын  руларының  бәріне  алдағы  өмірдің  жақсылықтарын  айтып,  елді  бірлікке, 
татулыққа шақырады:
Жапанда жалғыз ағаш жерге қажет,
Ер жігіт жау қайырған елге қажет.
Кер болса қасқа бақай,  құлжа мойын,
Абырой ұмтыла шапқан ерге қажет.
Тағы да бұл сөзінді ұзартамын,
Халыққа  тындайтұғын  жерде  қажет,  -   деген  ғибратты 
сөздермен толғауын аяқтайды.
«Жүт  итке»  толғауынан  аңғаратынымыз,  қайқының  тек  сауық-сайран 
құрып емес, ел қамын ойлайтын сарабдал халық жанашыры екендігін көреміз.
Жылгелдінің  «Адамы  бұл  заманның...»  атты  шығармасы  зар  заман 
ақындарының  туындыларымен  сарындас  болып  келеді.  «Мына  заман  қалай 
болып барады, осы?» деген өлеңінде:
...Адамы бұл заманның болды балық,
¥статпас еш жерінен жып-жылмағай.
Ілтипат ететұғын қалмады жан,
Орнынан  ай  менен  күн  қозғалмағай...  -   деп  құбылмалы 
заманға, адам бойындағы екіжүзді мінезге сын көзбен қарайды.
Сал-серілердің шығармашылығындағы ең өзекті тақырып бүл -  ғашықтық, 
махаббат тақырыбы болып табылады.
Сұлулықты,  әдемілікті  асқақтата  жырлау  сонау  эпостық  жырлардан 
басталса  керек.  «Алпамыстағы»  Гүлбаршынның,  «Ер  Тарғындағы»  Ақжүністің, 
«Қобыландыдағы» Қүртқаның көркем бейнесін жасауда шеберлік қалай жоғарғы 
санатта  көрінсе,  одан  бертін  келе  туған  туындыларда  да  бүл  ерекшелік 
жалғастығын  тапқан.  Жеті  қайқы  шығармаларында  да  эстетикалық  қүрылым 
басымырақ.  Себебі,  олардың  өлендерінде 
адамның  арақатынасы,  махаббат 
сезімдері,  ішкі жан дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленген.
Қайқылардың қай-қайсысы да сүйгендеріне арнап өлең шығарып, ән айтқан: 
Мінген атым астыма қарала-аяқ,
Ағибашқа барам деп жедім таяқ.

Түсінсеңші сәулешім,  айтқан сөзге,
Кетейікші жат елге болып саяқ -  деп, Жылгелді Ағибашын 
жырға қосса,  Айбынын Атыраудан өткізіп, Алатаудан әрі асырған әуен-сазы кең 
де шынайы,  өзгеге ұқсамайтын, тыңдаушысын тұшындыратын «Жеті қайқының» 
бірі -  Досат төмендегі әнін ғашық болған Жамалына арнайды:
¥стағаным қолыма бұйда пышақ,
Жамал,  сені көрдім де жайдым құшақ, Жамал-ай.
Кезең жерде кез болған едің Жамал,
Айдын көлдің аққуы саған ұқсап, Жамал-ай.
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым,  қалқам, саған-ай.
Ақ көйлектің етегін алтындаған,
Айдан аппақ ажарың жарқылдаған, Жамал-ай.
Серуенге сексен қыз шықса-дағы
Сен ішінде қоңыр қаз каңқылдаған Жамал-ай,  -  дей келе, 
қыздың келбетін аша түсу үшін көркем де айшықты сөздерді молынан 
пайдаланады.
Бүл  әннің шығу тарихы да  «Босмойын»  әніне  үқсас деуге  болады.  Себебі, 
Көкжар,  Ойылда  ел  аралап,  өнер  көрсетіп  жүрген  кезде  кезіккен  сүлуға  ғашық 
болып қалған сәтте туған ән.  Сондай-ақ,  бүлардан басқа да  «Ақзер»  деген  әні де 
бар.  Бірақ,  ол  әннің  нақты  кімдікі  екендігі  жөнінде  екіжақты  жорамал  айтылып 
келген.  Зерттеуші  Ж.Жылқышыұлы  «Ақзер»  әнін  Жылкелдінікі  десе,  ғалым 
Қ.Сыдиықов өз зерттеулерінде Досаттың әні деп көрсетеді.  Мысалы:
Қара таудың басына ектім қауын,
Қауынымды жүлдырмай жауды жауын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ақзержанның білмедім аман-сауын.
¥ш қан қүстың әуелде бауыры күйсін,
Ақзержанға сәлем де жалғыз жүрсін.
Жалғыз жүрмей, егер де екеу болса,
Біз де біреу табармыз, өзі білсін!
Әншінің бүл сәлемдемесінен байқағанымыз -  нағыз қайқыларға ғана тән 
тәкаппар мінез.
Жоғарыда  аталған  өлендеріне  зер  сала  отырып,  Досат  шығармаларының 
басты  тақырыбы  -   махаббат  немесе  ғашықтық  лирикаға 
жататындығын 
аңғардық.  Өмірінде  кезіккен  әйелдер  бейнесін  әніне  арқау  еткен  Досат 
туындылары  эстетикалық  көркемдікке  бай  болып  келеді. 
Бүгінгі  танда 
сүлулыққа  жаны  жақын,  табиғи  таланты  бар  өнер  саңлағының  әндері  халық 
аузында жиі  айтылып жүр.  Осы  орайда  зерттеуші А.Ж.Тілегенов:  «Оңтүстік пен 
солтүстік,  Шығыс  пен  Батысты  тоғыстыратын  керуен жолдары үстінде  Көкжар, 
Жармола,  Қарақамыс,  Оймауыт  сияқты  атақты  жәрмеңкелерде  жан-жақтан 
келген  өнер  саңлақтары,  сал-серілер,  ақын-жыраулар,  жыршы,  күйші,  әншілер 
күн  мен  түнді  біріне-бірін  үластырып,  өнер  сайыстарын  өткізіп,  елді  ән  мен 
жырға  бөлеп отырғандығы белгілі.  Осы  кезендерде  ел арасындағы сүлуларға да 
ән  арналған. 
«Босмойын»  әні  Досат  әншінің  Босмойын  сүлумен  осы 
жәрмеңкелердің  бірінде  үшырасып,  содан  кейін  дүниеге  келген  әні  деп  айтуға 
болатын сияқты»  [6,  43-44 б.], -  дейді.
Өскінбай,  Жылгелді,  Досаттар  көбінесе  сезімдік  сипаттағы  әндерді 
шырқаса,  Әділ  Өтеғүлүлы  орындаушылығындағы  өзіндік  ерекшелігімен  әбден

шырқау  шегіне  жетіп,  екі  көзіне  тер  құйылып,  алқымы  ісініп,  аласу  болғанда 
барып -  «Жайма қоңырына» салатын көрінеді:
Жарасқан ақ сұр атқа қара терлік,
Жігітке жараспайды төтен ерлік.
Жабыққан жамандардың ісі дейді,
Көңілді айтып өлең көтерелік...
Бүл  Әділдің  ел  арасында  айтылып  жүрген  әні  көрінеді.  Көңіл-күй 
лирикасына тән  әншінің  өлеңі  жабығып,  қайғыға  берілген жандарды  позитивтік 
қасиет танытып,  үнемі жайдары жүруге үмтылдыратыны сөзсіз.  «Қатарынан оза 
шауып  бәйге  алған  нағыз  дүлдүл  өнерпаздың  бірі  -   Әділ  еті  қызып  алса  -  
екіленіп,  қүйрығымен  жорғалап  ысырылып,  байыз  таппай  кететінін  өзі  де 
аңғармай қалатын болған.  Қолы оң-сол демей,  домбыраның бас-аяғына жоғары- 
төмен  сырғанай,  жосып  кететін  көрінеді.  «Әділдің  қара  әні»  деп  аталатын  әнді 
Шамғүл Ибрагимов  ақсақал орындаған»  [7,  49 б.].
Түйені ойпаң жерге шөгергенмін,
Соңына салқамдардың көп ергенмін.
Жарты қүрт жан қалтадан жарып жеген,
Қүрбыдан сөйтіп жүрген не  көргенмін?
Ақбоз ат астымдағы міндім пәмге,
Асынып шүбар мылтық жүрдім сәнге.
Жәй тастап,  қоңырлатып, шарықтатып,
Түсынан қызды ауылдың салдым әнге.
Ақынның  көңіл-күйін,  болмысын,  сол  замандағы  сәнді  киім  киініп 
серілікпен 
шалқып 
өткізген 
дәуренін 
суреттейтін 
бүл 
ән, 
Алшын 
Мендалыұлының естелігі бойынша,  Әділдің  жігіт шағында Кетікке жаяу-жалпы 
талап  іздеп  кетіп  бара  жатқан  жолында  «Қамыс  өткел»  деген  ауылға  келіп,  сол 
ауылда  айтқан  әні  екен.  Әділ  -   Жеменей  -   Кенже  үрпағы.  Өмірінің  соңғы  кезін 
Атырау,  Сағыз бетінде өткерген.
Келесі  қайқының  бірі  -   Тастемір  Боранқүлүлы  -   суырып  салма  ақын, 
жырау болған.  Атақты Ақмандай күйшімен бірге туған.  Заманында  «Адайдан ән 
оздырған» 
Тастемір 
-   Қауымды, 
Қорғанбай 
маңындағы 
«Шыршығүл» 
қауымдығына, Нүрым жыраудың әкесінің қасына жерленген.
Тастемір шығармаларынан бүгінге дейін бір ғана «Маңғыстау» әні жеткен: 
Тастемір -  өзім атым, ағам -  Нүрым,
Алқада кім сөйлейді бізден бүрын.
Ағамның бар кезінде сөйлегем жоқ,
Қазақтың нақыл сөзін еттім ырым.
Маңғыстау, қүлазырсың із кеткен соң,
Тартады жүзің солғын күз жеткен соң.
Бөктеріп қанжығама кетер едім,
Күнелтер  қалай  халқың  біз  кеткен  соң,  -   деп  өзінің  мүнды 
сағынышқа  толы,  кім-кімнің  де  туған  жерге  деген  махаббатын  арттырар,  сезім 
қылын  шертер,  тіпті,  айтушысын  тапса  -   көзден  жас  шығарар  «Маңғыстау»  әні 
осыдан  қалған  екен.  Зерттеушілер  бүл  әннің  тарихын  Тастемірдің  әкесінің 
өлімінен соң Арқа еліне кетіп қалып,  ол жақта түрақтай алмай,  туып-өскен  еліне 
қайтып  келуімен  байланыстырады.  Ақын:  «Маңғыстау,  сені  тастап  кеткеннен 
соң,  Көзімнің  жүре  алмадым  жасын  тиып»,  деп  туған  топырағына  деген  ыстық 
лебізін білдіреді.  Туған жеріне жетуге асыққан дарынның сағынышы баяндалған 
бүл ән  нағыз азаматтық лирикаға жатады.

Сөз өнерін ұран еткен Тастемірдің ізімен өлкеміздегі әншілікті де,  күйшілікті 
де  бойына  жиған  жеті  бұлбұлдың  бірі  -   Тұрсын 
«Тас  астау»,  «Көл  қайнар», 
«Оймауыт», «Шандоз қызға», «Айырық» атты әндерімен дүйім жұртқа таныс.
Түрсынның  өзі  1930-1931  жылдардағы  ел  басына  түскен  зобаланда 
ұсталып,  хабарсыз  кеткен.  Оның  әндері  Тұрсынның  жастайынан  өнерге  құмар 
болғандығынан хабардар етеді:
Жасымнан құмар болдым ән мен жырға,
Қарадым көзді сүзіп қүрбыларға.
Өнердің өзенінен жүзіп өттім,
Халқымның  өкпесі  жоқ  бүл  Түрсынға,  -   деп  «Айырық»  атты 
өлеңінде  өнер  өзенінен  шөлін  қандырған,  халық  ризашылығына  бөленген 
Түрсынды көреміз.
Өнер  адамдары  әу  бастан-ақ  жаны  сүлулыққа  қүмар  жандар  ғой.  Оларға 
шабыт  беретін  нәрсе  де  сол  сүлулықтың  өзі.  Әдемі  нәрседен  әдемі  дүниенің 
туатыны да анық.  Осыған орай,  әншінің «Тас астау» атты туындысында:  «Қынай 
белді қыздар-ай,  қиылған қас,  Бірге отырып жақсы екен ішілген ас,  Тобылғы мен 
тор  атпен  барғанында,  Күліп  шықса  алдыңнан  бір  қолаң  шаш»  деп  сүлу  қызға 
деген риясыз көңіл, сезім күйлерін көреміз.
Түрсынмен сарындас келетін Шолтаман туындылары да бір төбе.
Шолтаман  ақынның  таланты  тіптен  ерекше.  Тындаушы  қүлағын  елең 
еткізер Шолтаманның бір әні былай айтылады екен:
Дүние -  қызыл түлкі бүлаңдаған,
Айтпаса,  кімнің сырын кім аңдаған?
Барында тіршіліктің сөз сөйлейік,
Бүл дәурен өтпей бастан тұра алмаған!
Бүл  әнді  өзінің  жарау  аты  Керторының  үстінде  шырқау  шабытпен 
шырқаған  екен.  Даусының  кендігі  мен  биіктігі  жөнінен  Шолтаман  да  басқа 
қайқылардан қалыспаған.
Әншінің  шығармаларына  келетін  болсақ,  саны  жағынан  онша  көп  емес. 
Бізге жеткен әндері:  «Дәләйшім»,  «Көкжөтел»,  «Сарыөзен»,  «Дөңасар»,  «Жайма 
қоңыр» т.б.
«Сарыөзен» әнінің мәтіні төмендегіше өрнектеледі:
Дүние қозғалады тимесең де,
Өткен түн қайта айналмас сүйресең де.
Келгенде тура қаза амалың жоқ,
Ғаламды он сегіз мың билесең де,  -  деп,  өсиетке толы өлеңін 
қалдырған  екен.  Бақ-дәулеттің  уақытша  екендігін,  дүниенің  жалғандығы,  өткен 
күннің 
қайта 
айналып 
келмейтіндігін, 
ажалға 
пенденің 
қарсы 
түра 
алмайтындығын  айтады.  Ал  «Дәләйшім»  туындысында  «Қара  бүлақ  қайнары 
тастан  шығар,  Алқын  жүйрік  жүлқынған  жастан  шығар.  Аяғынды,  жігіттер, 
андап  басың,  Алые  емес  дүшпаның,  достан  шығар»  деп,  нақылдап,  кейінгі 
буынға ағалық өсиетін айтса керек.
Жеті  қайқы  шығармалары  сонау  Сырдың  сүлейлері  мен  Көкшенің 
салдарының  туындыларымен  үндесіп  жатыр.  Қазақ  әдебиетінен  ауқымды  орын 
алған  Ақан  сері,  Біржан  сал,  Жаяу  Мүса,  Сегіз  серілердің  әндері  мен  біздің 
маңғыстаулық қайқылардың әндері тіптен ортақ тақырыпқа қүрылған.
Сал-серілерге  тән  сүлулықты,  нәзіктікті,  достықты,  сезімді  жырға  арқау 
ету  дәстүрі  қайқыларда да  көрініс  тапқан.  Әйтпесе  ше? Қайқылар да серілермен 
тең 
дәрежеде 
болған 
елдің 
еркелері 
еді. 
Қайқылар 
мен 
серілер 
шығармаларындағы үқсастықты төмендегі өлеңдерінен  байқаймыз:

Болғанда мүндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз...
...Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз шөп жейтүғын малдың қамы.
Өзді-өзін талап жеген әлі жетсе,
Хайуан  сахарада  аңның  қамы...-  деп  халқының  сол 
кездегі  әлеуметтік  түрмысын,  адамдардың  салғырттықка  бой  алдырып  ішіп- 
жегенге  мәз  болған  сипатына  ашынған  Ақан  сері  мен  Жеті  кайқының  бірі  -  
Жылгелді  Теңізбайүлының  «Адамы  бүл  заманның...»  атты  өлеңі  ортақ 
тақырыпты қамтиды:
...Адамы бүл заманның болды балық,
¥статпас еш жерінен жып-жылмағай.
Ілтипат ететүғын қалмады жан
Орнынан ай менен күн қозғалмағай...  -  дейді  Жылгелді.
Екі  ақында  да  «қайтсек,  тура  жолды  таба  аламыз?»  деген  бір  сауал,  егіз 
мақсат  үштасып  жатыр.  Ақан  ел  атқамінерлері  мен  жуандарды  сынға  алса, 
Жылгелді адамды қолға үстатпай жылп-жылп еткен балыққа теңейді.
Зерттеуші З.Ахметов:  «Поэзия -  сөз өнері, көркемдік шеберліктің тендесі жоқ 
озық  үлгісі.  Оның  үстіне  поэзияның  аса  маңызды  әлеуметтік,  қоғамдық 
күбылыстарды  бейнелеп,  көрсете  алатын  зор  мүмкіншілігі  бар.  Ол  айналадағы 
дүниені,  өмірді  танып-білудің  күшті  күралы,  біздің  қоғамдық  ой-санамыздың, 
көркемдік,  эстетикалық  сезіміміздің  үлкен,  өнімді  саласы.  Сондықтан  поэзиядағы 
сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады» 
[8,  116.],  -   дегендей,  біз  карастырып  отырған  тұлғалардың  шыгармаларында  олар 
өмір сүрген дәуірдің шындығы жатыр.
Қорыта  айтқанда,  Адайдың  жеті  қайқысы  атанған  Өскенбай,  Жылгелді, 
Түрсын,  Досат,  Шолтаман,  Тастемір,  Әділ  сынды  өнер  иелерінің  халықтың  ән 
мәдениетін  дамытуға  өз  үлестерін  қосып,  елдің  сол  түстағы  ауыр  түрмысын,  ел 
ішіндегі  түрлі  әлеуметтік  мәселелерге  белсене  араласып,  өз  туындыларына 
тақырып арқауы еткендігін баса айтуымыз керек.
Әдебиеттер:
1.  Жүбанов А.  Замана бүлбүлдары.  -Алматы,  1975.  -464 б.
2.  Тәжібаев Ә.  Жылдар,  ойлар.  -  Алматы,  1976.  -  472  б.
3.  Сыдиықүлы Қ.  Таңдамалы.  1-том -  Алматы,  2007.  -  576 б.
4.  Керимов  Ш.  Проблемы традиционного  и индивдуального  в творчестве 
казахских  поэтов-песенников  (сал-сері)  второй  половины  XIX  и  начала  XX 
веков. автореф...  канд.  филол.  наук:  -Алматы,  1991.  -24 с.
5.  Жүбанов А.  Өскен онер.  -  Алматы,  1985.  -  248 б.
6.  Тілегенов А. Адайдың жеті қайқысы.  -  Алматы,  2000. -  64  б.
7.  Шыртанов I.  Текті түлғаның түнбасы.  -  Алматы,  2005. -  324 б.
8.  АхметовЗ. Поэзияшыңы -  данальщ. -  Астана,  2002. -  408 б.
Ш .С.  Абишева 
Т радиции сал-сери  (разносторонне творческих личностей) 
и семь к ай к ы   (выдаю щ ихся личностей)  из рода Адай
Здесь  речь  идет  о  художественных  сторонах  произведений  талантливых  людей, 
которые  стали  называться  «Адайдың  жеті  қайқысы»  (семь  выдающихся  личностей  из  рода 
Адай),  обладавших  «серебряными»  голосами,  являвшихся продолжателями традиции  сал-сери

(разносторонне  творческих  личностей)-  представителей  народной  культуры,  песенного 
искуства Сегиз сери,  Биржан сал,  Акан сери,  Жаяу Муса,  Шашубай,  и др.,  живших в XIX веке, 
распространились не только в Мангистау,  н о й  в Атырау,  Теке, Уральске,  Актобе,  Оренбурге,  а 
также в странах Средней Азии.
К лю чевы е  слова:  культура народа,  музыка,  искусство  слова,  песенное  искусство,  сал- 
сери,  поэзия,  художественные  способы,  миропознание,  традиция,  идея,  композиция,  жыр, 
жыршы,  синкретное искусство,  композитор.
Sh.S.  Abisheva 
The T radition of Sal-Seri  (versatile creative  personality) 
and  seven  Kaiki  (outstanding  personalities of the genus Aday 
In  the  article  there  are  touched  about  the  artistic  sides  of the  works  of talented  people,  who 
were  called  «Aday'sZhetiKaikici»  (seven  prominent  personalities  of  the  genus  Aday),  with  «silver» 
vote,  were  the  successors  of  the  traditions  of  Sal-Seri  (versatile  creative  individuals)  -  the 
representatives  of  people's  culture,  art  song  as  segiz  Seri,  Birzhan  Sal,  Akan  Seri,  Zhayau  Musa, 
Shashubay,  and  others  who  lived  in  the  nineteenth  century,  spread  not  only  in  Mangistau  but  in 
Atyrau,  Teke,  Uralsk,  Aktobe,  Orenburg,  as well  as in the countries of the Central  Asia.
Key  words:  culture  of  the  peoples,  music,  art  words,  singing  art,  Sal-Seri,  poetry,  literary 
methods,  world  knowledge, the tradition,  the  idea,  composition,  Zhyr,  syncretic art,  composer.
УДК 821.  512.  122  (092)
Ш .С.  Ә біш ева -ф .F.K.,  доцент 
Ә.Т.  Ж етк ізген о ва -  ф.ғ.к.,  доцент 
Ш.Есенов  атындағы Каспий мемлекеттік 
технологиялар жэне инжиниринг университеті 
E-mail: abisheva_sharapat@mail.ru 
aliyazhetkizgenova@  mail.ru
Х А Л Ы Қ  А Қ Ы Н Ы   С .Ж А Н Ғ А Б Ы Л О В  Т У Ы Н Д Ы Л А Р Ы Н Д А Ғ Ы
Т А РИ Х И  О Қ И Ғ А Л А Р К Ө Р ІШ С І  («ДОСАН Б А Т Ы Р » Ж Ы Р Ы
Н Е Г ІЗІН Д Е )
А ннотация.  Тарихи  жырларда  сөз  болатын  өзекті  мәселе  -   өмірде  нақтылы  болған 
әлеуметтік,  саяси  оқиғалар  екендігі,  XIX  ғасырдағы  халық  қозғалыстары  тарихи  жырлардың 
тиісінше  орын  алып,  коптеген  жыр-дастандарға  арқау  болғандығы,  халық  ақыны  Сәттіғұл 
Жанғабыловтың  «Досан батыр» дастанындағы тарихи оқиғалар корінісі сөз болады.
Түйін  сөз:  тарихи  жыр,  батырлар  жыры,  тарихилық,  жыр-дастан,  халық  ақыны, 
фольклорлық жанр,  омірбаяндық мәліметтер,  библиографиялық деректер
Адамзат  қоғамы  дамуындағы  белгілі  бір  кезеңнің  элеуметтік,  саяси 
оқиғасының эдеби көрінісі -тарихи жырлар.
Қазақ  халқының  басынан  өткен  небір  елеулі  оқиғалар  тек  ғашықтық 
жырлар  мен  батырлар  жырын туғызып қана қоймай,  көптеген тарихи жырларды 
да  өмірге  экелді.  Мүндай туындылар  әсіресе,  тарихи үлкен  өлшеммен қарағанда 
бергі  кезеңдердегі,  яки,  XVIII-XIX  ғасырларда  өмір  кешкен  қаһармандардың  ел 
мүддесіне  өміріне  сарп  еткен  ерлігіне  арналды.  Тарихи  жырлар  туралы  үлы 
ғүлама  М.О.Әуезов:  «Патша  өкіметінің  соғыс  отаршылығы  мен  қысымы,  хан- 
сүлтандардың,  болыстардың  өктемдігі  қазақ  арасында  көтеріліс  тудырып 
отырды.  XVIII  ғасырдың  алғашқы  жарымы  мен  XIX  ғасырдың  басында  қазақ 
халқы  өзін езіп-қанаушыларға қарсы қару алып күресті.  Көтеріліс  кең сахараның 
әр түсынан-ақ уақыт-уақыт бүрқ етіп жатты.  Күреске шыққан халықтың осындай 
ерлік айбары бірқатар тарихи жырлар тудырды»  [1, 75  б.]  дейді.

«Тарихи  жыр»  терминін  алғаш  рет  Ш.Уәлиханов  қолданды  десек,  ал 
М.Әуезов оның жеке дара екенін баса айтып көрсеткен болатын.
Шоқаннан  кейін  қазақ  жырларында  тарихи  оқиғалардың  көрініс  табатыны 
турасында А.Байіүрсынов, М,Әуезов, Х.Досмүхамедовтер құнды пікірлер білдірді.
Бүдан кейінде тарихилық мэселелері  сөз  болған С.Сейфуллин,  С.Мүқанов, 
Ә.Маргүлан, 
Қ.Жүмалиев, 
Б.Кенжебаев, 
Е.Исмайлов, 
Б.Шалабаев 
тағы 
басқалардың  еңбектерінде  тарихи  жырлардың  өзге  эпос  түрлерінен  елеулі 
сапалық айырмашылықтары бар фольклорлық жанр екендігі дэлелденеді.
Дэлірек 
айтсақ, 
қазақ 
әдебиеттану 
ғылымында 
халық 
жыр- 
дастандарындағы тарихи жырлар табиғатын зерттеушілердің тұжырымды ойлары 
болашақ 
ізденістерге 
жол 
салып 
береді.Бүл 
ретте 
белгілі 
ғалымдар 
Р.Бердібаевтың  «Қазақ  эпосы»  /1982/,  Ә.Қоңыратбаевтың  «Қазақ  эпосы  жэне 
тюркология»  /1987/,  К.Сейдахановтың  «Күрес  пен  жеңіс  жырлары»  /1991/, 
Ш.Ыбыраевтың  «Эпос  элемі»  /1993/,  Ж.Тілеповтің  «Қазақ  поэзиясының 
тарихилыгы»  /1994/,  З.Сейітжановтың  «Тарихи  эпос»  /1994/,  Б.Ибрахимнің 
«Тарихи жырлар тагылымы» /1997/, т.б.  еңбектерін атауга болады.
Сондай-ақ, 
С.Сэкеновтің 
«Қазақ 
тарихи 
жырларының 
сюжеттері: 
тарихилыгы  мен  типологиясы»,  Б.Рақымовтың  «XVIII  гасырдагы  қазақтың  үлт- 
азаттық  қозгалысына  байланысты  туган  тарихи  жырлар»  атты  диссертациялық 
жүмыстарында  да  тарихи  жырлардың  зерттелуі,  жанрлық  сипаты,  қазақ  тарихи 
жырларының  өмір  шындыгына  қатысы  жэне  типологиясы  жөнінде  байыпты 
тұжырымдар таратылып айтылган.
Жалпы,  тарихи  жыр  туралы  аталган  еңбектерден  де  басқа  орыс,  қазақ 
фольклористерінің  құнды-құнды шыгармалары көптеп саналады.
Қазақ  ауыз  эдебиетінде  тарихи  жыр  үлгілерін  жинап,  жарыққа  шыгарып, 
үлес  қосқан  галымдар  қатарында  В.Радлов,  И.Березин,  Р.Потанин,  И.Аничков 
т.б.  есімдері белгілі.
Сондай-ақ,  Р.Н.Смирнова  «Проблема  исторического  и  эпического  в 
казахском  эпосе  ХҮІІІ  веке»  /1951/  еңбегінде  жэне  «Қазақ  эдебиетінің  тарихы» 
/1960/,  «Қазақ  тарихи  жырларының  мэселелері»  /1979/,  атты  кітаптарга  енген 
мақалаларында классикалық эпостан тарихи жырлардың айырмашылыгын нақты 
фактілермен жан-жақты көрсеткен.
Академик Қ.Ж^малиев  қай  елдің эпосы  болсын  белгілі  бір  тарихи оқиганың 
ізін  баса  туатынга  үқсайды  жэне  ол  бір  күн,  не  бір  жылдың  гана  жемісі  емес, 
халықтың  басынан  өткізген  талай  заман,  талай  тартыстардың  нэтижесі  екендігін 
айтса,  «Қазақ  тарихи  жырларының  мэселелері»  атгы  үжымдық  монографиялық 
еңбекте  топтастырылган  Б.Уахатов,  Б.Адамбаев,  Е.Түрсынов,  Н.Төреқ^лов,  т.б. 
мақалаларында  тарихи  жырлардың  зертгелуі,  жанрлық  сипаты,  тегі  мен  дамуы, 
тарихи  өлендердің  өзге  жанрлардан  айырмашылыгы  туралы  құнды-күнды  ой 
қорытындылары  жасалып,  бүрын  зерттелген  тарихи  жырлармен  қоса,  Қаракерей 
Қабанбай,  Қанжыгалы  Бөгенбай,  Шақшақ  Жэнібек,  Олжабай  батырлар  туралы 
жырлардың қатарында «Досан батыр» жырын да талдауга орын берілген.
Ғалым  М.Атымов  батырлардың  ойы  мен  арманы  ел  мүңы,  халық 
тагдырымен  бірге  болгандықтан,  қазақтың  батырлар  жырының  айтпақ  болган 
идеясы  мен  мазмүнының  бүзылмай  сақталуы  халықтың  көкейіне  қонып,  оның 
мүң-мүқтажымен  тыгыз  бірлікте  үштасып  жатқандыгында  екендігін  баса  айта 
келіп,  «Бүрынгы  қазақтың  ауыз  эдебиетіндегі  батырлар  жырындағы кейіпкерлер 
кейінірек  келе  18-19  гасырларда  тарихи  шындықта  болган  Сырым,  Исатай, 
Махамбет,  Бекет,  Иса  мен  Досан  тагы  басқа  сол  сияқты  батырлар  бейнесімен 
ауысты.  Бүл  батырлар  бүрынгыга  қараганда шындық  өмірге  біршама жақындай 
түсті»  [2, 7 б.]  дейді.

Зерттеу  еңбектердегі  пікірлерге  сүйене  отырып  эдебиет  зерттеушілері 
тарихи  жырларда  белгілі  мөлшерде  тарихи  шындықтың  ізі  сақталатындығын 
жоққа шығармайды деуге болады.
XIX 
ғасырдағы  халық  қозғалыстары  тарихи  жырлардың  тиісінше  орын 
алып, көптеген жыр-дастандарға арқау болған.
Халық  көтерілісін  басқарған  Исатай  Тайманов,  Махамбет  Өтемісов,  Бекет 
Серкебаев,  Досан  Тэжиев,  Жанқожа  Нүрмүхамедов,  Өтеген  Өтелүлы,  Саурық 
Стамбекүлы,  Сүраншы  Ақынбекүлы  тэрізді  даңқты  батырлардың  қаһармандық 
ерлігі, қолбасшылық рөлі жайында жыр-дастандар туды.
«Тарихта  аты  мэлім  батырлар  хақындағы  жырлар,  Балуанияз  батыр 
туралы,  Ер  Қармыс  туралы  Қалнияздың,  Досан  батыр  туралы  Сэттіғүлдың, 
Исатай,  Махамбет  туралы  Ығылманның  дастан,  жырлары  -   бэрі  де  елі  үшін 
қүрбан болған ерлер ісін елеусіз қалдырмау мақсатында туған»  [3, 42 б.].
Тарихи  жырларда  сөз  болатын  өзекті  мэселе  -   өмірде  нақтылы  болған 
элеуметтік, саяси оқиғалар.
Қазақтың  ауызша  үрдістегі  эдебиетіндегі  тарихи  жырлардың  көпшілігін 
алсақ,  ел  өміріндегі  болған  тарихи  оқиғалармен  тығыз  байланысты.  Оған  ХҮІІІ 
ғасырда  жасалған  Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Жэнібек,  Олжабай,  Өтеген, 
Сырым турасындағы жырлар дэлел.
Тарихи  жыр  мен  аңызда  жаңа  элеуметтік-экономикалық  жағдайға,  жаңа 
дүниетанымдар  мен  талаптарға  сэйкес  келетін  өмірде  болған  жэне  тарихи 
прототипі  бар  кейіпкер  көрсетіледі.  Оның  іс-эрекеттерін  бейнелеуде  реалистік 
суреттеулермен  қатар,  фольклордың  дэстүрлі  элементтері  де  қолданылады. 
Бүдан  біз,  біріншіден  ауыз  эдебиетіндегі  дэстүр  жалғастығын,  екіншіден 
фольклор дэстүрінің өте  беріктігін,  үзақ жасайтындығын көреміз.  Образ жасауда 
реалистік  өрнектер  мен  фольклордың  дэстүрлі  элементтері  бірімен  бірі 
қатарласып,  тығыз  байланысып  түрады.  Біріне  бірі  ықпал  етеді.  Соның 
нэтижесінде өзіндік өзгешелігі бар жаңа өрнектер туады.
Тарихи  жырға  бергі  дэуірдің  оқиғалары  суреттелетін.  Оқиға  елестері 
халықтың көз алдынан элі кете қоймағандықтан,  онда бейнеленген тарихи батыр 
аңыз қаһарманына айналып үлгірмегендіктен,  оның дүниеге қалай келгені,  қалай 
өскені,  қалай  үйленгені  фантастикалық  қалыппен  эңгімеленбейді.  Тарихи 
жырдың  батырлық  жырдан  бір  ерекшелігі  -   мүнда  көбінесе  батырдың  өмірінің 
кейінгі  кезеңі  суреттеліп,  осы  бағытындағы  ерлік  іс-эрекеттері  баяндалады. 
Тарихи түлға образының ерекшелігі реалистік тенденциялардан көрінеді.
Сонымен,  тарихи  жырлардың  негізгі  тақырыбы  -   елді  ішкі,  сыртқы 
жаулардан  қорғау,  тэуелсіздік  үшін  күрес.  Патша  өкіметінің  1868  жылғы 
«Уақытша ереже» патша қысымына қарсы шыққан халық көтерілісін баяндайтын 
тарихи  жырлардың  бірі  -   «Досан  батыр»  дастаны  Маңғыстау  маңында  болған 
1870-73  жылдардағы оқиғаға  байланысты туған.
«Маңғыстау»  энциклопедиясында  да  Қазақ  халқының  тарихындағы 
Сырым,  Исатай-Махамбет,  Кенесарыдан  кейінгі  үлкен  бас  көтерулердің 
қатарына  жататын  Иса  мен  Досан  бастаған  Маңғыстау  шаруаларының  патша 
өкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі көтерілісі екендігі ашып көрсетілген.
Бүл  деректер  көтерілістің  шын  мэнінде  өзіне  лайықты  бағасын  алуына 
бірден бір дэлел көзі бола алады.
Сондай елеулі шығармалардың санатында халық ақыны С.Жанғабыловтың 
«Досан  батыр»  туындысы  мен  бірсыпыра  тарихи  тақырыпқа  арналған 
толғаулары мен дастаны бар.
1870-1873  жылдардағы  патша  үкіметінің  отарлаушылық  саясатына  қарсы 
шыққан  көтеріліс  басшыларының  бірі,  халық  батыры  Досан  Тэжіүлы  туралы

нақты тарихи  деректер  бар.  1935  жылы  Бозашы  түбегінің  Жиделі  деген жерінде 
дүниеге  келіп,  11.02.1876  жылы  Форт  Шевченко  қаласында  түрмеде  қайтыс 
болады.  Сүйегін  Форт  Шевченкодан  туған  жері  Бозашыға  Сәттіғүл  ақынның 
экесі  Жанғабыл  бастаған  бір  топ  ел  ақсақалдары  мен  азаматгары  Қаратөбе 
қорымына  әкеліп  жерлейді.  Қазіргі  таңда  батыр  бейіті  үстіне  күмбез-ғимараты 
көтерілген.  Маңғыстау  ауданының  орталығы  Шетпе  кентінде  орталық  демалыс 
алаңының ортасында Досан батырға ескерткіш қойылған.
«Досан  батыр»  жырының  авторы  Сәттіғүл  Жанғабылов  екендігін 
нақтылайтын  пікірлер  Қазақстан  үлттық  энциклопедиясында,  Қазақ  әдебиеті 
тарихында 
(А.,1961.,1т.,2к.), 
«Қазақ 
тарихи 
жырларының 
мэселелері», 
Қ.Сыдиықұлының 
«Ақын 
жыраулар», 
«Сарқылмас 
қазына» 
(1996) 
монографиялық еңбектерінде талданады.
Қазақстан  ¥лтгық  энциклопедиясының  III  томында  З.Дүкенбаеваның  Досан 
батыр туралы мәліметімен қоса,  белгілі  эдебиетганушы  ғалым  С.Қорабаев  Сәтгііүл 
Жанғабыловтың  ел  аузындағы  аңыз,  эңгімелерге  сүйене  отырып  «Досан  батыр» 
жырын  шығарғаны  туралы  айта  келіп,  бүл  шығарма  халық  арасына  кең  таралып, 
отарлаушылық  езгіге  қарсы  бас  көтерудің  тарихи  шындығын  көрсеткен  көркем 
шығармаға  айналғандығын,  «Досан  батыр»  жыры  өзінің  оқиға  желісінің 
тартымдылығымен  және  көркемділігімен,  тарихи  деректерінің  нақтылығымен 
ерекшеленетіндігін көрсеткен.
Тарихшы  ғалымдар  Е.Бекмаханов  пен  Н.Бекмаханова  да  еңбектерінде 
Маңғыстаудағы 
көтерілістің 
себептерін, 
жалпы 
сипатын, 
қамтыған 
территориялық  көлемін,  басшыларын,  жеңіліске  үшырауын,  көтерілісшілердің 
жазалануын  тарихи  нақты  деректер  көзімен  баяндай  келіп,  Маңғыстаудағы 
шаруалар  көтерілісі  -   отарлық  езгіге  қарсы  шаруалар  көтерілісі  болғандығы 
жөнінде  баға  береді. 
Авторлар  көтерілістің  басталу  себептерін  өкімет 
орындарының 
салық 
төлемін 
өсіріп, 
шаруашылыққа 
тиімді 
жазғы 
жайылымдарының  зорлықпен  тартып  алынуынан  елдің  ашу  ызасы  мен 
наразылығының өршуінен болғандығын көрсетті.
Ата-бабаларымыз  арман  еткен  азаттықтың  ақ  туын  аспандата  көтеру 
арқылы  бодандықтың  бүғауына  бойсүнғысы  келмей  эбден  титықтап,  күш- 
қайраты қайтқанша арпалысып өткен аруақты батыр Досанның бейнесін Сэттіғүл 
ақын  Досан  батырдың  арманы  арқылы  кең  байтақ  қазақ  өлкесінің  қашан  да 
бабаларымыздың  қасиетті  бойтұмарындай  сақталып,  үрпақтарға  мүра  болып 
беріліп,  алып  елдің  басты  қазынасы  ретінде  асыл  игілігі  екендігін  жеткізген. 
Батырдың  бабаларымыз  заманында  білектің  күшімен,  найзаның  үшымен 
жанүшыра қорғап, үлтарақтай жерді де жат қолына беріп, жау табанына таптаған 
қасиетін сақтаушы образымен сомдаған.
Осы тұста  Ы.Шөреков  сомдаған Исатайдай  басшыға қосшы  болып,  ақтық 
демі  біткенше  азаттық  армандап  өткен  Махамбеттің,  Базар  Оңдасүлы  жырлаған 
1860  жылғы  патша  өкіметіне  қарсы  бас  көтеруге  басшылық  еткен,  айдынынан 
айырылса  да  айбыны  жығылмаған  Сыздық  төренің,  Сәттіғүлдағы  ел  тарихын 
беретін  ерлік  дастанын  тудырған  Досан  батыр  тұлғаларында  бір-бірінен 
айырғысыз үқсастықтар барлығы айқын.
Сыздық  сүлтан 
1860  жылы  ¥зынағаш  маңында  орыс  генералы 
Колпаковскиймен  соғысып,  жеңіліс  тауып,  тобы  тоз-тоз  болып  ыдырап, 
күйзеліске  түсе  бастағанда,  бауырлары  Ахмет  пен  Тайшық  сүлтандар  орыс 
жағына  берілгенде,  Сыздық  төренің  жаны  күйзеліп,Ата-бабамыздың  үстаған 
жолын  тастап  орыс  жағына  шықпаймын,  олар  Қоқанды  алса,  Бүхарға  барамын. 
Егер  Бүхарды  да  алса,  онда  басқа  да  мемлекеттер  бар  ғой,  кез-келген  бір 
мүсылман еліне  барармын.  Қалайда ата-баба жолынан  ауытқымаймын»  [4,  23  б.] 
дейді.

Осыған  үқсас  жайт  сенімді  серіктерінің  көбінен  айырылып,  сергелдең 
күйге түскен кезенДосанның басынан да өтеді.
Ол  жанындағы  серігі  Исаның  ояздан  кешірім  алып,  елге  оралу  туралы 
үсынысынан бас тартып:
Сүйегім түтам қалғанша,
Қауіп етпеймін дүшпаннан,
Ажалдан бүрын алар деп;
Мен айтпаймын жалынып 
Патшаға енді барам деп -
деп  жырланатын  жыр  жолдарынан  келтірілген  үзіндідегі  екі  батырдың 
арасындағы  диалогтан  ерекше  рухани жақындық,  батырлардың  бойына қанымен 
келіп,  жанымен  кететін,  алған  бетінен,  көздеген  мақсатынан  тегеуірінді  жолмен 
бүрылмай  жүру  салтын  үстанған  қайтпас  қайсарлық  қасиеттерін  бойларына 
түтасымен  сыйдырған  өр  түлғаларында  айрықша  байланыс  пен  ерен  ерліктің 
үлгісін көреміз.
Ақын  жырлауындағы  Досанның  сол  үлы  бабалар  қанымен  келген 
қалыбында  Жерім  -   Отаным  деген  үраны  болып,  Жерден  айрылса  Отаннан 
айрылатынын,  Отаннан айрылса барлығынан қол көтеріп шығатынын үлылықпен 
үғынғандығын  шебер  бейнелеген.  Сол  үлылық  қасиет  келешек  бүгінгі  үрпаққа 
үласатындығына  ақын  сенімді  болған.  Бэрінен  бүрын  бүған  тарихта  осындай 
ерлік жасап, атына шаң жуытпай өткен қаһарман ер Досан сенімді болған.
Жырда  көне  эпикалық  жырларға  тэн  суреттеу  үлгілері,  қалыпты  формаға 
негізделген  халық  ауыз  эдебиетінің  белгілері  едэуір  кең  көлемде  кездесіп 
отырады.
Ақын туындыларында ежелгі жырауларда кездесетін қаһармандық от шашқан 
үшқыны  бар.  Ғалым  Ж.Ысмаіүловтың  «Ол  заманның  жырауы  -   қол  бастаған 
батырдың  қасындағы  рухтандырушы  «саяси  комиссар»  ғана  емес,  сол  қалың 
жасақтың алдында жүретін қас батырдың кейде өзі, кейде серігі» дейтін анықтамасы 
осындай шығармашылық өкілдеріне берілгендігі даусыз [5].
Академик  С.Қирабаев  қазақ  халқының  ел  бірлігі  мен  тэуелсіздігі 
жолындағы  күресінде  сандаған  ақылгөй  даналар  мен  ержүрек  батырлар  қазақ 
қоғамы  дамуының  барлық  кезеңінде  де  көп  шыққандығына  мысал  келтіре 
отырып, Досан батыр бастаған көтерілісті де атап өтеді.
Ғалым  осы  еңбегінде  «Тарих  пен  эдебиетегіз.  Оларбірін-бірітолықтырып, 
тарих  сабағын  кейінгі  үрпаққа  қатар  жеткізіп  отырады.  Тарихи  деректерге 
сүйенсек,  эдебиет  сол  тарихи  оқиғаларды  суреттеп,  бейнелеп  жеткізеді. 
Сондықтан  қазақ  халқы  бастан  кешкен  оқиғалардың  көбі  тарихи  мэліметтер  д 
еғана  емес,  халықтың  ауызша  шығарылған  эдебиетті  үлгілері  мен  тарихи 
дастандарында,  аңыз-эңгімелерінде,  жырларында  сақталған»[6,  1036.],  -   дей 
келіп,  эдебиетін,  жырын халықтың рухани серігі  етіп  сақтап келген қазақтардың 
ең алдымен тарихи жырларғаерекше мэн бергендігін айтады.
Е.Ысмайловтың:  «Тарихи  оқиға,  тарихи  батыр  өмірі  неғүрлым  оның  ізі 
суымаған  бертіндегі  дэуірде  өтетін  болса,  оны  жырлаушы  ақын  анығына  эбден 
қанатын  болса,  соғүрлым  ол  шығармада  эпостық  жырдың  элементі  аз  болады, 
соғүрлым  реализм  элементі  басым,  айқын  беріледі»  [7,  172  б.]  деген  пікірінің 
«Досан батыр» жырына қатысты біраз түстарын анғарамыз.
Бүған  қоса,  тек  шығарма  мазмүны  ғана  емес,  Досан  батыр  бейнесінің 
берілуінде  де  соншалықты  ертегілік  сипат  байқалмайды.  Демек,  А.Шэріптің: 
«...жыраулық поэзиядағы  батыр -  эпостағыдай «отқа салса -  жанбайтын,  суға салса 
батпайтын»,  «атса -   мылтықтың  оғы  өтпейтін,  шапса -  қылыштың жүзі  кеспейгін» 
кейіпкер емес, кэдуілгі жүмыр басты, екі аяқты, кеудесінде шыбын жаны бар пенде» 
[8, 89 б.] деген пікірінің осы орайда айтылғаны анық.

Сонымен,  «Досан  батыр»  дастанында  өмірде  орын  алған  оқиғалар  желісі 
онша  көп  өзгеріссіз  сипатталганын  көреміз.  Осы  жырдың  тарихилығына  аз-кем 
тоқталып  өткен  А.Бүркітбаева  да  ақынның  батыр  бейнесін  сомдауда  сараңдық 
танытқандыгын айтады.
Тарихи  зерттеу  еңбектерде  Сырым,  Исатай-Махамбет,  Кенесарыдан 
кейінгі  үлкен  бас  көтерулерге  жататын  Иса-Досан  бастаған  Маңғыстау 
шаруаларының  патша  өкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы  көтерілісінің  жалпы 
сипаты тарихи деректер мен қүжаттарга сүйене отырып баяндалады
Тифлис  қаласынан  орыс  тілінде  шығып  түратын  Ресей  патша  үкіметінің 
Кавказдағы  тау  халықтарына,  Маңғыстаулықтарға,  түрікмендерге  өз  саясатын 
насихаттау хақындағы «Кавказ таулықтары жөніндегі жинақ»  (Сборник сведений
о  кавказских горцах) деп аталатын арнайы басылымында кавказдықтар мен адай, 
түрікмендердің  эдет-салты,  әлеуметтік  өмірі  туралы  бірқатар  мэліметтер 
берілген.  Бірақ,  барлық  материалдарды  да  патша  өкіметінің  отарлаушылық 
саясаты  түргысынан  жариялайды.  Жинақтың  1873  жылгы  VII  басылымында 
Адайлар  туралы  бірқатар  деректер  жарық  көрген.  Екінші  бөлімінде  түрікмен 
ақсақалы 
Мүхаммед-Сафа 
атынан 
1870 
жылгы 
Маңғыстау 
көтерілісін 
эшкерелейтін  өлең  береді.  «Тентек  болма,  сен  Рукин  мен  Маяевты  өлтірдің, 
Маңгыстауды  тастап  көшеміз  дегенді  қой,  орысқа  багын,  оның  күші  көп, 
ешқайда кете  алмайсың»  дейтін насихат айтады.  Ал,  үшінші  бөлімінде  Шелекен 
аралында  түратын  түрікмен  Нүри  ақынның  орысшага  аударылган,  1870  жылы 
шыгарылган  өлеңін  жариялаган.  Онда  да  «Қазақтар  орыстардың  үйін  өртеп, 
ошағын  қиратыпты  дегенді  естіп  таңгалдым.  Түрік  сүлтаны,  агылшын, 
француздар  орыстарды  жеңе  алмаган.  Отыз  жыл  согысып  Шамил  де  түтқын 
болып тынган.  Ал  қазақтардың мүндай  іске  жүрегі  түрып жүргенін  қара!  Патша 
үкіметі  сені  тоз-тоз  қылады,  сорыңды  қайнатады,  асыл  заттарыңды,  бар 
байлыгыңды  тартып  алып,  эйеліңді  күң,  балаларыңды  қүл  қылады,  үлдарыңды 
солдатқа  алады»  деп  үрей  тугызады.  Төртінші  бөлімде  орыстардың  көптігі  мен 
күштілігін мадақтайды.
Демек,  аталмыш  көтеріліс  өз  түсында  аты  шыгып,  біраз  елді  хабардар 
еткенге үқсайды.
Архив  материалдарын  үзақ  уақыт  зерттей  жүріп,  аталмыш  көтеріліс 
туралы  алғашқы  толымды  еңбек  берген  көрнекті  ғалым  М.Түрсынованың 
көтерілісшілер,  оның басшылары туралы кезінде жазганы белгілі.
Сондай-ақ,  қолга  түскен  Досан  мен  оның  жолдастарына  мемлекетке  аса 
қауіпті  қылмыскер  ретінде  қатаң  режиммен  қарап,  оларды  жеке,  салқын  эрі 
сызды 
қараңгы 
камераларда 
аш-жалаңаш, 
төсенішсіз 
үстагандыгы 
М.Түрсынованың,  Ә.Спановтың,  С.Әділхановтың  еңбектерінде  нақты  тарихи 
дерек көздерімен дэлелді жазылган еді.
Осы жырдың жазылу тарихына қатысты  деректердің  бірі -   ауыл  арасында 
ақын  бала  атана  бастаган  Сэттігүлга  сөзден  маржан  терген,  жез  таңдай  «От 
ауызды,  орақ  тісті»  атанган  Мәтжан  би:  «Саган  еліміздің  басынан  өткен  ауыр 
оқигасының  бірін  айтып  берейін,  соны  жеті  күнде  дастан  етіп  кел»  деп,  Иса- 
Досан көтерілісі туралы мэліметтер арқылы тапсырма береді.
Сондагы  Сэттігүлдың  жырлаганы  -   «Досан  батыр»  жырының  алгашқы 
нүсқасы е к е н .
Сэттігүл  өз  аузымен  айтатын  естеліктерінде  дастанды  эр  жерде  қысқаша 
толгап  жүріп,  1939  жылы  дастан  дэрежесіне  жеткіздім  делінеді.  Сэттігүл  бүл 
кезде  63  жаста  болган.  Ал,  Мэтжан  би  1841  жылы  туып,  1929  жылы  дүниеден 
өткен.  Сонымен  Сэттігүл  мен  Мэтжан  бидің  арасындағы жас  айырмасы  35  жыл 
болып шығады.

Ал,  «ақын  бала атана бастаған бозбала  Сәттіғүл»  эрі  дегенде  17-19  жастар 
шамасы  болар.  Демек,  бүл  дастанның  негізі  XIX  ғасырлардың  аяқ  жағында-ақ, 
яғни,  1892\95  жылдар  шамасында-ақ  Иса-Досан  бастаған  халық  көтерілісі 
оқиғасына  қатысты  туындының  ақын  аузымен  жырға  айналып  айтыла 
бастағанын аңғартады.
Ақынның экесі Досан  батырмен  өте жақсы таныс  болғандығы,  оны  қатты 
құрметтеп, қадірлеп,  аузынан тастамай отырғандығы :
«Тәжіүлы  Досан  батыр  мен  Тіленбайүлы  Иса,  Шабайүлы  Сүгірлер  1870­
1873  жылдары  патшаға  қарсы  халық  қозғалысын  бастаушы  қаһармандар  еді. 
Досан ереуілі  менің туып-өскен жерім  Маңғыстауда  болды.  Оқиға мен тумастан 
үш-ақ жыл  бүрын  болған.  Досан  батыр  өлгеннен  кейін  батырдың  сүйегін Досан 
ереуіліне  қатысқан  экем  Жанғабыл  жерлесті.  Зират  Маңғыстауда  Қаратөбе 
дейтін  жерде.  Досан  туралы  экем  талай  айтқан.  Ол  көтеріліс  жайын  жақсы 
білемін»[9],- деген сөздері нақты дэлелді айғақтап алдымызға тартады.
Белгілі эдебиет зерттеушісі, ғалым Б.Шалабаев  1948 жылы «Қазақ эдебиеті 
тарихының»  I  томында  Сәттіғүлдың  «Досан  батыр»  дастанының  қысқаша 
мазмүнын  баяндап  өтіп,  жырға  арқау  болған тарихи  оқиға  себебін,  қақтығыстар 
болып  өткен  территорияларды  нақты  фактілермен  үштастыра  дэлелдеп, 
жекелеген  басты  кейіпкерлерін  де  өмірдегі  прототиптерімен  салыстыра 
мінездеме  беріп,  жалпылама  талдау  жасап  шыққан.  Бірақ  ғалымның  қандай 
мэліметке  сүйенгені  белгісіз:  «Осы  көтерілісті  сипаттайтын тарихи жырдың  бірі
-   «Досан  батыр».  Бүл  жырды  1939  жылы  ел  аузынан жазып  алған  Маңғыстауда 
тұратын  халық  ақыны  Жанғабылов  Сәттіғүл»  деп  жыр  авторы  туралы  теріс 
түсінік беріп өткен.[10,  48  б.]
Дей  тұрғанмен,  осы  ғылыми  зерттеу  еңбегіндегі:  «...Бүл  қасиет  Досанды 
көпшілікке  аса  сүйкімді  адам  еткенге  үқсайды.  Сондықтан  да  халық  Досанға 
ескерткіш ретінде осы дастанды шығарды»  [10,  52 б.], деген жолдар да ғалымның 
қолында  жырдың  шынайы  авторы  Сэттіғүл  Жанғабылов  екендігін  растайтын 
нақты дерек болмағандығын айқындай түседі.
Кейін  1977 жылы жарық көрген М.Турсынованың «Казахи Мангышлака во 
второй  половине  XIX  века»  атты  монографиялық  еңбегінде:  «Вести  о  мужестве 
Досана  из  каземата  доходили  до  народа.  Поэт  Саттыгул,  воспевший  восстание 
1870 г.,  считает его первым  руководителем движения...»- деуі Сәттіғүл ақынның 
аталмыш көтерілістің басшысы Досан деп тануын гана емес, сол көтеріліс туралы 
дүниеге  келген «Досан  батыр» жырының авторы  Сэттіғүл екендігіне  де  ақынмен 
тікелей  араласы  жоқ  ғалымдар  қауымының  да тануының  белгісі  деп  қабылдауға 
болады.
Сондай-ақ,  1979  жылы  жарық  көрген  «Ақын-жыраулар»  атты  ақын- 
жыраулардың өмірбаяндық мэліметтері мен библиографиялық деректері берілген 
жинақта  да  ақынның  Маңғыстаудағы  Досан  Тэжиев  бастаған  халық  көтерілісін 
«Досан  батыр»  дастанында  суреттеп  жырға  қосқандығын,  қазақ  эдебиетіне 
қосқан үлесін айқындап көрсеткен.
Оның  шығармашылық  жолымен  таныс  адамдардың  барлығына  да  Ресей 
отаршылдарына  қарсы  азаттық  күресте  қол  бастап,  жау  қайтарған  халық 
батырының  ерлік  өмірі  мен  өкінішті  өлімін  жыр  етіп,  «Досан  батыр»  атты 
көлемді  дастан шығарып,  қалың  елге таратқан  Сәттіғүлдың тегін  өнер  иесі  емес 
екендігі белгілі.
Шындығында,  Маңғыстау  өлкесінің  ақын  шығармаларын  қадірлеп, 
қ ұ р м е т т е й т і н  
еңбектеген  баласынан,  еңкейген  кэрісіне  дейін  талассыз,  дау- 
дамайсыз  «Досан батыр» дастанын  Сэттіғүл Жанғабылов мүрасы деп біледі.

Себебі,  жастайынан  ақын  шығармаларын  тыңдап  өскен,  жаттап  өскен 
өскелең  өрендер  бүгінгі  күнде  «кэрі  қүлақ,  көне  көз»  аталатын  қариялар 
қатарына  еніп,  өткен  күндер  өрнегінде  із  қалдырып,  сыр  шертетін  шежірелер 
шындығымен дэлелдей алады.
Ақын  мүрасына  жанашырлық  танытушы  С.Мүқанов,  Ә.Сэрсенбаев, 
Х.Ерғалиев,  Ә.Кекілбаев,  Қ.Сыдиықов,  Ж.Тілепов,  Ж.Жылқышиев,  С.Нүржанов,
А.Бектүрғанов,  М.Әбдіхалықов,  М.Атымов,  Б.Қорқытов,  А.Әбдіров,  Т.Малаев, 
С.Хайдаров,  Ш.Әленов,  Т.Шайкөзов,  О.Бэлдеков,  О.Ізбасаров,  У.Қайралапов, 
Ө.Алшынбаев, 
Е.Оразақов, 
Т.Медетбеков, 
Д.Хасанов, 
М.Бимағанбетов, 
Ә.Қонарбаев, Қ.Досболов сынды жазушы-ақын, журналистер ақын мерейтойлары 
қарсаңында мерзімді  баспасөз  беттерінде жарық  көрген мақалалары,  зерттеулері 
кейбір  өлеңдерінің  шыгу  тарихы  туралы  мэліметтері  мен  естеліктері  осының 
бүлтартпас айғағы.
Бүл  турасында  Сэттіғүлдың  жекелеген  шығармаларына  зерттеулер 
жүргізіп,  талдаулар  жасаған  белгілі  ғалым  Қ.Сыдиықүлы  ақын  шыгармалары 
толығымен енгізілген «Аманат»  атты жинағына жазған «Халық жыршысы»  атты 
алғысөзінде:  ««Досан  батыр»  Сэттіғүлдың  өзі  шығарған  төл  шығармасы. 
Сэттіғүлдан  бүрын  ел  аузында  Қазақстанның  батыс  аймағында  ондай  шығарма 
болмагандыгын  бүгінгі  көзі  тірі  ақын,  жыршылар,  бүкіл  ел  растайды  және 
ақынның  1952  жылы  қаңтардың 20  жүлдызында Қазақстан  Жазушылар  Одағына 
жазған хатындағы  «1948  жылы  шығарылған  «Қазақ  эдебиеті  тарихы»  кітабында 
менің  бүл  шыгармамды  «1939  жылы  ел  аузынан  жазып  алған  Жанғабылов 
Сэттіғүл»  деп теріс  айтылғанына,  өз шығармамды  бөтеннің сөзі дегеніне ренжіп, 
қынжыламын.  Досан  батыр  туралы  жыр  ешкімнен жазылып  алынган  емес,  1939 
жылы өзім шығардым...  » деген жолдар дәлел.
Сонымен,  зерттеушілердің  дэлелді  пікірлері  осы  тарихи  оқиға  кезеңінде 
азаттықты  арман  еткен  айтулы  ерлерді  елі  үшін  бес  қаруын  сайланып  атқа 
қондырған  ерліктерімен  қоса  жекелеген  нақты  фактілер  Сәтгігүлдың  жанынан 
шыгарып  жырлауымен  «Досан  батыр»  атты  тарихи  жыр  болып  жеткендігіне 
көзімізді жеткізеді.
Әдебиеттер
1.  Әуезов  М.  Жиырма  томдық  шыгармалар  жинагы.  Т-17.  -   Алматы: 
Жазушы,  1985. -400 б.
2.  МАтымов.  Қазіргі  қазақ  романдарындагы  замандас  бейнесі.  Алматы, 
Білім,  1983. -40  б.
3.  Сыдиықүлы Қ.  Біртума жыр санлақтары./XVIII- ХХгг/ 2001. -268  б.
4.  Кенесарыүлы  А.  Кенесары  және  Сыздық  сүлтандар.  [Аударган 
Ғ.Ахмедов]. -Алматы:  Жалын,  1992. -48  б.
5.  Ысмағүлов.  Ж. Абай ақындық тағлымы. -Алматы:  Ғылым,  1994. -  280 б.
6.  Қирабаев С.  Әдебиегіміздің ақтандақ беттері. -  Алматы: Білім,  1995. -288 б.
7.Ысмайлов Е. Ақындар.  -Алматы:  ҚМКӘБ,  1956. -340 б.
8.Шэріп.А Қазақ поэзиясы және үлтгық идея.  -  Алматы: Білім, 2000. -336 б.
9.  Әділханүлы С.  Досан батыр. -Ақтау,  1998. -122 б.
10.Қазақ эдебиетінің тарихы I-Т. -Алматы:  ҚазМембаспа,  1948. -438  б.
Ш .С. Абишева,  А.Т.Ж еткизгенова 
И зображение исторических событий в произведениях народного поэта С .Ж ангабы лова
(на основе поэмы  «Досан батыр»)
В  поэме  народного  поэта  Саттыгула  Жангабылова  «Досан  батыр»  изображены 
исторические  события,  являющиеся  актуальной  проблемой  исторических  поэм-  социальные
политические  события,  имевшие  место  в  реальности  и  происходившие  в  XIX  веке  народные 
волнения,  занявшие  свое  место  в  исторических  поэмах  и  послужившие  основой  многих 
эпос ов-дастанов.
Клю чевы е  слова:историческая  поэма,  поэма  о  батырах,  историзм,  поэма-дастан, 
народный поэт,  фольклорный жанр,биографические сведения,  библиографические данные

Sh.S.Abisheva,A.T.Zhetkizgenova 
Historical  events  in the w orks of S.Zhangabylov,  folk's  poet (based  on  «Dosanbatyr


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет