Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Келелі кеңес өтті

ДалаДағЫ ДаБЫл

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне –100 жыл

тұсаукесер

МәденИет 

Иманов бастаған «Торғай көтерілісі» еді. 

Мұндай бас көтерулер қазақ даласының 

әр жерінде тұтанып, Жетісу, Сырдария, 

Ақмола, Семей, т.б. әкімшілік губерниялар-

да халықтың толқуы орын алды. Мысалы, 

Жетісудағы көтерілістің бірі – «Қарқара 

көтерілісі» болды. Бұл көтеріліске Ұзақ 

батыр мен Жәменке би басшылық етті. 

Көтерілісті басып-шаншыған соң Ұзақ ба-

тырды сотсыз, тергеусіз атып тастады. Ал 

Жәменке биді у беріп өлтірді. 

Жетісудағы екінші көтеріліс, қазіргі 

Алматы облысының Қарасай батыр мен 

Жамбыл ауданының аумағында болды. 

Оны басқарған Бекболат Әшекеұлы мен 

белгілі революционер Тоқаш Бокин еді. 

Бұл көтеріліс те басып-шаншылған соң 

Бекболат Әшекеұлын Алматыда дарға 

асты. Тоқаш Бокинді Кеңес өкіметінің 

алғашқы жылдарында өшіккен жаулары 

тірідей өртеп жіберді. Ал көтерілісшілердің 

қолға түскендерін жазалаушы отряд. Тірі 

қалғандары Қытайға ауып кетуге мәжбүр 

болды. 

1916 жылғы патшалы Ресейдің астам-



шылық, отарлау, озбырлық саясатына 

қарсы көтеріліс бұрынғы Семей губерния-

сы, қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында да 

болды. Мысалы, Өскемен уезі «Тойынты 

тарғын» болысындағы көтерілісті Күркебай 

батыр мен оның баласы Базар басқарды. 

Екеуі де «құралайды көзге атқан» мерген 

болған. Көтеріліс жеңілген соң бұлар Алтай 

тауына барып бекініп, ары қарай Тарбағатай 

тауы арқылы Қытай асып, соңында Құлжа 

аймағына өтіп кетеді. 

дәуір дауысы

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

  Венгрияның Қазақстандағы елшілігінде Түркі академиясы өкілдерінің 

қатысуымен  дөңгелек үстел өтті.  

Басқосуға Венгрия тарапынан Қазақстандағы Төтенше және 

Өкілетті Елші Андраш Барани, Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі 

Рашад Мамедов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, сонымен 

қатар Венгрияның Қазақстандағы консулы Шандор Дороги, Вен-

грия елшілігінің атташесі Петер Седеркени, Түркі кеңесі Ақсақалдар 

кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, профессор Болат Көмеков, жазушы, 

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдік, көрнекті ғалым 

Дихан Қамзабекұлы, кәсіпкер, меценат Сапар Ысқақов және басқа 

қазақстандық көрнекті түркітанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері 

қатысты. Жиынды ашқан Түркі академиясының басшысы Дархан 

Қыдырәлі мажар ғалымдарының түркітану ғылымына қосқан үлесі 

мен тың ізденістерін атап өтіп, екі ел арасындағы тарихи-мәдени 

байланыстардың маңыздылығына тоқталды. 



Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер 

орталығында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері 

Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Жайығым деп 

сыр ашып, жырдан төккен кестесін» атты әдеби­музыкалық кеш өтті.

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен 

ұйымдастырылған шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, 

сөздеріне жазылған әндер орындалды. Сонымен қатар соңғы кез-

де естеліктер жазып жүрген ақынның өзі әдебиет пен өнер, қазіргі 

қоғамның келелі мәселелері, жас ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғады. 

Кеш авторы А.Бақтыгереева өткен жылы қалада Қадыр Мырза Әлі 

атындағы орталықтың ашылғанын атап өтті. 



Тарихтан сыр шерткен 

Шығарма мемлекеттік 

комиссияға ұсынылды

 «Дін және тарих тағылымы» 

«Жырлайды жүрек» 

Ұтымды рухани байланыс 

«Жайығым деп сыр ашып, 

жырдан төккен кестесін» 

кИнотуынды

руханИят

ИМан


тағзыМ

дөңгелек үстел 

кеш

тыда басталған көтерілістің лебі Баку-



ге, Тбилисиге, Вильнюске, Сумгаитке, 

Ферғанаға және Саха Республикасына 

әсер етіп, әзербайжан-армян, грузин, 

Балтық бойы елдері халықтары, месхет 

түріктері және т.б. көтеріліске ұласты. 

Нәтижесінде, 1991 жылғы 8-желтоқ-

санда Беларусь жеріндегі Беловеж ор-

манында Ресей (сол кездегі президенті 

Б.Ельцин), Украина (Л.Кравчук) және 

Беларуссия (С.Шушкевич) басшыларының 

ұйғарымымен КСРО таратылды. КСРО-

ның құрамындағы республикалар жеке 

тәуелсіз ел болып, социалистік даму фор-

мациясынан бас тартып капитализмге 

бет бұрды. Бұны көрген біраз социалистік 

елдер де капитализмге ауысты. 

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ стан 

Республикасы өзінің Тәуелсіз дігін жария-

лады. Бұл күн «Тәуелсіздік күні» болып 

аталып келеді. Ал  Желтоқсан көтерілісіне 

биыл  30 жыл толады.  

1916 жылғы көтерілісте талай адам 

құрбан болды. Басшыларынан басқа, 

қатардағы сарбаз болғандардың көбі 

шейіт болып кетті. Амангелді Иманов 

пен Жетісудағы көтерілістер туралы біраз 

кітаптар жазылып, кинолар түсірілді. 

Қалған көтерілістер қай жерде болды, кім 

басқарды, оларды еске алып, насихаттап 

жатқан ешкім жоқ. Бұның себебі, әлі күнге 

дейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі 

жайлы Кеңестік идеология шеңберінен 

шыға алмай реакциялық теріс көтеріліс» де-

ген пікірден арылмай келе жатқанымызда 

болса керек. Сондықтан да бұл көтеріліс 

туралы тарихи әділ баға берілмей келеді. 

Өйткені, оны дәл көрсететін, атап өтуге 

себеп болатын нақты күні жоқ деп сылтау-

ратамыз. Әрине, қазақ даласындағы бұл 

көтеріліс әр жерде, әр уақытта бас талды. 

Дегенмен, олардың бәріне ортақ бір дата-

сы бар. Ол – қазақ халқының көтеріліске 

шығуына себеп болған 1916 жылғы 25 

маусымдағы патшаның «Июнь жарлығы». 

Ендеше, «25 маусым – 1916 жылғы ұлт-

азаттық көтеріліс күні» деп белгілеуге әбден 

болады. 25 маусымда шейіт болғандарды 

еске алып, жиналыстар, конференция-

лар, т.б. шаралар өткізіп, осы күні құран 

оқылып, ас берілсе дұрыс болар еді. Бұл 

күнді «ҚР мемлекеттік мерекелер» күніне 

қоспаса да, «ҚР кәсіптік және өзге де ме-

рекелер» күніне қосу керек. Биылғы, 1916 

жылғы көтерілістің 100 жылдығында бұл 

шаралар іске асуы міндетті. 

Әйтеуір, біз басқаға келгенде көлдейміз, 

өзімізге келгенде шөлдейміз. Басқаның 

қаңсығын таңсық көреміз. Өзгені төрге 

шығарып, өзіміз босағада отырамыз. 

Барымызды бағалап, насихаттап, айта 

білмейміз. Әйтпесе, осындай әлемге 

әсер еткен көтерілістерімізді дүниеге 

паш етер едік қой. КСРО-ның құ рылуы 

мен құруы әлемді өзгерткені баршаға 

аян. Ал, КСРО-ның құрылуының да, 

құруының да бастауында қазақтардың 

көтерілісі тұр. Бұны ашып айтуға әлі күнге 

дейін жасқанамыз, жалтақтай мыз. Бұн-

дайларды ашып айта алмасақ ұрпа ғымызды 

патриоттыққа тәрбиелей алмаймыз. Ұр-

пағымыз басқалардың алдында өздерін қор 

санайтын болады. 



Назрахмет ҚАЛИ 

АЛМАТЫ 


Биылғы, 2016 жылғы, ең үлкен, әрі 

маңызды мерейтойымыз – тәуел-

сіз дігіміздің 25 жылдық тойы. осы 

тәуелсіздікке, азаттыққа қол жеткізген 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 

жылдық тойы. Қазақ халқы азаттық үшін 

ХХ ғасырдың аяғында ғана күресіп қойған 

жоқ. Өмір бойы күресіп келді. 1916 жылы 

ұлт-азаттық көтерілісіне шықты. оған биыл 

– 100 жыл толады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  

университетінің «Өнегелі өмір» серия-

сымен шығарып жүрген кезекті  туын-

дысы белгілі журналист-жазушы, қоғам 

және мемлекет қайраткері Кәкімжан 

Қазыбаевқа арналды.  осыған орай 

аталған кітаптың тұсаукесері өтті. Жиын-

ды университет басшысы ғалымқайыр  

Мұтанов ашып, жүргізіп  отырады. 

Ө.а.Жолдасбеков атындағы Студенттер 

сарайында «отандық кино күні» жобасы 

аясында «Құнанбай» фильмінің көрсетілімі 

өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті отандық киноны дамыту 

аясында ұйымдастырған дәстүрлі іс-

шарада киноның режиссері әрі басты рөлді 

сомдаған актер Досхан Жолжақсыновтың 

өзі де болды. 

Осы Семей губерниясына қарасты 

Ақсуат жерінде Мүрсәлім Бектенұлы 

бастаған көтеріліс бұрқ ете қалды. Жазалау-

шы отрядпен бірнеше рет бетпе-бет келіп, 

нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіске 

жете алмайтындарын білген соң, соғыса 

отырып Қытай асып кетті.

Ақсуат жерінде «Майданға бала бер-

мейміз» деп қарсылық көрсеткен адамның 

бірі – Тоғас Нұғыман болыс болды. Нұғман 

болыс жағдайды жан-жақты саралай келе 

қарулы қақтығысқа бармауға бекінеді. 

Себебі бұларда 2-3 аңшы мылтығы ғана 

бар. Қалғандары шоқпар, айыр, күрек 

сияқты қару болмақ. Бұндай қарумен ба-

сынан бақайшығына дейін отты қарумен 

қаруланған жазалаушы отрядқа төтеп беру 

мүмкін емес. Босқа қырылады. Ойластыра 

келе, майданға бала да бермей, қарулы 

қақтығысқа түсіп қан төгуді қажет етпей, 

елін бастап барлық тізім-құжаттарын жиып 

алып Қытайдың Шәуешек қаласы маңына 

асып кетеді. Сөйтіп, елін қырылудан аман 

алып қалады. Тоғас елінің болысы Нұғыман 

Жұбанышұлы Кеңес өкіметі орнаған соң: 

«Біз патшаға қарсы шықтық. Коммунистер 

патшаны құлатты. Мақсатымыз бір болды» 

деп Ақсуатқа, туған жерлеріне қайтып 

оралады. Бірақ коммунистер Нұғыман 

болысты «сен орысқа қарсы шықтың» деп 

атып тастайды. Бұны көрген, естіген, енді 

еліне қайтайық деп отырған Тоғас рулас-

тары Қытайдан келмей қалады. Бұлардың 

ұрпақтарының алды 1954-1962 жылдары, 

соңы енді «оралман» аталып келіп жатыр. 

Ә р и н е ,   қ о л д а р ы н д а   б і р л і - е к і л і 

Кәкімжан Қазыбаев халқымызға та-

нымал тұлға. Ол ҚазМУ-дің журналистика 

факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын 

республикалық «Лениншіл жас» газетінде 

бастады. Бұдан кейін Алматы облыстық 

«Жетісу» газеті редакторының бірінші орын-

басары қызметін атқарды. Бұдан әрі қызмет 

жолы былайша жалғасады: Қазақ КСР Бас-

па, полиграфия және кітап саудасы істері 

жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының 

орынбасары, ҚазТАГ директоры, Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің хатшы-

сы, «Қазақстан коммунисі» журналының бас 

редакторы. 

Ол «Ызғар», «Аманат», «Сұрапыл» атты 

романдардың, бірқатар повестер мен әңгіме-

лердің авторы.

Басқосуда жаны жайсаң азамат жөнінде 

жылы пікірлер көп айтылды. Жазушы Софы 

Сматаевтың мына сөзі Қазыбаевтың көпке 

беймәлім азаматтық ерлігін ай қындап берді: 

– Мәскеу неміс диаспорасына арнап 

елімізде автономия ашуды көздейді. Бұл 

жөнінде арнаулы комиссия да құрылады. 

Оған Орталық Комитеттің хатшысы ретінде 

Кәкімжан аға да шақырылады. Сол комис-

сия отырысында былай депті: «Автономия 

алып беру ұлттар арасында алауыздық енгізу 

мүмкін. Ол үшін республикалық референдум 

өткізу керек. Мен мұны жеке өзім шеше 

алмаймын. Сондықтан келісім бере алмай-

мын». Бұлай деу әрине, Кремльге ұнамайды. 

Қызметінен босауына да осы сөздің әсері 

болды. 

Мұндай қайсарлық кез келген адамның 



қолынан келмесі анық. Ел үшін туған ер ғана 

осындай әрекетке бара алады. 

 Кәкеңнің ендігі бір ерлігі – Рейхстагқа 

ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевты туған 

халқымен табыстауы. Батыр туралы алғашқы 

аңшы мылтығы, қалғандары сойыл мен 

шоқпардан басқа қаруы жоқ кішігірім 

көтерілістер тез басылып тасталды. Бас-

шылары ұсталып, атылды-асылды, тірі 

қалғандары жан-жаққа бытырап кетті. Тек 

қана Амангелді Иманов бастаған көтеріліс 

алдымен «Ақпан төңкерісіне», одан кейін 

«Қазан төңкерісіне» ұласты. Осыдан кейін, 

Ресей капиталистік даму формациясынан 

социализмге өтті. Ресейдің қол астындағы 

басқа елдер де социалистік құрылымды 

қабылдауға мәжбүр болды. Сөйтіп, КСРО 

мемлекеті құрылды. Әлемдегі беделді 

мемлекеттің бірі болған  КСРО басқа 

мемлекеттерді де, кейбіріне тікелей көмек 

бере отырып, кейбірін ақыл-кеңесімен со-

циализмге тартты. Шығыс Еуропада: Поль-

ша, Венгрия, т.б. елдер, екінші дүниежүзілік 

соғыстан кейін Германияның жарты-

сы, Азияда: Қытай, Вьетнам, Сол түстік 

Корея, Монғолия, т.б. елдер, тіпті Жер 

шарының екінші бетінде жатқан, Амери-

каның түбіндегі Куба да социализмге өтті. 

Өкінішке қарай, КСРО құрылып, билік 

ауысқанмен, үстемшіл пиғыл өзгермеді. 

Кеңес кезінде қазақ халқы талай әділетсіздік 

көрді. Атылды, шабылды, ашаршылыққа 

да ұшырап, саны 4 миллионға азайды. 

1986 жылы өзімбілемге салып, жергілікті 

халықпен санаспай, республика басшысы 

Д.Қонаевты орнынан алып  тастауы қазақ 

халқының намысына тиді. Бұл кездегі қазақ 

халқының көтерілісі ұлттық сана-сезімнің 

пісіп-жетілуімен қатар, халықтың ендігі 

жерде оны қорлауға жол бермейтіндігін 

көрсеткен үлкен көтеріліс болды. Алма-

Бостандық сүйгіш қазақ халқы Тәуел-

сіздік үшін ылғи да сыртқы жаумен аянбай 

күресіп келді. Жоңғарлармен жан алысып, 

жан беріскен соғыстан әбден әлсірегенде 

қазақ жерін Ресей отарлап алды. Бірақ 

халқымыз онда да басын иіп, мәңгілік құл бо-

луды ойлаған жоқ. Патшалық Ресей кезінде 

ірілі-ұсақты 300-дей ұлт-азаттық күресін ба-

стан кешірді. Солардың ірілерінің бірі – 1916 

жылғы кекті, ұлт-азаттық көтерілісі болды. 

Көтеріліске шығуға халық арасында 

«Июнь жарлығы» негіз болды. Бұл жарлық 

бойынша 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ 

жастарын майданның қара жұмысына алу 

көзделген еді. Нәтижесінде, майданға бала 

бермеуге бекінген қазақ халқы көтеріліске 

шықты. Көтерілістің ең ірісі – Амангелді 



Кеңес одағының ыдырау салдарынан туған дағдарыстық ахуал тереңдей түсті. Сол себеп-

ті 1994 жылды елдің бірлігі үшін сынақ жылы болды десек дұрыс. 1993 жылға қара ғанда 

елдің жалпы ішкі өнімі 27 пайызға азайып кетті. ұлттық алтын-валюта қоры бар болғаны 

805 млн аҚш долларындай ғана болды. осындай қиын жағдайда президент пен оның ко-

мандасы елді дағдарыстан шығарудың кешенді шараларын қарастырды. 

Мемлекет басшысының «ұлт Жоспары – 

қазақстандық арманға бастайтын жол» 

мақаласын бастан-аяқ оқып шықтым. онда Ел-

басы қазақстандықтардың даму жоспары мен 

еліміздің болашағын баяндаған. Әлеуметтік-

экономикалық жетістіктер мен іс-әрекеттерді 

көрсеткен. Біз бірлікпен бірігіп қимыл жасасақ 

Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы 

жоқ екендігі айқын айшықталған.

Егемен елдің жаңа

 Елордасы

Бағдарымыз 

айқын

«Құнанбай» фильмі 

көрсетілді

Кандидаттарды 

ұсыну мәреге жетті

ар алдындағы адалдық

Дағдарыстық ахуалдың тереңдеу жағ-

дайын да оны жеңудің ұтымды жолы ретінде 

бұрын ғы Кеңес Одағының құрамында болған 

рес пуб ликалар  арасындағы  экономикалық 

қаты настарды қалпына келтіру ұсынылды. 

ТМД елдері арасындағы өзара ынтымақтасу 

үрді сін жаңа сапалық деңгейге Евразиялық 

Одақ (ЕАО) құру арқылы көтеруді Пре-

зидент Н.Назарбаев ұсынды. Бұл идеяны 

Елбасы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу 

мемлекеттік университетінде оқыған лекция-

сында 1994 жылдың 29 наурызында жария етті. 

Саяси салада демократиялық, азаматтық, 

плюралистік қоғам құру үрдісі жалғасты. Осы 

жылдың басында көппартиялық негізінде 

бірінші кәсіптік парламент сайлауы өткізілді. 

Парламентке 37 саяси партия мен қоғамдық-

саяси қозғалыстар өкілдері сайланды. Қазақ-

станда құқықтық реформа басталды. Пар-

ламентке белгілі ғалымдар, экономистер, 

заңгерлер мен жазушылар келді. Президенттік 

билік пен Парламент Қазақстан қоғамының 

идеялық ұюының,  ұлтаралық келісімнің 

және саяси тұрақты дамуының кепіліне және 

ұйымдасдастырушысына айналды. Прези-

дент терең дағдарыстан шығудың ең ұтымды 

жолы ішкі ресурстарды пайдалану және ЕАО 

Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа 

қазақ  стандық арманмен аяқ бастық, оның бас-

ты мақсаты – ХХІ ғасырдың ортасына қарай 

Қа зақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемле-

кеттің қатарына қосылуына қол жеткізу. Елбасы 

айтқандай: «Бұл бүкілхалықтық арманға айналды».

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұдан бұрын да: 

«Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген 

қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» 

ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына 

қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. 

Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. 

Алдағы келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру 

кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты 

міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас 

ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. 

Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне 

шығаратын боламыз!» – деген болатын.

Ұлт Жоспары – ұлы істерге бастайтын саяси 

құжат. Біз Елбасының «Нұрлы жолы» арқылы 

ұлты мыздың өсіп өркендеуі мен еліміздің дамуын 

көреміз. Елбасымыз қашанда елді қиын-қыстау 

кезең дерде елді жарқын болашаққа жетелейтін 

жоба ларды ұсынып, өзінің көреген басшы екенін 

дәлелдеумен келеді. Бұл бағдарлама да соның бірі 

деп нық сеніммен айта аламын.

Сабырхан СМАҒҰЛОВ,

әл­Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

1. Бұл Хартия Қазақстан Республикасының 

Консти туциясына,  Қазақстан  Республика сы-

ның «Сайлаулар туралы» және «Бұқаралық 

ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес 

жасалған.

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты – 

қазақ  стан дықтарды  сайлау  науқаны,  сондай-

ақ Қазақстан Республикасының Парламенті 

Мәжілісі мен мәслихаттарының депутат-

ты ғына кандидаттардың қызметтері туралы 

бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы 

әділ, толық және сенімді ақпараттармен қам-

тамасыз ету болып табылады.

3. БАҚ-тар Қазақстан Республикасының 

Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының 

депутаттығына тіркелген барлық канди-

дат тардың, олардың саяси көзқарас тарына 

қарамастан, өздеріне теңдей мүмкіндікке ие 

болуына ықпал ете алады және солай етуге 

тиісті.

4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау 



құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін 

БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар 

мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, 

дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер 

туралы кәсіби және шынайы ақпар таратуға 

шақырады.

Осыған байланысты, біздер, Қазақстан 

жур налистері мен үкіметтік емес ұйымдар 

өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағи-

даттарды ұстанатындарымызды мәлімдейміз:

1) Қазақстан Республикасының заңнама-

ларын, журналистердің кәсіби этика норма-

лары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай 

сақтау;


2 )   с а й л а у   т а қ ы р ы б ы н а   а р н а л ғ а н 

барлық мате риалдардың объективті, ала-

лаусыз, ақпараттық, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының Пар ламенті Мәжілісі 

мен мәслихаттарының депу таттығына 

үміткерлерге қатысты әділ болуларына ықпал 

ету;

3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік 



беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі 

ықтимал ақпараттарды таратпау;

4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар 

күдік тудыратын болса тексеруге алу;

5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық 

хабарламалар арасындағы айырмашылықты 

нақты ажырату; 

6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік 

сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, са-

уалнама нәтижелерін жариялау кезінде 

аудиторияға берілген сауалнама жауаптары 

тек қана болжам екенін ескерту және сауал-

нама нәтижелері туралы немесе сайлауға бес 

күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала 

нәтижелер туралы материалдарды таратпау.

7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген 

өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, 

барлық өзара ықпалдасушы тараптардың 

мүдделерін тану мен есепке алуды, сенімді 

және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси 

мәдениетті қарастырады.

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің 

жалпыға бірдей танылған құқықтары мен 

бостандықтарының сөзсіз басымдығына 

бағытталған және саяси проблемаларды 

шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-

қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

құру арқылы инте грациялық қатынастарды 

тереңдету деп есептеді.

1994 жылы 6 шілдеде Президент Қазақ стан 

Республикасының Жоғарғы Кеңесінің бірінші 

сессиясындағы сөзінде Қазақстанның аста-

насын Алматы қаласынан Ақмола қаласына 

көшіру туралы ұсынысын айтты. Бұл ұсыныс 

Парламентте ғана емес, бүкіл Қазақстан 

қоғамында қызу талқыға түсті.

Тәуелсіздіктің алтын бесігі болған Ал-

маты қаласы елдің шетінде орналасқан. 

Қаланы жаңа тұрпаттағы астанаға айналдыру 

үшін жері мен құрылыстық мүмкіндіктері 

шектеулі. Алматыда жаңа құрылыс салу 

Ақмолаға қарағанда 2,5-3 есе қымбатқа түсті. 

Қалада бос жерлер тым аз болды. Кеңес Одағы 

тұсында негізгі шешімді Мәскеу шығарып 

отырғандықтан, Алматы республиканың 

астанасы рөлін атқара алды. Ал, тәуелсіз 

елдің Астанасы оның орталығында, барлық 

аймақтармен жақсы байланысы бар қалада 

орналасқаны тиімді еді. Ең бастысы елорда-

ның Орталық Қазақстанда болуы  билік тің 

солтүстік-шығыс аймақтарға саяси ықпалы-

ның артуына зор көмегін тигізді. Елбасы аста-

наны Алматыдан Ақмолаға көшіру ұсынысы 

арқылы тәуелсіз Қазақстанның біртұтас 

билігін күшейтуді, экономикалық және саяси 

тәуелсіздікті нығайта түсуді мақсат етті.

Ақмоланы таңдау үлкен сараптамалық 

жұмыстардан кейін ғана іске асты. Бұл қала 

Қазақстанның орталығы болуымен бірге 

басқа да себептері бойынша астана болуға 

лайықты деп табылды. Қоршаған орта, 

сейсмологиялық жағдай, ландшафт, инженер-

  О С К   б а с ш ы с ы н ы ң   а й т у ы н ш а , 

партиялық тізімдер бойынша сайлана-

тын Қазақстан Республикасы Парламенті 

Мәжілісінің депутаттарын сайлауды 

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-

шаралардың күнтізбелік жоспарына 

сәйкес 2016 жылғы 8 ақпанда кандидат-

тарды ұсыну аяқталды. «Кандидаттар-

ды ұсыну іс-шаралары Конституцияға 

ж ә н е   с а й л а у   з а ң н а м а с ы н а   т о л ы қ 

сәйкестікте өтті. ҚР ОСК-ға барлығы 

6 саяси партияның – «Нұр Отан» 

партия сының, Қазақстанның «Ақ жол» 

демократиялық партиясының, «Ауыл» 

халықтық-демократиялық патриоттық 

партиясының, Қазақстан Коммунистік 

халық партиясының, Жалпыұлттық 

социал-демократиялық партиясының 

және «Бірлік» саяси партиясының 

тізімдері, жалпы саны 234 канди-

дат ұсынылды. Қазіргі уақытта «Нұр 

Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-

ның, «Ауыл» ХДПП-ның және ҚКХП-

ның партиялық тізімдері тіркелді» деді 

Қ.Тұрғанқұлов осы мәселе жөнінде.

 Кандидаттар қатарында он ұлттың 

өкілі бар. Тіркелген кандидаттардың 80 

пайызы ер адамдар, 20 пайызы әйелдер. 

Олардың  99 пайыздан астамы жоғары 

білімді.


 Партиялық тізімін тіркеген партия-

лар сайлау қорларына қаражат жинау 

үшін арнайы шоттарды ашу жөнінде 

жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге  саяси 

п а р т и я л а р д ы ң   ж ә н е   м ә с л и х а т т а р 

депутаттығына кандидаттардың сайлау 

қорларын тіркеу де жүргізілуде. Атал-

ған брифингте ЖСДП және «Бірлік» 

партияларының тізімдеріне енгізілген 

кандидаттарға қатысты қазіргі уақытта 

олардың Конституцияның және «Сайлау 

туралы» Заңның талаптарына сәйкестігін 

тексеру жалғастырылуда екені айтылды.

 Орталық сайлау комиссиясының 

төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айту-

ынша, ОСК мен аумақтық сайлау комис-

лік-көліктік инфрақұрылымы, құрылыс 

кешені, еңбек ресурстары, т.б. көрсеткіштері 

бойынша Қазақстан халқына жаңа  астана 

болуға Ақмола қаласы ең қолайлы қала деп 

есептелді. Президенттің бұл ұсынысы шын 

мәніндегі тарихи ұсыныс болды. Астананың 

Алматыдан Ақмолаға көшірілуі елдің жаңа 

сапалық  деңгейдегі дамуына жол ашты. 

Ақмола қаласының Астанаға айналуы елдің 

жаңаруы үрдісін алға тартатын локомотивке 

айналды. 1994 жылдың 6 шілдесінде сол кездегі 

Жоғарғы Кеңес депутаттары ел  астанасын 

Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 

қабылдады. Бұл шешімнің дұрыс болғандығын 

тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамуы 

айқын дәлелдеді.

Қазақстан өзінің шекарасын бекіту шара-

ларын да белсенді жүргізді. 1994 жылдың сәуір 

айында Қазақстан мен Қытай арасындағы 1,3 

мың шақырым шекараның  негізгі аумағын 

белгілейтін келісімге қол қойды. Қытай 

басшылығы алып державаның жас Қазақстан 

мемлекетінің шекаралық біртұтастығы мен 

қауіпсіздігіне  қол сұқпайтындығын әлем ал-

дында жария етті.

1994 жылы Қазақстан халқын қуантқан 

оқиғаның бірі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтен 

кейін екінші қазақ ғарышкері Талғат 

Мұсабаевтың шілде айында «Союз ТМ-19» ға-

рыш кемесінен ғарышқа борт инженер ре тінде 

сапар шегуі болды. Қазақстанның әлем дік 

космонавтикаға қосатын үлесі арта бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет